Инфоурок Другое Другие методич. материалыМектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру жане жүргізу әдістері

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру жане жүргізу әдістері

Скачать материал

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларын

ұйымдастыру жане жүргізу әдістері

 

Әдетте дене шынықтыру жаттығулары 2-ші сәбилер тобынан бастап, айына екі-үш рет өткізілді. 2-ші сәби және естияр топтарында 20-30 мин., ересек топтарда 35-40 мин., мектепке дайындық тобында 40-50 минөтке дейін барады.

Мектеп жасына дейінгі мекемелерде дене шынықтыру жаттығулары күннің 2-ші жартысында, ашық ауада, түстен кейінгі тамақтан соң өткізіледі. Жазғы кезде дене шынықтыру жаттығулары таңертеңгі тамақтан кейін, күннің 1-ші жартысында өткізіле береді. Дене шынықтыру жаттығуларын жоспарлау кезінде «Денсаулық күні», «Дене шынықтыру мерекесі», «Демалыс» сияқты жұмыс формалары негізге алынады. Дене шынықтыру жаттығуларын бір деңгейдегі жас тобтарымен өткізген ыңғайлы. Мысалы, кіші және естияр топтар немесе ересек және мектепке дайындық топтары арасында біріктіріп өткізсе, балалардың да қызығушылығы арта түседі.

Балалардың белсенді тынығуына жұмыстың түрлерін таңдау арқылы жағдай жасалады. Мысалы, шынықтыру кезінде тәрбиешілер балалармен эстафеталық жарыс ойындарын өткізгенде, олардың көңіл-күйлері көтеріңкі болатынын, бар ынталарымен бірігіп ойнауға тырысатынын байқауға болады.

Бұл орайда, педагогке ескере кертетін жәйттің бірі - балалардың ойын кезінде қатты қызынып кетуіне жол бермеу. Бірақ балалар ойынға шын беріліп, қызған кезде бірден тоқтатуға болмайды. Егер тәрбиеші балалардың шын қызғанын байқаса, қолын көтеріп олардың үзіліс жасауларына мүмкіндік береді. Балалар аздап демалғаннан кейін ойынды жалғастыруға болады.

Балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру барысында балалардың киімі жыл мезгіліне лайықты болуын қадағалауды естен шығармаған жөн. Мұндай ермектері спорт балабақша алаңдарында немесе табиғат аясында, орманда, көлдің жағасында, жылғада немесе балабақша алаңдарында өткізіледі.

Олардың дене шынықтыру жаттығуларын жоспарлаған кезде тақырып мазмұнына қарай ұлттық дәстүрлерді ендіру ескерілуге тиіс. Ермектерді жоспарлау кезінде үлкен ұйымдастырушылық дайындық және тақырыптың мазмұнына байланысты шығармашылық жұмыс істеуді қажет етеді.

Жаттығуларды әртүрлі үлгіде ұйымдастырып, жыл мезгілдеріне, спорттық қызықты жағдайларға («дене шынықтыру күні», «желаяқтар күні», «олимпиада» т.б.) қоғамдық мерекелерге байланысты өткізуге болады. Сәби және естияр топтағы дене шынықтыру жаттығуларын ертегі немесе әдеби кейіпкерлерді енгізе отырып, өткізуге ("Тазша бала", "Алдар көсе","Аяз ата") немесе "Көңілді алаңқайға ұшу", "Орманға жорық", "Қожанасырға қонаққа" т.б бейнелі көріністермен өткізуге болады.

Дене шынықтыру жаттығуларын өткізуде музыканы пайдалану өте пайдалы. Музыкалық шығармаларды қолдануды тиімді шығармашылықпен шешіп, орындағанда сергек,тіпті керек ететін марштың түрлерін қуат беретін әуендерді пайдаланып, гимнастикалық жаттығуларды ырғақты, қалықтай шалқитын әуенмен орындау, балалардың музыканы түсіне білуіне мүмкіндік туғызады. Мәселен, Е.Тиличееваның "Көңілді маршы" шарды, гүлдерді, ленталарды қолдана отырып жаттығуларды орындауға лайықты шығармалар. Сол сияқты А.Шниткенің "Этюды" екі аяқты қатар қосып, жеңіл секіруге ыңғайлы. Ал, аттракционды ойындарды жеңіл, көңілді, сергек әуенмен орындау керек, мысалы Т.Ломованың "Ізде", "Кім жылдам?", Ю.Слонованың "Өткір көздер" шығармаларын қолдануға болады.

Балалардың дене шынықтыру жаттығуларын әр түрлі жас топтарында өткізуде тәрбиешінің алдында көптеген міндеттер тұрады. Сәби топтарында балаларды ұжымдық, топтық және жеке орындаудағы қимылдарын дұрыс жасай білу әрекетіне үйрете отырып, көңіл-күйлерінің, ішкі сезімдерінің көтеріңкі, шат болуына жағдай жасауға тиіс. Естияр топтарында әр баланың қимыл түрлерін шығармашылықпен орындауына, күш жігерін еркін көрсете білуін жағдай жасап, олардың дұрыс дағдылануын дамыту қажет.

Сәби және естияр топтарда дене шынықтыру жаттығуларының мазмұнын таңдау кезінде "Орманға жорық", "Қожанасырда қонақта" сияқты жаттығу түрлерін алған дұрыс. Құрылған бағдарламада бейнелік-көркемдік сауық түрі мазмұны 60-80 пайыз қимылдардан тұрғаны орынды. Сонда ғана әрбір балаға қимыл жасау кезінде өз мүмкіндігін қанағаттандыра алатындай жағдай жасалады.

Жоспар мен бағдарламаның мазмұнына сәйкес дене шынықтыру жаттығуларын сәби топтарында өткізуге керекті жабдықтар жыл бойына ұйымдастырылатын жұмыстар түріне жеткілікті болуға тиіс. Дене жаттығулары мен қимылды ойындар баланың ағзасына көп салмақ түсірмейтіндей, аз қимылды жаттығулармен алмасып отырылуы тиіс. Мысалы, көпірдің үстімен жүріп өткеннен кейін, құрамында жүгіру бар қимылды ойынды қолдануға болады.

Баланың дене шынықтыру жаттығуының құрамы тақырыбына, мақсатына және алға қойған міндеттері мен өткізілу шарттарына байланысты өзгереді.

Дене шынықтыру ермектерін құрудың үлгі кестесі

Сәбилік шақ

І.1.Балаларды спорт алаңына шақыру (көңілді алаңқай).

2. Топқа ойын түрінде тапсырма беру (көпірдің үстімен өту, ағаштар мен бұталардың арасынан жылан ізбен жүру).

3. Қимылды ойын.

4. Ғажайып сәт.

5. Жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау.

6. Топқа арналған әр түрлі негізгі қимылдар (төрт тағандап жүру және жүгіру, қабырғада тұрған ағашқа өрмелеу).

7. Қимылды ойын.

8. Аз қимылды ойын.

II.1. Ғажайып сәт (Әдеби кейіпкердің пайда болуы).

2. Үлкен заттармен (үрілген шарлармен жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау).

3. Топқа арналған ойын тапсырмалары (сылдырмаққа дейін жүгіріп жету,құрсауға еңбектеп бару).

4. Қимылды ойын.

5. Жалпы топқа арналған ойын жаттығулары (келгиді қағып түсір).

6. Сувенирлермен марапаттау.

III.1. Жұмбақ шешу-ғажайып сәт.

2. Жалпы топқа арналған негізгі қимылдар (бөренемен, иілмелі тақтаймен жүріп өту).

3. Майда заттармен (сылдырмақтармен) жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау.

4. Қимылды ойын.

5. Балаларды қалыпқа түсіретін сәт (аяқтың өкшесімен жүру) немесе аз қимылды ойын (Кім жай сыбырлайды?).

Естияр тобы

Бұл топтан бастап ермектің мазмұны мен құрамына жарыс элементтері бар ойындарды енгізуге болады: "Кім секеңдейді?", "Кім шелекті жаңғақпен тез толтырады?", "Кімнің командасы тез тұрады?", "Кімнің машинасы гаражға тез жетеді?". Ермектің мазмұнын құрастырар кезде әрбір баланың ойынға және жаттығуларға белсенді араласуын ескерген дұрыс.

I.1. Ғажайып сәт (телеграмма, әдеби кейіпкерлермен кездесу).

2. Топқа арналған ойын тапсырмалары (шаңғымен үш рет қақпаны айналып өту, олардың арақашықтықтары бір-бірімен бес-алты адымдай болады.

3. Топқа арналған ойын жаттығулары ( шыршаның айналасынан шаңғымен дөңгелек шеңберді сақтай отырып айналу).

4. Ойын-сауық айналымы (әндетіп).

5. Екі команданың жарыс (тепе-теңдікті сақтау және тігінен лақтыру, шанамен қуалау).

6. Жаттығуда жеңіп шыққан жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау.

II.1.Спорт алаңына шақыру.

2. Жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау.

3. Қимылды ойын.

4. Екі команда жарысы (барлық бала қатысады).

5. Жеке жарыс (2-3 жұптан тұратын балалар тобы).

6. Екі команда жарысы (барлық бала қатысады).

7. Барлық қатысушыларды марапаттау (жүлде ортақ болады).

III.1. Ғажайып сәт, залға шақыру.

2. Қимылды ойын.

3. Аттракциондар: а) жеке; ә) топтық

4. Қимылды ойын.

5. Аз қимылды ойын.

IV.1. Залға  музыкамен кіру

2. Ырғақты музыкамен еркін қол жаттығуларын орындау (үрмелі шармен ойын).

3. Жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау.

4. Ғажайып сәт (ертегі кейіпкерінің пайда болуы).

5. Аттракциондар: 4-5 баладан тұратын шағын топтар қатысады (2-3 рет қайталанады).

6. Екі команда жарыс (барлық бала қатысады).

7. Барлық балаларды марапаттау.

8. Музыка сүйемелдеуімен еркін би.

Ересек тобы

Бұл топта сәби тобына қарағанда дене шынықтыру жаттығулары жарыс эстафета сипатындағы ойын түрінде өткізіледі. Командаға бөлініп, әр команданың капитаны болады. Мұндай ойын жарыстар балалардан ептілік, жылдамдық, төзімділік, қимылдың кеңістікте дұрыс орындалуын бағдарлауды талап етеді. Жарыс ойындары балалардың шығармашылығын тудыра отырып, алдарына қойған міндеттерді өздігінен шеше білуге көмектеседі. Ойындар мен жаттығуларды әрбір командаға жарыс түрінде бөліп беру керек. Затпен орындалатын дене жаттығуларын жарыс ойындарымен сауық түріндегі эстафетамен, жалпы топпен орындалатын қимылды ойындармен мақсатты түрде таңдау кезінде жарысқа қатысатын әрбір баланың жеке ерекшелігін, мүмкіндігін, қимылдарды орындауға дайындығын ескеру қажет. Мүмкіндігінше, барлық баланың ойын мен жаттығуларға қатысуы өте маңызды.

Дене шынықтыру ермегінің құрылысы

I.1.Командалардың сәлемдесуі

2. Командалар жарысы (жарыс элементі бар немесе жарыс сипатындағы ойын жаттығулары)

3. Капитандар жарысы

4. Командалардың көрсеткіш бастамалары (ұсақ заттармен орындалатын, жан-жақты дамытатын жаттығулар)

5. Ойынның қорытынды нәтижесі.

II.1. Ғажайып сәт (балаларды хатпен спорт алаңына, залға шақыру).

2. Көрсеткіш бастамалары.

3. Жалпы топтық қимылды ойын.

4. Эстафета.

5. Жалпы топтық қимылды ойын.

III.1. Би қимылдары, сауықпен ән айту.

2. Жалпы топтық қимылды ойын.

3. Аттракциондар.

4. Эстафета.

5. Ғажайып сәт.

 

Дене шынықтыру ермегінің үлгі мазмұны.

Тазша баламен дене шынықтыру жаттығуы (спорт алаңына өткізіледі).

Тәрбиеші: Шет жағасын айтайын, өздерің шешіңдер:

Басында бар телпегі

Кекілі желбең етеді.

Көңілді өзі айлакер

Аты кім, оның таба бер.

Балалар: Тазша бала!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, бұл – Тазша бала. Неге ол ұзақ көрінбей жатыр? Кәне, бәріміз оны шақырайықшы?! Әлде, ол біздің балабақшаны таба алмай, адасып жүр ма екен?

Балалар: Тазша бала! Тазша бала! Ау-ау!

Тазша бала көрінеді (қолында сылдырмақтары бар).

- Саламатсыздар ма, балалар! Мен сендерге сылдырмақтар әкелдім. Бәрің қазір серуендеуге дайындалыңдар. Мен сендермен сол кезде ойнаймын.

Балалар Тазша баламен серуенге шығады."Кім жылдам?" ойыны өткізіледі. Ортасында Тазша бала тұрады. Тазша баланың айналасы сылдырмаққа толы, ойынға қатысушы балалардан сылдырмақтың санының 1-2-і кем. Тәрбиеші бубенді ұрады. Балалар Тазша баланың артынан жүреді, жүгіреді, секіреді, алақандарын шапалақтайды. Бір, екі, үш, сылдырмақты алып үш деген кезде балалар сылдырмақтарға ұмтылады. Алып үлгермегендерді Тазша баланың қасында қалып, қолдарын шапалақтап, өлең айтады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Тазша бала: Ох, мен шаршадым, енді дем алып сендердің қандай икемді де епті екендеріңді көргім келеді.

Тәрбиеші: Тазша бала, қара, балалар доппен қалай ойнайды екен.

"Допты домалат" ойыны өткізіледі. Әрбір бала допты немесе көлемі 6-8 см. шағын шарды алып, межеге дейінгі белгі тұрған жолаушыға немесе сызыққа дейін домалатып апарады. Тәрбиеші жақсы тапсырма орындаған балаларға тапсырманы тағы да орындауға мүмкіндік береді. Ойын бірнеше рет қайталанады. Содан соң балалар допты (шарды) себетке жинайды.

Тәрбиеші: Тазша бала, саған біздің балалар ұнады ма?

Тазша бала: Иә, балалардың бәрі мықты, олар епті, спорттағы табыстары үшін бәрін марапаттауға болады.

Тәрбиеші: Тазша бала сен балаларды немен марапаттайын деп едің?

Тазша бала балаларды құттықтау қағазымен және белгіменен марапаттайды.

Дене шынықтыру жаттығуларына байланысты өткізілетін ойын түрлері өте көп. Дегенмен де оларды таңдап алу бала ағзасының дамуына ықпал етіп, көңіл-күйіне әсер ететіндей, белсенділік сезімдерін дамытатындай дәрежеде болуы педагогтің ұйымдастыру шеберлігіне байланысты.

         

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру жане жүргізу әдістері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру жаттығуларынұйымдастыру жане жүргізу әдістеріӘдетте дене шынықтыру жаттығулары 2-ші сәбилер тобынан бастап, айына екі-үш рет өткізілді. 2-ші сәби және естияр топтарында 20-30 мин., ересек топтарда 35-40 мин., мектепке дайындық тобында 40-50 минөтке дейін барады.Мектеп жасына дейінгі мекемелерде дене шынықтыру жаттығулары күннің 2-ші жартысында, ашық ауада, түстен кейінгі тамақтан соң өткізіледі. Жазғы кезде дене шынықтыру жаттығулары таңертеңгі тамақтан кейін, күннің 1-ші жартысында өткізіле береді. Дене шынықтыру жаттығуларын жоспарлау кезінде «Денсаулық күні», «Дене шынықтыру мерекесі», «Демалыс» сияқты жұмыс формалары негізге алынады. Дене шынықтыру жаттығуларын бір деңгейдегі жас тобтарымен өткізген ыңғайлы. Мысалы, кіші және естияр топтар немесе ересек және мектепке дайындық топтары арасында біріктіріп өткізсе, балалардың да қызығушылығы арта түседі.Балалардың белсенді тынығуына жұмыстың түрлерін таңдау арқылы жағдай жасалады. Мысалы, шынықтыру кезінде тәрбиешілер балалармен эстафеталық жарыс ойындарын өткізгенде, олардың көңіл-күйлері көтеріңкі болатынын, бар ынталарымен бірігіп ойнауға тырысатынын байқауға болады.Бұл орайда, педагогке ескере кертетін жәйттің бірі - балалардың ойын кезінде қатты қызынып кетуіне жол бермеу. Бірақ балалар ойынға шын беріліп, қызған кезде бірден тоқтатуға болмайды. Егер тәрбиеші балалардың шын қызғанын байқаса, қолын көтеріп олардың үзіліс жасауларына мүмкіндік береді. Балалар аздап демалғаннан кейін ойынды жалғастыруға болады.Балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру барысында балалардың киімі жыл мезгіліне лайықты болуын қадағалауды естен шығармаған жөн. Мұндай ермектері спорт балабақша алаңдарында немесе табиғат аясында, орманда, көлдің жағасында, жылғада немесе балабақша алаңдарында өткізіледі.Олардың дене шынықтыру жаттығуларын жоспарлаған кезде тақырып мазмұнына қарай ұлттық дәстүрлерді ендіру ескерілуге тиіс. Ермектерді жоспарлау кезінде үлкен ұйымдастырушылық дайындық және тақырыптың мазмұнына байланысты шығармашылық жұмыс істеуді қажет етеді.Жаттығуларды әртүрлі үлгіде ұйымдастырып, жыл мезгілдеріне, спорттық қызықты жағдайларға («дене шынықтыру күні», «желаяқтар күні», «олимпиада» т.б.) қоғамдық мерекелерге байланысты өткізуге болады. Сәби және естияр топтағы дене шынықтыру жаттығуларын ертегі немесе әдеби кейіпкерлерді енгізе отырып, өткізуге ("Тазша бала", "Алдар көсе","Аяз ата") немесе "Көңілді алаңқайға ұшу", "Орманға жорық", "Қожанасырға қонаққа" т.б бейнелі көріністермен өткізуге болады.Дене шынықтыру жаттығуларын өткізуде музыканы пайдалану өте пайдалы. Музыкалық шығармаларды қолдануды тиімді шығармашылықпен шешіп, орындағанда сергек,тіпті керек ететін марштың түрлерін қуат беретін әуендерді пайдаланып, гимнастикалық жаттығуларды ырғақты, қалықтай шалқитын әуенмен орындау, балалардың музыканы түсіне білуіне мүмкіндік туғызады. Мәселен, Е.Тиличееваның "Көңілді маршы" шарды, гүлдерді, ленталарды қолдана отырып жаттығуларды орындауға лайықты шығармалар. Сол сияқты А.Шниткенің "Этюды" екі аяқты қатар қосып, жеңіл секіруге ыңғайлы. Ал, аттракционды ойындарды жеңіл, көңілді, сергек әуенмен орындау керек, мысалы Т.Ломованың "Ізде", "Кім жылдам?", Ю.Слонованың "Өткір көздер" шығармаларын қолдануға болады.Балалардың дене шынықтыру жаттығуларын әр түрлі жас топтарында өткізуде тәрбиешінің алдында көптеген міндеттер тұрады. Сәби топтарында балаларды ұжымдық, топтық және жеке орындаудағы қимылдарын дұрыс жасай білу әрекетіне үйрете отырып, көңіл-күйлерінің, ішкі сезімдерінің көтеріңкі, шат болуына жағдай жасауға тиіс. Естияр топтарында әр баланың қимыл түрлерін шығармашылықпен орындауына, күш жігерін еркін көрсете білуін жағдай жасап, олардың дұрыс дағдылануын дамыту қажет.Сәби және естияр топтарда дене шынықтыру жаттығуларының мазмұнын таңдау кезінде "Орманға жорық", "Қожанасырда қонақта" сияқты жаттығу түрлерін алған дұрыс. Құрылған бағдарламада бейнелік-көркемдік сауық түрі мазмұны 60-80 пайыз қимылдардан тұрғаны орынды. Сонда ғана әрбір балаға қимыл жасау кезінде өз мүмкіндігін қанағаттандыра алатындай жағдай жасалады.Жоспар мен бағдарламаның мазмұнына сәйкес дене шынықтыру жаттығуларын сәби топтарында өткізуге керекті жабдықтар жыл бойына ұйымдастырылатын жұмыстар түріне жеткілікті болуға тиіс. Дене жаттығулары мен қимылды ойындар баланың ағзасына көп салмақ түсірмейтіндей, аз қимылды жаттығулармен алмасып отырылуы тиіс. Мысалы, көпірдің үстімен жүріп өткеннен кейін, құрамында жүгіру бар қимылды ойынды қолдануға болады.Баланың дене шынықтыру жаттығуының құрамы тақырыбына, мақсатына және алға қойған міндеттері мен өткізілу шарттарына байланысты өзгереді.Дене шынықтыру ермектерін құрудың үлгі кестесіСәбилік шақІ.1.Балаларды спорт алаңына шақыру (көңілді алаңқай).2. Топқа ойын түрінде тапсырма беру (көпірдің үстімен өту, ағаштар мен бұталардың арасынан жылан ізбен жүру).3. Қимылды ойын.4. Ғажайып сәт.5. Жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау.6. Топқа арналған әр түрлі негізгі қимылдар (төрт тағандап жүру және жүгіру, қабырғада тұрған ағашқа өрмелеу).7. Қимылды ойын.8. Аз қимылды ойын.II.1. Ғажайып сәт (Әдеби кейіпкердің пайда болуы).2. Үлкен заттармен (үрілген шарлармен жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау).3. Топқа арналған ойын тапсырмалары (сылдырмаққа дейін жүгіріп жету,құрсауға еңбектеп бару).4. Қимылды ойын.5. Жалпы топқа арналған ойын жаттығулары (келгиді қағып түсір).6. Сувенирлермен марапаттау.III.1. Жұмбақ шешу-ғажайып сәт.2. Жалпы топқа арналған негізгі қимылдар (бөренемен, иілмелі тақтаймен жүріп өту).3. Майда заттармен (сылдырмақтармен) жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау.4. Қимылды ойын.5. Балаларды қалыпқа түсіретін сәт (аяқтың өкшесімен жүру) немесе аз қимылды ойын (Кім жай сыбырлайды?).Естияр тобыБұл топтан бастап ермектің мазмұны мен құрамына жарыс элементтері бар ойындарды енгізуге болады: "Кім секеңдейді?", "Кім шелекті жаңғақпен тез толтырады?", "Кімнің командасы тез тұрады?", "Кімнің машинасы гаражға тез жетеді?". Ермектің мазмұнын құрастырар кезде әрбір баланың ойынға және жаттығуларға белсенді араласуын ескерген дұрыс.I.1. Ғажайып сәт (телеграмма, әдеби кейіпкерлермен кездесу).2. Топқа арналған ойын тапсырмалары (шаңғымен үш рет қақпаны айналып өту, олардың арақашықтықтары бір-бірімен бес-алты адымдай болады.3. Топқа арналған ойын жаттығулары ( шыршаның айналасынан шаңғымен дөңгелек шеңберді сақтай отырып айналу).4. Ойын-сауық айналымы (әндетіп).5. Екі команданың жарыс (тепе-теңдікті сақтау және тігінен лақтыру, шанамен қуалау).6. Жаттығуда жеңіп шыққан жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау.II.1.Спорт алаңына шақыру.2. Жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау.3. Қимылды ойын.4. Екі команда жарысы (барлық бала қатысады).5. Жеке жарыс (2-3 жұптан тұратын балалар тобы).6. Екі команда жарысы (барлық бала қатысады).7. Барлық қатысушыларды марапаттау (жүлде ортақ болады).III.1. Ғажайып сәт, залға шақыру.2. Қимылды ойын.3. Аттракциондар: а) жеке; ә) топтық4. Қимылды ойын.5. Аз қимылды ойын.IV.1. Залға музыкамен кіру2. Ырғақты музыкамен еркін қол жаттығуларын орындау (үрмелі шармен ойын).3. Жан-жақты дамытатын жаттығуларды орындау.4. Ғажайып сәт (ертегі кейіпкерінің пайда болуы).5. Аттракциондар: 4-5 баладан тұратын шағын топтар қатысады (2-3 рет қайталанады).6. Екі команда жарыс (барлық бала қатысады).7. Барлық балаларды марапаттау.8. Музыка сүйемелдеуімен еркін би.Ересек тобыБұл топта сәби тобына қарағанда дене шынықтыру жаттығулары жарыс эстафета сипатындағы ойын түрінде өткізіледі. Командаға бөлініп, әр команданың капитаны болады. Мұндай ойын жарыстар балалардан ептілік, жылдамдық, төзімділік, қимылдың кеңістікте дұрыс орындалуын бағдарлауды талап етеді. Жарыс ойындары балалардың шығармашылығын тудыра отырып, алдарына қойған міндеттерді өздігінен шеше білуге көмектеседі. Ойындар мен жаттығуларды әрбір командаға жарыс түрінде бөліп беру керек. Затпен орындалатын дене жаттығуларын жарыс ойындарымен сауық түріндегі эстафетамен, жалпы топпен орындалатын қимылды ойындармен мақсатты түрде таңдау кезінде жарысқа қатысатын әрбір баланың жеке ерекшелігін, мүмкіндігін, қимылдарды орындауға дайындығын ескеру қажет. Мүмкіндігінше, барлық баланың ойын мен жаттығуларға қатысуы өте маңызды.Дене шынықтыру ермегінің құрылысыI.1.Командалардың сәлемдесуі2. Командалар жарысы (жарыс элементі бар немесе жарыс сипатындағы ойын жаттығулары)3. Капитандар жарысы4. Командалардың көрсеткіш бастамалары (ұсақ заттармен орындалатын, жан-жақты дамытатын жаттығулар)5. Ойынның қорытынды нәтижесі.II.1. Ғажайып сәт (балаларды хатпен спорт алаңына, залға шақыру).2. Көрсеткіш бастамалары.3. Жалпы топтық қимылды ойын.4. Эстафета.5. Жалпы топтық қимылды ойын.III.1. Би қимылдары, сауықпен ән айту.2. Жалпы топтық қимылды ойын.3. Аттракциондар.4. Эстафета.5. Ғажайып сәт.Дене шынықтыру ермегінің үлгі мазмұны.Тазша баламен дене шынықтыру жаттығуы (спорт алаңына өткізіледі).Тәрбиеші: Шет жағасын айтайын, өздерің шешіңдер:Басында бар телпегіКекілі желбең етеді.Көңілді өзі айлакерАты кім, оның таба бер.Балалар: Тазша бала!Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, бұл – Тазша бала. Неге ол ұзақ көрінбей жатыр? Кәне, бәріміз оны шақырайықшы?! Әлде, ол біздің балабақшаны таба алмай, адасып жүр ма екен?Балалар: Тазша бала! Тазша бала! Ау-ау!Тазша бала көрінеді (қолында сылдырмақтары бар).- Саламатсыздар ма, балалар! Мен сендерге сылдырмақтар әкелдім. Бәрің қазір серуендеуге дайындалыңдар. Мен сендермен сол кезде ойнаймын.Балалар Тазша баламен серуенге шығады."Кім жылдам?" ойыны өткізіледі. Ортасында Тазша бала тұрады. Тазша баланың айналасы сылдырмаққа толы, ойынға қатысушы балалардан сылдырмақтың санының 1-2-і кем. Тәрбиеші бубенді ұрады. Балалар Тазша баланың артынан жүреді, жүгіреді, секіреді, алақандарын шапалақтайды. Бір, екі, үш, сылдырмақты алып үш деген кезде балалар сылдырмақтарға ұмтылады. Алып үлгермегендерді Тазша баланың қасында қалып, қолдарын шапалақтап, өлең айтады. Ойын 3-4 рет қайталанады.Тазша бала: Ох, мен шаршадым, енді дем алып сендердің қандай икемді де епті екендеріңді көргім келеді.Тәрбиеші: Тазша бала, қара, балалар доппен қалай ойнайды екен."Допты домалат" ойыны өткізіледі. Әрбір бала допты немесе көлемі 6-8 см. шағын шарды алып, межеге дейінгі белгі тұрған жолаушыға немесе сызыққа дейін домалатып апарады. Тәрбиеші жақсы тапсырма орындаған балаларға тапсырманы тағы да орындауға мүмкіндік береді. Ойын бірнеше рет қайталанады. Содан соң балалар допты (шарды) себетке жинайды.Тәрбиеші: Тазша бала, саған біздің балалар ұнады ма?Тазша бала: Иә, балалардың бәрі мықты, олар епті, спорттағы табыстары үшін бәрін марапаттауға болады.Тәрбиеші: Тазша бала сен балаларды немен марапаттайын деп едің?Тазша бала балаларды құттықтау қағазымен және белгіменен марапаттайды.Дене шынықтыру жаттығуларына байланысты өткізілетін ойын түрлері өте көп. Дегенмен де оларды таңдап алу бала ағзасының дамуына ықпал етіп, көңіл-күйіне әсер ететіндей, белсенділік сезімдерін дамытатындай дәрежеде болуы педагогтің ұйымдастыру шеберлігіне байланысты.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 271 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.07.2020 2708
    • DOCX 22.1 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Манукян Владимира Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Манукян Владимира Николаевна
    Манукян Владимира Николаевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69949
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе