Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыОқытудың жаңа тәсілі. "Біліктілік белесі"

Оқытудың жаңа тәсілі. "Біліктілік белесі"

Скачать материал

 Атырау облысы

  Индер ауданы

Махамбет атындағы орта мектептің

 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кайрлиева Ардақ Тулеуовна

 

                                          Біліктілік белесі

                                              ( эссе)

 

   «Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет- табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де - осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу - абыройлы іс.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім болып істеп келе жатқаныма 20 жылдан асып барады. Шәкірттеріңді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде үлкен мән мен мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп үйренген тағылым - пәрменіңді, білім - білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келіп кетеді. Өзіңе деген ынта - ықылас, сенім артып, жауапкершілікпен іс тапсырса асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей түсуге ұмтыласың. Азды - көпті еңбегің бағаланып жатса, қолыңнан іс келеді деп сенетін әріптес табылып, шын ниетімен қамқорлық жасап, жұмыс істеуге жағдай жасаса, кәсіби шеберлігің мен ұстаздық қызметіңе ерекше назар аударса, кім - кімге де болсын соны серпіліс әкеледі. Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен, тәжірибесі соның ішінде көргенділік деп аталатын адамгершілік тәлімгерлік тағылымдары ұрпақтан - ұрпаққа осы ұстаздық үрдіс арқылы беріліп, жалғасын табады. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да соған, орай амал - тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім - біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық - психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез - келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану. Соның бір дәлелі - мен биылғы жылы өз білімімді көтеріп, І ( ілгері) деңгей курстан өтіп, Кембридж бағдарламасын меңгеріп, жеті модуль бойынша сабақ өткізу әдіс - тәсілін үйреніп келдім. Кембридж бағдарламасын игертуге 3  ай бойы бізбен тынымсыз еңбек еткен тренеріміз Есбосынов Наурызбек Мурсалимұлына және Педагогикалық шеберлік орталығына айтар алғысымыз шексіз. Кембридж тәсіліне негізделген бағдарламадан көптеген деректер алдым. Бағдарламаның негізгі түйіні- білім беру мен оқытудағы мұғалімнің жеті модульге негізделген әдіс-тәсілдерді меңгеруі. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер:
 Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
 Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
 Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
 Талантты және дарынды балаларды оқыту.
 Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру оқыту.
Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
 Осы курста біз аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын қарастырдық. Сонымен бірге SMART, Lesson Study тәсілі, тәлімгерлікті жоспарлау, коучинг өткізу, іс-әрекеттегі зерттеудің айналымы, мектепті дамытуды жоспарлаудағы басымдықтарды анықтау қажеттігі, басқару мен мұғалім көшбасшылығы, мектепте оқытуды басқару мен кәсіби қоғамдастық туралы айтылды. Қысқасы, оқытудағы  Кембридж университетінің теориялық негіздерінен мағлұмат ала отырып,  І,ІІ,ІІІ деңгей бағдарламасының түйінді идеяларын ұғындық. Сонымен қатар қазіргі таңда білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін түсіндім.

Енді курс барысында алған білімді, үйренгенімді алға қарай оқушылардың білімін жетілдіруге қолданамын деп ойлаймын.. «Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында» дегендей, осы үйренген жаңа тәсілдерді еңбек жолымда тиімді пайдалану болмақ. Тәжірибеме енген өзгерістерді болашақта әлі де жетілдіре түсіп, өз әріптестерімен әрі қарай біріге жұмыс жасайтыныма сенімім мол. Оқушылар іс - әрекетін сыни бағалау арқылы өз бойында төмендегідей дағдыларды қалыптастырады деп ойлаймын:

 қиындықты шешудің тиімді әдістерін іздеуге;

 тиісті ақпаратты жинақтауға, сұрыптауға;

 нақты және түсінікті сипаттама беруге;

 тақырыпты жақсы қабылдап дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше түсінуге дағдыланады.

    Оқушылардың ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес келу үшін талап етілетін өзгерістерді енгізуді жобалау болып табылады. Біздің мектеп мұғалімдері бұл жобаны қолдап, қызығушылық танытуда. Алдағы уақытта заманауи әдіс - тәсілдерді өз тәжірибесіне қолдану біздің мұғалімдердің еншісіне тиіп отыр. Олай болса, Кембридж университетінің ұсынып отырған бағдарламасының мазмұны ұстаздарға осы тығырықтан шығып, мектептегі оқыту үрдісіне тың серпіліс жасауға айтарлықтай өз үлесін қосары сөзсіз.

      Ұлы ағартушы ғалым, ұстаз Ыбырай Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін нақтылай айта келіп, «салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізді  қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де артық көремін,»- деген пікірі бүгінгі күні өз мемлекетінің ірге тасын қалап жатқан қазақ халқының, мұғалімге қоятын талабы ретінде естіледі. Мұғалім алдынан бір - біріне ұқсамайтын, әр қайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. Бірақ олардың барлығын бір жүйеге бағындырып қарататын – ұстаздың «тактикасы». Өз ісіңе деген, түсіндіретін тақырыбыңа деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда, шәкіртің саған сеніп, тәнті болып, болмаса да « ұқсап бағып» айтқаныңды екі етпей, тапсырманы ауырсынбай, оны шын пейілімен, бар ынтасымен және шабытпен орындап шығады екен. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу- сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық
.!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқытудың жаңа тәсілі. "Біліктілік белесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

 Атырау облысы

  Индер ауданы

Махамбет атындағы орта мектептің

 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кайрлиева Ардақ Тулеуовна

 

                                          Біліктілік белесі

                                              ( эссе)

 «Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет- табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де - осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу - абыройлы іс.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім болып істеп келе жатқаныма 20 жылдан асып барады. Шәкірттеріңді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде үлкен мән мен мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп үйренген тағылым - пәрменіңді, білім - білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келіп кетеді. Өзіңе деген ынта - ықылас, сенім артып, жауапкершілікпен іс тапсырса асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей түсуге ұмтыласың. Азды - көпті еңбегің бағаланып жатса, қолыңнан іс келеді деп сенетін әріптес табылып, шын ниетімен қамқорлық жасап, жұмыс істеуге жағдай жасаса, кәсіби шеберлігің мен ұстаздық қызметіңе ерекше назар аударса, кім - кімге де болсын соны серпіліс әкеледі. Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен, тәжірибесі соның ішінде көргенділік деп аталатын адамгершілік тәлімгерлік тағылымдары ұрпақтан - ұрпаққа осы ұстаздық үрдіс арқылы беріліп, жалғасын табады. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да соған, орай амал - тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім - біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық - психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез - келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану. Соның бір дәлелі - мен биылғы жылы өз білімімді көтеріп, І ( ілгері) деңгей курстан өтіп, Кембридж бағдарламасын меңгеріп, жеті модуль бойынша сабақ өткізу әдіс - тәсілін үйреніп келдім. Кембридж бағдарламасын игертуге 3  ай бойы бізбен тынымсыз еңбек еткен тренеріміз Есбосынов Наурызбек Мурсалимұлына және Педагогикалық шеберлік орталығына айтар алғысымыз шексіз. Кембридж тәсіліне негізделген бағдарламадан көптеген деректер алдым. Бағдарламаның негізгі түйіні-білім беру мен оқытудағы мұғалімнің жеті модульге негізделген әдіс-тәсілдерді меңгеруі. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер:
 Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
 Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
 Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
 Талантты және дарынды балаларды оқыту.
 Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру оқыту.
Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
 Осы курста біз аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысынқарастырдық. Сонымен бірге SMART, Lesson Study тәсілі, тәлімгерлікті жоспарлау, коучинг өткізу, іс-әрекеттегі зерттеудің айналымы, мектепті дамытуды жоспарлаудағы басымдықтарды анықтау қажеттігі, басқару мен мұғалім көшбасшылығы, мектепте оқытуды басқару мен кәсіби қоғамдастық туралы айтылды. Қысқасы, оқытудағы  Кембридж университетінің теориялық негіздерінен мағлұмат ала отырып,  І,ІІ,ІІІ деңгей бағдарламасының түйінді идеяларын ұғындық. Сонымен қатар қазіргі таңда білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін түсіндім.

Енді курс барысында алған білімді, үйренгенімді алға қарай оқушылардың білімін жетілдіруге қолданамын деп ойлаймын.. «Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында» дегендей, осы үйренген жаңа тәсілдерді еңбек жолымда тиімді пайдалану болмақ. Тәжірибеме енген өзгерістерді болашақта әлі де жетілдіре түсіп, өз әріптестерімен әрі қарай біріге жұмыс жасайтыныма сенімім мол. Оқушылар іс - әрекетін сыни бағалау арқылы өз бойында төмендегідей дағдыларды қалыптастырады деп ойлаймын:

 қиындықты шешудің тиімді әдістерін іздеуге;

 тиісті ақпаратты жинақтауға, сұрыптауға;

 нақты және түсінікті сипаттама беруге;

 тақырыпты жақсы қабылдап дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше түсінуге дағдыланады.

    Оқушылардың ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес келу үшін талап етілетін өзгерістерді енгізуді жобалау болып табылады. Біздің мектеп мұғалімдері бұл жобаны қолдап, қызығушылық танытуда. Алдағы уақытта заманауи әдіс - тәсілдерді өз тәжірибесіне қолдану біздің мұғалімдердің еншісіне тиіп отыр. Олай болса, Кембридж университетінің ұсынып отырған бағдарламасының мазмұны ұстаздарға осы тығырықтан шығып, мектептегі оқыту үрдісіне тың серпіліс жасауға айтарлықтай өз үлесін қосары сөзсіз.

 

      Ұлы ағартушы ғалым, ұстаз Ыбырай Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін нақтылай айта келіп, «салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізді  қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де артық көремін,»- деген пікірі бүгінгі күні өз мемлекетінің ірге тасын қалап жатқан қазақ халқының, мұғалімге қоятын талабы ретінде естіледі. Мұғалім алдынан бір - біріне ұқсамайтын, әр қайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. Бірақ олардың барлығын бір жүйеге бағындырып қарататын – ұстаздың «тактикасы». Өз ісіңе деген, түсіндіретін тақырыбыңа деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда, шәкіртің саған сеніп, тәнті болып, болмаса да « ұқсап бағып» айтқаныңды екі етпей, тапсырманы ауырсынбай, оны шын пейілімен, бар ынтасымен және шабытпен орындап шығады екен. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу- сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық
.!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2015 638
    • DOCX 60.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайрлиева Ардак Тулеуовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кайрлиева Ардак Тулеуовна
    Кайрлиева Ардак Тулеуовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 158313
    • Всего материалов: 45

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 783 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции