Инфоурок Другое КонспектыМетодическая разработка по казахскому языку "Оқшау сөздер" 5 класс

Методическая разработка по казахскому языку "Оқшау сөздер" 5 класс

Скачать материал

           Дамыта оқыту технологиясы –оқушының ойлауын, пәнге деген қызығушылығын, ары қарай біле түссем деген ұмтылысын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды көздейді.

      Сабақтың мақсаты: а) Білімділік – оқушылардың оқшау сөздерден алған білімдерін бекіту, пысықтау, таза әдеби нормаға сай сөйлеуге дағдыландыру.

ә) дамытушылық – Абай шығармалары арқылы білім, ғылым  туралы ойларын, ізденісін, өз-өзіне деген сенімін қалыптастыру, дамыту.

б) тәрбиелік – мақсат қоя білуге, алдына қойған мақсатына жетуге, өз пікірін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың әдәсі: сұрақ-жауап, проблемалық әдіс, талдау, сендіру, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: сурет-сызбаларды интерактивті тақтада қолдану, үлестірме кеспелер.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы: а) сәлемдесу; ә) түгендеу; б) зейіндерін сабаққа аудару.

Жаңа сабақ:

-         Иә, балалар, жарқын болашақтың иесі сендерсіздер. «Болашақ бүгіннен басталады» дейміз, яғни біз болашақ өмірдің тұтқасын ұстайтын азаматтарды тәрбиелеп отырмыз. Жаңа ғасыр азаматы қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

-         Рухы биік, саналы, тәртіпті, жауапкершілігі мықты, ақылды, білімді, талап қойғыш болулары керек.

-         Өте дұрыс айттыңдар, жарайсыңдар, балалар.

-                       Жүректе қайрат болмаса,

              Ұйықтаған ойды кім түртпек.

             Ақылға сәуле қонбаса,

              Хайуанша жүріп күнелтпек, - деп Абай атамыз жырлап кеткен екен. Осы өлеңмен үндесіп келетін Абайдың нешенші қарасөзін білесіңдер?

-         17 қарасөзін.

-         Тақтадағы сурет-сызба осы негізде құрылған, Кім осы суретті түсіндіре алады?

Болашақтың қаласы

 

-         Абай атамыз «Ақыл, қайрат, жүрек үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет» деген болатын. Ақыл арқылы қайратқа да, жүрекке де жылу тарайды. Өзбеттілік, тереңдік, кеңдік, еркіндік, айқындық, шапшаңдық ақылдан жараған шуақ секілді.

-          Олай болса, балалар, сол «Болашақтың қаласына» жету үшін бүгінгі сабақта ақыл сынына түсесіңдер.  Біз бұл қалаға 2 топқа бөліне аттанамыз. Әр топ өз атын, ұранын таныстырып өтсін.

1-топ: Аты: «Талап»

                        Ұраны: «Талаптыға нұр жауар».

2-топ:  «Дарын»

                           Ұраны:           «Білімдіден шыққан сөз,

                                                   Білімсізге болсын кез».

1-кезең:    Ақылдың өзбеттілігін сынау.    (2 топқа бәйге сұрақтары беріледі)

             «Талап» тобына

1.     Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Авторы кім? Оқшау сөзді ата (Абай, жігіттер)

2.     Үтір, сызықша, нүкте. Бұл нелер? (тыныс белгілер)

3.     «Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы... » Жалғастыр, өлеңнің авторы кім? (Ол – ақынның білімсіз, бейшарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас, бір парасы. Абай).

4.     Назарды аударатын оқшау сөзді ата (Қаратпа)

5.     Ата-асқар тау, ана-бауырындағы не? (бұлақ)

6.     Қаратпа, одағай, қыстырма. Қандай сөздер? (оқшау)

7.     Көмір, мұнай, газ. Нелер? (пайдалы қазбалар)

8.     Әй, осы жалқаулық, селқостық талайларды күл етті. Оқшау сөзді тап. (Әй, одағай)

 

«Дарын» тобына:

1.     Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?

Атармын аққу құсты қалай ғана?! Оқшау сөзді тап. Авторы кім? Қай шығармадан үзінді? (Апыр-ай, одағай. М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» дастанынан үзінді)

2.     Қой асығы демей-ақ, қолыңа толса сақа тұт,

Жасы кіші демей-ақ, ақылы асса ... тұт. (Аға)

3.     «Ана керек, о адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда». Авторы кім? Қай шығармадан алынған? Оқшау сөзді тап. (Т.Айбергенов. «Ана» . О, адамдар)

4.     Басқа пәле тілден Бұл не? (мәтел)

5.     Одағай сөздің түрін ата.(Көңіл-күй, жекіру, шақыру, тыйым салу)

6.     Ой қорыту мағынасындағы сөздерді ата. (Сонымен, демек, қорыта айтқанда)

7.     Қыстырма сөз деген не? (Айтылмақ ойғаа адамның түрліше көзқарасын білдіреді)

8.     Калий, магний, бром. Ненің атаулары? (Химиялық элементтер атауы)

 

-         2 топ ізденіп қаншама сұрақтарға жауап бердіңдер. Осы сұрақтарға жауап қайтарған талдаудан нені аңғардық.? Қорытындылап көрейік. Кім қорытындылайды?

-         Менің ойымша, сөйлем ішінде оқшау сөздердің атқаратын рөлі өте үлкен екенін байқадық. Әдеби жанрдың қай түрінде болсын оқшау сөз түрлері кездесетініне, оқшау сөздер  ойдың мәнін ашып, ойға көрік беретініне көз жеткіздік.

-         Дұрыс, оқшау өздердің атқаратын қызметі өте көп екенін білдіңдер.

 

2 кезең.    Ақылдың тереңдігін сынау.   (Дәптермен жұмыс)

 Әр топтан 2 оқушыдан шығып, сөйлемге синтаксистік талдау (сөйлем мүшесіне) талдау жасайды. 2 оқушыға үлестірме кеспе беріледі.

«Талап» тобына:   1) Нұрсұлтан, атқа мініп  қырға шығып келші.

2) Әрине, бізге мал керек.

Үлестірме кеспелер : 1) Дойыл, не істеп жатырсың? (Оқшау сөздің түрін тап).

2) Ой, көке-ай, мені ақылсыз бала деймісіз? (Оқшау сөзді тап, түрін ата)

«Даран тобына»:  1) О, батырым, жол жүріп келдің бе?

2)Ей, Мамыр, адамды алла жаратты.

Үлестірме кеспелер:  1) Сірә, менің айтқаным дұрыс келер. (Оқшау сөз түрін тап)

2) Сұлтанның әмірі осылай, басеке! (оқшау сөз түрін ата)

 3-кезең:          Ақылдың еркіндігі.  (дәптерге)

«Талап» :   Ғалам,  қарлығаш,  бәйшешек.

Берілген сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрауға бола ма?  Болса құрап, дәлелдеңдер.

(Барша ғалам, сүйкімді қарлығаш, сары бәйшешек). (Барша ғалам  адамдары бейбітшілікті қалайды. Қарлығаштың қанаты айыр келеді.  Бәйшешек қар кете бастағаннан гүлдейді.)

«Дарын»:    Кітап, қыстырма сөз, тіл білімі.

Сөз тіркесін, сөйлем құрауға бола ма?  Болса,  дәлелдеңдер.

(Көркем кітап, қыстырма сөз – өзі сөз тіркесі, тіл білімі- өзі тіркес болып тұр).(Кітап-сенің ақылшың, досың.  Тіл білімінде әртүрлі ережелер оқытылады.  Қыстырма сөз- оқшау сөздің бір түрі.)

4-кезең:     Ақылдың шапшаңдығы.

а) Жұмбақ, мақал-мәтел, нақыл сөз жасырылады. Шешуі ағылшын, орыс тіліне аударылуы қажет.

«Талапқа»:  1)    Қарап тұрсаң өзіңе,

                            Сурет түсер көзіңе.

                            Ол суретің ұқсайды,

                              Дәл қазіргі кезіңе.  (Айна-зеркало -                   )

2)  Адамды тұрар әдемі қып – ақ жүрек, кең, ...  (адалдық- честность -                   )

«Дарынға»:  1)  Сағат сайын қағылады,

                            Тек мектептен табылады (қоңырау -  звонок -                     )

2)  Адам жақсыны арман етсе, өмірде бәрі де ...  болмақ. (жақсы – хорошо -                 )

5 – КЕЗЕҢ:     Ақылдың айқындылығы.  Графикалық диктант алынады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ: 

-         Сөйтіп, балалар, 2 топ та біз көздеген мақсатымыз, алған бағытымыз «Болашақ қаласына» да жеттік. Енді біраз көңіл көтеріп, дем алайық.

1)    Ойынымыз «Ашық сабақта» деп аталады.

Тапсырма: Берілген сөздерді қатыстырып, өз ойларын беретін сөйлем жазу керек.

Прямоугольник: скругленные углы: тапсырма сабақбарысы
сөйтіп  біріншіден,екіншіден сондықтан жарайсыңдар
                       «Талап»                                                        «Дарын» 

Прямоугольник: скругленные углы: бүгін
ашық сабақта
әсіресе
сондай
демек
жаттығу
 


                                                                                       

 

 

 

 

 

 

-         1. Бүгінгі қазақ тілінен өтілген сабақ біздің пәнгедеген қызығушылығымызды тудырды. Әсіресе, қызықтырған жұмбақ, мақал-мәтел,графикалық диктант еді. Демек, ережені көп оқысақ, жаттығуды үнемі түсініп орындап жүресің, қазақ тілінен біліміміз терең болатынына көзіміз жетті.

-         2. Сабақ барысында әр кезеңде түрлі, күрделі тапсырмалар орындадық. Әр кезеңдегі тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға тырыстық. Біріншіден, бұл сабақ ерекше сабақ болды, екіншіден, өте көп қонақтар қатысты. «Қонақ келсе , үй иесіұялар,»- дегендей бүгінгі сабақта білімімізді көрсетуге тырыстық. Мұғаліміміз бізге қатты риза болды. «Жарайсыңдар» деген бірауыз сөзіне барлығымыз қатты марқайып  қалдық.

2 ) Ойынымыз:  «Абай» өлеңінің мағынасын ашу.

                                            Малда бар жан мен тән,

                                            Ақыл, сезім болмаса.

                                           Тіршіліктің несі сән,

                                            Тереңге бет қоймаса?   Ал, кім қалай түсінеді? Тыңдайық.

-         Шынында , малда, адамда да жаны, тәні бар. Ал ақыл мен сезім малда емес, тек адамда бар. Жақсы өмір сүру үшін көп оқуымыз керек., жүрекке тоқуымыз керек деп түсінемін.

-          Не нәрсені ақылға сап өмірге қадам басқанымыз жөн. Білім, ғылым адамға ең қажет нәрсе, ақымақ болмай, адам боламын десек, көп оқуымыз керек деген сыр жатыр бұл өлең шумағында.

-           Ия, мағынасын дұрыс аштыңдар. Мен де сендердің ойларыңа қосыламын. Кез келген адам өз болашағын ойлауға тиіс. Біздің келіп жеткен қаламыз «Болашақ қаласы» деп  атауымыз тегін емес. Елбасы Нұрсұлтан атамыз өзінің «Болашақ» атты жоспарында болашақ грантының иегері атанып, шетелде оқып  жатқан жастардың білімін, шешендік, іскерлік танытып айтқан сөздеріне, болашақ еліміздің қамын жейтіназаматтардың өсіп келе жатқанын көріп, қатты қуанғанын теледидидардан бәріміз естідік, көрдік.  Сендер де көп оқып, білімді ьолсаңдар, үлкен азамат боп, болашақ қалалардың өсуіне, көркеюіне үлес қосатындарыңа бүгінгі сабақта  көрсеткен білімдеріңнен көрініп отыр.

 

Үйге тапсырма: «Болашаққа үмітпен ...» тақырыбына әңгіме жазып келу.

Бағалау кезеңі:   

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методическая разработка по казахскому языку "Оқшау сөздер" 5 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Дамыта оқыту технологиясы –оқушының ойлауын, пәнге деген қызығушылығын, ары қарай біле түссем деген ұмтылысын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік – оқушылардың оқшау сөздерден алған білімдерін бекіту, пысықтау, таза әдеби нормаға сай сөйлеуге дағдыландыру.ә) дамытушылық – Абай шығармалары арқылы білім, ғылым туралы ойларын, ізденісін, өз-өзіне деген сенімін қалыптастыру, дамыту.б) тәрбиелік – мақсат қоя білуге, алдына қойған мақсатына жетуге, өз пікірін қалыптастыруға тәрбиелеу.Сабақтың әдәсі: сұрақ-жауап, проблемалық әдіс, талдау, сендіру, дәлелдеу.Сабақтың көрнекілігі: сурет-сызбаларды интерактивті тақтада қолдану, үлестірме кеспелер.Сабақтың түрі: Сайыс сабақСабақтың барысы: а) сәлемдесу; ә) түгендеу; б) зейіндерін сабаққа аудару.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 151 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.08.2020 280
    • DOCX 22.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Прошкина Екатерина Константиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 120083
    • Всего материалов: 229

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе