Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Мен - өз елімнің патриотымын" атты бірыңғай республикалық тәрбие сағаты (1-қыркүйек күніне орайластырылған)

"Мен - өз елімнің патриотымын" атты бірыңғай республикалық тәрбие сағаты (1-қыркүйек күніне орайластырылған)

Скачать материал

«Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты»ММ

 

 

 

 

1-ші қыркүйек Білім күніне орайластырылып өткізген

 бірыңғай сабақ

 

 

 

Тақырыбы:  Мен-өз елімнің патриотымын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып: 5-6-8 «Ә»

Сынып жетекшісі: Буркитбаева Г.А.

Тәрбиеші: Сагитова М.О.

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

 

Сабақтың мақсаты:

 

 1. Оқушы зейінін сабаққа аударып, қызығушылығын ояту.

 

2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, елінің, жерінің құндылықтарын сезе біліп, оларды дәріптеуге, ұлт қаһармандарының ерлігін мысалға келтіре отыра, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сұхбаттасу.

ІІ. Негізгі бөлім.

    Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбына сұрақ-жауап. (оқушылардың пікірін тыңдау)

«Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей сендердің назарларыңызға « Мен өз елімнің патриотымын » атты бірыңғай сабақты назарларыңа ұсынамын.

    Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу, солай ғой, балалар!

Ендеше сабағымызды бастайық. Назарларыңа мына слайдтарды ұсынамын, бірге тамашалайық! (Қазақстан, мемлекеттік рәміздер, Астана жайлы слайдтар)

     Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың, батырлардың барлығының  мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады. Тәуелсіздік алғанымызға аз ғана уақыт болса да, барша қазақ жұртының бір арманы, ол – «Мәңгілік ел» атану.

«Мәңгілік ел» дегеніміз дегенімізді қалай түсінесіңдер, балалар?

     Қанша заман, қанша ғасыр болса да, атымыз өшпейтіндей, тарихтан ойып тұрып орын алатындай, «Мәңгілік ел» атану қазіргі таңда барша қазақстандықтардың арманы. Ал, сендер балалар, еліміздің мәңгілік атануына, тарихта өшпестей із қалдыруына қандай үлес қоса аласыңдар? Осы туралы ойларың қандай?

   Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз.

А.Байтұрсынов:

- Қазағым елім!

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның

Аш көзіңді оянып...- десе,

М.Дулатов:

«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді.

Ал  С.Торайғыров:

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну,    Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы -  біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр. Міне сендер, балалар, ұлы тұлғалардың осы бағытын жалғастырып «Мәңгілік ел-Қазақ елінің» тарихын құрасыңдар, болашақ сендердің қолыңда.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев : «Біз барлығымыз тек таза қазақ тілінде сөйлегенде ғана біз-Қазақ елі атанамыз деге. Тілімізді қадірлейік. Тілдің қолдану аясын кеңейтуге ат салысайық. Осы орайда сендер не істер едіңдер? Өз үлестеріңді қалай қоса аласыңдар?

  Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?

    Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, қай кәсіпте, қай салада жүрсе де, елінің қамы үшін еңбек етіп жүрген әрбір азамат-елінің озаты, мақтанышы, патриоты.  Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.

Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын,  өзіңнің  мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз- мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.

     Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс.

    Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға  дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек   дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.

   Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.

   ІІІ. Қорытынды:

 Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің?

Бағанадан бері патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз?

     Құрметті оқушылар  міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын.

Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма? Бар болса қандай әндер?  

(мысалдар келтіру, «Көк тудың желбірегені» әнін айту)

Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мен - өз елімнің патриотымын" атты бірыңғай республикалық тәрбие сағаты (1-қыркүйек күніне орайластырылған)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушы зейінін сабаққа аударып, қызығушылығын ояту.2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, елінің, жерінің құндылықтарын сезе біліп, оларды дәріптеуге, ұлт қаһармандарының ерлігін мысалға келтіре отыра, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сұхбаттасу. ІІ. Негізгі бөлім. Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбына сұрақ-жауап. (оқушылардың пікірін тыңдау)«Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей сендердің назарларыңызға « Мен өз елімнің патриотымын » атты бірыңғай сабақты назарларыңа ұсынамын.Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу, солай ғой, балалар! Ендеше сабағымызды бастайық. Назарларыңа мына слайдтарды ұсынамын, бірге тамашалайық! (Қазақстан, мемлекеттік рәміздер, Астана жайлы слайдтар)Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың, батырлардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады. Тәуелсіздік алғанымызға аз ғана уақыт болса да, барша қазақ жұртының бір арманы, ол – «Мәңгілік ел» атану. «Мәңгілік ел» дегеніміз дегенімізді қалай түсінесіңдер, балалар? Қанша заман, қанша ғасыр болса да, атымыз өшпейтіндей, тарихтан ойып тұрып орын алатындай, «Мәңгілік ел» атану қазіргі таңда барша қазақстандықтардың арманы. Ал, сендер балалар, еліміздің мәңгілік атануына, тарихта өшпестей із қалдыруына қандай үлес қоса аласыңдар? Осы туралы ойларың қандай? Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз. А.Байтұрсынов:- Қазағым елім!Қайқайып белің,Сынуға тұр таянып.Талауда малың,Қамауда жаныңАш көзіңді оянып...- десе,М.Дулатов:«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді. Ал С.Торайғыров:Қараңғы қазақ көгінеӨрмелеп шығып күн болам,Қараңғылықтың кегіне,Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр. Міне сендер, балалар, ұлы тұлғалардың осы бағытын жалғастырып «Мәңгілік ел-Қазақ елінің» тарихын құрасыңдар, болашақ сендердің қолыңда.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев : «Біз барлығымыз тек таза қазақ тілінде сөйлегенде ғана біз-Қазақ елі атанамыз деге. Тілімізді қадірлейік. Тілдің қолдану аясын кеңейтуге ат салысайық. Осы орайда сендер не істер едіңдер? Өз үлестеріңді қалай қоса аласыңдар? Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, қай кәсіпте, қай салада жүрсе де, елінің қамы үшін еңбек етіп жүрген әрбір азамат-елінің озаты, мақтанышы, патриоты. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз- мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау. Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді. ІІІ. Қорытынды: Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің?Бағанадан бері патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз?Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма? Бар болса қандай әндер?(мысалдар келтіру, «Көк тудың желбірегені» әнін айту)Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек. Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.09.2020 359
    • DOCX 122 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Горшкова Ирина Олеговна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Горшкова Ирина Олеговна
    Горшкова Ирина Олеговна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72444
    • Всего материалов: 196

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 143 человека

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе