Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚоныстану түрлері. Урбандалу. (10 - сынып)

Қоныстану түрлері. Урбандалу. (10 - сынып)

Скачать материал

Тараз  қаласы  әкімдігінің  білім  бөлімі

№51  орта  мектебі  КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Ашық сабақ

 

 

 

 

           Тақырыбы:   Қоныстану түрлері. Урбандалу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Пәні                             география

         Сыныбы                     10 «Ә»

         Пән мұғалімі              Дәулет Бахтияр Дәулетұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013-2014 оқу жылы

Сабақ №                         Сыныбы_________                            Күні_________

 

Тақырыбы:   Қоныстану түрлері. Урбандалу.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға дүние жүзі халқының қоныстану түрлері, урбандалу, қала және  

                   ауыл халқы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз

                 ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін

                   арттыру.

 

Болжамдап отырған нәтиже:  Қоныстану түрлері, урбандалуымен  танысқан тұлға.

 

Сабақтың типі  Жаңа білім беру сабағы.

 

Сабақтың түрі Аралас.

 

Сабақтың әдісі: СТО стратегиясының элементтері (ЖИГСО-1, Қарама-қайшылық кестесі,

                              түсіндірме күнделігі).

 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру сәті.

  1. Амандасу.
  2. Сынып журналымен жұмыс.
  3. Сыныпты топқа бөлу.

ІІ Жаңа сабақты түсіндіру.

І Қызығушылығын ояту.

Қоныстарға топтама жүргізу.

 

 

 

 

 

 


Халықтың белгілі бір аумақта таралып, орналасуын және елді мекендер жүйесінің қалыптасуын қоныстану деп айтады. Халықтың орналасуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Қоғамның дамуы барысында бұл факторлардың ықпал ету дәрежесі өзгеріп отырады.

Өндіргіш күштердің дамуы өте төмен дережеде болған алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар шашырай орналасты және көшпенділік басым болды. Адамдардың алғашқы қоныстары өзендер мен көлдердің жағасында орналасты.  «Үйлер» ұзақ уақыт тұруға бейімделіп, жануарлардың сүйектері мен терілерінен жасалды.

Кейнгі кезеңдерде адамның қоныстануы өндірістің дамуына тікелей тәуелді бола бастады. Ғалымдар осыдан 10 мың жылдай бұрын адамдардың ауыл шаруашыльнымен айналыса бастауын адамзат тарихындағы төңкеріс деп бағалады. Егіншіліктің өркендеуі шаруашылық қажетіне байланысты бір аумақты тұрақты қоныстануға, ал ол өз кезегінде бекінген қоныстар жүйесінің пайда болуына апарып соқты. Алғашқы отырықшы қоныс ретінде Оңтүстік-Батыс Азия жерінде б.з.д. VI мыңжылдықта пайда болған Джармо тұрағын атайды. Кейіннен мұндай тұрақтар Қытай, Мексика және Перу жерінде де пайда болды. Отырықшылық басым болған ежелгі мемлекеттерде алғашқы қалалар қалыптасты. Мұнда тағамдық емес өнімдер (киім, аяқкиім, ыдыс-аяқ жасау жене т.б.) өндіріліп, қарапайым нарық паида болды. Осылайша өндіргіш күштердің дамуы қоныстанудың жаңа түрлерін қалыптастырды. 

Индустриялык қоғамда қалалық қоныстану басьым болды; мұның өзі шаруашылықтың басты саласы-өнеркөсіптің қалаларда шоғырлануымен байланысты еді. Қалалар тез арада жол торабына және сауданың, мәдениет пен өнердің орталықтарына айналды. Сонымен қалалар географиясы халықтың орналасуын ғана емес, жалпы экономиканың дамуын анықтайтын болды.

Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша қоныстардың негізгі екі түрі (қалалар мен ауылдар) бар. Соған қарамастан елдер арасында қала және ауыл ұғымдарын анықтауда ала-құлалық байқалады. Көбінесе қоныстану түрін анықтағанда тұрғындар саны ескеріледі, бірақ бұл көрсеткіш барлық елдерде бірдей емес. Солтүстік Кавказ бен Венгрия жеріндегі тұрғындарының саны 10-20 мың адамнан асатын аса ірі елді мекендер де ауыл болып есептеледі, өйткені ондағы халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Жалпы алғанда, қалалар қатарына ауыл шаруашылыгынан басқа салалар басым болатын, көбінесе әкімшілік орталыгы қызметін атқаратын салыстырмалы турде ірі елді мекендер жатады.

Қала дәрежесі берілмеген елді мекендердің барлығы ауылдық қоныстар деп аталады. Олардың 90%-дан астамы дамушы елдерде орналасқан. Ауыл халқының саны жағынан дүниежүзінде Қытай (838 млн. адам), Үндістан (720 млн. адам), Индонезия (127 млн. адам) алдыңғы орын алады.

Жер шары халқының басым бөлігі (51%) ауылдарда тұрады. Бірақ қала халқының саны ауыл халқына қарағанда қарқынды өсуде, сондықтан болашақта олардың арасалмағы өзгеруі мүмкін. Кейбір ғалымдар бұлардан басқа, қоныстанудың көшпенді түрін ажыратады. Қоныстану түріне қарай адамдардың шаруашылық әрекеті мен тұрмыс жағдайы ғана емес, мінез-құлқы да айырмашылық жасайтыны анықталған. Көшпенділер мал бағумен немесе аң аулаумен айналысады. Қазіргі кезде көшпенділік өмір салты Америка мен Еуразияның солтүстігінде, Африка мен Азияның шөл-шөлейтті аудандарында сақталып қалған.

ІІ Мағынаны тану.

ЖИГСО-1 Мәтінмен жұмыс.

  1. топ қала халқы. Ел халқының қала аумағында тұрып, өндірістік және өндірістік емес салалармен айналысатын бөлігі қала халқы дейміз.
  2. топ ауыл халқы. Ел халқының қала аумағынан тыс тұрып, негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатын бөлігі ауыл халқы дейміз.

Оқу, талқылау, баяндау.

ІІІ ой толғаныс.

1-тапсырма

ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТЫ ТАБУ

АУЫЛ ҚАЛА

     Халық саны аз, басым

53 пайыз,  47 пайыз

Мәтінмен жұмыс

1-топ Урбандалу.

Қалалардың өсуі мен қалалық өмір салтының кеңінен таралуын, экономикалық қуаттың қалаларда шоғырлануын урбандалу (урбанизация; лат. urbanus – қалалық) деп атайды. Әдетте, урбандалуды сипаттау үшін, салыстырмалы көрсеткіштер (халықтың жалпы санындағы қала тұрғындарының үлесі) алынады. Мысалы, Германияда қала халқының үлесі 73%-ды, ал Үндістанда бар болғаны 28 % құрайды. Соған қарамастан абсолютті көрсеткіштер қала халқының жалпы санын мүлде басқаша жағдайды көрсетеді: Германияда қалалықтардың жалпы саны 60 млн. адам болса, Үндістанда 321 млн. адам. Сонымен ауыстырмалы көрсеткіштер урбандалудың деңгейін, ал абсолютті көрсеткіштер ауқымыннақты көрсетеді. 

2-топ Урбандалу деңгейі.

      XXI ғ. басына қарай урбандалудың деңгейі мен ауқымы кеңейе түсті, 2008 ж. Жер шары халқының 49%-ы, яғни 3 млрд 234 млн адам қалада тұрады. Жеке аймақтар бойынша бұл көрсеткіштер айырмашылықтар жасайды.

Дүниежүзі бойынша урбандалудың ең жоғары деңгейі Солтүстік Америка, Еуропа жөне Аустралияда байқалады. Мұнда қала санының өсуі мен дамуы өнеркәсіптің өркендеуімен тығыз байланысты болды. XX ғасырдың басында бұл аймақтарда қала халқының саны күрт өсіп, дүниежүзіндегі қала халқы санының жартысын құрады.

Мәтінмен жұмыс.

1-топ Урбандалудың даму кезеңдері.

Урбандалу деңгейі мен аукымы жағынан ғана емес, даму дәрежесі жөнінен де айырмашылық жасайды. Урбандалу даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Урбандалудың алғашқы кезеңінде қала халқының үлесі онша жоғары болмайды; қалалар арасынан ең ірісі (әдетте, ел астанасы) басқаларын барлық көрсеткіштер бойынша басып озады. Дамыған урбандалу кезеңіңде кала халқының үлесі арта түседі. Миллионер қалалардың көршілес елді мекендерді қосып алуынан қала агломерациялары, ал жакын орналасқан агломерациялардың бірігуінен мегалополистер қалыптасады.

Кемелденген урбандалу тән елдерде қала маңына қалалық өмір салты қарқынды түрде ене бастаған, яғни субурбандалу (латын. sub - маңында urbanus - қалалык) жүруде. Біртіндеп осы процесс агломерация аумағынан тыс жерлердегі елді мекендерді де қамти бастайды; урбандалудың бұл түрін рурбандалу (ағыл. rиrаl – ауылдық және урбанизация) дейді. Субурбандалу барысында экологиялык жағдайдың нашарлауына байланысты ауқатты адамдар қала орталығынан қала маңына қоныс аудара бастайды. АҚШ-та агломерация халқының 60%-ы қала маңында тұрады.

2-топ Қазіргі заманғы урбандалу.

Қазіргі заманғы урбандалу тән елдерде қалалар жүйесі қалыптасып біткен; мұнда қала халқының саны баяу өседі; жаңа қалалар мүлде пайда болмайды. 2008 жылы дүниежүзінде 422 миллионер қала болды, мұнда Жер шары халқының 18%-ы, қала халқының 37%-ы тұрады. Алып қалалардың 1/3-і Шығыс жөне Оңтүстік Азия аумағында орналасқан. Әлемдегі аса ірі 10 агломераңия қатарына Солтүстік Америкадан Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қана енсе, бұл тізімде Еуропаның бірде-бір өкілі жоқ. АҚШ пен Канадада контрурбандалу, яғни қалада жұмыс істейтіндердің қала агломерациясынан тыс елді мекендерге қоныс аударуы жүруде, бұл ауыл халқы санының артуына әсер етеді.

Дамушы елдердің кейбірінде урбандалу бақылаудан шығып кетті; күнкөрісі қиындаған миллиондаған адамдар ауылдан ірі қалаларға ағылуда. Олардың қала маңдарындағы өз бетімен басып алған жерлерінде кедейлер қоныстары пайда болған. Мұндай қосалқы қалашықтарда электр жүйесі мен орталықтандырылған ауыз су құбыры мүлде жоқ; санитариялық-эпидемиологиялық жағдай өте нашар. Кедей қоныстарында тұратындар кездейсоқ табыс есебінен күнелтеді; көп жағдайда бұл жерлер қылмыс ошағына айналған.

2-тапсырма. Екі жақты түсіндірме күнделігі. Терминологиялық қобидаша.

 Урбандалу (урбанизация; лат. urbanus – қалалық) – қалалардың өсуі мен қалалық өмір салтының кеңінен таралуын, экономикалық қуаттың қалаларда шоғырлануы.

Агломерация -  ірі қаланың төңірегінде бірнеше қалалық елді мекендердің пайда болып шоғырлануы.

Мегалополис – бір-бірімен тізбектеліп, қосылып кеткен агломерациялар мен қалалардың алып шоғыры.

Субурбандалу - кемелденген урбандалу тән елдерде қала маңына қалалық өмір салты қарқынды түрде ене бастауы.

Рурбандалу (ағыл. rиrаl – ауылдық және урбанизация) - агломерация аумағынан тыс жерлердегі елді мекендерді де қамти бастауы

Контрурбандалу - қалада жұмыс істейтіндердің қала агломерациясынан тыс елді мекендерге қоныс аударуы, бұл ауыл халқы санының артуына әсер етеді.

            3-тапсырма   Географиялық шынжыр (сандар сөйлейді).

І-топ     9072012751732860 3214942      

ІІ-топ     98174510 422183710838

5 минуттық эссе жазу. Қалалар және қоршаған орта.

Қалаларда халықтың, өнеркәсіп пен көлік жүйелерінің шамадан тыс шоғырлануы табиғат ресурстарын неғұрлым қарқынды пайдалануға алып келеді. Қала аумағының артуы ауылшаруашылық жерлері ауданының қысқаруына, үй жөне жол құрылысы жер бедерінің адам танымастай өзгеруіне; халық пен өндіріс орындарын сумен қамтамасыз ету қарқынының артуы су қорының азайып, табиғи су режімінің бұзылуына, көлік пен өнеркәсіптің қоршаған ортаға зиянды заттарды бөліп шығаруы ауа мен топырақтың шамадан тыс ластануына себепші болуда. Үлкен қалалар жағдайында шайынды сулар, күл-қоқыстар мен қалдықтарды жинап, залалсыздандыру мәселе болып отыр.

Қалаларға өзіндік микроклимат тән, яғни оның аумағында жасанды орта факторлары әсерімен климаттың айрықша сипаты қалыптасады:

ü  көп қабатты тұрғын үйлер жел өткізбейді, ал үлкен қалалардың орталығында жел мүлде байқалмайды. Бұл ауаның алмаспауына, оның құрамында ластаушы зиянды заттардың көптеп шоғырлануына себепші болады;

ü  ауада түтін мен шаңның жиналуы күн сәулесінің түсуіне бөгет жасап, адам денсаулығына зиян келтіреді;

ü  автокөліктер әсерінен, жылу шашатын объектілердің көп шоғырлануынан қалаларда қала сыртындағы аумақтармен салыстырғанда ауа темперасы жоғарырақ болады.

Қазіргі заманғы қалаларда адамға жайлы жағдайлар (суық және ыстық жылумен қамтамасыз ету; жолдар және т. б.) жасалғанымен, бұл өз кезегінде жасанды жүйелердің қоршаған ортаға зиянды ықпалын күтейте түседі.

 

V. Қорытындылау, бағалау.

 

VІ. Үйге тапсырма беру.    Үйге: Қоныстану түрлері. Урбандалу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қоныстану түрлері. Урбандалу. (10 - сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 273 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.06.2020 1610
    • DOCX 28.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Линовская Ольга Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Линовская Ольга Александровна
    Линовская Ольга Александровна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 61961
    • Всего материалов: 207

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе