Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Технология / Ою – өрнектерді әр түрлі әзірлемелерді дайындауда қодану

Ою – өрнектерді әр түрлі әзірлемелерді дайындауда қодану

Күні: _8.02.2017__

Пәні: Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі___

Сабақтың тақырыбы: Ою – өрнектерді әр түрлі әзірлемелерді дайындауда қодану

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бүгінгідей заманда атадан мұра болған қасиетті де қастерлі ою - өрнектердің ерекшеліктері, мазмұны жайлы түсініктерін молайту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, бағалап қастерлей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білім алушылардың шығармашылығын дамытуда ою – өрнек элементтерін қолдана білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың технологиясы: СТО технологиясы элементтері

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, практикалық тапсырма орындау, үлестірмелі карточка.

Пәнаралық байланыс: Технология, тарих, математика, геометрия.

Сабақтың көрнекілік құралы: Презентация, дайын бұйымдар, ою – өрнек үлгілері.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Аудитория дайындығы

2. Студенттерді түгендеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері.

  1. Қолөнер түрлерін атау және жеке –жеке түсініктеме беру.



  1. Қазақ халқының ою-өрнектеріне шолу.

  2. Студент жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

III.Жаңа сабақ

Бейнематериал: Тарихқа шолу «Ою – өрнектерді әр түрлі әзірлемелерді дайындауда қодану»

Қазақ оюларының өрiсi кең, болашағы мол. Ою-өрнектердi шеберлердiң шығармашылық жұмыстарынан, тоқыма бұйымдардан, киiм жиынтықтарынан  және т.б. кездестiруге болады. Қазақтың ою-өрнек өнерiн ғылыми негiзде зерттеу  iсiмен мамандар көптен берi  шұғылданып келедi. Елiмiздiң этнограф – тарихшылары мен өнер зерттеушiлерi  дайындаған еңбектерiнде ою-өрнектiң түрлерi, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректер жинады.  Тарихи мұраларды қарастыру  нәтижесiнде қазақ оюларының негiзiн құрайтын 200-ден астам ою-элементтерiнiң атаулары анықталған. Көп жағдайда ою элементтерiнiң аты материалдық дүниедегi жан-жануарлардың дене мүсiндерiне қарай, өсiмдiктердiң сабақтары мен жапырақтарының сыртқы бейнелерiне қарай немесе геометриялық фигуралардың жаратылу ерекшелiктерiне қарай аталып келген. Тiптi, олардың арасында аңыз ертегiлерде айтылып жүрген аждаћалардың бейнесiнен бастап бүгiнгi күнгi космосты игеру тақырыбына дейiнгi атаулар мен элементтер де кездеседi.

Қорыта айтқанда, халық мұрасындағы ұлттық өрнек өнерінің танымдық, эстетикалық мәні ерекше демекпіз. Дәстүр жалғастығын ұрпақтан-ұрпаққа аманаттау – ендігі жерде біздің міндетіміз.


Практикалық жұмыс

Ою – өрнекті композиция құрастыру.

Жұмыстың мақсаты: Ою – өрнектердің жасалу жолдарын және оның тұрмыста қандай қолөнер бұйымдарыңда қолданатындығы жайында студенттерге мағлұмат беру. Ою – өрнегінің ішіне түрлі элементтерді үйлестіріп композиция құру жолдарын үйрету, эстетикалық талғамдарын жетілдіру.

Қажетті құралдар: ою – өрнектердің үлгілері, суреттері ақ, түрлі – түсті қағаз, қалам, қарындаш, өшіргіш, қайшы, желім т.б

Жұмыстың мазмұны:

  1. Ою түрлерімен және жасалу жолдарымен танысу;

  2. Дайындалатын өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіру,үлгі әзірлеу.

  3. Үлгіден композиция құрастыру.

Әдістемелік нұсқау

Ою – өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою – ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет.Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Сонымен , ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл-күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Ою – өрнектеде мазмұн бар. Ол халықтың салт – дәстүрімен үндесіп, сабақтасып жатады.


IV Сабақты қорытындылау: Үлестірмелі карточкаларға жауап беру


Төсеніштерге қолданылатын ою-өрнек түрлері?

«Түйе мойын» оюының мағынасы?

Жанурлар әлеміне арналған ою-өрнектерді атаңдар?


Бас киімде қолданылатын

Ою өрнектер?





«Қошқар мүйіз» 

Оюының мағынасы?

Тұрмыстағы қыздың еркіндікте, жағдайы жақсы екенін ұғындыратын ою-өрнек?

Тұрмыстық заттарда жиі қолданылатын ою-өрнектер?

Тіл көзден сақтайды деп ырымға балаған ою-өрнек?







V. Бағалау: Ашық журнал әдісі арқылы бағалау

VІ. Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау.


  • Технология
Описание:

Қазақ оюларының өрiсi кең, болашағы мол. Ою-өрнектердi шеберлердiң шығармашылық жұмыстарынан, тоқыма бұйымдардан, киiм жиынтықтарынан және т.б. кездестiруге болады. Қазақтың ою-өрнек өнерiн ғылыми негiзде зерттеу iсiмен мамандар көптен берi шұғылданып келедi. Елiмiздiң этнограф – тарихшылары мен өнер зерттеушiлерi дайындаған еңбектерiнде ою-өрнектiң түрлерi, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректер жинады. Тарихи мұраларды қарастыру нәтижесiнде қазақ оюларының негiзiн құрайтын 200-ден астам ою-элементтерiнiң атаулары анықталған. Көп жағдайда ою элементтерiнiң аты материалдық дүниедегi жан-жануарлардың дене мүсiндерiне қарай, өсiмдiктердiң сабақтары мен жапырақтарының сыртқы бейнелерiне қарай немесе геометриялық фигуралардың жаратылу ерекшелiктерiне қарай аталып келген. Тiптi, олардың арасында аңыз ертегiлерде айтылып жүрген аждаћалардың бейнесiнен бастап бүгiнгi күнгi космосты игеру тақырыбына дейiнгi атаулар мен элементтер де кездеседi.

Автор Кудайбердиева Гулбфайрус
Дата добавления 20.02.2017
Раздел Технология
Подраздел Другое
Просмотров 463
Номер материала MA-070293
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки «Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации»