Инфоурок Информатика Другие методич. материалыОқушылардың жобалау және зерттеушілік іс – әрекеттерін қалыптастыруда робот техникасының алатын орны.

Оқушылардың жобалау және зерттеушілік іс – әрекеттерін қалыптастыруда робот техникасының алатын орны.

Скачать материал

Оқушылардың  жобалау және зерттеушілік іс – әрекеттерін қалыптастыруда робот техникасының алатын орны.

 

Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да  салаларға еніп үлгерді.

Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту болып табылады. Жоғарыда аталған мақсаттарды іске асырудағы ең маңызды міндеттердің бірі қазіргі ғылымның ықпалдасқан салаларын дамыту және оларды заманауи мектептің білім беру үдерісіне кіріктіру болып табылады. Осыған байланысты оқушыларға ғылыми-техникалық білім берудің робот техникасы сияқты саласының өзектілігі артады. Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап «Роботтехникасы» курсы 1-деңгейінің (5,6және 7 сыныптарға арналған), 2 деңгейі (8-9 сыныптарға арналған) бағдарламасын әзірлеп шығарды.

 «Робот техникасы» элективті курсы бойынша білім беру бағдарламасының  мазмұны оқушылардың өз білімі мен біліктерін, дағдыларын шынайы өмірде өз бетінше қолдана білу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Күрделі кәсіби міндеттерді шығармашылықпен шеше білуге құзыретті жаңа қызметкердің қалыптасуы туралы мемлекеттің әлеуметтік ниеттерін ақтау үшін оқушы білімді жай ғана алып қоймай, адам қоғамында өмір сүруге қажетті белгілі бір құзыреттілік деңгейіне жетуге тиіс.

Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімімен дағдыларын кіріктіре отырып,роботтехникасы, инженерлік дизайн және технология  негіздерін зерттейді. 

Курс барысында білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары пайдаланылады.

Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.

Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді.

Заманауи ақпараттық қоғам қалыптастыру жағдайында қазіргі білім беру тәжірибесінде кеңінен қанат жайып отырған келешегі зор бағыттардың бірі робот техникасы болып табылады. Мектептің сабақтан тыс шараларында, сондай-ақ қосымша білім беруде оқытушы конструкторлар кеңінен қолданылады. Робот техникасы бойынша конкурстар мен сайыстарға қатысу балаларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа құлшындырады, сондай-ақ оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.

Бағдарламаның мақсаты:

Жалпы білім беретін мектептерде «Робот техникасы» элективті курсын іске асырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін үйрену.

Бағдарламаның міндеттері:

1) мұғалімдерді курстың құрылымымен, мазмұнымен, мақсаттарымен және міндеттерімен таныстыру;

 2) мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық, жобалау-зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдермен таныстыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер:

1) мұғалімдер курстың құрылымын, мазмұнын, мақсаттарын және міндеттерін біледі және түсінеді;

2) оқушылардың шығармашылық, жобалау-зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді біледі және түсінеді.

Мектеп оқушылары оқу-танымдық қызмет бағыты ретінде «Робот техникасы» курсына танымдық тұрғыдан жоғары деңгейде қызығушылық білдіреді. Мектепте робот техникасын оқыту келесі білім беру конструкторларының көмегімен жүзеге асырылады: LegoWeDo, Lego Mindstorms NXT, Lego Mindstorms EV3, Matrix, Fischertechnic, Arduino, Roborobo және т.б. Робот техникасы негізінде ойын технологиялары жатыр, бұл оның көпшілік қызығушылығына ие болуына негіз болып отыр. Ойын оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдісі мен тәсілі болып табылатыны сөзсіз, оның үстіне ол оқушыларға білім алу үдерісін байқамай-ақ үйренуге мүмкіндік береді. Бұнымен қоса, робот техникасы - ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейін көрсететін ықпалдастырылған пән саласы. Ол информатика, физика, математика сияқты мектеп пәндерін қамтиды. Негізгі пән информатика болып табылады.

Робот техникасы курсын орта мектепке арналған ықпалдастырылған курс ретінде сипаттай отырып, оны оқытудың мақсаттық, мазмұндық, іс-әрекеттік, тәрбиелік, дамытушы аспектілерін белгілеуге болады.

Мақсаттық аспект: робот техникасы сабақтарындағы жоба жұмысы мектеп оқушыларында оқыту барысында белгілі бір оқу қызметтерінің (танымдық, реттеуші, жеке тұлғалық, қарым- қатынастық) кешенінің тиімді қалыптасуына септігін тигізеді.         Мазмұндық аспект: робот техникасын оқыту барысында мұғалімде «Информатика», «Физика», «Математика» сияқты негізгі мектеп пәндері бойынша пәнаралық байланысты тиімді іске асыру мүмкіндігі пайда болады. Робот техникасы курсының биологиямен пәнаралық байланысын да ескермеуге болмайды. Тірі ағзалардың сенсорлық және қозғалыс функцияларының биологиялық тетіктері роботтың сенсорлық және қозғалыс жүйелерінің прототиптері болып табылады. Іс-әрекеттік аспект робот техникасы курсының шеңберінде жаратылыстану ғылымы циклінің пәндеріне тән іс-әрекет түрлерін меңгерумен байланысты: жүйелі қадағалау, болжам ұсыну, деректерді болжау, жинау және түсініктеме беру, алынған нәтижелерді талдау және шешімдерді тұжырымдау және т.б. Мектеп оқушыларын робот техникасына оқыту кезіндегі жетекші әдіс оқушылар белгілі бір уақыт бөлігінде жеке, жұптасып, топпен орындайтын оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне бағытталған жоба әдісі болып табылады.

Робот техникасының дамытушы аспектісі құрылымдау және бағдарламалауды бір курста жинақтау оқушыларда танымдық үдерістерді (қабылдау, ойлау және сөйлеу, есте сақтау, қиялдау) дамыту міндеттерін шешуге, ойлау формаларын (талдау, жинақтау, салыстыру және т.б.) дамытуға, жеке тұлға қасиеттерін (мінез-құлықты және амал-әрекеттерді, зияткерлікті, өзіндік ерекшелікті, шығармашылық әлеуетті) дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, робот техникасы заманауи өндіріс талаптарына жауап бере отырып, негізгі мектеп пәндері бойынша оқушы білімін тереңдетуге және жүйелеуге жағдай жасап, болашақ мамандықты таңдауға бағыт беретіндігін ескерер болсақ, оның мектептегі оқытуды дамытуда әлеуеті зор екенін көруге болады. Робот техникасының базалық мектеп пәндерімен жан- жақты пәнаралық байланыстарының көмегімен оқушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері сапалы жаңа деңгейде шешіледі, шынайы ақиқаттың күрделі міндеттерін шешуге арналған кешенді тәсіл үшін негіз қаланады

Робот техникасындағы оқу моделі Робот техникасы курсында әр тақырыпты зерделеу өз модельдерін жинау және бағдарламалауды көздейтін шағын жоба тапсырмаларын орындауды білдіреді. LEGO® Education жинағымен оқыту төрт бөліктен: өзара байланыс, құрастыру, рефлексия және дамыту деген бөлімдерден тұратын цикльді оқу моделін іске асыруды көздейді. Құрастыру Даму Рефлексия Өзара байланыс  Lego білім беру жабдығы негізіндегі цикльді оқу моделі.

 «Өзара байланыс» бөлімі бұған дейін бар тәжірибе мен білімдерді жаңадан игерілген біліммен біріктіруге, оқытудың жаңа кезеңі үшін қозғаушы күш, бастапқы нүкте ету мүмкін болғанда, білім қоржыны толығады дегенді меңзейді. Өзара байланыс орнату кезінде оқушылар жаңа білімді өздерінде бар білімнің «үстіне қосады», осылайша өз танымдарын кеңейтеді.

«Құрастыру» бөлімі модельдерді жинап, идея өндіру дегенді білдіреді. Оқу материалы ми мен қол «бірге жұмыс істеген» жағдайда жақсырақ меңгеріледі. LEGO Education өнімдерімен жұмыс істеу тәжірибелік оқыту қағидаттарына: алдымен ойлану, содан соң модельді жасауға негізделеді. Жинақтың әр тапсырмасында «құрастыру» кезеңіне арналған егжей-тегжейлі сипатталған, қадамдық нұсқаулар келтірілген.

 «Құрастырудың» үш түрі ұсынылады:

1) проблеманы еркін «байқап көру» - оқушылар өз бетінше қарапайым модельдерді түрлендіре және оларды басқара отырып, жаңа ұғыммен танысады.

2) нұсқау бойынша зерттеу - оқушылар егжей-тегжейлі нұсқауларға сүйене отырып, математикалық өңдеу үшін жарамды сандық нәтиже алу үшін қолданылатын модельдерді жасайды;

3) проблеманы еркін шешу – оқушылар қойылған міндетті орындауға қабілетті өз моделін жасайды.

«Рефлексия» ненің жасалғанын, құрылғанын, түрлендірілгенін пайымдауды, алынған білімді ауызша тұжырымдауды, тәжірибе нәтижелерін ұсыну тәсілдерін, оның басқа идеялармен және шешімдермен кешенді қолданылу жолдарын іздеуді білдіреді. Жасалынған жұмыстар туралы ой толғай және пайымдай отырып, оқушылар пән бойынша түсініктерін тереңдетеді. Олар өздерінде бұрыннан бар білім мен жаңадан алынған тәжірибенің арасындағы өзара байланысты нығайтады. Оқушылар модельдің мінез-құлқына оның конструкциясын өзгертудің қандай әсер еткенін зерттейді: олар бөлшектерді ауыстырады, есептер, өлшемдер, модель мүмкіндіктерін бағалайды, есеп құрады, таныстырылым өткізеді, сюжет ойластырады, сценарий жазады және өз модельдерін қатыстыра отырып, спектакль ойнайды. Бұл кезеңде мұғалім оқушы жетістіктерін бағалауға керемет мүмкіндік алады.

 «Дамыту» кезеңінде алынған тәжірибені тереңдетуге, креативтілік және зерттеу дағдыларын дамытуға септігін тигізетін неғұрлым күрделі тапсырма орындау көзделеді. Ынталандырушы, түрткі болатын жағдайлар болғанда, оқыту үдерісі анағұрлым жағымды және тиімді өтеді. Оқушының уәжін үнемі арттыра отырып, сәтті орындалған жұмыстан алған рахат сезімін қолдау оларды одан әрі шығармашылықпен жұмыс істеуге жігерлендіреді. Оқушылардың модельді әзірлеу және жинау үдерісі барлық заманауи конструкциялар мен құрылғылар негізіндегі базалық механикалық қағидаттарды және қарапайым техникалық шешімдерді зерделеуге бағытталған.

Роботтар сайысына дайындау үшін мұғалімге команда тренері ретінде жұмыс істеуге тура келеді. Сайыс оқушылардың робот техникасы бойынша оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдісі ретінде бәсекеге қабілетті тұлға қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл әдіс оқушылардың көшбасшылыққа, бәсекелестікке табиғи бейімділігіне сүйенеді. Сайыс үдерісінде мектеп оқушысы жолдастарымен қарым-қатынаста белгілі бір табысқа жетеді, жаңа әлеуметтік дәрежеге ие болады. Сайыс белсенділікті тудырады, сондай-ақ оқушының бойында өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастырады. Командаларды сайысқа дайындау кезінде ынтымақтастық әдістері кеңінен қолданылады, олар мектеп оқушылары мен команда жаттықтырушысының «тең» дәрежеде бірлесіп әрекет етуіне негізделеді. Оларға «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» жұптарында, «жаттықтырушы- операторлар» ұжымында бірлескен пікірталастар және т.б. жатқызылады Роботтар сайысы жетістіктер байқауы болып табылады, оқушылар үшін сайысқа қатысу олардың робот техникасын зерделеу бойынша әрекеттерінің өзіндік нәтижесі десе болады. Сайыстар оқушылардың робот техникасы сабақтарына деген уәжін арттыруға бағытталған және де командалардың техникалық дайындықтарын ғана емес, оқушылардың ұжымдық іс- әрекеттерін, эмоционалдық әсерлерін де қамтиды. Жобамен жұмыс істей отырып, команда мүшелері жауапкершілікті бөлуді, өзара іс-қимыл жасауды, басымдықтарды анықтауды және ықтимал қиындықтарды болжауды үйренеді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың жобалау және зерттеушілік іс – әрекеттерін қалыптастыруда робот техникасының алатын орны."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқушылардыңжобалау және зерттеушілік іс – әрекеттерін қалыптастыруда робот техникасының алатын орны.Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа дасалаларға еніп үлгерді.Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту болып табылады. Жоғарыда аталған мақсаттарды іске асырудағы ең маңызды міндеттердің бірі қазіргі ғылымның ықпалдасқан салаларын дамыту және оларды заманауи мектептің білім беру үдерісіне кіріктіру болып табылады. Осыған байланысты оқушыларға ғылыми-техникалық білім берудің робот техникасы сияқты саласының өзектілігі артады. Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап «Роботтехникасы» курсы 1-деңгейінің (5,6және 7 сыныптарға арналған), 2 деңгейі (8-9 сыныптарға арналған) бағдарламасын әзірлеп шығарды. «Робот техникасы» элективті курсы бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны оқушылардың өз білімі мен біліктерін, дағдыларын шынайы өмірде өз бетінше қолдана білу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Күрделі кәсіби міндеттерді шығармашылықпен шеше білуге құзыретті жаңа қызметкердің қалыптасуы туралы мемлекеттің әлеуметтік ниеттерін ақтау үшін оқушы білімді жай ғана алып қоймай, адам қоғамында өмір сүруге қажетті белгілі бір құзыреттілік деңгейіне жетуге тиіс. Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімімен дағдыларын кіріктіре отырып,роботтехникасы, инженерлік дизайн және технологиянегіздерін зерттейді.Курс барысында білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары пайдаланылады. Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді. Заманауи ақпараттық қоғам қалыптастыру жағдайында қазіргі білім беру тәжірибесінде кеңінен қанат жайып отырған келешегі зор бағыттардың бірі робот техникасы болып табылады. Мектептің сабақтан тыс шараларында, сондай-ақ қосымша білім беруде оқытушы конструкторлар кеңінен қолданылады. Робот техникасы бойынша конкурстар мен сайыстарға қатысу балаларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа құлшындырады, сондай-ақ оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Бағдарламаның мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде «Робот техникасы» элективті курсын іске асырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін үйрену. Бағдарламаның міндеттері: 1) мұғалімдерді курстың құрылымымен, мазмұнымен, мақсаттарымен және міндеттерімен таныстыру; 2) мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық, жобалау-зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдермен таныстыру. Оқудан күтілетін нәтижелер: 1) мұғалімдер курстың құрылымын, мазмұнын, мақсаттарын және міндеттерін біледі және түсінеді; 2) оқушылардың шығармашылық, жобалау-зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді біледі және түсінеді. Мектеп оқушылары оқу-танымдық қызмет бағыты ретінде «Робот техникасы» курсына танымдық тұрғыдан жоғары деңгейде қызығушылық білдіреді. Мектепте робот техникасын оқыту келесі білім беру конструкторларының көмегімен жүзеге асырылады: LegoWeDo, Lego Mindstorms NXT, Lego Mindstorms EV3, Matrix, Fischertechnic, Arduino, Roborobo және т.б. Робот техникасы негізінде ойын технологиялары жатыр, бұл оның көпшілік қызығушылығына ие болуына негіз болып отыр. Ойын оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдісі мен тәсілі болып табылатыны сөзсіз, оның үстіне ол оқушыларға білім алу үдерісін байқамай-ақ үйренуге мүмкіндік береді. Бұнымен қоса, робот техникасы - ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейін көрсететін ықпалдастырылған пән саласы. Ол информатика, физика, математика сияқты мектеп пәндерін қамтиды. Негізгі пән информатика болып табылады.Робот техникасы курсын орта мектепке арналған ықпалдастырылған курс ретінде сипаттай отырып, оны оқытудың мақсаттық, мазмұндық, іс-әрекеттік, тәрбиелік, дамытушы аспектілерін белгілеуге болады.Мақсаттық аспект: робот техникасы сабақтарындағы жоба жұмысы мектеп оқушыларында оқыту барысында белгілі бір оқу қызметтерінің (танымдық, реттеуші, жеке тұлғалық, қарым- қатынастық) кешенінің тиімді қалыптасуына септігін тигізеді. Мазмұндық аспект: робот техникасын оқыту барысында мұғалімде «Информатика», «Физика», «Математика» сияқты негізгі мектеп пәндері бойынша пәнаралық байланысты тиімді іске асыру мүмкіндігі пайда болады. Робот техникасы курсының биологиямен пәнаралық байланысын да ескермеуге болмайды. Тірі ағзалардың сенсорлық және қозғалыс функцияларының биологиялық тетіктері роботтың сенсорлық және қозғалыс жүйелерінің прототиптері болып табылады. Іс-әрекеттік аспект робот техникасы курсының шеңберінде жаратылыстану ғылымы циклінің пәндеріне тән іс-әрекет түрлерін меңгерумен байланысты: жүйелі қадағалау, болжам ұсыну, деректерді болжау, жинау және түсініктеме беру, алынған нәтижелерді талдау және шешімдерді тұжырымдау және т.б. Мектеп оқушыларын робот техникасына оқыту кезіндегі жетекші әдіс оқушылар белгілі бір уақыт бөлігінде жеке, жұптасып, топпен орындайтын оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне бағытталған жоба әдісі болып табылады.Робот техникасының дамытушы аспектісі құрылымдау және бағдарламалауды бір курста жинақтау оқушыларда танымдық үдерістерді (қабылдау, ойлау және сөйлеу, есте сақтау, қиялдау) дамыту міндеттерін шешуге, ойлау формаларын (талдау, жинақтау, салыстыру және т.б.) дамытуға, жеке тұлға қасиеттерін (мінез-құлықты және амал-әрекеттерді, зияткерлікті, өзіндік ерекшелікті, шығармашылық әлеуетті) дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, робот техникасы заманауи өндіріс талаптарына жауап бере отырып, негізгі мектеп пәндері бойынша оқушы білімін тереңдетуге және жүйелеуге жағдай жасап, болашақ мамандықты таңдауға бағыт беретіндігін ескерер болсақ, оның мектептегі оқытуды дамытуда әлеуеті зор екенін көруге болады. Робот техникасының базалық мектеп пәндерімен жан- жақты пәнаралық байланыстарының көмегімен оқушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері сапалы жаңа деңгейде шешіледі, шынайы ақиқаттың күрделі міндеттерін шешуге арналған кешенді тәсіл үшін негіз қаланадыРобот техникасындағы оқу моделі Робот техникасы курсында әр тақырыпты зерделеу өз модельдерін жинау және бағдарламалауды көздейтін шағын жоба тапсырмаларын орындауды білдіреді. LEGO® Education жинағымен оқыту төрт бөліктен: өзара байланыс, құрастыру, рефлексия және дамыту деген бөлімдерден тұратын цикльді оқу моделін іске асыруды көздейді. Құрастыру Даму Рефлексия Өзара байланыс Lego білім беру жабдығы негізіндегі цикльді оқу моделі. «Өзара байланыс» бөлімі бұған дейін бар тәжірибе мен білімдерді жаңадан игерілген біліммен біріктіруге, оқытудың жаңа кезеңі үшін қозғаушы күш, бастапқы нүкте ету мүмкін болғанда, білім қоржыны толығады дегенді меңзейді. Өзара байланыс орнату кезінде оқушылар жаңа білімді өздерінде бар білімнің «үстіне қосады», осылайша өз танымдарын кеңейтеді. «Құрастыру» бөлімі модельдерді жинап, идея өндіру дегенді білдіреді. Оқу материалы ми мен қол «бірге жұмыс істеген» жағдайда жақсырақ меңгеріледі. LEGO Education өнімдерімен жұмыс істеу тәжірибелік оқыту қағидаттарына: алдымен ойлану, содан соң модельді жасауға негізделеді. Жинақтың әр тапсырмасында «құрастыру» кезеңіне арналған егжей-тегжейлі сипатталған, қадамдық нұсқаулар келтірілген. «Құрастырудың» үш түрі ұсынылады: 1) проблеманы еркін «байқап көру» - оқушылар өз бетінше қарапайым модельдерді түрлендіре және оларды басқара отырып, жаңа ұғыммен танысады. 2) нұсқау бойынша зерттеу - оқушылар егжей-тегжейлі нұсқауларға сүйене отырып, математикалық өңдеу үшін жарамды сандық нәтиже алу үшін қолданылатын модельдерді жасайды; 3) проблеманы еркін шешу – оқушылар қойылған міндетті орындауға қабілетті өз моделін жасайды. «Рефлексия» ненің жасалғанын, құрылғанын, түрлендірілгенін пайымдауды, алынған білімді ауызша тұжырымдауды, тәжірибе нәтижелерін ұсыну тәсілдерін, оның басқа идеялармен және шешімдермен кешенді қолданылу жолдарын іздеуді білдіреді. Жасалынған жұмыстар туралы ой толғай және пайымдай отырып, оқушылар пән бойынша түсініктерін тереңдетеді. Олар өздерінде бұрыннан бар білім мен жаңадан алынған тәжірибенің арасындағы өзара байланысты нығайтады. Оқушылар модельдің мінез-құлқына оның конструкциясын өзгертудің қандай әсер еткенін зерттейді: олар бөлшектерді ауыстырады, есептер, өлшемдер, модель мүмкіндіктерін бағалайды, есеп құрады, таныстырылым өткізеді, сюжет ойластырады, сценарий жазады және өз модельдерін қатыстыра отырып, спектакль ойнайды. Бұл кезеңде мұғалім оқушы жетістіктерін бағалауға керемет мүмкіндік алады. «Дамыту» кезеңінде алынған тәжірибені тереңдетуге, креативтілік және зерттеу дағдыларын дамытуға септігін тигізетін неғұрлым күрделі тапсырма орындау көзделеді. Ынталандырушы, түрткі болатын жағдайлар болғанда, оқыту үдерісі анағұрлым жағымды және тиімді өтеді. Оқушының уәжін үнемі арттыра отырып, сәтті орындалған жұмыстан алған рахат сезімін қолдау оларды одан әрі шығармашылықпен жұмыс істеуге жігерлендіреді. Оқушылардың модельді әзірлеу және жинау үдерісі барлық заманауи конструкциялар мен құрылғылар негізіндегі базалық механикалық қағидаттарды және қарапайым техникалық шешімдерді зерделеуге бағытталған.Роботтар сайысына дайындау үшін мұғалімге команда тренері ретінде жұмыс істеуге тура келеді. Сайыс оқушылардың робот техникасы бойынша оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдісі ретінде бәсекеге қабілетті тұлға қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл әдіс оқушылардың көшбасшылыққа, бәсекелестікке табиғи бейімділігіне сүйенеді. Сайыс үдерісінде мектеп оқушысы жолдастарымен қарым-қатынаста белгілі бір табысқа жетеді, жаңа әлеуметтік дәрежеге ие болады. Сайыс белсенділікті тудырады, сондай-ақ оқушының бойында өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастырады. Командаларды сайысқа дайындау кезінде ынтымақтастық әдістері кеңінен қолданылады, олар мектеп оқушылары мен команда жаттықтырушысының «тең» дәрежеде бірлесіп әрекет етуіне негізделеді. Оларға «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» жұптарында, «жаттықтырушы- операторлар» ұжымында бірлескен пікірталастар және т.б. жатқызылады Роботтар сайысы жетістіктер байқауы болып табылады, оқушылар үшін сайысқа қатысу олардың робот техникасын зерделеу бойынша әрекеттерінің өзіндік нәтижесі десе болады. Сайыстар оқушылардың робот техникасы сабақтарына деген уәжін арттыруға бағытталған және де командалардың техникалық дайындықтарын ғана емес, оқушылардың ұжымдық іс- әрекеттерін, эмоционалдық әсерлерін де қамтиды. Жобамен жұмыс істей отырып, команда мүшелері жауапкершілікті бөлуді, өзара іс-қимыл жасауды, басымдықтарды анықтауды және ықтимал қиындықтарды болжауды үйренеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 262 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.12.2020 277
    • DOCX 19.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шестернина Алена Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шестернина Алена Сергеевна
    Шестернина Алена Сергеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68561
    • Всего материалов: 220

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 687 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 799 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 19 регионов

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе