- 01.01.2021
- 658
- 10
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақ тақырыбы: К.Сегізбайұлы « Құмырсқалар»Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу, жазушының күштілер мен әлсіздер арасындағы айқастың әсеріне баланың назарын аудара отырып, көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін айқындау. 2.Дамытушылық. Сөздің құдіретілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу; мәтінге мағыналық жағынан талдау жүргізу машығын, сын тұрғысынан қисынды ойлау білігін дамыту. 3.Тәрбиелік. Оқушыларды ұйымшылдыққа, төзімділікке, қайырымдылыққа, жәндіктерді қорғауға, қамқорлық жасауға баулу. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдісі: ЖИГСО әдісі, ой қозғау, жұпта талқылау, болжау, дәлелдеу.Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, (мазмұнды және жеке суреттер, тірек сызбалар)Пәнаралық байланысы: дүниетану, өзін-өзі тану, музыкаСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру -Балалар, қандай бөлімді өтіп жатырмыз? -Балалық шаққа саяхат -Үйге қандай тапсырма берілді? -Ж.Әлішев. «Алтын балық» (Әр топ үй тапсырмасына берілген бөлімдерді әңгімелеу)І бөлім. Дертке шалдыққан ана ІІ бөлім. Алтын балық әңгімесі ІІІ бөлім. Дарияның жағасында ІV бөлім. Облыстан келген дәрігер V бөлім. Қармаққа түскен балық VI бөлім. Шөкінің қуануы ІІІ. Қорыту -Шөкінің арманы не еді? - Шөкі қармағына түскен балыққа қандай тілек айтты? - Баланың тілегі орындалды ма?ІV. Жаңа сабақ 1.Қызығушылықты ояту -Балалар, бүгінгі сабақта тоты құстар қандай хабар әкелген екен? -Балалар суреттен нелерді көріп отырмыз? -Құмырсқалар 2. Мағынаны тану Автор туралы мағлұмат беру. К.Сегізбаев 1941ж. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауылында дүниеге келген. Жазушы, баспагер, журналист. «Қазақстан тарихы», «Маңғыстау», «Атырау», «Ақмола» энциклопедиясын жазған. Мәтінмен жұмыс ЖИГСО әдісі ( Мәтіннің бірінші бөлігін мұғалім оқу, сұрақтар қою) -Ләйлә нелерге қызығады? -Ләйлә қандай қыз деп ойлайсыңдар? (Мәтінді одан әрі қарай әр топ жалғастырып тізбектеп оқу) І топ- Бір күні түс кезінде қандай оқиға болды?- Көрші неліктен аң-таң болды? ІІ топ- Ләйләнің әкесі қандай майданды айтты?- Ләйлә қандай құмырсқаларға жақтасып жүрді? ІІІ топ - Дәу қара құмырсқалар неге жөңкіле қашты? -Ләйләнің әрекеті дұрыс па? (Мәтіннің соңғы бөлігін мұғалім оқу) -Ләйлә ертесіне неге мәз болды? (Оқушылардың жауаптары таңдалады) Сергіту сәті Дәптермен жұмыс (Әр бөлікке ат қойып, дәптерге жаз) V. Шығармашылық ізденіс І топ Үш жақты күнделік стратегиясы 1.Әңгімеде не туралы айтылған? 2.Бұл әңгімеден қандай ой түйдің? 3.Лайықты мақал жаз. ІІ топ Кестемен жұмыс Құмырсқа пайдасы зияны ІІІ топ Бес жолды өлең стратегиясы Зат есім. (1 сөз) Сын есім (2 сөз) Етістік (3 сөз) Сөйлем (4 сөз) Синоним (1 сөз) VI. Қорыту өткен сабақ жаңа сабақ Алтын балық Құмырсқалар Ж.Әлмашев К.Сегізбаев әңгіме әңгіме Шөкі Ләйлә«Алтын «Күштілер балықтың әрекеті» әлсіздерді жеңеді»қамқор болу қамқорлық жасауVIІ. Үйге тапсырма 1.Әңгімені бөлім бойынша оқу 2.«Табиғаттың қатал заңы» тақырыбында өз ойыңды жаз. VIІІ. Бағалау Кошанова Гульбану Чамугыновна Жаңаөзен қаласы № 9 орта мектеп
6 654 488 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Прохватилова Ольга Валентиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
72/108 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Мини-курс
5 ч.
Мини-курс
6 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.