Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыОқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың білім алу белсенділігін және білім сапасын арттыру

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың білім алу белсенділігін және білім сапасын арттыру

Скачать материал

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың

білім алу белсенділігін және білім сапасын арттыру.

XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталып отырғаны баршамызға мәлім. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Мектептегі білім сапасын арттыру үшін оқыту мен оқу жүйесі өзгеріс енгізуді қажет етуде. Мен 19 жыл  басшылық жасап келе жатқан мектебіме қандай өзгеріс енгізу керектігін анықтау үшін:  Мектеп мұғалімдері қазіргі заман талабына қаншалықты сай? Қандай мүмкіндіктері мен қажеттіліктері бар? Осы мүмкіндіктерін  оқыту және оқу үдерісінде қаншалықты пайдаланады? Мектептің табысты болуына қандай кедергі бар? деген сұрақтарға жауап іздеуден бастадым. Бірақ жауап таба алмай қиналдым. Сұрақтарыма жауапты Астана қаласындағы ПШО – дағы басшылардың біліктілігін арттыру курсына барып оқып, әрі қарай мектептегі тәжірибе кезінде таба бастадым. Мектепте мен « Нені өзгерту керек, қалай өзгерту керектігін» түсініп, мектептің даму жоспарын жүзеге асыру барысында көшбасшы болып, өзгеріс тобына жетекшілік еттім. Мен өзіме жүктелген жауапкершілікті сезіндім.

 Өз мектебімнің проблемаларын анықтау үшін және мықты жақтары мен дамытуға болатын салаларын білуге көмектесетін сауалнама өткіздім. Сауалнамаға 33 мектеп  персоналы, 130 оқушы, 195 ата-ана қатыстырылды. Сауалнама сараптамасы өз мектебімді бұрынғыдан да жақсырақ білуге көмектесетініне, бағдарламаға қатысудан көбірек пайда алуыма бағытталғанын түсіндім.

Ата-ана мен мұғалім баланың болашағына бірдей жауапты. Ата-анаға қойылған 12 сұрақтың бәрі де маңызды болды. Сауалнама нәтижесінен көрінгендей бүкіл бала мектепте өзін жайлы сезінеді екен. Мен бұған қатты қуандым. Бірақ та ата-аналардың 12 пайызын мектептегі оқыту сапасы қанағаттандырмайды екен.  Әр мұғалім алдына жаңа әдіс-тәсілді қолдана отырып, әр балаға сапалы білім беріп, сол білімдерін өмірлеріне қолдана білуге үйретуді мақсат етіп қою керек.

Мұғалімдерден алынған сауалнамадан көргеніміздей 12 пайызы өздерінің сыныптағы тәжірибесін талдауға уақыт арнамайды екен. Жоспарларын бірге талдап, өзгертпейміз деп 15 пайызы белгілеген. Бұл жауаптары мені таңқалдырды, себебі біз жоспарлардың бәрін әдістемелік бірлестік отырыстарында, немесе педогогикалық кеңестерде бекітеміз. Яғни олар сауалнамаға ойланбай жауап берген, немесе педагогикалық кеңес шешіміне үстіртін қарайды. Мектептің дамыту жұмыстарына сыртқы ұйымдар мен жекелеген тәуелсіз тұлғалардың сирек тартылатыны ұжым мүшелерін алаңдататыны менің көңілімнен шықты. Өз жұмысымызға сыртқы ұйымдарды, жеке кәсіпкерлерді де тартсақ оқушылардың жетістіктері мен ахуалын жақсартуға оң әсер ететіні даусыз.

Оқушылардан алынған сауалнамадан да проблемаларды шығардым. Ең бастысы мұғалімнің бәрін дайын күйінде беретіндігі. Дәстүрлі сабақтарда бағыт - бағдар бергеннен гөрі не істеу керектігін айта салады. Менің түйгенім: оқушыға қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру қажет деп санаймын. Бағалауда оқушы пікірі ескерілмей, кері байланыс аз орнатылғаны байқалады. Мұғалім кәсіби біліктілігін дамытып, жаңаша оқытуға бет бұрып, жаңа оқыту әдіс – тәсілдерін сабақта тиімді пайдалана отырып оқушыларды қатыстыра отырып бағалауды белсенді жүргізу керек. Сауалнаманы сараптай отыра SWOT анализ жасап мектебімнің күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктеріміз бен қауіптерімізді анықтап алдым. Өзім өзгеріп, өз кезегімде мұғалімдерді өзгерту арқылы сауалнаманы сараптау барысында анықталған проблемаларды бірлесе шешеміз деген сенімім мол. Осы сауалнамалардың қорытындысы нәтижесінде мектептің проблемалары анықталды.

Топпен ынтымақтастық барысында мектептің құндылықтары, мақсаттары мен  даму концепциялары қайта қарастырылды. Басты мақсат ретінде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен білім алу белсенділігі мен білім сапасын арттыру болып анықталды. Келесі құндылықтар басты назарда болды: топпен жұмыс, жұмыс  кепілдігі, талантты мұғалімдердің жұмысын қолдау, мәдениет (адалдық, шығармашылық, қарым-қатынас).

Мектептің әдістемелік қызметінің құрылымында өзгерістер байқалды, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарлары қайта қаралды. Деңгейлік бағдарламалар бойынша курстардан өткен мұғалімдер көшбасшылықты дамыту бойынша жоспарлар құрды. Жоспарлардың іске асырылуы бойынша мұғалімдер өз қызметтеріне талдау жасап, оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу бойынша жаңа оқу жылына мақсаттары мен міндеттері туралы есептерін тапсырды. Мектеп мүмкіншіліктерін талдау негізгі бағыттарды анықтауға жағдай жасады. Бұл бағыттар бойынша мұғалімдердің қызметіне ғана емес, бүкіл мектептің жұмысына өзгерістер енгізілді.

Іс - шaралaр жоспары өзгеріc тобымен құрылды. Жұмыстың негізгі түрі мен әдістері: менторингтер, коучингтер, сабaқтaрды зерттеу, сабақтағы іс-әрекетті зерттеу, сауалнама, рефлексия, бағалау және мониторинг болды. Өзгерістер үдерісі өзгеріcтер енгізу тобымен, пән мұғалімдерімен, жантану маманымен және тікелей мен өзім бақылaдым. Мектеп дамуының жоспарын жүзеге асыру үшін мерзімдері көрсетілген іс-шаралар, оған жауаптылар, ресурстар, күтілетін нәтижелер мен сәттілік критерийлері құрылды. Жаңа мұғалімдерді тарту  және аудандық деңгейде ашық іс-шаралар: тарих, физика, математика, биология, география, қазақ тілі пәндерінен семинарлар, аудан мұғалімдерімен тәжірибе алмacу үшін кездесулер нәтижесінде мектепте құрылған «Ынтымақ» желілік қоғамдастығымыз кеңейе түсті.    Мұғалімдердің  кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатымен «Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау үрдістері, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Бағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың таным белсенділігін арттыру» ,  «Сіз әдетте 6 «А» сыныбын өз пәніңіз бойынша оқуға қалай қызығушылығын арттырар едіңіз?», «ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары»  тақырыптарында коучингтер өткізілді. Коучтар коучингтер ұйымдастыру нәтижесінде мұғалімдерге өздерінің кәсіби шеберлігін арттыруға көмектесті. Өзгеріс тобымен  коучинг жоспарларын, оның SMART мақсаттарын бірлесіп құрып отырдық. Коучтер әр коучингте оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдерді іске асыру үшін жоспарды жан-жақты ойластырып, талапқа сай ұйымдастыру жағына аса зор мән берді.

 Мектеп мұғалімдерінің тәжірибеcін жетілдіруге бағыттaлған Lesson Study сaбақтaры 6, 7 сыныптарда өткізілді. Сабақтарды қадағалауға бірінші, екінші деңгейлік курстарды бітіріп сертификатталған мұғалімдер таңдалып әр сабақ бойы мұғалім мен оқушы әрекетін қадағалап, сәтті және сәтсіз тұстарын бақылау парағына жазып отырды. Әрбір келесі сабақтарға түзетулер енгізіліп отырды. Сабақтың тиімділігінің дәлелі С оқушының білімдеріндегі кемшіліктердің жойылуы. Осы сабақтар мұғалімдердің кәсіби жетілуіне көмекте Жоспарды іске асыру мақсаты - оқушыларының  өз бетімен білім алу белсенділігі мен білім сапасын арттыру орындалды.  Бұл тәсілді оқыту үдерісіне енгізу барысында коллаборативті орта орнатылды, мұғалімдердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының оқыту туралы ойлары өзгерді. Оны сұхбат, сауалнама нәтижелерінен, өткізілген менторингтер, коучингтер, Lesson study, іс-әрекетті зерттеу нәтижелерінен көруге болады. мұғалімдердің сабақты ұйымдастыруы, жоспар құруға үйрету, бағалау әдістерін дұрыс қолдану тақырыптарында мектепте коучингтер ұйымдастырылды. Осы коучингтерден кейін орта буында ұйымдастырылған Lesson Study мектеп тәжірибесіне, оқу және оқыту үрдісіне өзінің жағымды ықпалын тигізді.

Сабақтар топтамаларын өткізіп, оқушыларды бақылау нәтижесінде мұғалімдер олардың іс-әрекеттерінде нақты өзгерістер бар екеніне көз жеткізіп, сабақты бағдарламаның 7 модулі идеясына негізделе жоспарлауды үйренді. Оқыту үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу нәтижелерін талдау барысында дәстүрлі сабақтарда мұғалімдер дайын білімді бергенін, өздігінен білім алуға жағдай жасалмағаны, оқушыларға өз ой-пікірлерін ашық айтып, дәлелдеуге, өз әрекеттерін жоспарлауға мүмкіндік берілмегенін, қолайлы жағдайдың жеткіліксіз дәрежеде жасалғанын, өз іс-әрекетіне рефлексия жасап,  бағалау жүргізілмегенін көрсетті. Жаңа тәсілдерді енгізгенде жағдай өзгерді. Мұғалімдер өздері үшін ең маңызды деп мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық жағдай орнату екенін анықтады. Оқушы оқыту үдерісінің енжар бақылаушысы емес, белсенді қатысушысы болады. Сондықтан мұғалім білім алушының білімін, идеяларын, дағдыларын дамытуға бағытталған міндеттерге сай сабақ ұйымдастыруы тиіс. Бұл міндеттер оқушыларға оқытылып жатқан тақырып бойынша білімдерін көрсетіп, өзіндік көзқарасы мен жаңа түсініктерінің пайда болуына жағдай жасауға бағытталып құрылған.  Коллаборативті оқытуды, ынтымақтастықта оқытуды орнатуда оқушылар мәселелерді шешуде бірлесе жұмыс істеді, постер, кластер, санквейн құрып,өзара әңгімелесе, идеяларымен бөлісті, яғни бірін-бірі оқытты. Коллаборативті ортаны орнату оқушылардың оқуға деген уәжін күшейтті. Оқушылар сабаққа деген жағымды психологиялық дайындықтан өтіп, бірлескен жұмыс барысында өздерін сенімді ұстап, қателесуден қорықпай, өз ойын дәлелдей алатын дәрежеге жетті. Коллаборативті ортаны орнату үшін сабақ басында тренингтер мен ойындар өткізілді. Топтарға бөліну және рольдерді бөлу барысында балалар жауапкершілік танытып, көшбасшылар анықталды және олар жұмыс барысында басқарушылық қасиеттері мен дағдыларын көрсете білді. Сабақ барысында керекті оқыту ортасы орнатылғандықтан оқушылар мәліметті енжар қабылдап отырмай, оқыту үдерісіне белсенді қатысты. Менің сабақтарды бақылауымнан, ұжымдық өзара ықпалдасу үдерісінде оқушыда өздігінен білім алып, оқығанын саналы ұғу дағдылары қалыптасатындықтан топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру - өте маңызды деп түйіндедім. Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында топтың әр мүшесі өзінің мүмкіндігін көрсете алуы үшін оқушыларға ойлануға, тапсырманы орындауда тиімді стратегияны таңдауға уақыт беру қажет деген қорытындыға келдім. Топтық жұмысты бақылаған кезде оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасауды үйренетінін, пікір таластыратынын, диалогты кумулятивті және зерттеушілік әңгімелесу арқылы жүргізетінін, өз көзқарастарын жеткізуге, түрлі болжамдарын жасауға тырысатындарын анықтадым. Бастапқыда, әрине, диалог қарапайым әңгіме деңгейінде болды. Уақыт өте балалар әңгіменің түр-түрін жүргізуді үйренді. Әңгіме жүргізу барысында балалар әңгіме жүргізу алгоритмдерін, сұрақтар құруда көмекші етістіктерді қолданды. Диалогтік әңгіме үдерісінде оқушылар қателерін түзеп, бір-бірімен ақылдаса отырып, тапсырманың және сабақтың мақсатына жақындай түсті.

Қорытындылай келе айтарым, басшылардың біліктілігін арттыру курсы  өзімнің көшбасшылығымды жүзеге асыруда, мектептің тәжірибесін өзгертуде зор әсерін тигізді. Өзімнің мектептегі тәжірибеме сыни көзбен қарап, проблемаларды анықтауда  маңызды болды.  Бағдарламаның түйінді идеяларын басшылыққа ала отырып, өзімнің көшбасшылық қабілетімді дамыта алдым. Өзімнің курста алған білімімді тек мектеп ішінде ғана емес, аудан мектептерінің  басшыларына да жеткізе білдім. Мектепті өзгерту бұл бір айлық немесе бір жылдық үрдіс емес, мектеп дамып отырса ғана өзгерістің болатынына көзім жетті. Ендігі мақсатым – өзімнің көшбасшылық қабілетімді жүзеге асырып, мектеп жұмысын жан-жақты саралап, ата-анамен, жұртшылықпен байланыста болып, мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру арқылы мектеп оқушыларының білім сапасын көтеріп, жетістікке жеткізу, құзырлы етіп оқыту және тәрбиелеу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың білім алу белсенділігін және білім сапасын арттыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың

білім алу белсенділігін және білім сапасын арттыру.

XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталып отырғаны баршамызға мәлім. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Мектептегі білім сапасын арттыру үшін оқыту мен оқу жүйесі өзгеріс енгізуді қажет етуде. Мен 19 жыл  басшылық жасап келе жатқан мектебіме қандай өзгеріс енгізу керектігін анықтау үшін:  Мектеп мұғалімдері қазіргі заман талабына қаншалықты сай? Қандай мүмкіндіктері мен қажеттіліктері бар? Осы мүмкіндіктерін  оқыту және оқу үдерісінде қаншалықты пайдаланады? Мектептің табысты болуына қандай кедергі бар? деген сұрақтарға жауап іздеуден бастадым. Бірақ жауап таба алмай қиналдым. Сұрақтарыма жауапты Астана қаласындағы ПШО – дағы басшылардың біліктілігін арттыру курсына барып оқып, әрі қарай мектептегі тәжірибе кезінде таба бастадым. Мектепте мен « Нені өзгерту керек, қалай өзгерту керектігін» түсініп, мектептің даму жоспарын жүзеге асыру барысында көшбасшы болып, өзгеріс тобына жетекшілік еттім. Мен өзіме жүктелген жауапкершілікті сезіндім.


 Өз мектебімнің проблемаларын анықтау үшін және мықты жақтары мен дамытуға болатын салаларын білуге көмектесетін сауалнама өткіздім. Сауалнамаға 33 мектеп  персоналы, 130 оқушы, 195 ата-ана қатыстырылды. Сауалнама сараптамасы өз мектебімді бұрынғыдан да жақсырақ білуге көмектесетініне, бағдарламаға қатысудан көбірек пайда алуыма бағытталғанын түсіндім.

Ата-ана мен мұғалім баланың болашағына бірдей жауапты. Ата-анаға қойылған 12 сұрақтың бәрі де маңызды болды. Сауалнама нәтижесінен көрінгендей бүкіл бала мектепте өзін жайлы сезінеді екен. Мен бұған қатты қуандым. Бірақ та ата-аналардың 12 пайызын мектептегі оқыту сапасы қанағаттандырмайды екен.  Әр мұғалім алдына жаңа әдіс-тәсілді қолдана отырып, әр балаға сапалы білім беріп, сол білімдерін өмірлеріне қолдана білуге үйретуді мақсат етіп қою керек.

Мұғалімдерден алынған сауалнамадан көргеніміздей 12 пайызы өздерінің сыныптағы тәжірибесін талдауға уақыт арнамайды екен. Жоспарларын бірге талдап, өзгертпейміз деп 15 пайызы белгілеген. Бұл жауаптары мені таңқалдырды, себебі біз жоспарлардың бәрін әдістемелік бірлестік отырыстарында, немесе педогогикалық кеңестерде бекітеміз. Яғни олар сауалнамаға ойланбай жауап берген, немесе педагогикалық кеңес шешіміне үстіртін қарайды. Мектептің дамыту жұмыстарына сыртқы ұйымдар мен жекелеген тәуелсіз тұлғалардың сирек тартылатыны ұжым мүшелерін алаңдататыны менің көңілімнен шықты. Өз жұмысымызға 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 297 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2014 2066
    • DOCX 4.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметбекова Гульжан Халеловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметбекова Гульжан Халеловна
    Ахметбекова Гульжан Халеловна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75530
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 121 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Профессиональные навыки экономиста: методики расчётов показателей деятельности предприятия, организация экономической деятельности

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Процесс приготовления халвы на производстве

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе