Инфоурок Другое Другие методич. материалыОқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау

Оқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау

Скачать материал

Күні

Топ

13.03.14

ПМ-11 б

 

 

 

 Арнайы пәндер оқытушы: Мусауова Клара Сағынбайқызы

Пән:  Өндірістік оқытуды ұйымдастыру және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі.

Топ: ПМ-11б

Сабақ тақырыбы: Оқушылардың  үлгерімін бақылау және бағалау.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: проблемді, сөздік

Пәнаралық байланыс: геометрия,ауылшаруашылық машиналары.

 

Сабақтыңмақсаты

Білімділік: Оқушылардың  үлгерімін бақылау және бағалау өткізу жайлы таныстыру. Бақылау түрлері оның қолдану әдістерін ерекшелігін білу. Бағалаудың критериалдық баллдық тәсілдерін түсіндіру.

Дамытушылық:Білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы жайлы білімдерін дамытады. Сапалы терең білім беру,белсенділігін көтеріп, пәнге деген қызығушылығынарттырады.

Тәрбиелілік: Өзіндік қасиеттер мен шеберлігін артыру, өз бетімен ерінбей еңбектене алатындай ерік-жігерге,өзіне сенімділікке тәрбиелеу.

 

 

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

 

А. Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, әдістемелік оқулықтар.

Б. Негізгі әдебиет: К. Өстеміров. Кәсіптік оқыту әдістемесі.

В. Қосымша әдебиеттер: Жиынтық бағалар бойынша тапсырмалар жинағы.

Астана-2013ж.  Назарбаев зияткерлік мектебі.

Қалыптастырушы бағалар бойынша тапсырмалар жинағы.

Астана-2013ж.  Назарбаев зияткерлік мектебі.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.Астана-2012ж

 

Сабақты жүргізу кезеңдері:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

 а) сәлемдесу;

 б) топқа бөлу;

- геометриялық фигуралар бойынша / бес жұлдыз, төрт бұрыш, үш бұрыш/арқылы.

- топ ережесін қайталау.

- мамандыққа  байланысты геометриялық фигуралардың  ерекшелігін айту.

- бағалау критерийлары, әр оқушы алдында

  бағалау парағы 6 баллдық жүйемен белгіленеді.

II. Өткен тақырыпты  қайталау:

Сұрақ-жауап

Кубизм әдісімен

1. Өндірістік оқудың сабақтан тыс формасы қандай?

Оқу шеберханаларында, оқу өндірістік орындарында шебермен бірге өткізіледі.2.Өндірістік тәжірбиеден өру барысында студенткеқандай талаптарды орындау керек ?

- кәсіпорынның, ұйымның ішкі тәртібін орындау;

-  қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң сақтау;

- технологиялық тәжірибе бағдарламасын толық орындау3.Өндірістік оқытуды материалдық жабдықтау  қандай?

«Өндірістік оқыту» плакаттар сериясы.

«Әдістемелік плакаттар»

«Топтық және өндірістік-оқу  қызметін жоспарлау» плакаттар

«техникалық бөлшектер»  плакаттар, макеттер

«тренажерлар, техникалар»

4.Кіріспе нұсқаубөлімде оқушыларға неоқытамыз?

Сәлемдесу, түгендеу, сабақ мақсатын таныстыру, жұмысқа кіріспе нұсқау беру.

5.Шеберлік дегеніміз не? 

Кез-келген істі өз дәрежесінде орындай білу.6.Өндірстік оқыту шебері бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Білімді, жан-жақты, оқушылармен жақсы қарым-қатынаста, өз ісінің білгірі, техникананы жақсы білуі керек.

 

№ 1. Карточка

1.Өндірістік оқытудың  негізіне есепке алуын нешеге бөлеміз?

2. Өндірістік оқытуда табысқа жету үшін нені білу керек?

3. Өндірістік оқыту шеберінің дауыс ырғағы қандай болуы керек?

 

№ 2. Карточка

1.Өндірістік оқыту шебері жылдық қандай есеп береді?

2. Аралас сабақтың құрылымы  дегеніміз не?

3.  Өндірістік оқуда оқу көрнекі құралдары алатын орны?

№ 3. Карточка

1.Өндірістік оқытуда аралаудың қандай түрлері бар және аралауда өндірістік оқыту шебері  нені ескереді?

2. Жалпы сабаққа неше мақсат қоямыз?

3.Өндірістік оқыту шеберінің есепке алу шараларынан  қандай нәтижелеркөрсетіледі?

III. Жаңа тақырыпты баяндау:

Оқушылардың  үлгерімін бақылау және бағалау жайлы таныстыру.

Критериалды бағалау-бұл  білім  берудің мақсаты мен мазмұнына  негізделген  оқушының оқутанымдық  құзырлығын қалыптастыруда  алдын-ала  белгіленген   жетістіктермен салыстыру үрдісі.

Білім сапасын бағалау жүйесін ерекшелігі

- Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы

- Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан

қайшылықтар                                                                                                                                              -Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі

Қалыптастырушы бағалау

         Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды.

         Негізгі бақылау жұмысына  дейін білімін жүйелейді.

Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.

         Бір тарауға  байланысты   қалыптастырған білім деңгейін анықтайды

Жиынтық бағалау

  Жиынтық бағалауда барлық критерийлер   барынша қолданылуы керек.

   Критерий оқушының жас ерекшелігіне,  бағдарламаға сай алынады.

   Әрбір жетістік  балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.

Жарты жылдық, жылдық бойынша әр  критерий бойынша  негізгі бақылаудан алынған  орташа балл есептелінеді.

Бағалаудың жеңіл және күрделі әдістері

Жеңіл әдісі бойынша сұрақтар бағалау  ия, жоқ деген жауаптармен болады.

Күрделіәдісі бойыншасұрақтарға бағалау жауаптары ерекшелігімен, түрлерін жұмыс жасау үрдісін т.б. талап етеді.

Бағалаудың критерилары ерекшелігін түсіндіру.


 Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е. А. Дмитриев -күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген.
 Профессорлар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтың ''Педагогика'' оқулығында ол тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлінген.
 Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды.

 Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асырауға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.
 Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен манызға ие болады.
 Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.
 Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі.

Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
 
 Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда, тапсырмалар түрі деп ұғынылады (жазбаша бақылау жұмысы, тесталық жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, сынақ, шығарма, диктант т.б.) немесе оқушылар әрекетінің түрі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру т.б.).
 Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.
 Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) – бұл  субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.
 Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезең-дерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою т.с.с.)
 Жеке-дара қатынас - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.
 Жан-жақтылықта - бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.
 Диффериенциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.
 Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
 Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады.

Олар мыналар: ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
 жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру).
 практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).
 машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).
 өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
 Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі - мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
 Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
 Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
 Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді.

Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
 Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
 Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін
 бағалауда немқұрай-лылыққа салынуға болмайды.
 Баға ''балл'' есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі ''5'' балдық жүйелер қолданылады.
 ''5'' бағасы - оқу материалын толық, дәл логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
 ''4'' бағасы - оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;
 ''3'' бағасы - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады; ''2'' бағасы - оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;
 ''1'' бағасы - тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады.
Сынақ - қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады.

 Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді.
 Емтихан - оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.
 Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту:

1топ: Эссе шығарма «Мамандығым –мақтанышым !»

2 топ: «Жеңіл және күрделі» бақылау әдісі бойынша бүгінгі тақырыбқа сұрақтар құрастыру. Оқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау.

3 топ: кластер құрастыру «Бағалау»

V. Сабақты қорытындылау «Ойлан тап» ойыны арқылы.

Сабаққа қатысып, жауап берген студенттерді бағалау.

VІ. Үй тапсырмасы:  Оқулықтармен жұмыс

 

 

Оқытушы: К.С. Мусауова

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білімділік: Оқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау өткізу жайлы таныстыру. Бақылау түрлері оның қолдану әдістерін ерекшелігін білу. Бағалаудың критериалдық баллдық тәсілдерін түсіндіру. Дамытушылық:Білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы жайлы білімдерін дамытады. Сапалы терең білім беру,белсенділігін көтеріп, пәнге деген қызығушылығынарттырады.Тәрбиелілік: Өзіндік қасиеттер мен шеберлігін артыру, өз бетімен ерінбей еңбектене алатындай ерік-жігерге,өзіне сенімділікке тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 987 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.08.2020 1933
    • DOCX 34.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Пахомова Светлана Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 112750
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе