Инфоурок Математика Другие методич. материалы«Педагогикалық практика-кәсіби құзіреттілікке қадам» атты баяндама

«Педагогикалық практика-кәсіби құзіреттілікке қадам» атты баяндама

Скачать материал

 

Орал гуманитарлық – техникалық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама:

 «Педагогикалық практика-кәсіби құзіреттілікке қадам»

 

 

 

 

 

 

 

                                    

 

 

                                                                                      Н.Е.Ибатова

Орал  гуманитарлық –

техникалық колледжінің

                                                                              математика пәнінің оқытушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

 

     Педагогикалық практика-кәсіби құзіреттілікке қадам

 

Педагогикалық колледжде бастауыш сынып мұғалімінің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы даярлығы маңызды әлеуметтік міндет атқара отырып, студенттерде жалпы педагогикалық және әдістемелік білім мен біліктіліктерді қалыптастыруды көздейді. Себебі, ондай дайындық біріншіден, педагогикалық колледжде бастауыш сынып мұғалімінің маман ретінде қалыптасу ерекшеліктерін анықтайды; екіншіден, ол кәсіптік даярлықтың барлық құраушыларын қамтитын жүйелі сала болып табылады; үшіншіден, педагогикалық колледждегі оқу-тәрбие үдерісінің кәсіптік-педагогикалық бағыттылығын, жан-жақты дамыған мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастыру бағытын айқындайды.

1.     Мұғалімнің әдістемелік дайындығы  теориялық негіздерді, нақты білімді игеруге және бастауыш мектепте оқушыларға математиканы оқыту үдерісін жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған оқыту.

2.     Колледжде бастауыш сынып мұғалiмдерiн математикадан  әдістемелік дайындау арнайы ұйымдастырылған білім беру жүйесi арқылы жүзеге асырылады.

3.     Тұлғаға бағдарлану қағидасы бастауыш сынып оқушыларының математикаға қызғушылығын арттыру, математикалық қабілеттерін қалыптастыру, логикалық ойлауларын дамыту арқылы орындалады. Бұл аталған міндеттердің оң шешімін табу, педагогикалық колледжде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан әдістемелік дайындығын арттыру, атап айтқанда олар оқушыларды дамыта оқыту әдістемесін ұтымды игергенде ғана мүмкін болады.                                                                                         

Студенттерді мұғалімдік қызметке кәсіби даярлаудың басты кезеңдерінің бірі – педагогикалық практика. Педагогикалық практика барысында студенттер оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары мен негізгі қағидаларын саналы түрде түсініп, кәсіби білік пен дағдыларды, педагогикалық іс-әрекет тәжірибелерін меңгеріп, мұғалім еңбегінің ғылыми-теориялық негіздерін түсініп, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу ісіне белсенді қатысады. Педагогикалық практиканың басты мақсаты – студент пен мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру және мұғалім тұлғасының бойындағы кәсіби қасиеттерді қалыптастыру.

Педагогикалық практика кезінде студенттер мұғалімнің кәсіби іс-әрекеттерінің мынадай белгілі бір бағыттарын жүзеге асыру білігін меңгеру міндеттерін шешеді:

-       жеке жоспар құру;

-       сабақтың жоспарын құру, мақсатын анықтап, оны жаза білу, оқу материалын, әдістерін және құралдарын іріктеп таңдай білу, оқушылардың оқу материалын меңгеруде мүмкін болатын қиыншылықтарды алдын-ала болжай білу, сабақтың түрі мен оның құрылымын анықтау және т.с.с. білу.

Кәсіби-педагогикалық практиканың ерекшелігі – студенттер мұғалімнің кәсіби еңбегінің проблемалары шеңберіне еніп, оның жұмысының нақты мазмұнымен және көлемімен танысады, әрбір студент мұғалім іс-әрекетінің барлық түріне қатысады. Практика кезінде студент мазмұны жағынан да, көлемі жағынан да кәсіби мұғалімнің жұмысын атқарады. Кәсіби практиканың тиімділігін арттыру міндеті теориялық білімді саналы түрде қолдануды талап етеді. Практика барысында пән мұғаліміне тән кәсіби-педагогикалық білікті меңгеруге жағдай жасайды. Мысалы, сабақтың ақпараттық, коммуникативтік және проблеманы шешу құзіреттілігі мақсаттарын анықтап шеше білу, оқу материалын іріктей білу, оқытудың түрлерін, әдістерін, тәсілдерін,оқу  құралдары мен техникалық құралдарын таңдай білу, т.с.с. Көптеген студенттердің педагогикалық жұмысқа қызығушылық сезімі кәсіби педагогикалық практика кезінде оянатынын тәжірибе көрсетіп жүр. Тәжіриебелі мұғалімдердің өнегесі, оқушылармен күнделікті қарым-қатынас, студенттердің мұғалімдік мамандыққа қызығушылығын арттыруға, балаларды сүюге, мектеп жұмысына жауапкершілік көзқарас қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Кәсіби педагогикалық практика кезіндегі оқу-тәрбие процесі болашақ мұғалімге өзінің мұғалімдік жұмысқа қаншалықты дайын екендігін тексеруге, өзіндік қабілетін бағалауға, мұғалімдік жұмысқа қойылатын талаптар тұрғысынан өзі қаншалықты сәйкес екендігін білуге мүмкіндік береді. Кәсіби практиканың тиімділігі, көбінесе, студенттердің белсенділігіне, жұмысқа шығармашылық көзқарастарына байланысты. Сонымен қатар студент оқу процесінде алған теориялық білімін практикалық іс-әрекетінде сапалы түрде қолдана білуі маңызды. Педагогикалық практика кезіндегі студенттердің іс-әрекетін зерттеу теориялық білімнен практикаға көшу өздігінен болмайтындығын көрсетті. Педагогикалық практиканың  міндеттері студенттердің оқушыларға білім мен тәрбие беруде заманауи мұғалімге қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін педагогикалық практика кезінде студент болашақ математика мұғалімі, әдіскер мен педагогика және психология кафедраларының оқытушыларының көмегімен мыналарды үйренуге тиіс:

-       математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі және арнайы пәндерді, педагогиканы, психологияны оқығандағы алған теориялық білімдерін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып практикада қолдануды;

-       мектептің оқу-тәрбие жұмысын өз бетімен жоспарлауды және жүргізуді, оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеуді, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде шығармашылық белсенділік көрсетуді;

-       мектептің мұғалімдер ұжымының, тәжірибелі математика мұғалімдерінің тәжірибесін үйрену.  

Сонымен қатар педагогикалық практика студенттерді болашақ математика мұғалімі мамандығына кәсіби даярлау үшін мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

-       оқу орнында студенттердің арнайы математика пәндерінен алған білімін тереңдету және бекіту;

-       олардың математика мұғалімі мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыра түсу;

-       математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген студенттердің ықыласын тудыру;

-       математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша курстық жұмыстарға материал жинақтауға, педагогикалық эксперимент жүргізуге көмектесу.

Бұл міндеттерді шешу үшін студенттерге педагогикалық практика кезінде орындау үшін арнайы тапсырмалар беріледі. Педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының докторы, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж директоры Ш.Х.Құрманалинаның басшылығымен педагогикалық колледждерге арнап  жазылған «Кәсіптік практика» оқу бағдарламасының негізгі мақсат- міндеттері осылар. Осы бағытта Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі  Орал қаласының мектептерімен тығыз қарым-қатынаста еңбек етуде. Педагогикалық колледждің- әлеументтік серіктестікке материалдық-техникалық базасы бар, тәжірибелі ұстаздарынан көмек алатындай мықты мектептерді таңдап алуы, студенттердің кәсіби құзіретті  маман болуына бағыт беретін бірден-бір себепші орта деп айтуға болады. Мұғалімдер мен студенттердің педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында  колледжбен мектеп ұжымдары бірлескен әдістемелік семинарлар, ғылыми –практикалық конферанциялар, дөңгелек үстелдер, педагогикалық кеңестер ұйымдастырып отырады. Кәсіби педагогикалық практика кезінде студенттердің педагогикалық іс-әрекетке дайындық дәрежесі айқындалады, қабілеттілігі мен мұғалімге қойылатын талаптарға сәйкес кәсіби қасиеттері қалыптасады. Бұл педагогикалық колледждің мектеп ұжымымен бірлескен жұмысының нәтижесі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     О.А. Абдуллина   Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М.: Просвещение, 1990. 141 с.

2.     А. Нұғысова   Математика мұғалімінің кәсіби-педагогикалық біліктілігі. Талдықорған: «Принтланд», 2006.

3.     Ш.Қ. Құрманалина  «Кәсіптік практика» -үлгілік оқу бағдарламасы.

Астана,2011

4.      У.Б.Жексенбаева, Г.Б.Ниязова  Проектная деятельность в образовательном процессе.12 жылдық білім-7.07,2006

 

 

 

 

Аты –жөні: Ибатова Нәсіпханым Ермекқызы

Жұмыс орны: Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Телефон: 8 701 431 05 30     8 (7112) 52 57 59

E-mail:kz_ibatova@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Педагогикалық практика-кәсіби құзіреттілікке қадам» атты баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Педагогикалық колледжде бастауыш сынып мұғалімінің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы даярлығы маңызды әлеуметтік міндет атқара отырып, студенттерде жалпы педагогикалық және әдістемелік білім мен біліктіліктерді қалыптастыруды көздейді. Себебі, ондай дайындық біріншіден, педагогикалық колледжде бастауыш сынып мұғалімінің маман ретінде қалыптасу ерекшеліктерін анықтайды; екіншіден, ол кәсіптік даярлықтың барлық құраушыларын қамтитын жүйелі сала болып табылады; үшіншіден, педагогикалық колледждегі оқу-тәрбие үдерісінің кәсіптік-педагогикалық бағыттылығын, жан-жақты дамыған мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастыру бағытын айқындайды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 269 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2015 2871
    • DOCX 1.3 мбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибатова Насипканым Ермековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибатова Насипканым Ермековна
    Ибатова Насипканым Ермековна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29622
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 175 человек из 44 регионов

Курс повышения квалификации

Методические и практические аспекты развития пространственного мышления школьников на уроках математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 27 регионов

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 29 регионов

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе