Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыПедагогикалық шеберлік пәнінен сабақ жоспарлары топтамасы

Педагогикалық шеберлік пәнінен сабақ жоспарлары топтамасы

Скачать материал

 «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады». Н. Ә. Назарбаев

 

Кіріспе сабақ Мектеп мұғалімі.

                                    Бұл тақырыпты оқып-үйрену үстінде сіздер таңдап 

        алған мамандықтарың – мұғалім қызметі туралы, 

        Оның қоғамдағы ролі, педагогикалық еңбегінің 

        ерекшелігі, құрылымы, ұстаздық шеберлік, әдеп-мораль                              

        түсініктерін аласыздар.

        Ұстаздық қызметте қажетті дағдылар негізі мен

        іскерліктер, ұстаздық шеберлік компоненттерімен 

         таныс  боласыздар; Ұстазға тән негізгі қасиеттерді өз                                 

         бойларыңызда тәрбиелеу қажеттілігін анықтайсыздар.          

        Болашақ маман, ертеңгі ұстаз қандай болу керек ? –                                                                                                 

        профессиограммасын жасап,  

       «Болашақ мектеп моделі» атты шығармашылық жұмыс                          

        орындайсыз.

 

 Ы «Ұстаз – мектептің жүрегі»

                                                                       Ыбырай Алтынсарин.

                (1841-1889)

ахмет

 «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім.

                                                                              А.Байтұрсынов.

                 (1873-1937)

   

Мектепте оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман – Мұғалім.

Ұстаз деп те, оқытушы, тәлімгер, мастер, педагог деп те атауға болатын адам – арнайы кәсіби дайындықтан өткен, педагогикалық іс-әрекетпен айналысатын тұлға.

            Мұғалім әр оқушы, өсіп келе жатқан ұрпақ алдында, қоғам мен мемлекет алдында үлкен жауапкершілік жүктелген әрекет иесі. Болашақтың қандай болатындығы – бүгінгі педагогтардың әрекетінің нәтижесі. Ешқандай да басқа мамандық иесінен тап осындай Отан, мемлекет, халық тағдырының жауапкершілігін арқалаған мамандық иесін таппайсың.

            Мұғалім оқушының, тәрбиеленушінің дүниеге ғылыми дүниетанымын, диалектикалық материалистік көзқарасын, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, менталдық сапаларын, жоғары адамгершілігін, белсенділігін, адамдарға, мамандыққа сүйіспеншілігін, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын үйрететін, оқыту-тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін игеріп енгізуші, белсенді әрекет иесі.

Мұғалімге қойылатын талаптар өте көп. Г.Г. Воробьев «Школа будущего начинается сегодня» деген мұғалімге арналған кітабында оқушылардың мұғалімге қоятын 20-дан астам талабын көрсеткен. (ал сіз ше? Қандай талаптар қояр едіңіз?)……

            Негізінен, ол талаптарды С.Б.Елканов үш топқа бөліп көрсетеді:

Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы, қоғамдық борыштылық пен жауапкершілік  сезімі (педагогикалық мораль).

Кәсіптік мамандық даярлығы, терең де тиянақты жалпы ғылымдылық білімі. Өз пәнін, ғылымын игеруі, оны оқыту методикасын,  психологияны, педагогиканы меңгеруі.

 Педагогикалық технологияны игеру.

Мұғалім педагогикалық процестің субьектісі ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастыққа , іскерлік қарым-қатынас және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық қатынас қалыптастыруға бағыттауы керек.

Мұғалімнің кәсіптік іс-әрекеті төмендегі бағыттарды қамтиды: тәрбие жұмыстарын, оқыту процесін ұйымдастыру. Тәрбие негізгі мақсат болғандықтан мұғалімнің жеке тұлғасы оқушыға барлық жағынан үлгі болуы керек. Осыдан мұғалімнің әлеуметтік позициясы (өз мамандығына бағыттылығы,  педагогикалық борышты  сезінуі, жауапкершілігі, педагогикалық моральды, тактіні сақтауы, педагогикалық әділдігі, беделі, т.б) және кәсіптік позициясы (азаматтық белсенділігі, балаға деген сүйіспеншілік, рухани дүниесінің байлығы, ғылыми-педагогикалық ойлауының қалыптасуы, шығармашылық-жаңашылдық көзқарас, көпшілдігі, физиологиялық-психикалық тұрғыдан денінің саулығы, кәсіптік жұмысқа қабілеттілігі т.б.) айқындалады.

Мұғалімнің кәсіптік құзырлылығы теориялық дайындықтан (талдау іскерлігі, болжам жасау іскерлігі, құрастыру (проектілік) іскерлік, рефлексивтік іскерлігі т.б.) және практикалық дайындықтан (ұйымдастырушылық, өз ықпалына ерту, ақпаратты жеткізу, дамыту, бағыттау, перцевтивтік қарым-қатынас орнату, қолданбалы іскерліктері)

 

Сөздік жұмыс:

Педагогикалық мораль – мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бір талап-тілектердің, қағида-ережелердің, қалыптың (норманың) мазмұндық тұжырымның жүйесі, жиынтығы.

           

                                        Маман, кәсіби шеберлік иесі  

Нағыз мұғалім   :           Адам, ізгілікті тұлға

                                         Зерттеуші, ізденуші 

       Ұстаздық қызметте қажетті негізгі    дағдылар мен іскерліктер                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

Мақсаттылық (целепологания)

Зерттеушілік (диагностикалық)

Құрастырушылық (конструктивтік)

Танымдық (гностикалық)

Қарым-қатынас (коммуникативтік)

Реттеушілік (коррекциялық)

Ұйымдастырушылық

Бақылау-бағалау

болжау

 
 

 


                                                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

Айтпақшы,

Сократ мұғалімдерді: «акушеры мысли» - (ойды тудырушы), ал педагогикалық шеберлік түсінігін – «майэвтика – повивальное искусство» - (ойдың кіндігін кесу өнері),- деген; Яғни балаға ой туғызуға, ойлануға көмек. Қазіргі таңда мұғалім-менеджер деген түсінік етек алуда.    Менеджмент –управление – басқару. (ағылшын). 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                       

 

 

 

 

 

 

 

            Мұғалім – күн сәулесі іспетті!

 

Ұстаздық шеберлік компоненттері

 

Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі.

Мұғалім мамандығына бейімділігі, қабілеттілігі.

Кәсіптік көрегендігі.

Балаларға деген сүйіспеншілігі, сенімділігі.

Ұйымдастырушылық шеберлігі.

Оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білуі, шешімді дұрыс, уақтылы қабылдай алуы.

Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.

                      К.Д. Ушинский

 
Ұстаздық сезімталдығы, мейірімділігі.

Педагогикалық техника.

Альтруизм.

Толеранттық.

 

Сөздік жұмыс:  Альтруизм – франц., басқа кісінің бағыт–бағдарына бағытталу, аңсары кетуі.

 

Толеранттық - өзгемен серіктестік рухта болу, өзгемен санасу, сыйласу, ізгілік, төзімділік, т.б. жақсы қасиеттер.

 

Артық етпес білгенің...

 

12 жылдық білім беруде педагогикалық процесті ұйымдастыратын мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар  немесе  

Болашақ мұғалім моделі:

1.Өзінің пәнін терең білу

2.Дидактиканы білу

3. Пән әдістемесін білу

4.Баланың жас ерекшелік психологиясын білу

5. Мектептегі оқыту мақсатын анықтай алуы

6.Білім мазмұнының теориялық негіздерін терең білуі

7.Ғылым жетістіктерін қолдана білу

8.Озат тәжірибені талдап, жетістіктерін үйрену

9. Күтілетін нәтижені болжай алуы

10.Жоғары адамгершілік мораль

11. Ұйымдастырушылық қабілет

12. Жағымды мінез – құлық

13. Қарым – қатынас  шеберлігі

14. Әділеттілік

15. Құрастыра білу

16. Реттеушілік

17. Альтруизм

18. Толеранттық

19. Сезімталдық

20. Балаға деген сүйіспеншілік......

 

    Білім жүйесі, ұрпақ тәрбиесі-баршаның ісі, әркімнің төл міндеті.

Бұл талап-міндет кеше де қымбат болған, бүгін де аса маңызды. Өйткені: болашақ бағбаны-жас ұрпақ тәрбиесіне ата-ана мектеп, қоғам мемлекет, Мұғалім жауапты. Тарих тағылымы, ұлт өнегесі осы. Осы тұста еске алар жайт: ұлттық рухтың мықты ақыл-парасаттың биік, тәлім-тәрбиенің терең, сана-сезімнің мөлдір болғаны абзал-ақ. «Ұлтының қамын ойламаған адамның қамын-ұлты да ойламас болар» (Р.Ғамзатов) деген даналық сөзде үлкен шындық, тағылым бар. Біздіңше, мұның білім беру жүйесіне, тәлім-тәрбие ісіне де қатысы бар. Ақиқатқа тура қарасақ, білім беру ісі прогрестің қозғаушы күші және рухани әлеуметі ретінде уақыт талабына сай жауап беруі, жас мамандардың өзгермелі жағдайларға бейімделе білу қабілетін қалыптастыруы секілді мәселелерді шешіп алмайынша, қоғам дамуының тұрақты болуы екіталай. Еліміздің ғылыми-техникалық қуаты едәуір қарқын алып, білім берудің ұлттық моделі құрылды, мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы күшіне енді. Білім мен ғылымды дамытуға, орта және жоғары білім сапасымен қатар жастарды өз Отанына деген сүйіспеншілік сезіміне баулу, салт-дәстүрді санаға сіңіріп өсіру секілді маңызды мәселелерді қамтуға көңіл бөлу нәтижесінде кез келген ұлт пен ұлыстың әлемдік білім кеңістігінде өзіне тиесілі орнын иеленуіне мүмкіндік береді.

       Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау- мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта не жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп,өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім кәсіби дамиды: ол жаңашыл, оқушыларға тәрбие мен білім берудің  теориясы мен практикасындамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.

Қазіргі заман мұғалімнің жаңа проблемаларды жүйелі түрде оқуын және зерттеуін талап етеді. Сондықтан, әрбір педагогтың оқу, білім беру, тәрбие және ұжымды басқару теорияларымен,шетел психологтары және педагогтарының тізденістерімен үнемі танысып, керектерімен  қаруланып отыруы қажет.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруде екі жағдайды ескерген жөн. Олардың бірі-мұғалімнің жеке жоспарына сәйкес өз бетімен білім алу жолы, екіншісі- әр түрлі ұжымдық жолмен мамандықты көтеру. Ұжымдық формалары: әдістемелік және теориялық семинарлар; мұғалімнің білімін жетілдіру институты жанындағы қысқа мерзімді курстар. Мұғалімнің қандай да болса педагогикалық еңбекке жарамдылығын, деңгейін үнемі жаңартып, жетілдіріп отыруды қажет етеді.


                                 Тест арқылы өзіңді тексер:

                                             Сіз   қандай  ұстазсыз?

1.Мұғалімдік  қызметке  қалай  келдіңіз?

а) жүрек  қалауымен

ә) кездейсоқ

б) лажым  жоқтықтан

2. Сіз  үшін  мұғалімнің   жұмысы:

а) керемет  жұмыс

ә) күнкөріс  үшін

б) бас  қатыру

Оқушылардың  сіздің  біліміңізге  көзқарасы

а) өте  сауатты  деп  есептейді

ә) қанағаттанарлық

б) жұмысы  жоқ

Оқушылар арасында  жарыс  болатын  болса:

а) міндетті  түрде  менен  көмек  сұрайды

ә) кейде

б) маңыма  мүлде  жоламайды

5. Сіздің  сабақ   өткізу  тәсіліңіз  қандай?

а) оқулықтан  тыс  қызықты  материалды  жиі  пайдаланамын

ә) сирек  қолданамын

б) оқулықпен  шектелемін

6. Сіздің  қатеңізді  озат  оқушыңыз   тапты:

а) қатені  мойындап, кешірім  өтінемін

ә) үндемей  құтыламын

б) өзімдікі  дұрыс  деп, жеңістік бермеймін

7. Сыныптан  тыс  жұмысты  ұйымдастыруда

а) оқушылар  арасында  жиі-жиі  жарыстар  ұйымдастырамын

ә) басшылар  ескерткенде  ғана

б) бас  ауыртқым  келмейді

8. Оқушыға  қол  жұмсайсыз  ба?

А) мүлде  қол  жұмсамаймын

ә) анда-санда

б) «Аюға  намаз  үйреткен - таяқ»  деп  есептеймін

9. Мұғалім  болғаныңызға

а) ризасыз

ә) сізге  бәрібір

Кісінің бойындағы үйрену құмарлығын оятқан адам-ең жақсы мұғалім.

                       А.Фердинанд

 
б) өкінесіз

10. Ұжым  арасында   беделіңіз:

а) өте  жоғары

ә) жақсы

б) орташа

Әрбір

«а»   жауабына – 5 ұпай

«ә»  жауабына – 3 ұпай

«б»  жауабына – 1 ұпай  есептеңіз

 

ұпай  жинасаңыз:

Сіз  шәкірт  үшін  биік  тұлғасыз. Сіз  бала  тәрбиесіне  жан-тәнімен  берілген  жансыз.

жинасаңыз :

Сіз  арбаны  да  сындырмайтын, өгізді де  өлтірмейтін  күйде  жүрсіз. Сізге  көп  іздену  керек.

жинасаңыз:

Сіз  босқа  уақыт  өткізіп  жүрсіз. Орыныңызды  бала  жанын  түсінетін  шын  мұғалімге  босатқаныңыз  жөн.

 

 

 

 

 «Егер адам артына өз ұрпағына пайда келтірердей іс қалдырса, оның жаны өлмейді».    (Ж.Баласағұн.).

 

 

 

   Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз
жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ?

                                    (Назым Хикмет).

 

 

 Адамның жақсысы, адамға адамшылық жасағандар

                                                                                    (Абай)

.

Ұстаздың абыройы болмаса –шәкірттері оның сақалымен ойнайды.

                                                                                          Сайф Сараи

 

 

Басқаларды үйрету үшін өзің көп білетін болуың керек.

                                                                                   А.П.Чехов

 

                 1-тақырып  Педагогикалық шеберлік туралы түсінік.

Педагогикалық шеберлік не деген сауалға көптеген авторлар жауапты жемісті нәтижеге жеткен педагогтердің еңбектерінен іздейді.

Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиелеу теориясы мынадай жалпы ғылыми және жалпы әдіснамалық ұстанымдарға негізделеді: ғылымилық, адамгершілік, диалектикалық теория мен жүйелілік, саналылық, қол жетерлік тәжірибелердің байланысы. Осы тәжірибелердің тексерілген ұстанымдық талдауына сүйенсек, оқыту мен тәрбиелеу, қарым-қатынас пен жекелену педагогикалық шеберліктің білім және басқа да заңдылықтар мен сабақтастығында ерекше қасиет. Бірақ, бұл заңдылықтар өздігінен шеберлікке ие болу жолдарын көрсетпейді және оның негізгі мінездемесі болып табылмайды. Толық жауап алу үшін психологиялық-педагогикалық теориялар мен тәжірибелер жетістіктеріне терең талдау қажет.

Б.Скиннердің айтуынша, “Үйрету технологиясы – психология жетістіктерін педагогикада қолдану”. Оқытудағы жаңа технологияның нығаюы тұлғалық қызметтің педагогикаға ықпал етуімен тығыз байланысты. Мұндай ықпал ету белгілі мағынада әрекетшіл және өзіндік парадигмаларды педагогикалық психологияда теңестіреді.

Өмір педагогиканың алдына ұстанымдық жаңа мәселелерді ұсынады.

Фрейдтың шәкірттері Вильгельм Рейх, кейінірек Фредерик Перлз адам ішкі жан дүниесіндегі қайшылықтарды жеңіп шығуы қиындықтан құтылудағы, өзгеруге тырысуындағы үрдіс болып табылады деп тұжырымдаған. Адам қиындыққа ұшыраса не қауіп төнсе уайымға беріледі. Яғни, төнген қатерді аса әсірелеп, күшейтіп жеткізу адамның қорғану әрекеттеріне шек қояды.

Мұғалімнің өзін-өзі актуаландыруындағы әрекеті өз талабы мен әлеуеттік мүмкіншілігіне негізделген. Өйткені, ол өзін дамыту, тәжірибелерін кенейту арқылы өз білімін көтеріп, білгенін өзгеге сіңіреді. Осы тұрғыдан алғанда, тұлғалық өсу заңдылығы өзін-өзі актуаландыру және қорғау, манипуляциялау қасиеттерін дамытудың балама жолдарын ұсынады:

-                           адекватты қабылдауға тырысу, құштар болу;

-                           өз бойыңа табиғилық, өзгергіштік қасиеттер дамыту;

-                           өзіңді де, өзгені де сынаусыз қабылдай алу, философиялық көзқарас пен қалжыңды таразылай білу;

-                           мүмкіншілігінше еркін жүруге, өз ойыңа және сезіміңе сенімді болуға, өзіңнің алдыңда адал болып, әр нәрсеге жауапкершілікпен қарай білуге тырысу керек;

-                           өз шығармашылық қасиеттеріңді дамытып, мұқтаждығың мен қалауыңа мұқият болу қажет;

-                           күресе білу, жинақылық, амал таба білу сияқты қорғану қасиеттерін танып білу, сезіну;

-                           өзгемен бірлесе алу, оның өзіндік құқығын сыйлау, яғни өзіңді тең санау қасиеттерін дамыту.

Педагогикалық білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилық қосылмаса, онда күйреуге ұшырайды. Педагогикалық мәдениеттің прагматикалық және руханилылық бөліктерінің арасында органикалық байланыс бар. Педагогикалық еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей байланысты болады.

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», – айтады.

Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері (мақсатқа лайықтылық, шығармашылық,үйлесімділік)

Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

Педагогикалық мәдениет.Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы.Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. .Педагогикалық мәдениет жөнінде сөз қозғағанда қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған, оның пайда болуы, дамуы және гүлденуіне қолайлы жағдай туғызған - халық жайлы есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет кайраткерінің жеке шығармашылығы оған дейін халық жөне адамзат жеңіп алған жетістіктер негізіңде дамиды. Ол өз халқының мәдениетін жетілдіруді бастаудан бұрын өзінің көп ғасырлық тарихында халық туғызганды меңгеруі, сонымен қатар өзге халықтар мен адамзат жасаған игіліктерді игеруі қажет. Тек халық пен адамзат рухани қазынасы жиынтығы ғана мәдениет қайраткерінің шығармашылығына нақты тұғырнамалық негіз бола алады. Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен өлшенеді.

 

2-тақырып Педагогикалық шеберлік компоненттері және оларға сипаттама

 Педагогикалық  техника  негіздерін  білу-  қарым-қатынас  жасау  тнхнологиясын  игерудің  қажетті  шарты. 

А. С. Макаренко: «Мен  тек «бері  кел»  деген  сөздерді  15-20  түрлі  реңмен  айта  білгенде,  бет  әлпетімнің,  тұрған  тұрысымның,  дауысымның  20  түрлі  қылып  өзгертуді  үйренген  кезде  ғана  өзімді  нағыз  шебер  деп  есептей  бастадым.  Бірақ,  маған  біреу  осыдан  кейін  келмесе  де  және  не  керек  екенін  сезбесе  де  мен  қорыққан  жоқпын»,-  деп  жазған болатын.  А. С. Макаренконың  айтқан  бұл  ойынан  педагогикалық  техниканың  білі,  дағдыларының  қатарында  ең  маңызды  тәрбиелеу  құралдарының  бірі  мұғалімнің  сөз  сөйлеу  шеберлігінің  дамуы  екенін  байқаймыз.  Егер  педагогикалық  техниканың  көптеген  білік,  дағдыларын  бір  топқа  біріктіретін  болсақ,  онда  мұғалім  шеберлігінің  бұл  маңызды  компонентінің  құрылымы  төмендегі  жалпы  біліктерімен  сипатталады:  сөз  саптау  білігі,  бет  әлпетінің  өзгеруі  және  пантомималық  өзгеруінің  айқындылығы,  өзінің  психикалық  жағдайын  басқара  білуі  және  эмоцианалдық-шығармашылық  жағдайын  қолдай  білуі,  актерлік-режиссерлік  біліктер,  осының  барлығы  тәрбиеленушілердің  ойына,  сезіміне  әсер  етуіне,  дүниеге  деген  эмоционалдық-құндылық  қарым-қатынас  тәжірибесін  бере  білуге  мүмкіндік  береді.

Мұғалімнің сыртқы мәдениеті дегенде педагогикалық әдепті айтсақ болады. Педагогикалық әдептің негізі - оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген қөзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге болады. Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу–тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Педагогтің әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім–бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап көңіл аудармаса да, ренжіп қалады. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар. Мұғалім оқушыларға жаңа материалдарды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек. Өйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, олардың араларына жарықшақ сызаты түседі. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.

 

Ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер

   Мектеп –ұлттық мәдениетті сақтау кепілі, тәрбие ордасы,Сондықтан ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер, ұйымдастырушылық шеберлік қажет. Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» – деп айтқанындай, ұстаз үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Ұстаздың әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу–тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау, жаңа технологияларды ұтымды қолдана білу мұғлімге тікелей байланысты. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орындарында ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған жаттандылықтан аулақ, өмірлік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Мұғалім  қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың ісінде тапқырлықты, ептілікті талап етеді. Айталық, орын алған әлеуметтік- педагогикалық құбылыстың сипатына, болу себебіне талдау жасау және бағалау; оқушылардың оқу, тәрбиелік деңгейін айқындау; жеке оқушы мен ұжымның дамуын жобалау; оқу, тәрбие нәтижесін, оқушыларда боалтын қиындықтар мен қателерді болжау; нақты педагогикалық міндеттерді белгілеп, оның шешу жолдарын анықтау; оқу- тәрбие жұмыстарының дәлелденген әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын таңдау; оқушылар әрекетін, оған педагогикалық басшылықты жоспарлау; оқушылардың тәртібін, мінез- құлқын, белсенділігін және дара психологиялық ерекшеліктерін басқару.

 

Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің маңыздылығы

«Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар өзіне тән формалардың сақталуы болып табылады. Бұл нормада сөйлеу үлгісіндегі сөздерді дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту тәртібін айтады» Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние.

Ондай болса тілдесу өнеріне келейік.
ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ:
Өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу;
Бақылай, қадағалай алу;
Назарды басқа жаққа аудара алу;
Тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу және оны ескере білу;
жүзіне қарап оқи алу;
Оқушылармен байланыс  жасай алу;

 

Мұғалімнің өзін-өзі  басқаруы, бақылау қабілетінің  маңызыБасқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.Мектеп басшысының басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылық-тарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Мектеп басшысы басқару қызметінің процесінде басқару-дың жаңа теориясы мен концепциясын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құнды-лық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б. Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады;

                                   Кәсіби құзырлылықтың мәні

     “Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында” жаңа қоғам мұғалімін “рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылыс, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман” деп сипаттайды. Бұл болашақ маман дайындау үлгісінде оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың маңызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесіне, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.

     Сондықтан маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әрекеті күшейтіледі, екіншіден, білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.

          Маманның кәсіби дайындығының классикалық үлгісі мазмұндық, тұлғалық және процессуалдық технологиялық бөліктерден тұратыны белгілі. Қазіргі білім беру стандарттары компетенция, компетенттілік ұғымдары арқылы дайындауды ұсынады.

“Компетенция” ұғымы латын сөзінен шыққан, ол адамның мәселелерге жақсы хабардарлығын, анымдар мен тәжірибелерді меңгеру аумағын білдіреді. Педагог-ғалымдар берген анықтамалар төмендегідей:

-       компетенция – оқушының меңгерген білімін, оқу біліктері мен дағдыларын, әрекет тәсілдерді өмірде тәжірибелік және теориялық міндеттерді шешу үшін пайдалана алуы;

-       компетенттілік – пайда болған мәселелер мен міндеттерді жедел түрде шешуге мүмкіндік беретін, түсініктілік жүйесінің және соған сәйкес түсінудің, сыни ойлаудың болуын талап ететін, тәжірибелік әрекеттерді жүзеге асыруға қабілеттілік;

-       компетенция – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберінде қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы;

-       компетенция – адамның өзінің іс-әрекет саласына сай компеиенцияларды меңгеруі.

М.Чошанов кәсіби құзырлылықты “кәсіби шеберлік деңгейі жүйесінде орындаушылық пен жетілдірушілік арасында аралық мәнге ие болу” деп түсіндіреді.

 Біріншіден, құзырлылық нақты жағдайда ұтымды қолдану үшін жаңа ақпаратты меңгеріп, үнемі білімді толықтыруды ұсынады.        Екіншіден, құзырлылық тек білімді меңгеруге ғана емес, білімге байланысты міндеттерді шешуге әлеуетті дайындықты көрсетеді. Демек, ол өзіне мазмұнды білім және процессуалды біліктілік компоненттерді енгізеді. Сондықтан компетентті маман жағдайға байланысты сай келетін әдістерді қолдануы тиіс. Ал әдістердің икемділігі құзырлылықтың маңызды сапасы ьолып табылады.

Үшіншіден, компетентті адам сыни тұрғыдан ойлауды меңгерген болуы қажет.

Сонымен құзырлылық ұғымының мазмұны төмендегі негізгі белгілерден тұрады:

-       білімнің жұмылдырылуы, білімді пайдалана білуі;

-       әдістердің икемділігі;

-       сыни ойлауы;

-       шешімді қабылдау іскерлігі, біліктілігі.

Маманның кәсіби даярлық құрылымында арнайы, әлеуметтік және тұлғалық құзырлылықты қалыптастыру айқындалған. Оны төмендегі сызбадан көруге болады.

әлеуметтік

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Педагогикалық қызметтегі оқытушылардың инновациялық - креативтілік мәдениеті ұғымы.

Мектеп оқытушысының “Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымы төмендегі мәдениеттерді қамтиды:

-       материалдық және рухани;

-       тұлғалық және әрекеттік;

-        қарым-қатынас және тәртіп;

-       ізгіліктілік және әдіснамалық.

Басқаша айтқанда педагогикалық мәдениет феноменін педагог-профессионал тұлғаның интегралдық сапасы ретінде, тиімді педагогикалық қызметтің шарты және алғы шарты ретінде, оқытушының кәсіби құзіреттілігінің жалпылама көрсеткіші ретінде және кәсіби өзін-өзі жетілдірудің мақсаты ретінде қарастыруға болады.

Әдістемелік негіздеу тұрғысынан инновациялық – креативті мәдениет моделін аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық элементтері құрайды.

1.    Инновациялық – кретивтілік мәдениеттің аксиологиялық компоненті адамзат құрған жоғарғы мектептің қалыптасуының қазіргі заманғы даму кезеңінде біртұтас педагогикалық құндылықтар жиынтығынан құралған. Педагогикалық қызмет үрдісінде оқытушылар идеялар мен тұжырымдамаларды меңгереді, педагогикалық қызметтің ізгілік технологиясының құрамдасы білім мен іскерлікті игереді және олардың нақты өмірде қолданыс табу деңгейіне байланысты қаншалықты дәрежеде маңызды екенін бағалайды. Осы сәтте қоғам және жеке педагогикалық жүйе үшін аса маңызды идеялар, тұжырымдамалар педагогикалық құндылықтар болып табылады.

Педагог педагогикалық құндылықтарды мойындай отырып, педагогикалық қызметті меңгеріп, дамытқанына қарай, педагогикалық капиталды игергеніне байланысты өз ісінің шебері болады. Жоғары мектеп пен педагогикалық ойлардың тарихы – бұл үнемі бағалау, қайта аңғару, түсіну, құндылықтарды орнату, белгілі идеялар мен педагогикалық технологияларды жаңа жағдайға көшіру процесі. Ескіден, дәстүрліден жаңаны көре білу, оны абыройына қарай бағалау, оқытушының педагогикалық мәдениетінің айқын компоненті.

2.    Инновациялық-креативтілік мәдениетінің технологиялық компонентіне оқытушының педагогикалық қызметінің тәсілдері мен әдістерін жатқызуға болады. Педагогикалық мәдениеттің құндылықтары мен жетістіктері тұлғаның іс-әрекет процесінде меңгеріледі және құрылады. Бұл – мәдениет пен іс-әрекеттің үзілмес байланысын дәлелдейтін факт.

Педагогикалық қызмет өз табиғатында технологиялық, сондықтан оны әр алуан педагогикалық мәдениеттің мәнін түсінуге көмектеседі, ол тарихи ауысып отыратын әдістер мен қарым-қатынасқа байланысты іс-әрекет бағыттылығын түсіндіреді. Нақ осы жағдайда педагогикалық мәдениет педагогикалық шындықты реттеу, сақтау, қайта жаңғырту және дамыту функциясын атқарады.

3.    Инновациялық-кретивтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компоненті шығармашылық акт ретінде оны игеру және іске асырудың механизмін ашады. Оқытушының дағдыланған педагогикалық құндылықтарды иемденуі тұлғалық-шығармашылық деңгейде өтеді. Педагогикалық мәдениет құндылықтарын игере отырып, тұлға оларды қайта өзгерту, өзінше беруге қабілетті, бұл оқытушының тұлғалық ерекшеліктері және оның ғылыми-педагогикалық қызмет сипаттарымен сипатталады.

4.    Инновациялық – креативтілік мәдениеттің эвристикалық компоненті “эвристиканың ұғынымдылығы” атты когнитивті эмпирикалық әдісі түсіндіреді. Эвристика – қарапайым тиімді ойлау стратегиялары. Эвристиканың ұғынымдылығы айқын сипаттамалар негізгі базалық статистикалық ақпаратқа қарағанда нанымды екенін көрсетеді.

Жоғары мектеп оқытушысы өзінің кәсіби іс-әрекетінің ерекшелігіне байланысты ғылыми және педагогикалық шығармашылықты үйлестіреді. Әрине, ғылым іс-әрекет сипаты, ғылыми міндеттерді  шешу алгоритмін педагогикалық тұрғыдан себептестігінің заңдылығын зерттейді. Бірақ, педагогикада шығармашылық процесс сұлбасы жалпы түрде эвристикалық ашылған шығармашылық құрылымына сәйкес келетіні белгілі. Бұл жағдай мазмұндық жоспарда сәйкестік фактісі орын алса, процессуалдық қарым-қатынаста педагогикалық шығармашылық ерекшеліктер қатары табылғандығымен маңызды.

 

Бақылау сұрақтары:

1.    “Инновациялық – креативтілік мәдениеті” ұғымын түсіндіріңіз.

2.    Педагогикалық мәдениет феноменін түсіндіріңіз.

3.    Әдістемелік негіздеу тұрғысынан инновациялық – креативті мәдениет моделінің элементтері қандай?

4.    Инновациялық – кретивтілік мәдениеттің аксиологиялық компонентін түсіндіріңіз.

5.    Инновациялық-креативтілік мәдениетінің технологиялық компоненті дегеніміз не?

6.    Инновациялық-кретивтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компоненті дегеніміз не?

7.    Инновациялық – креативтілік мәдениеттің эвристикалық компонентін түсіндіріңіз.

 

 


 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

 

№1. Педагог шеберлігі, оның компоненттері:                                                  девушка с мант

Тәжірибелік тапсырма :

Сонымен,   1) Болашақ мектептің мұғалімі қандай болу керек?                      

 2) Мұғалім профессиограммасын жаса:

 

Рангілеу

Бастауыш мектеп мұғалімі

Ағылшын тілі мұғалімі

Тарих пәні мұғалімі

1.

Оқытушылық қабілет

(әрі оқытушы, әрі тәрбиеші).

 

 

2.

Қоғамдық жауапкершілік.

 

 

3.

Тәртіптілік.

 

 

 

4.

Әділдік

 

 

 

5.

……

 

 

6.

 

 

 

 

7.

 

 

 

 

8.

 

 

 

 

9.

 

 

 

 

10.

 

 

 

 

11.

 

 

 

3) Г.Г. Воробьев («Школа будущего…»). Три лица учителя. (Мұғалімнің үш қыры) – тәрбиеші, ұйымдастырушы, лектор болуы керек дейді? Сіздер қалай ойлайсыздар?

4) Егер дәрігерлерше «Гиппократ анты» секілді  мұғалім ант беретін болса, қандай ант берген болар едің? (сенің позицияң?)

5) Бұл мамандықты таңдаған себебің?

6) «Менің сүйікті мұғалімім». (Эссе).

7) мұғалімнің визит карточкасын толтыр.

8) Бала көзімен: Мұғалімнің 20 қасиеті (рет-ретімен, бірінші орынға қандай қасиетін қояр едің?    Екінші орынға ше?...)

9) Мұғалімге дәл сипаттама беретін төмендегі адамдардың қайсысы деп ойлайсың?

1. жақсы оқитын балалар;

2. үлгермеуші оқушылар;

3. «орташа» оқушылар;

4. әріптестері;

5. ата-аналары.

                                               ІСКЕ СӘТ !

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

 

Сұлтанова Ғ.Т. Педагогика. Студенттердің өзіндік жұмыстары. Алматы, 2007

Синица И. Е. Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік. -Алматы, 1987.

Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. -М., 1989.                                                Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнның түзетуінде – М., 1989

Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003

Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.

Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.

Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.

Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990

Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.

Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М., 1990.

Коджаспирова Г.М. Педагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М., 1994.

 

Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмаларға жазбаша анықтама беріңіз. Көрнекі педагогтардың шеберлігіне мысал келтіргенде, көрнекі педагогтардың аты-жөні, еңбегінің атауы, шыққан жылына сілтеме жасауды ұмытпаңыз. Педагогикалық шеберлік элементтері компоненттерін кестеге түсіріңіз.

 

 

 

Тақырып: Тиімді қарым-қатынас – педагогикалық шеберліктің негізі

 

Педагогикалық қарым ‒ қатынас қызметі

Педагогтық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мұғалімнің дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтық әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады. Аталған жағдайлардан басқа сергектік, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді бөліп алып қарауға болады.

Сабақта студенттер тақырып бойынша алдын-ала дайындалған мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын жетілдіруге арналған психотехникалық жаттығуларды басшылыққа ала отырып өткізіледі. Студенттер әртүрлі жаттығулармен танысып, сол жаттығуларды орындайды. Сабақ соңында жаттығуларды өткізуге байланысты талдау жүргізіліп, қорытынды жасалынады, белсенділік танытқан студенттер жұмысы бағаланад

 

Қарым ‒ қатынас құралы және қарым ‒ қатынас түрлері

Қарым ‒ қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. . Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады.Сөйлеу — тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас үрдісі.

 

Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық).

Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.

3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. 

Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету

мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.

 

Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:

1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

 

Педагогикалық  қарым ‒ қатынастағы мұғалімнің тілі Оқушыларды оқуда да, одан тыс процестерде де ұйымдастыра отырып, оқытушы олармен өзара үнемі араласады. Әлеуметтік функцияны тасушы ғана емес, нақтылы жеке адам ретінде де көірентін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы – педагогтық қызметтің құрамдас бөлігі. Оның оқушылармен қарым-қатынасы екі негізгі. Информацтялық және интегративті-компенсаторлы функция бар тәрбие процесінің өзіне тән жолымен басқару ретінде көрінеді. Бұл жерде хабар екі бағытта басқару субъектісінен (мұғалімнен) басқарылатын объектіге (оқушыға) және керісінше – объектінің субъектіге қарай жүреді. Тікелей адамдар арасындағы қатынаста педагог тәрбиелеушілер, жалпы коллектив туралы, ондағы ішкі процестер туралы сан алуан мәліметтер алып отыр. Өз ретінде, педагог қатынас процесінде тәрбиеленушілерге мақсатты бағытталған, оқушыларға оның үндеуінің шағын текстегі ретінде спонтанды, жарып шығатын қаптаған информация береді.Қатынасу арқылы мәліметтер алады. Тікелей қарым-қатынас жеке адамды түрлі жағдайда және жәйттерде танып ұғынуға мүмкіндік береді. Ол жеке адамның ашық, неғұрлым айқын байқалатын сыртқы қылықтарын біліп қоймай, майда шамалы мәлімденген қылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, олар жеке адамды түсіну үшін аса елеулі, маңызды ішкі процестердің байқалу нышандары болуы мүмкін

 

Педагогикалық қарым ‒ қатынас кезеңдері

 Қарым-қатынас -адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды  қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.

Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын.

Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші  А.Б.Орлов « мұғалімнің тұлғалық центрациясы » деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды : педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды.

Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады (11). Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.

 

Маңызды қарым ‒ қатынас мұғалімнің тұлғалық  сапасы

Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі.Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді,әдістемелік шығармашы- лық   шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрып пен салт-сана   ерекшеліктерін  әлеумет- тік  қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағ- дыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.[2]

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.

Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. 

 

Адамға үйірсектілік педагогтың кәсіби тұлғалық сапасы

Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін

бағдарламаларды тиімді пайдалану;

салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;

девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

 

 Педагогикалық қарым-қатынасқа қойылатын жалпы талаптар жүйесі.Оқушылар мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Негізінен педагог пен оқушы арасындағы қатынаста бірнеше талаптар ескеріледі:яғни белгілі дистанцияның болуы,сыйластық,түсіністік,тыңдай білу мен пікір айту қабәлеті секілді шарттық ұғымдар пайдаланылады.Педагогикалық қарым-қатынас негізінде бала мен ұстаздың өзіндік ролі мен орны айқындалады.

 

Тәжірибелік сабақ 

№2. Шеберлік – педагог қызметінің биік деңгейі ретінде

Тәжірибелік тапсырма: Ұстаздық шеберліктің көрінісі, профессиограммасын атап, мысал келтіріңіз. Ұстаз туралы халықтың, кейбір ұлы адамдардың қанатты сөздеріне талдау. Бүгінгі ұстаздық қызметтің мақсаты мен міндеттерін атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мұхамбетжанова Ә. М. Мамандыққа кіріспе. - Орал, 2005

2. Шахуров Р. X. Педагогтың шығармашылық өсуі. - М:, 1995.

3. Мудрик А. В. Мұғалім: шеберлік пен шабыт. - М., 1986. Әдістемелік нұсқау: Профессиограма ұғымының мәнін бірнеше

әдебиеттер бойынша анализ жасаңыз.Өзіндік талдау жасау керек. Ұлы адамдардың қанатты сөздерін кестеге түсіріңіз. Бүгінгі ұстаздық қызметтің мақсаты мен міндеттерін белгілі құжаттар негізінде анықтаңыз.

№3 Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби-педагогикалық қызметтегі қалыптасуы

Тәжірибелік тапсырма: Мұғалімнің жеке басы ұғымының мәнін ашыңыз. А. С. Макаренконың мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарын анықтаңыз.

Педагогикалық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктерге сипаттама беріңіз және мысал келтіріңіз:

- мақсаттылық;

- зерттеушілік

- құрастырушылық;

- танымдық;

- қарым-қатынас;

- реттеушілік;

- ұйымдастырушылық;

- бақылау-бағалау:

- болжау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Макаренко А. С. Ұстаздық дастан.-М., 1989.

2.Рубинский Л. И. Мамандыққа кіріспе. Аударған Т. Айнабекова. Алматы, 1991

3. Абдуллина О. А. Мұғалімнің кәсіптік білім беру жүйесіндегі жалпы педагогиканың дайындығы. -          М., 1990

Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырмаларға жүйелі жазбаша жауап дайындаңыз. А.С. Макаренконың мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарын талдап, өзіндік пікіріңізді қосыңыз.

 

Семинар тақырыбы:
Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік.


 Мақсаты: оқу – тәрбие жұмыс барысында оқытушылар мен білімгерлер арасында адамгершілікпен әдептілікке тәрбиелеу әдіс – тәсілдерін үйрету.
Өткізу формасы:
Интерактивті әдіс – тәсілдер.Талдауға ұсынатын педагогикалық сұрақтар.Педогогикалық жағдаяттар. Іскерлік ойындар.
Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші және адал, әділетті,шыншыл адам болуға тиіс.
К.Д.Ушинский
Педагогикалық сұрақтар:
1.Әдеп дегеніміз не?
2.Педагогтық әдеп және оны меңгеру жолдары
3.Сіз білімгерлермен әңгімелесесіз бе?
4.Әдептен озбайық
5.Педагогтық  талантты қалай түсінесіз?
6.Педагогтық  шеберлік неден басталады?
7.Шәкіртсіз ұстаз тұл.
Әдеп – белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі.
Педагогикалық әдеп – оқытушының аса бағалы педагогтық  қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен білімгерлердің психологиясын терең біліп, түсінуге негізделеді.
Мұғалім сахнадағы актёр сияқты әрқашан көз алдында жүреді.
Қарым – қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан – жақтылығын,  идеялық сенімінің, жүріс – тұрыс мәдениетінің, арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістерінің қоры, яғни ақыл – ойының көрінісі. Әр бір оқытушының дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогты әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогикалық бірнеше жайыттарды бөліп көрсетуге болады.
Байқағыштық. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп көңіл
жақсы көрем.Ол өзі қалай жақсы түсіндірсе солай тыңдай біледі.”
Сенім Педагогтық әдеп білімгерлерге сенім арта білу қабілетінде қамтиды. Сенім арту тәлім -тәрбие жұмысы принціптерінің бірі болып есептеледі.Білімгерлерді өз шамалары мен мүмкіншіліктеріне деген сапалы сенімге тәрбиелеу яғни сенімін қолдап күшейту отыру керек.Сенім дегеніміз істеген істің көрінісі.
Әділдік Әділ мұғалімнің – оқушылар кейбір ресімшілдігін тіпті жаман қасиеттерін де кешіре алады. Әділ болғанмен бірге әдебі мол көңілі жайдарлы болса,беделді болады.Тек әділ қарап қоймай сонымен бірге өз ісінің дұрыстығына сендіре білуі керекӘділетсіздік болған жағдайда көңілдері қалып, аралары салқындай түседі.
Шамалы уақыт ішінде білімгер екірет сабаққа дайындықсыз келді.Ұстаз: сен еш нәрсегеде қабілетті емессін т.б.
Мұнда әдеп мәселесіне әділетсіздікке жол берді. Әділдік көбінесе бақылау, тест т.б. жұмыстарында орын алып жатады. Себебі бір – бірінен көшіру жағдайлары болады. Сондықтан
бағаның дұрыс болғаны қажет кей жағдайда қателік болады. Сол кезде не істеуге болады?
Төзім және сабыр сақтау Қиын жағдайда ұзтазға ықпал ететін жақсы тәсіл сабыр мен төзімділік. Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдауға болмайды әр – бір баланың жас шамасына денсаулық ерекшеліктеріне ерекше мән беру қажет.
Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын нәрсе емес, ол жүре бара пайда болады яғни бұл ұзтаздың тұрақты творчествасы.
Өзін –өзі ұстай білушілік қасиеттер ұстаздың белсенді  құралы  болуы  керек. Жас мұғалімдер кейде ыңғайсыз жағдайда қалады .Ондай жағдайда асығыс шешім қабылдамау үшін: “мен сенімен жеке әнгімелесем, сабақтан соң қал т.б.”
Педагогтық талант . “Талант” деген сөздің мағынасы шексіз кез –келген адамға шынайы көмек көрсетсе және ол өз тарапынан ынта ықылас білдіріп беріле жұмыс істесе нағыз шебер бола алады.
күйлерін қабақтарынан әр – қайсысының мінез құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұның бәрі олардың тілін табуға, сезімдері мен ойларына
өзіндей қуанып,күйініп қабылдауына мүмкіндік береді.

Соңғы партада білімгер сізді тыңдамай      терезеге қарап ойланып қалған делік. Сіз не істер едіңіз?
Ұқыпты сабақты жақсы оқитын қыз бала бірінші рет үй тапсырмасын орындамай келді.Сіз …
Ілтипаттылық Дауыс қөтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға, өтініштер жүрдім- бардым тындасада оқушылардың көңіліне келеді Сондықтан өзіне назар аудару үшін әдейі тәртіп бұзуы мүмкін, қандайда болмасын оқытушылар тарапынан білімгерлерге ілтипат болмаса араларында түсінбестік болады.
Білімгерлерден алынған сауалнамалардан мынадай жауаптар көп болды “Әнгімелескенде сені жан тәнімен тыңдайды, оны сол үшін
Мұғалім шеберлігі дегеніміз өз пәнін, оқыту методикасын,  инновацилық жаңа техналогияларды терең меңгерген, саяси сауатты, идея  жағынан сенімді, мәдениеті  жоғары, жапсарлас ғылымдарының деректерін, күнделікті ақпараттарды, әдебиет пен өнерді жақсы меңгерген, педагогтық әдепті және  педагогтық техниканы сақтауын айтамыз.
Педагогикалық техникаға дауысты ұстай білу өнері, сыңай білдіру, көз тастау өнері т.б.Сонымен бірге эстетика жағынан көрікті яғни киімі,тазалығы т.б.
Қорыта келгенде ұлы гуманист Ибн Синаның адам бойынан мынандай қасиеттердің болуын оқу тәрбиеден іздейді. Бұл оның ағартушылық көзқарасын танытады.
         Адалдық,ақылдылық,адамшылық,
        Қайырымдық, мейірімді жанашырлық.
       Тәрбие, оқу,сана – білімдарлық
       Үшеуі лұлағатқа жол ашарлық.
Тест сұрақтары
1.Қазақ халқының тәрбие саласында пайдаланған педагогикалық талаптары орын тапқан:
А) Дәстүрде   В) Салтта  Г) Ауыз әдебиетінде
2.Балаларға педагогикалық тұрғыдан ықпал жасаудың ең көп тараған түрі:
А) Түсіндіру     В) тыиым     Г)  тұспалдап айту
3.Бала тәрбиелеудің ең негізгі мәселесі
А)  оның бүкіл тіршілігінің уайым қайғысыз өтуіне жағдай жасау.
В)  ата – анасына жасаған жақсылығы
Г)  өзкелең ұрпақты ұлттық дәстүрге баулу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге  тәрбиелеу.
4. “Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек”  деген кім?
А)  Абай   В)  Ыбырай  Г) Әл – Фараби
5.Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог
А) тәрбиеші   В)  сынып жетекшісі  С) пән мұғалімі
                              Ұстаздарға жадынама
1.Мұғалімнің биік те, абзал атына  лайық болыңыздар.Жеке адам ретінде қалыптасу жолында жеке ұстаздардан тәлім алатынын ұмытпаңыздар. Сіздердің Отанға адал қызмет етулеріңіз, сіздердің еңбекке деген көзқарастарыңыз, сіздердің азаматтық батылдықтарыңыз және сіздердің адамдар арасындағы тәртіптеріңіз өздеріңізден тәлім алатындарға мұра боп қалатындай болсын!
2.Білімгерлерді силаңыздар . Олардың ар – намысын қорғап, дамытып отырыңыздар,Бойында ар – намыстың дамуымен қоса жақсы қасиеттер өріс алады.Ар – намысты сақтаңыздар.Ар – намысын сақтай білмеген ұстаз, тәлім – тәрбие бере алмайды.
3.Өз артықшылықтарыңызды баса көрсетпеңіздер.Олар сіздердің мұғалім, тәлімгер, сіздердің үлкен, тәжірибелі және өздеріне қарағанда көп правоға ие екендеріңізді ұмытпайды, бірақ ол туралы жиі ескерте бергенді ұнатпайды. Сіздердің білімгермен өзара қарым – қатынастарыңызда аралық шек
“Жүрек  жылуы ойыны”
Қағаздан киылған жүрек суретеріне жүрек жарды тілектер жазу.
“Комплемент айту”
болуы қажет екенін жоққа шығармаймын,бірақ ол аралық шек өте алмас кедергіге айналып кетпесін.
4.Білімгерлер мен қарым – қатынаста тактикаларыңызды олардың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отырыңыздар. Оны жаңа тактикалық тәсіл және әдістеріңмен байыта түсіңіздер.Тактикаларыңыз икемді болсын,көзге ұрып тұратындай көрнекі болмасын.Тәрбиелеу әдістерінде де оқыту әдістеріндегі сияқты талап қою жоғары дәрежеде болсын.Тым тіке бетке айтудан, ақылгөиліктен аулақ болыңыздар, одан кінәратсыз кеңес, ескерту әлде қайда өтімді.
5.Педагогикалық көтермелеуді барынша кең пайдаланыңыздар, бірақ мақтауға жомарттау, жазалауға сараңдау болыңыздар. Жазаның әсер етерліктей болуын бақылаңыздар. Қас – қабақтарыңызбен, көзқарасыңызбен, үнсіз қимыл – қозғалыстарыңызбен басқаруды ұйреніңіздер.
6.Үн қатысу, сөйлесу мәдениетін игеріңіздер, айқайдан алыс жүріңіздер. Айқай сіздің
9.Педагогикалық тұрғыдан алғанда ол қаншалықты бетімен кеткен болса да, білімгерді мақтауға сылтау іздеңіздер.Егер білімгер өзі мұндай сылтауға мүмкіндік бермесе, оны өзіңіз табыңыз. Орынды мақтау – ондаған ескертулерден пайдалы.
10.Тұтас топпен тіл табысу белгілі бір дәрежеде сіздің әр білімгермен  жеке тіл табуыңызға байланысты.Олармен оңаша болуға, мектептен бірге қайтуға, көшеде, паркте, стадионда бейне ойламаған жерден жолыққандай кездесуге уақыт табыңыздар. Егер сіз әдеп сақтасаңыз, не болса соған ілініспесеңіз, ақылгөй болмасаңыз, онда бүкіл білімгерлермен жақындаса түсесіз.
11.Білімгердің ата – аналарын қуанышқа бөлеңіздер.Өз білімгеріңізді көп жамандамаңыздар. Балалары туралы ата – аналарына көп шағынсаңыздар, олар балаларын қорғаштайды, қайшы шаралар қолданады.Оның үстіне басқа біреудің әрекетімен орнаған тәртіп тиімсіз болады.
12.Реті келгенде білімгерге өздеріңізде бар жақсылықты қабілетіңізді, іскерлігіңізді көп
білетіндігіңізді, әдеттеріңізді және т.б.) асырмай, жасырмай көрсете біліңіз.
13.Өз білімгерлеріңіздің сенімін ақтаңыздар. Бұл сенім – білімгермен қарым – қатынастарыңыздың ұшар шыңы, олардың жан –дүниесіне енер жол.Бір білімгердің, сенімін ақтамасаңыз бүкіл топ сенімінен айырылуыңыз мүмкін.
14.Жылдан – жылға, күннен – күнге, балалардың бойына қазақ азаматына тән жоғары сезімдерді, еңбек адамын қадірлеуді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, оның мүддесіне өзінің барлық күші мен барлық өмірін жұмсауға дайындықты сіңіре беріңіздер.


           Айқай күштілікті емес,әлсіздікті білдіреді. Ұстаздығыңызды кемсітеді, оларға тигізер ықпалыңыздың мүмкіншіліктерін төмендетеді
7.Пайдасы шамалы – ау деген шешімнен аулақ болыңыздар,ашу үстінде шешім қабылдамаңыздар,өз праволарыңызды ақылмен қолдануға, ақылға келіп илігуіне мүмкіндік беретін кейінге қалдыра тұру әдісіне жүгініңіз.
8.Педагогикалық іскерліктің бәрі сияқты, білімгермен араласа білу де біртіндеп келеді. Оқушылармен қарым – қатынас жарасымдылығы – тиісті білім, іскерлік және тәжірибе бірлігі.Пән айырмашылығына қарамай өздеріңіздің тәжірибелі әріптестеріңіздің сабақтарына барыңыздар, олардың оқушылар алдында өздерін қалай ұстайтынын, қай уақытта және қандай ескертпелер жасайтынын.тәртіп бұзғанға қалай қарайтынын, тіпті оларды қалай тыңдайтыны, қалай отырып, қалай тұратынын, топта қалай  жүретінін де бақылаңыздар.

 

Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері

Жаңашыл мұғалімдердің табыстарының құпияларының астарына үңіле отырып, шебер қойылым және әр түрлі практикалық міндеттерді шешуде педагогикалық ықпал ету тәсілдерінің дәлділігін аңғарамыз. Мұнда маңызды рөл кәсіби біліктіліктің үлесіне тимек, олар: интенсивті танымдық іс-әрекетке оқушыларды жегу, сұрақтар қою, жеке тұлғамен және ұжыммен қарым – қатынас орнату, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысыңды, мимикаңды, қимыл-қозғалысыңды меңгеру.

“Тәрбиеленуші сіздің жан-дүниеңізді сізді көріп, сізді тыңдап барып қабылдайды” – дейді А.С.Макаренко.

Педагогикалық техника мұғалімнің іс - әрекетінің ішкі мазмұны мен оның сыртқы әлпетінің үйлесімділік бірлігін сәйкестендіреді (способствует).

Педагог шеберлігі – рухани мәдениет пен педагогикалық мақсатқа сәйкес сыртқы мәнерлілік бірлігінде.

Олай болса, техника – тәсілдердің жиынтығы. Оның құралы – сөйлеу және невербальные средства общения.

“Педагогикалық техника” ұғымына екі компоненттердің тобын енгізу келісілген:

Бірінші топ компоненттері мұғалімнің өз мінез-құлқын басқара білу біліктілігімен байланысты:

-                           өз дене қимылдарын басқара білу (мимика, пантомимика);

-                           көңіл – күйімен эмоцияларын басқара білу (артық психикалық қысымды болдырмау, шығармашылық көңіл-күй орната білу);

-                           әлеуметтік-перцептивтік қабілеттер (зейін, байқағыштық, қиял);

-                           сөйлеу техникасы (тыныс алу, дауысты қоя білу, дикция, сөйлеу екпіні).

Педагогикалық техниканың екінші тобы жеке тұлға мен ұжымға әсер ете білу және оқыту мен тәрбие үрдісінің технологиялық жағын аша білу біліктілігімен байланысты:

-                           дидактикалық;

-                           ұйымдастырушылық;

-                           конструктивтік;

-                           коммуникативтік біліктілік;

-                           талап қоюдағы технологиялық тәсілдер;

-                           педагогикалық қарым-қатынасты басқару;

-                           ұжымдық және шығармашылық істерді және т.б.

ұйымдастыру.

 

Жас мұғалімнің типтік қателері.

Педагогтардың бір қатарына жүргізілген зерттеулер, мұғалімдік жұмысты енді бастағандардың педагогикалық техникасындағы типтік қателердің болатындығын көрсетті. Мұндай педагогтардың басым көпшілігі біліктілігінің жетімсіздігінен оқушылармен, олардың ата-анасымен жақынырақ әңгімелесе алмайтындықтары белгілі болған, кек сақтап қалу керісінше ашу-ызасын тудыру, сенімсіздік көрсету белең алған. Практиканттар алғашқы сабақтары туралы шығармаларында былай деп жазады: сөйлеу мәнеріне көңілдері толмау, шектен тыс қаталдықта болуы, жай сөйлеуге қорқуы басынып кетеді деген оймен, қорқыныш сезімін бастарынан өткізуі, артық қылықтар көрсетуі немесе тұруы, тас сияқты қатып қалу және қолдарын қоярға жер таппауы. Студенттердің көпшілігі өздерінің сыртқы тұлғаларының еңкіштігіне, бастарының төмен түсіп кетпеуіне, дәрменсіз қолдарының қимылына  зейін аударады.

Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктері бір қалыптылық, сөйлеудегі мәнсіздік, мәнерлеп оқу дағдыларының жоқтығы.

Сөйлеудегі көптеген жеке дара кемшіліктері  – дикцияларының айқын, анық еместігі, дауыстап сөйлеудің оптималдық вариантын табудағы икемсіздігі.

Педагогтың оқушыларға нәтижелі ықпал етуіне осы айтылған кемшіліктердің барлығы кедергі келтіреді. Сондықтан жоғары оқу орындарында оларды оқу-тәрбие үрдісін басқара алатындай етіп тәрбиелеуіміз керек және соған баса көңіл аударылғаны жөн.

 

 

Тәжірибелік тапсырма: К.С. Станиславскийдің актерлік шебер-ліктің ішкі және сыртқы техникаларына талдау жасаңыз. Қарым-қатынастағы вербальды емес құралдардың рөлін ашыңыз. Педагог-тың мимикалық және пантомимикалық мәнеріне қойылатын талап-тарды анықтаңыз. Жас мұғалімдердің тәжірибесіндегі кедергілер және оны жеңу жолдары

 

Мақсаты: Өзінің вербальдық емес ерекшелігін түсіну көмегі; жеке тұлғаның психикалық жағдайының іс-әрекетін түсіну; өзінің қарым-қатынасын вервальдық емес әңгімелесу құралдары арқылы педагогикалық мақсатты жеткізе алу.

Жоспар 1) Теориялық білімді тексеру.2) Вербальдық емес әңгімелесу құралдары арқылы педагогикалық мақсатты берілген жаттығулар арқылы білімділігін арттыру.3) Модельдеу. Ішкі монолог.

1. Теориялық білімді тексеру.

1) К. Станиславский ішкі, сыртқы актерлық шеберлік және шын сезім мен сезімнің көлемі.

2) Вербальды емес қарым-қатынас рөлі.

3)Педагогтардың мимикасы мен пантомимикасына үлкен талап.

2. Өзінің вербальдық емес іс-әрекетін анықтау үшін жаттығу. Жаттығу мақсаты – тақырыппен жұмыс барысында

мотивациялық жеке жұмысты күшейту.

1-жаттығу.Сәлемдесу. Жеке қарым-қатынасты жеткізе отырып, жолдастарымен вербальды емес амандасу. Сараптама іс-әрекеті ой-лау және қабылдау сәйкістігіне байланысты құралады.

2-жаттығу. Пәнді жеткізу. Бұл кімге ұсынылса, сол сәйкесінше әрі қарай жалғастыра беру керек.

3-жатгығу. Ойластырылған сөздер. Топ 2 тармаққа бөлінеді. Әр топ абстрактылы немесе белгілі бір затты бейнелейтін сөздер ойластырады. Бұл ойын вербальдық емес іс-әрекет құралын анықтауға көмектеседі.

4-жаттығу. Терезелер. Бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Бірақ, сіздің оған аса бір маңызды сөзді жеткізуіңіз керек. Бірақ, серіктеспен әңгіме мазмұны туралы келіспей отырып, шыны арқылы жеткізіп қана қоймай, жауап алуға тырысу керек. Сонымен қатар, ақпаратгы жеке жеткізу үшін жеке қарым-қатынасты білуге эмоционалдық іс-әрекеттің әсеріне назар аудару маңызды.

5-жаттығу. Телетакт. Белгілі ойларға өзінің қарым-қатынасын жеткізу үшін өзінің ішкі сезіміңді телефон, теледидар, телеграф т.б. арқылы жеткізуге болады. Студенттер қол ұстасып, шеңбер құрады. Жүргізуші бір ақпаратты жеткізуге тырысады. Берілетін ақпарат жөнінде ойлай отырып, қол алысу арқылы жеткізуді талап етеді. Жүргізуші берілетін ақпаратты ойластырады, содан кейін сол ақпаратты қол алысу арқылы жеткізуге тырысады. Ақпаратгы алған адам асықпай, қол алысу көршісіне жеткізеді, содан кейін сол ақпараттың берілуі жүргізушіге жеткенге дейін жалғасады. Жүргізуші ақпараттың түсінігінің қабылдануына келіседі немесе қарсылық білдіреді. Содан кейін әркім кезекпен қабылданған және берілген ақпараттарын айтады. Берілген ақпараттың алынған, өзгертілген жерлері білініп, сарапқа түседі.

6-жаттығу. Вербальдық емес іс-әрекет арқылы адамның эмо-циялық іс-қимылын анықтау. В. А. Лабунский кітабында ұсынылған адамның қуаныш, қорқыныш эталондарын анықтауға болады. Оңай болуы үшін белгілі бір жағдайды елестету керек.

7-жаттығу. Эмпатия арқылы эмоциялық жағдайын анықтау. Суреттер беріледі. Берілген жағдайда өзінді қоя отырып, адамның жағдайын түсіне білу. Якобсон кітабында берілген суреттерді пайдалануға болады.

8-жаттығу. Бұл кім? Топтағы бір студенттің алдын-ала не вербальдық мінез-құлқын жазу. Сабақ барысында кім екенін айтпай отырып, оқып беру. Топ өз арасында талқылап, кімге қатысты екенін білуге тырысады. Тапсырманы мұғалім мен оқушыны салыстыра отырып, қиындатуға болады.

9-жаттығу. Айналар. Студенттер жұптасып жұмыс істейді. Оның ішінде біреуі жүргізуші. Оның міндеті – берілген жағдай жөнінде құрастыру. Екіншісі оның бейнесі болып табылады. Айна тек қана аяқ-қолдың дененің қимылының өзгеруін көрсетіп қана коймай, адамның көңіл-күйінің өзгеруін де көрсетеді. Мимикалық және пантомимикалық негіздерінің дамуының жаттығулары. Әуел баста жаттығу үшін азғантай тапсырмалар беріледі.

10-жаттығу. Сабақ барысында берілген тапсырманы сезім ретінде қабылдауға болады.

11-жаттығу. Жалпы мимикалық әсер ету. Жаттығу барлығына бір уақытта жүргізіледі. Берілген жағдайлар мұғалімдермен бірге отырып шешіледі: Сабақ басталды. Сіз стол басында отырсыз. Есік ашылды. Кіріп келген адамға назар аударады: - талапты түрде: «жылдам отыр»; - таң қалып: «күткен жоқпын»; - ызаланып: «басқаға назарыңды аудартып отырсың»; - сұрап: «бір нәрсе болды ма?»; - сынай отырып: «кедергі жасайсың»; - қуанышпен: «бітті-ау» т.б.

12-жаттығу. Жеке реакцияны көрсету. Алдыңғы жаттығуларға қарағанда бұл жаттығу аудиторияда орындалады. Ситуация жағдайы оңайтылған творчествалық қарым-қатынасты талап етеді. Студенттер кезекпен мүғалім рөлін ойнайды. Барлық топтың ішінде мақсатты топ таңдалып, аудиторияға таныстырылады. Тақтаға жазыңыз: - таң қалу: «Не болды?»; - сын айту: «Кім тағы жұмыс істей бастады?»; - үнсіз: «Мен тыныштық күтемін»; - ашу: «Бізде осындай маңызды шаруа болып жатқанда қалай шулауға болады?». Студенттер әсері тек сырттай болмас үшін ішкі сезімнің органикалық қарым-қатынасы ретінде студенттерге мұндай әсерді түсіндіруді ұсыну пайдалы. Таңдалған әсер ету нұсқасын, ойша сынып бейнесін толықтыру, өзінің ішкі сезімін монолог ретінде жеткізе біледі.

13-жаттығу. Ақпаратта жеке жеткізу. Студенттер жиі есептерді үлестірмелер арқылы жеке орындайды.

Үлестірмедегі берілген жұмыс: 1) Сіз сабақ басталуымен қанағаттаныңыз. 2) Сіз сыныпқа кіресіз. Бұл айқай-шу. Сіз мұны күтпегендіктен таң қалып тұрсыз. 3) Сіз сыныпқа кіресіз. Бұл сіздің сүйікті ұжымыңыз. Сіз сабақты жақсы өтесіз. 4) Сіз сыныпқа кіресіз. Бұл сыныппен жұмыс істеу әзірге қиын түсіп отыр. Сіздің бірінші мақсатыңыз оқушылардың басын біріктіру.

14-жаттығу. Невербальдық іс-қимылдың түсіндірмесі - бұл творчествалық деңгейінің бекітілуі. Студенттерге белгілі бір мектептерде әртүрлі жағдайлар туындағанда, өз ойымен шеше білу, жұптасып жұмыс істеу содан кейін аудитория қосылады. Мысалы, жағдай: «білімді тексеру».

3. Модульдеу. Ішкі монолог. Пән материалынан басқа бағытта кету жағдайына мұғалімнің көзқарасы. Бұл таң қалу және түсініксіз көзқарас, алынған жауаптарға қызығушылықпен қарау және болжау. Эмоциялық сезімнің негізгі механизмін анықтау болып - эмпатия сезімталдық болады. Монологты құрастырып, оны аудиторияға ұсыну. Оған дайындауға М. О. Кисбельдің әдебиеті көмектеседі. Студенттің қарым-қатынасы қоршаған ортаны тұрақты толыққанды түсіндіруді көрсетеді. Студенттің жұмысы олардың ішкі сезімдерін толыққанды жеткізе білу мен анықталады, ойша және сыртай кейіпкердің сезімін жеткізе біледі.

 

 

Бақылау сұрақтары:

Педагогикалық техника дегеніміз не?

Педагогтың шеберлігі неде?

Техника дегеніміз не?

Педагогикалық техника ұғымына енетін компоненттерді атаңыз.

Жас мұғалімнің типтік қателері неге байланысты? Оны жою жолдары қандай?

                             Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Синица И. Е. Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік. -Алматы, 1987.

2. Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. -М., 1989.

3. Шыныбекова Э. И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. Алматы, 1987.

Әдістемелік нұсқау:

 

№5 Мұғалім сөзі ақпарат тарату құралы ретінде

 Тәжірибелік тапсырма: Сөйлеу техникасы және педагоггың іс-әрекетіндегі оның рөлі. Фонационды дем алу ұғымына түсінік беріңіз. Дем алу түрлері. В. А. Сухомлинскийдің мұғалім сөзі мен оның тиімділігіне деген талаптары туралы.

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Синица И. Е. Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік. -Алматы, 1987.

2.Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. -М., 1989.

3.Шыныбекова Э. И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. Алматы, 1987.

Әдістемелік нұсқау: әр бір сұраққа жазбаша жауап беріңіз.

 

№6 Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасы

Тәжірибелік тапсырма: Сөз мәдениеті, оның элементтерін анықтаңыз. Сөздің лексикалық мәдениеті. Сөйлеу техникалары: дем алу, дауыс, дикция, ырғақ ұғымдарының мәнін ашыңыз. Педагог сөзін ары қарай жетілдіру жолдарын анықтаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1.Синица И. Е. Педагогтік әдеп және ұстаздық шеберлік. -Алматы, 1987.

2.Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. -М., 1989.

3.Шыныбекова Э. И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. Алматы,

Әдістемелік нұсқау: Бірнеше әдебиеттер бойынша бірнеше көзқарастарды салыстырыңыз. өзіндік қорытынды жасаңыз.

№7 «Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас

Тәжірибелік тапсырма: Педагогикалық қарым-қатынас мәнін ашыңыз. Мұғалім мен оқушы арасындағы кәсіби қарым-қатынастың маңыздылығына сипаттама беріңіз. Мұғалімнің оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас стилін орнатудағы педагогикалық тактың рөлі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Макаренко А. С. Ұстаздық дастан.-М., 1989.

2.Рубинский Л. И. Мамандыққа кіріспе. Аударған Т. Айнабекова. Алматы, 1991

3. Абдуллина О. А. Мұғалімнің кәсіптік білім беру жүйесіндегі жалпы педагогиканың дайындығы. - М., 1990

Әдістемелік нұсқау: Педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын нақты дәйектеме, педагогикалық идеялармен    дәлелдей    білуге    тырысыңыз.    «Мұғалім-оқушы»жүйесіндегі басқарушы және басқарылатын қосымша жүйелерге сипаттама беріңіз. «Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі мұғалімнің басқарушылық ролі немен анықталады?

 

№8 «Мұғалім-ата-ана» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас

Тәжірибелік тапсырма: Мұғалім мен ата-ана арасындағы кәсіби қарым-қатынастың маңыздылығына сипаттама беріңіз. Ата-анамен мұғалімнің тіл табыса білу жолдарын анықтаңыз. Ата-ана бала, ата-ана мұғалім арасындағы қарым қатынас мәселелері бойынша педагогикалық жағдаяттар табу, құрастыру, шешу жолын табу

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Макаренко А. С. Ұстаздық дастан.-М., 1989.

2.Рубинский Л. И. Мамандыққа кіріспе. Аударған Т. Айнабекова. Алматы, 1991

3.Абдуллина О. А. Мұғалімнің кәсіптік білім беру жүйесіндегі жалпы педагогиканың дайындығы. -М., 1990

Әдістемелік нұсқау: : Педагог пен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын нақты дәйектеме, педагогикалық идеялармен дәлелдей білуге тырысыңыз. Теориялық материалдарды ашу барысында өз өмірінен, жақындарының өміріне немесе практика барысындағы бақылаулары бойынша нағыз мысалдар келтіру. А. С. Макаренко В. А. Сухомлинский еңбектерінен үзінділер пайдалану

Практикалық тапсырмаларды топқа бөлініп орындап өзара пікір алысу арқылы ашуға болады.

 

№9 Мұғалімнің педагогикалық әдептілігі

Тәжірибелік тапсырма: Әдеп, педагогикалық әдеп ұғымдарына анықтама беріңіз. Педагогикалық әдептің құрамды бөліктері: байқағыштық, ілтипаттылық, сенім, төзім және сабыр сақтау т.б сипаттама беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Әдістемелік нұсқау: Теориялық материалдарды ашу барысында әдеп, әдептің компоненттерін кестеге түсіріңіз. Қолданылған еңбектің авторы, авторын, шыққан жылын жазуды ұмытпаңыз. Күнбе-күнгі оқыту процесі барысында педагогтік әдепке мысал келтіріңіз.

 

          №10 Байқағыштық мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті

Практикалық тапсырма: Байқағыштық қасиеті мұғалім үшін неге қажет. Дәлелдеңіз. Байқағыштық ұғымының мәнін ашыңыз.

          Ұсынылатын әдебиеттер

Әдістемелік нұсқау: Берілген сұраққа тұжырымды, мазмұнды жауап жазуға дайындалыңыз. Байқағыштық ұғымының анықтамасын кестеге түсіріңіз. Қолданылған еңбектің авторы, авторын, шыққан жылы жазуды ұмытпаңыз.

ІІ тарау

Зертханалық сабақтар:

          1. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері

Тапсырма:

«А.С.Макаренконың өмірі және педагогикалық қызметімен танысқаннан кейінгі менің ойларым» атты ауызша әңгіме құрыңыз. Қашан және қайда Макаренко есімін естідіңіз? Ол туралы әңгімені кімнен естідіңіз. Макаренконың өмірбаянынан сізге ерекше есіңізде қалғаны және неге? Не туралы ойлануға қадам жасатты?

Көрсетілген әдебиеттерді талдай отырып, А.С. Макаренконың педагогикалық қызметінің хронологиялық кестесін дайындаңыз.

 

А. С. Макаренконың

А. С. Макаренконың

Кезеңдердегі негізгі

педагогикалық

педагогикалық қызметі

оқиғалар

қызметтің кезеңдері

 

 

1905-1911 жж.

Крюковадағы екі

1905 ж. Бірінші орыс

 

класстык теміржол

революциясы.

 

училищесіндегі халық

1905 ж. Бірінші

 

мұғалімі

Люботинский съезді

 

1911-1914 жж.

 

 

А. С. Макаренконың педагогикалық қызметіндегі оның ішінде («Педагогикалық поэма» еңбегіндегі) педагогикалық шеберлік элементтерін талдау.

Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді талдай отырып бірінші сұраққа өз ойыңызды білдіріңіз. Екінші сұрақ бойынша кестені толтыруға тырысыңыз. Үшінші сұрақ бойынша әрбір педагогикалық қызметіндегі педагогикалық шеберлік элементтерін  көрсетуге тырысыңыз. Төртінші сұрақ бойынша педагогтың педагогикалық техниканы  нақты  тәрбие міндеттерін  шешуде қолданған шеберлігіне қорытынды жасаңыз.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

 

          1. Макаренко А. С. О моем опыте // Там же .-Т. 4.-С. 260-266

          2. Макаренко А. С. Ұстаздық дастан.                       

          3.  Е. З. Балабанович, А. С. Макаренко. Человек и писатель.-М., 1963

 

          2.Педагог техникасы.Өзіндік реттеу техникасының негіздері

          Тапсырма:

1. Неге педагогқа өзін ұстай білу қажет?

          2. Педагогикалық қызметте аутогендік жаттығудың рөлі және оның мәні.

          3. Релаксация, өзін сендіру техникалары

          Әдістемелік нұсқау: И. А. Зязюннің «Педагогикалық шеберлік негіздері» еңбегінің 93-95 беттеріндегі жаттығуларды орындаңыздар.

          Ұсынылатын әдебиеттер:

Водейко Р. И., Мазо Г. Е. Как управлять собой. - Минск, 1983. Леви В. Искусство быть собой. - М., 1977.

Чарный Б.М. Учитесь властвовать собой. - Пермь, 1984.

 

          3. Мұғалімнің кәсіптік қызметіндегі педагогтік қатынастар

          Тапсырма:

          1. «Педагогикалық қарым-қатынас» тақырыбы бойынша сызба-конспект құрастырыңыз. Оны түсіндіріңіз.

          2. Әдебиеттерден 5-7 педагогикалық өзара қарым-қатынастың түрлерін келтіріңіз, оның мәнін ашыңыз.

          3.Педагогтың коммуниктивтік тәсілдері және оны дамыту жолдары

          4. Педагог-шеберлер А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Ш. Амонашвили, Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенковалардың тәжірибелерінен педагогикалық өзара әрекеттің бір тәсілін тандаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Екінші сұрақ бойынша бір ситуацияның көрсетуге дайындалыңыз. Төртінші сұрақ бойынша қалаған педагогтың еңбегінен бір тәсілді көрсетіңіз.

 

          Ұсынылатын әдебиеттер:

          1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.: В5т. -Т.2.-Советы 53, 94-96.

          2. Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении.-М., 1987.-С.122-137.

          3.Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействия. -М., 1972.

 

          4. Педагог этикасы педагог қарым-қатынасының негізін салушы элементтердің бірі

          Тапсырма:

          1.В.А.Сухомлинскийдің «Письмо о педагогической этике» еңбегін оқып сұрақтарға жауап беріңіз. Тыңдаушыңыздың негізгі себебін анықтаңыз? Вера Андреевнамен келісесіз бе? Оның орнында сіз не істер едіңіз?

          2. Педагог этикасы туралы педагогикалық жағдаяттардан үзінді келтіріңіз.

          Әдістемелік нұсқау: бірінші сұрақ бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз. Екінші сұрақ бойынша педагогикалық жағдаяттарды жинақтап, альбом жасаңыз.

          Ұсынылатын әдебиеттер:

          1. Поташник М. М., Вульфов Б. 3. Педагогические ситуации.-М., 1983-С.76-94.

          2. Сухомлинский В. А. Письмо о педагогической этике // Избр. Произв.: В5 т. -Т.5. -С.623-628.

          5. Педагогтің өзара қызметтестігінің тәсілдері

          Тапсырма:

          Мақсаты, құралдары, нәтижесі бойынша педагогтік қарым-қатынастың стильдерін салыстырыңыз.

          «Егер педагог бізден көмек сұрайтын болса, онда қандай ақыл-кеңес берген болар едік»тақырыбындағы пікір – таласқа дайындалыңыз. Қандай тәсілдерді қолданған болар едіңіз?

          Әдістемелік нұсқау: Барлық сұрақтарға жүйелі дайындалыңыз. Қарым – қатынас стильдерін жан – жақты талдаңыз. Оны категориялары бойынша топтарға бөліңіз.

          Ұсынылатын әдебиеттер:

          1.Сухомлинский В. А. Сто советов учителю //Избр. Произв.: В5т. -Т.2.-Советы 53, 94-96.

 

 

2.  Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении. - М., 1987.-С.122-137.

3.  Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействия. -М., 1972.

4.  Добрович А. Б. Воспитателю о психологии и психогигиене общения.-М., 1987.-С. 169-178.

 

6. Өзін-өзі тәрбиелеу - мұғалімдердің педагогтік шеберлігін қалыптастырудың бірден-бір жолы

Тапсырма:

1. Өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы, оның мәні

2.  Өзін-өзі тәрбиелеуі мен білім беру ісіне педагогикалық басшылық

3. Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіне-өзі білім беруге жетелейтін, әсер ететін факторлар.

4.  XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын негізгі талаптарды атаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Әрбір сұраққа жазбаша жауап дайындауға тырысыңыз, әр сұрақты талдаңыз. Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы, 1999.

2.  А. С. Макаренко. Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары. Шығармалар. 1960, 5-Т. 264-6.

3. Педагогикалық ізденіс. Алматы: «Мектеп», 1991.

 

ІІІ тарау

 

1. Педагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберлік

Тапсырма:

1.  Театральдық және педагогтік іс-әрекеттің жалпы психология-лық - педагогикалық белгілері

2. Педагог пен актердің кәсіптік іскерліктерінің айырмашылық-тары

3. И. А. Зязюннің «Педагогикалық шеберлік негіздері» еңбегінің 74 беттегі №4 кестені талдаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Бірінші және екінші сұраққа жазбаша жауап беріңіз, пікірталасқа дайындалыңыз. Үшінші сұрақ бойынша кестені аударып, қорытынды жасауға тырысыңыз.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Чехов М. Об искусстве актера. //Литературное наследие: В 2 т. -М., 1986.-С. 34-36

2. Кнебель М. О. Поэзия педагогики. -М., 1946.-С. 21-256.

3. Зязюн И. П. Основы педагогического мастерства. М., 1989.

 

2. Педагог-психологтың жеке тұлғасындағы кәсіби маңызды сапалығы

Тапсырма:

1. Не себепті ұстаздық қызмет әлеуметтік құбылыс.

2.Мұғалім тұлғасының адамгершілікті-психологиялық сапалары педагогикалық тактың алғышарттары ретінде

Әдістемелік нұсқау: берілген сұрақтарға өз пікіріңізді білдіруге тырысыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Поташник М. М., Вульфов Б. 3. Педагогические ситуации.-М., 1983-С.76-94.

2. Сухомлинский В. А. Письмо о педагогической этике //Избр. Произв.: В5 т. -Т.5. -С.623-628.

 

3.Педагог пен актер-аудиторияға жеке ерекше әсер етушілер

Тапсырма:

1. Педагогикалық техника компоненттері

2. Педагог пен актерге тән жағдаяттарды келтіріңіз, педагог та, актер да халық адамы дегенді қалай түсіндіресіз?

Әдістемелік нұсқау: Өз ойыңызды аргументтеуге тырысыңыз. Жалпы педагог пен актер өмірінде кездесетін жайттардан мысал келтіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.  Чехов М. Об искусстве актера. //Литературное наследие: В 2 т. -М, 1986.-С. 34-36

2. Кнебель М. О. Поэзия педагогики. - М, 1946.-С. 21-256.

3. Зязюн И. П. Основы педагогического мастерства. М, 1989.

4.Педагог-психологты дайындаудағы К.С.Станиславскийдің театрлық жүйесіндегі принциптері

Тапсырма:

1.      К.С.Станиславскийдің сахналық шығармашылық ғылым ретінде жүйесінің ерекшеліктері

 

2. А. С. Макаренко жүйесіндегі К. С. Станиславский жүйесі ерекшеліктерінің көрінуі

3. Әдістемелік нұсқау: И.А.Зязюннің «Педагогикалық шеберлік негіздері» еңбегінің 76-77 беттеріндегі №5 кестені талдаңыз, түсіндіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Станиславский К. С. Моя жизнь в искусстве // Собр .соч.: В 8т.-М, 194.-Т.1.-С. 83,90,91,94-95, 114-115, 118, 121, 126-127, 147, 156, 367-368, 370-371, 402-403, 404, 405-406, 408-409.

2. Макаренко А.С. Некоторые выводы из моего педагогического опыта. // Пед.соч.: В 8т. -Т.4.-С. 235-248.

 

5.Тәрбиешінің жұмыс барысындағы келіспеушілігі, стресстік жағдайы

Тапсырма:

1. Келіспеушіліктің типтері. Түрлері. Формалары

2. Келіспеушілікті шешудің тәсілдері

3. Келіспеушіліктің балаға әсері

 

Әдістемелік нұсқау: бірінші сұраққа жауапты мынадай кестеге түсіріңіз.

 

Келіспеушіліктің типі

Келіспеушіліктің түрі

Келіспеушіліктің формасы

•  Продуктивті

• Деструктивті

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Коджаспирова Г. М. Педагогика в схемах, таблицах и опорных конспектах. М, 2008

2. Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. - М, 1989.

 

6. Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері

Тапсырма:

1. К.С. Станиславскийдің актерлік  шеберліктің  ішкі  және сыртқы техникалары

          2. Педагогтің  мимикасы   мен  пантомимикасына  қойылатын талаптар.

 

 

 

          Әдістемелік нұсқау: И. А. Зязюннің «Педагогикалық шеберлік негіздері» еңбегінің 102-103 беттеріндегі жаттығуларды орындауға дайындалыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Станиславский К. С. Работа актера над собой. // Собр соч.: В 8т.-Т. 3.- С. 27-59.

2. Чехов М. Об искусстве актера. // Литературное наследие: В 2 т. -М., 1986.-С. 34-36

3. Кнебель М.О. Поэзия педагогики. - М., 1946.-С. 21-256.

4. Зязюн И.П. Основы педагогического мастерства. М., 1989.

 

7. Мұғалім сөзі ақпарат тарату құралы ретінде

Тапсырма:

1. Мұғалім сөзінің тиімділігінің жағдайлары

2. Сөйлеу қабілетінің компоненттері

3. Тындаушының зейінін басқара білу

Әдістемелік нұсқау: әр сұраққа жазбаша жауап беруге дайындалыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Коджаспирова Г. М. Педагогика в схемах, таблицах и опорных конспектах. М., 2008

2. Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. - М., 1989.

 

8. Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасы

Тапсырма:

1. Сөйлеу техникасы және оның педагогикалық қызметтегі рөлі.

2. Сөйлеу техникасын дамыту жолдары.

Әдістемелік нұсқау: Фонационды тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу түрлеріне мысал келтіріңіз. И. А. Зязюннің «Педагогикалық шеберлік негіздері» еңбегінің 121-125 беттеріндегі жаттығуларды орындауға дайындалыңыздар.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.  Василенко Ю. С. О голосе педагога. // Сов педагогика.-1972. -№7.-С.86-92.

          2.  Ножин Е.А. Основы советского ораторского искусства.-2-е изд., перераб.-М., 1981.

 

 

 

          9. Мұғалімнің кәсіптік қызметіндегі педагогтік қатынастар

Тапсырма:

1. Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы

2. Педагогикалық қарым-қатынас орнатудың шарттары және технологиялық тәсілдері қандай?

3. Өзіңіз таңдаған мамандықтың кәсіби қызметі дамуының бағыттары, сіздің ойыңызша, қандай болуы мүмкін?

Әдістемелік нұсқау: Берілген сұрақтар бойынша өз ойыңызды аргументтеуге тырысыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.: В5т. -Т.2.-Советы 53, 94-96.

2. Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении. – М., 1987.-С.122-137.

3. Ильин Е. Н. Искусство общения. - М, 1988.

4. Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействия. – М., 1972.

10. Мұғалім - оқушы жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас

Тапсырма:

Оқушымен жеке әңгімелесудің жоспарын құрыңыз. Оның мақ-сатын, құрылымын, нәтижесін анықтаңыз.

Әдістемелік нұсқау: И. А. Зязюннің «Педагогикалық шеберлік негіздері» еңбегінің 286-288 беттеріндегі жаттығуларды орындауға дайындалыңыздар

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мудрик А. В. Общение как фактор воспитания школьников. -М., 1984.-С.58,66-67,92.

2. Синица И. Е. Педагогический такт и мастерство учителя. -М., 1983.-С.1148.

11. Мұғалім – ата-ана жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас

Тапсырма:

1. Мектеп пен отбасы бірлігінің негізгі формалары

2. Оқушының үйіне бару мақсаты, негізгі міндеттері

          3. Ата-анамен әңгімелесуге қойылатын психологиялық-педаго-гикалық талаптар

 

 

 

          Әдістемелік нұсқау: Ата-анамен әңгімелесу тақырыптарын ойластырыңыз, әңгімелесудің түрін, тонын анықтаңыз. Ата-анамен кездесу барысында педагогқа отбасылық ерекшеліктерді қалай сақтау керек? Неге? Ойлаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Макаренко А. С. Воспитание в семье и школе. // Пед. Соч.: В 8т.-Т.4.-С. 287-314.

2. Капралова Р. М. Работа классного руководителя с родителями. -М., 1980.-С. 109-112.

 

12. Жас мұғалімнің педагогтің техникасының жетіспеушілігі

Тапсырма:

1. Жас педагогтардың тәжірибесіндегі кездесетін кемшіліктер және оларды жою жолдары

2. Болашақ педагогтардың өз сезімін басқара білу техникасы Әдістемелік  нұсқау:   Ұлы   педагогтардың  еңбектерінен   жас

педагогтар үшін ақыл-кеңес, өсиеттерді жинастырыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Водейко Р. И., Мазо Г. Е. Как управлять собой. - Минск, 1983.

2. Леви В. Искусство быть собой. - М., 1977.

3. Чарный Б. М. Учитесь властвовать собой. - Пермь, 1984.

 

13. Педагогтың сыртқы көрінісі және авторитет сән және мұғалім

Тапсырма:

1. Педагог және мода.

2. Педагог беделі.

3. Педагог беделіндегі педагогтың сырт киімінің рөлі қандай? Әдістемелік нұсқау: Әр сұраққа жазбаша жауап дайындаңыз

үшінші сұрақ бойынша пікірталасқа дайындалыңыз. Материал жинастырыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Вершловский С. Г. Учитель о себе и о профессии. - Л., 1988.

2. Кондратенков А. В. Труд и талант учителя.: Встречи. Факты. Мысли.-М., 1989.

 

 

 

 

 

14. Мұғалімнің коммуникативтік білігі.

Тапсырма: Мұғалім қызметіндегі қарым-қатынастың маңызы неде? Қарым-қатынасты жүзеге асыру кезеңдері

Әдістемелік нұсқау: берілген сұрақтарға өз жауаптарыңызды аргументтеңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.: В5т. -Т.2. - Советы 53, 94-96.

2. Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении. - М., 1987.-С.122-137.

3. Ильин Е. Н. Искусство общения. - М., 1988.

4. Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействия. - М., 1972.

 

IV тарау

Студенттің өз бетінше орындайтын жұмыстары

 

1. Мұғалімнің жеке тұлғасы - оның кәсіби кызметінің негізгі өзегі 

Тапсырма: «Менің сүйікті ұстазым», «Мұғалім идеалы», «Қазіргі мұғалім... Ол қандай?» және т.б. тақырыпқа өз таңдауыңыз бойынша шығарма жазыңыз.

Әдістемелік нұсқау: Онда мұғалім тұлғасының әлеуметтік-адамгершілік, кәсіби-педагогикалық және танымдық бағытталу қасиеттеріне сипаттама беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.: В5т. - Т.2. - Советы 53, 94-96.

2. Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении.-М., 1987.-С.122-137.

3. Ильин Е. Н. Искусство общения. -М., 1988.

4. Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействия. - М., 1972.

2. Мұғалімнің кәсіби білімінің ерекшеліктері

Тапсырма: Педагогикалық қызметтің мұғалім тұлғасына әсері

қандай? Ауыл мектебіндегі мұғалім қызметінің спецификасы неде?

Әдістемелік нұсқау. Қалаған тақырыбыңыз бойынша мәнжазба

дайындаңыз.

 

 

 

 

 

          Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.: В5т. - Т.2. - Советы 53, 94-96.

2.  Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении. - М., 1987.-С.122-137.

3. Ильин Е. Н. Искусство общения. - М., 1988.

4. Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействия. - М., 1972.

 

3. Педагогтың сыртқы көрінісі және авторитет. Сән және мұғалім

Тапсырма: «Қазіргі мода және мұғалім» «Мұғалім қалай киіну керек?» «Мұғалімдердің сыртқы киімі сізге ұнай ма?» тақырыптарында шығарма немесе мақала дайындаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Қалауыңыз бойынша бір тақырыпқа шығарма немесе мақала дайындауға тырысыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Вершловский С. Г. Учитель о себе и о профессии.-Л., 1988.

2. Кондратенков А. В. Труд и талант учителя.: Встречи. Факты. Мысли.-М., 1989.

4. Сөздік әрекеттің психологиялық құрылымы

Тапсырма: Мұғалім сөзі. Сөйлеу аппаратының құрылымы. «Қазір ертегі айтамын...» тақырыбында ертегі айтуға дайындалыңыз.

Әдістемелік нұсқау: Ауызша ертегі айтуға бар күш-жігеріңізді салыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Коджаспирова Г. М. Педагогика в схемах, таблицах и опорных конспектах. М., 2008

2. Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. - М., 1989.

3. Василенко Ю. С. О голосе педагога. // Сов педагогика. 1972. -№7.-С.86-92.

4. Ножин Е. А. Основы советского ораторского искусства. - 2-е изд., перераб.-М., 1981.

 

5. Педагогтың лекциялық сөз мәдеииеті

          Тапсырма: Дикция. Педагогикалық әрекеттегі оның мәні. Педагог дикциясының негізгі кемшіліктері және оларды шешу жолдары.

 

 

 

 

          Әдістемелік нұсқау: Әр бір сұраққа жазбаша жауап дайындаңыз.

          Ұсынылатын әдебиеттер:

          1.Коджаспирова Г. М. Педагогика в схемах, таблицах и опорных конспектах. М., 2008

          2. Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. - М., 1989.

          3. Василенко Ю. С. О голосе педагога. // Сов педагогика.-1972. -№7.-С.86-92.

          4. Ножин Е. А. Основы советского ораторского искусства.-2-е изд., перераб. - М., 1981.

         

          6. В.А.Сухомлинскийдің педагог сөзіне қоятын талаптары жөнінде

          Тапсырма: Әдебиеттерден В. А. Сухомлинскийдің педагог сөзіне қоятын талаптар туралы айтқан үзінділерінен жинақ жасаңыз. Мысалы: «Для мудрого учителя его речь, общение с детьми-это и способ самовыражения, самораскрытия духовного богатства перед учениками»

          Әдістемелік нұсқау: Үзінділерді талдап, оның мәнін ашуға тырысыңыз.

          Ұсынылатын әдебиеттер:

          1. Коджаспирова Г. М. Педагогика в схемах,таблицах и опорных конспектах. - М., 2008

          2. Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. - М., 1989.

          3. Василенко Ю. С. О голосе педагога. // Сов педагогика. - 1972. -№7.-С.86-92.

          4. Ножин Е. А. Основы советского ораторского искусства.-2-е изд., перераб. - М., 1981.

          7. Психологиялық ұстанымдары, оның педагогикалық қарым-қатынастағы рөлі

          Тапсырма: қарым-қатынас, оның ұстанымдары, рөлі. Әдістемелік нұсқау: Бірнеше әдебиеттер бойынша әр бір ұғымға анықтама беріңіз.

          Ұсынылатыи әдебиеттер:

          1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.: В5т. -Т.2.-Советы 53, 94-96.

          2. Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении.-М., 1987.-С.122-137.

 

 

 

 

 

Ильин Е.Н. Искусство общения. - М., 1988.

Натанзон Э.Ш. Приемы педагогического воздействия. - М., 1972.

 

Мұғалімнің коммуникативтің білігі

Тапсырма: Коммуникативтік білік, коммуникативтік қабілет, коммуникативтік қарым-қатынас ұғымдарының мәнін ашыңыз, бір-бірінен айырмашылығын анықтаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Бірнеше әдебиеттер бойынша әр бір ұғымға анықтама беріңіз. Ұсынылған мақаланы оқи отырып, мұғалімнің кәсіби біліктілігі туралы ойыңызды ашық айтуға дайындалыңыз.

Ғаламдандыру күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»,- деп бекер айтпаған.

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.

«Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» орта білім берудің мақсаты - алған білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін дамытуға, сол алған білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі баса айтылған.

          Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің III сьезінде сөйлеген сөзінде «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет» - деп атап көрсетті. Жаңа формацияның педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден-бір қызмет ету керек. Сонымен қатар оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру бағытында инновациялық ізденістер, оқу дидактикалық, ғылыми-әдістемелік, кадрлық қуат мүмкіндіктері болуы қажет. Бұл   жөнінде «Білім мемлекеттік Бағдарламасында: осы үрдісті тереңдету мен дамыту үшін жаңа құқықтық, ғылыми-әдістемелік, қаржы-материалдық жағдайларын жасауды және маманмен қамтамасыз етуді талап етеді» -деп атап көрсеткен.

 

Атақты педагог-ғалым В. А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» деген екен. Демек, қазір мектеп алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. Мұғалімнің ұстаздық тұлғасын өз дәрежесінде қалыптастыру үшін төмендегідей міндет артады.

- Біріншіден, білім беру сапасын жүйелі артгыру тәсілдерін меңгерту.

- Екіншіден, үнемі өзгеріс үстіндегі күрделі өмірде белсенді әрекетке дайын мектеп түлегін дайындаудың сапасын арттыру мен оның мәдениет деңгейін көтеру.

Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру бүгінгі таңда әдістемелік жұмысының жүйелі, жаңаша бағыт негізінде ұйымдастыруды көздейді.

Мұғалімнің кәсіптік дәрежесін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе, ғалым Ш. Таубаев мынадай қорытынды жасаған: "Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметті бағалауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады". Осы бағытта қазіргі таңда мұғалімдерге мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

Педагогикалық-психологиялык деңгейін көтеру.

Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдістемелер мен тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысына қолдана білу.

3.Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету.

          4.Авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалар ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру және ондай мұғалімдерге қолдау көрсету.

5. Педагогтардың жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруда

әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.

Мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөлігі:

1. Біліктілігін көтеру (семинар, курстар т.б.)

2. Әдістемелік жұмыстары.

3. Кәсіптік жаңашылдық қызметі.

 

          4. Кәсіптік тұлғасы: негізгі мәселені анықтай алуы, жобалар құра білуі, мақалалар жаза алуы, адами-рухани, психологиялық сапалары т.б.

          5. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары.

          6. Қоғамдық педагогикалық қызметі.

          Ұсынылатын әдебиеттер;

          1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.: В5т. - Т.2. - Советы 53, 94-96.

          2. Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении. - М., 1987.-С.122-137.

          3. Ильин Е. Н. Искусство общения. - М., 1988.

          4. Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействия. - М., 1972.

          9. «Педагогикалық этика» және «кәсіби мәдениет» ұғымдарының арақатынасы

          Тапсырма: «Педагогикалық такт», «кәсіби мәдениет» ұғымдарының анықтамалығын жасаңыз.

          Әдістемелік нұсқау: Бірнеше әдебиеттер бойынша әр бір ұғымға анықтама беріңіз.

          Ұсынылатын әдебиеттер:

          1. Водейко Р. И., Мазо Г. Е. Как управлять собой. - Минск, 1983.

          2. Леви В. Искусство быть собой. - М., 1977.

          3. Чарный Б. М. Учитесь властвовать собой. - Пермь, 1984.

           

          10. Этикалық категория-педагогикалық такт

          Тапсырма: такт, педагогикалық такт, педагогикалық тактың принциптері, эмпатия, элеуметтік перцепция ұғымдарының мәнін ашыңыз.

          Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың мәнін қалай түсінесіз? Берілген анықтамалар бойынша педагогикалық такт ұғымына өзіндік анықтама беріп көріңіз

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Водейко Р. И., Мазо Г. Е. Как управлять собой. - Минск, 1983.

2. Леви В. Искусство быть собой. - М., 1977.

3. Чарный Б. М. Учитесь властвовать собой. - Пермь, 1984.

 

 

 

 

 

 

11. Нанымның сөздік түрі

Тапсырма: Наным, сенім, сендіру, сенім білдіру ұғымдарының оқушылармен қарым-қатынастағы рөлі қандай?

Әдістемелік нұсқау: Белгілі көзқарастар негізінде өз ойыңызды білдіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Коджаспирова Г. М. Педагогика в схемах, таблицах и опорных конспектах. - М., 2008

2. Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. - М., 1989.

3. Василенко Ю. С. О голосе педагога. // Сов педагогика. - 1972. -№7.-С.86-92.

4. Ножин Е. А. Основы советского ораторского искусства. - 2-е изд., перераб. - М., 1981.

 

12. Кикілжіцді жеңудің жолдары

Тапсырма: Педагогикалық қызметтегі кикілжіңнің пайда болу себептері, оны шешу жолдары. Оның оқушы тұлғасына әсері. Педагог үшін кикілжіңге бару қажет пе?

Әдістемелік нұсқау: осындай сұрақ төңірегінде мақалаларды жинастырып пікірталасқа дайындалыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Е.Сағындықұлы. Педагогика. Алматы, 1999.

2. А.С.Макаренко. Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары. Шығармалар. 1960, 5-Т 264-6.

3. Педагогикалық ізденіс. Алматы: «Мектеп», 1991.

 

13. Педагогтың кәсіби байқампаздығы

Тапсырма: Педагогикалық бейімділік. Педагогикалық байқампаздық. Мұғалім бейнесі көркем әдеби шығармаларда және т.б. тақырыптарға қысқаша мәнжазба дайындаңдар.

          Әдістемелік нұсқау: қалауыңыз бойынша мәнжазба мазмұнды орындауға тырысыңыз.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:                       

1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.: В5т. - Т.2. - Советы 53, 94-96.

2. Кан-Калик В. А. Учителю о педагогическом общении. - М., 1987.-С.122-137.

 

 

3. Ильин Е. Н. Искусство общения. - М., 1988.

 

4. Натанзон Э. Ш. Приемы педагогического воздействия. - М., 1972.

14.Мұғалімнің өзіндік білім жетілдіруі және өздігінен жетілуі

Тапсырма: Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің мәні неде? Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу процесіне қандай факторлар елеулі әсерін тигізеді? Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу кезеңдерін атаңыз, әрқайсысына сипаттама беріңіз. Өзін-өзі тәрбиелеудің қандай тәсілдерін білесіз?

Әдістемелік нұсқау: Әр сұраққа жүйелі жазбаша жауап беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы, 1999.

2. А.С.Макаренко. Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары. Шығармалар. 1960, 5-Т. 264-6.

3. Педагогикалық ізденіс. Алматы: «Мектеп», 1991.

 

15. Педагогикалық шығармашылықтың құрылымдық компоненттері

Тапсырма: Педагогикалық қабілеттілік пен педагогикалық шеберліктің өзара қатынасы қандай? Педагогикалық шығармашылықтың әрбір компонентіне сипаттама беріңіз.

Әдістемелік нұсқау: Әр сұраққа жазбаша жауап беріңіз. Әр компоненттке анықтама беруге тырысыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы, 1999.

2. А.С.Макаренко. Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары. Шығармалар. 1960, 5-Т. 264-6.

          3. Педагогикалық ізденіс. Алматы: «Мектеп», 1991.

 

Глоссарийлер

 

Анкеталау:

психология мен педагогикадағы зерттеу әдісінің әртүрлілігі, берілген сұраққа жазба түрінде жауап беріп, көзқарастары мен тенденцияларын анықтау.

Ақпараттық іскерлік -

оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен байланысты қолданылатын іскерлік.

Аттракция

(латын  тілінен   аttractic   -  тартылыс-педагогтың тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді болу қабілеттілігі.

Анафора

бір сөздің бірнеше жол т.б. басында қайталануы. Мұндай тәсілді М. Ю. Лермонтов пайдаланған.

Іс-әрекет:

адамның өзіңің қажеттілігіне және қызығушылығына бағытталған адамның іс-әрекетінің жиынтығы.

Білім:

объективті шындықтың құбылыстары, заттар туралы түсініктері мен елестері, алынған мәліметтер жиынтығы.

Білім беру философиясы

мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін қарастырады

Білік (умение)

оқушының өмірдегі тәжірибесі мен меңгерген білімі негізінде тез, саналы орындалатын практикалық-теориялық әрекеттерге даярлығы. Жетіле, автоматтандырыла келе білік дағдыға айналады. Біліктің негізгі белгілері: икемділік, тұрақтылық, беріктілік, шынайы жағдайлар мен міндеттерге барынша жақындау.

Білім беру

білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі.

Білім беру

процесс ретінде бүл тұлғаның жетістікке жетуі    үшін    арнайы   ұйымдастырылған оқу-тәрбие   процесі,   яғни   педагогикалық процесс.  Ол мұғалімнің сабақ беруі мен оқушының оқуы арқылы жүзеге асады.

Білім беру

нәтиже    ретінде    ол    тұлғаның    жеткен жетістігі, жинақтаған білімдері, іскерліктері, дағдылары,   яғни   жинақтаған   әлеуметтік тәжірибесі.

Білім беру

жүйе ретінде бұл азаматтарға жетістікке жету үшін және педагогикалық процесті жүзеге асыратын  арнайы  ұйымдастырылатын әлеуемттік жүйені атаймыз.

Білім беру

ол    арнайы    ұйымдастырылған,    тарихи қалыптасқан     оқу-тәрбие     мекемелерінің және оқу бағдарламаларының жиынтығын атаймыз.

Білім берудің дағдарысы:

қызмет етудің қиындауы, тұрақтылықтың бұзылуы және дұрыс дамудың бұзылуы, қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының дағдарысы. Бұл қоғамның және білім берудің жаңа сатысына өтудің кезеңі болуы мүмкін.

Герменевтика

таным әдістері мен құбылыстарды, процестерді түсіндіру әдістерінің жиынтығы, негізінде рационалды-логикалық талдау емес, жеке бастың субъективті талдауы, сезіну, тіл өнерінің құралдарына қатынасы, діндеріне қатынасы.

Градация

сөйлемдегі   сөздердің   айтылу   деңгейіне   қарай орналасуы.

Даму:

адамның және жүйенің прогрессивті қайта құрылуындағы жаңа сапаларды игеру.

Дағды

автоматтандырылған іскерлік, адамның іс-әрекетін жеңіл және тез орындалуымен нәтижелі болуы.

Дүниетаным:

адамның санасының спецификалық пішіні, оның білімінің, көзқарасының, сенімдері мен идеалдарының жүйесі, оның табиғат пен қоғамның дамуына қатысының негізінде оның қоғамдық-саяси және адамгершілік-эстетикалық позициясы мен өмірдегі әртүрлі орындарда мінез-құлқы анықталады.

 

 

 

Дамыту

адам ағзасындағы сапалық және сандық өлшемдердің өзгеру процесі.

Жеке бас:

бұл индивидуалды және әлеуметтік-психикалық ерекшеліктері бар, жеке көзқарастары мен дүниетанымы бар, қоршаған дүниеге, қоғамға көзқарасы жеке адам.

Жеке бастың дамуы:

білім берудің негізгі мақсаттарының, жеке бастың қалыптасуы, активті іс-әрекет пен әлеуметтік қоршаған ортаға адамның араласуы

Жеке оқыту

(индивидуальное

обучение)

оқу сабақтарын ұйымдастырудың бір формасы. Онда мұғалімнің оқушылармен өз әрекеті болады.

Жеке адам (индивид)

жеке адамдық терминнің синонимі ретінде қолданылады. Жеке ағзаға ғана тән және осы ағзаны осы түрге жататын өзі сияқты басқалардан ерекшелейтін қайталанбас белгілердің бірігуі.

Жоспарлау (Планирование)

Жоспарлау (Планирование) - қажетсінген болашақтың бейнесі құрылатын, оған қол жеткізудің кезеңдерін түсінуді қамтитын ақыл-ой қызметінің бір түрі.

Интерпретация:

талқылау, мәнін ашу, талқылаудың операцияларының жиынтығы, алынған нәтижелердің мәнін түсіндіру, оларды тудырған себептері мен жағдайларын түсіндіру.

Интуиция:

бүгіліп тұрған әрекеттер, логикалық атқарылмаған шешімдер, қиын ситуацияларда дұрыс бағдарлау. Жұмыстың тәжірибедегі нәтижесі.

Методология:

ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың принциптерінің жалпы жүйесі, ғылыми білімнің құрылуы мен қол жеткізуге бағытталған әдістер.

Методология принциптері:

зерттеу және практикалық өзгерулерде педагогикалық жүйенің негізгі жағдайлары.

Мораль

адамдардың мінез-құлықтарын, олардың барлық өмір шеңберіндегі (еңбектегі, тұрмыстағы, саясаттағы, ғылымдағы,жанұядағы  және т.б.) әрекеттерін үйлестіре реттеу қызметін атқаратын қоғамдық сананың түрі, әлеуметтік институт.

Мораль

ең алдымен жеке адамдардың, адамдар тобының қылықтарын белгілейтін құлықтарды қамтиді.

Мотивация

ғалымдар "тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің сипаты, бағыты, мазмұнын білдіретін мотивтер жиынтығы деп атайды

 

Оқыту мақсаты, ақпарат банкі және қойылған мақсатқа сәйкес әдістемелік нұсқаулар нақты белгіленген, аяқталған ақпарат блогі. Модуль оқыту мазмұнының аса мәнді бөліктерін

Модуль (модуль)

айқындауға көмектеседі. Модуль оқу материалдарын автономдық үлесіне қатысты пән немесе пәндер кешені ерекшеліктеріне сәйкес логикалық аяқталған өзіндік дербес білім бөлігі болып табылады.

Модульдік оқыту

(модульное

обучение)

Оқушының тұлғалық ерекшелігі мен қажеттілігіне орай мазмұн мен оны игерудегі өзіндігіне негізделеді. Модульдік оқыту барысында мұғалім ақпаратшы және бақылаушы қызметтеріне қоса кеңескерлік және үйлестірушілік қызметтерін атқарады

Меңгеру (Усвоение)

Үш ерікті және еріксіз кезеңіне ие таным формасы. Түсіну, есте сақтау, тәжірибеде пайдалану мүмкіндігі. Меңгеру санаға құйып, әдейі сіңірі кезінде еріксіз

Мониторинг:

бақылау жүйесі зерттеулердің нәтижелері мен процесін бақылау жиынтығын жинастыру, мәліметтерді коррекцияға өңдеу мен талдау, білім беру мен зерттеу процестерін жақсартуға шешім қабылдау.

Мектеп құжаттары

(школьная

документация)

Білім беру мекемесіндегі істердің қандай күйде екендігі туралы бастапқы ақпарат көздерінің 3 тобының бірігуі. Оған: оқу-педагогикалық қызмет құжаттары, педагогикалық ұжымды басқару туралы құжаттар, статистикалық есепке алу құжаттары және іс жүргізу жатады.

Оқыту:

оқытушы (мұғалім-педагог) және оқушы

(оқушы-студент) арасындағы білім, істерін, практикалық іс-әрекет дағдыларымен алмасу байланысы.

Оқыту іс-әрекеті

бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, олардың танымдық іс-әрекеттерін басқаратын

іс-әрекет түрі.

 

Оқыту

(преподование)

Оқыту үрдісінде оқушыларға білім, білік, дағдылар жиынтығын хабарлауға бағытталған оқытушының арнайы қызметі. Оқыту құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекетін және оқу әрекеттерін ұйымдастыру, оқушылардың білімді меңгерудегі белсенділігі мен саналылығын ынталандыру және білімді меңгеруінің оқу әрекеттерін орындауының сапасын реттеу, бақылау, оқыту нәтижесін талдау мен оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады.

Оқыту

диагностикасы (диагностика обучения)

Қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту және олардың жұмысы режимінің бұзылуының алдын-алу жолдарын айқындау

Оқытудағы дедукция (дедукция в обучении)

(лат. қорыты)

Жалпы білім негізінде нәрсе туралы жаңа білім тұжырымдалатын ой тұжырымдарын оқытуда пайдалану. Мұнда оқу материалына сәйкес логикалық үрдіс және мазмұндау жолы жалпы қағидалардан басталып соларды сол басқа нәрсеге пайдаланумен аяқталады. Бұл тұрғыда оқытудағы дедукция жалпының жекеге қатынасының бір формасы болып табылады.

Оқулық (учебник)

Ғылыми білім негізін мазмұндайтын кітап, белгілі бір оқу пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес және оқыту мақсатына арналған.

Оқытудың жүйелілігі (систематичность обучения)

Оқу материалын мазмұндау зерттелетін ғылымның ішкі логикасына сәйкес келуін, сонымен бірге оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне жауап беруін талап ететін дидактикалық қағида.

 

Оқытудың ғылымилығы (научность обучения)

Нақты ғылыми білімдер беріп, дүниеге көзқарасты қалыптастыратын дидактикалық қағидаладың бірі. Оқытудың ғылымилығы мазмұнына тек айқын ғылыми фактілер мен ақиқаттар алынады. Екі ұшты ойларға жол бермейді.

Озық тәжірибе мектебі (школа передового опыта)

Оқу және тәрбие үлгілері тікелей көрсету арқылы озық тәлімдік тәжірибелерді өзгелерге беру мен таратуды көздейді. Озық тәжірибе мектептегі жетекші мүғалімдердің дені өз мамандығы бойынша әдіскерлік қызмет атқарып, тәлімдік кабинеттер және мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында тығыз жұмыс істейді.

Оқытудағы білім мен тәжірибенің байланысы (связь практики с тоерией в обучении)

Теорияның меңгерген білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. Оқытудагы білім мен тәжірибенің байланысы оқушылардың нақты іс- әрекетке бейімделуге икемдейді.

Оқыту

оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесулерінің процес.

Оқытудағы үлгілеу (моделирование в обучении)

(Оқытудағы үлгілеу екі тұрғыда колданылады). 1) оқушылар меңгеруі қажет мазмұн ретіндегі үлгілеу. 2) онсыз толық, мәнді оқыту болмайтын оқу әрекеті, құрал ретіндегі үлгілеу. Үлгілеу көмегімен зерттелген күрделіні қарапайымға, көзге көрінбейтінді және сезілмейтінді көрінетінге, сезілетінге, бейтанысты танысқа келтіруге болады, яғни кез келген күрделі обьектіні терең және жан-жақты зерттеуге қол жетерліктей.

өзін-өзі белсендіру самоактуали

зация)

Термин екі мағынады қолданылады: 1) өз бетімен болатын білім, түсінік, дағдыны қазіргі талаптарға сәйкестендіруге бағытталған оқу әрекеті. 2) жеке бастың бар мүмкіндіктері мен қабілеттерін оның пәндік әрекетінің нақты нәтижелеріне енгізу үрдісі.

Өзін-өзі тәрбиелеу:

қоғамның талаптарына сай жақсы салаларды қалыптастырып, жаман қасиеттерді болдырмаудағы адамның максатты әрекеті.

Педагогикалық жаңалықтар

қоғамның және жеке бастың дамуындағы өзекті сұраныстарға жауап беретін жаңа білім беру жүйелері мен әдістемелері, технологиялары, білім беру бағдармалары.

Педагогикалық идеал:

жеке бастың бос және гармониялық дамуына немесе жетілген елестеріне сәйкес, кемшіліктері көрсетілмегендінің мінездемелерінің қайта құрылған жүйесі.

Педагогикалық тәжірибе

педагогикалық жаңалықтарға сүйенетін, жаңа талаптарға жауап беретін, қандайда бір нәтиже беретін тәжірибе.

Психологиялық-педагогикалық зерттеу логикасы:

қойылған міндеттерді шешуге бағытталған, іздестіру қадамдарының мазмұны мен біріктілігі.

Проблемалық оқыту (проблемное обучение)

Эвристикалық әдістерді пайдалануға негізделген оқытудың бір түрі. Өзінің алдына эвристикалық біліктерді дамыту максатын қояды. Ізденіс үрдісінде тартылып, білім аналитикалық білік белсендіреді.

Парадигма (парадигма)

Теорияның негізінде жатқан өзіндік кесімді аппаратқа ие және ғалымдар тобымен мойындалған негізгі жағдайлар мен қағидалардың бірігуі. Әрбір парадигма жеткілікті өзгеше және қоғамдық даму фактоларының бағалануы тұрғысынан адамдар тәртібін талдауда, қоғамның әр қырының басымдығын саралағанда өте талғампаз. Сондықтан бірде-бір парадигма қоғамды тұтас қамтушы талдауын бермейді. Өзінің нақты және жеке үлесін қосады.

Педагогикалық технология (педагогическая технология)

Тәлімдік үдеріс пен оған қатысушылар әрекетінің құрауыш, кезең, күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік козғалысын білдіреді. Ақпараттық технология да педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі.

 

 

Педагогикалық жүйе

(Педагогическая система)

Адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі болып табылады. Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті құрауыштардың толықтығы, 2) құрауыштар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның болуы.

Педагогикалық жағдаят

(педагогическая ситуация)

Тәлімдік үрдіс пен тәлімдік жүйенің өзектесе бір уақытта көрініс беруі. Педагогикалық жағдаятта қайда, қашан, қанша уақыт ішіндегі тәлімгер мен оқушы қатынасын қамтамасыз етуі тиісті барлық тәрбие факторлары табиғи түрде тоғысады. Педагогикалық жағдаят кұрудағы негізгі ережелер: Тұлғаның тек оң қасиеттерін дамыту бағытталуы: тұлғаға ашық аймақ қалдыру арқылы мәселенің кей бөлігін өзінше шешуге мүмкіндік туғызу.

Пікірталас (дискуссия)

Ұжымдағы түрлі көзқарас, ой-пікір ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі. Пікірталаста әділ сынап, қате көзкарастарды жеңу көзделеді. Пікірталас түрлері: жиналыс, конференция, пікірталас.

Педагогикалық көзқарастар

жалпы және өзіндік тұжырымдарға жатпайтын педагогикалық құбылыстар бойынша ой пікірлер.

Педагогикалық идеялар

ойлар ғылыми теорияның негізі болып табылады. Идея - бұл ой, зат не құбылыс туралы жалпы ұғым, ол түсінік және анықтау жүйесінде көрінеді

Педагогикалық теория (грек. «бақылау, зерттеу»)

педагогикалық тәжірибенің, практиканың, тәрбиенің, оқытудың, білімнің логикалық жиыны; педагогикалық ойлар жүйесі; заңдылықтың ғылыми түсіндірмесі және мақсат, міндет, мазмұнның негіздемесі, педагогикалық қызметті іске асыру әдістері.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі

педагогикалық іс-әрекетті атқару үшін қажетті теориялық және практикалық дайындық және ол мұғалімнің кәсіби профессионализімін білдіреді.

 

Педагогикалық іскерлік

мүғалімнің әр түрлі әрекеттерінің жиынтығы,ең бастысы олар педагогикалық әрекет функция-на сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды

Педагогикалық іскерлік

бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бірізді жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы

Педагогикалық жүйе (грек. -«бөліктерден құралған,қосылған»)

белгілі бір педагогикалық тұжырым және оны шынайы педагогикалық практикада жүзеге асыратын тәжірибені қамтитын кең педагогикалық ұғым.

Перцептивті іскерлік

қарым-қатынаста басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табатын іскерлік.

Педагогикалық техника

мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен құралады. Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді жарасымдықта болуына ықпал етеді.

Педагогикалық мораль

мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне   қойылатын белгілі бір талап-тілектердің, қағида ережелердің, қалыптың мазмұндық тұжырымның  жүйесі, жиынтығы.

Педагогикалық іс-әрекет

аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.                                                   

Педагогикалық

импровизация

жасау мен қайта жаңғырту уақыты жағынан сәйкес келгенде кездейсоқ жағдаятқа жауап ретінде пайда болатын    педагогикалық    үдеріс    барысындағы әрекет. Егер мұғалім фундаменталды білімдерді меңгерген,    реакциясы жылдам,қиялы және интуициясы   дамыған, қабылданатын шешімді сол сәтте   жүзеге асыра алатын болса, онда импровизация жасау қиын емес.

Педагог

білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру    бағдарламаларын іске асыратын басқа да    ұйымдарда білім  алушылар мен    тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге     байланысты білім беру қызметімен айналысатын қызметкерлер.

Педагогтар

құл  иеленушінің баласына жауапты құлдардың атауы (грек тілінен аударғанда баланы   жетелеп   жүруші  құлдар дегенді білдіреді) Грек    қоғамындағы  ауқатты шенеуліктердің    баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.

Рефлексия:

адамның өз-өзіне тоқтатуы, іс-әрекетін талдауы, негізгіні дұрыс ойлауы, іс-әрекетінің дұрыстығын дәлелдеу.

Рефлексия

педагогтың  өзін,  өзінің  психикалык  жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін калай бағалайтындығын байқай білу дағдысы.

Рефлексивті іскерлік

педагогтың өзіне және өз іс-әрекеттеріне бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыратын іскерлік түрі. Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда өткенге қайта оралу дегенді білдіреді.

Сабақ беру:

педагогтың реттелген іс-әрекеті, оқытудың мақсатын жүзеге асыру, тәрбие беру, білімді практикада қолдану

Сабақ (урок)

Мектептегі оқу әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақта мұғалім дәл белгіленген уақытта құрамы тұрақты оқушылармен, сыныппен, қатаң сабақ кестесімен, алуантүрлі әдістерді пайдаланып алдына қойылған дидактикалық міндеттерді шешуге қол жеткізу үшін оқу бағдарламасы талаптарымен анықталған. Әрбір сабақ алдыңғы және кейінгі сабақтармен тығыз байланыста болады. Қандайда бір оқу тақырыбы немесе бүтіндей пән бойынша құрамдас бөлігі болады.

 

 

Сабақтың тәрбиелік қызметі (воспитательная функция урока).

оқушының тұлғалық қуатын дамыту мақсатындағы сабақтың мазмұн, әдіс, құралдары

Сабақтың білімдік қызметі (образовательная функция урока)

Оқушының білім, білігі, дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

дамытушылық қызметі (развивающая функция урока)

Оқушының рухани және психологиялық сапаларын дамытуды көздейді.

Сабақ жоспары (план урока)

Тәлімдік құрылым элементтері бар сабақтың әдістемелік құрылымының қысқаша мазмұны. Сабақ жопарында сабақтың мақсаты, міндеті, типі, қағидалары мен әдістемелері көрініс табады.

Субьект (субьект) (лат. Subgectum -бастауыш, негіздегі, түпте жатқан)

Нақты пәндік-практикалық әрекет пен танымды, белсенділікті тасымалдаушы.

Сабақтың жабдықталуы (оборудование урока)

Оқу құралдарын іріктеу мен даярлау, дидактикалық материалды, оқытудың техникалық құралдарын, реактивтерді және т.с.с, сабақ тақырыбына сай және демонстрациялау мен оқушылардың өзіндік жұмысы үшін қажет жабдықтар.

Сұрау (опрос)

Сұрақ-жауап формасында жүргізілетін білімді тексерудің құрамдас бөлігі. Мақсатты бақылау, өткен материалды бекіту, жаңа білімді қабылдауға даярлық, оқу үрдісін тұтасымен белсендендіру. Сұрау кезінде мұғалім оқушылар білімінің бағасын бірқалыпты жинақтау міндетін басшылыққа алады. Сонымен қатар ынталылар мен жеткілікті даярланбағандарды жұмысқа қосуға, ынтасын оятуға түрткі, жетекші болады.

 

 

Сабак кестесі

(расписание

уроков)

Сыныптағы оқу аптасының әр күніндегі оқу сабақтарының бірізділігін қамтамасыз етуді мақсат еткен нақтыланған оқу жоспары. Дұрыс құрылған сабақ кестесі оқушылардың оқу жүктемесінің бірқалыпты бөлінуіне, олардың ақыл- ой еңбегімен шұғылдануына қолайлы жағдай жасайтын педагогикалық құжат

Тұжырымдама (концепция):

ғылыми ізденуге қызмет ететін теориялық жағдайлардың жүйесі.

Тәрбиелеу:

бұл жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибелі, моральды дүниетанымды, еңбек мәдениеті мен мінез-кұлықтарын беру іс-әрекеті.

Тәрбиелеу іс-әрекеті

бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуметтік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлғалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі.

¥ғым (понятие)

Рационалды танымның бір түрі. Мәнді нәрсенің сөзбен негізделген ең сирек кездесетін құбылыста бейнеленуі. Ол адамға ғана тән ойлау элементі және ойдың қарапайым формасы ретіндегі психикалық құбылыс

Үлгерім (успеваемость)

Оқу бағдарламасымен белгіленген білім, біліқ, дағдыны олардың тереңдігі, саналылығы, толықтығы мен беріктілігі тұрғысынан меңгеру дәрежесі. Сыртқы бейнеленуі балдық бағалаумен көрсетіледі. Бағалардың жекелеген пәндер бойынша салыстырмалы мәліметтер әрбір оқу пәні, пәндер циклі, сыныпта немесе мектеп бойынша үлгерімді көрсетеді. Оқушылардың жоғары үлгеріміне дидактикалық әдістер мен құралдардың жүйесі, сондай-ақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы қол жеткізуге болады.

Үздіксіз педагогика-лық білім беру

нақты педагогикалық іс-әрекетке дайындау және тұлғаның білім беру қажеттеліктерін өтеу   мақсатындағы   педагогикалық   білім беру мекемелерінің атқаратын іс - әрекеті

 

Ынта (стимул) (лат. Stimuls-жануарларды үркітетін үшкір аяқ тақ)

Тұлғаға сыртқы әсер, ұжым, адамдар тобы, олардың түрткіленген саласын белсендіретін және сол арқылы белгілі бір әрекетін тудырушы.

Халық педагогикасы:

халықтың ғасырлар бойы жинақтаған тәрбие

туралы өмір тәжірибесінің жиынтығы.

Эвристика (эвристика)

Ғылым, адамның шығармашылық қызметінің заңдылықтарын зерттейтін, күрделі интеллектуалдық міндеттерді шешудегі ойлап табу ізденісін ұйымдастырудың теориясы мен іс-тәжірибесі, жетелеуші сұрақтар жолымен оқыту әдісі.

Қарым-қатынас:

әртүрлі құралдар арқылы іс-әрекет кезіндегі адамның байланысы, танымдылық, эмоционалды-еріктік және мінез-қылықтары арқылы жүзеге асатын мақсат көздеген процесс.

Қалыптастыру

әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға болып қалыптасу процесі.

Конструктив-ті іс-әрекет

педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру түрінде жүзеге асатын іс-әрекет.

Коммуникативті іс-әрекет

педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға   бағыттылған іс-әрекет.

Кәсіби дайындық

белгілі   кәсіп   бойынша   арнаулы   білім,   дағды, шеберлік, еңбек тәжіребиесін қалыптастыру. Кәсіби дайындық   кәсіби   біліктілігінің   күрделілігі   мен әзірлік деңгейіне қарай жоғары, арнайы, орта немесе төмен білім түрлеріне бөлінеді.

Кәсіп

адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.

Эмпатия

педагогтың өзге адамды, оның уайым-қайғысын, әрекет ету мотивін және сыртқы  ортаға деген әсерін іштей түсіне білу дағдысы; бұл - рухани-эмоционалды күйді түсіну, осы күйді онымен бірге қайғыру.

VI тарау

№ 1

Жаңадан келген мұғалім оқушылармен тез тіл табысып кетті. Бірақ оны күлімдеп қарсы алып, көзін тез тайдырып, қоңырау соғылғанда шығып кетуге асығатындар да бар еді.

Осыны байқаған мұғалім анкета беруді ұйғарды. Онда жалғыз ғана сұрақ бар еді: "Қазіргі мұғалім сенің ойыңша қандай болуы керек?"

Мұғалім неге мұндай шешім қабылдады?

 

№ 2

(А. С. Макаренко шығармаларының 5-томынан алынды) Петренко заводқа кешігіп қалған. Кешкісін бұл туралы рапорт алдым. Петренко отрядының командирын шақырып алып:

- Сендерде заводқа кешігіп бару бар ма? - дедім.

- Иә, Петренко кешігіп қалды, - деді ол. Одан әрі екеуміз:

- Бұл қайтып қайталанбасын.

- Құп болады, енді қайталанбайды, - деп келіскенмен Петренко тағы кешіккен. Енді отрядты түгел жинап алып ескерттім. Олар енді кешігу болмайды деп келісті. Мен оларға: "кете берулеріңе болады" - дедім.

1.  Неге ескерту айыптының өзіне жасалмай әуелі командирге, кейін отрядқа жасалды?

2. Бұл әдістің ықпал күші кайда? Оның мәнін ашып беріңіздер.

 

№3

Әрбір адам денесінің бітімі сымбатты, жан дүниесінің сергек болуына ұмтылады. Бұл орайда ұлттық ойындардың да рөлі зор.

Республиканың барлық мектептері үшін дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына бәйге, жорға жарыс, қыз қуу, теңге қазақша күрес т.б. ұлттық ойындарының түрлері ұсыныстарға сіздің пікіріңіз, оны немен дәлелдейсіз? Мектептерде жүзеге асырудың қандай тәжірибелерін білесіз?

Дене тәрбиесі пәнінде қолданылатын әдістерді түсіндіріңіз.

Дене тәрбиесіне байланысты қандай проблемалар туындап отыр.

 

№4

Екі баланың аналары өзара сөйлесіп отыр.

-   Сіздің Серігіңіз суретті қандай жақсы салады, ал менің Даниярымның салғаны тек шимай-шатпақ. Қанша таза, ұқыпты салуды ескертсем де, бәрі бір нашар салады.

- Ал, сіз, балаңызды үйретуге тырыстыңыз ба?

-  Мен, баламды сурет салуға жиі отырғызамын. Бірақ сурет салуға қабілеті мүлдем жоқ па деймін.

Сұрақ: Даниярдың анасының пікірі дұрыс па? Балалардың бейнелеу өнеріне деген ықылас-ынтасын тудыру үшін ата-аналарға қалай көмектесуге болады?

 

№5

Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандықтар туралы әңгімелесеміз. Әжелерің, аталарың, әке шешелерің кайда жұмыс жасайды ?

- Менің әкем милиционер.

- Өте жақсы.

- Менің апам тігінші.

- Өте жақсы.

- Ал, менің мамам - мұғалім.

-  Балалар, Айманның мамасының мамандығы өте ауыр, өте қажет, қызықты және сыйлы мамандық.

- Айман "Олай емес. Папам айтады: ол ең қиын мамандық, себебі маманың бос уақытын кұрытып, папамның жүйкесін тоздырып, мені

бақылаусыз қалдырады".

- Мұғалім: ?

 

№ 6

Еңбек сабағы оқушылардың бәрі тегіс жұмыс жасауда. Тек жалғыз Самат жұмысты орындамай отыр. Сіздің әрекетіңіз?

 

№ 7 Жаңа педагогикалық технологиялар тізімін жасаңыз

 

№ 8

Үзіліс кезінде Серік коридордан әдемі қалам тауып алып, үн-түнсіз қалтасына салып алды. Сіз онымен қалай сөйлесер едіңіз?

 

 

 

 

№9

Автобусқа отырған оқушы баланың қасындағы бос орынға жас әйел келіп отырды. Келесі аялдамадан қарт әже трамвайға зорға мініп, бұлардың қасына келді. Жас әйел оқушы бала орын беретін болар деген оймен балаға қарап еді, ол терезеге қарап, әжейге көз салмады. Әйел өзі тұрып орын берді. Оған жалт қараған бала қызарып кетіп, әйелге өз орнын ұсынады.

Бала неліктен қызарды?

Әйел балаға ықпал ету үшін қандай әдіс қолданды.

 

№10

4-сынып оқушысының мамасы мұғалімге келіп баласының өзін әркезде алдап істейтіні туралы айтты, мұғалім мұндай хабарға елең етті, себебі ол мұғалімді немесе қасындағы жолдастарын алдап көрген емес.

1.Не себепті мектепте алдау дегенді білмейді, ал мамасын алдауы мүмкін.

2. Мұғалім баланың апасына қандай кеңес беруі мүмкін.

 

№11

Класс бөлмесін тазарту жұмысын аяқтаған соң, алтыншы класс оқушылары түгел киноға баруды ұйғарады. Мектеп директоры келіп, коридорды жинауға көмектесу керек екенін айтты.

Балалармен қалай әңгіме жүргізесіз?

 

№ 12

4-сыныптың оқушылар ұжымында әртүрлі іс-әрекетке байланысты мамандар тобы пайда болды. Олар: "эрудиттер", "спортсмендер", "артистер", "жұмысшылар", "шопандар", "мұғалімдер".

Бұл топтар неліктен және қандай жағдайларға байланысты пайда болған деп ойлайсыз?

Бұл топтармен қандай жұмыстар жүргізуге болады деп есептейсіз?

 

№13

- Сен неге бүгін күні бойы мектептен шықпай қойдың?

- Тек мені ғана емес, бәрімізді де қамап койды.

- Кім сендерді қамады? Тағы бірдеңені "бүлдіргенсің ғой?

-  Жоқ, ештеңе де бүлдірген жоқпын. Бізді жібермей, бәрімізді хор репитициясына апарады.

- Қашаннан бері сен әншілікке жазылып едің?

-  Мен жазылған жоқпын, мені қуып апарды. Не дейсің, қуып апарғаны қалай?

- Туу апа, қандай түсіне алмайтын адамсыз.

- Оқу ісінің меңгерушісі сыртқы есіктің алдынды тұрды да, киім ілгіштің жанында тұрды. Бізді сабақтан кейін қатарға тұрғызды да, залға тура алып келіп өлең айтқызды.

- Ал енді мұның несі жаман?

-  Мені зорлап ән айтуға мэжбүр етті, ал мен өлең айтуды сүймеймін. Осы диалогта баланың қандай психологиялық ерекшелігі көрінеді? Осы ерекшелікті баланың анасы және мектеп педагогтары қалай ескеріп отыр?

Сіздің пікіріңіз қандай?

 

№14

4-а класына басқа мектептен үш қиын оқушы қабылданды. Класс мүшелері араларында іріткі туып, оқушылар топ-топқа бөліне бастады. Тәртіп те төмендеді. Класс жетекшісі кластағы беделді балаларға сүйеніп, қиын балаларды тәртіпке шақырып, класс дәстүрін мойындауға мәжбүр етті.

Ал, 4-6 класында, осындай педагогикалық жағдайда класс жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап, балалар ұжымы бұл істен сырт қалды.

Қиын оқушылардың тәртіпсіздігі туралы шағымдар басқа мұғалімдерден түсе берді. Класс «қиын класс» деп аталды.

Сұрақ: ұжымдағы тәрбие жұмысындағы класс жетекшілерінің іс-әрекеттерін салыстырыңыздар. Өз іс-тәжірибеңізде қай әдісті қолданған болар едіңіз?

№15

Музыкалық білімі бар анасы баласын алты жастан рояльды ойнауға үйретті. Бастапқыда баланың музыкаға деген қызығушылығы басым болды. Сегіз жасынан бастап музыка мектебіне қабылданды. Осындай мүмкіндігіне қарамастан оның музыкаға деген ынтасы бірте-бірте төмендеп кетті. Бірақ анасы оны көндіруге тырысты, оқуға мәжбүр етті, жазалады. Анасы дұрыс істеді ме?

№16

Жаңа буын оқулықтарының ерекшелігіне талдау жасаңыз.

 

№ 17

Мектеп аралық жарыс жүріп жатыр еді. Әділ қазылар алқасы сіздің сыныбыңыздың командасына орынсыз ескерту жасады. Команда мүшелері сізге әділдікке шақырыңыз дегендей қарады. Сұрақ

Сіз әділ қазылар алқасына ескерту айтасыз ба? Неге? Егер ескерту айтар болсаңыз қандай дауыс ырғағын, сөз өнерін қолданған болар едіңіз?

 

№18

"Алақай! Мама, мен "бес" алдым! Мұғалім бүгін бізге не айтқанын білесің бе?" - деп бірінші кластың оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы сыймай мамасына айтып жатыр. Бірақ, жылдар өте береді, біз " Алақай, мама, мен бүгін "бес" алдым!" - деген қуанышты сөздерді барған сайын сирек естиміз".

Кластан класқа көшкен сайын үлгерімінің кеми беретіні неліктен?

Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесінен мысал келтіріп, салыстырыңыз.

 

№19

Мұғалім: "Жанар, Маратқа бір дәптер бер, сенде көп екен". Жанар: "Бермеймін. Мамам айтты, оларды табу өте қиын". Мұғалім: ?

 

№20

6 жасар Жәнібек білімге құмар, қимыл-қозғалысы белсенді, бақшада жүргенде сабақтың мазмұнын тез меңгере алатын. Адамға үйірсек, көпшіл, бірақ зейінсіз, шыдамсыз, жеңілтек еді. Ал бірінші класта мұғалімнің ескертуіне құлақ аспайтын, сабақтан жан-жағына алақтағыш, мұғалімнің түсіндіргендерін, құрбыларының жауабын тыңдамайтын, не болса соған жаны ашығыш, күйгелек болды. Сұрақ: Жәнібекте қандай мінез-құлық сапалары қалыптаспаған? Жақсы оқу үшін оған қандай көмек керек?

 

№21

4-кластың екі оқушысының мінезіне бақылау жасау мынаны көрсетті: бірінің ұстамдылығы қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерді атқарғанда көрінсе, екіншісінің ұстамдылығы еңбекте де, ойында да, спортта да және әртүрлі сабақтарда да көрінеді.

Қайсысында ұстамдылық темперамент қасиеттерімен басымырақ қозады? Қандай белгілермен орнатуға болады?

 

№22

Сара апай туралы жақсы пікірлер естіп жүрдім. 4-кластағы сабағын көруге келдім. Сабақ үстіндегі тәртіп, балалардың белсенділігі таң қалдырды.

Сабақтан соң, оқушылардан "Сара апайды жақсы көресіңдер ме?" -деп сұрадым.

"Жоқ, біз одан қорқамыз. Сәл қимылдасаң, ата-анаңды шақырады. Сондықтан оның сабағын жаттап аламыз".

Сұрақ: Мұғалім мен балалардың қарым-қатынасын қалай бағалайсыз?

 

№ 23

Педагогикалық негізгі ұғымдардың тізбесін жасаңыз.

№24

Саябақтағы жұмыс қызып жатты. Жұмыс бәріне де жетерлік еді. Апалы-сіңілілер жеңдерін түріп, шүберек орамал алып, іске кірісті. Еділ мырзасынып, сен неғып тұрсың? Үйдің төбесін жууға көмектес, - деді оған немере апасы.

- Жумаймын оны, біздің шаруамыз емес. Ал егер ауыр бір нәрсені әкел десең, әңгіме басқа... Үйді жинастыру әрқашан әйел адамның шаруасы болып келген, - деп қостап қойды немере інісі Қапаш.

-  Қызық екен еден жуу, үй жинау біздің ісіміз болсын. Өткен аптада стол әкелу, шкафтарды қозғау сияқты біз атқарған іс те қыздардың жұмысы делік. Сонда сендер "ерлердің" ісімен қашан айналыспақсыңдар.

Көбіне істі "ерлердікі" және "әйелдердікі" деп бөліп жату -өзінің барып тұрған жалқаулығын бүркемелеу болып шықпай ма? Пікірлеріңізді өнегелі өмір тәжірибесімен дәлелдеңіз.

№25

Мектептің педагогикалық кеңесінде оқу-тәрбие процесінің қорытындысы талқыланды. "Педагогикалық жұмыстың нәтижесі" деп нені есептейміз? - деген сұрақ қойылды.

География пәнінің мұғалімі. "Мен оқушыларыма ризамын. Пән бойынша екілік жоқ" -деді. Тарих пәнінің мұғалімі. "Бір қарағанда шәкірттерімнің бәрі тәрбиелі сияқты. Бірақ үлкен өмірге аттанғанда, олардың кім боларына мазасызданамын" - деді.

Сұрақ: Осы айтылған пікірлерден оқу тәрбие жұмысында нақтылы міндеттерді, тәрбие принциптерін шешіп отырғандарын көруге бола ма?

 

№ 26

Дұрыс жауап табуға көмектесу.

"Мұғалім болып жаратылу керек".

"Мұғалім болып туудың қажеті жоқ, табиғи дарынсыз да мұғалім болуға болады. Егер жақсы оқытса, үйренеді".

Мен де табиғи дарын да, педагогикалық техникада да жоқ. Мен тек балаларды өте жақсы көремін.

 

№ 27

Бастауыш сынып оқушыларынан жиі: "Әсел, дұрыс жазбай отыр, оған Деурен дұрысын айтқан жоқ", немесе "Марат дәптерін бүлдіріп тастады" - деген дауыстарды естиміз.

Сұрақ:

1. Бастауыш сынып оқушыларының осындай қылықтарын қалай түсінуге болады?

2. Бұл балалардың жеке басының дұрыс қалыптасуы, ұжымдағы, қарым-қатынасының сәтті болуы үшін мұғалім қандай әрекет етуі қажет?

 

№28

Сіз 4-сыныпқа жетекші болып белгілендіңіз. Оқушыларыңыздың тәрбиелеу жағдайларымен танысу мақсатын көздеген от басына алғашкы баруыңызды қалай елестетесіз?

 

№29

Балалар " Дүкен" ойынын ойнап жатыр. Сатушының алдына кезекке тұрғандар жинала бастады. Кезекте тұрған балалардыңмінез-құлқын бақылаудың өзі қызықты. Ажар әже болуға тырысып, басына жаулық тартып, қолында таяғы, белін бүкірейтіп алған. Кезекке ешкімді алдынан жібергісі келмей тұрған. Сағындық: "Кәрісің бе?" деп сұрады. "Әрине, әже деген кәрі болады" - деп жауап берді Ажар. Жарайды, әже онда менің алдыма келіп тұрыңыз, әрине қарттарды алдымен жіберу керек" - деді Мұрат араға килігіп." Жарайсың, Мұрат!" - деп тәрбиеші оны мақтады.

Осы келтірілген мысалдар балаларда қандай адамгершілік саналары тәрбиеленеді?

 

№30

Педагогикалық кеңесте 3-ші сынып оқушысының (А) тоқсандық "2" -ге шыққаны туралы мәселе қаралды. Ол әдетте жайдары оқушы. Мұғалім: Ол абстрактылы ойлай алмайды, әлі күнге есепті қолын парта астына жасырып, саусақпен санап шығарады. Оған бәрін мысалмен, суретпен, кескінмен ұғындыру керек. Онсыз ештеңе істей алмайды.

Екінші мұғалім: Бұл оқушының көрнекі - бейнелі ойлайтындығы айқын байқалады. Мұндай оқушыларда абстрактылы ой кешеуілдеп жетіледі. Ол оқушы есепті өзіндік тәсілмен шығарады. Сонда оған екі қою ақылға сия ма?

Екілік оның абстрактылы ойлауын дамыта ма?

Сіздің пікіріңіз (позицияңыз)?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМШАЛАР

Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер

1. Өз пәні бойынша білімі

Өз пәнін бағдарламадан да жоғары, терең, жан-жақты біледі, әр түрлі білім саласындағы арнайы, әдістемелік және ғылыми-көпшілік әдебиеттерге еркін бағыт ұстай алады

2.Өз пәніне көзқарасы

Өз пәнін қызыға оқытады, ұнатады және біледі

3. Жұмыстағы жаңалықты сезінуі

Жаңа идеяларды іздеуімен ерекшеленеді, педагогикалық міндеттердің тосын шешімдерін іздестіруге ұмтылады

4. Оқу жұмысын жоспарлай білуі

Тақырып бойынша сабақ жүйесін, олардың құрылымын шығармашылықпен жоспарлайды, оқытудың формасы мен әдістерін оқушылар мен сыныптың ерекшеліктерін ескере отырып түрлендіреді

5. Оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін білу

Оқытудың қазіргі психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаларын еркін бағдарлай біледі, оларды өз педагогикалық қызметтерінде негіз ретінде пайдаланады.

6. Педагогикалық әдеп

Балалармен қарым-қатынаста, оларға талап қоюда шектен шықпайды

 

 

 

7. Оқыту процесінде оқушыларға жеке тұрғыдан келу

 

 

Оқушылардың ерекшеліктерін ұдайы зерттейді және оқыту талаптарына жеке тұрғыдан келуді қамтамасыз етеді; тапсырманың көлемі мен күрделілігін саралайды, сабақта үлгерімі нашар оқушыларға тұрақты түрде көмек көрсетеді, үй тапсырмасының орындалуын тиянақты, тұрақты бақылайды, сонымен қатар оқу дайындығы деңгейі күшті,орташа оқушыларды назардан тыс қалдырмайды.

 

8. Оқушылардың оқу жұмысына дағдыларын дамыту бойынша жұмыс

 

 

Оқушылардың оқу жұмысын тиімді ұйымдастыра білу дағдыларын табанды түрде қалыптастырады (оқудағы өзін-өзі бақылау,оқу жұмысын тиімді жоспарлау,оқу,жазу,санаудағы нақты қарқын) және оған жеке тұрғыдан келуді іске асырады.

 

9. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту бойынша жұмыс

 

 

Сабақ берудің формалары мен әдістеріне белсенді дамытушылық ықпал етеді,оқушыларды оқыған материалдағы маңыздыны ажыратуға үйретеді, оқушыларға жеке тұрғыдан келуді қамтамасыз етеді.

 

10. Оқушылардың пәнге

қызығушылығын дамыту

 

 

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін арнайы тәсілдерді қолданады; оқылатын ұғымдарды салыстырады, олардың практикалық маңызын және т.с.с. көрсетеді; оқытудың әр алуан әдістерін қолданады; сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырады; оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда жеке тұрғыдан келуді камтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

11. Оқушылардың білім сапасын, білігі мен дағдыларын бағалай білу

 

 

Бағалаудың шарттарын тиянақты оқиды,оларды практикада орынды қолданады; тек білімді ғана емес, сондай-ақ практикалық және эксперименттік білім мен дағдыларды да бағалаудың шынайлығын қамтамасыз етеді; бағаларды дәлелдейді; оқушылардың тоқсандық білім дайындығын шынайы бағалау үшін жеткілікті түрде ағымдағы бағалар санын жинақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің методологиялық мәдениетін өз бетінше бағалауы

 

Ұсынылатын тестінің ерекшелігі - ол білімін, білігін және тұлғалық сипатын өзінше бағалау негізінде мұғалімнің методологиялық мәдениетінің өзекті деңгейін анықтауға және рефлексиялауға мүмкіндік береді. Көз алдарыңызға осы сапалық дамудың жоғары (9 балл) және ең төмен (1 балл) деңгейін елестетіңіз, сонан соң өзіңіздің 9 балдық шәкіл бойынша орныңызды тауып, белгілеңіз.

 

Тест сұрақтары

Бағалар шәкілі

1. Оқыту, тәрбиелеу саласында зерттеу, реформалау қажеттігін қандай дәрежеде қажет етесіз?

1,2,3,4,5,6,7,8,9,

2. Егер сізде керемет педагогикалық идея туса, онда алдын ала оны теория жүзінде негіздеп, эксперимент жүзінде тексеру қабілетіңіздің деңгейі қандай?

1,2,3,4,5,6,7,8,9,

3. Зерттелетін проблеманың маңызын, мақсатын, нысанын,пәнін,жұмыс гипотезасын, зерттеу міндеттерін айқын тұжырымдаудағы, экспериментті жоспарлаудағы қабілет деңгейіңіз кандай?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

4. Педагогикалық зерттеулердің педагогикалық процестерді модельдеу, сауалнама жүргізу, тестілеу әдістерін қандай дәрежеде меңгересіз?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

5. Өзіңіздің өз бетіңізбен сауалнама, тест дайындай алатындығыңызды қаншалықты жоғары бағалайсыз?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

 

 

 

 

6. Педагогикалық эксперимент процесінде және оның нәтижесін өңдеуде математикалық статистика әдістерін, компьютерлік техниканы қандай дәрежеде пайдалана аласыз?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

7. Сіз бұдан бұрын қандай да бір педагогикалық экспериментті ұйымдастыруға қатыстыңыз ба және сіздің белсенділігіңіз, жауапкершілігіңіз, қатысу деңгейіңіз қандай болды?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

Сіз педагогикалық зерттеулердің негізгі методологиялық принциптерін атауға қабілеттісіз бе, ең бастысы оларды пайдаланудағы қабілет деңгейіңіз қандай?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

9. Сіз педагогикалық эксперименттің нәтижесін қорытындылай келіп, мақала жазуға, ғылыми семинарда немесе конференцияда шығып сөйлеуге қандай дәрежеде қабілеттісіз?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

10. Сіз өзіңіздің ғылыми пікірталастар жүргізу, қандай да бір талас тудыратын методологиялық мәселе, педагогикалық проблема бойынша өз көзқарасыңызды ұстану қабілетіңіз бен білігіңізді қаншалықты жоғары бағалайсыз?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

 

Сұрақтарға жауап берген соң, өзіңіздің методологиялық мәдениетіңіздің жалпы деңгейін ұсынылып отырған шәкіл бойынша анықтаңыз.

 

 

 

 

Балдар жиынтығы

Деңгейлер

10-18

Өте төмен

19-27

Төмен

28-36

Орташадан төмен

37-45

Орташадан сәл төмен

46-54

Орташа

55-63

Орташадан сәл жоғары

64-72

Орташадан жоғары

73-81

Жоғары

82-90

Өте жоғары

 

Жеке тұлғаның шығармашылық

әлеуетінің деңгейін бағалау

 

Төменде ұсынылып отырған тест 9 балдық шәкіл бойынша тұлғалық сипатты немесе тұлғаның шығармашылық әлеуетінің даму деңгейін сипаттайтын олардың пайда болу жиілігін өзінше бағалауға мүмкіндік береді (бағалау әдістері алдыңғы тестідегідей).

 

Тест сұрақтары

Бағалар шәкілі

1. Бастаған істі логикалық аяқтау сізде жиі бола ма?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

2. Егер барлық адамдарды ойша логиктерге және эвристиктерге, яғни идеялардың генераторына бөлетін болсақ, сіз қандай дәрежедегі идеялар генераторы болар едіңіз?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

3. Өзіңізді қандай дәрежеде табанды адам деп санайсыз?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

4. Сіздің соңғы «өніміңіздің», еңбектеріңіздің көбіне батапқы жобаңыздан, ойыңыздан айырмашылығы қандай деңгейде?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

5. Адамдардың берген уәдесін орындау үшін талап қоя білу және табандылық көрсетуге қабілетіңіз қандай деңгейде?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

6. Сіз басқалардың атына жиі сын айтасыз ба?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

7. Туындаған проблемалар шешімінің сіздің күш-қуатыңыз бен табандылығыңызға байланыстылығы қандай деңгейде?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

8. Ұжымыңыздағы адамдардың қанша пайызы сізді, сіздің батамаңызды, ұсыныстарыңызды қолдайды? (1 ұпай 10% шамасында)

1,2,3,4,5,6,7,8,9

9. Көңіл-күйіңіз көңілді және оптимистік жағдайда жиі бола ма?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

10. Егер соңғы жыл бойында сіз шеккен проблемаларды шартты түрде теориялық және практикалық деп бөлсе, онда соның ішіндегі практикалық проблемалардың үлес салмағы қандай?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

11. Өз принциптеріңізді, көзқарастарыңызды жиі қорғайсыз ба?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

12. Сіз үшін өмірлік маңызы бар проблемаларды шешуге көпшілдігіңіз бен тіл табыса білушілігіңіз қандай дәрежеде ықпал етеді

1,2,3,4,5,6,7,8,9

13. Ұжымдағы күрделі проблемалар мен істерді шешудегі басты жауапкершілікті өзіңізге жиі аласыз ба?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

 

14. Идеяларыңыз бен жобаларыңызды өмірде қандай дәрежеде іске асырдыңыз?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

15. Жұмыста немесе оқуда тапқырлық және ұтымдылық көрсету арқасында өз қатарластарыңыздан жиі ала шығасыз ба?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

16. Жолдастарыңыздың, жақындастарыңыздың арасында көпшілігі сізді тәрбиелі, интелегент деп санай ма?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

17. Сіздің өміріңізде қабылдағандарыңыз достарыңыз үшін күтпеген, жаңа іс болып көрінген жағдайлар жиі бола ма?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

18. Өз өміріңізді түбегейлі өзгерту немесе көне проблемаларды шешуде жаңа тәсілдер табу жиі кездесті ме?

1,2,3,4,5,6,7,8,9

 

Жинақталған      қорытынды      ұпай      негізінде      өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді анықтаңыз.

 

Балдар жиынтығы

Деңгейлер

18-39

Өте төмен

40-54

Төмен

55-69

Орташадан төмен

70-84

Орташадан сәл төмен

84-99

Орташа

100-114

Орташадан сәл жоғары

115-129

Орташадан жоғары

 

 

 

 

130-142

Жоғары

143-162

Өте жоғары

 

Мұғалімнің конструктивтік-мазмұндық және конструктив-тік - жедел білігінің қалыптасуын бағалау.

 

2 балл - білігі жоғары; 1 - білігі бар; 0 - жоқ.

 

Біліктілік сипаты

Балл

1.

I. КОНСТРУКТИВТІК-МАЗМҰНДЫҚ Алдағы және ағымдағы жоспарлауды іске асыра білу

 

2.

Сабақтың тиімді құрылымын таңдау және оны композициялық құруды анықтай білу

 

3.

Сабақ материалын анық жоспарлай білу:

1-бір сабаққа керекті материалдарды таңдап алу, ондағы негізгісін, бастысын ажыратып көрсету;

2-теориялық материалды жеңіл және қарапайымнан қиындау және күрделіге қарай орналастыру;

3-сабақтағы демонстрациялық эксперименттің орны мен сипатын анықтау; 4-есептер мен жаттығуларды оқушылар үшін қиындығының артуына қарай орналастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.

Оқушылардың      сабақтағы      жұмысын жоспарлай білу:

1-жаңа   материалды   игерудегі    сынып-тың,     жекелеген     оқушылардың     оқу жұмыстарының тиімді түрін таңдау;

2-оқушылардың   әр   түрлі   топтарының өткен    материалды    тексеру    кезіндегі қызметінің сипатын анықтау;

3-іс-әрекеттің кейбір түрінде оқушыларда туындайтын қиындықтарды қарастыру;

4-оқушылардың      оқу      жұмысындағы бір   сабақтан   екінші  сабаққа дербестік дәрежесін көтеру.

 

 

 

 

 

 

 

5.

Сабақта өз жұмысын жоспарлай білуі:

1-сабақтың әр кезеңіне уақытты тиімді

бөлу;

2-бір кезеңнен екінші кезеңге қисынды

көшуді жоспарлау;

3-сабақтың  әр  кезеңінде   оқушылардың

жаңа материалды меңгеруіне басшылық

сипатын анықтау;

4-сабақ    барысын    өзгертудің    мүмкін

жолдарын қарастыру.

 

 

 

6.

II. КОНСТРУКТИВТІК-ЖЕДЕЛ

Педагогикалық қызметті психологиялық-педагогикалық   ғылымның   және    озық педагогикалық тәжірибенің ұсыныстарына сәйкес жүзеге асыра білу

 

7.

Оқытуда ақылмен тәрбиелеуді іске асыра білу

 

8.

Оқушыларды оқу білігі және дағдысымен қаруландыра білу

 

9.

Шығармашылық іс-әрекетке жағдай жасай білу

 

 

10.

Оқушылардың    оқуға    оң    көзқарасын, танымдық  қызығушылығы   мен   білімге құштарлығын    қалыптастыруға    жағдай жасай білу

 

11.

Қолайлы        психологиялық        жағдай, педагогикалық оптимизм жасай білу

 

12.

Оқытудың барлық құралдарын пайдалана білу

 

13.

Әр түрлі озық әдістерді пайдалана білу

 

14.

Оқушылардың оқу материалын игеруіне, олардың салыстыру, жинақтау, қорытынды жасау қабілеттеріне бақылау жасай білу

 

15.

Оқушылардың   ауызша   және   жазбаша жауаптарын талдай және дұрыс бағалау білу

 

16.

Педагогикалық қызметтің барлық түрін жоспарлай білу

 

17.

Дайын конспектіні тиімді пайдалана білу

 

18.

Оқушыларды  тану  әдістерін  пайдалана білу, жеке тұрғыдан келуді жүзеге асыра білу

 

19.

Сабаққа,  оның  ішінде  өзінің  сабағына психологиялық талдау жасай білу

 

20.

Өз қызметін, оның нәтижелерін талдай білу

 

 

Зерттеу білігін меңгеруі               

Мақсаты: білім беру қызметкерінің зерттеу білігінің кешенін анықтау.

Білім беру қызметкері меңгерген және сүйенетін біліктің тұсына

«+» белгісін қойыңыз.

 

Зерттеу білігі

Меңгеру дәрежесі

 

 

 

 

жақсы

нашар

меңгер-меймін

1.

Өзінің    педагогикалық шеберлігін         саналы түрде жетілдіру

 

 

 

2.

Өз   қызметінің   басты идеяларын             және нәтижелерін       талдау, сыни    бағалау,    бөліп көрсету

 

 

 

3.

Өз жұмысына психологиялық-педагогикалық ғылымның ұсыныстарын енгізу

 

 

 

4.

Зерттеу       тақырыбын таңдау және негіздеу

 

 

 

5.

Зерттеу       тақырыбын ұғынуға                қажет әдебиетті    таңдау,    өз тәжірибесін әдебиеттегі сол проблемаға сәйкес тәжірибемен салыстыру

 

 

 

 

6.

Зерттеу құралдары мен әдістерін болжау

 

 

 

 

7.

Зерттеу нысанын, пәнін, гипотезасын, мақсатын, міндеттерін, кезеңдерін анықтау және негіздеу

 

 

 

8.

Зерттеудің    өзіне    сай әдістемелерін табу және пайдалану

 

 

 

9.

Алынған нәтижелерді жинақтау, сипаттау және әдеби көркемдеу

 

 

 

10.

Зерттеудің соңында қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау және соның негізінде шешім қабылдау

 

 

 

11.

Зерттеу      жұмысының қорытындысы бойынша рефлекстеу

 

 

 

 

Зерттеу қызметін мотивациялау

 

Мақсаты: білім беру қызметкерлерінің зерттеу қызметтерінің басым мотивтерін анықтау.

Сіздің зерттеу қызметіне оң көзқарасыңыздың негізіндегі мотивтің тұсына «+» белгісін қойыңыз.

Мотивтер

 

1.

Әдістемелік білімі мен білігін жетілдіру

 

2.

Психологиялық-педагогикалық білімдерін толықтыру

 

3.

Педагогикалық тәжірибесін (оның ішінде өзінің) талдау және жалпылау

 

 

 

 

4.

Өзінің іс-тәжірибесіне озық педагогикалық тәжірибе идеяларын енгізу

 

5.

Өз жұмысында психологтар мен педагогтардың ұсыныстарын пайдалану

 

6.

Оқыту ықпалын болжау және бағалау

 

7.

Педагогикалық жағдайларды өз бетінше шешу

 

8.

Ғылыми-зерттеу    жұмыстарының    оқу-тәрбие процесін жетілдіруге әсері

 

9.

Оқыту    процесі    функциясын    жүзеге асыруды    қамтамасыз   ететін   біртұтас педагогикалық жүйе құру

 

10.

Интегралды біліктілікті қалыптастыру

 

 

Озық педагогикалық тәжірибені (ОПТ) зерттеу, жалпылау және енгізудің ғылыми негіздерін меңгеру.

Сәйкес бағанға «+» белгісін қойыңыз.

 

 

 

Сұрақтар

 

 

 

Жауаптар

Білімдер мен біліктерді меңгеремін

жақсы

нашар

меңгер-меймін

1.

Озық педагогикалық тәжірибенің маңызы

 

 

 

2.

Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері

 

 

 

3.

ОПТ-ні меңгерудің жұмыс жүйесі

3.1. Жұмыстың жалпы әдістемелік жүйесін айқындау

3.2. Жұмыстың жеке әдістемелік жүйесін айқындау

 

 

 

4.

ОПТ шарттары бойынша талдау

 

 

 

5.

ОПТ-ні жалпылау

 

 

 

6.

ОПТН-ні жалпылау жұмысының формалары мен әдістері

 

 

 

7.

Өз жұмыс тәжірибесін жалпылаудағы жұмыс кезеңдері

 

 

 

8.

Озық педагогикалық тәжірибені енгізу (кұру)

8.1.   Енгізу немесе құру себептері.

8.2.    Енгізу    процесінің анықталуы және мәні

8.3. Енгізу әдісі

8.4. Енгізу мақсаты

8.5. Енгізу құралдары

8.6. Енгізу нәтижелері

8.7. Енгізу объекті

8.8. Енгізу субъекті

8.9. Енгізу формалары

8.10. Енгізу принциптері 8.11.Оңтайлы енгізу шарттары

8.12. Сәтсіз енгізу себептері

 

 

 

 

 

Педагогикалық қабілетті зерттеу

 

Мақсаты: Педагогикалық қабілеттің даму деңгейін зерттеу

Нұсқау: Сіздің алдыңызда күрделенген педагогикалық жағдайлар қатары берілген. Әр берілген жағдайды оқи отырып, өз педагогикалық пайымдауыңыз бойынша көрсетілген нұсқаудың біреуін таңдайсыз. Егер берілген нұсқаулардың ешқайсысына көңіліңіз толмаса, онда жетінші нұсқаға өзіңіз дұрыс деген ойыңызды жазыңыз.

1) Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз. Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап: «Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап күлкім келеді».

Сіз қандай шешім қабылдайсыз? Төмендегі жауаптардың ішінен сіздің шешіміңізге сәйкес келетін жауапты белгілеңіз,

1. Қарай гөр, өзін!   

2. Саған не күкілі?

3. Еркің білсін.

4. Есің дұрыс па?

5. Көңілді адамдарды ұнатамын!

6. Сенің көңіл-күйіңді көтергеніме қуаныштымын.

7.__________________________________________________

2) Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң, оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз.»

1. Сенің ісің мұғалімге үйрету емес, өзің оқуың керек.

2. Әрине, мен сендерге ештеңе үйрете алмаймын.

3. Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғалімнен оқуың керек шығар.

4. Шындығына келгенде, сенің оқығың келмейді.

5. Неге олай ойлатыныңды білгім келеді.

6. Бұл туралы нақтырақ сөйлессек қайтеді? Мүмкін мен бір нәрсені дұрыс істемегендіктен сенде осындай ой қалыптасып отырған шығар?

          7. ___________________________________________________

3) Мұғалім оқушыларға тапсырма берді. Оқушы берілген тапсырманы орындағысы келмей:

- Орындағым келмейді, - деді

Мұғалімнің әрекеті қандай болады?

1. Орындағың келмесе орындатамын!

2. Онда сен неге мектепке келдің?

3. Дым білмей қалғаның өзіңе жаман. Сен оқымай өзіңе жамандық жасап тұрсың.

4. Мұның немен аяқталатынына сен есеп бересің бе?

5. Не себепті екенін сен маған тусіндіре аласың ба?

6. Мүмкін сенікі дұрыс шығар. Бұл туралы отырып сөйлесейікші.

7.________________________________________

4) Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай және жаңа тақырыпқа дұрыстап түсіне алмай, мұғалімге: «Мұғалім, мен келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?

Мұғалім не деп жауап беруі керек?

1. Шынымды айтсам, күмәнім бар.

2. Әрина, сен бұған күмәнданбай-ақ қой.

 

3. Қабілетің жақсы мен сенен үлкен үміт күтемін.

4. Неге сен өз-өзіңе сенбейсің?

5. Сөйлесіп қиындықтың неде екенін анықтап алайық

6. Бәрі екеуміздің бірігіп жұмыс істеуімізге байланысты.

7._____________________________________________

5) Оқушы: «Қазір сіз беретін сабаққа қатысқым келмейді, оның орнына мен достарыммен қыдырсам деймін», - деді.

Қалай жауап беру керек?

1. Осыдан, солай істеп көр.

2. Келесіде мектепке ата-анаңды ертіп келуіңе тура келеді.

3. Өзің біл емтихан тапсыратын өзің ғой. Сабақты босатқан күндеріңе бәрібір жауап беруге тура келеді.

4. Сен сабаққа ешқандай көңіл бөлмейтін сияқтысың?

5. Мүмкін саған мектепті тастау керек шығар?

6. Одан әрі сен не істеймін деп ойлайсың?

          7.Сенің сабақ оқығаннан гөрі, достарыңмен демалған, қыдырғаның неге қызықты екенін білу маған қызықты.

8.Мен сені түсінемін. Сабақ оқығаннан гөрі демалған, қыдырған, концертке бару қызықты. Бірақ неге бұлай ойлайтыныңды білгім келеді?

9.__________________________________________________

6) Есіктен кіріп келе жатқан мұғалімді көріп оқушы: «Сіз бүгін өте шаршаған кейіптесіз», - деді.

Бұған мұғалім қалай жауап беру керек?

1. Сенің тарапыңнан маған мұндай ескерту жасау дұрыс емес.

2. Ия, мен өзімді нашар сезініп тұрмын.

3. Өзіңді жөндеп ал!

4. Бүгін нашар ұйықтадым және жұмыстарым да көп болды.

5.  Уайымдама, менің шаршағаным біздің сабағымызға зиянын келтірмейді.

6. Қамқорлығыңа рахмет, сен өте байқағышсың.

7.___________________________________________________

7) Оқушы: «Менің ойымша сіздің сабағыңыздың маған ешқашан көмегі жоқ.... Мен сабақты тастасам ба?»

Бұған мұғалімнің жауабы:

1. Ондай ақымақтықты таста.

2. Ойлап тапқанын қарашы!

3. Мүмкін, саған басқа мұғалім табу керек шығар?

4. Сенің неге олай істейтініңді анығырақ білсем деймін.

 

5. Мүмкін, біз сенің жағдайыңды бірлесе отырып шешетін басқа жолдарды қарастырармыз?

6. Мүмкін сенің жағдайыңды басқаша шешерміз?

7._________________________________________________

8) Оқушы өзіне деген сенімділігін, білдіру үшін, мұғалімге: «Егер істеймін десем, кез-келген жұмысты атқара аламын. Керек десеңіз, сіздің беретін пәніңізді меңгеру, маған еш қиындық тудырмайды»

Мұғалімнің жауабы:

1. Сен өзіңді тым жоғары бағалайсың.

2. Қайдам? Сенің мына кабілетіңмен бе?

3. Сен бұлай деуіңе қарағанда, өз-өзіңе сенімді сияқтысың?

4. Егер істеймін десең, қолыңнан бәрі келетініне күмәнім жоқ.

          5. Ол үшін сенің көп еңбектенуің керек шығар.

 6. Шектен тыс сенімділік жұмысқа кері әсерін тигізеді.

 7._________________________________________________

9) Мұғалімнің берген ескертуіне, оқушы: «Мені өте қабілетті адам санайды!» - деп пәнді еш қиындықсыз меңгеретіндігін айтты.

Мұғалім қалай деп жауап беруі керек?

1. Сен бұл айтылған ойға сәйкес келмейсің.

2.   Сенің сабақтағы қиналғаныңа қарағанда, бұған білімің жетіңкіремейді

3. Көп адамдар өздерін солай санайды, Бірақ іс жүзінде көпшілігі олай болып шықпайды.

4. Өзің туралы мұндай жоғары ойда болғаныңа қуаныштымын.

5. Міне, енді өзіңнің оқуыңа одан да көп күш салуың керек.

6. Сен өзіңнің қабілетіңді, шамаңды білмей тұрған сияқтысың 7.__________________________________________________

10)   Оқушы мұғалімге: «Мен тағы да дәптерімді ұмытып кетіппін», - деді.

Не деп жауап беру керек?

1. Тағы да ма?

2. Бұл жауапсыздық қой!

3. Бұл іске енді басқаша қарау керек сияқты.

4. Неге екенін білуге бола ма?

5.   Сенде ең кұрымаса дәптерді ұмытпайтындай мүмкіндік болмады ма?

6. «Мен бұл туралы ылғи неге ескертеді деп ойлайсың?»

7.__________________________________________________

 

11)  Оқушы мұғаліммен әңгімелесіп тұрып: «Сіз маған басқа оқушыларға қарағанда, жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қалаймын», -деді.

Оқушының бұл ұсынысына мұғалім не деу керек?

1. Неге мен саған басқалардан гөрі ерекше қарауым керек?

2. Кімге қалай қарау керек екенін өзім білем.

          3. Сен сияқты өтініш жасайтын адамдар маған ұнамайды.

4. Неге мен сені басқа оқушылардан бөле-жара қарау керектігін білгім келеді?»

          5. Егер мен сені басқалардан ерекше жақсы көремін десем,  өзіңді жақсы сезінер ме едің?»

6.Қалай ойлайсың, шындығында мен саған қандай көзқарастамын?

7._________________________________________________

12) Оқушы мұғалімге осы пәнді дұрыстап түсіне алмайтындығын айтып: «Мені не алаңдататынын айттым. Мұның себебін және одан әрі не істеу керектігімді айтыңыз».

Мұғалім не деуі керек?

1. Меніңше сенің өзіңе көңілің толмайтын сияқты.

2. Бұған алаңдайтын ешнәрсе жоқ.

3. Мен бұл туралы өз ойымды айтпас бұрын, жағдайды тереңірек біліп алуым керек.

4.  Шамалы күте тұрайық, біраз жұмыс істеп алып барып, бұл жағдайға қайтып оралайық. Біз шешімін табатын сияқтымыз.

5.  Мен саған тура қазір жауап бере алмаймын. Сәл ойлануым керек.

6.  Алаңдама, менің де сендей кезімде дәл осындай қиындық болған.

7.__________________________________________________

13) Оқушы, мұғалімге: «Маған сіздің сөйлегеніңіз, сабақ түсіндіргеніңіз ұнамайды»

Мұғалімнің жауабы қандай болу керек?

1. Бұл жақсы емес.

2. Сен бұл туралы ештеңе түсінбейтін сияқтысың.

3.Бұдан арғы сабақтарда сенің көзқарасың өзгереді деген ойдамын.

4. Неге?

5. Сабақты калай түсіндіргенімді қалайсың?

6. Әр адамның қабылдауы әр түрлі.

7. Мен не үшін, кім үшін сабақ түсіндіреді деп ойлайсың?

8. __________________________________________________

14) Оқушы сыныптасымен қарым-қатынасының нашар екенін көрсете отырып: «Мен онымен бірге оқығым келмейді».

Мұғалім не деуі керек?

 

1. Ия, тағы не айтасың?

          2. Қаламасаң да, бірге оқуға тура келеді.

3. Бұл сенің тарапыңнан дұрыс емес.                               

4. Осы сөзді естігеннен кейін оның да сенімен оқығысы келмейді.

5. Неге?

6. Менің ойымша сенікі дұрыс емес.

7. ________________________________________

Нәтижені бағалау. Берілген жауапты қорыта отырып, сапалы түрде бағалаған дұрыс. Егер зерттелушінің жауабын сандық түрде, әрі жауаптың ұпайын шығару керек болса, 1- кестеде берілген кілтке салынып есептелінеді. Зерттелуші өз ойын жазған нұсқа бөлек бағаланып, бағасы жалпы ұпайға қосылады.                                                                                      

1-кесте

 

Педагогикалық жағдайлардың реттік саны

Таңдап алынған нұсқа және оның ұпайлық бағасы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

4

3

4

2

5

5

-

-

2

2

2

3

3

5

5

-

-

3

2

3

4

4

5

5

-

-

4

2

3

3

4

5

5

-

-

5

2

2

3

3

2

4

5

5

6

2

3

2

4

5

5

-

-

7

2

2

3

4

5

5

-

-

8

2

2

4

5

3

3

-

-

9

2

4

3

4

4

4

-

-

10

2

3

4

4

5

5

-

-

11

2

2

4

4

5

5

-

-

12

2

3

5

5

5

5

-

-

13

3

2

4

4

4

4

5

-

14

2

2

4

4

5

5

-

-

 

Егер зерттелуші 4,5 ұпай жинаса, оның педагогикалық қабілет жоғары деңгейде деп есептелінеді.

Орташа ұпай 3,5-4,4, ұпай аралығында болса, педагогикалық қабілеті орта деңгейде дамыған болып саналады.

3,4 ұпай жинаса, педагогикалық қабілет төмен деңгейде деген сөз.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

 

1. Абдуллина О.А.Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. - М.: Просвящение, 1990.- 141с.

2. Ахметова Г. К., Исаева 3. А. Педагогика для магистратуры. -Алматы: Қазақ университеті, 2006.

3. Архангельский С.И. Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы. - М.: Высшая школа, 1980.

4. Аскарбаева А Ұстаз ізденістері Алматы 1987

5. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп. Инабаттылық дәрістері Алматы, 1998

6. Азаров Ю.П. Искусство воспитывать. М., 1985

7. Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004.

8. Бондаревский В.Б. Воспитание интереса к знаниям и потребности к самообразованию. М., 1985.

9. Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования. - Гомель, 1989.- 90с.

10. Берікұлы Н. Педагогика. Оқу құралы. - 2004

11. Бабанский Ю.К., Ильина Т.А., Жантекеева 3.У. Педагогика высшей школы. - А-Ата, 1986.

12. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика учебн. Для вузов.-СПб,:Питер,2001-304с.

13. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л. И. Рувинский, В.А. Кан-Калик, Д.И. Гришин и др. - М.: Просвещение, 1988.-208с.

14. Виленский М.Я., Образцов П.И., Уман А.И. Технология профессионально-ориентированного обучения в высшей школе. -М.: Российского пед. Общество, 2004.-192с.

15. Дусавидцкий А.К. Воспитывая интерес. М., 1984

16. Джуринский А.Н. Развитие образования в мире. - М., 2000.

17. Гершунский Б.С. Философия образования XXI века. - М.: Изд-во «Совершенство», 1998-608с.

18. Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М., 1990

19. Гусев. Секреты педагогического мастерства. А., 1996

20. Гопобошин Ю.Н. Книга об учителе. М., Просвящение, 1965

21.  Емсаков С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя. М., Просвящение, 1989

22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы Алматы 1995

23. Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя - М., 1989

24. Ершов П.М., Ершова А.П., Букатов В.М. Общение на уроке, или режисура поведения учителя. - М.: Московско психолого-социальный институт, Флинта, 1998.- 336с.

25. Жармекова Г.С. Культура профессионально-педагогического общения будущего учителя (учебное пособие). – Алматы; Издательский дом КазГЮУ, 2002. - 120с.

26. Зимняя И.А. Педагогикалық психология:/ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова М.: Логос; Алматы: ТSТ-company, 2005. -368 б.                                                                             

27. Зязюн. Основы педагогического мастерства М., 1989

28. Интыкбаева А.Б. «Формирование основ. Профессионально-коммуникативных умений и навыков у будущего»

29. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активные методы и форма обучения в высшей школе. - Алматы: Қазақ университеті, 2006.

30. Лысенкова С.Н. Методами опережающего обучения. М., 1988.

31. Львова Ю.А. Творческая лаборатория учителя. М., 1985

32. Липник В.Н. Интерес в педагогическом учении К, Д, Ушинского //К. Д. Ушинский и современность: Сб. Л., 1975.

33. Матюхина М.В. Мотивация учения младших школьников. М., 1984.

34. Морозова Н.Г. Учителю о познавательном интересе. М., 1979.

35. Молдағалиев Б.А. Мектеп мұғалімінің анықтамалығы. -Орал, 2005.-Б-19-25.

36. Мынбаева А.К. Основы педагогики Высшей школы; учебное пособие. - Алматы, 2008. -156 с.

37. Мынбаева А.К., Садвакасова 3.М. Инновационные методы обучения. - Алматы, 2007. - 284с.

38. Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал.-М., 1994                                                                      

39. Морева Н.А. Технология профессионального образования. -М.: Академия, 2005.-432с.

40. Насырова Г.И. Профессиональная адаптация будущих учителей. В сб: Формирование социальной активности личности учителя. М., 1985. Б. 58-63.

50. Национальные системы образования: общая характеристика, структура. - Алматы: РОНД, 2004.-160 с.

51. Назарова Т.С. Некоторые данные изучения учебных интересов учащихся первых классов // Учение записки ЛГПИ им. А.И. Герцена. 1967. Т.300

52. Кертаева Ғ.М. «Рахат» мектебі: жаңа ғасырға - жаңа мектеп. Павлодар, 2005.-297 б.

54. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. – М.: Педагогика, 1990.- 144с.

55. Кан-Калик. Учителю о педагогическом общении. М., 1987

56. Кузьмина Н.В. Очерки психологии труда учителя. Л., Изд. Ленинградского университета, 1967

57.Кузьмина Н.В. Методы исследования педагогической деятельности. Л., Изд. Ленинградского университета, 1970

58.Кузьмина Н.В. Методы системного педагогического исследования. Л., 1980

59.Кредитная система обучения в вузе, - Алматы: Қазақ университеті, 2006,-180 с.

60. Құрманалина Ш.X., Мұқанова Б.Ж.. Педагогика: Астана, 2007.

61. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы-2002

62. Кондратеньков А.В. Труд и талант учителя: факты, мысль. М., 1989

63. Пидкасистый П.П., Портнов М.Л. Искусство преподавания. М., Роспедагенство, 1998.

64. Педагогика и психология высшей школы.- Ростов-на-Дону: Феникс, 2002.-144с.

65. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.-512с.

66. Рувинский Л.И. Мамандыкқа кіріспе: Алматы «Ана тілі» 1991

67. Рыданова И.И. Основы педагогики общения.-

Мн. :Беларуская навука,1998.-319с.

68. Ряченко. Нот учителя. М., 1989

69. Сластенин В.А. Формирование личности учителя советской школы в процессе профессиональной подготовки. М., Просвящение, 1976

70. Сейталиев Қ. Педагогиканың жалпы негіздері. - Ақтөбе, 2004.-Б.-188-211.

71. Станкин Н.И. Профессиональные способности педагога: Ахмеология воспитания и обучения.- М.: Московский психолого-социальный институт; Флинта, 1998.- 368с.

72. Снайдер М.. Снайдер Р. Ребенок как личность. М., 1997.

73. Симонов В.П. Педагогический менеджмент. М., 1997.

74. Симонов В.П. Диагностика личности и профессионалыюе мастерство преподавателя. М., 1995.

75. Синица И.Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. Ал-маты, Мектеп, 1997

76. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Ширяев Е.Н. Педагогика. -М.: Академия, 2002-576 с.

77. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. М., 1984.

78. Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. Киев. 1973.

79. Формирование интереса к учению у школьников / Под ред. А. К. Марковой. М., 1986.

80. Самуйленков Д.Ф. Мастерство, педагогический такт и авто-ритет учителя. Смоленск, 1961

81.Сұлтанова Ғ.Педагогика. студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру.Алм.2007

82. Чернокозова В.Н. Этика учителя. -Киев, 1973

83. Устемиров К., Шаметов Н.Р., Васильев И.Б. Профессиональ-ная педагогика. Алматы 2005. -432 с.

84. Учителю о педагогической технике. / Под ред. Л.И.Рувин-ского. Педагогика, 1987

85. Хозяинов Т.И. Педагогическое мастерство преподавателя. М., 1988.

86. Щукина Г.И. Проблема познавательного интереса в педагогике. М., 1971.

87. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника. М., 1974.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.

Серке Қожамқұлов

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.

Мәлік Ғабдуллин

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айта-тын адамы - мұғалім.

Ғабит Мүсірепов

Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбаев

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім -мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин

Ұстаз...жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын...алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Әл-Фараби

Халыққа білім беру саласында істеліп жатқанның бәрі сайып келгенде бала үшін емес, мемлекеттің мүддесі үшін екенін әрбір мұғалім ұмытпауға тиісті.

М.Аринори

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол - кемел ұстаз.

К.Д.Ушинский

Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.

Спандияр Көбеев

Шәкірті жоқ ұстаз - мылқау ұстаз

Ыбырай Жақаев

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Педагогикалық шеберлік пәнінен сабақ жоспарлары топтамасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 151 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2015 18774
    • DOCX 259.2 кбайт
    • 294 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Cултанова Гайни Тукеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Cултанова Гайни Тукеновна
    Cултанова Гайни Тукеновна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 86780
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе