Инфоурок Школьному психологу Рабочие программы"Мейірімділік- рухани жан байлығы" тренингі

"Мейірімділік- рухани жан байлығы" тренингі

Скачать материал

Өтілетін уақыты: 20.02.2015жыл

Тақырыбы: Мейірімділік- рухани жан байлығы.

Мақсаты:

-          Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;

-          Жанында жүрген адамдарға деген сүйіспеншілікті дамыту;

-          Жанында жүрген достарына, адамдарға мейірімді, адал болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бұлт басқан аспандағы күн, кемпірқосақ, бұлт және оның тамшылары, қоқыс жәшігі, парақшаларға жазылған сандар, түрлі-түсті парақшалар.

Барысы:

Мұғалім: Қайырлы таң, балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын! Балалар біздің сабағымызға қонақтар келген екен, қонақты қалай қарсы алатын едік?

Оқушылар: Қош келдіңіздер! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!

Мұғалім: Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

                 Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

                 Мейірім толған жанымыз жүрегіміз,

                 Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Оқушылар: Үлкенге де сіз,кішіге де сіз,

                  Бар адамды құрметтеп,

                  Бас иеміз біз.

Мұғалім: Қуан-шаттан, қуан-шаттан,

                 Қуанатын келді күн.

                 Қуан-шаттан, қуан-шаттан,

                 Күліп шықты күн бүгін.

Оқушылар:Амансың ба, көк аспан,

                 Амансың ба алтын күн.

                 Амансың ба, достарым,

                 Сендерді көрсем қуанам.

(жаймендеп сазды әуен ойналып тұрады)

Мұғалім: Балалар, қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен (қолымызды бірден төмен түсірмей, оң жағымызда тұрған баланың сол қолын қысайық). Бір-біріміздің қолымызды қысайық.Осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік.

Оқушылар: Барлық балалардың дендері сау болсын, бақытты болсын!

Мұғалім: Кел балалар, күлейік,

                 Күлкіменен түлейік.

                 Күлкімізді өнер қып,

                 Көрерменге берейік.

 

                 Ойымызды айтайық,

                 Өнерімізді байқайық.

                 Мына отырған қонақтар,

                 Қалсын бір сәт марқайып.

       Өмірде жаман адам тумайды.Егер нәпсісі рухынан жоғары үстем болса, ондай адам бойынан жақсы іс-әрекеттерді табу қиын. Ал, барлық жақсы қасиеттер яғни шыншыл, мейірімді, еңбекшіл, ақылы мол адамда болады. Осының бәрі рухтан шығады. Рух дегеніміз- адам бойындағы бір күшті қуат, сезім,т.б. Күн адамның рухы болса, күннің сәулесін ақыл деп алайық.

Мына күнге қарайықшы, осы жарық күнді біз мейірман шуағын төгетін құдіретті анаға теңейік. Бірақ күніміздің бетін жартылай бұлт басып тұр, яғни бұл ана жүрегіндегі көлеңке сезімі.

О, қош келдіңіз, күн көктегі,

Арманым болар көп тегі.

Балалар, күннің бетіндегі бұлттарды ашып, ана көңілін сергітуіміз керек. Сондықтан күннің өзінен сұрайықшы.

Күн: Менің көңілімді сергіткілерің келсе, мені бұлттан құтқарыңдар.(оқушылар шығып, күн үстіндегі бұлттарды алып, артындағы «Мейрімділік- рухани жан байығы» тақырыбын шығарады)

Мұғалім: Мінеки күніміз жарқырап шыға келді.Енді ашылған бұлттың соңындағы әсем кемпірқосаққа қараймыз. Кемпірқосақтың 7 түстен тұратынын бәрің де білесіңдер, сол әр түстің өзіне кезек береміз.

(7 түрлі галстук тағып тұрған оқушылар кемпірқосақтың түстерін бейнелеп ортаға шығады).

Қызыл түс: Пікір алып бөлісіп,

                    Жақсылыққа шақырып,

                    Мейірімді болуды.

                    Үйретті бізге ұстазым.

                               Өзіңді өзің қолыңа ал,

                               Өзіңсің өмір айнасы.

                               Тиеді саған мәні бар,

                               Үйірменің пайдасы.

Көк түс: Біз мейірімді баламыз,

               Әркез адал боламыз.

               Жасап күнде жақсылық,

               Алғыс әркез аламыз.

Сары түс: Орталық біздің базарлы үй,

                 Көшедегі ажарлы үй.

                 Шаттығы көп шуақты,

                 Өз үйіміз сияқты.

Қызғылт сары түс: Сен білімнің жемісін,

                                 Үйірмеден аларсың.

                                 Жасап күнде жақсылық,

                                 Алғыс әркез аларсың.

Көгілдір түс: Адалдықты, мейірімділікті үйреніп,

                       Ұрпағыңыз келеміз біз ер жетіп.

                       Уа, адамдар, тыңда мені халайық,

                       Ұмытпаңдар, мейірімді болайық.

Жасыл түс: Жақсылықты үйреніп,

                    Боламыз біз жақсы адам.

                    Жамандықтан жиреніп,

                    Үлгі аламыз жақсыдан.

 

 

Сия көк түс: «Руханият» менің үйірмем,

                      Қызығам оның мәніне.

                      Көңіл-күйді көтетер,

                      Көп екен әсем әні де.

                                    Өзін-өзі әр бала,

                                    Танып өссе жасынан.

                                    Жан дүниесі сұлу боп,

                                    Жақсылық кетпес қасынан.

                      Өзіңді-өзің тануға,

                      Адамзатты сыйлауға,

                      Үйреніңдер жас ұрпақ,

                      Рухани байлық жинауға.

 

«Жылылық» тренингі.

Оқушылар бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып жақсы тілек тілейді.

Мұғалім: Балалар сіздер бір-біріңіздің алақандарыңызды алақандарыңа қойғанада қандай сезімде болдыңдар? Әрине жылылық сезіндіңіздер.Жақындық, мейірім, жақсы сөз, тілек айтқанда көңілімізде қуаныш,шаттық пайда болады. Олай болса сабағымызды мейірім, жылылық, сәттілікпен өткізейік...

 

«Жақсылық тамшылары» тренингі

Мұғалім: Мен сіздерге тамшыларды үлестіремін.Осы тмшыларға сіздер адам бойында ездесетін жақсы қасиеттер, мейірімді істерді жазып, мына алдарыңыздағы бұлтты жақсы қасиеттер мен мейірімді істері бар тамшыға толтыруымыз керек. Жазып болғандарымыз бұлттың төменгі жағына жапсырайық.

Міне балалар, бәрімізде «Жақсылық тамшылары» деп аталатын бұлтымызды жақсы қасиеттермен, мейірімді істермен толтырып, бұл бұлтты нұрға айналдырдық. Әрқашан бойымызда осындай жақсы қасиеттер көп болса, барлық әлем нұрға толы болады. Аспанымыз ашық болсын деп жаттығуымызды аяқтап,келесі  жаттығуымызға кезек берейік.

Мейірімді істер: үлкенге көмек, ізгілік, қайырымдылық, мейірбан,ақылды, ашық жарқын,

Мейірімсіз істер: тәртіпсіз, ақылсыз, ақымақ, әдепсіз, ойсыз, арсыз,

Алдарыңызға берілген қағаздарға адамгершіліктің жағымсыз қасиеттері мен мейірімсіз істерді жазамыз және оны дауыстап оқимыз. Осы жағымсыз қасиеттерді бойымызда болдырмау мақсатында жазылған қағазымызды қоқысқа тастаймыз.

Сергіту сәті.

«Балалар достығы» ойыны.

Ойын шарты: Балалар шеңбер бойымен тұра қалады. «Қолға-қол, иыққа-иық,басқа-бас, бетке-бет, мұрынға-мұрын, құлаққа-құлақ» деген кезде жанында тұрған балалармен бір-бірінің денелерін түйістіреді.Соңында адамға-адам деген кезде балалар бір-бірімен құшақтасады.

«Сандар сыры» жаттығуы.

Оқушылар сандар көрсетілген парақшаларды ұстап отырады.Қатысушы қонақтар сол сандарды таңдау арқылы сандар сырымен танысады.

1-      Батылдар саны. Қашанда тыныш жүріп, асықпауға тырысады, өз-өзіне сенімді.

2-      Өз ісіне ұқыпты, шығармашыл жандарға тән.

3-      Ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны.

4-      Іскерлікті білдіреді.Жұмбақ сан.

5-      Тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды, шытырман оқиғаны ұнататындар. Халықтың қалаулылары.

6-      Өте тәтті сан. Жан-жағына бағдарлай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес келеді.

7-      Сәттілік саны. Әретшіл, арманшыл адамдарға тән.

8-      Басшылыққа ұмтылатындар саны. Сенімділікті білдіреді.

9-      Таңдағандар қашанда көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан да жарты-жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола біледі.

«Мейірімділікке адымдар» ойыны

Ойын шарты: Егер «иә» деген жауап болса оқушылар алақан соғады, «жоқ» деген жауап болса қолдарын жоғары көтеріп бұлғайды.

1.      Мұғалімнің түсіндіргенін мұқият тыңдау.

2.      Әңгімені бөліп, бөтен әңгімеге араласу.

3.      Үлкенге және қызға орын беру.

4.      Үлкенге көмектесу.

5.      Ойыншықты тартып алу.

6.      Жолдастарыңмен дөрекілену.

7.      Далаға бірінші болып шығу үшін балаларды итеру.

8.      Өтінішпен сұрау, талап ету.

«Достық алақаны» жаттығуы.

Ақ тарақ етіне әрбір қатысушы өз алақандарын басып салады. Үстіне өз есімдерін жазады. Содан соң сабаққа қонақ ретінде қатысып отырған мұғалімдерге парақтар таратылады.Мұғалімдерге тапсырма: алақан иесіне өзінің игі жақсы тілектерін білдіріп жазып, оқып береді.

-          Балалар барлығымыз шеңбер болып тұрып «Әрқашан күн сөнбесін» әнін бірге орындайық.

Әрқашан күн сөнбесін

                      Сөзін жазған Л. Ошанин         Әнін жазған А. Островский

                      Аударғандар    І.Мәмбетов, К. Ыдырысов    

 

1.  Күн әдемі, көк әлемі,

    Бұл суреті жас баланың.

    Ақ қағазға салған өзі,

    Жазылған бар сөзі.

   Қайырмасы:  Әрқашан күн сөнбесін,

                            Аспаннан бұлт төнбесін,  

                            Қасымда болсын мамам,

                            Болайын мен де аман.

 

-          Ендеше балалар, әрқашан күннің көзіндей шуағымызды төгіп, күлімдеп жүрейік. Бір-бірімізге қарап күлімсіреп сабағымызды аяқтайық.

 

                                                            

 

 

                                                             Аудандық оқушылар үйінің «Руханият» үйірмесінде                                      

                                                             өткізілген «Мейірімділік- рухани жан байлығы»                

                                                            тақырыбындағы  тренинг сабақтың

анықтамасы

            20.02.2015 жылы «Руханият» үйірмесінің оқушыларымен «Қосымша білім беру ұйымдарында әлеуметтік – педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбындағы облыстық семинар аясында  «Мейірімділік- рухани жан байлығы» тақырыбында тренинг сабақ болып өтті. Мақсаты:   адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағатының мән-мағынасын түсіндіру, жанында жүрген адамдарға деген сүйіспеншілікті дамыту және жанында жүрген достарына, адамдарға мейірімді, адал болуға тәрбиелеу.

          Сабаққа 14 оқушы қатысып, тренинг түрінде өтті. Аталған сабақ балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-бірінің қолдарынан ұстатып,  алақанның жылуы арқылы жүректің жылуын сезіндіріп, айналасындағы балалармен қуаныш пен мейірімді, жақсылықтарымен бөлісуден басталды.

           Мұғалім «рух» сөзінің мәнін түсіндіре отырып, күнді адамның рухына теңеу арқылы күннің бетін бұлттардан арылтып, бұлт соңындағы әсем кемпірқосақтың түстерін бейнелейтін галстук таққан оқушылар үйірменің маңызы, пайдасы туралы тақпақ арқылы айтып берді.

Сабақ барысында оқушылармен «Жылылық», «Жақсылық тамшылары», «Мейірімділікке адымдар» тренингі жүргізілді. Сергіту сәтінде «Достық» қимыл- қозғалыс ойыны ойнатылды.

            Оқушылар сандар көрсетілген парақшаларды ұстап қатысушы қонақтарға көрсетіп, олар  сол сандарды таңдау арқылы сандар сырымен танысатын «Сандар сыры» жаттығуы орындалды.

Сабақ соңында оқушылармен «Достық алақаны» жаттығуы жүргізілді. Оқушылар қолдарының суретін салып қатысушы қонақтар оларға өз тілектерін жазып, оқып берді.                               Оқушылар «Жүректен жүрекке» шеңберіне жиналып  руханият әлемінде адамдар бір-біріне тек қана жақсы, жағымды, мейірімді сөздер айтатынын әңгімелей келе, Махаббат періштесі беріп жіберген «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындады.

              Облыстық семинарға қатысқан барлық қонақтар өздерінің ұсыныс пікірлерін айтып  сабақты  «өте жақсы» деп бағалады.

                                                  

 

 

 

«Руханият» үйірмесінің жетекшісі:                  К.Құлбарақова

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мейірімділік- рухани жан байлығы" тренингі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мен, Құлбарақова Көркем Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында оқушылар үйінде "Руханият" үйірмесін жүргіземін. Бұл үйірмеге мүмкіндігі шектеулі балалар қатысады. Мен үшін бұл балаларға күлкі сыйлау үлкен бақыт. Мен оларды ойнатамын, дос болуға шақырамын. Олар өте ақылды, өмірге құштар жандар. Мен олармен көптеген тренингтер жүргіземін. Қолөнермен айналысамыз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 167 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2020 2291
    • DOCX 27.1 кбайт
    • 56 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Суслова Наталья Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Суслова Наталья Владимировна
    Суслова Наталья Владимировна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 97159
    • Всего материалов: 242

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Детская и подростковая депрессия: пути и способы преодоления

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Терапия камнями как один из эффективных арт-терапевтических методов работы с детьми

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 24 регионов

Курс повышения квалификации

Использование гелотологии (смехотерапии) в практической деятельности психолога

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе