Инфоурок Другое КонспектыОқыту мен оқудағы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Оқыту мен оқудағы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Скачать материал

 

 

Оқыту мен оқудағы ақпараттық – коммуникациялық

 технологияларды қолдан

  «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім».

Мұхтар Әуезов.            

     Бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру құралдарымен жабдықталуға байланысты  болып отыр.   Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. 

     Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет.

Мектептегі білім беруді ақпараттандыру – бұл заман талабы, ғасыр ағымы. Ұрпағымыздың кемеңгерлікке ұласқан ақыл-ойының, парасат – пайымының және жаңа арнада өріс алған мәдениетінің асқар шыңы болып табылады .

    Педагогтардың ақпараттық –коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану қызметі дайындығынан келесіні байқауға болады:

- педагогтардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының артқандығы.

- оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау. Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады: а) осы оқыту құралын пайдаланудың педагогикалық тұрғыдан тиімділігі; б) үйренушілердің оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері (компьютерлік техниканың жеке-маңызды қызмет құрылымына кіруі, үйренуші мен компьютерлік техниканың ұтымды диалогын орнату, өзіндік қызметті дамыту арқылы оқу-танымдық қызметті жандандыру, оқу үдерісін өз бетімен бақылауды ұйымдастыру, компьютерлік техникамен өзара іс-қимыл барысында үйренушілердің шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;)

- педагогтарды жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық, пәндік және кәсіби-педагогикалық даярлау үрдісінде  ақпараттық – коммуникациялық технологияларды  (АКТ) кешенді пайдалану.

 Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара әрекетке түсуі арқылы қабылдауды, түрлі техникалық құралдардың көмегімен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.      

     Міне, осыған байланысты оқулық, дәптермен салыстырғанда электрондық құралмен оқыту дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады.

Білім беруді жаңарту, 12 жылдық білім беруге көшу - бұл барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзіретті тұлғаны қалыптастыру және дамыту» болып табылады. Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар педогог қызметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Бүгінгі таңда қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, Ақтау  қаласындағы «Маңғыстау  облысы бойынша педагог қызметкерлердің «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» ұсынған оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курсына қатысып, бағдарлама мазмұнының оқыту әдістері заманауи идеялардың жеті негізгі модулі түрінде берілген сол модулдардың ішінде «білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды».

  Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

   Үш білім саласының   қиылысу   ортасында Технологиялық педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек.    

  Оқыту   барысында оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін ақпараттық технологияларды (электрондық оқулық, слайд, интерактивті тақтаман, видео т.б) тиімді пайдалану, әрі оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру арқылы жеке тұлға болып қалыптасу үшін білім білік дағдыларын қалыптастыру.  Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойды.

  Қазіргі  кездегі білім берудегі мақсат жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім,өзіндік ой талғамы бар,  қабілетті  жеке  тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау саналарын жетілдіріп,өз алған білімдерін іс жүзімен ұштастыра алуға жол ашу.

Білім  салалары:

Технологиялық  білім

Мазмұндық- технологиялық білім

Мазмұндық  білім

Мазмұндық-педагогикалық білім

Педагогикалық білім

Технологиялық - педагогикалық білім

АКТ зерттегендер:

Бекта, Сох, Кокс пен Уэб, Kennewel and Beauchamp, Birnbaum,  Мишра  мен  Келер

АКТ оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдер:

Электрондық пошта, мультимедиялық презентация, ВИКИ, Блоктар,  Платформа,  Онлайн, Форум,                   ІР  телефон

Оқытудың 5 аспектісі бойынша АКТ  қолдану:

Көрсетілім

     Модельдеу

     Бағалау мен талдау

     Ұсыну және қайталай ұсыну

     Тестілеу және құптау

    Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,  шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытыудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды талап етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.

    ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғаш баспалдағы мектептен басталады. Осы модуль қысқаша теориялық кіріспеден, суреттермен анимациялық материялдардан, жұмысынан тұрады.

АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:

1. Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;

2. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;

3. Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;

4. Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютерді жұмыс істеуге үйренеді;

5. Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;

6. Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

2. Мұғалімдердің  ақпараттық – коммуникациялық

 технологияларды (АКТ) қолданудағы тәсілдері:

   Дәстүрлі педагогика жаңа педагогика кітапта қанша бар болса, сонша және мұғалім қанша айтса, сонша білу мұғалім оқушыға білім береді.   

  Мұғалім оқу үшін оқушылар қағазға жазады. Анық, қолмен жазылған есеп оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы шектеулі.  Оқушылар бір-бірінен жазбаны жасырады және мұғалімге ғана оқуға болады.  Нені білуді және нені еске сақтауды шешу мұғалім оқушыларды ақпаратты бағалауға, таңдауға ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі Оқушылар дискке жазады және желіде жариялайды Кәсіби, қағазға басылған құжаттар оқушылар жеке таңдау жасайды деп күтіледі.  Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және тексеру кезінде пікір алмасады

3. Ақпараттық – коммуникациялық

 технологияларды (АКТ)  қалай қолдану керек:

 Мектептегі технологияларға мыналар жатады:

1. Теледидар бағдарламалары;

2. Сандық теледидар;

3. Интернет/WWW;

4. Ұялы телефон;

5. Ұтқыр қондырғыштар;

6. Компьютер/ноутбук;

Мазмұнды білудің технологиялық аспектісінің электрондық қауіпсіздігі.

БАҚ-пен жұмыс істеудегі құзырлылық дәстүрлі және жаңа байланыс қызметтері ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалану үшін адамдарға да, қоғамға да машықтырады, білім мен түсінікті игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар БАҚ көздерімен жұмыстағы құзырлылық адамдарға мазмұнды және коммуникацияларды  басқаруға, осы қызметтерді пайдаланумен байланысты әлеуетті тәуекелдермен өзін және өзінің отбасын қорғауға көмектеседі.

  Бірақ мұғалімдердің негізгі рөлі оқушыларға Интернетті қауіпсіз пайдалануды үйретуге негізделеді.

Ең үлкен қауіп: жеке ақпаратты ашатын оқушылар.

 Шын мәнінде тыйым салынған деректерді ғаламтор арқылы көру оқушылар үшін аса қауіпті емес. Өзі туралы ақпаратты көрсететін баланың аңқаулығын пайдаланатындардан нақты қауіп төнеді. Әсіресе тіл алмайтын жасөспірімдер ата-аналарының ескертулеріне көңіл бөлмейтіндігінен  болар, соларға көп қауіп төнеді. Бала өзі туралы, мысалы үйдің телефоны немесе мекен-жайы  туралы  жеке ақпаратпен онлаин бөлісуінен туатын қатер әдепсіз суреттер қараудан әлдеқайда қауіпті.

  Интернетті пайдалану кезінде балаларымызға жеке ақпаратты сақтауды үйрету біздің негізгі міндетіміз. Қандай жағдай болмасын   Оқушыларымыз  Интернетте өзінің атын, телефонымен нөмірін немесе мекенжайын толық жазбауы тиіс.

  Компьютер көмегімен өз пәнім бойынша, яғни  қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында слайд немесе сабақ барысында интерактивті тақтаны қолдандым.    

  Кіріспе бөлімінде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады. Содан кейін оқытушы осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша, сызба, кесте және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы,  негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

  Сабақты өткізу барысына келсем: мысалы сандық бейнені (видео) сабақ кезінде қолданғанда қызығушылығы молайғанын аңғардым.

   Актив студио флипчарт, интерактивті тақтаның құралдары арқылы  тізбектелген сабақтар топтамасында 1-ші  сабағым

«Хат»  тақырыбында жаңа сабақты ашу, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (СТО) барысында тапқырлығын байқау үшін хатқа қатысты бейне жазбаны көрсеттім, хаттың шығу тарихында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды  (АКТ) пайдаланғанымда оқушылардың қызығушылығы артты, сергіту сәтінде балаларды серігуіне көп әсер етті және шығармашылық жұмыс жасағанда тиімді пайдаландым.

 

 

    Екінші сабағым «Мақала» тақырыбынында мен  ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) тиімді пайдаландым. Уикипедия сайтынан мақала жайлы бейне жазба көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырдым. Уикипедия сайты арқылы  оқушылар тақырыпты терең түсінді. Осы кезде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды  (АКТ) өте тиімді пайдаландым деп ойлаймын. Себебі балалар осы бейне жазбадан керекті мағлұмат алды.  Мақаланың қалай жазу керек екендігін үйренді. Осы сабақта да сергіту сәтінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) тиімді іске асты.

 

      Тізбектелген сабақтар топтамасында   3-ші  сабағым   «Портрет».  Портрет сабағымда менің ең тиімді пайдаланған жерім сабақ барысындағы таныстырылым өте керемет өтті.   Сол таныстырылым арқылы оқушылар   тапсырманы өте жақсы белсенді орындады. Интерактивті тақтаны тиімді қолданды. Тізбектелген сабақтар топтамасында 4-ші сабағым яғни қорытындылау сабақта интерактивті тақтадағы таныстырылымды асыға күтумен болды. Қызығушылығын арттырды.  Сабақ барысында оқушыларға  өте тиімді болды. Себебі оқушылар өз көздерімен көрген мағылұматты  тез ұғады және ұнатады.

 

    Оқушылардың қабілеттерінің   шыңдалғаны   байқалды. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар электрондық оқулықты пайдаланып, қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптасып, шығармашылығы дамиды.  Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді.

   Бұл технологияны қолдану барысында мен  оқу материалдарын дайындау көп уақыт талап ететінін байқадым.  Ал қазіргі заманғы интерактивті құрылғылар дайындыққа кететін уақытты шамамен үш есеге азайту мүмкіндігін береді. Интерактивті құрылғының ең бастысы – интерактивті тақта болып табылады.

   Сонымен қатар электронды материалдар қайта өңдеуге, қатесі болған жағдайда тез түзетуге, жетілдіруге өте қолайлы болып табылады.

  Және интерактивті құралдарды сабақта қолдану оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін, дайындықтарын арттыра түсетініне көзім жетті.

     Қазіргі нарықтық қоғамда интерактивті тақталардың ондаған түрлері бар (ActivBoard, White Board т.б). Және олардың әрқайсысының өз бағдарламалық қамсыздандыруы, соған байланысты әр тақтаның ұсынатын өз құралдары болады.

 Жалпы ақпараттық технологияны сабақ барыстарында оқушыларға қолдану, қызығушылығының артқанын байқадым. Тізбектелген  төрт сабағымда интерактивті тақтаны тиімді қолдандым.

4. Жеке тұлғаның ақпараттық технология негіздерімен сауаттылығын арттыру арқылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен алған білімі не үшін керек?

1. Пәнге қызығушылығы артады, құлшыныс, жігерін оятады;

2. Шығармашылық қабілеттері артады;

3. Өз күш-жігеріне сенімділік, ширақтық пайда болады;

4. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады;;

5.Оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады;

  Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Қазақ тілі ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі болып табылады екенін түсіндім.

     Ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің барлығы өзара байланыста,араласа қолданылады. Ақпараттық жүйемен оқытуда түсіндіру әдісі кино, диафильмдер көрсету арқылы жүзеге асады. Мәтін, елтануға байланысты, мақал-мәтелдер т.б.түсіндіру осы әдіс арқылы жүзеге асады. «Мәтінді тыңдап қайтадан оқып шығу», «Диалогты тыңдап,қайтадан кейіпкерлердің соңынан қайталап отыру» сияқты тапсырмалар компьютер арқылы  менің тізбектелген төрт сабағымда терең меңгерілді. Оқу материалын толықтыру, қорытындылау, қайталау, ал ең бастысы оның практикалық қолдану дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің қатарына жатқызылады.

Қазіргі кезде тілді коммуникативтік   оқыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Қазақ  тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуниктивтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан          

меңгертуді көздейді.

  Тіл үйрету үдерісіндегі ең белсенді заманауи әдістемелік тәсілдердің бірі-ақпататты, инновациялық коммуникативті оқыту технологиясы.

- Қазақ  тілі жүйесінің ішкі құрылымынан қажетті тілдік минимумды анықтап, оны қазақ тілінде сөйлесу, пікірлесу, жазу, сұхбаттасу т.б. қызметтерінде жүзеге асыра білуге керекті дағды, біліктерді ақпараттық коммуникативтік технологиялар жүйесімен оқыту арқылы қалыптастыру жолы мен ерекшеліктері айқындалды.

-Қазақ тілін ақпараттық- коммуникативтік технология жүйесімен оқыту

жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде танылып, әдістемелік- теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратынын байқадым.

  Ақпараттық – коммуникациялықтехнологияларны  (АКТ) қандай жағдайда нәтижелі болатынына мұғалімнің тигізер ықпалы зор және оқыту барысындағы білім сапасына да мұғалімнің үнемі көңіл бөліп отыруы аса маңызды.

Күтілетін нәтиже:

- жеке тұлға қалыптасып ақпараттық мәдениеті дамиды;

-кең ауқымды ақпараттар мен пайдалы мәліметтер алады, өзінің жеке болашағына бағыт – бағдар жасайды, сауаттылығы артады;

-жаңалықты меңгереді, жаңа шешімдер табуға дағдыланды;

-дүниетанымы кеңейіп, өз бетімен білім алуға және ойлауға үйренді;

- оқушының қабілеті дамып, өз бейімділігін таниды;

- ұстаз бен дара тұлға арасындағы байланыс ынтымақтастығы артады.

Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология негіздері Абай айтқандай, жас баланың - «дара тұлғаның» әр нәрсені білсем, үйренсем деген ой – сезім, тілек, мүдделерді өсіру, қанағаттандыру, өрістету үшін қажет технология деп ойлаймын.

Бұл технология - жан-жақты білім, тәрбие беретін, өміртанытқыш қызмет атқаратын құрал. Ұлт болашағы, өркениетті елдер қатарына жету үшін білім алу, жас тұлғаның ғылымды игеруге, имандылыққа, адамгершілікке, өнерлі болуға тәрбиелейді. Болашақта ақпараттық технологияны жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын интеграциялау мұғалімнің қарқынды дамуына, өзара байланыста белсенді қолдануына өте қажет деп түсінем.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқыту мен оқудағы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқыту мен оқудағы ақпараттық – коммуникациялық

 технологияларды қолдану

  «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім».

Мұхтар Әуезов.

Бүгінгі күні әлемдік ең озық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру құралдарымен жабдықталуға байланысты  болып отыр.   Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. 

     Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет.

Мектептегі білім беруді ақпараттандыру – бұл заман талабы, ғасыр ағымы. Ұрпағымыздың кемеңгерлікке ұласқан ақыл-ойының, парасат – пайымының және жаңа арнада өріс алған мәдениетінің асқар шыңы болып табылады .

    Педагогтардың ақпараттық –коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану қызметі дайындығынан келесіні байқауға болады:

- педагогтардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының артқандығы.

- оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау. Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады: а) осы оқыту құралын пайдаланудың педагогикалық тұрғыдан тиімділігі; б) үйренушілердің оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың тиімді тәсілдері (компьютерлік техниканың жеке-маңызды қызмет құрылымына кіруі, үйренуші мен компьютерлік техниканың ұтымды диалогын орнату, өзіндік қызметті дамыту арқылы оқу-танымдық қызметті жандандыру, оқу үдерісін өз бетімен бақылауды ұйымдастыру, компьютерлік техникамен өзара іс-қимыл барысында үйренушілердің шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;)

- педагогтарды жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық, пәндік және кәсіби-педагогикалық даярлау үрдісінде  ақпараттық – коммуникациялық технологияларды  (АКТ) кешенді пайдалану.

 Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің пайда болуы ақпараттардың мазмұнын адамның түрлі сезім мүшелері арқылы және аудиториямен интерактивті өзара әрекетке түсуі арқылы қабылдауды, түрлі техникалық құралдардың көмегімен іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.      

     Міне, осыған байланысты оқулық, дәптермен салыстырғанда электрондық құралмен оқыту дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады.

Білім беруді жаңарту, 12 жылдық білім беруге көшу - бұл барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзіретті тұлғаны қалыптастыру және дамыту» болып табылады. Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар педогог қызметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Бүгінгі таңда қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, Ақтау  қаласындағы «Маңғыстау  облысы бойынша педагог қызметкерлердің «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» ұсынған оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курсына қатысып, бағдарлама мазмұнының оқыту әдістері заманауи идеялардың жеті негізгі модулі түрінде берілген сол модулдардың ішінде «білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды».

  Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

   Үш білім саласының   қиылысу   ортасында Технологиялық педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек.    

  Оқыту   барысында оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін ақпараттық технологияларды (электрондық оқулық, слайд, интерактивті тақтаман, видео т.б) тиімді пайдалану, әрі оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру арқылы жеке тұлға болып қалыптасу үшін білім білік дағдыларын қалыптастыру.  Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойды.

  Қазіргі  кездегі білім берудегі мақсат жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім,өзіндік ой талғамы бар,  қабілетті  жеке  тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау саналарын жетілдіріп,өз алған білімдерін іс жүзімен ұштастыра алуға жол ашу.

Білім  салалары:

Технологиялық  білім

Мазмұндық- технологиялық білім

Мазмұндық  білім

Мазмұндық-педагогикалық білім

Педагогикалық білім

Технологиялық - педагогикалық білім

АКТ зерттегендер:

Бекта, Сох, Кокс пен Уэб, KennewelandBeauchamp, Birnbaum,  Мишра  мен  Келер

АКТ оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдер:

Электрондық пошта, мультимедиялық презентация, ВИКИ, Блоктар,  Платформа,  Онлайн, Форум,                   ІР  телефон

Оқытудың 5 аспектісі бойынша АКТ  қолдану:

Көрсетілім

     Модельдеу

     Бағалау мен талдау

     Ұсыну және қайталай ұсыну

     Тестілеу және құптау

    Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,  шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытыудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды талап етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.

    ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғаш баспалдағы мектептен басталады. Осы модуль қысқаша теориялық кіріспеден, суреттермен анимациялық материялдардан, жұмысынан тұрады.

АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:

1. Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;

2. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;

3. Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;

4. Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютерді жұмыс істеуге үйренеді;

5. Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;

6. Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

2. Мұғалімдердің  ақпараттық – коммуникациялық

 технологияларды (АКТ) қолданудағы тәсілдері:

   Дәстүрлі педагогика жаңа педагогика кітапта қанша бар болса, сонша және мұғалім қанша айтса, сонша білу мұғалім оқушыға білім береді.   

  Мұғалім оқу үшін оқушылар қағазға жазады. Анық, қолмен жазылған есеп оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы шектеулі.  Оқушылар бір-бірінен жазбаны жасырады және мұғалімге ғана оқуға болады.  Нені білуді және нені еске сақтауды шешу мұғалім оқушыларды ақпаратты бағалауға, таңдауға ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі Оқушылар дискке жазады және желіде жариялайды Кәсіби, қағазға басылған құжаттар оқушылар жеке таңдау жасайды деп күтіледі.  Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және тексеру кезінде пікір алмасады

3. Ақпараттық – коммуникациялық

 технологияларды (АКТ)  қалай қолдану керек:

 Мектептегі технологияларға мыналар жатады:

1. Теледидар бағдарламалары;

2. Сандық теледидар;

3. Интернет/WWW;

4. Ұялы телефон;

5. Ұтқыр қондырғыштар;

6. Компьютер/ноутбук;

Мазмұнды білудің технологиялық аспектісінің электрондық қауіпсіздігі.

БАҚ-пен жұмыс істеудегі құзырлылық дәстүрлі және жаңа байланыс қызметтері ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалану үшін адамдарға да, қоғамға да машықтырады, білім мен түсінікті игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар БАҚ көздерімен жұмыстағы құзырлылық адамдарға мазмұнды және коммуникацияларды  басқаруға, осы қызметтерді пайдаланумен байланысты әлеуетті тәуекелдермен өзін және өзінің отбасын қорғауға көмектеседі.

  Бірақ мұғалімдердің негізгі рөлі оқушыларға Интернетті қауіпсіз пайдалануды үйретуге негізделеді.

Ең үлкен қауіп: жеке ақпаратты ашатын оқушылар.

 Шын мәнінде тыйым салынған деректерді ғаламтор арқылы көру оқушылар үшін аса қауіпті емес. Өзі туралы ақпаратты көрсететін баланың аңқаулығын пайдаланатындардан нақты қауіп төнеді. Әсіресе тіл алмайтын жасөспірімдер ата-аналарының ескертулеріне көңіл бөлмейтіндігінен  болар, соларға көп қауіп төнеді. Бала өзі туралы, мысалы үйдің телефоны немесе мекен-жайы  туралы  жеке ақпаратпен онлаин бөлісуінен туатын қатер әдепсіз суреттер қараудан әлдеқайда қауіпті.

  Интернетті пайдалану кезінде балаларымызға жеке ақпаратты сақтауды үйрету біздің негізгі міндетіміз. Қандай жағдай болмасын   Оқушыларымыз  Интернетте өзінің атын, телефонымен нөмірін немесе мекенжайын толық жазбауы тиіс.

  Компьютер көмегімен өз пәнім бойынша, яғни  қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында слайд немесе сабақ барысында интерактивті тақтаны қолдандым.    

  Кіріспе бөлімінде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады. Содан кейін оқытушы осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша, сызба, кесте және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы,  негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

  Сабақты өткізу барысына келсем: мысалы сандық бейнені (видео) сабақ кезінде қолданғанда қызығушылығы молайғанын аңғардым.

   Актив студио флипчарт, интерактивті тақтаның құралдары арқылы  тізбектелген сабақтар топтамасында 1-ші  сабағым

«Хат»  тақырыбында жаңа сабақты ашу, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (СТО) барысында тапқырлығын байқау үшін хатқа қатысты бейне жазбаны көрсеттім, хаттың шығу тарихында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды  (АКТ) пайдаланғанымда оқушылардың қызығушылығы артты, сергіту сәтінде балаларды серігуіне көп әсер етті және шығармашылық жұмыс жасағанда тиімді пайдаландым.

 

 

    Екінші сабағым «Мақала» тақырыбынында мен  ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) тиімді пайдаландым. Уикипедия сайтынан мақала жайлы бейне жазба көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырдым. Уикипедия сайты арқылы  оқушылар тақырыпты терең түсінді. Осы кезде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды  (АКТ) өте тиімді пайдаландым деп ойлаймын. Себебі балалар осы бейне жазбадан керекті мағлұмат алды.  Мақаланың қалай жазу керек екендігін үйренді. Осы сабақта да сергіту сәтінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) тиімді іске асты.

 

      Тізбектелген сабақтар топтамасында   3-ші  сабағым   «Портрет».  Портрет сабағымда менің ең тиімді пайдаланған жерім сабақ барысындағы таныстырылым өте керемет өтті.   Сол таныстырылым арқылы оқушылар   тапсырманы өте жақсы белсенді орындады. Интерактивті тақтаны тиімді қолданды. Тізбектелген сабақтар топтамасында 4-ші сабағым яғни қорытындылау сабақта интерактивті тақтадағы таныстырылымды асыға күтумен болды. Қызығушылығын арттырды.  Сабақ барысында оқушыларға  өте тиімді болды. Себебі оқушылар өз көздерімен көрген мағылұматты  тез ұғады және ұнатады.

 

    Оқушылардың қабілеттерінің   шыңдалғаны   байқалды. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар электрондық оқулықты пайдаланып, қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптасып, шығармашылығы дамиды.  Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді.

   Бұл технологияны қолдану барысында мен  оқу материалдарын дайындау көп уақыт талап ететінін байқадым.  Ал қазіргі заманғы интерактивті құрылғылар дайындыққа кететін уақытты шамамен үш есеге азайту мүмкіндігін береді. Интерактивті құрылғының ең бастысы – интерактивті тақта болып табылады.

   Сонымен қатар электронды материалдар қайта өңдеуге, қатесі болған жағдайда тез түзетуге, жетілдіруге өте қолайлы болып табылады.

Және интерактивті құралдарды сабақта қолдану оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін, дайындықтарын арттыра түсетініне көзім жетті.

     Қазіргі нарықтық қоғамда интерактивті тақталардың ондаған түрлері бар (ActivBoard, WhiteBoard т.б). Және олардың әрқайсысының өз бағдарламалық қамсыздандыруы, соған байланысты әр тақтаның ұсынатын өз құралдары болады.

 Жалпы ақпараттық технологияны сабақ барыстарында оқушыларға қолдану, қызығушылығының артқанын байқадым. Тізбектелген  төрт сабағымда интерактивті тақтаны тиімді қолдандым.

4. Жеке тұлғаның ақпараттық технология негіздерімен сауаттылығын арттыру арқылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен алған білімі не үшін керек?

1. Пәнге қызығушылығы артады, құлшыныс, жігерін оятады;

2. Шығармашылық қабілеттері артады;

3. Өз күш-жігеріне сенімділік, ширақтық пайда болады;

4. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады;;

5.Оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады;

  Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Қазақ тілі ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі болып табылады екенін түсіндім.

     Ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің барлығы өзара байланыста,араласа қолданылады. Ақпараттық жүйемен оқытуда түсіндіру әдісі кино, диафильмдер көрсету арқылы жүзеге асады. Мәтін, елтануға байланысты, мақал-мәтелдер т.б.түсіндіру осы әдіс арқылы жүзеге асады. «Мәтінді тыңдап қайтадан оқып шығу», «Диалогты тыңдап,қайтадан кейіпкерлердің соңынан қайталап отыру» сияқты тапсырмалар компьютер арқылы  менің тізбектелген төрт сабағымда терең меңгерілді. Оқу материалын толықтыру, қорытындылау, қайталау, ал ең бастысы оның практикалық қолдану дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің қатарына жатқызылады.

Қазіргі кезде тілді коммуникативтік   оқыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Қазақ  тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуниктивтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан          

меңгертуді көздейді.

  Тіл үйрету үдерісіндегі ең белсенді заманауи әдістемелік тәсілдердің бірі-ақпататты, инновациялық коммуникативті оқыту технологиясы.

- Қазақ  тілі жүйесінің ішкі құрылымынан қажетті тілдік минимумды анықтап, оны қазақ тілінде сөйлесу, пікірлесу, жазу, сұхбаттасу т.б. қызметтерінде жүзеге асыра білуге керекті дағды, біліктерді ақпараттық коммуникативтік технологиялар жүйесімен оқыту арқылы қалыптастыру жолы мен ерекшеліктері айқындалды.

-Қазақ тілін ақпараттық- коммуникативтік технология жүйесімен оқыту

жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде танылып, әдістемелік- теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратынын байқадым.

  Ақпараттық – коммуникациялықтехнологияларны  (АКТ) қандай жағдайда нәтижелі болатынына мұғалімнің тигізер ықпалы зор және оқыту барысындағы білім сапасына да мұғалімнің үнемі көңіл бөліп отыруы аса маңызды.

Күтілетін нәтиже:

- жеке тұлға қалыптасып ақпараттық мәдениеті дамиды;

-кең ауқымды ақпараттар мен пайдалы мәліметтер алады, өзінің жеке болашағына бағыт – бағдар жасайды, сауаттылығы артады;

-жаңалықты меңгереді, жаңа шешімдер табуға дағдыланды;

-дүниетанымы кеңейіп, өз бетімен білім алуға және ойлауға үйренді;

- оқушының қабілеті дамып, өз бейімділігін таниды;

- ұстаз бен дара тұлға арасындағы байланыс ынтымақтастығы артады.

Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология негіздері Абай айтқандай, жас баланың - «дара тұлғаның» әр нәрсені білсем, үйренсем деген ой – сезім, тілек, мүдделерді өсіру, қанағаттандыру, өрістету үшін қажет технология деп ойлаймын.

Бұл технология - жан-жақты білім, тәрбие беретін, өміртанытқыш қызмет атқаратын құрал. Ұлт болашағы, өркениетті елдер қатарына жету үшін білім алу, жас тұлғаның ғылымды игеруге, имандылыққа, адамгершілікке, өнерлі болуға тәрбиелейді. Болашақта ақпараттық технологияны жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын интеграциялау мұғалімнің қарқынды дамуына, өзара байланыста белсенді қолдануына өте қажет деп түсінем. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 003 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2014 8944
    • DOCX 35.4 кбайт
    • 86 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баймуханова Толганай Узакбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50343
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек