Инфоурок Другое Другие методич. материалыМузыка сабағында АКТ –ны қолданудың тиімділігі Оқу-әдістемелік құрал

Музыка сабағында АКТ –ны қолданудың тиімділігі Оқу-әдістемелік құрал

Скачать материал

Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектеп» комуналдық мемлекеттік мекемесі

                         

 

 

 

Музыка сабағында АКТ –ны қолданудың тиімділігі

 

Оқу-әдістемелік құрал

Нурпейсова Орынгул Сериковна

 

 

 

 

 

 

 


Семей 2016 ж

 

 

 

Алғы сөз

 Еліміздің саяси және экономикалық дамуына сай жасалып жатқан инновациялық тым қадамдар білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Білім және ғылым қызметкерлерінің съезінде Елбасының өзі қатысып ғылым мен білімді дамытудың түйінді мәселелеріне талдау жасауында білім беруді жетілдіру, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды толығымен пайдалану сияқты маңызды мәселелерді көтерді.

Мұғалімнің кәсіби дайындығы оның қоғамдық саяси, арнаулы және педогогикалық-психологиялық терең жан-жақты білімді болуымен анықталады. Білімді үнемі толықтырып отыру,өз пәніңді жан-жақты игеру қазіргі мұғалімге қойылатын басты да нақты талап.

Қазіргі таңда білім шарттары бойынша балаларға музыкалық білім  берудің мазмұны мен олардың музыкалық  дамуы арасындағы байланысын, музыкадан сабақ беруді жаңарту үрдісінің тиімді критерийлерін жасаудағы ұмтылыс оқушыларға музыкалық білім беру әдістемесінің интеграциясы мен бағдарламалар нұсқаларында ерекше өзекті мәселе болып отыр.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды әсемдік әлемге жетелеп оларға эстетикалық тәлім-тәрбие берудің бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады.

Мектептегі балаларға қазақ халқының бай мұралары, соның ішінде ғажайып әндері мен күйлерін, ата-бабамыздан келе жатқан көне ұлттық музыкалық аспаптар туралы кеңінен мағұлмат бере отырып, бала бойына сіңіре білу музыка жетекшісінің басты міндеттерінің бірі деп білемін. 

  Алайда,музыканы оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияның өзектілігі - баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді. Бүгінгі таңда адамзаттың ақпараттық мәдениетінің дамуы білім алуда өте маңызды рөл атқарады, оның себебі –оқушы-ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. Менің зерттеуім бойынша АКТ - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек.

Әдістемелік нұсқаудың құрылымдық ерекшелігі:

Әдістемелік нұсқауда ұлттық музыкалық аспаптар туралы мағұлматтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай ықшамдалып берілді. Бөлімдерде мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қаблетін қалыптастыруда оқу-тәрбие үрдісінде сирек қолданылатын және мүлдем қолданылмайтын қазақтың ұлттық саз аспаптары жайлы деректер ұсынылып отыр.

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты: балалардың ұлттық көне музыкалық аспаптар жайлы түсініктерін кеңінен дамыта отырып, алғашқы  ұлттық саз асапапта ойнауға үйрету.

Әдістемелік нұсқаудың міңдеті:

·        Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту.

·        Кіші топтарда балалардың ұрмалы және сілкімелі аспаптар: дауылпаз, шылдырмақ,тоқылдақ, қоңырау, сақпан,дабыл   аспаптарында ойнау қабілетін қалыптастыру.

·        Ересек және мектепке дейінгі даярлық топтарда ұрмалы және үрмелі аспаптардың түрлерін меңгерте отырып,ұлттық аспаптар ансамблін ұйымдастыру.

·        Аспапта орындау шеберлігін қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқаудың нәтижесі:

·        Музыкалық мәдени білімдері тереңдейді.

·        Өз халқаның музыкалық мұрасына эстетикалық ләззат ала біледі.

·        Балалар шығармаларды өздігінен орындауға үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Музыка-адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан да музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойналған әуенді сөзбен жектізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен қабылдайды.Өйткені"Музыка-жүрек тілі," яғни сезім,қобалжу көңіл-күйдің тілінен ұққан жөн.Музыка шынайы өнер,адамға зор әсер етіп,құдіреттің эмоциялық орасан зор күші арқылы эстетикалық талғамын оятады.

Музыканы тыңдау арқылы балаларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады.Музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы балалардың ой-өрісін, сезімін,киімін,талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.

Балабақшадағы балаларға берілетін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары бойынша, яғни музыкада-дыбыс, суретте-бояу, тіл дамытуда-сөз арқылы жасалынған. Көркем бейнелер негізінде баланың дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығымен әсемдікті сезіну қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Музыка сабағында балаларды музыка өнеріне баулу, олардың әсем сезімдерінің тәрбиеленуіне көз қарастары мен сенімдерінің қалыптасуына себебін тигізеді.

    Балабақшада  іс - әрекет ретінде  музыка сабағы біріншіден өнер сабағы деп аталады.Музыка сабағында балалар ән салу саз аспаптарында ойнау, музыка тыңдау тәрізді іс-әрекетпен айналысады.Музыка сабағының өзіндік ерекшеліктері бар. Сонымен қатар мектеп пәні ретінде басқа сабақтармен ұқсастығы да бар.

 біріншіден, оқыту жоспарына кіретін бүкіл пәндерді жалпы міңдет біріктіреді: жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

екіншіден, кез келген балабақшада оқу іс-әрекет, мектептік сабақтың құрылуы негізінде психолог-педогогикалық заңдылықтар жатыр. Мысалы:  балалардың  жас  ерекшеліктері  ескеріледі.

 үшіншіден, балабақшада, мектепте оқыту процесі жалпы дидактикалық принциптердің негізінде құрылады. Басқа бір пәнді оқытуда сияқты музыка сабағына тән принциптері: тәрбиелеп оқыту,жүйелілік, көрнекілік, жаңа технологияны пайдалану және т.б.

        Жетекші балаларға білім беріп қана қоймай, сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Музыка сабағында әрбір іс-әрекеттерді өткізу барысында,мұғалім оның не үшін қажет екенін айқын сезініп берілетін тапсырманың қандай маңызы бар екендігіне есеп беруі тиіс.

Адам баласы талантты, не талантсыз болып тумайды.Ол іздену, ұқсау еңбектену қасиеттерді миға ендіру арқылы музыка үнінің көмегімен "мен білемін"деген сөзді кіргізу арқылы жетістікке жете алады.Талант иесі ішкі жан тілін сезімге бойлайды. Ал сезім еңбекке дағдылайды. Еңбек талантқа ұштайды. Нәтиже деген не? Ол еңбектің сонғы көрсеткіші.Аспаптарда ойнау, ән айту, жаттау еңбек нәтижесі.Ал оны үйрету-педогогика ғылымы.Оған Қорқыт, Баласұғын,Асанқайғы, Бұхар, Абылай, Абай,Құрманғазы, Махамбет, Ақансері, Біржансал, Мұхит, А.Жұбанов,Н. Тілендиев секілді атақты күйші,әнші, жыршы ағаларымыздың еңбектерін жатқызуға болады.

Сырт көзге көрне бермейтін мәні зор ұлттық аспаптарымызда қалыптасқан тәрбие үлгісі, адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратын, оның ұлттық музыка өнерінен таралған тәрбие-білімнің қайнаған бұлағына сарқылмас қазынасына, дәстүр табиғатына қазақ діліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіс.

Музыка сабағында музыкалық іс-әрекетерді АКТ мен байланыстыра жүргізу жолдары тиімді әдіс-тәсілдердің бірі болып келеді.Болашақ ұрпаққа музыка сабағында инновациялық әдістер арқылы ұлттық тәлім тәрбие беруде тиімді ізденістермен әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педогогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаз,музыка жетекшісінің міңдеті екені сөзсіз.

Сондықтан мектеп жасындағы балаларға жеткізуде жаңа технодогияларды қолданып,қызығушылықтарын оята білсек,нұр үстіне нұр емес пе?..

Қазақтың музыкасы қалыптасып жеткен тәрбие көзі-жас бүлдіршіндерді өз Отанының азаматы болуға баулып, оның ұлттық көз қарасымен санасын оята отырып,  эстетикалық әсемділікке жетелейді.

Музыкалық тәрбие

   МУЗЫКА – эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі. Ол адамның өзін-өзі тануына көмектесетін, бір мақсатқа бағыттай алатын, олардың эмоциялық сезіміне ерекше әсер ететін құдіретті күш. Мектепке келгеннен бастап, ұлттық ән-күйімізді тыңдап қана қоймай, орындап үйрену арқылы оқушының бойында ұлттық сезім қалыптаса бастайды. Музыкалық тәрбиенің адамзатқа тигізетін пайдасының зор екенін оқушының санасына сіңіре білу – ол мұғалімнің көптеген жылдардағы ізденісінің, шеберлігінің нәтижесі. Тек қана дәстүрлі ән айту, музыка тыңдату арқылы оқушының бойындағы музыкалық қабілетті дамыта алмаймыз. Заман талабына сай сабаққа жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер енгізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята аламыз.                                                                                                                                              Сондай жаңалықтың бірі – «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы. Бұл технологияның 3 негізі арқылы (қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңі) өздігінен барлық мәселелерді шеше алатын жеке тұлғаны қалыптастыра аламыз.                                                                   Жаңа технологияны меңгеру – интеллектуалдық, кәсіби шеберлігін, рухани, азаматтық және басқа да адами тұлғасына, келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. ОТО технологиясын оқып үйрену арқылы осы жобаның жалпы философиясын түсініп, өз сабақтарымда әдіс-тәсілдерін қолдана бастадым. Әрине, музыка сабағына байланыстыру үшін көп ізденуге тура келді. «Кубизм», «Ішіне-сыртына», «Венн диаграммасы» , «Б. Блумның сұрақ қою өлшемінің 6 сатысы», семантикалық карта, тірек сигналдары, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақтардың тақырыбына, оқушының жас ерекшеліктеріне қарай тиімді қолдану арқылы олардың шығармашылықтарын дамытып отырамын. Сонымен бірге көп жылғы іс-тәжірибелерімнің нәтижесінде музыкалық-дидактикалық ойындарды сабақтарда тиімді пайдалану арқылы оқушылардың музыкалық сауаттылығын жетілдіруге күш саламын. Мысалы, «Қай құс шырқайды?», «Саржайлау», «Ақсүйек», «Кімнің дауысы?», «Қай аспаптың дауысы» сияқты ойындар арқылы оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі әдіс-тәсілдерді топқа бөліп, алдыма қойған мақсатыма жетемін.                                                                                                                        Музыка сабағында жаңа ақпарат құралдарын пайдалану арқылы көп жетістіктерге жетуге болады. Қазіргі таңда облыс мектептері интерактивті тақталармен қамтамасыз етілуде. Келешекте осы интерактивті тақталарға музыка пәніне толыққанды пайдалану үшін халықтық музыка элементтері енгізілсе дұрыс болар еді. Қазақ халқының әндері мен күйлерін жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша тыңдату арқылы ұлттық музыканы санасына сіңіре аламыз. Сондай-ақ қолда бар «Елім-ай» бағдарламасы бойынша берілген электронды оқулығы бойынша оқушыларға дәстүрлі халық музыкасынан және аспаптық, вокалдық, кәсіби музыкадан көп мағлұматтар беріп, музыкалық шығармаларды тыңдата аламыз. Бірақ бұл бағдарлама білім стандартына кірмегендіктен оны толыққанды пацдалану мүмкін болмай отыр. Электронды оқулық арқылы оқушы өз бетінше оқып үйренуіне мүмкіндік туады. Музыка пәні мұғалімі уақыт талабына сай жаңа ағымдағы өзгерістерді үнемі бақылап, жаңа технологияның әдіс-тәсілдерімен қаруланып отыруы керек десек, келешекте «Атамұра» бағдарламасы бойынша да электронды оқулық шығарылып, қолданысқа енсе, нұр үстіне нұр!                                                                                                                                           Қазіргі технологияларды қолдану дегеніміз – келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау. Мектеп оқушыларына музыкалық білім мен тәрбие беруді тек музыка сабағында ғана шектеліп коймай, қабілеттеріне қарай шығармашылықтарын дамытып отыру – пән мұғалімдерінің басты міндеті болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қосымша үйірме жұмыстары арқылы дамытып отыру музыкалық тәрбие жұмысында өз жемісін береді. Балалардың әндері оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады. Ән-әуен арқылы дүниені танып білу – адам, табиғат, қоғам арасындағы байланыс, осылардың барлығы ән арқылы, музыка арқылы балалардың сана-сезімдері тез қабылдап, ой-өрісінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Осы жұмыстардың нәтижесінде шығармашыл мұғалім өз ойын ашық айта алатын, дамушы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Шығармашыл әрекетте мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін көрсете отырып, жаңашылдық тұрғысынан өзгерістер жасауға мүмкіндік алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   I бөлім

Жалпы түсінік

Қазақстан  Республикасының  Президенті   Н.Ә.Назарбаевтың жарқын болашаққа  айқара жол ашқан «Қазақстан-2050»  стратегиясында: «ХХІ- ғасыр білім мен ғылым ғасыры, инновациялық технологияның, электронды-ақпараттық техниканың шырқау көкке самғайтын дәуірі. Сондықтан жастарды бұрынғыша оқыту жеткіліксіз»,-деген болатын. Қазіргі заман талабына орай, ұрпақты парасатты да білікті , мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеу, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық  намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартуымыз керек.

Бүгін кез келген мұғалім қайда жұмыс жасайтынына, қандай пәнді жүргізетініне қарамастан, ол интерактивті технологияларды пайдалану саласында құзыретті болуы қажет. Шынында да, интерактивті технологиялар ақпаратты ұсыну, мұғалімнің жұмысын жеңілдететін құрал ғана емес, сондай-ақ кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін бүкіл білім беру үрдісін өзгерту құралы болып табылады.

Оқушының білімін толық жетілдіріп, болашақтың ойы ұшқыр азаматтарын тәрбиелеп жеткіземіз десек, олардың санасына жаңа технологиялық ақпарат құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет.

Мектептегі білім беруді ақпараттандыру – бұл заман талабы, ғасыр ағымы. Ұрпағымыздың кемеңгерлікке ұласқан ақыл-ойының, парасат – пайымының және жаңа арнада өріс алған мәдениетінің асқар шыңы болып табылады .

Білім беруді жаңарту, 12 жылдық білім беруге көшу - бұл барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзіретті тұлғаны қалыптастыру және дамыту» болып табылады. Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар педогог қызметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі таңда барлық  мұғалімдердің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технология ерекше орын алады.

Қазіргі таңда жалпы білім беру кешендерінде музыка сабағын жоғарғы дәрежеде өткізу көзделіп отыр. Музыка пәні – шығармашылық пән. Оған көптеген ізденіс, шығармашылық, іскерлік, тапқырлық өте қажет. 
Осы күнге дейінгі музыка бағдарламалары әртүрлі құрылымда , түрлі авторлардан туындалып жатса да, барлығының да мақсаты халқымыздың және де басқа ұлт-халық өкілдерінің байырғы сазын терең мазмұнда кейінгі ұрпаққа жеткізу, насихаттау болып табылады. Сондықтанда музыка пәні мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі, ата-аналар зор үміт артады. Жас өспірім бойына музыкалық білімді игерту - пәндегі сабақ жоспары құрылымы бойынша болғанымен жеке дара табиғи дарынды оқушылармен жұмыс аспаптық үйірмелер арқылы дамитыны бізге мәлім. Сол орайда музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейде болу керек деп ойлаймын. Ал ол үшін пән мұғалімі қазіргі таңда қолданысқа берілген жаңа технология әдіс-тәсілдерін, түрлі бағдарламалар элементтерін дұрыс және ұтымды қолдануы қажет.

Мен ең алдымен музыка шығармашылық, өнер сабағы екенін үнемі жадымда  ұстап, берілген тақырып мазмұнын барымша шеберлікпен ашып көрсетіп, ауыл балаларының бойына музыкалық білімді құнарлы сіңдіру басты мақсатым деп білемін. Сондықтан  мен «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» әдісін өз тәжірибемде кеңінен қолданып келемін. 
Мен сабақ беру барысында  жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы  сабақ қарқынын  жеделдетіп, жеке тұлғамен және топпен  жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқыту мүмкіндігіне қол жеткіздім. Онда сабақты тиімді өткізуге, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, әрбір оқушының өз беттерінше ізденіп білім алуларына көмектестім. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және   білім жетістіктерін жақсартуына ықпал етті.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану оқушылардың өздігінен іздену жəне зерттеу жұмыстарында, бос уақыттарында жəне қарым-қатынаста цифрлық технологияларды сенімді жəне шығармашылықпен қолдана білуге үйретті.

Музыка сабағында  АКТ-ны қолдану дағдылары ақпарат іздеу, алмасу жəне онымен жұмыс жасау, идеяларды жинау, өз жұмысын бағалау алуан түрлі жабдықтар мен бағдарламалық қосымшаларды пайдалану арқылы дамытады.

Жаңа заманғы технологияларды арнайы курстарда оқып, үйрену арқылы  жаңа қолданбалы компьютерлік  технологияларды меңгеріп,   АКТ нота (Finale 2011, Overture, Sibelius6,7)  программасымен жұмыс жасауды үйрендім. Бұл музыкалық-редакторлық программаларды  Smart құрылғылары арқылы мультимедия кабинетінде сабақтарда  пайдаландым.

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. 
Мысалы жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім:

- музыка шығару жəне суырыпсалу музыкалық-шығармашылық жұмыс

кезінде виртуалды музыкалық аспаптарды қолдану;

- ғаламтор дерекқордан ақпарат іздеу, табу, өңдеу жəне таңдау (мысалы, оқушылар веб-сайтқа кіріп, мəліметтер оқиды, іздейді, керекті мəліметтерді таңдайды, көшіреді жəне оны сақтайды);

- слайдтік презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, нақты аудиторияға көрсету жəне қойылған мақсатқа жету үшін, түрлі дерекқордан материалдарды жинақтау;

- виртуальды ортада оқытуды, электронды байланысты пайдалану арқылы басқа оқушылармен ақпарат алмасу, қатынасу жəне ынтымақтасу;

- белсенді оқытуға техникалық қолдау жасау үшін интерактивті тақтаны  пайдалану.

Əртүрлі ақпараттық құралдарды пайдалана отырып жəне өз ойын сауатты жеткізу   оқыту үдерісінде оқушыларға сыныптастарымен,  көпшілікпен ауызша жəне жазбаша қарым-қатынасқа түсуіне оқушылардың назарын аударуға тырыстым.

Музыка мен бейнелеу өнерін біріктіретін бұл олардың əрқайсысы белгілі

бір коммуникацияның құралы болып табылады. Музыкадағы коммуникация музыкалық дыбыс арқылы жүзеге асырылады, ал бейнелеу өнерінде визуалды жəне тактильді болып табылады. Осы байланысты пайдалану

музыка сабақтарына деген қызығушылықты, назар жəне ойлау қызметін жандандыруға, бекітілген оқу материалдарын тиімді меңгеруге, қабылдауға,сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Музыка сабағының ресурстары өнер сабағы үшін қажетті белгілі бір эмоциялық кеңістікті жасауға мүмкіндік тудырады. Музыка сабағын сәтті өткізу сапасы мен заманауи дайындығына және ресурстарды тиімді қолдана білуге байланысты.

Музыка сабағының ресурстарына төмендегілер кіреді:

Музыкалық аспаптар – фортепиано, баян,  домбыра музыканың «тірі» дыбысын естуге мүмкіндік жасайды, бұл сыныпта эмоциялық кеңістік тудырып, мұғалімге шығарманың жекелеген бөліктерін қайталауға және басына қайта оралуға мүмкіндік береді.

- Оқутыдың техникалық құралдары: техникалық құрылғылар (аппаратура) және музыкалық шығарманы ойнауға көмектесетін оқытудың дидактикалық құралдары (ақпарат тасымалдаушылар). Аудиожүйелер (СD - ROM)  мен видеоаппаратуралар (CD -DVD) оқушыларға музыкалық шығармалармен түрлі орындауларда (оркестр, хор, ансамбль) танысуға, түрлі музыкалық аспаптардың дыбысталуы туралы және адам дауысының мәнерлілігі турасында түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Сабақ үстінде магнитофонның болуы әндердің орындалуына, балалардың суырып салмалығына, көңіл қоюға мүмкіндік береді, оқушылардың өз орындауларын тыңдауларына және бағалауларына жағдай жасайды. Заманауи компьютерді мультимедиялық жобалаушы аппараттармен байланыста қолдану іс жүзінде барлық дәстүрлі ТСО-ның орнын баса алады.

- музыкалық ресурстар  балалардың  музыкалық есту қабілетін, әндерді нота бойынша меңгеру дағдысын дамытуға, ән репертауарларын анағұрлым тез үйренуге мүмкіндік жасайды.

- Интерактивті тақта (компьютер және проектормен бірге) жаңа білім көзі ретінде және музыкалық оқу материалдарын қабылдау мен меңгеру үшін қажет көру мен естуге қажетті құрал ретінде; көрнекілік, қайталау, қорыту және білімді жүйелеудің құралы ретінде пайдаланылады. Музыка сабақтарында құрылғыны тиімді қолдана білу музыкалық тәрбиелеудегі міндеттердің шешімін табуға мүмкіндік жасайды.

Музыка сабақтарының барысы сабақ құрылымының негізгі кезеңдерін, теориялық және музыкалық материалдардың реттілігін көрсете отырып, оқушыларға берілетін сұрақтар мен тапсырмаларды қамтиды.

ХХІ ғасырдағы ауыл мектебінің мақсаты- оқушылардың жауапкершілігін жоғарылату, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді,шығармашыл, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру болып табылады

 

1-кесте. Салыстырмалы кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II бөләм

 

 

 

                  

 

 

 

                     

 

 

 

                   

Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:

 

 

                           

 

 

 

 

 

Мұғалімнің электронды оқулықты пайдалану сызбасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

                                Музыка сабағында АКТ қолдану.

Біздің мектепте интерактивті тақта мен «ACTIV STUDIO» бағдарламасын қолдана отырып сабақтар сәтті өткізілуде.

     «Қазақтың музыкалық аспаптары» тақырыбы бойынша 5 сыныпта өткізілген сабақтың жоспарын мысалға келтірейік (негізгі сәттері). Сабаққа деген жағымды көзқарасы негізгі белсендендіруші кезең болып табылады. Сондықтан да біз сабақты айқын безендірілген презентациядан бастаймыз, осыдан кейін балалар төрт шумақ өлеңдерін оқиды және күй ойнайды.

§       1-ші слайдсабақтың тақырыбы, бейнероликті көрсету, мұнда қазақ халық аспаптары оркесті Құрманғазының «Сары-арқа» күйін орындайды;

§       2-ші слайдҚұрманғазының портреті, композитор және «Сары-арқа» күйі туралы қысқаша ақпарат; бейнероликті негізге ала отырып сабақтың мақсатын анықтау және тұжырымдау;

§       «ACTIV STUDIO» бағдарламасымен жұмыс: оқушылар «дыбыс» белгілерін қолдана отырып өздеріне таныс музыкалық аспаптардың атауларын табады, «прожектор» эффектісін қолдана отырып осы аспаптың дыбысын тыңдайды, жаңа, таныс емес музыкалық аспаптармен танысады;

§      өткен материалды бекіте отырып, барлық ұсынылған музыкалық аспаптарды сынып бойынша жүйелейді: ішекті, үрмелі, соқпалы, «тасымалдау» тәсілін қолдана отырып;

§      сабақтың соңында «шторка» эффектісін қолдана отырып оқушылар әрбір аспаптың атауын таңдайды.

Музыка сабағында дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалануға болады: электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары, қазіргі мультимедиа-энциклопедиялар, сөздіктер, оқыту элементтері бар ойындар; CD-дисктер топтамасы, «Караоке» бағдарламасы бар музыкалық дисктер.     Компьютерлік дисктерде берілген ақпарат музыкалық аспаптар мұражайына виртуалды саяхаттар жасауға, музыкадағы әртүрлі стильдермен және бағыттармен, әлемнің үздік орындаушыларымен таныса отырып мемлекеттерге және дәуірлерге саяхаттауға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияларды енгізу аспаптарының біріне Power Point бағдарламасы кіреді, оны музыка пәнін оқытуда шығармашылық және өнімді түрде қолдануға болады, ол пәнді оқуға деген қызығушылықты арттырады.  «Жұмбақ дыбыстар әлемінде» тақырыбы бойынша 1-ші сыныпта өткізілген сабақ жоспарын мысал ретінде келтіреміз.

 

Сабақ құрылымы

Сабақ барысы

Жабдықтау

Ұйымдастырушылық кезең

Музыкалық сәлемдесу

Презентация

Оқушылардың танымдық қызметін белсендендіру

Бүгін біз дыбыстардың сиқырлы әлеміне саяхаттаймыз. Бұл әлемді қолмен ұстау, үстелдің үстіне қою, тіпті микроскоппен қараудың өзі мүмкін емес. Дыбыстар барлық жерде және де әрқашан болады: олар әрдайым бізді қоршап тұрады. Барлығы сыбдырлайды, шуылдайды, сылдырлайды, бүлкілдейді, сықырлайды, яғни дыбыс шығарады. Оқушы өлең жолдарын оқиды:

Бізді әртүрлі дыбыстар қоршауда, Қазір тып-тыныш болса да.

 Ерте, ерте таңертеңгісін айнала, Бірақ сен тыңдашы: дыбысқа толы.

                                                     

«Шулы дыбыстар» презентациясы. Сабақ барысында слайдтар көрсету

Жаңа материалмен жұмыс: диалог; әңгімелесу; музыкалық сауаттылық; «f» және «p» бойынша әндетіп орындау; физминутка; карточкаларды қолдана отырып ойын тапсырмасы – «Аю», «Құс» суреті (дыбыстарды әртүрлі регистрлерде тыңдау; ұсынылған картиналардың тембрлік дыбыстық реңкін тыңдау) ритмикалық қозғалыстары бар ән

– Сіздер дыбыстың – өмірдегі айқын құбылыстардың бірі екендігіне ойланып көрдіңіздер ме? Әр дыбыстың өзіндік бейнесі бар және де айналаңда не болып жатқандығын көзіңді жұмып тұрып-ақ білуге болады. Бізге қандай дыбыстар таныс екендігін және олардың бізге нені хабарлайтындығын еске түсірейік. Балалар дыбыстарды атайды (сыбдыр, шуыл, сылдыр, сықыр және т. б.) Көптеген дыбыстар бізге балалық шақтан таныс, біз олардың кейбірін қиындықсыз анықтай аламыз және де ол дыбыстарды қиялымызда елестете аламыз. Көздеріңізді жұмып, ағаштың бұтағы қалай сықырлайтындығын, аяғыңыздың астындағы лай судың шылпылдауын, аяқтың астындағы жапырақтардың сыбдырын естуге тырысыңыз. Шындығында да дыбыстар қандай әрқилы?

 

 

Ерте заманда музыканы осылай жазған. Тек 400 жыл бұрын ғана Италияда нотаны ойлап тапқан. Осы ноталардың барлығы біріге отырып дыбыстық қатарды түзеді. (7). Ноталар нота станында немесе нота тасымалдаушыға жазылады. Нота тасымалдаушыны скрипка кілті ашады. Нота жолының 5 сызығын біз «нота станы» деп атадық. Және де осындағы нота-нүктелер орнына орналасқан. Нота станына скрипка кілті керек. үйдің іргетасы – «ДО» нотасы. Ол құрылыста өмір сүреді, оның алғашқы пәтері – бүкіл құрылыстың басы. «РЕ» нотасы, ах, «РЕ» нотасының көтерілгісі келмейді. Керісінше ақырын «ДО» нотасының жанына жайғасты. 1-ші қабатта, № 3 жылы пәтердегі бүкіл отбасыдан – онда тек қана «МИ» тұрады. Айтшы, «ФА» нотасы «МИ» нотасымен сол жерде тұра ма. Ал «ЛЯ» ше, барлығың қараңдар, кенет лифтіде қалып қалды. Ол «Соль» нотасынан кейінгі. «СИ» нотасы жүгін алып 3-ші қабатты таңдады. Ал енді бәріміз тексерейік: барлық ноталар орнында ма екен? ДО, РЕ, МИ, ФА, СОЛЬ, ЛЯ, СИ. – Кім жоқ? – сұрашы. Барлығы бірге орнында, бәрін кезек-кезегімен әндетейік.   – Ал енді біздің ноталарымыздың дыбыстарымен танысайық. Ноталарды атай отырып, дыбыстық қатарды орындайды.

Дыбыстық қатардың суреті бар слайд; скрипка кілтінің, ноталардың суреттері бар слайд

 

Әндету 3–5 минутқа созыладыБірінші сынып оқушысының дауысы барынша қатты шығатын диапазон шағын: ми1 – соль1, фа1 – ля1: жеңіл қысқа әндету, мысалы, ІІІ кезеңнен І кезеңге дейін «ана» сөзін төменгі дауыспен әндету (ІІІІІІана); 

Интерактивті тақтамен жұмыс

Орындарыңа тұрыңдар. Бәріміз бірге ақырын көтерілеміз, Себебі бәріміз кішкене шаршадық. Алақанымызды шапалақтаймыз – Бір, екі, үш! Аяқтарымызды тебінеміз – Бір, екі, үші! Пысылдаймыз, демаламыз. Отырамыз, тұрамыз, отырамыз, тұрамыз. Ал қазір балалар тікұшақпен ұшамыз (аяқтың ұшымен тұрады). Қолды көтереміз, қайта түсіреміз, Аяқтың ұшын көтереміз. Бір, екі, үш, төрт – Міне, тікұшақ ұшып барады! (Қолымызды жанымызға қойып, аяқтың ұшымен көтерілеміз) Үш, төрт – жерге қон! (Тізерлейді де өз орындарына отырады)

 

Баяғыда үш аю өмір сүріпті... (мұғалім үш аю туралы ертегіні айтады және аюлардың әкесіМихайл Потаповичті (төменгі регистрлі дыбыстар шығарылады), анасынНастасья петровнаны (орта регистрлі дыбыстар) сипаттайды) – Сіздер қандай дыбыстарды тыңдадыңыздар? – Сіздер бұл дыбыстарды қандай сөздермен сипаттайсыздар?

Ертегі слайдтарын көрсету (сәйкес белгіні басқанда аюдың, құстың «дауысын» есту мүмкіндігімен)

Қозғалыстарды көрсете отырып «Күлкілі адам» әнін жаттау (үйдің шатыры, пропеллер және т. б.)

 

Сабақтың қорытындысы

Сіздер сабақта қандай жаңа нәрсені білдіңдер? Сізге дыбыстар әлеміне саяхаттау ұнады ма?

 

Үй тапсырмасы

Сендер үйде жалғыз қалғанда бірнеше минуттар бойы бөлмедегі, дәліздегі, көшедегі шуылдар мен дыбыстарды тыңдаңдар. Әлем дыбыстарға толы, және олар дербес өмір сүреді. Олардың көңіл-күйіне, ерекшелігіне назар аударыңдар

 

.Музыка сабақтарында АКТ-ны қолдану тиімділігін мына кестеден көрнекі түрде көруге болады:

 

Зерттеу көрсеткіштері

Бақылау тобы 5 «Г» сынып

Сараптамалық топ 5 «Б» сынып

Танымдық белсенділігі

42 %

78 %

Шығармашылық қызметі

30 %

58 %

Оқу материалын меңгеру сапасы

65 %

87 %

Осылайша, ақпараттық технологиялар музыка мұғалімі жұмысының әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын сапалы түрде өзгертуге, оқушыдардың жеке қабілеттерін дамытуға, оқыту барысындағы пәнаралық байланыстарды нығайтуға, оқу үдерісін ұйымдастыруды үнемі қарқынды түрде жаңғыртып отыруға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. 

 

Тағы бір мысал ретінде мына бір сабакты ұсынамын:

 

Ұзақмерзімді  жоспар  1 бөлімі:

Қазақ халқының музыкалықмұрасы.

 

Мектеп: « № 27 ЖОББМ» КММ

 

Күні:

Сабақ:

 

6

МұғалімніңНурпейсова О.С

 

Сынып:

5 «А»

Қатысқандарсаны:

Қатыспағандарсаны:

Сабақтыңтақырыбы:

Күйқұдіреті

Осысабаққақұрылғаноқытумақсаты

 (оқубағдарламасыныңсілтемесі)

5.1.1.1 - музыканыңтүрін, стиліменжанрын, музыкалықкөркемдеушіқұралдардыанықтау, тыңдалғаншығарманыталдау.

Сабақтыңмақсаты

Домбырадыбысыарқылытәсілдердіталдау;

Естутәсілдеріарқылыдомбырада "төкпе"және "шертпе" дыбыстарынжаңғыртуарқылыанықтау;

Audacityпрограммасындажұмысжасау;

Өзгелердіңжұмысынбағалау.

Бағалаукритерийлері

Оқушымақсатынажетті, егер:

Төкпежәнешертпестилінбіледі;

Күйгетолықтүсіндірмебереді;

Токпежәнешертпеайырмашылығынанықтайды;

Менталді картаның құрылысын қолданады.

 

Интепретация құрады;

 Audacity бағдарламасында күй интерпритациясын орындайды;

Күйде әр түрлі әсерлер қолданады.

 

Тілдікмақсаты

Диологхаттарүшінпайдаланылатынсөзтіркестерініңсериясы

айтыс, қыз бен жігіт айтысы; 

-күй- төкпе, шертпе;

-стиль, жанр, лад, интонация, музыкалық көркемдеуші құралдар;

-импровизация, өңдеу, композиция;

-екпін, ырғақ;

-сүйемелдеу, ансамбль

Талқылауға арналған  сұрақтар:

•          Біз Біржан мен Сараның айтысын таңдадық, себебі ол….(айтыстың стильін, жанрын, орындаушылық әдісін) анықтауға көмектеседі.

•          Біз күй тарихын зерттедік, ол күйдің ....(шертпе, төкпе) әдістерін білуге көмектеседі.

Құндылықтардыдарыту

Жалпығабірдейеңбекқоғамы

ЖаҺандықазаматтыққатәрбиелеу

Бұлбөлімдежаһандықәсеріменмузыкалықоқиғалардытыңдапқарастыру.  Сыныпоқушысы музыкаға шолу арқылы бағдарламаны қамтамасыз етеді  және қоя отырып,пайдалана атқарады.

АКТ қолданудағдылары

Видио архив тамашалау

Пәнаралықбайланыстар

Кіріктірілгенпәнаралықбайланысыинформатикаментарихпен, әдебиетпенбайқалады..

Бастапқы білім

 

Куйдің не екеніноқушыларалдын-ала біледі.

     Сабақ   барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтыңжоспарланғаніс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтынбасы

 

                5м

 

Тарткүйіңді, домбыра!

Төгіл, төгілтәтгікүй,

Таусуындайсылдыра,

Желпін, желпінжелсоқтыр!

Таудатұмантұрмасын,

Көктебұлтыдыра!

Сабақбасындаоқушылардыңназарынжинақтау:

ДаулеткерейменКурмангазыбейнеленгенүлестірмелердіберуарқылыоқушылардытоптарғабөлу.

Курманғазыбейнеленгенүлестірмебойыншадомбырадаойнауарқылы«Төкпе»

түрінзерттейді

Дәулеткерейбейнеленгенүлестірмебойыншадомбырадаойнауарқылы «Шертпе»түрінзерттейді. 

Тапсырма : Постер құрастыру.

Төкпе және шертпе түрлерінің домбырада орындалуының әртүрлі тәсілдерін зерттеңіз. Төкпе және шерпе күйлерінің қандай ерекшеліктері бар деген сұраққа жауап беріңіз? Заманауи оранжировкада және де домбырада Құрманғазының «Адай » күйінін орындалуын тыңдаңыз? Мына сұраққа жауап беріңіз...қандай айырмашылығы, ұқсастығы бар?

Тапсырма хабарламаны табу.Мәтімен жұмыс.

Бағалау  критерилері :

Қазақтың төкпе және шертпе стилін біледі;

  Интепретация қоюға толық сипат береді;

 төкпе и шертпе айырмашылықтарын анықтайды.

Домбрада қазақтың "төкпе" стилін ойнауда ақпаратты жұмыс жасау арқылы зерттейді.

Мәслелерін орындау: 

 «Төкпе» стиліне толық мағлұмат беріңіз;

 «Төкпе»стиліндегі күйді орындаушы кім?

 «Төкпе»стилінің ерекшелігі неде?

  «Шертпе» стилі домбрада ойнауда зерттеледі ме

 «Шертпе» стиліне толық мағлұмат беріңіз;

«Шертпе»стиліндегі күйді орындаған кім ?

«Шертпе»стилінің ерекшелігі неде?

Оқушыларға арналған ақпарат:

Күйші -сөзбе -сөз дегенді білдіреді"орындаушы күйлер" Күйді-домбырада ойнайтын қазақ халқының инсрументальдік пьеса. Күй- бұл көп жылғы халық шығармашылығы, табиғат көріністерін музыкалық нысанында көрсетеді Кейбір күйлер аттың шабысын, құстың ұшуын,жыланның жорғалаған т.б.беріледі. Оларды  күйші орындайды, сондай-ақ жыршы  мен ақында. Күй жергілікті стилі бар,  дауыс ырғағында әуен түрлері, құралдары, орындаушылық техникасы көрсетіледі. Үздік үлгілерімен күйлер Батыс Қазақстан шығармашылығы аса көрнекті композиторлары-күйші Құрманғазы, Ахмедьярова және Дәулеткерей, Шығыс және Солтүстік Қазақстан — Тәттімбет және Ағашаяқ, Оңтүстік — Ықлас , Сүгір, Байсерке және т. Б.  Қазіргі заманғы композиторлары-күйші Д. Нұрпейісова, М. Ержанов, Ж. Каламбаев, А. Шингожаев және т. б..Домбра мәдениетінде екі жетекшілік аспаптық дәстүр қалыптасқан:батыс-қазақстандық төкпе және шығыс қазақстан- шертпе.Шығыс қазақстандық шертпе –саусақпен  жұмсақ әуенін келтіреді . Шертпе күй-мазмұнында майда психологиялық суреттемелер, терең адами сезімдер, әдемі әйел бейнелері баяндалады. Осы мектептің дәстүріне кең аумағына–айналған Алтайға дейін Ұлытау мен жағалаулары, Сырдария. Шертпе күйге келгенде шығармалар бірінші кезекте Сары Арқа тумаларының шығармалары болып саналады .Тәттімбет шертпе-күйді негізін қалаушы, және олардың арасында қайталанбас үлгілерімен, ең терең философиялық мазмұнды шығарма болып саналады. Шертпе күйді орындау кезіндегі әдісі басқа мектептермен  дәстүрлі әдістері ерекшеленеді: асықпай талап етеді, тіпті айтуға болады,жоғары деңгейде жеткізіледі,әрбір ішектің қағысымен,өзіне тән білімі,толқындардың ерекше тербелісі ішектің басқанынан пайда болады  Тек аталған талаптар сақталған кезде  орындаушы аспаптың әуенімен жылы және құттықтау сөзін келтіруі мүмкін. Тәтімбеттің шертпе күй шығармалары өз алдына ереше дүние. Орындаудың қыр сырын меңгерген домбырашы шеберліктің шыңына жетеді. Тәттімбеттің күйлері көбінесе ішекті жеке тарту арқылы орындалады. Мысалы «Сарыжайлау», «Сылкылдак», «Кокейкести», «Косбасар» күйлерідомбыраны оң бұрау арқылы орындалады(квартовый строй),ал «Азамат Кожа», «Бес торе» домбыра ішегін теріс бұрау арқылы орындалады.(квинтовый строй). Егер де осы күйлерді орындау барысында әр-түрлі қағыспен ойнау әдісін қолданбаса күйдің мазмұнымен мәні толық ашылмайды. Төкпе -батыс қазақстанның домбра дәстүрінің күйі("төкпе"-үнемі ағып жатқан, асау толқын). Төкпе күйлерінің орындаушысы көрнекті композитор, көптеген домбыра пьесаларының авторы - Құрмангазы Сағырбайұлы.

Оқушыларға постер құрастыруға 12 м уақыт беріледі.

 Ауызша хабарлауда,жазбаша орындаған тапсырмаларын,ауызша сұрақтарға жауап берді.

«Төкпе» терминіне толық мағлұмат беріңіз;

«Төкпе» стиліндегі күйді орындаған кім?

«Төкпе»стилінің ерекшелігі неде?

«Шертпе» стилі домбрада ойнауда зерттеледі ме

 «Шертпе» терминіне толық мағлұмат беріңіз;

«Шертпе» стиліндегі күйді орындаған кім?

«Шертпе»стилінің ерекшелігі неде?

Өзара бағалау:

Өз жұмысын көршілес баламен алмасады.

Тыңдалым:

 Кұрманғазының «Адай» және «Төкпе»стилі жазылады,  содан кейін Тәттімбеттің күйі ойналады.

 «Сылқылдақ»  стилі  «Шертпе»

Сыныпта мәселені талқылау:

2 Тапсырма:

Әр топ видионы тамашалады.

1. Күйшімен күйді және стильн аныктау 

Рефлексия:Мен күй тарихын зерттедім, бұл....(шертпе, төкпе) күйдің орындалу әдісін меңгеруге көмектеседі.

Қорытынды нәтижелері: сабақтың мақсаты мен критериін талқылау.

Дыбысталу мақсаттары талқылау кезінде оқыту мақсаттары орындалды ма. Мұғалімнің оқушыларға критерийлері бойынша кері байланыс беріледі.

 

Сабақтың соңы  10 минут

Кері байланыс сабактан алған түсініктерін стикерге жазып домбыра бейнеленген арнайы қағазға жапсырады

 

Дифференциация – Сіз қалайша  көбірек қолдау керек екендігін көрсетесіз?Аса қабілетті оқушылар алдына қандай міндеттер жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз қалай жоспарлайсыз,оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.


Рефлексия

 

Сабақта бағалаудың әдіс-тәсілдерінің қолданылуы :

К = жалпы сыныппен жұмыс

Д = мұғалімнің түсіндірілімі

Г = топпенжұмыс

И =жекежұмыс

Ф = қалыптастырушыбағалаудыңкөмегі

Сабақ басы

- «Миға шабуыл»

   - Негізгібөлім

Талқылау

- Өзара түсіністік

Қорытынды

- Рефлексия

Әдіс-тәсілдердісақтайтынденсаулық.

 

Жалпыбаға

Сабақтыңқандайекіаспектісіжақсыөтті? (ойланыңыз, білімберуде , солайоқытуда да)?

1:

2:

Сабақтыңжақсыөтуінеқалайкөмекберередіңіз? (ойланыңыз, білімберуде , солайоқытуда да)?1:

2:

Меніңсабақтасыныптуралы,жетістіктерітуралыбайқағаным  /кейбіроқушыларғақиыншылықтудырғаны, келесісабақта неге аса көңілаударукерек?

 

 

 

   

 

 

 

 

 

Қорытындылай келе, акпаратты - коммуникативті технологияны музыка сабақтарында қолдану білім сапасының артуына оң әсерін тигізеді:

1.  Білім байқауы, тапсырмалар, есептер, видео тәжірибелер көрсету  интерактивті  тақтаны  экран  ретінде  қолдануға  мүмкіндік береді.

2.  Әр  сабақта  презентация  құру,  тестілік жарлықты  қолдану жүзеге асып жатады.

«Қазіргі заманда   жастарға  ақпараттық  технологиямен байланысты  әлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте қажет»  депЕлбасы  атап  көрсеткендейжас  ұрпаққа  білім  беру жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісінде  оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін. Дамыған   елдердегі    білім   беру жүйесінде   ерекше  маңызды болып  табылатын  мәселелердің  бірі  –  оқытуды  ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табыладыОқу үрдісінде ақпараттық-коммуникативті технологияны пайдалану  оқушылардың  өз  бетімен  білім  алу  құзіреттілігін дамытуға және білім сапасын арттыруға үлкен әсер етеді. Сондықтан мектепте оқытылатын сабақтардың сапасына өзгеріс енгізу - бүгінгі өмір талабы. Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші барлығымыз болашақта өркениетті елдердің жаңа технологиясын меңгертіп, дүниежүзілік білім кеңістігіне шыға берейік.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары / М. Ералиева // Бастауыш мектеп. – 2006.
  2. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.
  3. Педагогтың кәсіби құзіреттілігі – білім сапасын көтерудің фактілері бұл баяндамалар жинағы – 28.03.2014
  4. Интернет и музыкальное образование школьников

/Искусство и образование./ - 2000. - №1. - С.45-50

  1. Музыка әлемінде №2-3 2010 жыл
  2. Музыка әлемінде №4 2012 жыл

Музыка әлемінде №6 2015 жыл

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Музыка сабағында АКТ –ны қолданудың тиімділігі Оқу-әдістемелік құрал"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 870 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2020 844
    • DOCX 2.1 мбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Губина Вера Валерьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Губина Вера Валерьевна
    Губина Вера Валерьевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 89984
    • Всего материалов: 229

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек