Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыҒылыми жоба "Ұлыбританияның белгілері"

ғылыми жоба "Ұлыбританияның белгілері"

Скачать материал

   Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі

                  Атырау облысы, Қызылқоға ауданы

                                   Тасшағыл орта мектебі                       

 

                                                   Авторы: Аманқайырова Айтолқын

                                                         10 сынып Тасшағыл орта мектебі

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ұлыбританияның ұлттық белгілері»

 

 

 

 

 

                                               Жетекшісі: Утаршиева Гүлзада 

                                                    ағылшын тілі пәні мұғалімі

                                                   Тасшағыл орта мектебі

 

 

                                   Атырау – 2014 ж           

                        

                                   

 

                                      Мазмұны:

 

 

    І. Кіріспе:

    ІІ. Негізгі бөлім:

1.     Белгі деген не?

     2. Арыстан белгісінің тарихы

3.   Бульдог белгісінің тарихы

 

4.   Грифон белгісінің тарихы

   ІІІ. Қорытынды

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Кіріспе

 

    Кез келген осы заманғы мемлекетте үш белгі болады: елтаңба, ту, әнұран. Бұндай үштік белгі әлемдік тәжірибеде кешірек ХІХ ғасырдан бері қарай қалыптасты. Содан бері қарай егеменді мемлекеттің белгілері бекітілуі бірте-бірте заңдастырылды. Орта ғасырдан бері қарай келе жатқан ата – бабалары-мызды ойлау қабілетінің түрін айқындап тұратын мыңдаған белгілердің ішінен таңдау әр мемлекет үшін кездейсоқ болмаған.

    Біз білетіндей әр елде дәстүрлі елтаңба, ту, әнұраннан басқа да әр түрлі белгілер бар. Мысалы: Ресейде жартылай ресми және ресми емес белгілер бар – самаурын (шетелдіктер үшін орыс халқының тұрмыс жағдайларын көрсетеді); үш ат (орыс халқының және оның мәдениетін көрсетеді); аю (революцияға дейінгі орыстың келемеж, әжуәсінде жағымды кейіпкерді көрсетеді); Қызыл алаң (елдің орталығын, жүрегін көрсетеді); Кремль(елдің жоғарғы басшылығының белгісі).

      Қазақстанның ұлттық белгілері өте көп. Мысалға алсақ: киіз үй - Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.

    Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. 

   Бәйтерек –Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет  өнері-нің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Оның негізгі идеясы - елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді..

   Ал,Ұлыбританияда қандай белгілер бар? Олардың тарихы қандай? Кез келген белгінің пайда болуына не себеп болды?

     Осындай сұрақтар туындағаннан кейін мен төмендегідей  мақсат-міндеттер құрдым:

   Міндеттері:

-      Белгі деген не?

-      Зоологиялық белгілердің шығу тарихын оқып білу

-      Неліктен кейбір жануарлар елдердің белгісі болып белгіленеді.

      Жұмыс жүргізу үшін,төмендегідей жорамалға тоқтадым:

      Жануарлардың белгі болуының себебі: Ұлыбритания елінің тарихы мен салт-дәстүріне байланысты болуы мүмкін. Ғаламтордың көмегіне жүгіндім. Сол елдің елтаңбасына назар сала отырып, жәй арыстандарды емес, мифтік арыстандарды байқадым. Бұдан белгінің тарихы тереңде жатыр деген ойға бекіндім. Содан мен белгілер туралы, хан әулетінің елтаңбалары туралы көптеген мәліметтер жинадым.

       Өз жұмысымда тапқан мәліметтерді жүйелі жинақтауға тырыстым.

                                                     

                                                 1.Белгі деген не?

       Белгі – мазмұны жағынан көпмағыналылығымен ерекшеленетін, сол арқылы әртүрлі дерекке түсінік берісіп тұрады.

       Мысалы: 

-      Крест – христиандардың белгісі

-      Екібасты бүркіт – Ресейдің елтаңбасы

-      Орақ пен балға – коммунистік таңба

-      Свастика – құнарлылықтың ежелгі белгісі, ХХ ғасырда фашизмның

белгісі болып саналды.

        Белгілер өзі сол елдің тарихын, мәдениетін, тұрмыс тіршілігін білдіре-тіндерімен бағалы. Өнер мен әдебиет тарихында олардың маңызы зор.

        Тіл мен ойдың өзі белгілермен тығыз байланысты. Орыс тілінің академиялық сөздігі бойынша белгі – кез келген заттың жануар немесе зат арқылы бейнеленуі. Кейбір белгілер өте кең тараған. Мысалы крестің, бүркіттің, балықтың белгілері. Белгілердің шығуымен таралуының түрлері ғылымда нақты анықталмаған. Кейбір халықта белгілер өз беттерінше пайда болған, көпшілігі бір-біріне ұқсас, олар жалпы психологиялық және мәдени себептермен түсіндіріледі. Мысалы: күннің белгісі – доңғалақ  түрінде, найзағай – балға түрінде.

   Ұлыбританияға төмендегі белгілер тән.

   

    Арыстан – біріккен  патшалық.        

                                        http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3A//oko-planet.su/uploads/posts/2011-02/1298312856_zver.jpg&mb=imgdb_preview_1172

        Бульдог – ағылшындардың мінез-құлықтарының жағымсыз жақтарын бейнелейді.

                                           Английский бульдог

        Джон Буль – ағылшындық мінез-құлықтың көлеңкелі жақтарын көрсетеді.

                                                     Джон Булль

        Мыстан кемпірлер – ағылшындардың  елеске, ескі нанымдарға сенімде-рін білдіреді; көбінесе аттың үстінде мұржадан шығып келе жатқан болып бейнеленеді.

        Грифон – Лондон Сити орталығының ресми емес таңбасы.

Сіз білесіз бе, Биг-Бен – сіз ойлағандай Лондондық кескінде шығатын әр ашық хаттың бетіндегі Министірлік сарайының биік мұнарасы емес ( халықта аузында – Парламент дейді). Тіпті, мұнараға сән беріп тұрған сағат та емес. Биг-Бен – бұл  сағат  циферблаты артында орналасқан қоңырау. 

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/big%20ben.jpg

      Қоңырауға мұндай атау қашан берілгенін бүгінгі уақытқа дейін ешкім де нақты түсіндіріп айта алмайды. Бір деректерге қарағанда,  қоңырау пішінін құятын сэр Бенджамин Холлдың кұрметіне деседі. Басқа деректерге сүйенсек, өз заманында әйгілі болған ауыр салмақтағы боксшы Бенджамин Каунттың құрметіне дейді. «Үлкен Бенджамин» қоңырауын Уайтчапела құю цехінен Парламент үйіне дейін 16 ақ боз ат тиелген арбамен жеткізген жұмысшылар өздерінің кумирлеріне сый-құрмет көрсетпек ниетпен  осылай атап кеткен деседі.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/bigben2.jpg

 

        Раушангүл – хан әулетін көрсетеді.

 

                        9859ec1ccd2d.jpg

                               

 

                                     2.Арыстан белгісінің тарихы

        Зообелгілердің ішінен ең негізгі орын алатын арыстандар: британдық елтаңбалардың барлығында дерлік, оларды санап есебін көрсету қиын. Соның ішінде кейбіреуі стильді түрде бейнеленген, бірақ барлық жағдайда алдымызда арыстан тұрады деп айта алмаймыз.

 

                                        http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3A//www.creationwiki.org/pool/images/a/ab/Coat_of_Arms_of_England.png&mb=imgdb_preview_929

        Арыстан – бірнеше ғасырдан бері патша әулеттерінде геральді белгі ретінде пайдаланылған.

        Аңдар патшасы өзінің түгелге жуық туларын, елтаңбаларын және Британияның отарларын әшекейлегені белгілі.

           Солтүстік елде неге көп арыстан бар?

        Айтқандай бұл елде өзінің жеке елтаңбасы жоқ, ол елтаңба британдық монархтың елтаңбасы, ал монархтар басқалардан өздерінің ерекшеліктерін көрсетуге тырысып тұрады, геральды жануарларды таңдап, солардың бейнелері арқылы өздерінің күшін, билігін, адамгершіліктерін көрсететін. Елтаңбадағы арыстандар мен қабыландар Ричард І Арыстан Жүрек (1157-1199) Плантагенеттер әулетінде пайда болды. Англияның белгісі болып үш қабылан мен арыстаны бар елтаңбалы мөрі бар қалқан бірнеше жыл бойы сақталды.

          Қалқан ұстаушылардың мүсіндері ғасырлар бойы әлденеше рет өзгерді. Қалқанды әр уақытта әр түрлі ұстады: сұңқарлар, ақ аққу, сиыр, ақ қабан, валлийдік қызыл айдаһар – Тюдор әулетінің кельттерден шыққанын көрсететін, граф Ричмондстің күміс тазы иті. 1603 жылдан бастап қалқанда тәжді британдық арыстан және жалғыз мүйіз бекітілді.(1633-1701) Карл ІІ патшалығы кезінде пайда болған Эдуардтың тәжі Алтын дулығалы ағылшын елтаңбасы табыспен аяқталды. Дулығаның жоғарғы жағында – британ  арыстаны деп аталған алтын тәжді қабылан, ақкіс терісімен қапталған алтын шатыр. Қазіргі кезде Лондонның басты алаңында Трафальгар соғысының жеңімпазы атақты адмирал Нельсонға төрт қола арыстанмен қоршалған ескерткіш қойылған – Сэр Эдвин Лендсердің жұмысы. Қола арыстандар Британ империясының белгісі. Жеңіс үнемі олжа әкеледі деген болжаммен арыстандар француз зеңбіректерінен балқытып жасалған. Осылайша Британия өздерінің француз флотынан артықшылығын көрсетті.Трафальгар алаңын салу идеясы Дж.Нэшке тән. Алаң, 1805 жылы ағылшын – француз соғысы кезінде Трафальгар мүйісінде ағылшын флотын адмирал Нельсон басшылығымен жеңіске жету құрметіне,1829-1941 жылдары салынған. Нельсон соғыста өлтірілді. 1842 жылы тастан жасалған Нельсон бейнесімен бағана орнатылған (архитектор Райлтон, мүсінші Байли) бағананың биіктігі 60 метр (170 фут). Лондон футбол клубы «Миллуол» 1885 жылы құрылған, негізін қалаған шотландық Ж.Т.Мортон компаниясы. Бүгінде елдің көңілі ағылшын клубы  «Миллуолда» Британияның қызуқанды, қауіпті жанкүйерлері Арыстанмен бейнеленген клубтың таңбасы – клуб жанкүйерлерінің ержүректік белгісі.

                                   

                                    3.Бульдог белгісінің тарихы

     

     ХVІІІ ғасырдың ең өнегелі адамы  Джон Буль – ағылшындардың жан-жақты жағымды кейіпкері. Оның бет бейнесі қарапайым: қарынды дөңгелек жүзді фермер,қуақы әлпет. Ерекше белгілері өзгермейтін жақсақалы, ақ шалбар, қызыл бешпет,қысқа қалпақ үнемі өзімен бірге.Сол кездегі келемежшілер ішкі және сыртқы саясат тақырыптарына сол Джон Бульдің образын пайдаланған. Ол бейне бірте-бірте кең тарап саяси аппаратта негізгі бейнелерді көрсеткен, артынша ағылшындар өздерінде сол бейнемен көрсете бастады.

           ХІХ ғасырда Бульдың суреті Наполеон Бонапарттың өзімен салыстыруға болады. Бульдың киім қоржыны британ туынан жасалған жакет және жалтыраған етікпен толысты. Оған қарамастан өзі бұрынғыша «фермерлік» болып қала берді: дөрекілеу, қарапайым, өте күшті. Ол ауыл өмірін жақсы көреді - эль, бос ет, иттер, аттар және ауылдың шулаған көтеріңкі көңіл күйі. Оның негізгі серігі ағылшын бульдогы – ол өз иесінің мінез-құлығы, сыртқы пішінін қайталайтын еді. Ағылшын бульдогын –барлық иттердің ішінен нағыз «ағылшындық» деп атайтын. Басқа елдердің бірінде бұндай тек қана бір иттің түрімен өз өмірлерін байланыстыратын ел жоқ деуге болады. Осындай байланыстың арқасында Джон Буль ұзақ уақытқа сол елдің белгісі болды. 1865 жылы ең жақсы ит болып ағылшын бульдогы танылды. Ол ұлттық игілікке айналды. Бұл иттің түрі ежелгі қарапайымды Англиямен байланыстырылды. Джон Бульмен ағылшын бульдогының бірігуі кеңпейілділікті, сенімділікті білдіріп, ағылшындардың ұлттық күшін көрсетеді. Бірінші дүние жүзілік соғыстың басында ағылшындықтар арасында ағылшын бульдогы аса танымал болды.

          1864 жылы алғаш бульдог-клубы пайда болғанда, сол түр жай-жай ене бастады. Бұл ретке басты қасиет – Ұлыбританияның достық белгісіндей -  бульдогтарды сәндеу болды. Он шақты жыл ішінде ағылшын бульдогы хандықтық визиткасына айналды.

          Ұлыбританияның премьер-министрі Уинстон Черчилль Джон атты бульдогпен суретке түскенді ұнататыны белгілі. Иттің бұндай жетістікке жетуінің өзіндік себебі бар. Бульдогтың образын Британ жақтаушыларымен бірге қарсыластары да пайдаланды. Бульдогтың әр түрлі бейнесімен көптеген плакаттар пайда болды. Кейбір иттер Британның туын жақтады, кейбіреуі сол елдің аумағына суық көзқараспен қарап отырғанын бейнеледі, кейбіреулері Англияның қарсыластарының медальдарымен ойнады. Бульдогтар тек суық қарауылдарды бейнелеген жоқ. Кейбір суреттерден қолдарында кішкене күшігі бар әдемі әйелдерді бейнелеп, жылылық есіп тұрады. Қазіргі кезде «British Bulldog» деген атпен Халықаралық ағылшын тілінен сайыс болып жатыр.

 

                                            4.Грифон белгісінің тарихы

               Монархтар көбіне геральды белгісі есебінде аждаһа, әзірейілдерді пайдаланған Эдуард ІІІ (1312-1377) елтаңбасына грифты орналастырған.

          Грифон – ассиро-вавилоннан шыққан фантастикалық будан, күн әлемінің ежелгі таңбасы, мифтік басы қанатты, тырнақты құбыжық, денесі арыстандікі. Ол билікті, қуаттылықты білдіреді.

          Қазіргі кезде Лондон Ситидің ресми емес белгісі – Грифон болды. Бұған қала аумағындағы көптеген грифондар куә. Сити шекарасы соның таңбасымен қара бағаналарда белгіленген, ал шығарда үлкен көшелерде –аждаһаның мүсіні тұрады. Сити қала емес, елдің де маңызды бөлігі  болып саналады. Оның өзінің өзіндік лорд-мөрі бар. Егер хан Ситиге келетін болса, оған лорд-мөр келіп адалдық белгісі болып табылатын ерекше қылышты табыстап, хандықтың бизнес-орталығына рұқсат бермейінше, шекараға келіп күтеді. Сондықтан, мүсіннен басқа, атақты мүсінші Кристофер Реннің қолынан шыққан арка бар. Іргетасында ханшайым Виктория мен Альберт ханзаданың барельефті бейнесі сомдалған. Туристердің қуанышына қарай грифон Лондон Ситиінің ресми емес таңбасы болып қала береді.

            

                                   

 

Қорытынды

 

  Мен өз жұмысымда Ұлыбританияның белгілері мен олардың шығу тарихын, оның себептерін анықтап көрсеттім. Белгілердің тарихын зерттеп Біріккен Хандықтың тарихынан кейбір дәйектерді келтірдім. Жұмыс барысында мынадай қорытындыға келдім: менің жорамалым дұрыс. Ұлыбританияның белгілері сол елдің тарихын, мәдениетін, елдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты әлеуметтік жағдайын көрсетеді деп сеніммен айта аламын. Әр уақытта әр түрлі белгілер болған. Мысалы: Ұлыбританияның белгілері бірнеше ғасырлар арасында ауысып тұрды. Әр хан әулеті келген сайын белгілер де өзгеріп отырады. Бұл жұмысымда мен Ұлыбританияның кейбір белгілері туралы айтып өттім. Әйтпегенде белгілер өте көп, ресми түрлері, ресми емес түрлері. Әрқайсысының өзіндік сыры, тарихы бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Пайдаланған әдебиет:

 

1.     Белгі деген не?  *http://enc-dic.com/dmytriev/Simbol-4167.html

        *http://dic.academic.ru/dic.nsf/brokgauz_efron/93857/

2.     Арыстан белгісінің тарихы  *http://ru.wikipedia.org/wiki/

3.     Бульдог белгісінің тарихы *http://1001dogs.ru/publ/a/anglijskij_buldog/2-1-0-18

4.     Грифон белгісінің тарихы

*http://magicsym.ru/mificheskie_suschestva/grifon-2.html

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба "Ұлыбританияның белгілері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқушы өз жұмысында Ұлыбританияның белгілері мен олардың шығу тарихын, оның себептерін анықтап көрсетті. Белгілердің тарихын зерттеп Біріккен Хандықтың тарихынан кейбір дәйектерді келтірді. Жұмыс барысында мынадай қорытындыға келді: оның жорамалы дұрыс. Ұлыбританияның белгілері сол елдің тарихын, мәдениетін, елдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты әлеуметтік жағдайын көрсетеді деп сеніммен айта алады. Әр уақытта әр түрлі белгілер болған. Мысалы: Ұлыбританияның белгілері бірнеше ғасырлар арасында ауысып тұрды. Әр хан әулеті келген сайын белгілер де өзгеріп отырады. Бұл жұмысында оқушы Ұлыбританияның кейбір белгілері туралы айтып өтті. Әйтпегенде белгілер өте көп, ресми түрлері, ресми емес түрлері. Әрқайсысының өзіндік сыры, тарихы бар. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 151 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.01.2015 999
    • DOCX 147.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утаршиева Гульзада Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18654
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания английского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 386 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 456 человек

Курс повышения квалификации

Психологические методы развития навыков эффективного общения и чтения на английском языке у младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 178 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 25 регионов

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек