Инфоурок Начальные классы КонспектыМың алғыс, саған Әліппе!

Мың алғыс, саған Әліппе!

Скачать материал

Тақырыбы:  Мың  алғыс, саған  Әліппе!

Мақсаты: Оқушылардың әліппе  пәнін игеру  барысында  алған білімдерін  тиянақтау.Эстетикалық талғамдарын тереңдету.Оқуға,білімге деген  сүйіспеншілігін арттыру.Өзін-өзін басқаруы мен ана тілін,туған  жерін,Отанын  сүйіп,қастерлеуге  тәрбиелеу.

Түрі: Мерекелік ертеңгілік

Көрнекілігі:  ұлағатты сөздер: «Мың  алғыс,  саған  Әліппе!», «Білім кілті-Әліппе»,шаралар.

                                        Жүру  барысы:

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар! Алтын күзде  қоңырау үнімен алғашқы  білім сабағына  еңген  1 «а» сынып оқушылары бүгін бір  асудан асты.Алғашқы рет қолдарына ұстап әріп  таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

(ақсақал немересін жетектеп шығады)

Алпыста атай жетектеп. Келе жатыр көшеде:

-Қайда әлгі мектеп-деп.

Алпыс келеді сүрініп,алты келеді жүгіріп.

-Балам,балам жақсы бол!

Міне сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол теңтегім.

Немересі: -Менің қарыс маңдайым,

                  Балаң болам талапты.

                  Тәртіп сақтап әрдайым,

                 Жақсы оқимын сабақты.

Атасы: -Айтқанымды шырағым,

              Шығарма тек  санаңнан.

              Мектептегі мұғалім,

             Кем болмайды анаңнан.

Немересі: -Қыркүйекте келдім де,

                  Сыныпқа кірдім қуанып,

                  Қарсы алды  ұстаз  мейіріммен.

                  Қадамымды құп алып.

 1ж:-Білім нәрін алған балғын  бүлдіршіңдерімізді қошеметпен ортаға шақырайық!

Хор:

1ж:-Армысыздар  аналар!

      Бармысыздар балалар!

      Сөзіме  құлақ  салыңыз !

      Әліппеге арналмақ,

      Бүгінгі жыр – әніміз!

2ж:- Әліппені меңгеріп,

        Әріптерді таныған.

        Құтты болсын  тойымыз

        Біз білімді  балдырған.

1ж: -Жақсы білім көрімдік,

       Болсын сізге халайық!

        Не үйреніп, не білдік

        Кәне  ортаға  салайық!

1оқушы: -Бірінші қыркүйек

                 Келдім мен гүл алып,

                Алдымнан ұстазым

                Қарсы алды қуанып.

2оқушы: -Қуантып мені ағалар,

                  Шақыртты осы мектепке.

                  Қараңдар міне,балалар

                  Келмеппін мұнда  мен  текке.

3оқушы: -Мектебім қандай тамаша!

                  Жарқырап  тұр жаңаша.

                  Ұстаздарым білікті

                   Ақтаймыз біз үмітті.

4оқушы:-Ақыл,білім көп берер

                Анамдайсың  мектебім.

                Сенде  өсіп  көктеймін

                Сенсің өмір  көктемім.

«Аққу» биі.

1ж:-Аяулым, мен саған ертегі айтайын тыңдайсың ба?

2ж:-Әрине, Аяп құлағым сенде.

1ж:-Ерте,ерте, ертеде, Ерте ме, әлде бүгін бе?Жақын ба,әлде алыс па?Беймәлім бе,таныс па, Бір ел болыпты.Бұл елдің адамдары бір-бірімен көк байрақтың астында тату-тәтті өмір сүріп, өніп-өсіпті.Елді бір кемеңгерхан басқарыпты. Оның талабы осы өркендеп жатқан елде бірде-бір бала білімсіз болмауын талап етіпті.

2ж: -Аяп,бұл ертегің маған өте таныс....А-а таптым-таптым сен біздің еліміз Қазақстан туралы айтып тұрсың ғой я...

1ж:-Рас, бұл ертегі біздің ел тәуелсіз Қазақстан туралы.Біздәің еліміз үлкен жетістікке жетіп тез қарқынмен  дамып келе жатыр.

2ж:-Біздің 1 сынып оқушыларыда үлгілі тәртібі мен саналы білімі мен еліміздің өркендеп өсуіне өз үлестерін қосуда.

1ж:-Іші толы әріпке,

       Білімдегі жарық не?

Барлығы: Ол-сүйікті Әліппе!

2ж: Ендеше, ортаға Әліппені шақырайық!

-Әліппе,әліппе,әліппе!!!!!!!!

Әліппе шығады:

              -Армысыңдар  жас достар!

             Армысыздар  ата-аналар!

              Менің атым Әліппе,

              Болашаққа  жол бастар.

              Білім деген ғажаптың,

              Әліппесін меңгерген.

              Келешегі қазақтың,

              Басталады сендерден!

5оқушы: -Ең  алғаш қолға алғанда   Әліппені,

                  Қызығып қарай бердім әріптерді.

                  Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

                  Ұстазым маған кілтін алып берді.

6оқушы:-Әліппем менің Әліппем,

                Сені қолға алып мен.

                 Есігін аштым білімнің,

                 Ертеңгі сәуле жарықпен.

-Олай болса, сендерге сұрақ коямын,жауап бересіңдер ма?

1)-Алғашқы мектепті ашқан  және Әліппені жазған  кім?(Ыбырай атамыз)

2)-Ал алғаш Әліпбидің атасы кім?(Ахмет Байтұрсын ұлы)

8оқушы:-Алфавитті  біліңдер

                Онда жүйе қалып бар.

                 Біздің қазақ тілінде,42 әріп  бар.

Хор «Әліппе»

9оқушы.-«А»-дегенім ақыл

                 Ата-бабам айтқан.

                  Асыл сөзі қауым,

                  Бұрыңғыдан қалған.

10оқушы:-«Б»-дегенім  білім

                  Бізге төгер нұрын.

                  Байыпта де бәрін,

                 Білімді бол бәрін.

11оқушы: «Е»-дегенім ертегі,

                  Бізге сырын шертеді.

                  Еңбек,есті,ерлікті

                  Үлгі қылып ертеді.

12оқушы: «С»-дегенде  салмақты

                   Сабырлы бол  жан-жақты.

                   Сүйкімді бол  саялы  ,

                    Өзгелерге ардақты.

13оқушы: «Т» деген  төл есімім,

                    Туған жер,тал бесігім.

                     Тәуелсіз ел-Қазақстан,

                     Қыран бол, қалықтаған!

-Жарайсыңдар балалар! Мен сендерге дайындап әкелген жұмбақтарым  бар,шешіп көріндерші, бірақ тапқан сөзді буынға бөліп,дыбыстық талдау жасайсыңдар...     1.Бірін-бірі қоштаған,

                                 Бір үйден көрдім,  Қырық екі дос- жаран (42 әріп)

 

2.Білімнің дәнін  тереді,                        3.Өзім сөзден тұрмын,

   Балаға тәлім береді. (ұстаз)                Аяқталған ойды құрамын.(сөйлем)

4.Көзге танытқан,

  Сөзді дамытқан.

  Ойды кеңейткен,

  Озықтарға теңейткен.(мектеп)

- Жарайсыңдар  балалар!  Қанаттарын талмай,ешқашанда ерінбей, білім  нәрін  теріңдер.

 Ән «Мектебім»

-Құрметті оқушылар  өзіммен бастау алатын, өздеріңе  даңғыл  жол салатын жаңа достарың  Анатілің  ортаға  шақырайық! Ән «Мектебім»

Ана тілі: -Сәлематсыздар ма балалар!          (балалар амандасады)

-Мерекелеріңіз құтты болсын!Сендер барлық әріптерді  танып,оқи алатын болыпсыңдар.--Туған елдің тілімін,

                           Ақылымен танылам,

                           Түсіндірер бәріне,

                           Ана тілі мен болам.

                           Ана тілің-арың бұл,

                           Ұятың боп тұр бетте,

                           Өзге тілдің бәрін біл,

                            Өз тіліңді құрметте!

1ж: -Әліппе біздің білім есігін ашқаш алғаш оқулығымыз болса,Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.

Сахналық көрініс  ертегі «Түлкі мен қоян».

Ағылшын мұғалімі

2ж:-Ия...Осы сыныптың балалары нақтылық пен дәлдікті ұнататын математиканы сүйіп оқиды..

Математика: -Бар ғылымның  патшасы,

                           Менмін математика,

                           Қосып,азайт есепте,жаңылыспай тез сана.

                           Негізімді қалайтын,

                           Көмегімен санайтын.

                           Сенімді де сабырлы,

                           Он батырым бар менің.

-Кәне балалар есептеуді білеміз бе?.. (балаларға есеп беріледі,олар есептейді)

Ал,санамақ білесіңдер ме? (балалар  айтып  шығады)

-Жарайсыңдар!

Би «Чунга-чанга»  қыздар тобы

Әліппе:-Балалар, сендер оқуды,есеп шығаруды жақсы игердіңіздер, Мен сіздерге ризамын.Енді сендермен қоштасамын балалар!

Хор: -Таныстырған 42 әріппен

          Қош бол менің ең сүйікті әліппем!

          Сенің арқан оқи ,жаза білгенім,

          Сауатты адам қатарына кіргенім.

          Рақмет саған, Әліппе!!!!!!

Вальс биі, флешмоб биі.

1ж: Сүйікті әліппемізбен қоштаса отырып досымыздың құрметіне ән шырқайық!

Хор «Қош бол, құтты Әліппе!»

Мұғалім:   -Енді балаларыма , яғни    1-ші «А» сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығын толық курсын аяқтағаны үшін  құттықтау ашық хатын марапаттаймын!

2ж: -Бүгінгі мереке әр үйдің «Той басы» деп саналар.Оқушылардың  есімі әулеттерге таралар.

1ж: -Ырым етіп сондықтан тоймыздың соңында Ақ ниетпен баршаға тілек айтар  қонақтар.

Мұғалім:   -Оқитын,әрі жазатын,

                    Білімге қол созатын,

                    Оқушы болдың сауатты

                    Білімнің кілтін ашатын- дей келе, 

-Бүгінгі «Мың  алғыс,  саған  Әліппе!» атты ертеңгілігіміз аяқталды!

Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           1-ші «А»  сынып оқушысы  Кумискалиев  Айқынға

    «Әліппе» оқулығының толық курсын  аяқтаған үшін  беріледі.

                          

 

 

               Мектеп директоры:                              Турегалиева.А.З.

              Сынып жетекшісі:                                 Досалиева.М.А.

                                     2014-2015оқу жылы

 

 

 

                                                                                              

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мың алғыс, саған Әліппе!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы:  Мың  алғыс, саған  Әліппе!

Мақсаты: Оқушылардың әліппе  пәнін игеру  барысында  алған білімдерін  тиянақтау.Эстетикалық талғамдарын тереңдету.Оқуға,білімге деген  сүйіспеншілігін арттыру.Өзін-өзін басқаруы мен ана тілін,туған  жерін,Отанын  сүйіп,қастерлеуге  тәрбиелеу.

Түрі: Мерекелік ертеңгілік

Көрнекілігі:  ұлағатты сөздер: «Мың  алғыс,  саған  Әліппе!», «Білім кілті-Әліппе»,шаралар.

                                        Жүру  барысы:

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар! Алтын күзде  қоңырау үнімен алғашқы  білім сабағына  еңген  1 «а» сынып оқушылары бүгін бір  асудан асты.Алғашқы рет қолдарына ұстап әріп  таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

(ақсақал немересін жетектеп шығады)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 177 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2015 693
    • DOCX 22.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаримова Зульфия Ускенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаримова Зульфия Ускенбаевна
    Шаримова Зульфия Ускенбаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20060
    • Всего материалов: 29

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 394 человека из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 211 человек

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 295 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек