Инфоурок Другое Рабочие программы«Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балалар мен ата-аналармен жұмыстың ұйымдастырылуы!»

«Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балалар мен ата-аналармен жұмыстың ұйымдастырылуы!»

Скачать материал

«Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балалар мен ата-аналармен жұмыстың ұйымдастырылуы!»

Бүгінгі таңда дүниежүзілік прогрестің дамыған кезеңінде бала тәрбиесі бір сәтте назардан тыс қалмауы керек. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлтымыздың болашағы - жас ұрпақ!» деген болатын. Әрбір бүлдіршін - ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы, ұлттың болашағы, егеменді еліміздің ертеңі. Сондықтан «бала», «ұрпақ», «Өркен» деген ұғымдарды ұмытпай және негізгі мақсатымыз – жан-жақты бала тәрбиесі болуы керек.
Бүгінгі қоғамда жан-жақты жетілген, бойында ұлттық құндылықтар, сана-сезімі қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Осы міндетті іске асыру үшін, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы №27 бұйрығымен бекітілген «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің қызметін ұйымдастырудың ережесіне» сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балаларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында, «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттер» құру қолға алына бастады. Бүгінгі күні облыс көлемінде барлық балабақша жанынан «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттер» ашылып, жұмыс жасайды. Солардың бірі, 2012 жылы 20-шы ақпанынан бастап, құрама үлгідегі №28 «Балдәурен» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында отбасылық жағдайында тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункті ашылды.
«Ата-аналарға арналған консультациялық пункт» жұмысын ұйымдастыру үшін балабақша орналасқан шағын ауданда тұратын балабақшамен қамтылмаған балалар мен ата-аналар үшін қолдау көрсететін ұйымдармен біріге отырып, балабақшамен қамтылмаған балалары бар 25 отбасын анықтадық. Оларға «Ата-аналарға арналған консультациялық пункт» жөнінде ақпарат, оның мақсаты мен міндеті түсіндіріліп, кеңестер берілді. Осы артқарылған жұмыстар нәтижесінде 20 отбасы «Ата-аналарға арналған консультациялық пунктінің» қызметіне өтініш білдірді. Өтініш білдірген отбасылар ішінен асыраушысынан айрылған Кимбековтар және Адиловтар отбасы анықталып, педагогикалық – психологиялық қолдау көрсетіліп, әртүрлі көмек түрлері ұйымдастырылды. 
Балабақша ғимараты ішінен АКП жұмысы үшін арнайы кабинет бөлініп, талапқа сай жабдықталды. Ата-аналар бұрышы отбасы жөніндегі мәліметтер жинағымен, сауалнама және кеңестер топтамасымен, әдістемелік құралдармен, нұсқаулықтармен, ойындар жинағымен, балалар әдебиетімен, нормативтік сілтемелер жинағымен және техникалық құралдармен жабдықталды. Ата-аналар үшін «Ашық ой» және «Сұрақ-жауап» күні жүйелі ұйымдастырылып, өткізіліп отыр.
«Консультативтік пункттер жағдайындағы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған балалар және ата-аналармен» жан-жақты, яғни баланы туған еліне, жеріне сүйіспеншілікке баулып, ұлтжандылыққа, басқа халықтарға бауырластыққа, достыққа тәрбиелеу үшін «Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының ролі», «Тұрмыс салт дәстүрлерінің балаларға тәрбие берудегі маңызы», «Этнопедагогиканың бала дүниетанымының қалыптасуындағы орны» тақырыптарында тәрбиешілер, педагогтар баяндама дайындап, ата-аналармен ой бөлісті. 
Бала тәрбиесі үшін маңызды «Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы», «Тазалық - денсаулық кепілі», «Баланың рухани әлемі», «Ұялшақтық, ұяңдық оны қалай жеңуге болады?», «Баланың үйдегі әрекетін ұйымдастыру», «Баланы мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу» т.б. тақырыптарда топтық және жеке кеңестер берілді.
«Консультативтік пункттер жағдайындағы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған балалар және ата-аналарды» көбіне толғандыратын сұрақтарға «Балалардың балабақшаға бейімделуі», «Балалардың қабілеттілігін анықтау жолдары», «Бала ағзасын шынықтыру» және тақырыптарда мамандар тарапынан кеңестер беріледі.
Ата-аналармен, баланың мектепке дайындығын анықтау мақсатында тестілер мен сауалнамалар жүргізіліп, балалардың оқу- білім деңгейін анықтап, мамандардың тиісінше кеңес –нұсқаулары беріліп отырды.
Балабақша ұжымы ата-аналар бастамасымен «Шебердің сыйы», «Киелі киіз үй» қолөнер көрмесін, «Жас суретші», «Ақ маржан қалам - Ақтауым» суретшілер байқауын, «Маңғыстауға – 40 жыл», «Ақтауға – 50 жыл» мерей тойларына орай ойын-сауықтар, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар ата-аналармен бірлесе отырып, «Үлгілі отбасы» , «Әкем, анам және мен, спортшымыз шетінен» спорттық іс-шаралары өткізілді. Бұл сорттық іс-шаралар салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-аналар мен балалар арасында спортқа қызығушылықты арттыру және баланың төзімділігін, жылдамдығын, ептілігін, батылдығын дамыту, шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
Ата-аналар үшін «Келіңіз, танысайық», «Балаларды қоғамдық ортаға бейімдеу», «Бала дамуындағы отбасының ықпалы», «Бірлескен іс нәтижелі» тақырыптарда ата-аналар жиналысы өткізілді.
Балалардың құқығын қорғау мақсатында біздің өмірімізде барлық орындауға міндетті белгілі нормалар мен талаптарға назар аудара отырып, ата-аналармен және педагогтармен құқық тәрбиесі туралы әңгімелесулер, баланың құқығы, баланы жазалау мәселелері, баланың жеке тұлғасына , ар-намысына тимейтіндей, өз қателігін түсінетіндей жұмыстар жүргізу насихатталды. Ата-ананың және педагогтардың негізгі міндеті – баланың толыққанды дамуына жағдай жасау, оның даралығын, ерекшеліктерін ескеру. Өз баласының дербес әрекет жасауын құптау және құқығын қорғау бағытында «Бала құқығын қорғау мәселелерін шешу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг, дәрістер өткізілді.
Консультативтік пункттер жағдайындағы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған балалар және ата-аналар өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салып, тәжірибе алмасып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын балаларға, балабақша ұжымына ұсынды.Солардың бірі балалар ақыны, сазгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі К.Ыбырайұлы өзінің балаларға арналған шығармаларымен АКП кітапханасын толықтырды, әр мереке сайын балаларға «тосынсый» жасап, жаңа «Балдәурен», «Ақтауым», «Тілім менің» атты әндерін балаларға тарту етті. Бұл әндердің алғашқы орындаушылары балабақша бұлдіршіндері болды.
Сонымен қатар Маңғыстау облысының «Халық қолөнер саласының үздігі», «Маңғыстау табыс - 2012» қолөнер шебері ата-ана Н.Елбаев «Атадан қалған асыл мұра», «Шебердің сыйы» қолөнер көрмелерін ұйымдастыруға көмектесіп, ата-аналарға арналған консультациялық пунктке табиғи бұйымдардан жасалған ұлттық жәдігерлерін сыйға тартты. Мұндай игі істер бүлдіршіндер мен ата-аналар, педагогтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, достықтарын жарастырды.
Ата-аналарға арналған консультативтік пукттің ата-аналар үшін пайдасы:
- бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға үйрену;
- бір-бірімен (ата-аналар) жақсы қарым-қатынаста болып, жаңа ортаға тез бейімделу;
- үй жағдайында балаларды мектепке дайындаудың қиындықтары мен жетістіктерін ортаға салу, тәжірибе алмасу;
- баласының қабілеттерін танып, аша білу қасиетінің пайда болуы;
- баламен тығыз қарым-қатынасының орнауы;
- балалық шақтағы ойын түрлерін ұсынып, балаларымен бірге ойнауы.
- тренингтер, т.б. іс-шаралар барысында өздерінің білімдерін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу;
Балалармен және ата-аналармен жүргізілген іс-шаралардың нәтижелерін анықтау барысында диагностикалық жұмыстар ұйымдастырылып, тестілер, сауалнамалар арқылы балалардың, ата-аналардың бойындағы оң өзгерістер анықталды (ата-аналардың сенімі, ұйымдастырған іс-шараларға белсенді қатысуы, т.б).
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиесіндегі оқу-тәрбие үрдісі сабақтаса ұштаса жүргізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Алдағы уақытта бұл үрдіс өз жалғасын табатындығын және іс-тәжірибелеріміз шыңдалатындығын сеніммен айта аламын.
Өз ойымды ұлы педагог Мағжан Жұмабаевтың пікірімен тұжырымдап, аяқтағым келіп тұр: «Жас бала – жас бір шыбық. Жас күнінде қай түрінде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең, сындырып аласың. «Баланы бастан» деген сөздің мәнісі осы. Тәрбие деген баланы бетке қақпай бетімен жіберу емес. Яки отырса басқа, тұрса аяққа ұрып, көр бала қылып өсіруде емес. Баланы тәрбие қылу тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзаттың дүниесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару!» - деген екен.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балалар мен ата-аналармен жұмыстың ұйымдастырылуы!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балалар мен ата-аналармен жұмыстың ұйымдастырылуы!» Бүгінгі таңда дүниежүзілік прогрестің дамыған кезеңінде бала тәрбиесі бір сәтте назардан тыс қалмауы керек. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлтымыздың болашағы - жас ұрпақ!» деген болатын. Әрбір бүлдіршін - ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы, ұлттың болашағы, егеменді еліміздің ертеңі. Сондықтан «бала», «ұрпақ», «Өркен» деген ұғымдарды ұмытпай және негізгі мақсатымыз – жан-жақты бала тәрбиесі болуы керек. Бүгінгі қоғамда жан-жақты жетілген, бойында ұлттық құндылықтар, сана-сезімі қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Осы міндетті іске асыру үшін, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы №27 бұйрығымен бекітілген «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің қызметін ұйымдастырудың ережесіне» сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балаларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында, «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттер» құру қолға алына бастады. Бүгінгі күні облыс көлемінде барлық балабақша жанынан «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттер» ашылып, жұмыс жасайды. Солардың бірі, 2012 жылы 20-шы ақпанынан бастап, құрама үлгідегі №28 «Балдәурен» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында отбасылық жағдайында тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункті ашылды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 657 032 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.07.2020 186
    • DOCX 53.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Очирова Зоя Бадмаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Очирова Зоя Бадмаевна
    Очирова Зоя Бадмаевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 77733
    • Всего материалов: 248

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 601 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 205 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе