Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Қош келдің, Жаңа жыл" атты ертеңгілігі

"Қош келдің, Жаңа жыл" атты ертеңгілігі

Скачать материал

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл»

Қар ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме балақайлар, амансыздар ма құрметті қонақтар! Бүгінгі шыршамыз неткен әдемі еді. Балалар, сендер де бүгін өте әдемісіңдер! Бүгінгі жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер. Ал, балалар шыршымыздың шамдары неге жанбай тұр?

Ендеше, балалар, шыршаның шамдарын бәріміз бірге жағайық. Кәнекей, барлығымыз шеңбер құрып, шыршамызды айналып, шыршамызды жағайық.

Бір, екі, үш

Шырша шамы жан.

Шырша шамдары жанады, балалар шыршаны айналып ән салады.

«Жасыл шырша жанында» хоровод.

Қар ханшайымы: Балалар, әдемі шыршамыз бар, енді бізге кім жетіспейді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар

Қар ханшайымы: Ендеше шақырайық Аяз ата мен Ақшақарды

Бәрі бірге шақырады. Сол кезде ортаға Мыстан мен Жезтырнақ келеді, екеуі де Аяз ата мен Ақшақардың костюмдерін киіп алған.

Жезтырнақ : Сәлемет пе балалар. Шақырдыңдар, міне келіп қалдық. Жаңа жылдарың құтты болсын. Өздерің немене киіп алғансыңдар? Біреуі көбелек, біреуі клоун,.....

Мыстан кемпір: Сәлем бердім, сәлем бердім балақайлар!

Аппақ, аппақ, қар аппақ,

Қар жамылған кім аппақ?

Қырау, қырау сен аппақ,

Бәрі аппақ, бәрі аппақ.

-Осылай ма, еді өзі, әй, шал?

Жезтырнақ : Өй, осы тақпақты бір ай жаттап едің ғой

-Тамаша, қандай керемет!

Сиқыршы: Ал, біздің балалар тақпақ, өлең, би –бәрін де біледі!

Мыстан кемпір: Е, немене, бізді билей алмайды дегің келіп тұрма, билегенде қалай ? Бидің неше түрін білеміз, қане диджей музыку!

Мыстан кемпір мен Жезтырнақ би билейді.

Қоян: жүгіріп келеді. Тезірек, тезірек, бәрің бері қараңдар. Мен сендерге хабар әкелдім.

Қар ханшайымы: Қандай хабар? Не болды?

Қоян: Аяз ата мен Ақшақар сіздерден кешірім сұрап, күте тұрсын қазір тез арада жетеміз деді.

Барлығы Мыстан кемпір мен Жезтырнаққа қарайды.

Жезтырнақ: Мен, мен шын Аяз атамын. Қараңдар, міне сыйлыққа толы дорбам да бар. Сиқырлы таяғым да бар. Енді не керек?

Мыстан кемпір: Ал, мен ең, ең әдемі Ақшақармын. Қараңдаршы, көйлегім қандай әдемі! Мұндай көйлек ешкімде де жоқ.

Қар ханшайымы: Балалар, сендер сенесіңдер ме оларға?

Балалар: Жоқ, жоқ сенбейміз.

Қар ханшайымы: Балалар, мен де бұларға сенбеймін. Мен манадан бері осылардан күдіктеніп тұрғанмын. Ал, сендер, балалар, күдіктенген жоқсыңдар ма?

Балалар: Иә, күдіктендік, иә.

Жезтырнақ пен Мыстан кемпір төбелесе кетеді.

Жезтырнақ: Сен, бәріне кінәлі, сен Ақшақар сияқты сүйкімді де бола білмедің. Түріңді қарашы, бетің де жумапсың.

Мыстан кемпір: Өзіңе қара, Аяз атамын, Аяз атамын деп, барлық балаларды шошыттың. Дорбам бар деп қояды, дорбаңда сонда не бар екен, Ә?

Қар ханшайымы: Достар, бүгін мереке ғой. Жаңа жылда кешірімді болайық. Мыстан кемпір мен Жезтырнақты кешіріп, мерекемізге қонақ қылайық. Келісесіңдер ме?

Балалар: кешіреміз.

Қар ханшайымы: Балалар, барлығымыз қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық ендеше. Барлығы қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырады.

Балалар: Аяз ата Ақшақар, Аяз ата Ақшақар, Аяз ата Ақшақар.

Аяз Ата:

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Қар ханшайымы: Армысыз, Аяз ата, Ақсақалым!

Бармысыз сұлу көркем Ақшақарым!

Асыға тағатсыздық сезімменен

Тосуда өзіңізді барша қауым.

Келіңіздер, шығыңыздар ортаға,

Айтыңыздар жақсы жырды Атаға.

Кел балақай ән шырқайық тағы да,

Риза болсын жадырап Ақшақар да.

Шырша жыры хоровод.

Ақшақар ойыны:

Балалар мен бүлдіршіндер,

Қуанышқа тоймайық.

Мерекелік кешімізде,

Асыр салып ойнайық.

Ойынға 5 оқушы қатысады. Әр сыныптан бір оқушы шығады. Музыка ойнағанда оқушылар шыршаны айналып билейді. Музыка тоқтағанда оқушылар орындықтарға отыруға үлгеру керек. Орындықсыз қалған оқушы ойыннан шығады.

Ойын ойналып болған кезде ортаға қарақшылар келеді.

1.Қарақшы: Иә, иә құтырыңдар, билеңдер, ойнаңдар. Сендер мәз мейрам боп жүргенде біз бар сыйлықты ұрлап кетейік.

2.-Көріп қойса қайтеміз, Аяз ата бізді сосын қатырып тастайды ғой.

1. –Қорқа бермеші, қорқақ, жүр тезірек, ұрлайық, жүр. Барлық сыйлық біздікі болады, оларды сатамыз, көп ақша болады.

2. *-Жарайды, ұрласақ, ұрлайық, кеттік.

Қарақшылар сыйлықты ұрлап жатқанын Қоян көріп қалады.

Қоян: Тоқтаңдар, тоқтаңдар, біздің сыйлығымызды қайда апарасыңдар?

Барлығы қарақшыларды ұстап алады.

1. Қ.-Бізге сыйлық керек.

-Біз сыйлықты сатамыз, көп ақша істейміз.

Қоян: Бұларың ұят болады, қанша бала сыйлық күтіп отыр гой.

2.Қ. -Не істейміз, Сыйлықтарды қайтарайық па?

1.Қ-Біз былай істейміз, сендерге жұмбақ жасырайық, шешуін тауып көріңдер, көрейік сендердің қандай оқушы екендеріңді!

-Жұмбақ шешуін тапсаңдар, сыйлықты қайтарып береміз.

Жұмбақтар:

1.Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді.  (Аяз ата.)

2.Қыста жерді жауып кетті,

Ал көктемде ағып кетті. Қар

3.Тікен, тікен тік пісте.

Қысы жазы бір түсте. Шырша.

4.Қыс түсіп, қар жауса, кілең

Дала кезіп тыншымайды.

Көрінбейтін саусағымен

Бетті аямай шымшылайды. Аяз.

5. Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. Қырау.

6. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолын тоңады.

 

1.Қ -Өздерің ақылды екенсіңдер ғой, ә!

-жарайды сыйлықтарыңды қайтарайық, бірақ бізде сендермен бірге мерекеде қалайықшы?

2.Қ-Сендерден кешірім сұраймыз, рұқсат етіңдерші?

Қар ханшайымы: Балалар, қалай қалдырамыз ба?

Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

«Шырша әні» Хоровод.

Қар ханшайымы: Аяз ата біздің балалар сізді келеді деп, өз әндерін, билерін дайындапты. Мына жерге отырып, біздің балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.

Оқушылардың өнерлері тамашаланады.

Мыстан кемпір: Аяз ата, маған да кәмпит беріңізші?

Аяз ата: Көрсетсең өнеріңді, аласың кәмпитті.

Мыстан кемпір: Не көрсетсем екен, ә, не көрсетсем екен. Әй, жезтырнақ мында кел, өнер көрсет дейді. Би билейік пе, әлде ән салсақ па екен?

Жезтырнақ: Әй, биледік қой мана, әлі бүкіл денем ауырып тұр. Ән айтсақ бәрі қашып кетер, одан да ойын ойнатайық.

Мыстан кемпір: Аяз ата, ойын ойнатуға бола ма, кәмпит бересің бе?

Аяз ата: Жарайды, балалардың көңілін көтере білсеңдер, аласыңдар кәмпитті.

Мыстан мен Жезтырнақтың ойыны.

Ойынға екі топ қатысады.  1- топ ата-аналар 2- ші топ оқушылар. Әр сыныптан бір оқушы шығады және 5 ата-ана. Орындыққа тәттілер қойылады. Қай топ бірінщі жеп қояды, сол жеңіске жетеді.

Ойын ойнап болған соң, олар өз сыйлықтарын алады.

Аяз ата: Мереке тамаша өтті, көп рахмет сендерге балалар. Өнерлерің үстем болсын.

Қадамдарыңа нұр бітсін,

Заманыңа гүл бітсін.

Дұшпандарың болмасын,

Аруақтар қолдасын.

Жаңа жылда бақ қонсын,

Жолдастарың көп болсын!

 Қош сау болыңдар.

Барлығы Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салады.

Қар ханшайымы: Құрметті балалар, қадірлі қонақтар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбастарыңызға амандық, молшыдық, береке тілейміз.! Бүгінгі мерекеде бізбен бірге болғандарыңызға көп рахмет айтамыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қош келдің, Жаңа жыл" атты ертеңгілігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Қош келдің, Жаңа жыл" атты ертегілігі. Бұл сценарий бойынша ертеңгіліктеріңіз өте көңілді өтеді.Сценарийдеге персонаждар балаларға ұнайды. Әсіресе Жезтырнақ пен Мыстан кемпір. Ата-аналар да көптеген ойындарға қатысып осы мерекеде бала мен бала болып ойнайды. Келесі жылы осы сценарий арқылы өз ертеңгілігіңізді өткізсеңіз өкінбейсіз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 073 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.05.2020 170
    • DOCX 19.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Быковская Сания Фасдагатиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 80172
    • Всего материалов: 221

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 30 регионов

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе