Инфоурок Биология Другие методич. материалыҚолданбалы курс, авторлық бағдарлама Биология"Генетикалық анализ негіздері" 9-сынып

Қолданбалы курс, авторлық бағдарлама Биология"Генетикалық анализ негіздері" 9-сынып

Скачать материал

 

С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебі

 

                                                                                       

                                                                                                          

 

 

 

 

 

 

 «Генетикалық анализ негіздері» қолданбалы

 курсының бағдарламасы (авторлық)

 

 

Құрастырған:                                  Мұңайтбасова К.Х.

                                                            химия-биология

                                                            пәндерінің мұғалімі       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     

 

 

 

 

Атырау қаласы

 

ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ
ГЕНЕТИКАЛЫҚ АНАЛИЗ НЕГІЗДЕРІ
Х СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН

 

 

МҰҢАЙТБАСОВА Күләш

Атырау қаласындағы №10 орта мектептің

химия-биология пәндерінің мұғалімі

 

І.Түсінік хат

(10 сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

 

    Жалпы биология курсында «Генетика негіздері» тарауы ең қиын тараудың бірі болып есептеледі. Генетика математикаға  ұқсас дәл пәндерге кіреді. Генетикада ген - өлшем бірлікке жатады. Генетика заңдылықтарын жаттауға болмайды, оны тек түсіну керек, себебі генетикалық есептер заңдылықтарға тікелей байланысты. Әсіресе күрделі генетикалық есептерді шығару білігін дамыту үшін теориялық білім мен есеп шығарудың алгоритмін оқушы жақсы меңгерсе еш қиналмай, қиын тарауды өте жақсы меңгереді.

     Генетикалық анализ (талдау) – гендерді белгілері арқылы анықтап көрсететін генетика әдістерінің жиынтығы. Егер химия пәнінде қышқылдарды, негіздерді анықтайтын индикатор лакмус қағазы болатын болса, ал биологияда белгілердің ажырауы арқылы гендердің санына байланысты болады.Анализ фенотип және генотип бойынша жасалады, яғни сыртқы белгілерің жиынтығы және гендер жиынтығы бойынша.

Мысалы, моногибридті будандастыруда Ғ2 – де фенотип бойынша 3:1 ажырау, дигибридтіде 9:3:3:1 белгілері бойынша ажырау заңы дәлелденіп анализ жасалады.

   Анализ керісінше  геннен белгіге қарай жасалуы мүмкін.

Бұл қолданбалы (элективті) курс оқушылардың генетика саласында білімдерін тереңдету, қоршаған ортаның мутагенезінің генетикасы, адам денсаулығын қорғау бағытындағы білімді кеңейтуге негізделген. Қоршаған ортаның ластануы халықтың денсаулығына әсер ететіні түсінікті, өйткені көптеген аурулар адамның ұрпақтан ұрпаққа ауысатын гендік мұраларының және қоршаған ортаның қатысуымен пайда болады. Сонымен қатар бұл курс болашақта биология саласы бойынша мамандық (адам-адам, адам-табиғат) таңдауда, ұлттық біріңғай тест тапсыруда, ғылыми жоба сайыстарынан білімді тексеруде, жоғарғы оқу орнына түсуге дайындық ретінде тереңдетіліп жүргізіледі.  «Генетикалық анализ негіздері» атты қолданбалы, элективті курс Ресейлік авторлардың бейіндік оқыту бойынша жинағында Г.П.Подгорнова құрастырған нұсқасы  белгілі. Ал автор ретінде біздің құрастырған нұсқада көптеген өзгерістер мазмұндық, нормативтік  және ақпарттық - әдістемелік  жағынан айырмашылықтар бар. Г.Мендельдің І,ІІ, ІІІ-заңдарын, Т.Морган заңдарын дәлелдеуге есептер шығару, өз бетімен және практикалық жұмыстарға көбірек уақыт бөлінді.    

Бұл курс 34 сағатқа негізделген.

 

Курстың мақсаты:  Жалпы биологияны оқытуда генетика саласынан оқушылардың білімін тереңдету, моногибридті, дигибридті, тригибридті будандастыруда Мендельдің І,ІІ,ІІІ – заңдарын дәлелдей білуге баулу. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдылықтарына сәйкес жүретіндігін өмірмен байланыстыра отырып меңгерту.

   Геном және қоршаған орта мәселесі арқылы  экологиялық генетика мен адам генетикасының көкейкесті бағыттарына  аса назар аудару.  Ғылыми зерттеу инситуттарына не селекциялық орталықтарға экскурсия ұйымдастырып, ғалымдармен, селекционерлердің жұмыстарымен практика жүзінде танысу.

Курстың міндеттері:

 

1.     Генетикалық анализде оқушыларға генетикалық коллекциялардың мәнін көрсету.

2.     Генетикалық обьектілерге эксперимент қоюдың ерекшеліктерін түсіндіру.

3.     Будандастырудың нәтижесінде алынуға тиісті нәтижеден ауытқудың себептерімен таныстыру.

4.     Кейбір генетикалық бақылауларды және эксперименттерді математикалық әдістермен өңдеу жолдарын таныстыру.                                                                                                                           

5.     Барлық тірі организмдер үшін генетикалық заңдылықтардың бірлігін түсіндіру.

6.     Тұқымқуалаушылықтың хромосомдық теориясының негізгі ерекшеліктері.

7.     Мендельдің І,ІІ,ІІІ – ші заңдарын есептер шығару арқылы дәлелдеу;

8.     Моно, ди, тригибридті будандастырулардың мәнін ашып, есептер шығару.  

9.     Оқушылардың білімдерін пысықтау және тереңдетіп дамыту

10.  Генетикалық есептер шығарудың алгоритмін негізге ала отырып, оқушылардың білімі, білігі және біліктіліктерін дамыту.

11.  Медициналық генетиканың негізгі міндеттері жөнінде мәліметтер бере отырып, күнделікті өмірде адамның жеке басының денсаулығын сақтау,салауатты өмір сүру қажеттілігі туралы білімдерін тереңдету.

12.  Геном және қоршаған орта туралы шет елдер (АҚШ, Жапония, Түркия, Польша, Румыния, Иран, Тайланд) мен өз еліміздің ғалымдарының  экологиялық зерттеулерінің ғылыми негіздері жөнінде мағлұматтарды ақпараттық технология құралдары арқылы жинақтап, танысу. 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Мазмұндық бөлім

Курстың мазмұны

Сағаттың жалпы саны -34

Кіріспе (3сағ)

Генетикалық анализ – генетика әдістерінің жиынтығы. Белгілердің сақталуына генетикалық орта мен сыртқы орта факторларының әсері. Плейотропия, экспресивтік.Генетиканың негізгі ұғымдары және олрадың өзара байланысы.

1.Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері (4 сағ)

Хромосомалардың құрылысы. Хромосоманың химиялық құрамы мен репродукциясы. Кариотиптің түрлік ерекшеліктері. Хромосоманы санау. Практикалық сабақ «Ауыл шаруашылық дақылдарының ерекшелігін ескеріп, хромосомалармен танысуға препараттар дайындау әдістер»

2.Моногибридтік будандастырудағы тұқымқуалау (6 сағ)

Моногибридтік будандастыру. Г.Мендельдің І,ІІ – заңдары. Мендельдің І,ІІ заңдарын дәлелдеуге есептер шығару. Өз бетімен практикалық жұмыс.

3.Полигибридтік будандастырудағы тұқымқуалау (7 сағ)

Дигибридтік будандастыру.Дигибридтік ажыраудың цитологиялық негіздері. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Тригибридті будандастыру. Г.Мендельдің І,ІІ,ІІІ – заңдарын дәлелдеуге есептер шығару. Практикалық жұмыс.

4.Гендердің тіркес тұқымқуалауы және кроссинговер (6 сағ)

Гендердің тіркес тұқымқуалауы. Т.Морганның заңы.Кроссинговер. Генетикалық карталар. Т.Морганның заңын дәлелдеуге есептер шығару.

Практикалық жұмыс «Дрозофила шыбынымен жұмыс»

5.Популяциядағы генетикалық заңдылықтар (4 сағ)

Харди-Вайнберг заңы. Есептер шығару.

6.Жыныс генетикасы (2 сағ)

Адам генетикасы. Медицинадағы генетика және кейбір тұқымқуалайтын аурулардың алдын  алу. Геном және қоршаған орта.

7. Зачет (2сағ)

 ІІІ. Нормативті бөлім

«Генетикалық анализдің негіздері» қолданбалы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы

 

 

р/р

 

Тараулар

Сағат

саны

   Оның

Теория -

лық сабақ

    ішінде

Практи-    Өздік    

калық       жұмыс            сабақ        

 

 

Кіріспе

3

3

      -

 

 

І.

 

Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері

4

 

1

    2                1

 

 

 

ІІ.

Моногибдидтік будандастыру

6

2

     2                 2

 

ІІІ.

Полигибридтік будандасудағы тұқымқуалау

7

2

     3                 2

 

 

 

ІV.

Гендердің тіркес тұқымқуалауы және кроссинговер   

6

2

      2                2

 

 

 

 

V.

Популяциядағы генетикалық заңдылықтыр

4

1

      2                 1

 

 

VI.

Жыныс генетикасы

2

-

      1                 1

 

VII.

 

 

 

 


            

Зачет

 

 

 

 

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

2

 

 

                     

 

 

Сабақ №

 

Өтілетін тақырыптар

 

Сағат  Мер

саны    зімі

 

1.

 

2.

 

 

3.

Кіріспе

Генетикалық анализ – генетика әдістерінің жиынтығы.

Белгілердің сақталуына генетикалық орта мен сыртқы орта факторларының әсері.Плейотропия, экспрессивтік.

Генетиканың негізгі ұғымдары және олардың өзара байланысы.

3

1

 

1

 

 

1

ІІ.

4.

5.

 

6.

 

7.

Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері

Хромосомалардың құрылысы

Хромосоманың химиялық құрамы және репродукциясы

Кариотиптің түрлік ерекшеліктері . Хромосоманы санау

Практикалық сабақ «Ауылшаруашылық дақылдарының ерекшелігін ескеріп, хромосомдармен танысуға препараттар дайындау әдістері»

4

1

 

1

1

 

 

1

ІІІ.

7,8

 

9,10

11,12

Моногибридтік будандастырудағы тұқымқуалау.

Моногибридтік будандастыру. Г.Мендельдің І,ІІ заңдары

Мендельдің І,ІІ заңдарын дәлелдеуге есептер шығару

Өз бетімен практикалық жұмыс

6

2

 

2

2

 

ІV.

13.

14.

15

16.

 

17.18

20.

Полигибридтік будандастырудағы тұқымқуалау

Дигибридтік будандастыру

Дигибридтік ажыраудың цитологиялық негіздері

Аллельлі емес гендердің өзара әрекеттесуі

Тригибридті будандастыру. Г.Мендельдің І.ІІ.ІІІ – заңдарын дәлелдеуге есептер шығару

Практикалық жұмыс

Өз бетімен жұмыс

7

1

1

1

1

 

2

1

V.

 

21,22

23.

24.

25.

26.

Гендердің тіркес тұқымқуалауы және кроссинговер

Гендердің тіркес тұқымқуалауы. Т.Морган заңы

Кроссинговер

Генетикалық карталар

Т.Морган заңын дәлелдеуге есептер шығару

Практикалық жұмыс «Дрозофиламен жұмыс»

6

 

2

1

1

1

1

VI.

27,28

29,30

Популяциядағы генетикалық заңдылықтар

Харди-Вайнберг заңы

Есептер шығару

 

4

2

2

VII.

31.

32.

 

 

VIIІ.

33.34

Жыныс генетикасы

Адам генетикасы

Медицинадағы генетика және кейбір тұқымқуалай -тын ауруларды алдын алу (дәрігермен кездесу)

Геном және қоршаған орта

 

Зачет

2

1

 

1

 

 

2

 

 

ІV. Ақпараттық-әдістемелік бөлім

     Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары:

Қолданбалы курсты оқытуда оқушылардың шығармашылық потенциалдарын дамытуда жеке оқушымен, топпен жұмысты заманымыз-

ға сай педагогикалық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлы, бейіндеп оқытудың түпкі мақсаты жоғары оқу орнына дайындық болғандықтан жоғары білім беретін оқу жүйесіндегі әдістерді қолданған тиімді.Мысалы: лекция-семинарлар, жобалау – ғылыми жобаларды қорғау, дискуссия, практикалық сабақтар, ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар т.б. Сабақты өткізуде тақырыпты терең меңгеруде интерактивті тақтамен, слайдтар, оқу видеофильмдердерді пайдаланған жөн. Тақырыпқа сай мүмкіндігінше зерттеу обьектілеріне – ғылыми зерттеу институттарына экскурсиялар, көрмелер ұйымдастыру қажет.

     Білімдерін тексеру  және бағалау жүйесі:

1.     Күнбе-күнгі бақылау, тексеру: сабақ барысында әңгімелесу, әрбір сабақ соңында тест не есеп (деңгейлік – ҮӘЖ)

2.     Тақырыптық бақылау, тексеру: генетикалық есептер шығаруда бақылау жұмыстары.

3.     Қорытынды бақылау, тексеру: кешенді тест.

4.     Практикалық жұмыстарды – зачет ретінде «тапсырылды» деп бағаланады.

5.     Шығармашылық деңгейдегі оқушылар ғылыми  зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми жобаларды қорғау.

6.     Бағалау жүйесі рейтингілік : репродукті деңгей 1-3 ұпай, конструктивті деңгей 4-6 ұпай, шығармашылық деңгей 7-9 ұпай. Егер бағамен өрнектесек 1-3 ұпай - «3», 4-6 ұпай – «4», 7-9 ұпай – «5».

   Білім мен біліктерге қойылатын талаптар

   Оқушылар білуге тиіс:

-         генетикадағы негізгі ұғымдар мен терминдерді және белгілеулерді;

-         генетикалық анализдің әдістерін;

-         хромосома құрылысы мен құрамын;

-         моно, ди,тригибридті будандастыруларда Менделдің І,ІІ,ІІІ – заңдарын білу;

-         генетикалық есептер шығарудың алгоритмін;

-         генетикалық коллекциялардың қолданылуы;                                            

-         міндетті, стандартты деңгейде және жылжымалы деңгейде білуге тиісті негізгі 25 ұғымды;                                                                                         

-         молекулалық генетика саласының жетістіктерін.

Оқушылар дәлелдеуі тиіс:

-         генетика терминдерін пайдалана білу;

-         генетиканың модельдік обьектісі-дрозофиламен жұмыс;

-         генотиптері әртүрлі организмдердің гамета типтерін анықтау;

-         Ғ2- ге фенотип және генотип бойынша  Пеннет торы арқылы және торды қолданбай анализ беру:

-         ажырау заңының формуласын дәлелдеу;

-         генетикалық есептер шығару;

-         Харди-Вайнберг формуласын қолдану;

-         кариотиптің суретіне қарап, адамның хромосомдық синдромдарын анықтау.

V. Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

 

Курс бағдарламасын құрастырып, өткізу үшін пайдаланылған әдебиеттер:

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

1.Абрамова З.Б. Практикум по генетике. Ленинград «Колос» 1985, 112с.

2.Алиханян С.И. Общая генетика. - М.1989.

3.Ватти К.В. Руководство к практическим занятиям по генетике. –М.

                     «Просвещение» 1980. 189с.

4.Ишмухамедова Н.Б. Уроки общей биологии.Алматы «Ғылым»1999,175с.

5.Гуляев Г.В. Задачник по генетике. - М. «Колос» 1988, 77с.

6.Крючков А.В. Селекция и семеноводство овощных и плодовых культур. –

                         М, «Колос» 1987.287с.

7.Лобашев М.Е. Генетика с основами селекции. –М, «Просвещение» 1987.    

                         304с.

8.Паушева З.П. Практикум по цитологии растений. –М, «Колос» 1984. 288с.

9.Программы элективных курсов. Биология. 10-11 классы. Профильное

                      обучение. Сборник 3. – М.: Дрофа, 2006. – 157с.

10.Орлова Н.Н. Генетический анализ.-М.: Изд-во МГУ, 1991.

 

Оқушыларға арналған әдебиеттер:

1.Әбшенова Л.Ү. Биология. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын

                   тексеруге және олимпиадаларға дайындауға арналған

                   тапсырмалар. Алматы, 2009. 119б.

2.Ватти К.В. Руководство к практическим занятиям по генетике. –М.

                  «Просвещение» 1980. 189с.

3. Оқушы анықтамасы. «Талапкер топтамасы». Биология: 6-11 сыныптар.-

                    «Арман-ПВ», 2005ж.-440б.

4.Энциклопедия для детей. Т.19 – М.: Аванта+, 2003.

13. 5. Интернет – сайттар

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қолданбалы курс, авторлық бағдарлама Биология"Генетикалық анализ негіздері" 9-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жалпы биология курсында «Генетика негіздері» тарауы ең қиын тараудың бірі болып есептеледі. Генетика математикаға  ұқсас дәл пәндерге кіреді. Генетикада ген - өлшем бірлікке жатады. Генетика заңдылықтарын жаттауға болмайды, оны тек түсіну керек, себебі генетикалық есептер заңдылықтарға тікелей байланысты. Әсіресе күрделі генетикалық есептерді шығару білігін дамыту үшін теориялық білім мен есеп шығарудың алгоритмін оқушы жақсы меңгерсе еш қиналмай, қиын тарауды өте жақсы меңгереді.

     Генетикалық анализ (талдау) – гендерді белгілері арқылы анықтап көрсететін генетика әдістерінің жиынтығы. Егер химия пәнінде қышқылдарды, негіздерді анықтайтын индикатор лакмус қағазы болатын болса, ал биологияда белгілердің ажырауы арқылы гендердің санына байланысты болады.Анализ фенотип және генотип бойынша жасалады, яғни сыртқы белгілерің жиынтығы және гендер жиынтығы бойынша.

Мысалы, моногибридті будандастыруда Ғ2 – де фенотип бойынша 3:1 ажырау, дигибридтіде 9:3:3:1 белгілері бойынша ажырау заңы дәлелденіп анализ жасалады.

   Анализ керісінше  геннен белгіге қарай жасалуы мүмкін.

Бұл қолданбалы (элективті) курс оқушылардың генетика саласында білімдерін тереңдету, қоршаған ортаның мутагенезінің генетикасы, адам денсаулығын қорғау бағытындағы білімді кеңейтуге негізделген. Қоршаған ортаның ластануы халықтың денсаулығына әсер ететіні түсінікті, өйткені көптеген аурулар адамның ұрпақтан ұрпаққа ауысатын гендік мұраларының және қоршаған ортаның қатысуымен пайда болады. Сонымен қатар бұл курс болашақта биология саласы бойынша мамандық (адам-адам, адам-табиғат) таңдауда, ұлттық біріңғай тест тапсыруда, ғылыми жоба сайыстарынан білімді тексеруде, жоғарғы оқу орнына түсуге дайындық ретінде тереңдетіліп жүргізіледі.   Г.Мендельдің І,ІІ, ІІІ-заңдарын, Т.Морган заңдарын дәлелдеуге есептер шығару, өз бетімен және практикалық жұмыстарға көбірек уақыт бөлінді.    

Бұл курс 34 сағатқа негізделген. 8-9 сыныптарға арналған

 

Курстың мақсаты:  Жалпы биологияны оқытуда генетика саласынан оқушылардың білімін тереңдету, моногибридті, дигибридті, тригибридті будандастыруда Мендельдің І,ІІ,ІІІ – заңдарын дәлелдей білуге баулу. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдылықтарына сәйкес жүретіндігін өмірмен байланыстыра отырып меңгерту.

   Геном және қоршаған орта мәселесі арқылы  экологиялық генетика мен адам генетикасының көкейкесті бағыттарына  аса назар аудару.  Ғылыми зерттеу инситуттарына не селекциялық орталықтарға экскурсия ұйымдастырып, ғалымдармен, селекционерлердің жұмыстарымен практика жүзінде танысу.

Курстың міндеттері:

 

1.     Генетикалық анализде оқушыларға генетикалық коллекциялардың мәнін көрсету.

2.     Генетикалық обьектілерге эксперимент қоюдың ерекшеліктерін түсіндіру.

3.     Будандастырудың нәтижесінде алынуға тиісті нәтижеден ауытқудың себептерімен таныстыру.

4.     Кейбір генетикалық бақылауларды және эксперименттерді математикалық әдістермен өңдеу жолдарын таныстыру.                                                                                                                           

5.     Барлық тірі организмдер үшін генетикалық заңдылықтардың бірлігін түсіндіру.

6.     Тұқымқуалаушылықтың хромосомдық теориясының негізгі ерекшеліктері.

7.     Мендельдің І,ІІ,ІІІ – ші заңдарын есептер шығару арқылы дәлелдеу;

8.     Моно, ди, тригибридті будандастырулардың мәнін ашып, есептер шығару.  

9.     Оқушылардың білімдерін пысықтау және тереңдетіп дамыту

10.                        Генетикалық есептер шығарудың алгоритмін негізге ала отырып, оқушылардың білімі, білігі және біліктіліктерін дамыту.

11.                        Медициналық генетиканың негізгі міндеттері жөнінде мәліметтер бере отырып, күнделікті өмірде адамның жеке басының денсаулығын сақтау,салауатты өмір сүру қажеттілігі туралы білімдерін тереңдету.

12.                        Геном және қоршаған орта туралы шет елдер (АҚШ, Жапония, Түркия, Польша, Румыния, Иран, Тайланд) мен өз еліміздің ғалымдарының  экологиялық зерттеулерінің ғылыми негіздері жөнінде мағлұматтарды ақпараттық технология құралдары арқылы жинақтап, танысу. 

 

 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2015 2733
    • DOCX 362 кбайт
    • 85 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем МУНАЙТБАСОВА КУЛЯШ ХАМИТОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    МУНАЙТБАСОВА КУЛЯШ ХАМИТОВНА
    МУНАЙТБАСОВА КУЛЯШ ХАМИТОВНА
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 106678
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 325 человек

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе