Инфоурок Директору, завучу ПрезентацииОткрытый урок по предмету самопознание для 6 класса

Открытый урок по предмету самопознание для 6 класса

Скачать материал

 

№2 Жалпы орта білім беру мектебі; Ақсу қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өмірдегі өзімнің орным»

/кіріктірілген сабақ/

6 сыныпқа арналған сабақ үлгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты ұйымдастырған: Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі

                                                 Садвакасова Аягөз Түсіпқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жыл

 

Тақырыбы:         «Өмірдегі өзімнің орным»

Сабақты ұйымдастырған: Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі

                                                 Садвакасова Аягөз Түсіпқызы

                                          «Өмірдегі өзімнің орным»

Мақсаты: білімділік: ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу.
Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі, этикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету;
Тәрбиелік: жерлес ақынымыздың шығармаларын жете білуге, ой қорытындылауға дағдыландыру.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Ақын портреті, бүктеме, шығармалары, кітаптары.

Барысы: 1. Ұйымдастыру
1. Кіріспе. Мұғалім түсіндірмесі:
Бір гүлін маған еккізбей,
Жайқалып өсті мынау бақ.
Қолымды соған жеткізбей,
Қойды ғой науқас бұғаулап, - деп ақынның өзі айтқандай, аяулы азаматтың тағдыры.
Ол екінші сыныпта оқып жүргенде жазатайым түйеден құлап, майып болып қалады, өз аяғымен жер басып, туған ел топырағы жылуын табанымен сезе алмас халге душар болады.
Ол жар сүйген жоқ, ол перзент сүйген жоқ... Елу жастан аса бере қаза болады...
Ол қазақтың Корчагині атанған құрыш қазақ тағдыры!
Екі аяғын еркін басуға жарамай, сексеуілше сірессе де, жіпсіз байланып, үй күшік атанған жоқ: Ташкентті де тамашалады, Омбының дәмін татты,
Көкшетау көркіне сүйсінді, Аягөзді аралады, аяулы Алматыны алуан рет аңсап келіп, ыстық көңілмен аймалады.
Сыр бойындағы еңбеккерлердің сағына күтер мейманына айналды.
Көппен кездесуді азаматтық парызым деп ұғынды.
З. Шүкіров Бөгенде жатып – ақ елу томдық Үлкен Кеңес Энциклопедиясындағы медицина, әдебиет және тарих ғылымдарына қатысты материалдарды сүзіп оқыған.
«Борышы көп жанмын кең дүниеге, соны ойласам, кетеді ішім жанып», - дейді азамат ақын. Зейнолла ақын туралы айта берсек, сөз жетпес. Енді сабағымыз сайыс болғандықтан, сайыскерлеріміз ақын туралы көп ізденіп, көп оқып келген болар деп ойлаймын. Сондықтан да сайыс бастамас бұрын сайыскерлерімізді үш топқа бөлемін және әр топтың топ басшыларын сайлап аламыз.
1 - топ «Лирик ақын»;
2 – топ «Аудармашы ақын»;
3 – топ «Біртуар талант»
Сайыс үш кезеңнен тұрады. Әр кезең сайын топ басшылары «Бағалау кітапша» арқылы өз мүшелерінің жауаптарын әділ бағалап отырады.
І кезең      «Ақын туралы не білемін?»
Әр топ өз аттарын қорғайды, өз аттарына байланысты «Топтастыру» стратегиясын құрады.
Жауап берген топтың жауабын топ басшысы «Бағалау кітапшасы» арқылы бағалап отырады.

ІІ кезең
    «Ақын еңбектерін қалай оқыдым?»
1 – топқа сұрақ: Ақын өмірінің соңына дейін қанша өлең жазды? ( 231)
2 – топқа сұрақ: Ол қандай ақынның өлеңдерін аударды? ( Ф. И. Тютчев)
3 – топқа сұрақ: Ақынның қанша поэмасы бар? ( Алау, Олимпиада, Клеопатра)
Берілген жауаптарын топ басшылары «Бағалау кітапшасы» арқылы бағалап отырады.

ІІІ кезең «Жатқа оқу – үлкен шеберлік» Тапсырма өз топтарының аттарына сәйкес беріледі.
1 – топқа Ақынның лирикалық өлеңдерінен жатқа айту;
2 – топқа Аудармаларын жатқа айту;
3 – топқа Поэмасын жатқа айту.
Топ басшылары өз мүшелерінің қанша өлең және қалай көркем оқыды, соның бәрін ескеріп, «Бағалау кітапшасы» арқылы бағалап отырды.
Сайыс соңында «Бағалау кітапшасындағы» көрсетілген бағалар есептеліп, топтардың қанша ұпай жинағаны шығарылып, қай топтың жеңімпаз екені анықталып, сайыскерлер мақтау қағаздармен марапатталды.
Иә, дарынды ақын, жазушы, қаһарман қысқа өмірінің қымбат есебін халқына қалтқысыз, қапысыз тапсырып өтті. Ширек ғасырлық шығармашылық өмірінде ол аз жазған жоқ: лирика, повестер мен үш роман қалдырды.
Қазақ әдебиеті тарихында Зейнолла Шүкіровтің тәлімгерлік рухы жасай бермек!
Ол жұлдыз болып жанды да,
Ол жұлдыз болып қалды да! – деп ақынымыз М. Әлімбаев айтқандай, ақынымыз мәңгі бақи халықтарының жүрегінде жұлдыз болып сақталады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по предмету самопознание для 6 класса"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: "Өмірдегі өзімнің орным"Барысы: 1. Ұйымдастыру1. Кіріспе. Мұғалім түсіндірмесі:Бір гүлін маған еккізбей, Жайқалып өсті мынау бақ. Қолымды соған жеткізбей,Қойды ғой науқас бұғаулап, - деп ақынның өзі айтқандай, аяулы азаматтың тағдыры. Ол екінші сыныпта оқып жүргенде жазатайым түйеден құлап, майып болып қалады, өз аяғымен жер басып, туған ел топырағы жылуын табанымен сезе алмас халге душар болады. Ол жар сүйген жоқ, ол перзент сүйген жоқ... Елу жастан аса бере қаза болады... Ол қазақтың Корчагині атанған құрыш қазақ тағдыры!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 586 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.09.2020 140
    • DOCX 16.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дьяченко Анна Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дьяченко Анна Владимировна
    Дьяченко Анна Владимировна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 81847
    • Всего материалов: 222

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные аспекты деятельности резчика ручной плазменной резки

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные понятия и композиционные приемы искусства в интерьере

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности применения средств и методов лечебной физической культуры при различных заболеваниях

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе