Инфоурок Другое КонспектыПедчтение

Педчтение

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ

                               ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

             Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті

                  23 жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байжанова Жумагул Адилхановна

 

    «Қанша жақсы мұғалім өмір сүрсе, сонша жақсы әдіс өмір сүреді»

 Д.Пойя

     Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын да дамытады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді. Ұстаз, шәкірт, мектеп – бір-бірінен ажыратуға болмайтын ұғымдар. Мектептің  тыныс-тіршілігі, рухани өмірі мұғалімнің өн бойында. Мұғалім өз қызметін шәкірттерімен бірлесе өз дәрежесінде атқарған жағдайда ғана мектеп болады. Өйткені мұғалім – мектептің негізін қалаушы тұлға. Мұғалімнің жетістігі - сапалы білім және саналы, жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Осы ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында оқушылармен рөлдік ойындарды  дамыту ұлттық болмысымызды сақтауға қадірлеуге тәрбиелейді.
Оқушылармен  рөлдік ойындарды дамытуда оқу бағдарламасындағы  қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазіргі заман көзқарасымен қарасам, әлемдік жаһандану дәуірінде, яғни ғаламтор мен технология заманында адам баласы дайын нәрсені қолдануға үйренген. Қазіргі кезде оқушы баладан қартайған кәріге дейін заманға сай смартфон, компьютер, планшет, айпад секілді заманауи техника қолдану арқылы өздеріне керекті нәрсесін алып, ғаламтордағы көптеген қоғамдық «уатсап», «вконтакте», «инстаграм», «фейсбук», «твиттер» сынды желі арқылы байланысқа шығып, заманға сай жаңашылдыққа ұмтылуда. Ал, сонымен қатар оның астарында ұрпағымызға залал келтіретін ауыр жағдай көрініс алуда. Ата-ана  балаға қатарынан қалмасын деп жаңа моделде телефон алып, оны өздері ғаламтордың торына тұсауланып түсіп қалуын байқамай қалып жатыр. Қазір кейбір отбасыларда осыған байланысты  әке мен шеше, әке мен ұлдың, ана мен қыздың, бауырларының  арасында ең басты қазына ата мен әжеден  ғибрат алар, үлгі боларлық әңгіме, тәрбие қалып барады. Бұл жағдай олардың болашақта тұлға боп қалыптасуына қатты нұқсан келтіруде. Сонымен қатар олардың сөйлеуі, сөз саптау, тіл байлықтары жеткіліксіз. Ғаламторда көрген басқа елдің тұлғаларына еліктеп, оларды пір тұтып, солар секілді сөйлеп, оларға ұқсап бағады. Ал, ата—ананың да, мұғалімнің де мұны қаламайтыны айдан анық. Балалардың көркем әдебиет үлгілерін оқып, ұлттық болмысымызды жоғалып кетуіне қорқыныш бар. Қазіргі таңда балалар ғаламторда қажетті неше түрлі ақпаратты алып, компьютер ойындарын ойнап, әр түрлі желі байланыстары арқылы жазба тілде сөйлесіп, онда да ғаламтор тілінде қысқартып, өзгертіп сөйлеседі. Бұл жерде тілдің грамматикасы ақсап, оқушылар қазақ тіліне мән бермеуі өз алдына рухани жұтаңдықтан өмір сүруге деген қызығушылығы төмен, болашаққа бағдары бұлыңғыр ұрпақ қалыптасуы ғажап емес. Осы аталған себептердің  салдарынан адамдар арасында мәміле кетіп жатыр. Балалардың тіпті қазір далаға асыр салып ойнап, бір-бірімен бетпе-бет сұхбаттасып, ақпарат алмасуына септігін тигізетін тілдік қарым-қатынаста жоғалуда. Әрине, бұндай жағдай барлық жерде емес, ішінара болып жатқаны белгілі. Оқушыларға өзіндік шығармашылық тапсырмаларды да, өкінішке орай кейбіреулері ғаламтордан алып, жаттанды түрде жазып, иә болмаса айтып береді. Мұны сұрақ қою арқылы бірден аңғарасың. Соның бірден-бір шешімі, мектеп табалдырығында тіл сабақтары, соның ішінде қазақ әдебиеті сабақтарында оқушыларды сөйлету арқылы, қазақ әдебиетіндегі тұлғалардың өсиеттері мен өнегелерін олардың осы шығармалардағы  рөлдерді сомдау барсында тәрбиелеу басты назарда болу керек деп есептеймін. Сол себепті осы проблемалар аясында көп ойланып, мен өзімнің зерттейтін проблемалық тақырыбымды өз-өзіме: «Мен оқушыларыма қалай көмек көрсете аламын?», «Оқушыларды сөйлету үшін, яғни өзара сабақта қарым-қатынасты қалай күшейтемін?», «Олардың тұлға боп қалыптасуына септігін тигізер, өзара мәмілеге келуіне тағы не істей аламын?», «Мен болашақ ұрпақ тәрбиелеуде қандай үлес қоса аламын» деп бірнеше сауалдар қойып, оған жауап іздей
бастадым. Әдебиет сабағында күнделікті жоспарлауда бір өзгеріс жасау керектігін ұғындым.  Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені баршамызға белгілі. Өнер, ғылым бар жұртта өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, мектептен де, араласатын ортасынан да, өздері оқып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден де аларына ешкім шүбә келтірмейді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды. Әдебиет арқылы оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптастырамыз. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып өсулеріне тигізетін әсері мол. Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін, біз оқушыға өткен тарихымызды танытуымыз тиіс. «Рухани тоқырау - ой тоқырауының салдары»,- дейді ғұламалар.  Сол ой, сана, сезім, түйсік дегендерді қалыптастыру жауапкершілігі тіл мамандарының еншісінде. Тіл, әдебиет пәндері сезім, эмоция, әсер, шабыттану, қиялдау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең беретін ерекше пән. Сөз өнері жеке адамның шексіз мүмкіндігін ашу қасиетімен құдіретті. Сөз өнерінің осы қасиеті әрбір көркем шығарманы меңгерту, олардың стилін, поэтикалық тілін таныстыру, сөз орнын, оның көтеретін идеялық эстетикалық жүгін таныту арқылы емес, нақты, жанды шығармашылық қозғалыс үстінде ғана балаға сәулесін түсіреді. Сөз өнері адамға ешкімге, еш нәрсеге тәуелді болмау үшін керек. Қандай ортада болса да, өзінің айтар ойы бар, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан оқушыны дайындау арқылы ғана еңбегіміз нәтижелі болмақ. Баланың көңілі ақ, көкірегі таза, ойлау қабілеті жылдам. Осы кезеңде өзекті мәселе: оқушыларды сөз өнеріне баулу,үйрету, көркем әдебиетке қызықтыру, баланың шығармашылық қабілетін ашу. Осы орайда тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын  өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу – адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым-қатынас барысында үнемі заман талабына,уақыт ағымына қарай өзге-ріп, дамып, жетіліп отырады.Қазақстан Республикасының  «Тілдерді  дамытуға арналған мемелекеттік бағдарлама-ларының негізгі талабы мемлекеттік тілді  оқытудың санымен сапасына көңіл бөлу керек». Психологтардың зерттеуі бойынша, баланың бойында әр-бір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.  Cондықтан оқушыны мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі, сатылы түрде шығармашылыққа баулып, қиял-фантазиясы, ақыл-ойын, икемділігін, тілін дамытып отыру қажет. Жалпы, шығармашылыққа мүмкіндігі мол, тұрақты, белсенді айналысуға ең икемді жас деп біз орта буынды айтамыз. Орта буынды жасөспірімдер: Ақыл-ой қабілеттілігін тек өзін қызықтырған іске ғана бағыттайды; Өздерінің фантазиялық идеяларын шұғыл іс-жүзінде жүзеге асыруға құштар; Жан-дүниесі нәзік, лирик болып келеді; Әңгіме, өлең, ертегі жазуға ерекше құштар, әрі қабілетті. Сабақ кезін-де тіл дамыту, тіл ұстарту, көркем ойлау , дұрыс сөйлеу мәнері мен ойлау қабілеттерін дамыту жұмыстарының нәтижесінде оқушының пәнге деген қы-зығушылығын артып, шығармашылықпен жұмыс атқаруына, өз қабілетін  байқауына мүмкіндік береді. Оқушыға жеке дәптер арнатып, шығармашы-лықпен жұмыстарын жаздырып отыруға болады. Орта буын оқушыларына қысқа-қысқа шағын әңгімелер, ойын жағымды екені белгілі. Иә, ойнамай бала өсер ме? Оқушының сөздік қорын, тілін дамытуда проблемалық, ситуа-циялық сұрақтар беріп, ойландыра отырып, оқушы ойын жетілдіруді үнемі басшылыққа алу қажет. Ойын элементтері оқушының пәнге деген қызығу-шылығын арттырып, ой-қиялының ұшқырлығын күшейтеді.  Оқушылардың тілін, сөздік қорын дамытуға рөлдік ойынның маңызы зор.  Оқушылар бұл жауапты естігенде таңданып, таңырқап, серпіліп қалады. Мұғалім—оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол көркем шығарманы: оқиға, сюжет құру, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушының жан-дүниесіне бой-лай әсер ететіндей айта білсе, оқушылар да ерекше елтиді, өздеріне деген се-нім қалыптасады. Баланың еркін билеп, сенім ұялату үшін: - Сенің қолыңнан бәрі келеді, сен өте қабілеттісің, тек жазуды қолға алсаң болғаны,-деп оқушыға дем беріп, оның кішкентай жетістіген мадақтау, көтермелеу, оған құрбыларының жағымды көзқарасын ояту, тіпті жоғары баға қою (3-ке оқи-тын балаға). Мұғалім оқушының ата-анасынан да, құрбысынан да жақын ең сенімді досы. Өйткені өзі жазған шығарманы кез-келген адамға көрсеткісі жоқ. Мысалы: рөлдік ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Өз рөлін бөліп алғанда образға кіру арқылы кейіпкердің әрекетіне еліктейді және айналадағы өмірді бақылауға, күнделік-ті өз өмірлерінен алған  білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселеді. Рөл-дік ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер мұғалім рөлді  оқушының тұлғасына, ерекшелігіне, табиғатына қарап ұйымдастырса, ол бала өміріне зор ықпал жа-сауға мүмкіндік алады, белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адам-ның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады. Қазіргі таңда мемле-кеттік тілді меңгеру өзекті мәселе екені бәрімізге белгілі. Осыған орай қазақ тілін оқыту ісіне қойылар талап та жоғары. Тілді үйрету барысында біздің бі-ліктілігіміз, педагогикалық шеберлігіміз, белсенділігіміз оқушылардың қазақ тіліне деген ынтасын, сүйіспеншілігін ояту байқалады. Осы бағытта қазақтың би-шешендерінің, хандарының рөлдегі сөздерін мәнерімен өзіне тән диксия-мен айта білудің маңыздылығы ерекше. Соның бір үлгісі ретінде, төмендегі әдебиет сабақтарында бесінші сыныпта өткізілген «Байдалы бидің көңіл ай-туы» деген сабақта оқушылар сабақ барысында  осы тақырып аясында кеңі-нен кейіпкерді түсініп, оның жан-дүниесін, болмысын түсіну үшін, оқушы-ларға рөлдік ойын ұсындым. Яғни, оқушыларға алдын ала неге мән беріп, рөлді қалай келтіру керектігі ескеріліп, тапсырманы орындауда бағалау бет-шесін бердім.  Оқушылар барынша бағалау бетшесіне мән беріп, оны сақтау үшін, кейіпкер образына еніп, оны сомдап, дауыс ырғағын, қимыл, іс-әреке-тін  келтіруге тырысты.   Тапсырманы аса қызығушылықпен орындап, сол ке-йіпкерлерге ұқсағысы келгендігі байқалды. Тақырыпты түсінуде бұл рөлдік ойындардың тиімділігі көрінді.  «Қазыбек би мен Бұқар жырау» тақырыбын-да  рөлдік ойынды енгіздім. Мәтіндегі Қазыбек би мен Бұқар жыраудың ара-сындағы әңгімені оқушылар рөлге бөлініп: Бұқар жырау болған оқушы он жаманды атауын сұрайды. Қазыбек би рөліндегі бала:

Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніміз - үш бұтақты шедірден шошынған ат жаман.

Төрт дегеніміз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман.

Алты дегеніміз – аймағын билете алмаған адам жаман.

Жеті дегеніміз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

Сегіз дегеніміз – серкесіз бастаған қой жаман.

Тоғыз дегеніміз – тойғаның.

Он дегеніміз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.» деп жауап береді.

Сабақпен қатар би-шешендеріміздің сөздерін,  сыныптан тыс ашық шараларда  көптеп қолданамын. Мысалы, бір шарада оқушылар «Жеті жарғының» соңғы баптарын талқылау кезін рөлге бөлініп көрсетеді.

Тәуке хан: -Күлтөбенің басына күнде жиналғандағы себебіміз өздеріңе аян. Өткен жиындағы мәселелерді ары қарай талқылап, шешімін тауып, біржақты қылайық.

Төле би: Иә, еліміздің тыныштығын, ұлтымыздың мүддесін сақтау үшін «Есім ханның ескі жолы», Қасым ханның қасқа жолының» заңдарының алар орны ғой.

Қазыбек би: Әрине, онсыз болмас.

Әйтеке би: мемлекеттің  бүтіндігін сақтау – біздің бірінші мақсатымыз. Сондықтан ең алдымен көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылса дұрыс болар.

Билер: Иә, иә, әрине дұрыс айтасыз.

Тәуке хан: Қазыбек, сен не айтасың?

Қазыбек би: Е, әз Тәуке хан ием, «Ер қанаты - ат» деген бекерге айтылған сөз емес. Халқымыздың соғыс күші ретінде аттың ерекше бағаланғаны бәрімізге аян. Қазір ұрлық та көбейіп барады. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылса қайтеді? Ал ұрланған жылқы, өзге де құнды құнды мүлік үшін он есе артық төлеттірілсін.

Төле би: Түрік халқының мүддесін сатып, елге опасыздық жасап, ұрлық жасағандар үшін өлім жазасы бұйырылсын. Сонда ғана елдің бүтін, іргеміз мықты болады емес пе? (Біраз талданады. Дұрыс айтасың деп бастарын изеседі.)

Тәуке хан: Бар қазақты халықты басқаруды бір жүйеге келтіретін уақыт келді. Оны халық та түсінді, соңынан ереді, қолдайды деп сенемін. Соңынан қорыта келе:

1.     Мемлекетте ішінде тұрақсыздық жасағысы келген адам қатаң  жазалансын.

2.     Түркі халықтарының мүддесін сатып, мемлекетке залал келтірген адам өлтірілуі тиіс.

3.     Кімде-кім ел ішінде жазықсыз адамды өлтірсе, сол өлтірілуі тиіс.

4.     Кімде-кім неке заңын бұзса, сол адам заң алдында қатаң түрде жауап беруі тиіс.

5.     Кімде-кім алыс жорыққа немесе бәйгеге дайындалып, даладағы жайылымда тұсаулы тұрған сәйгүлікті ұрласа сол өлтірілуі тиіс.

6.     Кімде-кім төбелес үстінде басқа адамды жарақаттаса, сол мынадай жағдайларға байланысты жауапқа тартылуы тиіс.а) кімде-кім бір адамның  көзін шығарып жіберсе, оған қызын беруі тиіс, ал қызы жоқ болса, қызға берілетін қалың мал мөлшерінде құн төлесін. б) кімде-кім біреудің қол-аяғын зақымдаса, құнына өз аты төленсін.

7.  Кімде-кім біреудің атын және құнды затын ұрласа ол оған он есе мөлшер-де құн төлейтін болсын. Ертеңнен бастап, «Жеті жарғы» заңы күшіне енсін. Қолбасшылар келеді. Ассаламағалейкум, -деп екеуі бәрімен қол алысып амандасады.» деп оқиға желісі оқушылар арқылы көрініс тапты.   Ойынды балалар өмірімен ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып, алдымен, солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен айқындалады. А.С.Макаренконың  еңбектегі сияқты, ойында да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: «Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс-әрекетсіз ойын- қашан да жаман ойын». Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада: «....жұмыс адамның қоғамдық өндіріске... материалдық, мәдени, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Сонымен бірге ойын да ба-лалардың танымдық  дамуына әсер етеді, білімдерін  кеңейту қажеттігін ту-ғызады. Мысалы айтар болсам, алтыншы сыныпта өткізілген «Түбі адам бо-латын бала» мұнда белгілі жазушы Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» шы-ғармасынан үзінді оқытылады. Сол сабақ барысында оқушылар мәтінмен жұмыс кезінде  Қожа бойындағы жақсы қасиеттерді көре алады.Үш топқа үш түрлі диалог беремін. Оқушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, рөл-ге  енеді.
«Шеберлік шыңы»
Сәйбек қарт: - Бұл кім?
1 - топ
Қожа: - Мен ғой, ата. Мен Қожамын.
Сәйбек қарт: - Мұнда неғып отырсың?
Қожа: - Педсоветке келдім.
Сәйбек қарт: - Онда сенің не шаруаң бар?
Қожа: - Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.
Сәйбек қарт: - Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?
Қожа: - Директор етеміз дейді.
Сәйбек қарт: - Онда тіпті жақсы. Жалақың көп болады.
2 - топ:
Ахметов: - Қадыров, сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз, білесің бе?
Қожа: - Білемін
Ахметов: - Не үшін шақырып отырмыз?
Қожа: - Тәртіпсіздігім үшін шақырып отырсыздар.
Ахметов: Сені мектеп өмірі тойдырды ма? Бұдан былай оқығың келмей ме?
Қожа: - Жоқ, оқығым келеді.
3 - топ
Анасы: - Ал, Қожатай, ақылың бар баласың. Бәрін өзің түсінуің керек. Егер сен тағы бір шу шығаратын болсаң, онда маған өкпелеме… Әкеңнен қалған мал - мүлікке ие бол, мен бұл үйден кетемін.
Қожа: - Жоқ, маматай, кетпеші, жаным, мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істесем, оңбай, көгермей кетейін.
Анасы: - Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ. Осы берілген тапсырмалар бойынша оқушылар Қожаның рөлін сомдау арқылы, бұл мәтіндегі басқа кейіпкерлердің де рөлінен өздеріне жақсы қасиеттерді иемденеді.
Демек, ұлттык педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқы-лы олардың, өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл оқу-шылардың бір-бірімен қарым - қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қа-рауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалар-дың тіл мәдениеті жетіледі, жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады. Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәс-түрлерінің, әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты   әдептілікке, мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем шығармалары эсте-тикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді. Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын құйып отыру - тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес сонымен қатар үйдегі ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев он тоғызыншы сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді: " Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам бі-лімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті бола-ды". Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. Демек, мұғалім рөлді ба-ланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау   керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды, кейіпкердің де образы  нақты ашылады,  осылайша қызықты ету арқылы олардың білімге ынта ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қа-лыптастыруды мақсат етеді.Сабақ барысында балалар тегіс қатысып белсен- ділігін көрсетеді. Рөлдік ойынды сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Оның біріншісі-оқушының сабакқа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі-оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампазды-ғын арттыру және ойлау қабілетін дамыту, сонымен қатар тұлға боп, үлгі тұтарлық азамат болып қалыптасуына көмек беру. ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай, ұстаздардың алдында тұрған міндет:табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзыреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкін- дік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген. Тұлға құзіреттілігін  дамыту-ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетіл-діруі болып табылады. Біздің іс-әрекеттеріміз жеке тұлғаны дамыту үшін      жағдай  жасауға, ойлау қабілеттері бар балаларды дұрыс қалыптастыруға ба-ғытталған. Мұғалімнің сабақ беруі әдісі мен сабақта қолданылатын көрнекі-ліктері оқушылардың  құштарлықпен жұмыс істеуіне сәйкес болуы қажет. Жақсы орта қалыптастыру  әр оқушымен  дұрыс тіл табысуға  көмектеседі. Рөлдік ойын барысында оқушылар өзін-өзі ұстауды, ұлттық салт-дәстүрді, салт-сананы, бірауыз сөзге тоқтауды үйренеді, сөз қадірін түсінеді.Ата-баба-ларымыздың өзіндік ұстанымын, ұрпаққа ұлағатты ұлы дала заңын, тәртібін үйренеді. Оқушылар алған білімдерін өмірде кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйренеді. Осы жүргізген жұмыстарымның  нәтижесінде рөлдік ойынның тиімділігі айтарлықтай көрінгендігі байқалды.  Оқушыла-рымның сабаққа деген қызығушылығы артып, үнсіз оқушылар ашыла бас-тады. Алдыңғы оқу жылында әдебиет сабағынан білім сапасы Ш тоқсан бо-йынша  65% көрсетсе, IV тоқсан 70% ,биылғы оқу жылында I тоқсан 70% сапа II тоқсан 76% сапа көрсеткішін көрсетті. Сонымен қатар, оқушыларым белсенді түрде мектепшілік, аудандық қоғамдық шараларға көріністерге бел-сене қатысады. Атап айтсам, мектепте дәстүрлі өткізілетін президент, тәуел-сіздік, конституция мерекелерінде, көріністерге қызығушылықпен қатысып,  көрермендер көзайымына айналуда. Ауданда өткізілген «Жастар» ресурстық орталығы «Жас Отан» жастар қанатының  ұйымдастыруымен өткізілген мек-теп арасындағы мәдени күндер фестивалінде  байқауға  қатысып, «Туады ер-лер ел үшін» атты көрініс аудандық алғыс хатпен марапатталды. Ауданда осы сынды өткізілген «Ә.Кекілбаев оқулары» байқауына 8-сынып оқушысы Бағдаулет Арайлым белсене қатынасып, Ә.Кекілбаевтің «Үркер» шығарма-сынан үзінді көрініс көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Фариза оқулары» аудандық байқауында  «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай» бағыты бойынша 7-сынып оқушысы  Айжарық Гүлназым жүлделі 3-орынды жеңіп алған болатын. Оқушылармен қатар ата-анамен байланыс қарқынды жүріп тұрады, ата-аналар белсенділік көрсетіп, ауданда өткізілген «ҚР тәуелсізді-гінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн»  аясында аудандық ата-аналар-дың білім беру ұйымдарында өткізген үлгілі шаралар байқауына қатынасып, «Үздік автор» номинациясымен марапатталған болатын. Өзімнің кәсіби бі-ліктілігімді, білімімді арттыру үшін түрлі сайыстарға белсене қатысуға тыры-самын. Биылғы оқу жылында «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдасты-рылған "Қазақ тілі" пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық  қа-шықтық олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленген үшін I дәре-желі дипломмен және "Алғыс хатпен"  марапатталдым, ал  бес  оқушым  бел-сенділікпен  қатынасып жүлделі  I орынды иеленді. Осы рөлдік ойындар ар-қылы өткізілген  бірнеше сабақтарым ғаламторда мұғалімдерге арналған «Бі-лімгер» сайтына жарияланып, "Құрмет грамотасы" және сертификатпен ма-рапатталдым.  Ал "Қазақстан-2050":нұрлы болашақ"  озық әдістемелік идея-лар салоны байқауында жүлделі III орынды иелендім. Бұл еңбектің нәтижеле-рі тек қана мұғалім жұмысының бір ұшқыны ғана деп білемін. Әлі алдағы уа-қытта осыған сай жұмыстарымды  жүйелі түрде жалғастырмақпын. «Шәкірт-сіз-ұстаз тұл» демекші, ұстаз мәртебесі оқушылар еңбегімен бағаланады, кө-рінеді, нәтижесі байқалады. Осы шәкірттерімнің жетістігі арқылы марқайып, жоғарыда атап кеткен сұрақтарыма біраз жауап тапқандай боламын. Олардың болашақта тұлға болуына азғана үлес қоссақ, ол да мұғалімнің ерен еңбегінің нәтижесі деп түсінемін. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқан «Ойын-сыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды». Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасалған еңбегінің нәтижесі-сапалы білім болып табылады. Бұл жұмыспен әрине мұғалім іздені-сі тоқтап қалмайды, осы істердің қорытындысында болашақта дарынды оқу-шыларыма арнап, деңгейлерін одан әрі дамыту мақсатында қосымша үйірме жоспарын жасақтап, дарынды балалармен «Драма» үйірмесін жүргізуді көз-деймін. Оқыту әдісінің ең лайық деген әдісін таңдау ұстаз еркінде. Елбасы Н.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз - бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»,-деген пікірін қолдай отырып, саналы, білімді, ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосудан жалықпайық дегім келеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1.     /Қазақ ұлттық энциклопедиясы/ , Алматы .- 241б

2.     / Құдайбергенева К.С. «Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі/. Алматы . 2001.  -75б.

3.     /Жанпейісова М.М. //Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы// . Алматы// 2006, -4,5 бет  

4.      /Назарбаев Н.Ә. //Қазақстан – 2030. Жолдау.

5.     /Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері/. Алматы,2005. -233 б.

6.      /Кәсіби даму мектебі/. Алматы, Верена 2007-93-97 б.

/Құдайбергенева К.С. //Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында//. Алматы  // 2006ж. , 86б.

7.     /Қазақстан Республикасының Білім Заңы/ 

8.     /Білімдегі жаңалықтар/ , 2007ж. №4 26-28 б.

9.      /Бастауыш сыныпта оқыту/, Алматы, 2010ж. (барлық пәндер бойынша)

10.  /Бастауыш мектеп/ , Алматы, 2003№9

11.  /Қазақ тілі/  (дидактикалық материалдар) Алматыкітап, 2010ж.  Авторы: Ж.Қ.Балтабаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ

ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті

№23 жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байжанова Жұмагүл Адилханқызы

 

«Қанша жақсы мұғалім өмір сүрсе, сонша жақсы әдіс өмір сүреді»

 Д.Пойя

     Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын да дамытады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді. Ұстаз, шәкірт, мектеп – бір-бірінен ажыратуға болмайтын ұғымдар. Мектептің  тыныс-тіршілігі, рухани өмірі мұғалімнің өн бойында. Мұғалім өз қызметін шәкірттерімен бірлесе өз дәрежесінде атқарған жағдайда ғана мектеп болады. Өйткені мұғалім – мектептің негізін қалаушы тұлға. Мұғалімнің жетістігі - сапалы білім және саналы, жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Осы ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында оқушылардың рөлдік ойындарды  дамыту ұлттық болмысымызды сақтауға қадірлеуге тәрбиелейді.
Оқушыларының  рөлдік ойындарды дамытуда оқу бағдарламасындағы  қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазіргі заман көқарасымен қарасам, әлемдік жаһандану дәуірінде, яғни ғаламтор мен технология заманында адам баласы дайын нәрсені қолдануға үйренген. Қазіргі кезде оқушы баладан қартайған кәріге дейін заманға сай смартфон, компьютер, планшет, айпад секілді заманауи техника қолдану арқылы өздеріне керекті нәрсесін алып, ғаламтордағы көптеген қоғамдық «уатсап», «вконтакте», «инстаграм», «фейсбук», «твиттер» сынды желі арқылы байланысқа шығып, заманға сай жаңашылдыққа ұмтылуда. Ал, сонымен қатар оның астарында ұрпағымызға залал келтіретін ауыр жағдай көрініс алуда. Ата-ана  балаға қатарынан қалмасын деп жаңа моделде телефон алып, оны өздері ғаламтордың торына тұсауланып түсіп қалуын байқамай қалып жатыр. Қазір кейбір отбасыларда осыған байланысты  әке мен шеше, әке мен ұлдың, ана мен қыздың, бауырларының  арасында ғибрат алар, үлгі боларлық әңгіме, тәрбие қалып барады. Бұл жағдай олардың болашақта тұлға боп қалыптасуына қатты нұқсан келтіруде. Сонымен қатар олардың сөйлеуі, сөз саптау, тіл байлықтары жеткіліксіз боп қала береді. Ғаламторда көрген басқа елдің тұлғаларына еліктеп, оларды пір тұтып, солар секілді сөйлеп, оларға ұқсап бағады. Ал, ата—ананың да, мұғалімнің де мұны қаламайтыны айдай анық. Балалардың көркем әдебиет үлгілерін оқып, ұлттық болмысымызды жоғалып кетуіне қорқыныш бар. Қазіргі таңда балалар ғаламторда қажетті неше түрлі ақпаратты алып, компьютер ойындарын ойнап, әр түрлі желі байланыстары арқылы жазба тілде сөйлесіп, онда да ғаламтор тілінде қысқартып, өзгертіп сөйлеседі. Бұл жерде тілдің грамматикасы ақсап, оқушылар қазақ тіліне мән бермеуі ғажап емес. Осы аталған себептердің  салдарынан адамдар арасында мәміле кетіп жатыр. Кейбір оқушылар тіпті қазір далаға асыр салып ойнап, бір-бірімен бетпе-бет сұхбаттасып, ақпарат алмасуына септігін тигізетін тілдік қарым-қатынасқа жоғалуда. Әрине, бұндай жағдай барлық жерде емес, ішінара болып жатқаны белгілі. Оқушыларға өзіндік шығармашылық тапсырмаларды да, өкінішке орай кейбіреулері ғаламтордан алып, жаттанды түрде жазып, иә болмаса айтып береді. Мұны сұрақ қою арқылы бірден аңғарасың. Соның бірден-бір шешімі, мектеп табалдырығында тіл сабақтары, соның ішінде қазақ әдебиеті сабақтарында оқушыларды сөйлету арқылы, қазақ әдебиетіндегі тұлғалардың өсиеттері, өнегелері арқылы, олардың осы шығармалардағы  рөлдерді сомдау арқылы тәрбиелеу басты назарда болу керек деп есептеймін. Сол себепті осы проблемалар аясында көп ойланып, мен өзімнің зерттейтін проблемалық тақырыбымды өз-өзіме: «Мен оқушыларыма қалай көмек көрсете аламын?», «Оқушыларды сөйлету үшін, яғни өзара сабақта қарым-қатынасты қалай күшейтемін?», «Олардың тұлға боп қалыптасуына септігін тигізер, өзара мәмілеге келуіне тағы не істей аламын?», «Мен болашақ ұрпақ тәрбиелеуде қандай үлес қоса аламын» деп бірнеше сауалдар қойып, оған жауап іздей
бастадым. Әдебиет сабағында күнделікті жоспарлауда бір өзгеріс жасау керектігін ұғындым.  Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені баршамызға белгілі. Өнер, ғылым бар жұртта өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, мектептен де, араласатын ортасынан да, өздері оқып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден де аларына ешкім шүбә келтірмейді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды. Әдебиет арқылы оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптастырамыз. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып өсулеріне тигізетін әсері мол. Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін, біз оқушыға өткен тарихымызды танытуымыз тиіс. «Рухани тоқырау - ой тоқырауының салдары»,- дейді ғұламалар.  Сол ой, сана, сезім, түйсік дегендерді қалыптастыру жауапкершілігі тіл мамандарының еншісінде. Тіл, әдебиет пәндері сезім, эмоция, әсер, шабыттану, қиялдау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең беретін ерекше пән. Сөз өнері жеке адамның шексіз мүмкіндігін ашу қасиетімен құдіретті. Сөз өнерінің осы қасиеті әрбір көркем шығарманы меңгерту, олардың стилін, поэтикалық тілін таныстыру, сөз орнын, оның көтеретін идеялық эстетикалық жүгін таныту арқылы емес, нақты, жанды шығармашылық қозғалыс үстінде ғана балаға сәулесін түсіреді. Сөз өнері адамға ешкімге, еш нәрсеге тәуелді болмау үшін керек. Қандай ортада болса да,өзінің айтар ойы бар, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан оқушыны дайындау арқылы ғана еңбегіміз нәтижелі болмақ. Баланың көңілі ақ, көкірегі таза, ойлау қабілеті жылдам. Осы кезеңде өзекті мәселе:оқушыларды сөз өнеріне баулу,үйрету, көркем әдебиетке қызықтыру, баланың шығармашылық қабілетінің ашу. Осы орайда тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын  өзгеше қатынас құрал. Тілмен сөйлесу – адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі. Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас  барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Қазақстан Республикасының  «Тілдерді  дамытуға арналған мемелекеттік бағдарламаларының  негізгі талабы - мемлекеттік тілді  оқытудың саны мен сапасына көңіл  бөлу керек». Психологтардың зерттеуі бойынша, баланың бойында әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.  Cондықтан оқушыны мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі, сатылы түрде шығармашылыққа баулып, қиял-фантазиясы, ақыл-ойын, икемділігін, тілін дамытып отыру қажет. Жалпы, шығармашылыққа мүмкіндігі мол, тұрақты, белсенді айналысуға ең икемді жас деп біз орта буынды айтамыз. Орта буынды жасөспірімдер: Ақыл-ой қабілеттілігін тек өзін қызықтырған іске ғана бағыттайды; Өздерінің фантазиялық идеяларын шұғыл іс-жүзінде жүзеге асыруға құштар; Жан-дүниесі нәзік, лирик болып келеді; Әңгіме, өлең, ертегі жазуға ерекше құштар, әрі қабілетті. Сабақ кезінде тіл дамыту, тіл ұстарту, көркем ойлау , дұрыс сөйлеу мәнері мен ойлау қабілеттерін дамыту жұмыстарының нәтижесінде оқушының пәнге деген қызығушылығын артып, шығармашылықпен жұмыс атқаруына, өз қабілетін  байқауына мүмкіндік береді. Оқушыға жеке дәптер арнатып, шығармашылықпен жұмыстарын жаздырып отыруға болады. Орта буын оқушыларына қысқа-қысқа шағын әңгімелер, ойын жағымды екені белгілі. Иә, ойнамай бала өсер ме? Оқушының сөздік қорын, тілін дамытуда проблемалық, ситуациялық сұрақтар беріп , ойландыра отырып , оқушы ойын жетілдіруді үнемі басшылыққа алу қажет. Ойын элементтері оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, ой-қиялының ұшқырлығын күшейтеді.  Оқушылардың тілін, сөздік қорын дамытуға рөлдік ойынның маңызы зор.  Оқушылар бұл жауапты естігенде таңданып, таңырқап, серпіліп қалады. Мұғалім—оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол көркем шығарманы: оқиға, сюжет құру, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушының жан-дүниесіне бойлай әсер ететіндей айта білсе, оқушылар да ерекше елтиді, өздеріне деген сенім қалыптасады. Баланың еркін билеп, сенім ұялату үшін: - Сенің қалыңнан бәрі келеді, сен өте қабілеттісің, тек жазуды қолға алсаң болғаны,-деп оқушыға дем беріп, оның кішкентай жетістіген мадақтау, көтермелеу, оған құрбыларының жағымды көзқарасын ояту, тіпті жоғары баға қою (3-ке оқитын балаға). Мұғалім оқушының ата-анасынан да, құрбысынан да жақын ең сенімді досы. Өйткені өзі жазған шығарманы кез-келген адамға көрсеткісі жоқ. Мысалы: рөлдік ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Өз рөлін бөліп алғанда образға кіру арқылы кейіпкердің әрекетіне еліктейді және айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған  білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселеді. Рөлдік ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер мұғалім рөлді  оқушының тұлғасына, ерекшелігіне, табиғатына қарап ұйымдастырса, ол бала өміріне зор ықпал жасауға мүмкіндік алады, белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгеру өзекті мәселе екені бәрімізге белгілі. Осыған орай қазақ тілін оқыту ісіне қойылар талап та жоғары. Тілді үйрету барысында біздің біліктілігіміз, педагогикалық шеберлігіміз, белсенділігіміз оқушылардың қазақ тіліне деген ынтасын, сүйіспеншілігін ояту байқалады. Осы бағытта қазақтың би-шешендерінің, хандарының рөлдегі сөздерін мәнерімен өзіне тән диксиямен айта білудің маңыздылығы ерекше. Соның бір үлгісі ретінде, төмендегі әдебиет сабақтарында бесінші сыныпта өткізілген «Байдалы бидің көңіл айтуы» деген сабақта оқушылар сабақ барысында  осы тақырып аясында кеңінен кейіпкерді түсініп, оның жан-дүниесін, болмысын түсіну үшін, оқушыларға рөлдік ойын ұсындым. Яғни, оқушыларға алдын ала неге мән беріп, рөлді қалай келтіру керектігі ескеріліп, тапсырманы орындауда бағалау бетшесін бердім.  Оқушылар барынша бағалау бетшесіне мән беріп, оны сақтау үшін, кейіпкер образына еніп, оны сомдап, дауыс ырғағын, қимыл, іс-әрекетін  келтіруге тырысты. Байдалы биді бір оқушы, ал Уәлиханның бәйбішесін бір оқушы қыз рөлдік ойын арқылы көрсетіп, олардың бұл тапсырманы аса қызығушылықпен орындап, сол кейіпкерлерге ұқсағысы келгендігі байқалды. Тақырыпты түсінуде бұл рөлдік ойындардың тиімділігі көрінді. Осы бесінші сыныпта «Қазыбек би мен Бұқар жырау» атты сабақ өткізілгенде, мұнда сабақ барысында рөлдік ойынды енгіздім. Мәтіндегі Қазыбек би мен Бұқар жыраудың арасындағы әңгімені оқушылар рөлге бөлініп: Бұқар жырау болған оқушы он жаманды атауын сұрайды. Қазыбек би рөліндегі бала:

Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніміз - үш бұтақты шедірден шошынған ат жаман.

Төрт дегеніміз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман.

Алты дегеніміз – аймағын билете алмаған адам жаман.

Жеті дегеніміз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

Сегіз дегеніміз – серкесіз бастаған қой жаман.

Тоғыз дегеніміз – тойғаның.

Он дегеніміз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.» деп жауап береді.

Сабақпен қатар би-шешендеріміздің сөздерін,  сыныптан тыс ашық шараларда  көптеп қолданамын. Мысалы, бір шарамда оқушылар «Жеті жарғының» соңғы баптарын талқылау кезін рөлге бөлініп көрсетеді.

Тәуке хан: -Күлтөбенің басына күнде жиналғандағы себебіміз өздеріңе аян. Өткен жиындағы мәселелерді ары қарай талқылап, шешімін тауып, біржақты қылайық.

Төле би: Иә, еліміздің тыныштығын, ұлтымыздың мүддесін сақтау үшін «Есім ханның ескі жолы», Қасым ханның қасқа жолының» заңдарының алар орны ғой.

Қазыбек би: Әрине, онсыз болмас.

Әйтеке би: мемлекеттің  бүтіндігін сақтау – біздің бірінші мақсатымыз. Сондықтан ең алдымен көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылса дұрыс болар.

Билер: Иә, иә, әрине дұрыс айтасыз.

Тәуке хан: Қазыбек, сен не айтасың?

Қазыбек би: Е, әз Тәуке хан ием, «Ер қанаты - ат» деген бекерге айтылған сөз емес. Халқымыздың соғыс күші ретінде аттың ерекше бағаланғаны бәрімізге аян. Қазір ұрлық та көбейіп барады. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылса қайтеді? Ал ұрланған жылқы, өзге де құнды құнды мүлік үшін он есе артық төлеттірілсін.

Төле би: Түрік халқының мүддесін сатып, елге опасыздық жасап, ұрлық жасағандар үшін өлім жазасы бұйырылсын. Сонда ғана елдің бүтін, іргеміз мықты болады емес пе? (Біраз талданады. Дұрыс айтасың деп бастарын изеседі.)

Тәуке хан: Бар қазақты халықты басқаруды бір жүйеге келтіретін уақыт келді. Оны халық та түсінді, соңынан ереді, қолдайды деп сенемін. Срңынан қорыта келе:

7.     Мемлекетте ішінде тұрақсыздық жасағысы келген адам қатаң  жазалансын.

8.     Түркі халықтарының мүддесін сатып, мемлекетке залал келтірген адам өлтірілуі тиіс.

9.     Кімде-кім ел ішінде жазықсыз адамды өлтірсе, сол өлтірілуі тиіс.

10. Кімде-кім неке заңын бұзса, сол адам заң алдында қатаң түрде жауап беруі тиіс.

11. Кімде-кім алыс жорыққа немесе бәйгеге дайындалып, даладағы жайылымда тұсаулы тұрған сәйгүлікті ұрласа сол өлтірілуі тиіс.

12. Кімде-кім төбелес үстінде басқа адамды жарақаттаса, сол мынадай жағдайларға байланысты жауапқа тартылуы тиіс.а) кімде-кім бір адамның  көзін шығарып жіберсе, оған қызын беруі тиіс, ал қызы жоқ болса, қызға берілетін қалың мал мөлшерінде құн төлесін. б) кімде-кім біреудің қол-аяғын зақымдаса, құнына өз аты төленсін.

13.            Кімде-кім біреудің атын және құнды затын ұрласа ол оған он есе мөлшерде құн төлейтін болсын. Ертеңнен бастап, «Жеті жарғы» заңы күшіне енсін. Қолбасшылар келеді. Ассаламағалейкум, -деп екеуі бәрімен қол алысып амандасады.» деп оқиға желісі оқушылар арқылы көрініс тапты.   

Ойынды балалар өмірімен ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып, алдымен, солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен айқындалады. А.С.Макаренконың  еңбектегі сияқты, ойында да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: «Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс-әрекетсіз ойын — қашан да жаман ойын». Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада: «....жұмыс адамның қоғамдық өндіріске... материалдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Сонымен бірге ойын да балалардың танымдық  дамуына әсер етеді, білімдерін  кеңейту қажеттігін туғызады. Мысалы айтар болсам, алтыншы сыныпта өткізілген «Түбі адам болатын бала» мұнда белгілі жазушы Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» шығармасынан үзінді оқытылады. Сол сабақ барысында оқушылар мәтінмен жұмыс кезінде  Қожа бойындағы жақсы қасиеттерді көре алады.Үш топқа үш түрлі диалог беремін. Оқушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, рөлге енеді.
«Шеберлік шыңы»
1 - топ
Сәйбек қарт: - Бұл кім?
Қожа: - Мен ғой, ата. Мен Қожамын.
Сәйбек қарт: - Мұнда неғып отырсың?
Қожа: - Педсоветке келдім.
Сәйбек қарт: - Онда сенің не шаруаң бар?
Қожа: - Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.
Сәйбек қарт: - Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?
Қожа: - Директор етеміз дейді.
Сәйбек қарт: - Онда тіпті жақсы. Жалақың көп болады.
2 - топ:
Ахметов: - Қадыров, сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз, білесің бе?
Қожа: - Білемін
Ахметов: - Не үшін шақырып отырмыз?
Қожа: - Тәртіпсіздігім үшін шақырып отырсыздар.
Ахметов: Сені мектеп өмірі тойдырды ма? Бұдан былай оқығың келмей ме?
Қожа: - Жоқ, оқығым келеді.
3 - топ
Анасы: - Ал, Қожатай, ақылың бар баласың. Бәрін өзің түсінуің керек. Егер сен тағы бір шу шығаратын болсаң, онда маған өкпелеме… Әкеңнен қалған мал - мүлікке ие бол, мен бұл үйден кетемін.
Қожа: - Жоқ, маматай, кетпеші, жаным, мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істесем, оңбай, көгермей кетейін.
Анасы: - Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ. Осы берілген тапсырмалар бойынша оқушылар Қожаның рөлін сомдау арқылы, бұл мәтіндегі басқа кейіпкерлердің де рөлінен өздеріне жақсы қасиеттерді иемденеді.
Демек, ұлттык педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың, өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың бір-бірімен қарым - қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі. Сондықтан рөлдік  ойындар барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру,  өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады.                                                                                   Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты   әдептілікке, мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді. Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын құйып отыру - тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес сонымен қатар үйдегі ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев он тоғызыншы сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді: " Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады". Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. Демек, мұғалім рөлді баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау   керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды, кейіпкердің де образы нақты ашылады,  осылайша қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Сабақ барысында балалар тегіс қатысып белсенділін көрсетеді. Рөлдік ойынды сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Оның біріншісі – оқушының сабакқа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту, сонымен қатар тұлға боп, үлгі тұтарлық азамат болып қалыптасуына көмек беру. ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай, ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзыреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген. Тұлға құзіреттілігін дамыту – ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіруі болып табылады. Біздің іс-әрекеттеріміз жеке тұлғаны дамыту үшін жағдай жасауға, ойлау қабілеттері бар балаларды дұрыс қалыптастыруға бағытталған. Мұғалімнің сабақ беруі әдісі мен  сабақта қолданылатын көрнекіліктері оқушылардың  қызыға құштарлықпен жұмыс істеулеріне сәйкес болуы қажет. Жақсы орта қалыптастыру  әр оқушымен  дұрыс тіл табысуға  көмектеседі. Рөлдік ойын барысында оқушылар өзін-өзі ұстауды, ұлттық салт-дәстүрді, салт-сананы, бірауыз сөзге тоқтауды үйренеді, сөз қадірін түсінеді.Ата-бабаларымыздың өзіндік ұстанымын, ұрпаққа ұлағатты ұлы дала заңын, тәртібін үйренеді. Оқушылар алған білімдерін өмірде кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйренеді. Осы жүргізген жұмыстарымның  нәтижесінде рөлдік ойынның тиімділігі айтарлықтай көрінгендігі байқалды.  Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығы артып, үнсіз оқушылар ашыла бастады. Алдыңғы оқу жылында әдебиет сабағынан білім сапасы 55% көрсетсе, биылғы оқу жылында 60-70% сапа көрсеткішін көрсетті. Сонымен қатар, оқушыларым белсенді түрде мектепшілік, аудандық қоғамдық шараларға көріністерге белсене қатынасады. Атап айтсам, мектепте дәстүрлі өткізілетін президент, тәуелсіздік, конституция мерекелерінде, көріністерге қызығушылықпен  қатынасып, көрермендер көзайымына айналып жүр. Ауданда өткізілген «Жастар» ресурстық орталығы «Жас Отан» жастар қанатының  ұйымдастыруымен өткізілген мектеп арасындағы мәдени күндер фестивалінде «көрініс» байқауына қатысып, «Туады ерлер ел үшін» атты көрініс аудандық алғыс хатпен марапатталды. Ауданда  осыв сынды өткізілген «Ә.Кекілбаевтің оқулары» байқауына 8-сынып оқушысы Бағдаулет Арайлым белсене қатынасып, Ә.Кекілбаевтің «Үркер» шығармасынан үзінді көрініс көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Фариза оқулары» аудандық байқауында  «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай» бағыты бойынша 7-сынып оқушысы  Айжарық Гүлназым жүлделі 3-орынды жеңіп алған болатын. Оқушылармен қатар ата-анамен байланыс қарқынды жүріп тұрады, ата-аналар белсенділік көрсетіп, ауданда өткізілген «ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн»  аясында аудандық ата-аналардың білім беру ұйымдарында өткізген үлгілі шаралар байқауына қатынасып, «Үздік автор» номинациясымен марапатталған болатын. Өзімнің кәсіби біліктілігімді, білімімді арттыру үшін түрлі сайыстарға белсене қатысуға тырысамын. Биылғы оқу жылында «Қазақстан ұстазы» педагогикалық қащықтық олимпиадасына қатынасып, оған бес оқушым да белсенділікпен қатынасты. Осы рөлдік ойындар арқылы өткізілген  бірнеше сабақтарым ғаламторда мұғалімдерге арналған «Білімгер» сайтына жарияланып, сертификатпен марапатталдым. Бұл еңбектің нәтижелері тек қана мұғалім жұмысының бір ұшқыны ғана деп білемін. Әлі алдағы уақытта осыған сай жұмыстарымды  жүйелі түрде жалғастырмақпын. «Шәкіртсіз-ұстаз тұл» демекші, ұстаз мәртебесі оқушылар еңбегімен бағаланады, көрінеді, нәтижесі байқалады. Осы шәкірттерімнің жетістігі арқылы марқайып, жоғарыда атап кеткен сұрақтарыма біраз жауап тапқандай боламын. Олардың болашақта тұлға болуына азғана үлес қоссақ, ол да мұғалімнің ерен еңбегінің нәтижесі деп түсінемін. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқан «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды». Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасалған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады. Бұл жұмыспен әрине мұғалім ізденісі тоқтап қалмайды, осы істердің қорытындысында болашақта дарынды оқушыларыма арнап, деңгейлерін одан әрі дамыту мақсатында қосымша үйірме жоспарын жасақтап, дарынды балалармен «Драма» үйірмесін жүргізуді көздеймін. Оқыту әдісінің ең лайық деген әдісін таңдау ұстаз еркінде. Елбасы Н.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз – бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», – деген пікірін қолдай отырып, саналы, білімді, ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосудан жалықпайық дегім келеді.

Қолданылған әдебиеттер:

12. /Қазақ ұлттық энциклопедиясы/ , Алматы .- 241б

13. / Құдайбергенева К.С. «Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі/. Алматы . 2001.  -75б.

14. /Жанпейісова М.М. //Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы// . Алматы// 2006, -4,5 бет  

15.  /Назарбаев Н.Ә. //Қазақстан – 2030. Жолдау.

16. /Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері/. Алматы,2005. -233 б.

17.  /Кәсіби даму мектебі/. Алматы, Верена 2007-93-97 б.

18. /Құдайбергенева К.С. //Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуынд//. Алматы  // 2006ж. , 86б.

19. /Қазақстан Республикасының Білім Заңы/ 

20. /Білімдегі жаңалықтар/ , 2007ж. №4 26-28 б.

21.  /Бастауыш сыныпта оқыту/, Алматы, 2010ж. (барлық пәндер бойынша)

22.  /Бастауыш мектеп/ , Алматы, 2003№9

23.  /Қазақ тілі/  (дидактикалық материалдар) Алматыкітап, 2010ж.  Авторы: Ж.Қ.Балтабаева

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Педчтение"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Қанша жақсы мұғалім өмір сүрсе, сонша жақсы әдіс өмір сүреді» Д.Пойя Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын да дамытады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді. Ұстаз, шәкірт, мектеп – бір-бірінен ажыратуға болмайтын ұғымдар. Мектептің тыныс-тіршілігі, рухани өмірі мұғалімнің өн бойында. Мұғалім өз қызметін шәкірттерімен бірлесе өз дәрежесінде атқарған жағдайда ғана мектеп болады. Өйткені мұғалім – мектептің негізін қалаушы тұлға. Мұғалімнің жетістігі - сапалы білім және саналы, жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Осы ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында оқушылармен рөлдік ойындарды дамыту ұлттық болмысымызды сақтауға қадірлеуге тәрбиелейді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2020 298
    • DOCX 67.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Яковлева Виктория Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Яковлева Виктория Викторовна
    Яковлева Виктория Викторовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 66525
    • Всего материалов: 212

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов