Инфоурок Другое Другие методич. материалы«100 нақты қадам» және туризм саласы

«100 нақты қадам» және туризм саласы

Скачать материал

«100 нақты қадам» және туризм саласы

 

100 нақты қадам- президенттің 5 институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған ұлт жоспары.

Елбасымыз «100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ.

«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕжағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап беретін болады. Деп атап өткен болатын

 «Елімізді алға жетелейтін, әлемдегі озық 30 елдің қатары¬на қосылуға мүмкіндік беретін реформалық өзгерістерді өріс¬тетуге арналған асқаралы асуларды бағындырудың жоспарымен егжей-тегжейлі танысып шық¬қанымда, шындығын айтқанда, келешегімізге деген сенім одан сайын өсе түсті. Жаһандану үдерісі бір жағынан экономикалық ¬сын-қатерлерге ұшыратпай қой¬мауы¬на байланысты оның алдын алуға, болдырмауға ұмтылумен бірге дамуды жеделдету өмір талабы екендігі даусыз. Сол себепті бәрі екшеліп, тұжырымдалған «100 нақты қадам» жөніндегі стратегиялық бағдарламаны айқын мақсаттың үлкен белгісі деп түсінемін. Әрине, оған жету оңай іс емес болмағанымен бұған дейін де Елбасының бастамаларына жұдырықтай жұмылып, көптеген міндеттерді шешудегі белсенділік бұл жолы да алға тартары анық.

 Аталған жоспарды зерделеу барысында 86 және 87 қадамдардағы  өзекті мәселелер мен талаптар орынды көрінді. Оның назар аударту себебі, өзімнің негізгі мамандығым туризм болғандықтан және еліміздегі туризм саласы жеткілікті түрде әлі де болса өз даму сатысына жетпеген, дегенмен оны дамытуға зор мүмкіншілігіміз бар бола, оны жүзеге асыра ламаи отырғанымыз, саланы дамытуға нақты нормативтік құжаттра мен заңдардың жоқтығы себеп болып отыр еді. Алайда, 100 нақты қадамда аталған осы қадамдарда туризмді дамыту мен кластерлер құру, Қазақстанды әлемге соның ішінде туристерге таныту мен жарнамалау мақсатында нақты және дәлелді түрде мәселелер көтерілген және тапсырмалар берілген. Осы қадамдарды толыққанды ашып өтсем:

86-қадам. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, туризмді маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың бірі ретінде дамыту бөлігінде бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын көтеру үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.

      Тұжырымдама халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасы туристік саласының қазіргі жай-күйіне кешенді талдау жасау негізінде әзірленді және туризмді дамытудың стратегиялық пайымын, республиканың туристік саласын 2020 жылға дейінгі дамытудың негізгі қағидаттарын қамтиды, осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудың мақсаттарын, міндеттерін және кезеңдерін айқындайды.

Тұжырымдама 2 тарау мен 14 тармақтан тұрады.

«Астана – Еуразия жүрегі» кластері

      Астананың жоғары бәсекеге қабілеттілігінің түйінді аспектілерінің бірі елорданың қазіргі заманғы жоғары технологиялы мәдени инфрақұрылымы болып табылады, онда 7 театрды, 8 мұражайды, 27 кітапхананы, 7 кинотеатрды, 8 концерт ұйымын, циркті, 9 мәдениет және демалыс саябақтарын, галереяны және т.б. қамтитын республикалық деңгейдегі мәдениет объектілері шоғырланған.

      Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізудің,

2013 – 2022 халықаралық мәдениеттер жақындасуының онжылдығы бастамасының, Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ), Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) мүшелілігінің, Астана экономикалық форумын ұйымдастырудың арқасында елорда танымал халықаралық брендке айналып келеді.

      2020 жылға дейін «Astana Musical» мемлекеттік мюзикл театрын құруды, «Astana World Theatre Festival» дүниежүзілік театр фестивалін, 24-ші Дүниежүзілік театр Конгресін (ITI-UNESCO) өткізуді және басқаларды қамтитын бірқатар ауқымды имидждік жобаларды өткізу мәселелері пысықталатын болады.

      Мүдделі жеке инвесторлар болған жағдайда елорданың маңайында «Этноауыл және қолөнершілер көшесі» жобасын іске асыру туралы мәселені қарастыруға болады, ал Шучье-Бурабай курорттық аймағы республикалық және халықаралық деңгейдегі имидждік концерттік іс-шараларды өткізуге арналған амфитеатрмен толықтырылуы мүмкін.

      EXPO-2017 көрмесі Астананың мәдени имиджін халықаралық аренаға жылжытуға зор мүмкіндік ашады. Астана мен оның маңайы төл көшпелі мәдениеттің, сондай-ақ отандық шеберлердің орындауындағы ұлттық және әлемдік музыка, би, театр өнерінің үздік туындыларын таныстыру орталығына айналмақ. Көрме шеңберінде салынған павильондар мен кешендер елорданың мәдени инфрақұрылымын байыта түседі.

«Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы» кластері

      Алматының шығармашылық қала ретінде дамуы шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы ортаны қалыптастырады.

      Өзінің бай тарихы мен қалыптасқан дәстүрлері бар Алматы қаласының мәдени инфрақұрылымында 13 театр, 15 мұражай, 24 кинотеатр, 12 концерттік ұйым, 31 кітапхана, клуб үлгісіндегі 10 мекеме, хайуанаттар бағы, цирк, 6 мәдениет және демалыс саябақтары мен өзге де мәдениет объектілері орналасқан, олардың басым бөлігінің республикалық маңызы бар.

      Қалада жыл сайын өзін-өзі танытқан «Apple fest», «Оркестрлер парады», «Арт-алаң», «Алматы жүрегімде», «Arbat fest», «Халықаралық қуыршақтар карнавалы» және басқа да қалалық ірі мерекелер мен фестивальдер өтеді. Тәуелсіз жаңа мәдени институциялар – «Шебер» дизайн-шеберханалары қалыптасуда, тәуелсіз жаңа бастамалар – «Weekender» музыка фестивалі, «Откровение» жастар театр фестивалі, «Полифония» әдебиет фестивалі, «Дәм мерекесі» тамақ фестивалі және басқалар туындап, ойдағыдай іске асырылуда.

      Петроглифтері бар Таңбалы бірегей археологиялық ландшафты, ЮНЕСКО дүниежүзілік мұра объектілерінің алдын ала тізіміне енгізілген Ешкіөлмес петроглифтері бар Жетісу Алатауының тізбегі, сондай-ақ Есік қорғаны мен «Жібек жолы» сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Боралдай сақ қорғаны, Талғар, Қаялық, Қарамерген ежелгі қалашықтар) ерекше қызығушылық тудырады.

 «Шығыс Қазақстан – Алтай маржаны» кластері

      Өңір Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерін қамтиды. Кластердің құрамында: 13 мұражай, 322 кітапхана, 2 театр, 5 концерт ұйымы, 6 кинотеатр, клуб үлгісіндегі 307 мекеме, 3 мәдениет және демалыс саябағы, хайуанаттар бағы бар. Өскемен мен Семей қалаларында бірегей тарихи-мәдени объектілер мен сәулет ескерткіштері, сондай-ақ «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы бар, мұнда «Алтай – түркі халықтарының алтын бесігі» түркітілдес халықтардың дәстүрлі халықаралық фестивалі өткізіледі. Алтайдың табиғи ландшафтының этнотуризмді дамыту үшін зор келешегі бар. Өңірде көптеген қорғандар бар, ІІI-II ғасырлардан қалған патша көмбелері табылған.

      Шығыс Қазақстанда 2020 жылға дейінгі бірқатар мәдени жобаларды іске асыру саланың инфрақұрылымын күшейтіп, өңірдегі мәдениет саласын дамытудың жаңа перспективаларын ашады.

      Катон-Қарағайда «Бал алқабы» атты ауқымды этномәдени фестивальдің өткізілуі халық кәсіпшілігі мен қолөнерін қайта жандандыруға, өңірдің төл мәдениетін дамытуға өзінің нақты үлесін қосуға қабілеті бар шығармашылық ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды, музыканттарды, суретшілерді, декоративтік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдауға бағытталатын болады.

«Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек Жолын жаңғырту» кластері

      Кластер 28 мұражайды, 8 театрды, 431 кітапхананы, клуб үлгісіндегі 268 мекемені, 5 кинотеатрды, 39 мәдениет және демалыс саябақтарын, 2 циркті, хайуанаттар бағын, бір концерт ұйымын қамтиды. Тарихи-мәдени объектілердің қатарына мыналар кіреді: ежелгі Түркістан мен «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ескерткіштері, ортағасырлық Отырар қалашығы мен Отырар даласының археологиялық объектілері (ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген), Сауран археологиялық кешені, Ақыртас сарай кешені, палеолитикалық учаскелері мен геоморфологиясы бар Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы, ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Арпа-Өзен петроглифтері, Қорқыт Ата мемориалдық кешені және тағы да басқалар.

      «Әзірет-Сұлтан» мемориалдық кешені мен оның маржаны – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бүкіл әлем мұсылмандары сыйынатын діни орталыққа айналу перспективасы бар.

«Батыс Қазақстан – Каспий қақпалары» кластері

      Кластердің мәдени инфрақұрылымында 4 театр, 6 мұражай, 405 кітапхана, клуб үлгісіндегі 278 мекеме, 3 концерт ұйымы, 9 кинотеатр,  7 ойын-сауық және демалыс саябақтары бар. Мұнда мынадай тарихи-мәдени объектілер орналасқан: Бекет-Ата, Шопан-Ата және Қараман-Ата жерасты мешіттері; Омар және Тұр кесенелері; Маңғышлақ түбегіндегі қорымдар; Шерқала тауы, «Бөкей Ордасы» ескерткіштер кешені және тағы басқалар.

      Бұл бірегей өңірді әртүрлі форматтағы әйгілі мәдени іс-шараларды өткізетін орынға айналдыруға болады. 2020 жылға дейін әртүрлі форматтағы имиджік іс-шаралар сериясын өткізу мәселесі қарастырылатын болады: отандық батырлар Исатай мен Махамбетке арналған фольклорлық фестиваль, «Көрісу» қонақжайлық күні, Дина Нүрпейісова атындағы халықаралық композиторлар мен дәстүрлі әндерді орындаушылар конкурсы және басқалар. Каспий күнін халықаралық атап өту жаңа серпінге ие болуы мүмкін. Ақтаудағы «Каспий айналасындағы мыңжылдықтар» атты қазіргі заманғы ән фестивалі Каспий маңындағы елдер халқының еуразиялық ән конкурсы ретінде орын алуы мүмкін. «Адай жылқысының күні» форматындағы этномәдени іс-шаралар өңірдің мәдени төл тұрмысын білдіретін бренд бола алады.

      2030 жылға қарай Қазақстан инфрақұрылымы дамыған және әлемдік деңгейдегі тиімді кластерлері бар мәдениет пен демалыстың халықаралық орталықтарының біріне айналуға тиіс.

    87-қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі – «ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ – ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ. Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдің «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады.

  2015 жылдың ақпан және мамыр айлары аралығында тарих, экономика және құқық факультетінің 09113 жедел туризм тобының 5 студенті Ресей Федерациясы Калмыкия Республикасының Элиста қаласында орналасқан КалмГУ базасында білімімізді жетілдіріп келдік. Университет базасында 40 аса елден студенттер білім алуда. Сондай- ақ көптеген қоғамдық шаралар ұйымдастырылды. Сондай шараларға белсене қатынастық.Атап өтетін болсақ,

Экономика факултеті оздырған Экономика и управление отраслями, комплексами наосновне инновационного падхода атты 3 ші халықаралық ғылыми практикалық конференцияға қатынастық. Нгізіг ауқым аспиранттар мен магистранттардан болды, Сонымен қатар конференцияға Волгоград, ставропол  қазақстаның Атырау қаласынан оқытушылар онлаин конференцияға шығып отырды. Біздер туризм тобының 5 студенті 3 бағытта докладтар ұсындық.

1 бағытта М. Өтемісов атындағы БҚМУ нің кешегісі, бүгіні, ертеңі атты тақырыпта  Бекешов және Толеубаевалар өз жұмыстарын қорғаса

2 бағытта  Белгиев  Қазақстан туризмі туралы баяндамасын таныстырды.

3 бағытта Нәсіпқалие және Кәдірғалиевтер   Экспо 2017 Астана бьізге не береді тақырыбында өз зерттеулерін ұсынды.

Конференцияға қатынасқан қонақтар қатарында Университет ардагерлері, Калмыкия Республикасының президенті орынбасарлары және экономика ғылымдарының докторла мен кандидаттары, калмыкиы республикасының экономика басқармасының төрағасы, басқада оқу орындарының оқытушылары, студенттер болды.

Конференцияға қатынасушылар зор ықыласпен тындап, қызығып қарап ел әлеуетінің мұндай зор жылдамдықпен дамығанына танданыстарын білдірді. Жұмыстарымызы зор қолдауға ие болды.

 22 наурыз мерекесінде факультеттен аттанған 12 студент наурыз мейрамын атап өттік. Шараға қазақ диаспрасының өкілдері мен қатар Тарих факультетінің деканы Колодка Василий Иванович, экономика факультетінің деканы Мантаева Элза Онкаревна, кафедра меңгерушілері, жастар саясаты жөніндегі орталықтың директоры, студенттер қалашығының әкімшілігі мен бірнеше оқытушылар қатынасты. Шара 2 бөлімнен тұрды. 1 бөлім концерттік бағдарламада өтілді.бағдарламаға жатақханада тұратын достарымыз қытайлар, ветнамдар, моңғолдар және монголиядан келген қазақ қыздары қатынасып бірге өнер көрсетті. 2 бөлімде қазақ тағамдарынан дәм тату үшін дастархан жайылды. Келген қонақтар бұрыннан наурыз мейрамын білмейтіндігін аитып ризашылығын білдіріп таңғалысып жатты.

Жатақханалар арасында өткен Ресей әдебиеті жылына орай ұйымдастырылған Брей- ринг инттелктуалдық ойнында жүлделі 1 орынды иелендік. Шара ғылыми кітапханада ұйымдастырылған болатын. Кітапхана қызметкерлері қазақ студенттерінің жан жақты екендігін, кітапханаға жие келетінін аитып қуанышты екенің білдірді. Кітапханада қазақстан ұлттық кабинеті орналастырылған.Онда қазақстанның кітап қорлары жасқаталған. Басқа ел студенттеріне кітаптармен таныстырып қазақ тілінде басылған кітаптардың мазұның орыс тіліне аударып мән мазмұның түсінуге көмектестік.

Факультетте озырылған мисс факультет байқауын тамашалуға бардық. Сол арада барлық елдің студенттері жиналған болатын. Үзіліс кезінде біздің ұсыныс тастауымызбен алғашқы болып қаражорғаны билеп сахнағат шықтық. Содан сон басқа мемлекеттен келген студенттер өз ұлттық билері мен әндерін аитып кеш шырайын ажарланыдар түсті.

Сертефикат алатын күні қазақ студенттері Элиста қаласының орталық алаңында көк туымызды қолымызға алып суретке түскен болатынбыз. Сол кездері қаланы аралап жүрген туристер Қазақстанға қызығушылығын білдіріп көк туымызбен естелік суреттерге түсті. Біздерден қазақстан туралы көптеген мәліметтер алып тарқасты.

Осыдан айтарым, Елбасымыз бекіткен 100 нақты қадам ұлт жоспарындағы және Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл, Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай ұйымдастырылатын іс шараларға тартуымыз және осыларға қосқан титтиде болса үлесіміз деп ойлаимын. Осындай мүмкіндік берген Елбасымызға университет басшылығына оөытушылар қауымына алғысымызды білдіреміз.

Түйін. Мен елбасынан үлгі аламын. Ол бірегей тәлімгер, бірегей мәмілегер, бірегей сәулеткер, бірегей бапкер, бірегей көсбасшы. Қай жерде жүрсемде елбасымыз аитқан кей сөздерін өз ісімде өмірімде пайдаға асырудамын. Соның бірімен сөзімді аяқтасым:

Мен өз халқымды сүйемін, оның мені бала кезімнен сабық мен парасатқа баулығаның мақтан тұтамын. Басымды иемін. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындаи текті халыққа, мені ұлым деп перзентім деп төбесіне көтерген халыққа арғы бергідегі қазақ баласының  бірде бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты толыққанды  тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытына бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық еш керегі жоқ. Осы жолда мен бойымдағы бар білімім мен білігімді, ерік жігерімді күш қуатымды жұмсймын. Қандаи тәуекел болсада баруға даиынмын.

Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар, әлемде егемен қазақстан бар оның көп ұлтты тату ынтымақшыл халқы бар, қуатты экономикасы бар сенімді саси жүйесі бар. Ең бастысы бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашаға бар, сол күнге берік сенім бар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«100 нақты қадам» және туризм саласы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

100 нақты қадам- президенттің 5 институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған ұлт жоспары.Елбасымыз «100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ.«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕжағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап беретін болады. Деп атап өткен болатын

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 292 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.12.2020 376
    • DOCX 59.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Замараева Людмила Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Замараева Людмила Васильевна
    Замараева Людмила Васильевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 83133
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе