Инфоурок Информатика Конспекты"Мәтіндік құжатты пішімдеу" Ашық сабақ 8-сынып

"Мәтіндік құжатты пішімдеу" Ашық сабақ 8-сынып

Скачать материал

Мәтіндік құжатты пішімдеу

 

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу.

Сабақтың білімдік мақсаты: Құжатты пішімдеудің әртүрлі әрекеттерімен таныстыру.
Сабақтың дамытушылық
: Пішімдеудің әрекеттерін практика жүзінде қолдануды мақсаты: үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, ДК – де ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ДК - де пішімдеу әрекеттерін көрсете түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, үлестірмелі карточкалар, тест.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын
тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. MS Word редакторы қандай редактор, оны қалай іске қосамыз?
2. MS Word редакторының терезе элементтерін атаңдар.
3. Мәтіндік құжат құрмас бұрын қандай әрекет жасаймыз?
4. Enter пернесін қай кезде басамыз?
5. Құжат бетімен орын ауыстыру үшін нені қолданамыз?
6. Baskspace, Delete пернелерінің қызметі қандай?
7. Терілген мәтінді қалай сақтаймыз?
8. Орфографияны тексеру үшін қандай сөздіктер қолданылады?
9. Орфографияны қай командамен тексереміз?

ІІІ. Жаңа сабақ:
Пішімдеу деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттерді айтады. Құжат пішімдеуді құжат құруға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге болады. Пішімдеуді орындау реті құжаттың ақырғы нәтижесіне әсер етпейді, бірақ құжатты баспаға шығармай тұрып пішімдеу керек. Егер алынған құжат қандай да бір себептермен ұнамаған жағдайда оны қайта пішімдеуге болады.
Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып;
- әртүрлі қаріптерді пайдалануға;
- жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;
- беттегі мәтінді туралауға;
- жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;
- мәтінді бағандарға бөлуге;
- мәтінде жиектердің әртүрлі типтерін қолдануға;
- мәтінді рәсімдеумен байланысты басқа да мүмкіндіктерді (тізім, құйма және т. б) қолдануға болады.
Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларында пайдалануға болады.
Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де, оның бөлімдері: символмен, сөзбен, жолмен, абзацпен, бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.
Мәтінді белгілеудің келесі тәсілдері бар.
- Бір ғана сөзді белгілеу үшін оны екі рет шертеміз.
- Бүкіл жолды белгілеу үшін маус нұсқағышын жолдың басына жылжытып бір рет шертеміз.
- Сөйлемді белгілеу үшін пернесін басып тұрып, сөйлемнің кез келген жерінде маусты бір рет шертеміз.
- Абзацты белгілеу үшін оны үш рет шертеміз.
- Бүкіл құжатты белгілеу үшін пернелер комбинацияларын басып немесе Правка →Выделить все командасын орындаймыз.
Құжаттың үлкен бөлігін белгілеу үшін белгіленетін бөліктің басында бір рет шертеміз де, пернесін басып тұрып, белгіленетін бөліктің соңына ауысып маусты тағы бір рет шеретеміз.
Пішімдеудің негізгі режімдері.
Мәтін енгізу кезінде символдарды пішімдеу режімдерін бірден беруге болады немесе бұл режімдерді бүкіл құжаттың мәтіні теріліп болғаннан кейін қолдануға болады.
Символдарды пішімдеу. Символдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілі пішімдеу панелінің батырмаларын пайдалану.
Ж «жартылай қарайтылған».
К «курсив»
Ч «асты сызылған»

Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат → Шрифт командасын орындаймыз. Экранда одан қажетті параметрлерді таңдауға болатын Шрифт терезесі пайда болады.

ІV. Бекіту тапсырмалары:

Тапсырма:

 1. «Туған күнің құтты болсын – Республикам менің» атты тақырыпқа шағын әңгіме жаз. Тақырыбы барлығы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі – 20 түсі-қызыл, ал қалған мәтінді өлшемі – 16 қарпімен жасыл түспен тер. Сурет қой.

 2. «Менің мектебім - гимназия» атты тақырыпта шағын әңгіме жаз. Тақырыбы барлығы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі – 20 түсі-жасыл, ал қалған мәтінді өлшемі – 16 қарпімен көк түспен тер. Сурет қой.

 3. «Менің туған жерім - Қазақстан» атты тақырыпта шағын әңгіме жаз. Тақырыбы барлығы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі – 20 түсі-сары, ал қалған мәтінді өлшемі – 16 қарпімен қою жасыл түспен тер. Сурет қой.

 4. «Менің ең жақсы көретін пәнім» атты тақырыпта шағын әңгіме жаз. Тақырыбы барлығы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі – 20 түсі-қызыл, ал қалған мәтінді өлшемі – 16 қарпімен көгілдір түспен тер. Сурет қой.

 5. «Менің досым» атты тақырыпта шағын әңгіме жаз. Тақырыбы барлығы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі – 20 түсі-қою көк, ал қалған мәтінді өлшемі – 16 қарпімен қою қызыл түспен тер. Сурет қой.

 

Техдиктант.

 (бос орындардағы сөздерді дұрыс тауып қою керек).

 Word – бұл … редактор. Мәтінді теру … тұрған жерден басталады. Ал сөздің өлшемін өзгертіп жазу үшін … батырмасын басамыз. Enter пернесін басып мәтінде … ашамыз. Мәтін бөлігін өзгерту үшін алдымен оны … аламыз да, сосын көшірмесі керек болса, стандартты панелден … батырмасын, ал орын ауыстыру қажет болса, … батырмасын басып, курсормен қоятын … белгілеп соңынан … батырмасын басу.

 

Тест тапсырмалары

 

1 – нұсқа

1. Программалық өнім болып табылатын мәтіндік редактор қай топқа кіреді?

а) Жүйелік программамен қамтамасыз ету;

ә) программалау жүйесі;

б) қолданбалы программамен қамтамасыз ету;

в) уникалды программамен қамтамасыз ету;

г) операциялық жүйелер.

2. Мәтіндік редактор қайда қолданылады?

а) Сызбалар құруда; ә) музыкалық әуен шығарғанда;

б) есептеуіш операцияларды орындағанда;

в) құжат құруда; г) ғылыми есептеулерде.

3. Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу кезінде қанша символдық алфавит қолданылады?

а) 29 символ ә) 33 символ б) 2 символ в) 64 символ г) 256 символ

4. Мәтіндік редактордың негізгі функциясы қандай?

а) Мәтіндік файлдарды көшіру, ауыстыру, жою және іріктеу;

ә) ДК ресурстарын және процестерін басқару;

б) Мәтіндерді құру, редакциялау, сақтау және қағазға басу;

в) Мәтіндік файлдардағы ақпаратты автоматты өңдеу;

г) эксперттік жүйелер құру.

5. Мәтіндік редакторларда бір сөз екінші сөзден қалай ажыратылады?

а) Қос нүктемен; ә) бос орынмен; б) нүктемен;

в) үтірмен; г) апострофпен.

6. Мәтінді пішімдеу процесі қандай процесс?

а) Мәтінді жою;

ә) мәтіндегі алдыңғы операцияларды болдырмау;

б) буферге мәтін жазу;

в) мәтінді беттерге бөлу;

г) сәйкес ережелер бойынша мәтіннің автоматты орналасуы.

7. Мәтіндік редактормен ( жазба машинасымен салыстырғанда) жұмыс істеудегі негізгі артықшылық қандай?

а) Мәтінді жылдам теру;

ә) мәтінмен жұмыс істеудегі үнемділік;

б) мәтіннің көп редакциялануы;

в) мәтінді терген кезде әртүрлі қаріптің қолданылуы;

г) мәтінмен жұмыс істеудегі қиындықтардың аздығы.

8. Курсордың (меңзерді),,, ретпен басқанда қай жерде болады?

а) Алдыңғы позициядан оңға қарай;

ә) алдыңғы позициядан солға қарай;

б) курсор алдыңғы позицияда тұрады;

в) алдыңғы позициядан жоғары;

г) алдыңғы позициядан төмен тұрады.

9. «Далеко за отмелью, в ельнике, раздалось птичья трель» мәтінінде «ель» сөзін іздесек, автоматты іздеу нәтижесінде қанша сөз табылады?

а) 2; ә) 0; б) 1; в) 3; г) 4.

10. Меңзердің орнын анықтау үшін мәтіндік редактордың жолынан нені көрсету керек?

а) Жол және баған нөмірі; ә) терілген мәтіндегі жолдар саны;

б) мәтін бетінің нөмірі; в) мәтіндегі символдар саны;

г) мәтін көлемі.

 

2 – нұсқа

1. Іс – қағаздарын жүргізу процесінде мәтіндік ақпараттармен жұмыс істеуге арналған программа қалай аталады?

а) Мәтіндік редактор; ә) операциялық жүйе; б) интерпретатор;

в) графикалық редактор; г) программалау жүйесі.

2. Мәтіндік редактор режимінің қайсысы редакцияланған мәтінді дискіге жазады?

а) Редакциялауды енгізу режимі; ә) файлдармен жұмыс істеу режимі;

б) контекстік мәзірден іздеу режимі;

в) орфографиялық тексеру режимі; г) көмек режимі.

3. Төменде көрсетілген тізімдегі қай операция қалған операциялармен үйлеспейді?

а) Мәтінді басуға жіберу;

ә) мәтіндегі қате терілген символдарды жою;

б) түсіп қалған символды жазу;

в) қате терілген символды ауыстыру;

г) мәтінді пішімдеу.

4. Мәтінді редакциялау дегеніміз не?

а) Берілген мәтінге өзгерістер енгізу процесі;

ә) мәтінді дискіге мәтіндік файл ретінде сақтау процесі;

б) мәтіндік ақпаратты компьютерлік желі арқылы жіберу;

в) сыртқы есте сақтау құрылғысындағы мәліметтерді оқу процесі;

г) мәтіндік файлдардың қажет емесін жою.

5. Курсор дегеніміз не?

а) Экран дисплейіне пернетақтадан енетін символдар орнын көрсетуші белгі; ә) пернетақтадағы перне;

б) экрандағы ең кіші элемент; в) мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы; г) пиксель.

6. Мәтінді редакциялау кезінде қате терілген символды өшіруде қолданылатын пернені көрсетіңдер.

а); ә); б); в); г).

7. Мәтіндік редакторда мәтін енгізу үшін ең көп қолданылатын құрылғы не?

а) Пернетақта; ә) джойстик; б) модем; в) тышқан; г) принтер.

8. Мәтіндік редактордың мәзірі дегеніміз не?

а) Құжат құру кезінде ДК – дің ресурстарын басқаратын бағыныңқы программа;

ә) мәтінде әртүрлі операциялардың орындалуын қамтамасыз ететін интерфейс бөлігі;

б) мәтінде экранды көруге болатын терезе;

в) мәтіндік редактордың жұмыс күйі туралы ақпарат;

г) статус жолы.

9. Мәтіндік редактордағы мәтін бөліктерін көшіру үшін алдымен не істеу керек?

а) Көшірілетін бөліктің позициясын көрсету;

ә) сәйкес мәзір пунктін таңдау;

б) көшірілетін бөлікті ерекшелеу;

в) жаңа мәтіндік терезе ашу;

г) алдыңғы мәтінді дискіге жазу.

10. MS Word – та мәтінді терген кезде абзац қалай қойылады?

а) Бос орын тасталады, ә) Enter; б) нүкте қойылады; в) End; г) үтір қойылады.

 

Жауаптары:

І нұсқа -----------1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Дұрыс жауабы Б В Г Ә Ә Г Б Б В А

ІІ нұсқа ----------1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Дұрыс жауабы А Ә А А А Б А Ә Б Ә

 

 

 

 

V. Қорытындылау.
 Сұрақтар.
1. Пішімдеу деп нені айтамыз?
2. Пішімдеу кезінде нелерді пайдалануға болады?
3. Ж, К, Ч батырмаларының қызметі қандай?
4. Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін қай командаларды қолданамыз?

V
І. Бағалау

VII. Үй тапсырмасын беру. 9. 2 - тақырыпты оқып келу

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мәтіндік құжатты пішімдеу" Ашық сабақ 8-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу.Сабақтың білімдік мақсаты: Құжатты пішімдеудің әртүрлі әрекеттерімен таныстыру.Сабақтың дамытушылық: Пішімдеудің әрекеттерін практика жүзінде қолдануды мақсаты: үйрету.Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, ДК – де ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: ДК - де пішімдеу әрекеттерін көрсете түсіндіру.Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, үлестірмелі карточкалар, тест.Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: ІІІ. Жаңа сабақ:Пішімдеу деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттерді айтады. Құжат пішімдеуді құжат құруға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге болады. Пішімдеуді орындау реті құжаттың ақырғы нәтижесіне әсер етпейді, бірақ құжатты баспаға шығармай тұрып пішімдеу керек. Егер алынған құжат қандай да бір себептермен ұнамаған жағдайда оны қайта пішімдеуге болады. Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып; - әртүрлі қаріптерді пайдалануға; - жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға; - беттегі мәтінді туралауға; - жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге; - мәтінді бағандарға бөлуге; - мәтінде жиектердің әртүрлі типтерін қолдануға; - мәтінді рәсімдеумен байланысты басқа да мүмкіндіктерді (тізім, құйма және т. б) қолдануға болады. Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларында пайдалануға болады. Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де, оның бөлімдері: символмен, сөзбен, жолмен, абзацпен, бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек. Мәтінді белгілеудің келесі тәсілдері бар. - Бір ғана сөзді белгілеу үшін оны екі рет шертеміз. - Бүкіл жолды белгілеу үшін маус нұсқағышын жолдың басына жылжытып бір рет шертеміз. - Сөйлемді белгілеу үшін пернесін басып тұрып, сөйлемнің кез келген жерінде маусты бір рет шертеміз. - Абзацты белгілеу үшін оны үш рет шертеміз. - Бүкіл құжатты белгілеу үшін пернелер комбинацияларын басып немесе Правка →Выделить все командасын орындаймыз. Құжаттың үлкен бөлігін белгілеу үшін белгіленетін бөліктің басында бір рет шертеміз де, пернесін басып тұрып, белгіленетін бөліктің соңына ауысып маусты тағы бір рет шеретеміз. Пішімдеудің негізгі режімдері. Мәтін енгізу кезінде символдарды пішімдеу режімдерін бірден беруге болады немесе бұл режімдерді бүкіл құжаттың мәтіні теріліп болғаннан кейін қолдануға болады. Символдарды пішімдеу. Символдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілі пішімдеу панелінің батырмаларын пайдалану. Ж «жартылай қарайтылған». К «курсив» Ч «асты сызылған» Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат → Шрифт командасын орындаймыз. Экранда одан қажетті параметрлерді таңдауға болатын Шрифт терезесі пайда болады.ІV. Бекіту тапсырмалары:Тапсырма: 1. «Туған күнің құтты болсын – Республикам менің» атты тақырыпқа шағын әңгіме жаз. Тақырыбы барлығы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі – 20 түсі-қызыл, ал қалған мәтінді өлшемі – 16 қарпімен жасыл түспен тер. Сурет қой. 2. «Менің мектебім - гимназия» атты тақырыпта шағын әңгіме жаз. Тақырыбы барлығы қарайтылған бас әріппен және қаріп өлшемі – 20 түсі-жасыл, ал қалған мәтінді өлшемі – 16 қарпімен көк түспен тер. Сурет қой. Техдиктант. (бос орындардағы сөздерді дұрыс тауып қою керек). Word – бұл … редактор. Мәтінді теру … тұрған жерден басталады. Ал сөздің өлшемін өзгертіп жазу үшін … батырмасын басамыз. Enter пернесін басып мәтінде … ашамыз. Мәтін бөлігін өзгерту үшін алдымен оны … аламыз да, сосын көшірмесі керек болса, стандартты панелден … батырмасын, ал орын ауыстыру қажет болса, … батырмасын басып, курсормен қоятын … белгілеп соңынан … батырмасын басу. Тест тапсырмаларыV. Қорытындылау. Сұрақтар. 1. Пішімдеу деп нені айтамыз? 2. Пішімдеу кезінде нелерді пайдалануға болады? 3. Ж, К, Ч батырмаларының қызметі қандай? 4. Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін қай командаларды қолданамыз?VІ. Бағалау VII. Үй тапсырмасын беру. 9. 2 - тақырыпты оқып келу

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 407 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.03.2020 328
    • DOCX 36 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Климова Наталия Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Климова Наталия Николаевна
    Климова Наталия Николаевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 87332
    • Всего материалов: 218

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 687 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 799 человек

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе