Паскаль
программалау тілі. Программа құрлымы. Сызықтық программа
Программа
құрлымы.
Паскаль
тілін 1968 – 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып үйренуге қолайлы
программалау тілі ретінде ұсынған болатын.
Turbo сөзі ағылшын
тілінен аударғанда үдету, тез, жылдам деген
мағынаны білдіреді.
Күрделі есептер
мен математикалық есептердің программасын машиналық кодқа өте жылдам аударатын
болғандықтан Turbo Pascal программалау тілі деп аталған.
Программа
интерфейсі. Программа шақырылғаннан кейін жұмыс үстелінде
мәтіндік редактор терезесі ашылады, бұл жерде пернетақтада немесе
мәзір жүйесі арқылы программа жазуға, түзетулер жүргізуге болады. Мәзір жолы
терезенің жоғарғы жағында орналасқан. Программа интерфейсі мынадай терезелерден
тұрады: меню жолы, терезені жабу, терезенің орынның ауыстыру, файлдың атауы,
терезе нөмірі, терезені тұтас ашу, терезе көлемін өзгеру, айналдыру жолағы,
курсордың тұрған орнын, жұмыс үстелі
Енді
паскаль тілінің құрлымын есімізге түсірейік. Паскаль тіліндегі программа үш
бөлімнен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның
тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерін сипаттау бөлімі
жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің
жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше
бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір
немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Операторлар бөлімі
– программаның орындалу бөлімі. Ол Begin қызметші сөзінен басталып End сөзінен
аяқталады. End сөзінің соңына нүкте қойылуы тиіс, ол программаның аяқталу белгісі.
BASTAU;
|
Сипаттау
бөлімі
|
Begin
|
Операторлар
бөлімі
|
End.
|
Жазылған
программаны орындау үшін мәзір жүйесіндегі Run бөліміне
ену керек немесе F9 пернесін басу арқылы орындайды. Программаны
орындауға жібергеннен кейін жүйе транслятор (интерпретатор) арқылы Паскаль
тілінде жазылған программаны машина тілінде жазылған кодтарға ауыстырады да,
программадан синтаксистік қателерді іздейді. Егер программа
ішінде қате болса, онда программа орындалмайды, қайтадан программаны түзетуге
ашады. Программаның жоғарғы жағында қызыл жолмен жазылған хабарлама
шығады. Esc пернесін басқан соң ол жол
кетеді де, курсор қатесі бар жолда орналасады. Қате туралы мәлімет алу
үшін Ctrl+F1 пернелерін бірге басады.
Қателер
түзетілгеннен кейін ғана программа орындауды бастайды. Айнымалыларға мән беру
үшін Ctrl+F9 пернесін басу керек. Нәтижесін
көру үшін Alt+F5 пернелерін бірге басу керек. Қайтадан
редактірлеу терезесіне шығу кез-келген пернені басу арқылы орындалады.
Арифметикалық функциялар
№
|
Математикалық
түрде жазылуы
|
Паскаль тілінде
жазылуы
|
Атқаратын
қызметі
|
Функция типі
|
1
|
|
abs (x)
|
аргументтің абсолюттік шамасы
|
x-тің типіндей
|
2
|
arctg x
|
arctan(x)
|
аргументтің арктангенсі
|
нақты
|
3
|
cos x
|
cos (x)
|
аргументтің косинусы
|
нақты
|
4
|
sin x
|
sin (x)
|
аргументтің синусы
|
нақты
|
5
|
|
exp (x)
frac (x)
|
e-нің х
дәрежесі
x санының бөлшек
бөлігі
|
нақты
|
6
|
|
int(x)
|
x санының бүтін
бөлігі
|
нақты
|
7
|
ln x
|
ln(x)
|
x санының натурал
логарифмі
|
нақты
|
8
|
|
pi
|
-дің мәні pi=3.14159265
|
|
9
|
|
sqr(x)
|
x-тің квадраты
|
х-тің
типіндей
|
10
|
|
sqrt(x)
|
x-тің квадрат
түбірі
|
нақты
|
Арифметикалық амалдар
№
|
Белгілер
|
Операциялар
|
Операндтар типі
|
Нәтиже типі
|
1
|
+
|
Қосу
|
Екеуі де бүтін, не біреуі бүтін,
біреуі нақты
|
Бүтін, нақты
|
2
|
-
|
Азайту
|
Екеуі де бүтін, не біреуі бүтін,
біреуі нақты
|
Бүтін, нақты
|
3
|
*
|
Көбейту
|
Екеуі де бүтін, не біреуі бүтін,
біреуі нақты
|
Бүтін, нақты
|
4
|
/
|
Бөлу
|
Бүтін немесе нақты
|
Нақты
|
5
|
Div
|
Бүтін бөлу
|
Бүтін
|
Бүтін
|
6
|
Mod
|
Бүтін қалдық
|
Бүтін
|
Бүтін
|
Сандық
айнымалыларды әр түрлі беруге болады, олардың түрлеріне қарай (бүтін,
нақты)
Бүтін тип.
Айнымалы типі
|
Атауы
|
Мәндерінің өзгеруі
|
Жадыда алатын орын
|
ShortInt
|
Қысқа бүтінді
|
-127 – +127
|
1 байт
|
Byte
|
Байт
|
0 – 255
|
1 байт
|
Integer
|
Бүтін
|
-32768 – 32767
|
2 байт
|
Word
|
Сөз
|
0 – 65535
|
2 байт
|
LongInt
|
Ұзын бүтінді
|
-2147483648 – 2147483647
|
4 байт
|
Нақты тип.
Айнымалы типі
|
Диапазон
|
Мәнді цифрлары
|
Қажетті жады
(байт)
|
Real
|
-
|
11-12
|
6
|
Single
|
|
7-8
|
4
|
Double
|
-
|
15-16
|
8
|
Extended
|
-
|
19-20
|
10
|
Comp
|
-
|
19-20
|
8
|
Мәліметтерді
енгізу, шығару операторлары
Паскаль тілінде
енгізу, шығару операторлары процедура болып анықталады.
Енгізу
операторы есеп шығаруға қажетті берілген мәліметтерді
пернелерден немесе дискідегі файлдан программаға енгізу үшін қолданылады. Ол
үшін мына операторлар пайдаланылады:
Read
(<айнымалылар тізімі>);
Readln
(<айнымалылар тізімі>);
Read оператор аты
«оқу» дегенді білдіреді
Readln «қатарды
оқу» дегенді
білдіреді
Шығару
операторлары есептің нәтижесін экранға немесе файлға
басып шығару үшін қолданылады. Шығарылатын параметрлер бір-бірімен
үтір арқылы ажыратылып, Write түйінді сөзінен соң жай жақша ішіне жазылады. Бұл
операторлардың жазылу форматы :
Write(<айнымалылар,
тұрақтылар, арифметикалық өрнектер>);
Writeln(<айнымалылар,
тұрақтылар, арифметикалық өрнектер >);
Мысалы, Write(2+У,
Х); Writeln (‘A=’, а); Write(а, с);
Turbo Pascal программалау
тілінде стандартты математикалық функциялардың қолданылуы.
Сызықтық
программа
Сызықтық программа дегеніміз командалары
бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын программа.
1есеп. Екі
қабырғасы мен арасындағы бұрышы берілген үшбұрыштың үшінші қабырғасын және
ауданын табу программасын құырыңдар.
Program audan;
Var a,b,x:integer;
c,S:real;
Begin
Write (‘ushburish
kabirgalarin zhane burishti engiz’);
Read(a,b,x);
c:=sqr(a)+sqr(b)-2*a*b*cos(x*pi/180);
S:=1/2*a*bsin
(pi*x/180);
Writeln(‘ushburish
audani=’,S,’ushburish kabirgasi=’,c);
End.
2есеп. Берілген
үш таңбалы бүтін санның цифрларының қосындысын табыңдар.
Program san;
Var
x,a,b,c,d,S:integer;
Begin
Write (‘ush
tanbali butin san engiz’);
Read(x);
a:=x div 100; b:=x
mod 100;
c:=b div 10; d:=b
mod 10;
S:=a+c+d;
Writeln(‘S=’,S);
End.
3 есеп. Цилиндрдың
көлемі
V,
ауданы
S
берілген. Цилиндрдың биіктігін H есептеңіз.
Program cilindr;
Var V,S,H:integer;
Begin
Write (‘cilindrdin
kolemin, audanin engiz’);
Read(V,S);
H:=V/S;
Writeln(‘H=’,H);
End.
4 есеп. Қараша
айында дүкенде а млн теңгеге тауар сатылды, бұл қазан айындағыға қарағанда 15%
артық. Қазан айында қанша ақша тауар сатылды?
program
m1;
var
x,a,y:real;
begin
write ('karasha
ainin akshasin engiz');
read
(x);
y:=x*15/100;
a:=x+y;
writeln
(a);
end.
5 есеп. Үшбұрыш
қабырғаларының А,В,С ұзындықтары берілген. Іштей сызылған шеңбердің R радиусын
табыңдар.
program mысал-2;
var А,В,С,P,R:real;
begin
write ('А,В,С
ұзындықтарының мәнін енгіз');
read (А,В,С);
P:=A+B+C/2
R:=sqrt(P-A)*(P-B)*(P-C)/P
writeln (R);
end.
6 есеп. Жаяу адам
таулы жерде кетіп барады. Оның жазықтағы жылдамдығы км/сағ, өоге шыққандағы жылдамдығы км/сағ , ылдиға түсу жылдамдығы км/сағ. Қозғалыс уақыты сәйкесінше және сағ. Жаяу адам қанша жол жүрді?
program mысал-3;
var S1,S2,S3,S,v1,v2,v3,t1,t2,t3:real;
begin
write ('v1,v2,v3,t1,t2,t3
енгіз');
read (v1,v2,v3,t1,t2,t3);
S1:=v1*t1;
S2:=v2*t2;
S3:=v3*t3;
S:=S1*S2*S3;
writeln (S);
end.
7 есеп. Кернеу U В,
кедергісі R Ом болатын электр тізбегінің бөліктеріндегі тоқ күшін есептеуге
арналған программа құрыңдар. U=r*І
program mысал-4;
var U, R, I :real;
begin
write (U,R енгіз');
read (U,R);
I:=U/R;
writeln (I);
end.
8 есеп. Клаун көрермендердің әрқайсысына бір сан ойлауды сұрады.
Содан кейін былай деді: «Ойлаған санға 5-ті қосыңдар. Оның нәтижесінен 2-ні
азайтындар. Оның нәтижесіне 7-ні қосыңдар». Бұдан кейін клаун көрермендердің
әрқайсысынан нәтижесінде қандай сан шыққанын сұрады. Жауап алысымен кімнің
қандай санды ойлағанын дереу айтып берді. Клаунның фокусын қайталайтын
программа құрындар.
Program sandi tap;
Var n, a,b,c,d :integer;
begin
Write (‘kez kelgen san engiz’);
Readln (n);
a:=n+5;
b:=a-2;
c:=b+7;
d:=c-10;
Write (d);
End.
9
есеп. Сыныпта N оқушы бар. Бақылау жұмысынан A бала – бес, B бала – төрт,
C бала – үш алды. Үштік, төрттік және бестік баға алған оқушылардың барлық
оқушылардың қанша пайызын құрайтынын табыңдар.
Program okushi;
Var :integer;
begin
Write (‘A,
B,C mandarin engiz’);
Readln (A,B,C);
x:=A*100/N;
y:=B*100/N;
z:=C*100/N;
Write (x,y,z);
End.
10 есеп. Шенбердің
радиусы R берілген. Шеңбердің ұзындығын, ауданың есептейтін программа құру. Формуласы:
L=2πR, S=πR2
Program shenber;
Var r,c,s: real;
Begin
Read(r);
L:=2*pi*r;
S:=pi*sqr(r);
Writeln('аудан=',s,'ұзындығы=',c)
End.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.