Инфоурок Другое Другие методич. материалыОткрытый урок 8 класс

Открытый урок 8 класс

Скачать материал

LoveFrames_20150226_223540.jpegАтырау облысы,Махамбет ауданы,Бейбарыс ауылы

Чкалов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІІ деңгей  мұғалімі

Жунусова Алмагүл Тілекқабылқызы

Сабақтың тақырыбы:  Амангелді Иманов-халық батыры

Сыныптан тыс оқу     

Пәні: әдебиет

Мектеп: Чкалов атындағы орта мектебі

Сыныбы: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Амангелді Иманов батыр бабамыздың ерліктері жайында, батырдың өмір жолы жайында барлығы өз   айта алады

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар: Амангелді Имановтың өмірі мен туған жері туралы біледі

Көпшілігі: А.Иманов басқарған партизан отрядтары жазалаушы отрядтарға қарсы бірнеше сәтті ұрыстар жүргізгенін біледі

Кейбірі: Амангелді Имановқа арнап ақындардың жыр арнағанын айтып,өлеңдерін мәнерлеп оқып бере алады

Тілдік мақсат:

Оқушылар:Өз беттерімен іздене отырып,көтерлістің болған жерін  картадан көрсетіп бере алады.

 

Талқылауға арналған тармақтар: Көтерілстің шығу себебі, Амангелді батырдың еріктері

Жоспар

 

Сабақтың басталуы

5 минут

170.jpgСабақ барысы: Сыныпты әр түрлі суреттер арқылы 3 топқа бөлу.

Сергіту сәті  

-Біз кімбіз?

-Азат елді Қазақпыз!

-Қандай елміз?

-Тәуелсізбіз ,азатпыз!

Мақсатымыз:үйрену,білу

Болмаймыз біз сауатсыз!

І.Қызығушылықты ояту

-Балалар ,тәуелсіздік дегенді қалай түсінеміз?

 ( оқушылар ойы)

-Тәуелсіздік үшін күрескен тарихтан  кімдерді білеміз?(оқушылар пікірі тыңдалады)

Мұғалім: Оқушылар,ұлтымыздың бас бостандығы үшін күрескен тарихымызда батырларымыз көп.Соның бірі де,бірегейі Амангелді Иманов.Амангелді Иманов 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, қол бастаған батырымыздың бірі.Биыл 1916 жылғы көтеріліске 100 жыл.Бүгін батырымыздың ерліктері мен батырға арнап жазылған өлең,жырлар туралы өздерін арқылы білеміз.Үш топ болып жұмыс жасаймыз.Бүгін бізде қонақта  тарихшылар,әдебиетшілер,зерттеушілер кеп отыр.Өзімізге бір қол соғайық.

І топ: Тарихшылар

ІІ топ: Әдебиетшілер

ІІІ топ: Зерттеушілер

Ортасы 30 минут

ІІ.Мағынаны тану.

Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша постер қорғап,өз ойларын айтады.

І топ :Тарихшылар:     Аманкелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919 жж.) - халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Иман батыр Дулатұлының немересі. Торғай уезінің Қайдауыл болысында (қазір Қостанай облысы Аманкелді ауданы) кедей малшының отбасында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болса, шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Әжесі Қалампыр немересінің ата дәстүрін ұстаған ұл болатынын бірден таныпты. Немересіне атасының сауытын кигізіп, қылышын ұстатып, басын байлаған шөпті шаптырып, шауып келе жатып, күмісті жерден қаққызып, терең су түбіне тастаған патша бейнесі бар сомдықты алғызады екен. Аманкелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартқан Аманкелді бала кезінен әділетсіздікті жаны сүймей өсті.

   Әліби Жанкелдин Аманкелдінің үш қасиетін ерекше бағалапты. Біріншіден, Аманкелді діндар жан еді. Бес мезгіл намазын қаза жібермейтін. Екіншіден, көзі ғажап еді, қадалып қарағанда көзінің нұры өңменіңнен өтіп кететін. Амалсыздан, көзіңді тайдырып әкетуге мәжбүр болатынсың. Ал көздеп атқанда, құралайды көзінен тигізетін қас мерген еді. Үшінші, орта бойлы, дөңес мұрынды, жай қарағанда қалың қазақтан өзгешелігі жоқ сияқты. Аманкелдінің қиын-қыстау, алмағайып кезде таңқаларлық тапқырлығы бар еді. Бас кессе де, тіл кеспегі жоғын білген ол кімнің алдында да бұғып, бой таса жасаған емес, нағыз топжарғанның өзі болатын (1). Шын мәнінде батыр болып жаратылған жан нар тәуекелшіл, өткір, өктем, құралайды көзінен атқан құла мерген, шешен де көсем болған. Шапшаң, қалың топ алдында еш жаннан сескенбейтін жүрек жұтқан батыр. Аманкелдімен, Кейкімен ұлт-азаттық көтерілісінде бірге болған сарбаздардан «Аманкелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген ілтипатты сөз қалған. 1916 жылы  тамыз-қыркүйек айларының аралығында А.Иманов басқарған партизан отрядтары жазалаушы отрядтарға қарсы бірнеше сәтті ұрыстар жүргізді. 1916 жылы  21 қазанда 4 мыңға жуық көтерілісшілер Татыр көлінің маңында казак жүздігімен және Торғай уезінің бастығының полиция отрядымен ұрыс жүргізді. Бұл көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында ең ірі шайқастың бірі болатын. Көтерілісшілердің арасында қалыптасқан үздіксіз байланыс болатын. Оларды қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін бірнеше ауылдарда құрылған ұстаханаларда қару-жарақтар, оқ-дәрілер дайындалып, қылыш, найза, айбалталар соғылды. 1916 жылы 25 қазанда А.Иманов басқарған 15 мыңға жуық көтерілісшілер Торғай қаласын қоршауға алды. Торғай және Ырғыз уезіндегі жағдай күрт төмендеді. Торғаймен байланыс үзіліп, қала тегіс қоршалды. Қарашаның алғашқы жартысында Торғай уезіндегі көтеріліс бүкілхалықтық сипат алды. 6 қараша күні көтерілісшілер шабуылды бастап, қаланың жартысын басып алды. Бірақ  зеңбірекпен атқылаған соң шегінуге мәжбүр болды. Қарашаның аяғына қарай көтерілістің негізгі тобы Торғайдан шегініп, Батпаққарада шоғырлануға мәжбүр болды. Патша әскери бас штабының бұйрығы бойынша  Қазан әскери аймақтық майдан шегінен алынған бірнеше әскери бөлімдерден генерал Лаврентьевтің экспедициялық корпусын жасақтап, көтеріліс ауданына жіберілді. Ұлт-азаттық көтеріліске қатысқаны үшін 3 мың адам жауапқа тартылып, оның 201 адамы өлім жазасына, 162 адамы каторгаға айдалды. Соған қарамастан айбалтамен, құс мылтықпен және басқа қарулармен қаруланған көтерілісшілер жазалаушылардың негізгі күшін қыспаққа алып, Торғайды айналасына 100 шақырым радиуспен қоршап алды. 22-23 ақпанда Доғал-Үрпек жазығында көтерілісшілер жазалаушыларға қарсы соңғы рет ұрыс салды. 27 ақпанда жазалаушы отряд Торғай қаласына қарай шегініп, Доғал-Үрпек, Батпаққара мекенін көтерілісшілер қолына тастап шықты. 1917 жылы  8 наурыздан бастап Уақытша Үкіметтің  А.Иманов пен оның сарбаздары жөніндегі істі тоқтату қаулысына қарамастан жергілікті үкімет өкілдері Аманкелдіні тұтқындауды талап етті. 1917 жылдың  шілдесінде билер соты А.Имановты 10 жылға Сібірге айдауға кесті.Биыл көтеріліске 100 жыл.

ІІ топ ; Әдебиетшілер: Әдебиетке көз жүгіртер болсақ,Амангелді Имановқа арнаған ақын-жазушыларымыздың жыр кестелері бар.Атап айтсақ: Омар Шипин «Амангелді батыр»,  Күдері Жолдыбаев «Амангелдінің Торғайды алғаны».Және Амангелді батырдың сарбаздары «Амангелді маршы» деген жорық жырын шығарып таратқан.(Өлеңдерінен үзінді жатқа оқиды.)

ІІІ топ: Зерттеушілер: Отандық тарихта ерекше орын алып, еркіндік сүйгіш қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін жан аямайтынын анық көрсетті. Хас батыр Аманкелдіге  Ж.Жабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, орыс жазушылары П.Кузнецов, Л.Соболев, Д.Снегин т. б. шығармаларын арнады. Украин жазушысы О.Десняк «Тургайский сокол», адыгей қаламгері И.Раевский «Амангельды и Алим» повесін, Ғ.Мүсірепов, В.Иванов, Б.Майлин бірлесіп «Амангелді» фильмінің кино сценарийін жазды. Суретшілер Ә.Қастеевтің, Қ.Телжановтың, Н.Б.Нұрмұхамедовтің, В.Шамшиннің Аманкелдіге арналған полотнолары, X.Наурызбаев т. б. мүсіншілердің батыр туралы мүсіндік портреттері көпшілікке кеңінен танымал. Жергілікті айтыскер ақын Қабден Байқасынов өз арнауында былай жырлаған:

Ел ескерген еңбегн,

Қалайша айтпай, шыдайын.

Аманкелді, Әліби

Қаһарман еді-ау қан кешкен,

Көрсе де байлар қоқайын .

Сабақтың аяқталуы

ІІІ«Ой толғаныс»

«Қалың және жұқа» сұрақтар әр топ   сұраққа жауап береді

1.Амангелді Имановпен дос болған қоғам қайраткері?

( Әліби Жангелдин)

2.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске Амангелді батырымызбен аты бірдей аталатын көтеріліс басшысы кім? (Бекболат Әшекеев)

3.1916 жылғы көтерілістің шығу себебі неде?

( көтерілістің шығу тегі екі түрлі:1) патша өкіметінің отаршылдық қысымының күшейіп,еңбекші халықты аяусыз талауы болса,2) патшаның 19 бен 31 жастың арасындағы қазақ азаматтарын майданға қара жұмысқа алуы.)

4.Амангелді Иманов қай жерде көтеріліс ұйымдастырып,азаттықтың туын тікті? (Торғай облысы)

5.Көтерілістің болған жерін картадан кім көрсетеді?

Мұғалім:Міне,балалар,біз бүгін еліміздің тәуелсіздігін аңсаған азаттық үшін күрескен жалынды батыр,дарынды қолбасшы Амангелі Иманов туралы білдік.Тарих беттеріне үнілсек түрлі көтеріліс болғанын білеміз.Биыл 1916 жылғы көтеріліске 100 жыл.Әрқашан елдігіміз бен ердігімізді ұмытпайық.Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда.Сондықтан ұлт үшін күрескен батырларымыз бен ақындарымызды ұмытпайық.

 

Қосымша мәлімет

Оқушылардың жұмыс нәтижесін бағалау

1.Пәнаралық байланысқа сілтеме

2.АКТ сілтемелері

Дарынды оқушыларымыз слайд жасап келеді

«Бағдаршам»арқылы бағалау

Топтық бағалау

1.Тарих,география пәндерімен байланысты.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок 8 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Я, Жунусова Алмагуль Тлеккабыловна родился 1985 году Запдный Казакстанский облыс,Акжайыкский район,поселка Аксуат. Учитель І категория казакский язык и литература.Оканчила курсы обучения учетелей по программе третьего базового уровня в рамках уровневых программ повшения кваливмкации педагогических кадров Республики Казахстан

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 388 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2020 241
    • DOCX 379.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухина Татьяна Леонидовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухина Татьяна Леонидовна
    Мухина Татьяна Леонидовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 87955
    • Всего материалов: 204

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе