Инфоурок Музыка Другие методич. материалы«Мен елімді әнге қосып мақтан етем!»

«Мен елімді әнге қосып мақтан етем!»

Скачать материал

«Мен елімді әнге қосып мақтан етем!» 

атты патриоттық әндер кешінің бағдарламасы.

 

        Мақсаты: Оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыруға танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

          Жаңа патриоттық әндерді үйрену, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру,көпшілік алдында өнер көрсетіп, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту.

        

         І-Жүргізуші:  - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және  қадірменді қонақтар!

Еліміздің Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылып отырған «Мен елімді әнге қосып мақтан етем!»  атты патриоттық әндер кешіне қош келдіңіздер!

        ІІ-Жүргізуші:  -  Тәуелсіздік- тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі күнге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз.Тәуелсізідік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

     Ендеше, Тәуелсіздік күні құтты болсын ағайын!

Ботагөз:  - Әсел, сен патриотизм дегенді қалай түсінесің?

     Әсел: -  «Патриотизм» сөзі  Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.

     Ботагөз:  - Иә, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық - қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм,  Қазақстандық патриотизм,  жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың  жоғары көрсеткіштері-мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана,  және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері  қалыптасады.

І-Жүргізуші:               - Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

                                        Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.

                                        Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

                                        Тәуелсіз Қазақстан –елім менің

1.      Ән: «Армысың, туған жер!» - орындайтындар Ереева Асель, Сағымалиева Ботагөз

 

 І-Жүргізуші:

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

2.      Ән: «Туған жер»- Нұрахметов Нұрдәулет

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрам

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

3.      Ән: «Қазақстан бақыты» -  орындайтын Нұрзат, Қуандық

 

  І-Жүргізуші: 

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата-баба рухына

4.      Ән: «Туған жер» Қанатқалиев Медет

- Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегімді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

5.       «Чемпиондар әні» - Сабырова Назерке

                                       Атыңнан айналайын егемен  ел,

                                       Тәуелсіз күнің  туды кенеле  бер.

                                       Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

                                       Ғасырдың тойы болшы келе берер!

6.      Ән: «Жаса, Қазақстан!» - орындайтын Шайхуллаева Алия, Магзумова Қымбат

                                            Қазақ елім!

                                           Туды жастық дәуірің.

                                           Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

                                           Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

                                           Туған күнің құтты болсын, алыбым!

7.      Ән «Өсиет» - Өтеуова Алтынзер

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

8.      Ән «Туған жер» Бисембиева Айнагүл.

Қазірде қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру процесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік дүниенің ғылымына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді.

Әсел: - Ендеше, Қазақстанның патриоты дегеніміз:

1.  Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарап, шын ниетімен қадірлеуі. 

2.   Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы. 

3.  Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімінің болуы. 

4.   Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға ынталы болуы

 

9.      «Еркіндіктің қырандары» - Аяшева Асель

Туындай қанат керген желді күнгі,

Таныттың кең әлемге кеңдігіңді.

Тұрғанда «Бәйтерегің» көкке шырқап,

Ұстай біл асқақтатып елдігіңді!

10.  «Қазақстан» - орындайтын Қылышбеков Жайық

                                       Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

                                       Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.

                                       Ата бабам аңсап өткен бақытым,

                                       Айналайын, Қазақстан- Гүлстан!

11.  Ән  « Қазақ елі осындай»- Қалекенова Бибінұр         

                      Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

                Туған тілім шұбарланба жарқыра

                            Тарихымызда таланттылар көбейсін

                       Бас иемін ата-баба рухына

12.  Ән: «Туған жер» орындайтындар Қайыржанова Жамиля, Хайдарова Алтынгүл, Тулешова Ұлболсын

 

        Есімі енді-енді танылып келе жатқан жас әнші Ибрагим Ескендір орындауындағы «Көк тудың желбірегені» жаңа заманғы әндерінің бірі.

«Көк тудың желбірегені» әні- сағымды сағынышқа толы, жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән.

Ол арнайы тапсырыспен жазылған ән емес. Ол атамекенге деген ыстық сағыныш пен бойдағы елжандылықтан туған ән. Тарихи отанына жете алмай жүрген өзге елдердегі қазақ бауырлардың жүрегінің лүпіліндей естілетін ән авторы Ермұрат Зейіпхан. Ал сөзін ақын Алмас Ахметбекұлы жазған.  Екеуі де Қытайдан елге оралған қандастар.

Әуелі «Көк тудың желбірегені» әнінің  сөзі дүниеге келген. 1992 жылдың 22 мамырында Алматыда тәуелсіз елдің көк туы қабылданады. Бұл шара барлық арналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Қытайдың Шәуешек деген мекенінде тұратын ақын Алмас Ахметбекұлы бір топ қазақ бауырлармен жиналып, теледидардан тамашалайды. Елбасы байрақты тізерлеп тұрып сүйгенде экран алдында отырған қандастар көз жастарына ерік береді.

      Ақын өзі көк туды Қорғас шекарасынан елге өтіп келе жатқанда көреді. Самал жел соғып тұрғанда көк ту әуелеп, желбіреп тұрды. Сол кезде ақын жүрегі елжіреп, бойын ерекше бір сезім билеп, «Көк тудың желбірегені» деген өлең жолдары ойына келеді.

       Алматыға келген кезде өлеңнің қалған жолдары жазылады. Кейін ақын Еркін Ергенұлы деген сазгерге өлеңге ән жазып беруін өтініп сұрайды. Алайда, ән ақынның көңілінен шықпай, ол ақын –сазгер, опера әншісі Ермұрат Зейіпханұлына өлеңге ән жаз деп ұсыныс білдіреді. Сазгер әннің екі нұсқасын жазады. Ақын екеуін де тыңдап, ұнатқан нұсқасын қалдырады. Алғаш рет сахнаға «Көк тудың желбірегені» әнін әнші, отандық опера жұлдызы Майрам  Мұхаммедқызы орындап шығады. Кейін ән бірнеше дауыста опералық бағытта жазылып, радиодан беріліп жүреді. Осы кезде ән жас әнші Ибрагим Ескендір құлағына шалынып, ол әнді домбыраға салып, айта бастайды. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай әнші «Қазақстан» ұлттық арнасының қолдауымен «Көк тудың желбірегені» әніне бейнебаян түсіреді.

Қазағым, Қазақстан өрле алға,

Надандықтың өмірін көрме алда.

Қасиетті тәуелсіздік ұраным,

Созыла бер ғасырлардан, ғасырларға!

 

13.  Ән: «Көк тудың желбірегені» - орындайтын ұлдар тобы.

 

       Біздер Қазақстанның өз ғылымы мен технологиясын, өзіндік ұстанымын жасайтын ғылым иесі болуымыз керек. Кез-келген кәсіп иесі өз шаруасын тың тәсілмен, жаңа әдіспен істеуге ұмтылса ғана ешкім жетпеген табысқа жете алады. Өзгелер салған сүрлеуге түсіп, бөтен іздің шаңын жұту Қазақстан жастарының таңдауы емес. Біздер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарымызды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруымызға тиіспіз! Ел болашағының баянды болмағы, баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты.

14.  Бәрі бірге - Ән: «Жаңа ғасыр Қазақстан!»

       Сіздерге тілеріміз тәуелсіз мемлекетімізде желбіреген көк тудың астында бейбіт өмір тілейміз! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, ағайын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мен елімді әнге қосып мақтан етем!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: Оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыруға танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулЖаңа патриоттық әндерді үйрену, мәнерлеп оқу дағдысынқалыптастыру,көпшілік алдында өнер көрсетіп, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту.Тәуелсіздік- тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі күнге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз.Тәуелсізідік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

     Ендеше, Тәуелсіздік күні құтты болсын ағайын!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 693 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.01.2015 417
    • DOCX 22.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметбаева Назигүл Қызырбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 510
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Деревянные духовые инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на баяне, аккордеоне

Преподаватель игры на баяне, аккордеоне

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкально-эстетическое развитие младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 34 регионов

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе