Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыОтбасы тәрбиесі туралы ата-аналармен жұмыс

Отбасы тәрбиесі туралы ата-аналармен жұмыс

Скачать материал

 

Отбасындағы менің міндеттерім

 

Ата-ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті. ҚР-ның Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады.

11-тарау. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

68-бап. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі
1. Ата-аналардың өз балаларына қатысты тең құқықтары және тең мiндеттерi (ата-ана құқықтары) болады.
2. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегiз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде тоқтатылады.

70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті.
Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады. 
3. Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналардың бала жалпы орта білім алғанға дейін оның пікірін ескере отырып, білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Баланың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, өзара келісу арқылы ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушіліктер болған кезде, бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

71-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері

1. Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды. 

2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi. 

Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес.
72-бап. Ата-ана құқықтарын баланың мүддесінде жүзеге асыру
Ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмауға тиіс. Баланың мүдделерін қамтамасыз ету оның ата-аналары жасайтын негізгі қамқорлықтың нысанасы болып табылады. 

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс.

Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» — дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Әрбір ата-ана баласын ар–намысты болуға, адамгершілікке, мейірбандыққа, тектілікке, кісілікке, атамекенін сүюге, Отанын қорғауға дайын тұруға баулыған. Қазақта ең үлкен тәрбиені беруші әйел- ана болған. Тәрбие әйелден, қыздан басталса керек. Егер ата-бабамыз айтып кеткен «Ыдысын көріп, асын іш, шешесін көріп, қызын ал» деген сөзге терең мән беріп қарасақ, қаншама мағына, қаншама тәрбие жатыр. Бұл жерде дана халқымыз әйелдің өзін тәрбиелеп тұр. «Ыдысын көріп, асын іш» деген не сөз? Бұл жерде әйелдің тазалығына деген талап жатыр. Яғни, ол қандай әйел? Ұстаған ыдысы таза ма? Ендеше оның үйінен ас ішуге бола ма, болмай ма? Біреудің үйінен біреу ас ішпей кетсе, біздің халық оны ар санаған. Ал, «Шешесін көріп, қызын ал» десе, мұнда да мән бар. Егер біреу «шешесі жаман екен, қызын алмаймын» деп жатса, одан артық қорлық, масқаралық жоқ қой.  Сондықтан  да әйел өзі үшін ғана емес, бала-шағасы, ауыл–аймағы үшін де үлгілі, өнегелі болуы қажет.

Ұлттық құндылықтардың негізгі саласының бірі салт–дәстүрдің шығу тарихын, қолдану зертттей келе, оның қыз бала тәрбиесінің өзекті арқауы екеніне көз жнткіземіз. Оның тәрбие беру мазмұны мынаған саяды:

-Әдеп, отбасы, қоғамдағы қарым- қатынас ұғымдарын қалыптастыру;

-Имандылық салтын қалыптастыру, өмірді бағалау, оның жасампаздық жағдайына бейімделу;

-Адамгершілік, еңбекқор, кішіпейілділік сияқты адами қасиеттерге баулу;

-Болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін түсіну;

Ұлттық болмыс- ұғымдарды жете білуге баулу.

Әрбір отбасында «баланы бастан...» деп басталатын тәрбиенің түрі қандай тағылым десеңізші?! Оны ата-бабаларымыз қоғамдық орта тәрбиесімен қандай шеберлікпен ұштастырған. Адам болу үшін Ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, ал қызға қырық үйден тыю болған.

Жақсы ана болғанда саналы ұрпақ болады. Олар бүгінгі мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар. Болашақтың тамыры, қоғамның негезі, тарихтың көзі–жайнаған осы қыздар және олардың қажырлы бағбандары–атадан қалған асыл рухани байлықтар, сондай-ақ қазіргі даму үстіндегі қоғам қажет етіп отырған ғылыми-техникалық өнер бәсекесінің маңызы. Ата-бабаларымыз қыздары есейгенде оларға он түрлі талап қойып, өмірлік тірек, мәңгілік бақыт болатын мынадай үш серік табу шарт деп  қараған.

1.Сарқылмас ақыл- білім, мол үлгі тағылым табу.

2.Өшпейтін, өлмейтін өнер табу.

3.Жақсы жар табу.

«Әйелді сүйіктіге айналдыратын–ар мен ұят» деп білетін қазақ халқы әйелдік қадір–қасиет туралы қыз балаларына жастай тәрбие жүргізеді. Әйелдік қадір-қасиет дегеніміз: әйелдерге тән әдеп–иба, ар–ұят, бауырмалдық, мейір–шапағаттылық, кеңпейіл–кешірімділік, адалдық пен нәзіктік пен биязылық. Қиындық атаулыны алымды ақыл, тәтті тіл, жағымды күлкісімен жеңіп, ұрпақтары мен ер азаматтарына шексіз жылу сыйлау. Туыс–туған, ауыл–аймақ, ел-жұрт ортасында татулық дәнекері, береке-бірліктің ұйытқысы болу – нағыз әйелдік, аналық парыз екндігін, ал ұрпақ тәрбиесіне жаупсыздық, ерлерді қорлап тіл тигізу, арын- тәнін сату түгел әйелдік қадір–қасиетке жат қылықтар.

Ана болу-дүниедегі ең ауыр міндет. Жақсы ана үшін қыздар мектеп қабырғасынан алынатын білім арқылы өзін жастайтын толық кемелдендіруі қажет. Қыздар күнделікті өмірде тәртіпті тұрмыстан татымды нәтиже жаратуға құлшынып, өз сымбатына көңіл бөлуі керек. Жақсы денсаулық үшін–жаныңда күт. Қыздар албатты асқазан мен ішек жолдарына зиян улы дәрілерді көп ішпеуі керек. Ішсе, ана болғанда қатты зиян тартатыны дәлелденген. Арақ пен темекіден аулақ болғаны жөн. Ең бастысы, қыз бала өзінің сезімін қалыпты ұстап, психологиялық жақтан көңіл күйін ұстап үйренуі керек. Қалыпты жаста тұрмысқа шығу керек. Өйткені, өте жас тұрмысқа шығудың зияны бар. «Он бес жас-отау иесі емес, қайта он бес жас–оқу иесі» деп айтса жөн болар. Қалыпты жас 20 жастан 25 жасқа дейінгі аралық. Сонымен қатар жеті атаға толмай қыз алып, қыз беріспеу салты тек қазаққа ғана тән. Яғни қаны жақын адамдар өзара некеленсе қанды, ар- ожданды былғағаны. Міне, біз болашақ қыздарымызды осындай жақсы қасиеттерге тәрбиелейміз.

Ата-аналардың құқығы мен міндеттері

62-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға 
білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері

1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.

2. Ата-аналардыңөз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. 
Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. 
Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.

3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. 
Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.

4. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін ќорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

63-бап. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау 
жөніндегі ата-аналардың
құқықтары мен міндеттері

1. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардыңқұқықтары мен мүдделерін ќорғайды.

2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардыңөз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардыңқұқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.

64-бап. Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерін көздей 
отырып жүзеге асыру

Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығыныңнегізгі мәні болуға тиіс. 
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамныңқадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс. 
Ата-ана құқықтарын балалардыңқұқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналарға арналған тренинг

Ата-аналарға арналған тренинг

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Тапсырма:

1.     Ата-аналармен ұстаздардың кездесуі;

2.     Ойынға қатусышылар арасындағы қарым-қатынасты орнату;

3.     Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу:

I бөлім.

    1. Кездесу (жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың қасиетін айтады)

   2. Ассосация Жанұя (доп беру арқылы ата-ана жауап береді)

   3. Қызықты сурақтар:

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

5. Бүгін сабактан қандай баға алды?

6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

Балаңы жастан бақпасан,

Жамандықтан қақпасан.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.

II бөлім. Жалпылау.

Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

-         иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;

-         жоқ  десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

-          

1)    Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы  бағдарламадын тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

2)    Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата – ана  бірдей ықпал жасай-ма?

-         егер  жанұя десеңіздер жымиыңыз.

-         Егер қоршаған орта, қоғам  десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.

3)    Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

-         егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.

-         Егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,

-         Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

Ой жинақтау ( плакат, фломастер, қала)

1)    Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз.

2)    Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?

( Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды )

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдыңа алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой - өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және  біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Сондықтан да, мына жайттарды ескерейк:

1.     Балаға жан және дене өзгерістерінің байланысын табуға көмектесу;

2.     Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру;

3.     Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқиат таныстыру;

4.     Маманмен кездесу

 

 

 №51 жалпы орта мектеп

 

 

 

Ата-аналарға арналған тренинг «Ренішті қалай кешіруге болады?»

 

 

Өткізген: Пернеева Айжамал Амангелдіқызы

 

 

 

 

 

Ата-аналарға арналған тренинг «Ренішті қалай кешіруге болады?»

 

 

Мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. Бір- бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шындыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:  белсенді тақта, текше, баяу музыка,      сызбалар, үлестірмелі қағаз.

Жоспары:

1.               Ұйымдастыру.

2.               Ой шақыру.

3.               Өзіңді өзің тани біл.

4.               Оқып, талдап, ғибрат ал.

5.               Жақсы мен жаман.

6.               Тазарту.

7.               Қорытынды.

 

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ата-аналармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамын.

- Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған тренингіміздің тақырыбы  

«Ренішті қалай кешіруге болады?»деп аталады. Ең әуелі біз «реніш»пен «кешіру» туралы ойымызды топтап алайық.

2. Ой шақыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


-Міне, ата-аналар сіздер «реніш»пен «кешіру» туралы өз ойларыңызды топтадыңыздар.

- Сіздер қалай ойлайсыздар, ренішті қалай кешіруге болады?

-Дұрыс айтасыздар ренішті кешіре білудің өзі адамгершілік қасиетке

 жатады екен. Өзгені кешіре білу үшін адам әуелі өзін өзі тани білу керек. Олай болса келесі бөлім.

 

3. Өзіңді өзің тани біл.

-Қазір сіздерге үлестірмелі қағаздар таратылып беріледі, ондағы «Мен кіммін, қандаймын және мен туралы басқалар не деп ойлайды?» деген сұрақтарға жауап жазасыздар

Мен _____________________________

Мен______________________________

Мен______________________________

Мен______________________________

Мен туралы басқалар не деп ойлайды?

 

  

 Сіздер өздеріңіздің қандай екендеріңізді, сонымен қатар сіздер туралы

өзгелер не деп ойлайтынын айтып өттіңіздер.

       Адам баласы кез келген нәрсені оқығанда немесе көрген де одан ғибрат алу керек екен.Олай болса келесі бөлім:

4. Оқып, талдап,ғибрат қыл.

-Мен қазір сіздерге әңгіме оқып беремін, мұқият тыңдаңыздар. (Баяу музыка ойналады.)

     Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.

     Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.

«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап,  азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:

«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің?  Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді.

            -Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат алдыңыздар, оны сұрақтар арқылы талдап көрелік.

-Әкесі неге қарапайым талап қойды?

-Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?

-Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?

-Осы баланың орнында өздеріңіз болсаңыздар не істер едіңіздер?

-Жақын достарыңызды,  әріптестеріңізді, балаларыңызды ренжіткен кездеріңіз болды ма?

-Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе?

Яғни, біреуді ренжітпеу,оны кешіре білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер басым болу керек екен. Ендеше келесі бөлім:

5. Жақсы мен жаман қасиеттер.

  Не нәрседе де жақсы мен жаман бар. Мысалы, адамның өмір сүру белестерінде, қоғамның пайда болуында, өмір сүріп жүрген, тіршілік жасап жатқан табиғаттың өзінде де «жақсылық» пен «жамандық» кезек-кезек кездесіп отыратын бәрімізге белгілі. Осы жерде Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.

 Алла мықты жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып,

Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.

     Міне, осы жұмбақтың жауабы, сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез-келген адамның мінезінде де дәл осы екі батыр бар. Ол екеуін табу үшін өзіңіздің айнадағы бейнеңізге қарап ойланыңыз.

-           Маған  қарап тұрған кім?

-           Ол қандай адам? 

     Сіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз.  Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай қасеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазыңыздар. (3минут уақыт беріледі)

1.            Қандай қасиетеріңізді  көп жаздыңыздар?

2.            Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?

3.            Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?

4.            Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?

Бұл жаттығуды жүргізудегі  негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болатын.

-Олай болса, келесі бөлім:

6. «Тазарту».

    Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз.Өзіңізге былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келетін барлық өкпе реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерімнен құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім».

      Осы жаттығуды үш рет қайталаңыз. Бір қиын жағдайға тап келсеңіз, осы жаттығуды қайталаңыз. Осы жаттығу – сіздің тазарту құралыңыз. Шынайы түрде орындап үйреніңіз, сіздің өкпелегештік қасиетіңіз жоғала бастайды. Жайланып, жақсылық жайлы ойлаңыз.

   7.  Қорытынды.

     Қорыта келгенде, адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сәуле адам бойында басым болса,жақсылық пен мейірімділік көп жасалады. Ал қара сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды болайық.

 

 Тренингке келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиенің ең тамаша мектебі   отбасы

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. 
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып түр емес пе? 
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. 
Атақты қазақтың ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: 
Отбасы – шағын мемлекет, 
Мен – президент, сен – премьер, дегені бар.
Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында. 
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. «Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. «Ата – ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата – ана баласының түйсігіне қандай іс салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.
Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - өз үйі» – деген тамаша нақыл бар. 
Адалдықпен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. 
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. 
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. 
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек»,- деп қазақтың ұлы ақыны,ағартушысы Мағжан Жұмабаев дәл тауып айтқан. 
Отбасы –адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болып ұшу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі: 
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі; 
- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамныњ азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны; 
- отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек – арқауы; 
- отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы; 
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы; 
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеп, елжанды азамат тәрбиелеу; 
- отбасы баланың мамандықты еркін жєне саналы таңдауына ықпал жасаушы; 
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы.
В.А.Сухомлинский «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» дегендей мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Өз тәжірибемде тәрбиенің отбасы бағытында «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы», «Бақытыңды балаңнан ізде», «Оқу мен тәрбие егіз» « Отбасы-алтын діңгек» «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен мектеппен байланысы» тақырыптарында ата-аналармен бірігіп ата-ана жиналысы мен тәрбие сағаттар жүргіздім. Отбасының бала тәрбиесінде алар орны мен маңызы жөнінде пікірталастар мен баяндамалар жүргіздім. Ата-аналарға балаларының тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұрғандығын еске салдым. 
Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады » деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата – аналар , сіздерге байланысты. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ сондықтан балаларыңыз елін,Отанын сүйетін азамат болып өсіп, сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермейік,! Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.

№ 51 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2014-2015 оқу жылына қабылданған 8 «А» сынып оқушыларының жанұялық жағдайы мен еңбекке қабілеттілігіне жүргізілген зерделеу жұмыстарының

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Оқушының аты-жөні, тегі ______________________________________________________

Туылған күні_________ айы __________ жылы__________ мекен-жайы________________

Ата-анасымен бірге өз үйінде тұрады_____________________________________________

_____________________________________________________________________________

/пәтер жалдап немесе туысқанының үйінде тұрады/

Әкесі: _______________________________________________________________________

Жұмыс орны:_________________________________________________________________

Шешесі:______________________________________________________________________

Жұмыс орны:__________________________________________________________________

Жанұялық жағдайы_____________________________________________________________

Бала туылған кезде және өсу кезінде дансаулығында кемшіліктер болда ма?

_____________________________________________________________________________

/дене мүшелері, есту , көру/

 

-Баланың дене еңбегіне жарамдылығы: ___________________________________________

- Баланың дене тәрбиесі сабағына қатынасуы_______________________________________

_____________________________________________________________________________

/денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабағына босатылуы/

 

-         Балада туа пайда болған жүрек, бүйрек, бауыр, орталық жүйке жүйесі, иммунитет жүйесі бойынша дәрігердің бақылауында болған ба?__________________________

_______________________________________________________________________

-         Мектепте оқушыларға жас ерекшеліктеріне қарай салынатын егу жұмыстарына қарсы емессіз бе?________________________________________________________

-          

 

 

 

 

Мектеп әкімшілігі

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Отбасы тәрбиесі туралы ата-аналармен жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Отбасы тәрбиесі туралы ата-аналармен бірге өткізілген тренингтер мен баяндамалар.

Алдыма қойған мақсатым ата-аналармен бірлесе отырып, балаларының тәрбиесіне көңіл бөлу, үнемі баланың қайда, қашан, кіммен достасып жүргені туралы хабардар болып отыруы тиіс екендігін ескерту. 

Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген ата-аналардың құқықтары мен міндеттері туралы мәліметтер беру, таныстыру.

Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 727 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2015 1800
    • DOCX 126.5 кбайт
    • 42 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Perneeva Aijamal Amangeldievna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Perneeva Aijamal Amangeldievna
    Perneeva Aijamal Amangeldievna
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19747
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 407 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 165 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек