Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы:
Менің туым. Б.Үсенбаев
Сабақтың мақсаты:
Отан туралы білімдерін кеңейтіп мемлекетіміздің нышандары туралы түсінік
қалыптастыру.Өлеңді мәнерлеп және түсініп оқуға қалыптастыру. Ойлау, сөлеу
қабілеттерін, сөздік қорларын жетілдіру.Елін, жерін сүюге,еліміздің рәміздерін
қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ
тілі, бейнелеу
Сабақтың әдістері: ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ – жауап, топтастыру, «Бес жолды
өлең»
Қолданылатын технология: СТО
Көрнекіліктері: рәміздер ,слайдттар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
Қазақстан дейтін менің бар
елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы алғаш көріп қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қызығушылықты ояту.
Миға шабуыл. «Сен білесің бе?»
1.Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
2.Қазақстан Республикасы қандай ел?
3. Тәуелсіз ұғымын қалай түсінесіңдер?
Топтастыру. Бейбітшілік
ашық аспан
егеменді мереке
бірлік
татулық
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қазақстан
Республикасы өз тәуелсіздігін қай жыл алды?
2. Желтоқсан
оқиғасы қай жылы болды және бұл оқиғаның басталуына не себеп болды?
3. Үйге
қандай тапсырма берілді? («Тәуелсіздік алған күн»өлеңін жаттау)
Өлең мазмұны
бойынша сұрақтар қою.
1.Бұл мерекенің
басқа мерекелерден қандай айырмашылығы бар?
2.Ақын мерекелік
қуанышты сәтті қандай сөздер арқылы сипаттаған?
3.Өлеңде
тәуелсіздік ұғымын тағы қай сөзден байқадың?
4. Желтоқсан
оқиғасының құрбандарын ата?
5. Қайрат
Рысқұлбеков кім?
6. Қайрат
Әлімқұлов деген кім?
Мағынаны
тану.
Қазақстан-тәуелсіз
мемлекет,егеменді ел.Бірақ осы күнге жету үшін біздің халқымыз қаншама қиын
қыстау кезеңдерді бастан өткізді.Қаншама жылдар бойы Қазақстан тәуелсіздік
алуға тырысты.
Бір сәтке өткенге
көз жіберейік,мына бейнетаспаға назар аударыңыздар.
Бейнетаспа
«ҚР тәуелсіздік күні»
1991 жылы 16
желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика блып жарияланды 1 слайд
1992 жылғы
маусымның 4-де Қазақстанныңжаңа мемлекеттік рәміздері алғаш бекітілді-бұл күн
ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
-Мемлекеттік
рәміздерге нелер жатады?
-Мемлекеттік
рәміздердің авторларын кім айтады?
2
слайд «Рәміздер»
Жаңа
материалмен танысу.
Олай болса бүгінгі
сабағымызда мемлекеттік рәміздердің бірі «ту» жайлы Болат Үсенбаевтің «Менің
туым»өлеңімен танысамыз.
Болат
Үсенбаев-1955жылы 24 наурызда Қытай Халық
Республикасының Құлжа қаласында туған.Қазақ мемлекеттік университетінің
филология факультетін, Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика
факультетін бітірген.Газет –журналдарда редактор,бөлім меңгерушісі,жауапты
хатшы қызметтерін атқарған.Бірнеше жыр жинақтарының авторы. 3 слайд
-ҚР
мемлекеттік туының авторы кім?- суретші Шәкен Ниязбеков .
4 слайд
-ҚР
мемлекеттік туында нелер бейнеленген?әрқайсысының нені білдіретіні туралы ашып
айтайықшы. 5 слайд Ту
Ту – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту
көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің
астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста –
ұлттық оюлармен кестеленген. Күн, арай, қыран, ою – өрнек – алтын түсті.
Тудың авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.
Күн –
өмір сүрудің белгісі. Күн сәулесі Қ - ң барлық жеріне нұрын шашып, сәулесін
төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.
Қыран – киелі, қасиетті құс. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте
болсын, ғұмыры ұзақ болсын дегенді білдіреді.
Ою – қазақ халқының мәдениетінің бір көрінісі.
Түсі – көк. Ашық аспан мен тыныштықтың белгісі.
Ту – тік бұрышты, 2х1
-Балалар сендер туды қай жерлерден көріп жүрсіңдер? Мемлекеттік ту қай кезде
көтеріледі?
ҚР –
ның Туы еліміздің үкіметтік ғимараттарында ілінеді. Сонымен қатар мемлекеттік
мерекелерде қала алаңдарында ілінеді.1 қыркүйекте,соңғы қоңырауда ту
көтеріледі.
Спорттық жарыстарда, олимпиадаларда спортшылар 1 орын алғанда ,халықаралық іс –
шараларда қазақ елінің көк Туы көтеріледі.
Оқулықпен
жұмыс.
1.Өлеңді
мәнерлеп оқып, түсіндіру
2.Сөздік
жұмысы,дәптерге жазу.
Көтерілер
шоқтығым -
мерейі үстем болу, мәртебесі жоғарылау.
Шартарап
-
дүниежүзі ,бүкіл әлем
3.Өлеңде не туралы
айтылған?
-Өлең сені
қандай сезімге бөледі?
-Қазақстан туын
сипаттап ,әңгімелеп бер.
4.Тізбектей оқыту.
1 жолдан әр оқушы оқып береді.
2-3 оқушы
мәнерлеп тұтас оқып береді.
Сергіту
сәті.
Құсқа ұқсап
бәріміз,
Қане, қанат жаяйық
Құс сияқты
қалықтап
Ұшып-ұшып алайық
Толғаныс
Әр қатарға
тапсырма беру.
І қатар Отан
туралы мақал -мәтелді сәйкестендіру.
Отан елдің
анасы, отқа жанбайды,суға батпайды.
Отан қадіріне
жетпеген жүрегі бірдің тілегі бір.
Отансыз
адам, елге тиген үлес.
Отан үшін еңбек
етсең, Адал адам отанын сүйеді.
Отанын
сүйген: халқыңның сүйген ұлы боласың.
Отаны бірдің
жүрегі бір, өз қадіріңе жетпейді.
Отан үшін
күрес, Ел ердің анасы.
Бұлбұл гүлзарын
сүйеді, Ормансыз бұлбұл.
ІІ қатар
«Аяқталмаған сөйлем»
Біздің туымыз
ерекше,себебі--------------------------------------
Мен рәміздерімді мақтан
етемін,өйткені--------------------------
ІІІ қатар Күн сөзіне «Бес жолды өлең
құрастыру»
Күн
Ашық, сары, шұғылалы
Жарқырайды,жылытады, шашады
Күн бәріне ортақ
Топтастыру.
-Сонымен бүгінгі сабақта ту туралы не
білдіңдер?
көгілдір Ш.Ниязбеков
мемлекеттік рәміз
қыран,алтын күн,ою-өрнек
Сөзжұмбақ «Қазақстан»
Шығармашылық
тапсырма
Өлең
жолдарын жалғастыру.
Күн
шықты---------- (күлімдеп)
Шуағын шашып
------ (әлемге)
Қазақ
елі----------- (гүлденді)
Танылды енді---------
(бар елге)
Үйге тапсырма: Өлеңді
мәнерлеп, түсініп оқу.Өлең мазмұнына сай сурет салу.
Бағалау.Сабаққа
белсене қатысқан оқушыларды бағалау
Балалар ,Қазақстан туымен
тұғырлы,елтаңбасымен еңселі,әнұранымен айбатты.Олай болса еліміздің болашағы
сендерсіңдер. Отанды сүюге,қорғауға, әрқашан дайын болыңдар.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.