Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыПікірталас "Бала неге өтірік айтады? "

Пікірталас "Бала неге өтірік айтады? "

Скачать материал

Тақырыбы: «Бала неге өтірік айтады?»

                                       (пікірталас)

 

Мақсаты:

 

1.Балалардың бойына жақсы әдеттерді сіңіріп , жат қылықтардан аулақ болуға ,үлкенді сыйлауға , кішіні ренжітпеуге үйрету.

 

2.Баланың дамуына теріс ықпал ететін  жолдардың алдын алу , бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету.

 

3.Оқушыларды шыншылдыққа , имандылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Слайдтар,баяндама, түрлі ситуациялық тапсырмалар.

 

Әдісі: Топпен жұмыс.

 

 

                                       Баяндама

 

Неге бала бізге өтірік айтады? Көбіне өзін бізден қорғап қалу үшін. Бірақ бала өтірік айту арқылы белгілі бір адамнан ғана қорғанып қалмайды (ата-анасынан, достарынан, т.б.), ол өмірдің өзінен де қорғанады. Өйткені «өтірік айту» деген тек алдау ғана емес, сонымен бірге, ойлап шығару, қиялдау деген сөз.

 

Балалық шақ — алтын кезең, уайым-қайғысыз, бақытты шақ… Алайда, сәбидің ішкі әлемі біз ойлағаннан да анағұрлым күрделі. Алғашында олар әлемді «түсініксіз, қамқорсыз, панасыз, қауіпті әлем» деп қабылдайды. Отбасы мүшелерінің арасында да өзін жалғыз қалғандай сезінеді. Бойындағы азапты мұң, реніш, қайғыны сөзбен жеткізе алмай, білдіре алмай, бала айналасынан қорғаныш  іздей бастайды. Сондықтан олар қиялдап, өтірік айтуды үйрене бастайды.

 

Қиял әлеміне ене отырып, бала ақиқаттан алыстайды, яғни оны өзінше «дуалайды». Айшықсыз күйінде әлем оған дұшпан, суық, дөрекі, жайсыз болып елестейді.

 

Барлық бала да арманында әдеттегісінен өте алыс өзіне ғана көрінетін сұлу әлемді жасап қиялдайды.

 

Ең алдымен сізге балаңыздың неліктен шындықтың орнына өтірікті таңдайтынын талдауыңыз қажет, содан соң өтірік айтуға не себеп болғанын түсінуге тырысыңыз. Төменде баланың неліктен өтірік айта бастайтындығы туралы бірнеше уәждер келтірілген:

Өтірік бала өмірін жеңілдететін амал болып табылады. Әсіресе, ата-анасы оған үнемі «болмайды» деп шек қойып отырса;

Өтірік баланың жан дүниесі туралы хабар береді: оны не мазасыздандырады, не қинайды, не нәрсе қатты үрейлендіреді, мүмкін, шешімін қажет ететін мәселелер бар шығар;

Стресстік жағдайлардан қашады;

Егер сіз балаңыз бүлдірген «түймедей нәрсені түйедей» етіп көрсетуге тырыссаңыз, балаңыз сізге келесіде тағы да өтірік айтуға мәжбүр болады;

Өтірік айту арқылы бала жазаланудан қашады. Ойланып көріңіз, балаға қоятын талаптарыңыз өте қатты емес пе, қойған талаптарыңыз оның қабілеті мен мүмкіндіктеріне сәйкес келе ме? Сіз үнемі оған ақыл-өсиет, уағыз айтып, намысына тимейсіз бе? Жазалау алдында баланың қорқынышы бар ма?

 

Егер ата-анасы баласына жеткілікті түрде көңіл бөлмесе, бала өтірік айта бастайды. Ата-анасының назарын қалай болса да өзіне аудару үшін ол түрлі әрекеттерге барады.

 

(1-топтағы ата-аналарға ой тастау)

Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтайыншы» десе, анасы: «Сенсіз де басым қатып отыр, мазамды алма» деді.

Сіздің осы кездегі өз ойыңыз?

 

Балалар біреуге күлкі болудан қашып, өтірік айтады (абайсызда жүгіріп келе жатып, шалшық суға құласа, т.б.);

 

(2-топтағы ата-аналарға ой тастау)

Сіздің балаңыз үй тапсырмасын орындалмау себебін өтірік айтып мұғалімді алдады.Сіз оны білдіңіз.

Сіздің әрекетіңіз?

 

Өте жақсы болып көрінуге тырысады (мақтаншақтық);

Жасөспірім шақта бала өтірікті жеке өмірін қорғау, өзінің дербес екендігін көрсету, қиындықтан, жазаланудан құтқаратын және шындықты айтқанда қол жеткізе алмайтын нәрсесіне өтірік айтып жету әдісі ретінде қарастыруы мүмкін.

 

Тағы да бір өте жиі кездесетін себебі, ата-анасының көңілін қалдырамын деген үрей. Бала ата-анасының үмітін ақтауға тырысады. Көптеген балалар өзінің болашағы жақсы бағаға байланысты деп есептейді. Егер сол бағалар үмітін ақтамаса, сабақ үлгерімі нашарласа, онда бала өтірік айтудан басқа амалы жоқтығын сезінеді.

 

(3-топтағы ата-аналарға ой тастау)

Сіздің балаңыз мұғалімнің күнделікке немесе дәптерге қойған бағасын өзгертті.Мұндай жағдай бірнеше рет қайталанды.

Осындай жағдайда сіздің әрекетіңіз?

 

Егер балаңызды адалдыққа, өтірік айтпауға тәрбиелегіңіз келсе, онда оның ащы, жағымсыз шындығын тыңдауға дайын болуыңыз қажет. Өзінің сезімдері туралы (жақсы-жаман болсын, күлкілі болсын) өтірік айтуына жол бермеңіз. Сезімдері туралы айтып берген әңгімесін сіздің қалай қабылдағаныңызға байланысты балаңыз іштей «шынымен де шындықты айту  жақсы нәрсе ме?» деген ой түйеді.

 

Егер баланы шындықты айтқаны үшін жазаласа, онда олар өзін қорғап қалу үшін өтірік айта береді. Кейде олар қиялдайды, күнделікті өмірінде жетіспейтін таңғажайып нәрселерді ойдан шығарады. Баланың айтқан өтірігі оның жан дүниесі туралы шындықтың бетін ашады: оның қорқынышы мен үміті, болашақта кім болатыны туралы арманы, не істегісі келетіндігі жайлы.

 

Балаңызға шынайылық пен үмітінің арасындағы шекараны түсіндіргіңіз келсе, өтіріктегі мәліметті пайдалану қажет. Егер сіз қызыңыздың математика сабағынан бақылау жұмысын нашар жазғанын білсеңіз, оған бетінен алып: «Бақылау жұмысы қалай өтті? Бұл жолы сен мені алдай алмайсың! Мен мұғаліміңмен сөйлестім және жұмысты нашар орындағаныңды білемін» деп айтудың қажеті жоқ. Оның орнына балаңызға: «Мұғалімің математикадан бақылау жұмысын нашар жазғаныңды айтты маған. Мен саған қалай көмектессем екен деп ойланып, уайымдап отырмын» деп жанашырлық көңілмен тура айтыңыз.

 

Егер балаңыз сонда да өтірік айтуын қоймаса, айқай-шу шығарудың, ақыл-өсиет айтудың қажеті жоқ. Тек сөзбен және іспен жауап беру керек. Бала ата-анаға өтірік айтудың қажеті жоқ екендігін түсінуі тиіс.

 

Отбасында өтірік айтудың қажеті жоқ жағдайларды қалыптастырыңыз. Егер бала ата-анасына өзінің құпияларын сеніп айта алатынын білсе, оның әрекеттері талқыланып, дұрыс деп қарастырылса, ал жазалану тәрбиелеу әдісі ретінде қолданылмаса, онда өтірік айтудың себебі ешқашан туындамауы мүмкін.

 

Өтірігінің бетін ашып, жазаламас бұрын ең алдымен балаңызды өтірік айтуға қандай себеп итермелегенін анықтап алыңыз. Бала жасаған әрекеті өзін жаман адам етіп көрсететінін сезінбеуі керек. Жаман әрекет болады, бірақ жаман адам болмайды!

 

Ешқашан «жақсы көремін – жақсы көрмеймін» деген сөздерді әдейі қолдануға болмайды.

 

«Кет ары, мен сені осындай қылығың үшін жақсы көрмеймін!». Әрине, келесі жолы балаңыз өзін сіздің алдыңызда жақсы көрсету үшін одан ары өтірікті әсірелеп айтатын болады.

 

Кей балалар өтірікті өзін мақтау үшін айтады: «Мен жақсымын». Күнделігін жоғалтқан оқушы ата-анасының, мұғалімінің қаһарынан ғана емес, сонымен бірге, ештеңеге жарамсыздығынан қорқады. «Мен сенің жасыңда үздік оқушы болғанмын!» — деп айқайлайды әкесі. Ал бала өзінің кінәсін сезінеді. Бұл жағдайда өтірік психологиялық қорғаныш қызметін атқарады.

 

Көптеген балалар сәтсіздік алдындағы үрейден өтірікті көп айтады. Балаңызға өзіңіздің қиындықтар мен сәтсіздіктерді қалай жеңетіндігіңіз туралы айтып беріңіз, ол да сізден үлгі алып үйренсін. Өзінің қателіктерін мойындау және оны түзетудің жақсы әрекет екендігін балаңызға ұғындырыңыз.

Егер балаңыздың сізге өтірік айтқанын біліп қойсаңыз, бірден айқай-шу шығарып, ұрыспаңыз. Мұндай жағдайда сабырлылық танытып, дауысыңызды көтермей, жай сөйлеп, балаңызбен оңаша ересектерше әңгімелесіңіз. Егер бірден айқайға бассаңыз, онда ол сіздің қаһарыңыздан өзін қорғау үшін одан ары өтірік айтуын жалғастыра береді. Өтірік айтқанын біліп тұрсаңыз, сенген кейіп танытпаңыз, керісінше, балаңыздың ойдан шығарып жатқанын сол мезетте айтыңыз.

 

Баланың қиялы өтірік болып есептелмейді. Өйткені олар өмірге келгенде ақ парақтай таза, пәк күйінде туылады. Ал ақ парақ бетіне дақтың, шимайдың не әріптің қисық жазылуы сізге байланысты. Егер сіз балаңыздың өзінің игілігі үшін (пайдакүнемдік мақсатпен) өтірікті қолдана бастағанын байқасаңыз, ойлануыңыз қажет, яғни бұл балаңызбен арадағы қатынаста бір олқылықтар бар екендігін көрсетеді.

 

Жағдайды талдаңыз, өтіріктің туылу себебін анықтауға тырысыңыз. Бекерден-бекер бала сізге өтірік айтпайды, мұндай әрекетке баруға оны жан-жағында болып жатқан жағдай итермелейді. Ата-анасы балаға түсіністікпен қараса, бұл оң нәтиже берері сөзсіз.

 

Бұл тақырыпта балаңызбен жиі әңгімелесіңіз. Өзіңіз туралы, ата-анаңыз туралы қызықты әңгімелерді көп айтып беріңіз, арасында сұрақтар қойып отырыңыз. Ұқсас жағдайларда қандай әрекет жасайтыны баланың берген жауабынан аңғарылады. Сонымен қоса, балаңызға «сыпайы өтірікті» айтатын кезді де түсіндіріңіз. Мысалы, сіздің балаңызға біреу сыйлық сыйлады. Оған сыйлық ұнамай қалды да ол: «мен мұндай ойыншықты ұнатпаймын» деп, сыйлық берген адамның көңіліне тиюі мүмкін.

 

(Ата-аналарға ой тастау) Не істеу керек?

Мұндай жағдайда рақмет айту керектігін түсіндіріп беріңіз.

 

Өтірікті түбімен жою, құрту мүмкін емес. Тек жай ғана балаға «жақсы деген немене, жаман деген немене» екенін түсіндіру қажет. Мұндай жағдайда ата-ананың өз өмірінен келтірген мысалдары маңызды. Сондықтан, біреу хабарласқанда телефоннан балаға «мамам үйде жоқ» деп айта салшы демес бұрын, соңы қалай болатынын ойлаңыз.

 

Өтіріктің себебін түсініп, оны талдау қажет. Мәселені шешу үшін жағдайды қалай өзгертуге болатынын және өзіңіздің бойыңызда нені өзгерту керектігін ойлаңыз.

 

Балаңыздың өтірік айтқанын қаламайсыз ба? Онда өзіңіз де өтірік айтпаңыз! Әр сөзіңізге, әрекетіңізге абай болыңыз!

 

Егер ата-аналар балаларын адалдыққа үйретеміз десе:

Айтқан сөзінде тұру керек. Қандай да бір жағдайда уәдеңізді орындай алмасаңыз, балаңызға не себепті орындай алмағаныңызды түсіндіріп, кешірім сұраңыз.

Егер балаңызға өзіңіз өтірік айтып қойған болсаңыз, мойындап, не себепті өтірік айтқаныңызды түсіндіріңіз.

Бала шындығын айтқанда қолпаштап отырыңыз, әсіресе айтуына қиын болған сәттерде.

Балаңызға көп талап қоймаңыз және одан қабілетінен тыс көп нәрселерді күтпеңіз. Есіңізде сақтаңыз: талап көп және қатаң болған сайын, бала жазаланудан қашу үшін өтірікті қорғану әдісі ретінде көп қолданады.

Өтірік айтса да балаңызды жақсы көретініңізді, оның жаман бала еместігін үнемі жиі айтып отырыңыз.

 

Өтірік шындығында да көптеген мағынаға ие. Өзін құтқару үшін айтылған өтірік.

 

Өтірік — қулықтың бір әдісі. Есейген сайын бала өтірікті нәзік түрде айтуды үйреніп, әдетке айналдырып алады, алдымен байқаусызда, ал кейін саналы түрде. Сондықтан мұндай жолға түспесін десеңіз, ертеден балаңызды өз сөзі үшін жауап беретіндей етіп тәрбиелеңіз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Пікірталас "Бала неге өтірік айтады? ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл пікірталастың мақсаты:

1.Балалардың бойына жақсы әдеттерді сіңіріп , жат қылықтардан аулақ болуға ,үлкенді сыйлауға , кішіні ренжітпеуге үйрету.

 

2.Баланың дамуына теріс ықпал ететін  жолдардың алдын алу , бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету.

 

 

3.Оқушыларды шыншылдыққа , имандылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Ата-аналарды пікірталастың мақсатымен таныстырып болғасын класс жетекшісі Баяндама оқиды. 

 

Неге бала бізге өтірік айтады? Көбіне өзін бізден қорғап қалу үшін. Бірақ бала өтірік айту арқылы белгілі бір адамнан ғана қорғанып қалмайды (ата-анасынан, достарынан, т.б.), ол өмірдің өзінен де қорғанады. Өйткені «өтірік айту» деген тек алдау ғана емес, сонымен бірге, ойлап шығару, қиялдау деген сөз.

Келген ата-аналарды топ-топқа бөліп, ситуациялық сұрақтар қойылады. 

Ата-аналар пікірлерін айтып, қиын сұрақтың жауабын табуға тырысады. 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 026 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2015 1299
    • DOCX 57.5 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нагишева Гульнар Бектургановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3863
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 838 человек

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек