Инфоурок Начальные классы Рабочие программыДүниетану. 1 сынып. ҚМЖ "Күн тәртібі"

Дүниетану. 1 сынып. ҚМЖ "Күн тәртібі"

Скачать материал

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

 

Сабақ тақырыбы:

Күн тәртібі

Мектеп: «С.Торайғыров атындағы негізгі орта мектеп» КММ

Күні :

 

Мұғалімнің есімі: Ғалымбек Меруерт

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

                     Барлық оқушылар:күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіну;

 

                     Оқушылардың басым бөлігі:.өз жеке күн тәртібін құрy.

                     Кейбір оқушылар:өз жеке күн тәртібін әңгімелеп береді

Тірек сөздер:

таң – утро – morning; күн – день – day; кеш – ночь – evening;

күн тәртібі – режим дня – daily schedule; демалыс күні – выходной – weekend.

Ресурстар:

Қораптағы сағат, «КҮН» сөзі, «Т, Ә, Р, Т, І, Б, І» қима әріптері, М.Тынышбаев, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, И.Ильиннің портреттері бар таныстырылым, топ санына қарай күн тәртібі кезеңдері бейнеленген суреттер, әрқайсысына бір жағы қызыл, екінші жағы жасыл түсті дөңгелек сигнал белгілері салынған А3 парақтары.

Сабақтың мақсаты:

1.1.2.4 күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру

Сабаққа байланысты деректі материалдар

 

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Денсаулық сақтау мен нығайту шарттарының бірі– мүлтіксіз орындалатын күн тәртібі. Күн тәртібін сақтау кез-келген жұмысты анағұрлым жеңілдетеді, денсаулықты сақтау үшін адам ағзасының барлық мүмкіндіктерін көбірек қолдануға мүмкіндік береді. Күн тәртібі – бұл тәулік бойы қызмет пен демалыстың барлық түрлерін тиімді бөлу. Күн тәртібін сақтайтын адамдар көбірек іс тындырып,аз шаршайды. Күн тәртібі адамды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жауапкершілікке үйретеді. Бұған әйгілі адамдардың қызмет жетістіктері дәлел болады. Мысалы: қазақтың алғашқы теміржолшы-инженері Мұхаметжан Тынышбаев (1879 ж. 12 мамыр – 1937 ж. 21 қараша);

ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров (1946 ж. 27 шілде) және Талғат Мұсабаев (1951 ж. 7 қаңтар); зілтемірші Илья Ильин (1988 ж. 24 мамыр) – екі мәрте олимпиада чемпионы (Пекин – 2008,

Лондон – 2012). Оқыған және жұмыс істеген жылдары олар жұмыс және күн тәртібін сақтауға үйренді, соның нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізе алды.

Күн тәртібінің негізгі элементтерінің бірі ұйқы болып табылады. Ұйқы – біздің өміріміздің қажетті бөлшегі. Ол ой мен денеге табиғи жолмен демалуға және өз қызметін қалпына келтіруге көмектеседі. Дұрыс ұйқы жұмыс қабілеттілігінің маңызды шарты. Күнде бір уақытта ұйқыға жатып, тез ұйықтап қалу әдетін қалыптастырған дұрыс. Ұйқының ұзақтығын қадағалау қажет: кіші сынып оқушылары ауасы тазартылған бөлмеде кем дегенде 10 сағат ұйықтауы қажет. Олай болмаған жағдайда қатты шаршайды, жүйке жүйелері бұзылады сыныптағы оқушылардан артта қалады. Егер зорығу созылмалы болса, ол баланың өсуіне және дамуына, жалпы денсаулығына кері әсер етеді.

Сабақты тосын сыйдан бастаңыз. Алдын ала сағат салынған қорап дайындаңыз. Оқушылар қорапта не бар екенін білмеуі тиіс. Оларға «құпиясы» бар қорапты көрсетіңіз және ішінде не бар екенін сұраңыз. Оқушылар оны жұмбақтың көмегімен табады: «Уақытты өлшеп, санап, таппайды бір тағат. Бұл не?» Оқушыларға бұл құпияның әуенін тыңдатыңыз. 1-2 оқушыға қораптағы сағаттың тықылын тыңдатыңыз. Бүкіл сыныппен «тық-тық» әуенін хормен айтқызуға болады. Оқушылар қорапта не бар екенін тапқаннан кейін сағатты көрсетіңіз және сағаттың не үшін қажет екенін сұраңыз. Сағаттың көмегімен уақытты өлшейді. Бұл сабақта бір күнгі уақытты ненің көмегімен дұрыс бөлуге болатыны туралы айтылатынын хабарлаңыз.

 

Әңгіме құрастыр. Оқушыларға бұдан әрі барлық іске үлгеру үшін уақытты бағалай біліп, уақыт құпиясын түсіну маңызды екенін хабарлаңыз. Уақыттың негізгі құпиясын білгісі келетіндігі туралы сұраңыз. Сынып қабырғасында шашыратып ілінген «Т, Ә, Р, Т, І, Б, І» әріптері, тақтада «КҮН» сөзі ілініп тұр. Оқушылардың сөзді жинап, хормен оқуын сұраңыз. Күн тәртібі туралы не білетінін сұраңыз. Оқулықтың 6-бетіндегі мәтінді оқыңыз. Оқушылар оқулықтың «Әңгіме құра» тапсырмасындағы суреттерге қарасын және Асланның күн тәртібі туралы әңгімелеп берсін.Орындап көр. Оқушылардан қайсысының күн тәртібін сақтайтынын сұраңыз. Күн тәртібі не үшін қажет екенін өз сөздерімен түсіндірсін. Тақырыпты бекіту үшін топта осы айдардың тапсырмасын орындатуға болады. Оқушылар бұл жерде өз күн тәртібін құрып көреді. А3 көлеміндегі парақтарды, күн тәртібінің кезеңдері бейнеленген суреттер жинағын топтарға таратып беріңіз. Таймер орнатыңыз. Белгі бойынша жұмысты аяқтап, барлық плакаттарды «сөйлейтін» қабырғаға бекітіп қойыңыз.

Оқушылар барлық плакаттарды қарап шықсын. Күн тәртібі сәттерінің орналасуында айырмашылық байқалса, сол топқа өз плакаттарын түсіндіруге және қорғауға сөз беріңіз. Жұмысты өз бетімен істеудің маңызды екенін естеріне салыңыз. Тайм-менеджмент сақтай отырып, бірлесе жұмыс істеу сабақтың тәрбиелік тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Оқушыларға уақытты құрметтеу қажетігін естеріне салыңыз. Оқушылар күн тәртібін сақтағанда барлық іске үлгеруге болатынын түсінуі қажет.

 

Кеңес бер. Оқулықтықтағы «Кеңес бер» тапсырмасының суретін қарауды ұсыныңыз. Сұрақтарды оқыңыз. Осындай жағдайды кімнің кезіктіргенін сұраңыз. Оқушылар жұпта балаларға осындай жағдайға тап болмас үшін қалай көмектесу қажеттігі туралы кеңес ойлап тапсын. 1-2 жұптың жауаптарын тыңдап, олардың жауаптарын «келісемін», «келіспеймін» деп белгілесін.

 

«Сен білесің бе?» айдарындағы мәтінді оқыңыз.

 

Менің демалыс күнім. Кейіпкердің сүйікті істері туралы «Нехочуха» мультфильмінен үзінді көрсетіңіз. Аптаның қай күндерінде аттракциондар паркіне, киноға баруға болатынын сұраңыз. Оқулықтағы «Менің демалыс күнім» тапсырмасын орындау үшін «Әңгіме құрастыр» тапсырмасындағы суреттерге тағы да қарап шығып, баланың күн тәртібінде не өзгеретіні туралы жауап беруін сұраңыз. Содан кейін бір-екі сөзбен өздері демалыста немен айналысатынын айтсын. Оқулықтағы демалыс күні туралы мәтінді оқыңыз.

Сабақтың қорытындысы

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

 

Сабақ қорытындысын шығарған кезде уақыттың ең басты құпиясы – күн тәртібін сақтау қажет екенін естеріне салыңыз. Барлық оқушыларды шеңбер құрып, күн тәртібі туралы қандай шешім қабылдағанын қысқаша айтып берсін. «Сөйлейтін қабырғаға» назар аудартып, «Біз тәртіпті қалаймыз, күн тәртібін сақтаймыз!» деген сөздерді хормен айтқызыңыз.

 

Оқушылар өз плакаттарында тірек сөздер жазылған үлестірме парақшаларды дұрыс ретпен орналастырып, оларды дауыстап айтады.

 

 Пәнаралық байланыс

 

Қосымша тапсырмалар

 

Жаратылыстану. «Кеңес бер» тапсырмасы «Адам» тарауымен байланысты.

Математика. Жұмыс дәптеріндегі «Менің күнім» тапсырмасында оқушылар ұйқыға, серуендеуге және т.б. қанша сағат жұмсалатынын есептейді.

 

 

 

Шығармашылық жұмыс жүргізуге тапсырма беріңіз. Бұл суретпен берілген фоторепортаж немесе күн тәртібі болуы мүмкін екенін айтыңыз. Жаза алатын оқушылар үшін тапсырманы жазбаша орындауға беруге болады.

 

 

 

 

Бағалау

 

Оқушылар

– күн тәртібі туралы айта алады;

– жұмыс және демалыс уақытын дұрыс бөле алады.

Оқушылар

– күн тәртібін құрастыруды үйренді;

– күн тәртібін сақтау маңыздылығын түсінді.

Бағалау үшін «Дұрыс жауабын таңда» тапсырмасын ұсыныңыз. Оқушылар сигнал белгісі түріндегі дөңгелектерді пайдаланып, жауаптардың дұрыстығын бағалайды: жауап мағынасы жағынан дұрыс болғанда дөңгелектің жасыл жағы, дұрыс емес болғанда қызыл жағы көрсетіледі.

Күн тәртібі тек балаларға ғана қажет. Мен күн тәртібін сақтаймын.

Демалыс күні күн тәртібін сақтау қажет емес. Сағат онға дейін ұйықтау қажет.

Демалыс күні – бұл ойнайтын және көңіл көтеретін күн.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниетану. 1 сынып. ҚМЖ "Күн тәртібі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Денсаулық сақтау мен нығайту шарттарының бірі– мүлтіксіз орындалатын күн тәртібі. Күн тәртібін сақтау кез-келген жұмысты анағұрлым жеңілдетеді, денсаулықты сақтау үшін адам ағзасының барлық мүмкіндіктерін көбірек қолдануға мүмкіндік береді. Күн тәртібі – бұл тәулік бойы қызмет пен демалыстың барлық түрлерін тиімді бөлу. Күн тәртібін сақтайтын адамдар көбірек іс тындырып,аз шаршайды. Күн тәртібі адамды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жауапкершілікке үйретеді. Бұған әйгілі адамдардың қызмет жетістіктері дәлел болады. Мысалы: қазақтың алғашқы теміржолшы-инженері Мұхаметжан Тынышбаев

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 409 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2018 1748
    • DOCX 371.4 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Галымбек Меруерт Галымбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Галымбек Меруерт Галымбеккызы
    Галымбек Меруерт Галымбеккызы
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7294
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 389 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 222 человека

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов

Мини-курс

Здоровый образ жизни и основы физической культуры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 382 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 297 человек