Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Классному руководителю / "Қош келдің алтын күз"

"Қош келдің алтын күз"

Қош келдің, алтын күз!


Мақсаты: оқушыларды кішіпейілдікке, үлкенді сыйлауға, көмектесуге үйрете отырып жақсы қасиеттерді бойына сіңірту; оқушылардың ойлау, есте сақтау және сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып жас ұрпаққа жан-жақты бойына дағдыландыру.


Қуат: Армысыздар, ұстаздар, қонақтар! «Қош келдің, алтын күз!» мерекесіне қош келіпсіздер!


Ақпейіл: «Сәлем – сөздің анасы» демекші, армысыздар, ағайын!


Қуат: «Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген

Ақ жапырақ - сары алтын,

Айналайын бәрі алтын» - демекші, Ақпейіл, сен жалпы күз мезгілін ұнатасың ба?


Ақпейіл: Ол не дегенің? Күз мезгілі маған өте ұнайды, көптеген жеміс – жидектер піскен уақыты, айналаға қарасаң сондай әдемі!


Қуат: Иә, Ақпейіл, дұрыс айтасың, күз мезгілі маған да қатты ұнайды.

Келістірген бар сәнін,

Берген өзі табиғат.

Алтын күзді, ал қане,

Қарсы алайық жамағат!


Күз – Даяна:

Сәлем, өрен достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Қымбатты сый алыңдар,

Қызығыма қаныңдар.

Молайтыңдар шаттықты,

Ән айтындар бақытты.


Ақпейіл: Келіңіз, төрлетіңіз, Алтын күз! Сізге арналған оқушылардың мерекелік кешінді қабыл алыңыз.


Қуат: Пісіп толған кездерін

Тапқыр сөзбен сымбатты,

Біраз қонақ өздерін

Таныстырсын тақпақтап.


Қауын-Алмас:

Күз жеткенде тамылжып

Дастарханнан табылдық.

Мына бізден жасалар

Қауынқақ пен қауынқұрт.


Жүзім-Айым:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып,

Тұрған ол мен – жүзім,

Күнге қарап ұялып.


Алма-Аңсар:

Күздік апорт алмамыз,

Күннен қуат аламыз.

Жұмыр жерден нәр алып,

Жұлдыздай боп жанамыз.


Шие-Назерке:

Мен шиемін, шиемін.

Күннің көзін сүйемін,

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.


Сәбіз-Қуат:

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды,

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.


Құлпынай-Ақпейіл:

Қызыл түсім қанталар,

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ, біліп қой,

Құлпынаймын пайдам көп.


Қуат: құрметті қонақтар сіздердің назарларыңызға бесінші сынып қыздарының би «Қыздарай».


Қуат: Рахмет қыздар. Ақпейіл сен жемістерді жақсы көресің бе?


Ақпейіл: Әрине, жақсы көрем.


Қуат: Сен білесің бе? Осы жемістер арқылы адамның мінез – құлқын анықтауға болады екен.

Ақпейіл: рас па?


Қуат: Иә, ендеше мінезімізді білейік.


Ақпейіл: Қауын жақсы көретін адам ешқашан ешкімге шағымдаңбайды. Адамдарды түзу жолға салып бағыттайды. Өз әдеттеріңізді өзгертпейді. Үлкендерді құрметтейді. Сіздерге ұстамнымды алға қою кедергі жасамайды.


Қуат: Жүзім жақсы көретін адам өзіңіздің де, өзгенің де құпиясын сақтай алады. Адамдар оған сенімсіздікпен қарайды. Тұйықсыз, ұқыпты. Сөзіңізде тұратын адам.


Ақпейіл: Шие жақсы көретін адам нәзік болады. Басқаларды сыйлайды. Әділдік айтқанды ұнатады. Өзіңе ғана сенеді. Әр уақытта бәріне қуаныш сыйлауға дайын болады.


Қуат: Алма жақсы көретін адам ескі сән үлгісіндегі киімдерді киеді. Бастығы сондай адамды үлгі қояды, көп мақтайды. Өйткені ол тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды.


Ақпейіл: Құлпынайды жақсы көретін адам қонақжай болады. Асханадан шықпайды. Тамақты ұнатады. Адамдармен тез тіл табысады. Оңан сыпайлық жарасады. Әдемі киімдерді ұнатады. Тәуелсіз және қызғаншақ адам.


Қуат: Қандай қызық мінездері адамдар бар.


Ақпейіл: Ал енді ойынның кезегі. Күз ханшайым сіздерге жұмбартарды дайындап келді.


Күз, жұмбақтар:

Жатыр жерде желіндейді,

Күз түскенше желінбейді. (қауын)


Кіп кішкентай қауғабас,

Шашы түссе дауламас. (бақбақ)


Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады. (жел)


Ағайынды бәрі, шықса жасыл, түссе сары.

(жапырақ)


Көк лағым көгенде жатып семіреді. (қарбыз)


Дала кілемі. (шөп)


Дөңгеленіп өседі,

Желге еріп көшеді. (қаңбақ)


Тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (өрік)


Өсіп тұрған бұл не?

Жаз болса жайнап,

Саясына ән салып,

Құстар жүрген сайрап. (ағаш)


Бір түкті кілем, бір түксіз кілем. (жер, аспан)


Мұғалім: Өте жақсы шештіңдер. Бәрін жақсы біледі екенсіздер.


Қуат: Күз кезінде тек жемістерді ғана жемей, бимен шұғылдану керек.


Ақпейіл: Дұрыс айтасың, Айым, ендеше билеп көрейікші.


Топпен мерекелік би.


Ақпейіл: Сонымен бүгінгі мерекеміз берекелі болсын!


Қуат: Келесі Алтын күзге аман –есен жетейік!


Ақпейіл: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!






  • Классному руководителю
Описание:

Мақсаты: оқушыларды кішіпейілдікке, үлкенді сыйлауға, көмектесуге үйрете отырып жақсы қасиеттерді бойына сіңірту; оқушылардың ойлау, есте сақтау және сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып жас ұрпаққа жан-жақты бойына дағдыландыру.

Қуат: Армысыздар, ұстаздар, қонақтар! «Қош келдің, алтын күз!» мерекесіне қош келіпсіздер!

Ақпейіл: «Сәлем – сөздің анасы» демекші, армысыздар, ағайын!

Қуат: «Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген

Ақ жапырақ - сары алтын,

Айналайын бәрі алтын» - демекші, Ақпейіл, сен жалпы күз мезгілін ұнатасың ба?

Ақпейіл: Ол не дегенің? Күз мезгілі маған өте ұнайды, көптеген жеміс – жидектер піскен уақыты, айналаға қарасаң сондай әдемі!

Қуат: Иә, Ақпейіл, дұрыс айтасың, күз мезгілі маған да қатты ұнайды.

Келістірген бар сәнін,

Берген өзі табиғат.

Алтын күзді, ал қане,

Қарсы алайық жамағат!

Автор Ахметова Шахаризада Аскаровна
Дата добавления 05.01.2017
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров 401
Номер материала MA-069320
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы