Инфоурок Начальные классы КонспектыМектепалды даярлық тобы "Көліктер"

Мектепалды даярлық тобы "Көліктер"

Скачать материал

Тақырыбы: Көліктер

Мақсаты: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту.Балалардың қызығушылықтарын  дамыту. Жол ережелерін сақтауға  тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.

Көрнекіліктер: Тақырып мазмұнына байланысты слайдтар,таратпа материалдар

  Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Тұлға аралық байланысты орнату

Балаларды топқа бөлу.

III. Сыныптың білім деңгейін анықтау .

Өтілген материал бойынша сұрақтарға жауап беру.

Біздің еліміз қалай аталады?

Еліміздің рәміздерін ата.

Отан,Қазақстан,Астана сөздеріне сөйлем құрау


Отан туралы тақпақтар айту.

Отан – сенің ата – анаң                                            

Отан – досың, бауырың

Отан  - өлкең астанаң

Отан – аудан,ауылың

Отан -  осы достарым

Көңілге мұны түйе біл

«Отан» деп өс,жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл.


 

IV. Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелер.

Балалар  сендер саяхат шыққанды ұнатасыңдар ма?

Саяхатқа немен шығуға болады? (автобуспен,машинамен,самолетпен, т.б...)

Осыларды бір сөзбен қалай атауға болады?

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы (Көліктер)

V. Қызығушылық пен назарын аудару

Жұмбақтар шешу. (слаид)

Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,

Кісі мінсе жарыстан қалыспайды.

Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз,

Сағатта талай жерді қарыштайды          (велосиепд)

 

Бір жануар домаланған екі көзді,

 Адамның ықпалымен жүреді өзі.

Сияды ішіне оның төрт-бес кісі,

 Жарқырап түнде жортса екі көзі.  (автомобиль)

Қанаты бар, жаны жоқ ,

Табаны бар, аяғы жоқ .

Өзі ұшады, аспанда жүреді ,

Теңізден де, таудан да өтеді.                   (Ұшақ)

 

Пырылдар көкте инелік ,

Инелік емес үй делік.                               (Тікұшақ)

 

 

 

 

Үйрек емес, қаз емес,

Балық емес судағы,

Өзі жүзе біледі.

Жемі көмір және май,

Шешуін кім біледі?                                   (Параход)

 

VI Негізгі бөлім (слаид)

1.Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда көшедегі машиналардың атқаратын қызметтері жайлы толығырақ мәлімет алайық

 Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс

малы: түйежылқы, піл, есексиырбұғыит, т.б. жатады. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобильпойызұшақтар ығыстыра бастады. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.

Көліктерді  4 топқа бөлуге болады: автомобиль көлігі, теміржол, теңіз көлігі, әуе көлігі

Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда.

Автомобиль көлігі – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы.

Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы. Тасымалданатын негізгі өнімдер – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.

Су көлігі - энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі. Поезд, машина, ұшақ сияқты кемелер мен баржылар жылдам қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді.

 

 Өздерінің көліктер жайлы жаттаған тақпақтарын айтады


                                                         Кеме

Бұлттар менен көктегі,   Теңізді жүздім балықтай,

Мен боламын туысқан.   Дүниені кездім жалықпай

Ұшақ 

Озып шығам құстарды,   Көліктердің бір түрі,

Қанат қақпай ұшамын.   

Мен боламын қайықтай.

 

             

Машина

Төрт аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін,

Барлық жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам.


Дәптермен жұмыс.

1.Суретпен жұмыс. Суретке қарап сөйлем құра.

2.Дәптердегі «Көліктер» өлеңін жаттау.

Сергіту сәті

VII .Пайымдау және логикалық ойлау

Балалар автомобиль көлігі жолда жүреді.Сондықтан жол ережесін сақтау керек.Жол ережесін сақтау үшін бізге бағдаршам керек.

 Бағдаршам жайлы не білеміз? (балалар әңгімелейді)

1.Бағдаршам жол ережесін реттеуші,жол қиылысынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды.

2.Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады.

 3.Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді.-

4. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді.

5. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.

5..Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды

6.Көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек.

7.Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды.


Қызыл көзі жанғанда,

Сынық сүйем бас па алға,

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға,

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба?

 

Тәртіп керек баршаға.

«Бұзба көше тәртібін,

Ұрынасың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа»


 

 Дидактикалық ойын «Шындық, жалған» Балаларға шындыққа сай келмейтін және келетін сөйлемдерді айту. Балалар оның дұрыс, дұрыс еместігін айтады.

Көшеде доп ойнау

Көшеде арнайы ақ жолақтан өту

Жолдан жүгіріп өту

Көшеден өткенде солға оңға қараймын.

Көшенің ортасында доп ойнаймын.

Жол ережесін сақтаймын.

Бағдаршамның сары көзі жанғанда дайындаламын.

Жасыл көзі жанғанда жүремін.

Көлік ішіндегі тәртіп ережелерін білесіңдер ме? (слаид )

 Топтамамен жұмыс.(суретті бояу,суретке сөйлем құрау)

VIII.Балаларды бақылауды жүргізуге, қорытынды шығаруға жетелеу

- Қандай көлік түрлерімен таныстық?    
- Көліктің қызметі қажет пе?
- Жол жүру ережесін  не үшін сақтау керек?
- Автобустан түскенде  не істеу керек?
- Жол бетіндегі ала жолақ  кім үшін?

- Неге «Жедел жәрдем» және «Өрт сөндіргіш» машиналарына жол беру керек?

 Біз не білдік? Не түсініксіз болды?

IX. Формативті бағалау.    Жұлдызшалар беру

 

 

    Күтілген нәтиже:

    Білуі тиіс:               Көлік және оның  түрлерін білуі тиіс

    Болуы тиіс:            Жол ережесі жөнінде түсініктері болуы тиіс

    Жасай алуы:          Артығын табу, жетіспеген бөлігін салу, көліктерге байланы тақпақтарды мәнерлеп                             

                                     айта алуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын: «Жер, су, әуе» Балаларға көлік түрлері көрсетіледі, ал олар оның классификациясын атайды.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепалды даярлық тобы "Көліктер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

        Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту.Балалардың қызығушылықтарын  дамыту.Машиналардың суреттері, жолда жүру ережелерінің суреттері арқылы, ауыл мен қала көшелерінің  макеті мен суреттері арқылы балның ойлау қабілетін жетілдіру.

         Жолда жүру ережелері туралы білімдерін толықтыру. Жолда жүрген кезде міндетті түрде жолда жүру   ережелерін  сақтауға тәрбиелеу.


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.12.2014 2017
    • DOCX 23.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шауенова Ляззат Жумадиллакызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шауенова Ляззат Жумадиллакызы
    Шауенова Ляззат Жумадиллакызы
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 51583
    • Всего материалов: 32

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2688 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 482 человека

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе