Инфоурок Классному руководителю КонспектыМЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Скачать материал

 

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ               ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Атырау  облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті

№23 жалпы орта білім беретін мектептің тәрбие ісі меңгерушісі

Бурашева Зульпия Уразбаевна

 

Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан - жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондықтан жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндет. Ұстаздар мен ғалымдардың екінші Қазақстандық съезінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қымбатты ұстаздар, сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл - ойын жетілдірудесіздер. Олар үшін кейде ата - аналарына қарағанда сіздердің беделдеріңіз үлкен. Жаңа ұрпақтың болашақ азаматтық бағдары, олардың патриотизмі, туған жерге етенелілігі көп ретте сіздерге байланысты. Оларды зиянды әдеттерден, есірткіден сақтап, бойларында салауатты өмір салтын орнықтыруға сіздердің күш - қуаттарыңыз жетеді. Ел үшін оның балалары балғын шағынан тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш сезімін бойларына сіңіріп, оның тарихы мен заңдарын, мемлекеттік нышандарын білгені өте маңызды»,- деген. Әбу Насыр Әл - Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген екен. Жерлесіміз ұлттық педагогиканы мұрат тұтқан Ш.Әленұлы «Педагогика кітабында»: «Патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында да үзбей беру керек. Ұлттық мектептің алға қойған ең негізгі мақсаты, маңызды міндеті де осы болмақ» деген еді. ҚР-ның үздік білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі болып патриоттық тәрбиенің бекітілуі де бекер емес. [1 - 6] Шынында да, ұлтқа деген сүйіспеншілігі жоқ адамнан адамгершілікті де, сұлулықты да, мәдениетті күтуге болмайды. Ендеше, патриоттық тәрбие  — тәрбиенің басты бағыттарының бастауы десек, қателеспейміз. Бұл бағытта жұмыс түрлерін әр сынып деңгейінде ұйымдастыруға болады: Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдасы Білім және ғылым Министрінің  бұйрығымен бекітілді. Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмай жатқан мәселелер: тұлғаға қоғам тарапынан жаңа талаптар қойылуда; тәрбиенің мақсаты мен басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдар жеткіліксіз; қоғамның әлеуметтік жіктелуі;оқыту рөлінің жоғары бағаланып, тәрбие рөлінің толық бағаланбауы; педагогтардың жалпы адамзаттық құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермейді;отбасының тәрбиелік рөлі әлсіреген; адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы; тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелік жағынан жеткіліксіз қамтамасыз етілуі; педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі және т.б. Тұжырымдаманың басты мақсаты: Жас ұрпақтың тәрбиесіне  бірыңғай көзқарас қалыптастыру, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үрдісіне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету. Тұжырымдаманың міндеттері: Жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуін өзектендіру; Тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру; Балалар мен жасөспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметті топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру; Жас қазақстандықтарды толеранттық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу; Балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау және т.б. Тәрбиенің   мақсаты: Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері тануларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау. Тәрбиенің  міндеттері: білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту; балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу; өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымын қалыптастыру және т.б. Тәрбиенің басым бағыттары: 1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық 2.Рухани-адамгершілік 3.Ұлттық тәрбиесі 4.Отбасы тәрбиесі 5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие Еңбек және экономикалық. 6.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. 7.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.Тұжырымдаманы орындаудан күтілетін нәтижелер: тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғам сезінеді, тәрбиенің қоғамдағы мәртебесі нақты бекітіледі; білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігі және сабақтастығы қамтамасыз етіледі; балалардың, жасөспірімдердің және жастардың тәрбиелілігін жоғары деңгейге жеткізеді; салауатты өмір сүру салтын норма ретінде бекітеді; қоғамның рухани және адамгершілік деңгейі жоғарылайды; барлық деңгейлі білім беру ұйымдарында қолданыстағы өзін-өзі дамытушы тәрбие жүйелері қамтамасыз етіледі.  [2-8] Мектеп бойынша  жалпыұлттық патриоттық идеясы мен «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісін түсіндіру және зерделеу бойынша іс-шаралар жоспары бойынша ауқымды жұмыстар ұйымдастырылып,  патриоттық бағыт бойынша сыныптарда білім  сабақтары дәстүрлі түрде өткізіледі. Тәуелсіздік  күніне орай , жоспарлы түрде «Тәуелсіздік- тірегім» атты пікірталас орта буындарға өткізілді. Бұл орта буын оқушыларының тәуелсіздіктің қазақ халқына қандай жетістікпен келгендігі, еліміздегі бейбітшілік өмірді түсінуіне, өз елінің патриоты болуға, отансүйгіштікке баулу еді. Пікірталас мына тұрғыда өрбіді: а) «Тәуелсіздік» деген не? – сұрағы қойылады, оқушылар ойлана отырып өз пікірін айтады. б) 20 жыл не берді? – осы 20 жылдық мереке қарсаңында елімізде көптеген  мерекелік шаралар тарихи мағыналы көріністердің куәсі болдық. в) «Көшбасшы … бұл кім?» деген сұрақ аясында топтастыру стратегиясын толтырады. Тиімділігі: Білімі толық қамтылады,  ұмытылған көптеген тарихты еске түсіреді.  Оқушыларды неге үйретеді: Еліне деген жауапкершілікке, жан – жақты оқушы болуға үйретеді. Нәтиже: Оқушыларға ой салынады, білімі анықталады, қызығушылығы артады, партиоттық сезімі күшейеді, болашақта мамандық тандауда тиімді жолдарын таба алады. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын, жаманның жамандығын айт құты қашсын» — дегендей, ел басының барлық халқы үшін жасаған еңбегін айтпай кету мүмкін емес. Елбасымыздың құрметіне күнтізбеде қызыл бояумен тағы бір атаулы мереке, мейрам қосылған. Ол біз үшін, оқушылар үшін мақтаныш, үлгі- өнеге. Бұл атаулы күнде де, президентіміздің ардақты атын жастар жадында мәңгі қалу үшін, оның елүшін жасаған әрбір елеулі еңбегін қалт жібермей насихаттау мектепте тәрбие меңгерушліернің құзырында деп білемін.  ғ) Ер есімі – ел есінде. (Қазақстан тарихында өшпес  алтын әріппен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мәңгі ел есінде қалады. Тиімділігі: тіл байлығы дамиды, ұлт жандылыққа, ҚР тарихын, тәуелсіздікті бүгінгі өмірімен байланыстыра отырып мәнін ашуға үйретеді. Оқушыларды неге үйретеді: елін жерін сүйуге, ұлт жандылыққа тәбиелейді. Нәтиже: ұлттық құндылықтарды бағалауға үйренеді. 3. Жәрмеңке (қолөнер көрмесі). Пластилиннен сурет, ағаш, мата, т.б. материалдардан жасалған, «Тәуелсіздікке сый» сұлбасы. Тиімділігі: шығармашылық қабілеті дамиды, оқушылардың ой өрісі  артады. Оқушыларды неге үйретеді: сұлулыққа, әсемдікке, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа үйретеді.  Нәтиже: Шығармашыл, еңбекқор оқушы қалыптасады. 4. Патриоттық әндер байқауы, шеру. Бұл ұсыныс арқылы оқушыларды еліміздің патриоттық әндерін насихаттау. Тиімділігі: дарынды, өнерлі бала табуға көмектеседі. Оқушыларды неге үйретеді: өнерлі, шығармашыл болуға үйретеді. Нәтиже: дарынды, өнерлі, жан-жақты бала анықталады. Патриоттық әндер оқушы жадында сақталады. Өнерге деген құштарлығы артады. 5. Суретпен жұмыс. «Суреттер сөйлейді» Дайын суреттер бойынша ойын айту. Тиімділігі: Баланың есте сақтау қабілеті артады. Оқушыларды неге үйретеді:  біреудің ойын түсінуге, суретке қарау арқылы сурет салушы адамның қандай екенін біле алады. Нәтиже: суретті сөйлете біледі, ойлау, шығармашылық қабілеті дамиды, тіл байлығы дамиды, қиялдау қабілетін дамытады. 6. Баяндама (Конференция). Қазақтың көрнекті тұлғалар: Н.Ә.Назарбаев, Абылай хан, Қайрат Рысқұлов, Ә.Кекілбаев сынды тұлғалар туралы баяндама жасақтап, қорғайды. Тәуелсіздік жолында тер төккен қазақ тұлғаларының өмірбаянын пащ етеді. Тиімділігі: оқушы ізденеді, өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді, жауапкершілігі артады. Оқушыларды неге үйретеді: қиындыққа мойымауға үйретеді, өжеттіліке, қайсарлыққа, батырлыққа тәрбиелейді. Нәтиже:  Осы аталған тұлғалардың өмірімен танысады. 6. Тренингтер. 7.Жағдаяттар. 1) Сенің сыныбыңда әр түрлі ұлт өкілдері оқиды. Олардың арасында ұрыс туындаса не істейсің? Сенің бір досың «алаңға ту бекер қойылған, орнына ескерткіш қою керек еді» деген пікір айтты. Сенің әрекетің? 2.Танысу (доп лақтыру) а) Атың кім? (6 оқушы) ә) Сен кімсің? (оқушы, бала, азамат) б) Сен қандай оқушысың? (тәртіпті, озат, т.б.) в) Оған қалай жеттің? Енді дәл осы тренингті өз мақсатымызға сай тақырыптық жағынан өзгертуге болады. а) Сенің елің? (Қазақстан) ә) Қазақстан – ол не? (Мемлекет, отаным, атамекенім, туған жерім, жер кіндігі) б) Ол қандай мемлекет? (Бірлігі мықты, бейбіт, зайрылы, тәуелсіз, егеменді, демократиялы, жасампаз, т.б.) в) Қазақстан бұл дәрежеге қалай жетті? (Елбасының саясатының арқасында, халық бірлігі арқылы, еңбекқорлығы нәтижесінде, мақсат қоя білуі арқылы) . 3.«Менің есімім».  Туған ел тарихымен байланысты ма? Мақсаты: оқушыларды өз-өзіне  жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Қазіргі мектеп оқушылары тәуелсіз ел ұрпақтары. Ендеше, оладың аттары да қазақ тарихымен байланысты болуы мүмкін. Мәселен, Томирис, Бекарыс, Бейбарыс, Нұрсұлтан, Абылай, Темірлан, Шыңғыс, т.б. аттар жиі кездеседі. Тиімділігі: баланың машықтандырады, сергітеді, қызықтырады. Оқушыларды неге үйретеді: өзін-өзі тануға, білуге, ізденуге үйретеді. Нәтиже: ойын ашық айта біледі, өзін құрметтеуге, бағалауға үйретеді.8.Тарихи – мәдени кеш «Тәуелсіздік – ту етер жалғыз кие». [ 3 - 11] Сахналанған қойылым, мәнерлеп оқу, жас ақындар, күй, қазақ биі, патриоттық әндерді пайдаланып үлкен кеш өткізу. Кеш өткізерде үлкен дайындықпен өткізу. Тиімділігі:  Уақытты үнемдеу, осы кеш арқылы баланың жан-жақты алған білімін бекіту. Оқушыларды неге үйретеді:  Өнерлі болуға, еліне деген сүйіспеншілін, жауапкершілігін арттырады. Нәтиже:  Эстетикалық тәрбие, сахна мәдениетін біледі. Дарынды баланы анықтайды. 28 батыр-панфиловшылардың ерлігіне тағзым ету және "Мәңгілік ел" патриоттық актісінің жалпыұлттық идеясын іске асыру мақсатындағы: 2016 жылғы  7-12 қараша аралығында өткен "Ерлік сабақтары" апталығының іс-шаралар жоспары бойынша "Ерлік -елге мұра, ұрпаққа  ұран" тақырыбында  28 батыр -панфиловшыларға бұрыш жасақталып, "Барлық бала бейбітшілікті аңсайды"  тақырыбында сурет байқауы  5-7 сыныптарда өткізілді. Сонымен қатар әндер байқауы, әдеби-музыкалық сазды кештер өткізілді.  Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын. 2010-2011 жылдар Қазақстан үшін елеулі тарихи оқиғаға толы жыл болды. Бұл жылы біз дамыған әлем мемлекеттерінің қатарында басымызды жоғары көтеріп, аяғымыздан нық тұрып өз күшімізбен қуатымызды әлем алдында көрсете алдық. ОБСЕ-ге төраға етіп көптеген мемлекеттердің арасындағы саяси шиеленістерді шештік. 1-2 желтоқсан аралығында Елордамыз Астана қаласындағы самиттің тарихи маңызы өте зор, себебі болашақ – ұрпақтың көкірегінде патриоттық сезімнің алаулап ұшуына үлкен септігін тигізді. 7-ші қысқы Азия ойындары халықтың спортқа деген қызығушылығын, салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы таза – бойы әсем, жігері берік ел екендігін көрсетті. Отанымыздың аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп –ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін,Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта- ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді.  «Патриотизм дегеніміз — Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.»  Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді. Бірінші –танымдық, екінші — тәрбиелік, үшінші — дамытушылық.  Осы мақсаттарды орындау үшін мемлекеттік стандартты басшалыққа ала отырып, өз тәжірибемде оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келемін.
Балаларға ел сүйгіштік, ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелер өткіздім. Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады. 2011 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің 28 қаңтардағы Жолдауында «20 жылдағы 20 жетістік» жыл бойына білім орындарында, тәрбие, класс сағаттарында қарқынды түрде үгіттеледі, себебі 20 жылдағы жетістікті қиын жолмен өткен Қазақстанның тарихын, саясатын, экономикасын білу–әр ұрпақтың міндеті.
Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. «Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз –бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, «ұлттық патриотизм және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Осы жұмыстарды өткізіп, ұйымдастыру нәтижесінде оқушыларым көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтсам, аудандық «Өнерлі өрге жүзеді» көркемөнерпаздар байқауында 7 «б» сынып оқушысы Жұма Жайна бас жүлдені жеңіп алса, облыстан жүлделі 3-орынды иеленді. Аудандық «Менің отбасымның бағы-елімнің мәртебесі» байқауында  9-сынып оқушысы Серікқызы Гүлнар 3-орын, облыстық Ұлы Отан соғысы жеңісінің 71-жылдығына арналған «Менің елім» атты ән фестивалінде Ж.Жайна тағы да ән шырқап қайтты. Исахаев Досбол атты оқушым ҚР 25-жылдығына орай өткізілген «Айбын» әскери-спорттық біріншілікте «Ұзындыққа секіруден» 1-орынды жеңіп алды.  Ауданда өткен «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты сайыста Николаева Томирис жүлделі 3-орынды иеленді. Осы секілді ауданда өткізілген «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім» патриоттық әндер байқауында Болатова Альбина жүлделі 3-орынды қанжығасына байлады. Мәдени күндер фестивалінде «көрініс» байқауында «Туады ерлер ел үшін» деген қойылым алғыс хатпен марапатталды. Бұл нәтижелердің барлығы әрине мектепте патриоттық сананы дамыту үшін ұымдастырылған еңбектің жемісі деп білемін. Осындай ұлтжанды, рухы биік, өз елінің патриоты боп өскен ұрпағымыз көп болғай!   Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс-әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз. Болашақта бұл тек бір бағыт емес, жалпы басқа да бағыттар бойынша ұйымдастырылған жұмыстарды жандандырып, Қазақстанның болашаққта бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеуде аянбай еңбек ете береміз демекпін.

 

 

                                                    Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Тәрбие  тұжырымдамасы 2016жыл

2.Тәрбие  құралы, 2016 жыл

3.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар  журналдары, 2016 жыл №4, №6

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан - жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондықтан жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндет. Ұстаздар мен ғалымдардың екінші Қазақстандық съезінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қымбатты ұстаздар, сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл - ойын жетілдірудесіздер.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 935 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.12.2020 1214
    • DOCX 36.9 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Колесова Наталия Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Колесова Наталия Анатольевна
    Колесова Наталия Анатольевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 81937
    • Всего материалов: 238

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе