Инфоурок Иностранные языки Рабочие программыМенің тұңғыш президентім. Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлем (10 сынып)

Менің тұңғыш президентім. Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлем (10 сынып)

Скачать материал

«№3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақтың жоспары.

Тақырыбы: «Менің тұңғыш президентім.

Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлем»

10 сынып

 

 

 

 

 

                                                                                                                      Мұғалімі: Муканова Ш.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Риддер қаласы 2012 жыл желтоқсан

 

 

 

 

 

 Сабақтың тақырыбы: Менің тұңғыш президентім. Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлем.

 

Сабақтың білімділік мақсаты: еліміздің тұңғыш президентінің өмірі туралы мәлімет беру, жаңа  тақырыпты жүйелі түрде жете түсіндіре отырып , өз бетінше шығармашылық ізденіс жасауға дағдыландыру, тақырыпты саналы түрде меңгерту.

Дамытушылық мақсаты: шығармашылық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: оқу мен жазу арқылы СТО-ды дамыту стратегиялары, диалогтық оқыту, бағалау,

Жұмыстың түрі: жұптық, топтық

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

    Құралдар: интерактивті тақта, маркер, А3 форматты қағаз.

    Көрнекіліктер: слайд көрсетілімдері.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, музыка,  тарих.

 

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі, сыныптағы психологиялық ахуал.

А) сәлемдесу                                                                                                                             

Б) Әдемі әуен арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару

В) Фонетикалық жаттығу: қиын дыбыстарды қайталау                                    2 мин

Г) Лексикалық жаттығу: оқушылар бір – біріне «Қазақстан» тақырыбына байланысты сұрақтар қойып, жауап береді                                                              5 мин

- Балалар, тақтадағы мына сөздерді оқыңдар, не туралы екенін айтыңдаршы:

 

Слайд №1.

   Сабақтың эпиграфы:           Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.                          1 мин

Слайд №2.

-         Балалар, сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

-         Жақсы, енді осы тақырыпты толық меңгеру үшін сендер алдарыңа қандай мақсат қоясыңдар?                                                                                                       1 мин

-         Осы мақсаттарыңа жету үшін алдарыңа қандай міндеттер қоясыңдар?

Слайд №3.

-         Бүгін, сендер еліміздің ірі тұлғасы – тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы білетін боласыңдар. Сонымен қатар салалас құрмалас сөйлемдердің бір түрі себеп – салдар салалас құрмалас сөйлем туралы қайталаймыз. Сендер сабақ барысында сауатты сұрақтар қойып, дұрыс жауап беріп үйренесіңдер, түрлі тапсырмаларды жұппен, топпен орындайсыңдар.

-         Алдымен топқа бөлініп алайық.

 Сыныпты 3 топқа бөлу, топ мүшелерінің жетекшісін анықтау.

-         Сөйлем неше түрге бөлінеді? 

-         Құрмалас сөйлем қандай болады?

-         Салалас құрмалас сөйлемдердің қандай түрлері бар

-         Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтары қандай?

-         Мысалдар келтіріңдер                                                                                               5 мин

-         Енді тақтаға қараңдар, әр топ осы бағдар бойынша жұмыс істейді:

Слайд №4.

1-топ -   Нұрсұлтанның балалық шағы

2- топ – Нұрсұлтанның отбасы

3- топ – Нұрсұлтанның бос уақыты

Слайд №5.

-         Енді осы тақырыпты меңгеру үшін тақырыпқа қатысты басым сөздермен жұмыс істейміз: (хормен қайталату)                                                                  3 мин

1.     көптен күткен – долгожданный (       )

2.     еркін сөйлейтін – свободно говорил (    )

3.     зор ынта- ықыласпен –  с огромным желанием

4.     балуандар кілемінде – на ковре борцов

5.     қайырымдылық қоры – благотворительный фонд

6.     жүйелі түрде – систематический

7.     жиі көруге болады – можно увидеть часто

-         Енді осы сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырамыз.

Слайд №6.  

-         Мәтінді топтарға бөліп беріп, мәнерлеп оқып, аудармасын жасауға 5 минут уақыт беру.

1940 жылы 6 шілдеде  Алатаудың баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың отбасында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Әкесі Әбіш  көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Анасы Әлжан үлкенді құрметтеген, кішіге қамқор болған.  Үйде де, бақшада да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге көмектесті,  әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.  Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Днепродзержинск қаласындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді. Спортқа мықтылығын балуандар кілемінде украина жігіті Николай Литошконы жеңіп көрсетті. Сөйтіп, ол металлург болып қана қоймай, украинаның спорт шебері атанды.

Слайд №7.

Жары Сара Алпысқызы Назарбаева «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті. Қыздары: Дариға, Динара, Әлия. Олар орыс, ағылшын, неміс, итальян тілдерін жақсы меңгерген. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар. Дариға - үлкен қызы. Екі ұлы және қызы бар. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Динара - ортаншы қызы. Ұлы мен қызы бар. 1989 жылы А.В.Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірді. Әлия - кіші қызы. Қазақстандағы және шетелдердегі мектептер мен университеттерде оқыды. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.

Слайд №8.

Президенттің  бос уақыты бола бермейді, алайда жұмыс арасындағы  үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев әрі демалуға, әрі көңіл сергітуге  тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу. Ол үшін сүйікті спорт түрінің бірі – теннис. Нұрсұлтан Назарбаев ракетканы еркін меңгерген және кортқа жүйелі түрде шығып тұрады.  Президенттің тағы бір ермегі – гольф. Алғаш тау шаңғысына 55 жасында тұрыпты. Содан бері Нұрсұлтан Назарбаевты Шымбұлақ шатқалында және басқа да таулы курорттарда жиі көруге болады.

Елбасы – бүгінде елдігіміздің символы, бірлігіміздің алтын арқауы. Нұрсұлтанды халқы ардақтап: “Үлкен кісі”, “Ел тірегі”, “Еліміздің иесі” деп атайды.

 

Топпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар:

Слайд №9.

1.     Мәтін бойынша топтар бір – біріне сұрақтар қойып, жауап береді.  (3 сұрақтан)                                                                                                                         2 мин

Бағалау парағына топ жетекшілері бағаларын қояды

2.     Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді анықтау                                                     1 мин

Бағалау парағына топ жетекшілері бағаларын қояды

3.     Шығармашылық жұмыс.                                                                                         6-7 мин

Слайд №7.

4.     Топтық қорғау                                                                                                              7 мин

-         Топтарға  рахметімізді айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, қандай керемет жұмыстар!

Слайд №8.

-         Енді сендерге алған білімдеріңді бекіту үшін «Иә, жоқ» ойынын өткізейік.                                                                                                                      2 мин

1.     Бұл қарсылықты салалас құрмалас сөйлем: «Нұрсұлтан үлкендерді құрметтеп, кішіге қамқор бола алады, себебі оның ата-анасы тәрбиелі адамдар болған».                           Себеп-салдар салалас қс

2.     Нұрсұлтан өз сыныбында ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болған.                                                    Иә

3.     Нұрсұлтан Әбішұлы Теміртауда дүниеге келген.                            Жоқ

4.     Днепродзержинскіде балуандар кілемінде украин жігіті Николай Литошко Нұрсұлтанды жеңіп шықты.                                                    Жоқ

5.     Жары Сара Алпысқызы Назарбаева «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті.                                                                             Иә

6.     Нұрсұлтан Әбішұлының сүйікті спорт түрінің бірі – баскетбол.       Жоқ

7.     Алғаш тау шаңғысына 55 жасында тұрған.                                         Иә

 

-         Ал, балалар, біз бүгін сабақта не істедік?

-         Сабақ басында қойған мақсаттарымызға жеттік деп ойлайсыңдар ма?   1 мин

-         Сендерге берілетін үй тапсырмасы: жаңа сөздерді білу, мәтінді әңгімелеп келу,  10 сұрақтан тұратын сөзжұмбақ құрастырып келу                        1 мин

-         Енді сендер алдарыңдағы стикерлерге сабақ бойынша 1 тілек, 2 ұсыныстарыңды жазасыңдар                                                                                1 мин

-           Балалар, осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!                          

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Менің тұңғыш президентім. Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлем (10 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың білімділік мақсаты: еліміздің тұңғыш президентінің өмірі туралы мәлімет беру, жаңа тақырыпты жүйелі түрде жете түсіндіре отырып , өз бетінше шығармашылық ізденіс жасауға дағдыландыру, тақырыпты саналы түрде меңгерту.Дамытушылық мақсаты: шығармашылық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағыСабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: оқу мен жазу арқылы СТО-ды дамыту стратегиялары, диалогтық оқыту, бағалау, Жұмыстың түрі: жұптық, топтықСабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:Құралдар: интерактивті тақта, маркер, А3 форматты қағаз. Көрнекіліктер: слайд көрсетілімдері.Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, музыка, тарих.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 620 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2020 356
    • DOCX 51.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елисеева Галина Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елисеева Галина Сергеевна
    Елисеева Галина Сергеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 73668
    • Всего материалов: 220

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Китайский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель китайского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 27 регионов

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация логопеда. Возможно ли продуктивно заниматься с дошкольниками онлайн?

Перейти к трансляции