Инфоурок Математика Конспекты"Ондық бөлшектерді қосу және азайту"

"Ондық бөлшектерді қосу және азайту"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ондық бөлшектер,
оларға қосу және азайту амалдарын қолдану туралы алған білімдерін дамыту, жүйелеу. Оқушылардың ондық бөлшектер тарауы бойынша білім дәрежесін анықтап, алған білімдерін тиянақтап, қорытындылау.
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:  Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, ойын элементтері бар сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карточкалар, кестелер, түрлі-түсті қағаздан жасалған белгілер.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу, сабаққа ынталандыру, дайындығын тексеру.

        Бүгінгі сабағымды Д.И.Менделеевтің мына сөзімен бастамақпын: “Ондық таңбамен өрнектелген санды неміс те, орыс та, араб та, янки да оқи алады”. Бұл дегеніміз адам баласы қай тілде сөйлесе де, математика тілі бәріне ортақ. Бірнеше сабақ бойы алған теориялық білімдеріңді бүгінгі қорытынды сабақта түрлі есеп шығару барысында дәлелдейсіңдер деп үміттенемін.                                                                                                         

ІІ Психологиялық дайындық. Оқушылар көңіл-күй қалай? Жақсы ма? Сабақты бастамас бұрын мынандай жаттығу орындасақ, қалай қарайсыңдар?  Ал, кәне, бәріміз бірге тақтадағы өлең жолдарын оқиық.      

                                                        Мынау менің жүрегім

                                                        Бәрі осыдан басталған

  Мынау басым ақылды

                                                        Бәрін осы басқарған

   Мынау менің оң қолым

     Мынау менің сол қолым

 Барлық істі атқарған

          Ал енді сабаққа да кірісуге болады.

ІІІ «Математикалық диктант». Оқушылар сендер қазақ тілі, орыс тілі сабақтарында диктант жазатын ба едіңдер? Ал, математикадан ше? Онда бүгін жазып көрейік. Мен ондық бөлшектерді оқып отырамын, сендер оларды дәптерлеріне жазып отырасыңдар.

         1) 12,04                      7)   17,67   

         2) 1,36                        8)   8,119                

         3) 24,84                      9)   5,945                                                                

         4) 3,38                       10)  3,56

         5) 16,532                   11)  22,25

         6) 7,935                     12)  16,42

 


 «11-12»                            «8-10»                                 «6-7»

 

         Диктантты жазып болсақ, тақтаға назар аударайық. Тақтада диктантымыздың жауаптары бар. Сол жауаптарға қарап, өзімізді тексеріп көрейік. Қанша сұраққа дұрыс жауап бергендеріңе байланысты сендер Жұлдызшамен, Төртбұрышпен және Үшбұрышпен бағаланып отырасыңдар.

IV «Ауызша есептеу». Оқушылар биылғы 2017 жыл бізге несімен қымбат? Оны сұрап отырған себебім: бүгінгі сабақты 2017 жылы өтетін үлкен бір іс-шараға арнағым келіп отыр. Бірақ қандай іс-шара екенін мен сендерге айтпаймын, сендер өздерің төменде кестедегі тапсырманы ауызша орындап, тауып алуларың керек.    

 

 

 

 



 
 

 

 

                                                                   Э К С П О

V Йә, оқушылар дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі сабағымыз Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтетін халықаралық көрме – ЭКСПО 2017-ге арналмақ. Бұл көрме туралы естулерің бар ма? Көрме қашан өтеді? Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып «Future Energy» (Болашақтың қуаты) болып табылады. ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақтың қуаты» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. ЭКСПО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды. Сендер осындай көрмеге барғыларың келе ме? Барғыларың келсе, бүгін сендерде ондай мүмкіндік туып тұр. Себебі біздің бүгінгі сабағымызды естіп, ЭКСПО-ның талисмандары келіпті және сендерге түрлі тапсырмалар ала келген екен. ЭКСПО талисмандарының тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба? Ендеше, бастайық.     

VI «Қатені тап!»  ойыны. Бұл Күнсулу, Бөбек және Ұланның сендерге әкелген тапсырмасы. Дайынбыз ба?

      3,2 6           3,33           10, 4            2,7

  +     2,5        +  4,5         -   9, 3        - 10, 4

      3,5 1           7,38           19, 7          13, 1

 

VII «Үтірді тиісті жеріне қой!» ойыны. Жарықтың да тапсырмасы күрделі емес сияқты. Келісеміз бе? Әр тапсырмамыз бағаланып отыратынын ұмытпайық, достар. Не себепті Жарық осы көрменің талисманына айналды деп ойлайсыңдар?

            3,2 + 1,8 = 5                   

            3 + 1,08 = 4,08

            7,36 – 3,36 = 4

            63 – 2,7 = 603

            5,7 - 4 = 1,7

VIII «Топтық жұмыс». Бекей, Дармен және Азат біздің топтасып жұмыс істегенімізді қалап отыр. Ендеше І нұсқаны ұлдар, ІІ нұсқаны қыздар шығарсын. Кім бірінші аяқтайды екен. Көрейік.

а) 5,9 + 1,6 = 7,5                                           а) 45,6 – 13 = 32,6

б) 5,7 +3,28 = 8,98                                        б) 6,5 – 4,837 = 1,663  

в) 10,09 + 0,308 = 10,398                             в) 4,3 – 3,5 = 0,8         

г) 6,5 – 2,3 = 4,2                                            г) 8 + 2,6 = 10,6

д) 17 – 0,87 = 16,13                                       д) 1,27 + 254,3 = 255,57

е) 33,7 – 4 = 29,7                                           е) 10,029 + 0,308 = 10,337

 

IX « Мені тап!» ойыны. Оқушылар осы тапсырманың жауабында кім жасырынғанын таба аламыз ба? Толқынай ма? Дауылхан ба? Күнсұлу ма?

http://festival.1september.ru/articles/525691/img1.gif
 

 


 

Толқынай
Дауылхан Күнсұлууу
http://festival.1september.ru/articles/525691/img2.gif,Толқынай,Дауылхан,Күнсұлу
 

 

 

 

 

 

 


X «Салыстыр!» ойыны. Тенгри мен Бөрінің тапсырмасы да жеңіл сияқты.

3,005 * 3,02                                  4,73  *  4,703

0,07  * 0,028                                 0,18  * 0,178

8,16 * 8,016                                  2,04  *  2,401

53,60 * 53,600                              5,123  *  5,321

0,0202  *  0,2020                          1,033  *  1,0330

XI Ал енді тапсырмалар күрделені түсті. Энерджик бізге сөз есептер әкелген екен. Энерджик тіпті тапсырмаларды әрқайсыңа жеке-жеке дайындаған көрінеді.

І: Бірінші күні дүкен 2,76 т картоп, екінші күні одан 0,85 т кем сатты.                             Дүкен екі күнде неше тонна картоп сатты?   

ІІ: Бірінші күні жөндеу бригадасы жолдың 4,85 км-ін, екінші күні одан 1,26 км артық жөндеді. Екі күнде қанша км жол жөндеді

ІІІ: Бірінші күні туристер 72 км жол жүрді. Екінші күні одан 27,45 км кем жүрді. Туристер екі күнде қанша км жол жүрді?

ІV: Бірінші күні шаңғышы 13,09 км, ал екінші күні бірінші күнге  қарағанда                3,22 км артық сырғанады. Шаңғышы екі күнде қанша км сырғанады?

XII Ал енді оқушылар ЭКСПО талисмандарынан соңғы тапсырма қалған сияқты. Осы тапсырманы жақсылап орындасақ, ЭКСПО көрмесіне де барып қалармыз.

Данара бір сан ойлады. Ол ойлаған санға 14, 8-ді қосып, одан шыққан қосындыдан 3, 56-ны азайтқанда 75, 29 саны шықты. Данара қандай сан ойлады?

       Талисмандардың күрделі тапсырмалары артта қалды. Қазір сабағымызды мына мен жасаған тест тапсырмаларымен қорытындылайық.

Тест
1. Ондық бөлшектерді қос: 0, 75 + 0, 25 =
А. 0. 1    B. 1   C. 10      D. 0. 9
2. Ондық бөлшектерді қос: 8, 65+2, 34 =
А. 22. 05    B. 10. 9    C. 10. 99    D. 8. 84
3. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, есепте: 5, 24+2 =
А. 7, 99      B. 9, 67     C. 7, 24      D. 8. 67
4. Есепте: 0, 35+0,8 =
А. 4. 3     B. 8. 35      C. 43       D. 1. 15
5.
Азайтуды орында: 15, 3 - 0, 3 =
А. 15, 6
     B. 12, 3      C. 15         D. 18
6. Есепте: 3 - 1, 75
=
А. 1, 25
     B. 12, 5     C. 2, 25     D. 2, 5
7. Азайтуды орында: 6, 25 - 4, 3
=
А. 5, 82
     B. 1, 95     C. 1055     D. 19
8. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, есепте: 6, 2 -
0,3 =
А. 6, 9
     B. 69       C. 59      D. 5, 9
9. Өрнекті ықшамда: 3а – 2, 7а
=
А. 1, 3
        B. 0, 3а      C. 1, 3а     D. 0, 3
10. Есепте: 6, 3 – 2, 3 +7, 5 =
А. 11, 5
     B. 1, 1       C. 11         D. 0, 9

Сабақты қорытындылау:

        Керемет, оқушылар! Біз ЭКСПО талисмандарының бүкіл тапсырмаларынан мүдірмей өттік. Талисмандар сендердің білімдеріне сүйсініп, риза болып қалды. Сондай-ақ алдағы уақытта өтетін ЭКСПО көрмесін тамашалауға бізді де шақырды. Кәне, бәріміз бірге барамыз? Бәрекелді! Ендеше талисмандар 10 маусымда «Қош келдің, ЭКСПО көрмесіне, балақай!»  деп біздерді күтіп алады.

Оқушыларды бағалау: Оқушылар жинаған Жұлдызша, Төртбұрыш, Үшбұрыштардың санына байланысты лайықты бағаланады.

Үйге тапсырма:  № 760, 761

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ондық бөлшектерді қосу және азайту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

5-сыныпқа арналған "Ондық бөлшектерді қосу және азайту" тақырыбы төмендегі мақсаттарды көздейді: Білімділік: Ондық бөлшектер, оларға қосу және азайту амалдарын қолдану туралы алған білімдерін дамыту, жүйелеу. Оқушылардың ондық бөлшектер тарауы бойынша білім дәрежесін анықтап, алған білімдерін тиянақтап, қорытындылау; Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдай білуге тәрбиелеу. Ашық сабақ ойын элементтерін қамтиды. Сонымен қатар, бұл сабақ Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтетін халықаралық көрме – ЭКСПО 2017-ге арналмақ. ЭКСПО-ның талисмандары (Дауылбай, Күнсұлу, Толқынай, Жарық, Тенгри, Бөрі, Энерджик және т.б.) оқушыларға өздерінің тапсырмаларын ұсынады. Сабақ өте қызықты, әрі тартымды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 044 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2020 702
    • DOCX 109.1 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Урастаев Кажмукан Байгазынович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72311
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 300 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика. Сложение и вычитание

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1370 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 216 человек

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе