Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыПатриот болу-парызың. Сынып сағаты

Патриот болу-парызың. Сынып сағаты

Скачать материал

                             Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ

Химия және биология пәні мұғалімі Шәріпхан Алма Ермекқызы

Тақырыбы: «Мен елімнің патриотымын» 
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

 «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел –идеясының маңызын түсіну
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер. 
Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі. 
Өтілетін орын: акт залы
Жоспары: 
I. «Алға Қазақстан» флешмоб (соңында мәңгілік ел символын жасап аяқтау)

ІІ. «Мен өз елімнің патриотымын» 
(әдеби –композиция) 
III «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жеті тұғыры (Таныстырылым)

ІУ. «Көк тудың желбірегені» (Хормен)
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 
Бірінші қыркүйек күнімен,

Аңқыған жұпар гүлімен,

Келіп ем қарсы алды мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

Сылдырла,сыңғырла тағы да,

Шақыра білімнің бағына.

Қоңырау әсем саз әдемі,

Өзіңді күтем сағына.

 

2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Алғашқы қоңырау» мерекесімен, 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі «Мен  елімнің патриотымын» тақырыбы аясында өтетін тәрбие іс шарасына хош келдіңіздер!.

1-жүргізуші: Биыл 2016 жыл айтулы күндерге толы жыл,атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 21 жыл, Семей палигонының жабылуына 25 жыл, қазақ ақыны, драматург,әдебиеттанушы, абайтанушы Қайым Мухамедхановтың туғанына 100 жыл

2-жүргізуші: Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

1-жүргізуші: Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

Жүргізуші:Тында жолдас,тында дала,тында ел!

Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан!

Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген

байтақ өлке - менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан! 
« Алға Қазақстан» әніне флешмоб ( соңында оқушылар кезекпен сөздерді орындайды.) 

Мәңгілік ел – 
Ø Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ø Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. 
Ø Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. 
Ø Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық. 
Ø Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. 
Ø Ол – Мәңгілік ел идеясы. (бәрі бірге) 
Ø Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. 
Ø Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық. 
Ø Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. 
Ø Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. 
Ø Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! . (бәрі бірге) 
Ø Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.
Ø «Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. 
Ø Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі бірге)
-Біз өз Отанымыздың патриотымыз.

-Мы патриоты нашей старны

-ағылшынша


«Мен өз елімнің патриотымын» (Музыка)
кампозиция жай әуен орындалып оқушылар әуенінің ырғағымен ортаға шығады. 
1. Оқушы - Ерланова Балжан

 Біз қазақпыз- 
Қастерлеген баба салтын 
Аман бол,айналайын дана халқым 
Күн туса,атқа қонам бір сен үшін 
Міне жалын,міне қолым,міне айым 
2. Оқушы – Серікқызы Айгерім

Бірлігімен ынтымағы халықтың 
Көгімізде жарқырайды жарық күн 
Ырыс,даулет,жайнай берсін жарық күн! 
Жайнай берсін,жайнай берсін жарық күн! 
3. Оқушы – Көкенай Толғанай

Қазақстан-көк байрақты нұрлы елім, 
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім, 
Өзің менің қуынышым,бақытым 
Өзің сенің тынысым да тірегім 

4. оқушы – Мукажанова Жанель
Ел ұралық шыттық,құйып көңілге 
Жарқырайды Елтаңбаң да төрінде 
Ірге тасың жатыр берік қаланып 
Бетті бұрдың алға-жарқын өмірге! 
5 оқушы – Бейсембаев Дәулет   

Дән егіп жерге,Қазағым менің 
Орманды дала,құрамы жердің 
Қойнауың толы қазына байлық 
Айналдым сенен асқар тау белім!

6. Оқушы – Шалтаева Құндыз
Бойымда қайрат,тұрғанда сенім 
Құрбаның болсам,жолыңда сенің! 
Құлпырып мәнгі жасай бер,жаса 
Қазақстан Республикам менің! (бәрі бірге)
7.оқушы – Айдарбекова Дильназ

 Менің –Қазақстаным! 
Болашаққа сәлемін жолдайтұғын 
Қырындай қос қанатын сомдай тұғын 
Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын 
Тұғырын сан алтыннан сомдайтұғын 
8. Оқушы – Турысбеков Алишер

Менің-Қазақстаным! 
Бабалар намысымен 
Байтақ елмін игілік,табысымын! 
2030 мәресі әйгілейтін 
Азианың айбырлы барысымын 
9. Оқушы – Есенгужинова Адия 

Республика! Ерікті ел Қазақстан! 
Келді ақырын көптен күткен жас алыстан 
Келді алыстан аңсатып армандатып 
Терді бұзған менде бір ірі арыстан

10. оқушы – Карабаева Алуа
Мен Қазақпын,биікпін, байтақ елмін 
Қайта тудым өмірге қайта келдім 
Мен мыңда бір тірілдім,мәңгі өлмеске 
Айта бергім келеді,айта бергім 
Қазақстан Республикам менің (бәрі бірге)

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жеті тұғыры (Таныстырылым)

1.  «Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел - бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл - кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен

2014 жылғы 15 желтоқсан


2.Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.

1.Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның - қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.

2.Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел - Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.

1.Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар - отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.

2.Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғы­рын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.

Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана.

Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссия­сына адал боламыз.

Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуа­тының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.

Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Біздің Отанымыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ.

Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.

Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.

Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.

Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.

Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.

Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.

Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.

Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.

Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.

Оқушы:Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.

Оқушы:Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.

Оқушы:Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.

Оқушы:Бұл - біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!

Біртұтас Еліміз - Мәңгілік Ел қуатты болсын!

Қазақстанның мәңгілік мекені - Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын!

Алға, Қазақстан! ( барлығы бірге хормен)

«Көк тудың желбірегені» (Хормен) қолдарында көк жалаушалар

Хормен: «Отан,Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!»

Жүргізуші: Отанымызды,елімізді,жерімізді,заңымызды,рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық.Туған жерге деген киелі ұғымды құрмет тұтуға,оны қастерлеуге міндетті екенімізді ұмытпайық.

«Ел ерімен мақтанар,жер кенімен мақтанар» деген,елімізді қорғар ер-азаматтар,асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздарымыз молая берсін.

Елімізде мәңгі тыныштық,бейбітшілік болсын!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Патриот болу-парызың. Сынып сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 890 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2017 7820
    • DOCX 27.1 кбайт
    • 72 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нугманова Гаухар Нурлыгайновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 68970
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек