Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМатематика пәнінен дидактикалық материалдар. 2 сынып

Математика пәнінен дидактикалық материалдар. 2 сынып

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информатика пәнінен дидактикалық

материалдар жинағы

5сынып

 

Сборник дидактических материалов

по информатике

5 класс

 

 

«№1 Ақсу орта мектебі» ММ

информатика пәні  мұғалімі

Кульмагамбетова Гульдана Балташовна

 

 

Кульмагамбетова Гульдана Балташовна

учитель информатики

ГУ «Средняя школа №1 п.Аксу»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кульмагамбетова Гульдана Балташовна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информатика пәнінен дидактикалық материалдар жинағы

5 сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоба авторы: Кульмагамбетова Гульдана Балташовна

                           Бірінші санатты  информатика пәнінің мұғалімі

                           Степногорск қаласы

                          «№1 Ақсу орта мектебі» ММ

                                  

Бағыт: Біліктілік арттыру жүйесі және білім саласындағы инновациялық     

              шешімдер

 

 

 

 

Информатиканы жеке және дифференциалды оқытуды іске асыру мақсатында дидактикалық материал информатика пәнінің     5 сыныптарына арналған оқу бағдарламасының тақырыптарына сәйкес әзірленген.

Бұл дидактикалық материалдар жалпы білім беру мектептерінің информатика мұғалімдеріне арналады.

 

В дидактический материал включены разноуровневые задания по разделам программы по информатике для 5-х  классов, что

позволяет осуществлять индивидуальный и дифференцированный подход обучению информатики.

Данный дидактический материал предназначен для учителей информатики общеобразовательных школ.

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Дидактикалық материалдар кешені «Информатика» пәнінің

5 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Дидактикалық материалдар оқушылардың өзіндік жұмыстарын

ұйымдастыруға, тақырыптық бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Дидактикалық құрал 5сыныптар үшін оқу бағдарламасы

бойынша оқытылатын тақырыптарды бекітуге арналған практикалық, тест тапсырмаларын қамтиды. Тапсырмалар келесі тараулардан алынған, олар: «Ақпарат және ақпараттық үдерістер», «Компьютер ақпаратты өңдеу құралы ретінде», «Алгоритмдеу және модельдеу», «Ақпараттық -коммуникациялық

технологиялар» және «Телекомуникация» [1].

Әр тарау деңгейлік тапсырмалар жүйесін қамтиды. А деңгейінің тапсырмалары репродуктивті сипаттамадағы тапсырмалардан тұрады, ал В деңгейі – репродуктивті-өнімді сипаттамадағы тапсырмалар, С деңгейі – шығармашылық тапсырмаларды қамтиды. А деңгейінің тапсырмаларын

орындаған оқушыға қанағаттанарлық баға қойылады. Оқушылар тек А деңгейінің тапсырмаларын орындағаннан кейін В және С деңгейінің тапсырмаларын орындауға көшеді. Тапсырмалардың бәрін орындау міндетті емес. Тақырыпқа, сабақтың мақсатына, оқушылардың дайындық деңгейіне сәйкес құрастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық тапсырмалар

І. Ақпарат және ақпараттық үдерістер

А деңгейі

1.1 Тапсырма. Кестені дәптерге көшіріп, ақпараттардың түрі мен

тасымалдаушыларын көрсете отырып, кестені толтырыңыз (1-кесте).

1-кесте – «Ақпарат түрлері»

Ақпарат

Ақпарат түрлері

Тасымалдаушы

 

Қабылдау тәсілі

бойынша

 

Ұсыну формасы

бойынша

 

 

Математика есептері

 

 

 

Хат

 

 

 

Сурет

 

 

 

Опера

 

 

 

Раушан гүл иісі

 

 

 

Лимонның дәмі

 

 

 

Сары түс

 

 

 

Теледидардан хабар

 

 

 

Радио хабары

 

 

 

Тасымалдаушы – ақпаратты материалды сақтау құрылғысы

1.2 –тапсырма

1) Битті 1 Кбайтқа аударыңыз

Ол үшін Калькулятор программасын пайдаланыңыз.

Жауапты мында жаз:

1 Кбайт = ________ бит

2) 8192 битті килобайтқа аударыңыз

Ол үшін Калькулятор программасын пайдаланыңыз.

Жауапты мында жаз:

8192 бит = ____ Кбайт

1 бит

1 байт = 8 битке

1 Кбайт (бір килобайт) = 1024 байт

1 Мбайт (бір мегабайт) = 1024 Кбайт

1 Гбайт (бір гигабайт) = 1024 Мбайт

Ірі өлшем бірліктер = кіші өлшем бірліктер * ___

Кіші өлшем бірліктер = Ірі өлшем бірліктер: ___

 

3) Битті 1 Кбайтқа аударыңыз.

Ол үшін Калькулятор программасын пайдаланыңыз.

Жауапты мында жаз:

1 Кбайт = ________ бит

4) 8192 битті килобайтқа аударыңыз

Ол үшін Калькулятор программасын пайдаланыңыз.

Жауапты мында жаз:

8192 битте = ____ КБайт

В деңгейі

1.3–тапсырма

Мысал келтіріңіз (дәптерге жазбаша)

1. анық, бірақ объективті емес;

2. объективті, бірақ анық емес;

3. толық, анық, бірақ керек емес ақпарат;

4. өзекті емес ақпарат;

5. өзекті, бірақ түсініксіз ақпарат

1.4–тапсырма. Файл немесе буманы мұрағаттау алгоритмін жазыңыз.

1.5–тапсырма. Өз компьютеріңізді вирусқа тексеріңіз

С деңгейі

1.5– тапсырма. Бірыңғай ақпараттық үдерістерді құраушыларға бөліңіздер

(2-кесте):

2-кесте – Ұялы телефон сатып алу

Алу                         Өңдеу               Сақтау                      Беру

__________       ___________      ___________       ___________

__________       ___________      ___________       ___________

__________       ___________      ___________       ___________

__________       ___________      ___________       ___________

__________       ___________      ___________       ___________                                              

 

Тест тапсырмалары

І. Ақпарат және ақпараттық үдерістер

1. Адам ең көп ақпаратты ненің қөмегімен алады?

А) сезу және көрудің

В) иіскеу мен естудің

С) есту мен көрудің

Д) көру және дәмін тату арқылы.

 

2. Сендер электронды хатта көрген фильмдерің туралы баяндадыңдар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?

А) есту

В) сезу

С) көру

Д) жазбаша.

3. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?

А) биді

В) суреттерді

С) қимылды

Д) дыбысты.

 

4. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жіткіземіз?

А) кітап

В) радио

С) журнал

Д) плакат.

 

5. Ақпаратты сақтау үдерісін көрсет:

А) Теледидар көру

В) Дәптерге жазу

С) Кітап оқу

Д) Телефонмен сөйлесу.

 

6. Әдеттегі қойын дәптерді қолдану мақсаты:

А) Ақпаратты өңдеу

В) Ақпаратты сақтау

С) Ақпаратты жеткізу

Д) Ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу.

7. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?

А) Әріптер

В) Мәтіндер

С) Сандар

Д) Нөл мен бірлер.

8. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:

А) Бит

В) Байт

С) 1

Д) Әріп.

9. Бір символдық мәтін әдетте... кодталады:

А) 1 битпен

В) 1 байтпен

С) Әріппен

Д) Он битпен.

10. «Information» сөзінде қанша бит бар?

А) Ақпаратты тасымалдау

В) Ақпаратты іздеу

С) Ақпаратты өңдеу

Д) Ақпаратты сақтау.

 

Практикалық тапсырмалар

ІІ. Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы

А деңгейі

2.1-тапсырма. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыз?

2.2-тапсырма. Құрылғылардың жүйелік блокта орналасу сәйкестігін

анықтаңыз (3-кесте) [2].

3-кесте – Құрылғылардың жүйелік блокта орналасуы

Құрылғылар

Құрылғылардың орналасуы

Жүйелік

блоктың

алдыңғы

тақтасында

Жүйелік

блоктың ішінде

Жүйелік

блоктың артқы

тақтасында

Монитор порты

 

 

 

Қатқыл диск

 

 

 

Аналық тақша

 

 

 

Бейнетақша

 

 

 

Принтер порты

 

 

 

Жедел жад

 

 

 

Компьютерді қайта жүктеу батырмасы

 

 

 

Желілік тақша порттары

 

 

 

В деңгейі

2.3-тапсырма. Кесте толтырыңыз. Кестені үш бөлікке бөліңіз (4-кесте) [2]:

1) механикалық санауыш құрылғылары;

2) есептеуіш автоматтар;

3) Электронды-есептеуіш машиналар.

4-кесте

 

Не?

Қайда?

қашан?

1

 

Қол саусақтары,

тастар, белгілеушілер,

түйіншектер

 

 

2

Абак

 

 

3

 

 

1761 ж

4

 

Франция Блезь

Паскаль

 

5

Арифмометр

 

 

6

 

Англия Чарльз

Бэббидж

 

7

 

 

ХХ ғасырдың 30-

жылдары

8

Бэббидждің

машинасына арналған

алғашқы программа

 

 

9

 

Герман Холлерит

Америка

 

10

«Марк-1» электр-

механикалық санаушы

машинасы

 

 

11

 

АҚШ Дж.Моучли және

Дж.Эккерт

 

12

EDCAS- Нейманның

архитектурасымен

жасалған ЭЕМ

 

 

13

 

КСРО Лебедев

 

14

 

 

1952-1953 жж

 

15

 

 

60 жылдары

 

16

 

 

1978 ж

 

17

 

 

2007 ж

2.4-тапсырма.

а) Объектінің атын өзгерту тәсілдерін жазыңыз (5-кесте):

5-кесте – Объектіні өзгерту тәсілдері

1-тәсіл

 

 

2- тәсіл

 

 

3- тәсіл

 

 

4- тәсіл

 

 

 б) Windows негізгі объектілерін атаңыз

с) объектіні жылжыту мен көшіру әрекеттерінің ретін көрсетіңіз. Ерекше

әрекеттерді түспен белгілеңіз.

Объектіні жылжыту Объектіні көшіру

1. Тышқан көмегімен объектіні белгіле  1.Тышқан көмегімен объектіні белгіле

2. _________________________________ 2._________________________________

3. _________________________________ 3. _________________________________

4.__________________________________ 4. _________________________________

С деңгейі

2.5-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз...

1. Операциялық жүйе – ол...

2. Программалық қамтамасыз ету – ол....

3. Бума – ол...

4. Белгіше – ол...

5. Файл – ол....

2.6- тапсырма. «Операциялық жүйелер түрлері» тақырыбына реферат

дайындаңыз.

Тест тапсырмалары

ІІ. Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы

 

1.    Қайсысы  алғашқы  есептеу  құрылғысы  емес

А)    Шоттар

В)    Арифмометр

С)    Калькулятор

Д)    Соробан

2.    Программа  бойынша  жұмыс  істеген  бірінші  құрылғы:

А)    Арифмометр

В)    Холлерит  машинасы

С)    Шоттар

Д)    Беббидж  машинасы

   3. Бірінші  программалаушы  кім?

А)    Чарльз  Беббидж

В)    Герман  Холлерит

С)    Ада  Августа  Лавлейс

Д)    Блез  Паскаль

  5. «ЭЕМ  буыны»  терминін  қалай  түсінеміз?

А)    тек  бір  ғана  ғылыми  және  техникалық  принциптерге  негізделіп  жасалған

        ЭЕМ   -нің  барлық  түрлері  мен  модульдері

В)    барлық  есептеу  машиналары

С)    ақпаратты  өңдеуге, сақтауға және тасымалдауға  арналған машиналар жиыны

Д)    процессордың  Pentlum   моделінің  барлық  түрлері

    6. Бірінші  электрондық  компьютер болған есептеуіш  машина  қалай  аталады?

А)   АВС

В)   ДВК

С)   БЭСМ-2

Д)   ENLAC

7. Алғашқы  ЭЕМ  қай жылы  пада  болды?

А)   1946  ж

В)   1949 ж

С)   1980 ж

Д)   1956 ж

8. Қазіргі  кезде  компьютердің  неше  буыны  бар?

А)   3

В)   4

С)   5

Д)   анықталмаған

9. Бірінші  буын  компьютерлерінің  элементтік  базасы- ол:

А)   транзистор

В)   интегралдық  сызба

С)   Электрондық  лампа

Д)   үлкен  интегралдық  сызба

10. Екінші буын  компьютерлерінің элементтік базасы:

А)   транзистор

В)   интегралдық  сызба

С)   Электрондық  лампа

Д)   үлкен  интегралдық  сызба

11. Қай  буынның  компьютерлері  дербес  компьютерлер  деп  аталады?

А)    екінші

В)    үшінші

С)    төртінші

Д)    бесінші

12. Құрылғылар  арасында деректер алмасу үшін жауапты шинаны атаңдар

А)    деректер  шинасы

В)    адрестік  шина

С)    басқару  шинасы

Д)    бұйрық   шинасы                            

13.  Жедел  жады  және  видео   жады  бақылаушыларынан тұратын  көпір  қалай 

     аталады?

     А)    оңтүстік  көпір

     В)    жүйелік  көпір

     С)    солтүстік  көпір

     Д)    бұйрықтық  көпір

14. USB  шинасын  қандай  дискілерді  қосу  үшін  қолданылады?

     А)    оптикалық  дискілерді

     В)    флэш –дискілерді

     С)    жұмсақ  магниттік  дискілер

     Д)    DVD   дискілерді

15.  ДК  сәулеті  деген  не?

     А)    ДК    ішкі  ұйымдастырылуы

     В)    ақпаратты  түрлендірудің  техникалық  құралдары

     С)    ақпаратты  түрлендіру үшін  қажетті  техникалық  құралдар

     Д)    тұрмыстық  техниканы  басқару  жүйелері

16. Жедел  жады  не  үшін  керек?

А)   модеммен  компьютерді  жалғау  үшін

В)   ақпаратты  өңдеу  үшін

С)   программаларды  іске қосу  үшін

Д)   ақпаратты  уақытша  сақтау үшін

Д)   ұзындығы        

Практикалық тапсырмалар

ІІІ. Алгоритмдеу және модельдеу

А деңгей

3.1-тапсырма

Алгоритм командаларын орындауына қарай нөмірлеңіз (6-кесте)

6-кесте – Хатты жіберу

 

Хатты пошта жәшігіне тыстау

 

 

Хат, конверт және марканы ал

 

 

Бастау

 

 

Марканы жабыстыру

 

 

Үйден шығу

 

 

Конвертті кілейле

 

 

Хатты конвертке сал

 

 

Хатты бүкте

 

 

Конвертке мекенжайды

3.2-тапсырма. Келесі әрекеттерді қажетті ретпен қойып, шәй қайнатудың

алгоритмін жазыңыз (1-сурет):

1. Шәйнекке ыстық су құю

2. Суды қайнату

3. Арнайы грелакамен шәйнекті жабу

4. Ақманды қайнатылған су мен шаю

5. Ақманға шәй салу

6. Толық қайнағанша

3.3-тапсырма

Жетпейтін командалар аттарын жазыңыз және алгоритм схемасындағы

тағы қажетті бағыттарды салыңыз, ИЯ немесе ЖОҚ деген сөздерді қоса

жазыңыз. Бірнеше рет қайталанатын командаларды сызыңыз (7-кесте).

7-кесте – Досына қоңырау шал (үй телефонынан)

 

В деңгейі

3.4-тапсырма. Келесі жұмыс түрлерінің атқарушыларын

(орындаушыларын) атаңыз:

- Есік алдын жинау;

Басы

Телефонға жақында

Телефонды қой

Жауап күт

Досыңды телефонға

шақыруды сұра

Соңы

Бос емес

- Мектептегі балалардың оқуы;

- Автокөлікті жүргізу;

- Тақтаның алдында жауап беру;

- Тағам дайындау;

- Құжатты баспадан шығару.

3.5-тапсырма. Кез келген тағамның дайындалу алгоритмін жазыңыз.

С деңгейі

3.6-тапсырма. «Сызықты және тармақталу алгоритмдері» тақырыбына екі

есеп ойланыстырыңыз. Есептің шартын жазыңыз, блок-схема құрыңыз,

орындаушы және оның ортасын көрсетіңіз.

3.7-тапсырма. «Ақ және қызыл кішкене шарларды сұрыптау жұмыстары»

жұмысына алгоритм құрыңыз.

3.8-тапсырма. Модель түрлерін атаңыз.

 

 

 

 

 

 

 

Тест тапсырмалары

ІІІ. Алгоритмдеу және модельдеу

1. Алгоритм дегеніміз -...
А) іс - әрекет
Ә) толық сипатталған тапсырма
Б) алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы.
В) математикалық есептің шешілуі

2. Төмендегі құжаттың қайсысы алгоритм?
А) техникалық қауіпсіздік ережесі
Ә) Аспаздық рецепт
Б) сабақ кестесі
В) сынып тізімі

3. Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер:
А) жазу үстелі
Ә) адам
Б) ыдыс жуатын машина
В) робот

4. Кез келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсетіңдер
А) бітіру
Ә) Алгоритмдегі іс - әрекетті аяқтайтын кез келген бұйрық
Б) Орындау
В) Соңы

5. Ұсынылғандардың ішінен алгоритм формаларына жатпайтынын көрсетіңдер:
А) сөздік
Ә) графикалық
Б) алгоритмдік тілде
В) ағылшын тілінде

6. Блок - сызба алгоритміндегі іс - әрекет дегеніміз қандай фигурада жазылады.
А) сопақша
Ә) тіктөртбұрыш
Б) ромб
В) алтыбұрыш

7. Блок - сызба алгоритміндегі енгізу - шығару мәліметтері қандай фигурамен беріледі?
А) сопақша
Ә тіктөртбұрыш
Б) ромб
В) параллелограмм

8. Блок - сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі?
А) сопақша
Ә тіктөртбұрыш
Б) ромб
В) параллелограмм
9. Егер алгоритмдегі іс - әрекет бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалса.... алгоритм деп аталады.
А) сызықтық
Ә) тармақталған
Б) толық емес формадағы тармақталған алгоритм
В) тармақталған элементтері бар сызықтық алгоритм
10. Толық және толық емес формадағы алгоритмді не деп атаймыз?
А) сызықтық
Ә) тармақталған
Б) ондай алгоритм жоқ
В) таңдау алгоритмі
11. «Егер сағат кешкі 11 болса, онда ұйықтау керек, әйтпесе кітап оқу керек». Қандай алгоритм?
А) сызықтық
Ә) тармақталу
Б) циклдік
Б) аралас түр
12. Қайсысы алгоритмге жатпайды?
А) сызықтық
Ә) бұйрықтық
Б) тармақталу
В) циклдік
13. Циклдік алгоритм дегеніміз:
А) алгоритмнің бірнеше рет қайталануы
Ә) іс - әрекеттің орындалуы қойылған шартқа тәуелді алгоритм
Б) егер алгоритм тізбектеле орындалса
В) алгоритмнің графикалық түсіндірілуі
14. Нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. Ол не?
А) модельдеу
Ә) модель
Б) алгоритм
В) цикл
15. Ақпараттық модель:
А) компьютердің көмегімен жүзеге асады
Ә) нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы
Б) нысанның қасиеттерін сипаттайтын математикалық формулалар
В) статистикалық модель

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

б

ә

а

в

в

ә

в

а

а

ә

ә

ә

а

ә

ә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық тапсырмалар

ІV. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

4.1 Қарапайым графиктік редактор

А деңгейі

4.1.1-тапсырма. Әртүрлі геометриялық фигураларда пайдаланып, робот суретін салыңыз. Геометриялық фигуралар: тіктөртбұрыш, шаршы, шеңбер,овал, сызық.

4.1.2 -тапсырма. Қарапайым графиктік редактордың Басты

қосымшасындағы Топтар атын жазыңыз (2-сурет).

________ __________________ ____________ _________________?

2-сурет – Құралдар тақтасы

В деңгейі

4.1.3-тапсырма.

1. Графиктік редакторды іске қосыңыз. Ені 20 см, биіктігі 15 см болатын

жұмыс аймағын беріңіз.

2. Негізі түсті сұр және вертикальды және горизонтальды сызық сызыңыз.

(Shift пернесі басылып тұрған кезде, сызық құралымен).

3. Терезесін тіктөрбұрыш қылдырыңыз. (негізгі түс-қара, Тіктөртбұрыш

құралы, тәртібі – «құюсыз»).

4. Әр қабатта орналасқан үш әйнегі бар 8 үй суретін салыңыз (3-сурет).

5. Барлық 8 қабатты үйдің суреті дайын болғасын, оларды үлкен

тікбұрышпен қоршап, түсін қосымша сызықтардың түсіне ұқсас түспен бояңыз.Ал үйдің іргесіне өз қалауыңыз бойынша құю түсін таңдаңыз.

3-сурет – Үй

6. Үй терезелері егер қара торы (қара түс) немесе жарқырайтындай (сары

түс) болсын десеңіз, оларды бір-біріне лайық, жарасымды түстермен бояңыз.

7. Егер уақытыңыз болып жатса, суретті өз қалауыңыз бойынша әрі қарай

безендіріңіз.

8. Құжатты Үй деген атпен бумаңызда сақтаңыз.

9. Графиктік редактормен жұмысыңызды аяқтаңыз.

С деңгейі

4.1.4-тапсырма.

1. Графиктік редакторды іске қосыңыз

2. 3суреттегідей Эллипс және Қисық құралдарын пайдаланып, өлшемдері

бірдей төрт мойшақтан тізбек жасаңыз (4-сурет).

4-сурет – Мойшақтар

3. Мойшақтар тек қызыл және көк түсті болатындай мүмкіндігінше

осындай төрт мойшақ арқылы әртүрлі мойшақтардан жасалған тізбектер

ойланыстырып, экранда бейнелеңіз.

4. Жұмыс аймағының бос жерінде Жазу құралы арқылы қанша әртүрлі

мойшақтар тізбегін жасауға болатының көрсетіңіз.

5. Суретті өз бумаңызда Мойшақтар деген атпен сақтаңыз.

6. Графиктік редактормен жұмысыңызды аяқтаңыз.

 

Тест тапсырмалары

IV. Қарапайым графиктік редактор

1. «Paint» сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
А) Жобалау
В) Оқу, кітап
С) Сурет, сурет салу
Д) Музыка, ән салу.
2. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
А) Кішкене тіктөртбұрыштардан
В) Нүктелерден
С) Сызықтардан
Д) Символдардан.
3. Қандай пішіімдегі кескіндер ең сапалы болады?
А). bmp
В). jpg
С). png
Д). gif.
4. Paint программасын қалай іске қосамыз?
А) Бастау Барлық программалар Стандарттық Paint
В) Бастау Стандарттық Paint
С) Менің құжаттарым Менің суреттерім Paint
Д) Жұмыс үстелі Қоржын Paint.
5. Алдыңғы саптың түсін өзгерту үшін не істеу керек?
А) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасын басып, түс таңдау
В) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетінде Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау
С) Тышқанның сол жақ батырмасымен Палитрадағы түсті шерту
Д) Esc пернесін басу.
6. Палитраның неше түсі бар?
А) 256
В) 2
С) 30
Д) Қанша керек болса да.
7. Қандай бұйрықты орындап, палитрада жаңа түс құруға болады?
А) Түстер тобы Түстерді өзгерту
В) Сурет Түстерді қайтару
С) Саймандар Түспен толтыру
Д) Файл Құру.
8. Палитрада жаңа түстер құру үшін қандай негізгі 3 түс қолданылады?
А) Сары, сұр, қан қызыл
В) Көгілдір, қызыл, қара
С) Ақ, қызғылт сары, ақшыл көк
Д) Жасыл, қызыл, көк.
9. RGB (0, 0, 250) кодына қандай түс сәйкес келеді?
А) Қызыл
В) Жасыл
С) Көк
Д) Қара.
1
0. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
А) 2
В) 1
С) 0
D) 4.
11. «Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) Alt
В) Ctrl
С) Shift
D) Delete.
12. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) Қарапайым және түрлі түсті
В) Қарапайым және күрделі
С) Стандарттық және стандарттық емес
D) Жұмсақ және қатты.
13. Жай күй жолында не беріледі?
А) Инструменттер
В) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат
С) Файлдың аты
D) Файлдың көлемі.
14. Жұмыс үстелінің мөлшерін қалай білуге болады?
А) Бастау Басқару тақтасы
В) Paint Жұмыс үстелінің фоны ету
С) Бастау Барлық программалар Стандарттық Paint
D) Бастау Басқару тақтасы Экранның шешімділігін баптау.
15. Көпбұрышты қолдана отырып шеңбер сыза аламыз ба?
А) Сызуға болады
В) Болмайды
С) Тек Shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады
D) Адамның мүмкіндігіне байланысты.
1
6. Егер ерекшеленген фрагментті тышқанның оң жақ батырмасымен шертсек, онда:
А) Контекстік мәзір пайда болады
В) Ерекшеленген фрагмент жоғалады
С) Фрагмент басқа түске боялады
D) Ештеңе болмайды.
17. Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжыту қандай бұйрыққа парапар?
А) Қиып алу
В) Көшіру
С) Бейнелеу/бұру
D) Түсін алмастыру.
3. Сурет алмасу буферінен қайда кірістіріледі?
А) Экранның ортасына
В) Төменгі оң жақ бұрышына
С) Жоғарғы сол жақ бұрышына
D) Экранның төменгі жағына.
18. Қандай пернені жібермей ұстап тұрып, «ізі бар» көшірме алуға болады?
А) Esc
В) Tab
С) Ctrl
D) Shift.
19. Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?
А) Өшіргіш
В) Мәтін
С) Қарындаш
D) Қылқалам.
20. Мәтіннің түсі?
А) Өзгертілмейді
В) Фонның түсімен бірдей
С) Палитра тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады
D) Әрқашан қара.
21. Егер алмасу буферінен мөлшері Paint - тегі сурет салу аймағынан үлкен суретті кірістірсек не болады?
А) Сурет қырқылады
В) Қате туралы хабарлама шығады
С) Сурет салу аймағы кеңейеді
D) Түк те болмайды.
2
2. Суретті вертикаль бойынша 2 есе ұлғайту үшін не істеу керек?
А) Мөлшерді өзгерту бұйрығын таңдап, Вертикаль бойынша өрісінде 2 - ні жазу
В) Мөлшерді өзгерту бұйрығын таңдап, Вертикаль бойынша өрісінде 200 - ді жазу
С) Суретті тышқанмен созу
D) Масштабтан 200% таңдау.
23. «Трансформация» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
А) Түрлену, алмасу
В) Компьютер
С) Тышқан тетігі
D) Принтер.
24. Масштабы өзгермеген сурет мәтінінің мөлшері өзгере ме?
А) Өзгемейді
В) Өзгереді
С) Мәтін жоғалып кетеді
D) Жартылай өзгереді.
25. Алдын ала қарау бұйрықтары қайда орналасқан?
А) Менюде Paint батырмасының мәзірінде
В) Бас тіркеме бетінің Басып шығару тобында
С) Windows - тың Бас мәзірінде
D) Түр тіркеме бетінің Басып шығару тобында.
2
6. Алдын ала қарау терезесінде нені баптауға болады?
А) Жұмыс істеу аймағы
В) Беттің экранда көрсетілу масштабын
С) Беттің толтырылу бағытын
D) Беттің мөлшерін.
27. Басып шығару қағазының мөлшері:
А) Принтерден тәуелді
В) Әрқашан А4
С) Кез келген
D) Беттің параметрлері терезесінің Масштаб өрісінде өзгертіледі.

 

Практикалық тапсырмалар

4.2 Мәтіндік редактор және мәтіндік процессор

А деңгейі

4.2.1-тапсырма. Әртүрлі қаріптер түрлерін пайдаланып, үлгі бойынша

«Информатика» деген сөзді бейнелеңіз

Информатика Информатика

Информатика Информатика Информатика

Информатика Информатика

 

4.2.2-тапсырма.

1. Word Pad мәтіндік редакторын жүктеңіз.

2. Маркерлеу тәртібінде апта күндерінің атауларын қазақ тілінде және

қасына ағылшынша нұсқасын жазыңыз.

3. Екі тілде жазылған әр апта күндерінің қаріппін өзгертіңіз және әр жол

үшін 10 пункттен бастап бір қадамға өсіре отырып, әріп өлшемін орнатыңыз.

4. Апта күндерінің атаулар қасына ағымдағы аптаның күнің жазыңыз,

құжатты Менің құжаттарым бумасында «Апта» деген атпен сақтаңыз.

5. Мәтіннің жиектерін өз қалауыңыз бойынша параметрлер қойып, оларды

жолдын ортасынан орнатыңыз және сол атпен құжатты сақтаңыз.

 

4.2.3 -тапсырма.

1) Үш абзацтан тұратын мәтін теріңіз, мәтінді екі бағанға бөліңіз.

2) Төмендегі параметрлерді бетке орнатыңыз:

- бет бағдары: кітап беті түрі; өрісі: барлығы 1,5 см; парақ түсі: ақшыл

көк;

3) Мәтін қаріппін өзгертіңіз: бірінші абзац: әріптер өлшемі 14, Arial, К

қаріпі, мәтін ені бойымен орналасады; екінші абзац: әріптер өлшемі 16, Comic

Sans, қаріп, мәтін беттің ортасында орналасады

4) Жоларалық интервал – 1,5

5) Абзацтан кейін аралық – 0

Теңге алу.

Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін. «Қыз қуу».

Ол – ұлттық ат спорты ойыны.

Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуыпжетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса,қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл –қыздың жеңгені. Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көкбөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған.

Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысыныңжаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әркоманда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100

метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.

В деңгейі

4.2.4-тапсырма.

4.2.3 тапсырмаға төмендегідей пішімдеу параметрлерін енгізіңіз

1. «Қыз қуу» деген сөзді ерекшелеп, қаріппін жартылай қалың қаріпке

ауыстырыңыз

2. «Көкпар» сөзін ерекшелеп, қаріппін курсивке ауыстырыңыз.

3. «Ұлттық» деген сөзді ерекшелеп, қаріпті жартылай қалың қаріпке

ауыстырыңыз (кегль – 14 пункт).

4. Мәтін бойынша «спорт» деген сөзді тауып, қаріпті жартылай қалың

курсивке ауыстырыңыз және биіктігін (16 пункт) жасаңыз.

5. Әр абзацты өз қалауыңыз бойынша маркерден бастаңыз.

6. Беттің өрістерін 2 см қылдырыңыз.

7. Соңғы абзацты ерекшелеп, оның қаріппін жартылай қалың сызылған

курсивті қаріпке ауыстырыңыз.

8. Екінші абзацтың қаріп түсін өзгертіңіз.

4.2.5-тапсырма.

Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, бөлуді орнатыңыз.

Беттің параметрлерін өзгертіңіз: - бет бағдары: кітап сияқты; өрістері:

барлығы 1,5 см; беттің түсі: жасыл;

Мәтін қаріппін өзгертіңіз: бірінші абзац: 14, қаріп – Arial, туралануы ені

бойынша - тақырып: әріптерінің өлшемі 16, қаріпі –ComicSans, жартылай

қалың, ортада орналасады.

Жоларалық интервал – 1,5

Абзацтан кейінгі интервал – 0

4.2.6-тапсырма. Келесі командалар атауын жазыңыз (5-сурет) [3]:

 

5-сурет – Құралдар тақтасы

1. __________________________________________

2. __________________________________________

3. __________________________________________

4. __________________________________________

5. __________________________________________

6. __________________________________________

7. __________________________________________

8. __________________________________________

9. __________________________________________

10. __________________________________________

11. __________________________________________

12. __________________________________________

13. __________________________________________

14. __________________________________________

15. __________________________________________

16. __________________________________________

17. __________________________________________

18. __________________________________________

С деңгейі

4.2.7-тапсырма

1. Жаңа құжат ашыңыз.

2. Кесте сызыңыз: 6 жол және 6 баған.

3. Барлық кестені ерекшелеп, тышқанның оң жақ батырмасын шертіп,

ашылған мәзірден Кесте қасиеті пунктін таңдаңыз (6-сурет):

6-сурет – Кесте қасиеті

4.    Ашылған терезеден Шекара мен құюды таңдаңыз (7-сурет):

7-сурет –Шекара мен құю

5. Ашылған терезеде сызықтың типі мен түсін өз қалауыңыз бойынша

таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз (8-сурет).

8-сурет – Сызықтың типі мен түсі

6.Ұяшықты белгілеңіз (9-сурет):

9-сурет – Ұяшық

7. Лентадағы Құю әрекетін таңдаңыз және бағыттаушыға басып, ашылған

терезеден қажетті түсті таңдаңыз (10-сурет).

8. Кесте ұяшықтарын шахмат ретімен бояңыз.

9* Есік пен терезе салу үшін қажетті ұяшықтарды біріктіріп, үй төбесін

қосаңыз (11-сурет)

10-сурет – Құю

11-сурет – Үй

10** Суретті үлгі бойынша көркемдеңіз (12-сурет):

12-сурет – Дайын үй

4.2.7-тапсырма. «ЭЕМ кезеңінің тарихы» схемасын сызыңыз.

Элементтерін топтаңыз (13-сурет).

Тапсырма орындау нұсқасы:

1. Бірінші тікбұрышты блок құрыңыз. Оның көшірмесін жасаңыз.

Кірістіруді орындаңыз. Қажетті жерге кірістіріңіз. Осы әрекетті екі рет

қайталаңыз.

2. Блоктардың ішіне мәтін жазыңыз.

3. Шеңбер құрып, оның ішіне мәтін жазыңыз.

4. Фигуралық бағыттарын қосыңыз.

5. Оң жаққа бағытталған фигуралық бағытты кірістіріңіз. Оның көшірмесін

жасаңыз. Жаңасын кірістіріңіз, орналасу реті - алдына қарай командасын

таңдаңыз.

6. Барлық блоктардағы мәтін туралануы –центр бойымен орналастырыңыз.

7. Объектіні таңдау бағыты арқылы барлық суреттерді пунктирлі сызықпен

ерекшелеңіз.

8. Мәтінді біркелкі графиктік объектіге айналдыру керек, ол үшін

Топтастыру командасын орындаңыз.

9. Енді дайын суретті мәтін бойымен жылжытуыңызға болады.

13-сурет – ЭЕМ жаңа кезеңі

 

 

 

 

Тест тапсырмалары

Мәтіндік редактор және мәтіндік процессор

1. Компьютерлік алфавит симвлодарының қандай да болсын тізбегі не деп аталады?

A. Мәтін

B. Жазу

C. Жол

2. Мәтіндік редактор пайдаланылып жасалған, ішінде алфавиттік, сандық, симвлодардан басқа, графиктік объектілермен мәтінді пішімдеу туралы басқарушы ақпараты бар файлды не деп атаймыз?

A. Мәтін

B. Мәтіндік процессор

C. Мәтіндік құжат

3. Магниттік дискіде мәтіндік құжат құруға, оны өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге, басып шығаруға және т.б. қолдданылатынқолданбалы программа.

A. Мәтіндік редактор

B. Мәтіндік құжат

C. Мәтіндік процессор

4. Мәтіндік құжаттардың қандай түрлерін білесің?

A. Кәдімгі

B. Кестелік

C. Программалық

D. Барлығы

5. Басқа мәтіндермен графикалық, бейнелік, дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланысын қамтитын мәтінді не деп атайды?

A. Кәдімгі мәтін

B. Кестелік мәтін

C. Гипермәтін

6. симвлодардан не құралады?

A. Сөз

B. Сөйлем

C. Жазу

7. Қандай перненні басу арқылы абзацқа түсе аламыз?

A. Shift

B.

C. Ctrl

8. Жол мен бағанның қиылысуы нәтижесінде пайда болған объект не деп аталады?

A. Баған

B. кесте

C. Ұяшық

9. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады?

A. Символ

B. Сөз

C. Жол, абзац, бет

D. Аталғандардың барлығы

Жауабы: А, С, А, D, C, A, B, C, D



 

Практикалық тапсырмалар

4.3 Презентациялар

А деңгейі

4.3.1-тапсырма

1. Келесі талаптар бар презентация құрыңыз:

·Титул бет слайды;

·Ұйымдастырылған құрылымы бар слайд;

·Word құжатынан кірістірілген мәтіндік үзіндісі бар слайд;

·Windows графиктік редакторын көшіру арқылы пада болған және Paint

графиктік редакторында редакцияланған графиктік объектісі бар слайд;

·PowerPoint-та құрылған кестесі бар слайд.

 

В деңгейі

4.3.2-тапсырма. 4.3.1 тапсырмасындағы слайдты әрі қарай

жалғастырыңыз.

1. Word құжатынан кірістірілген кестесі бар слайдты құру;

·PowerPoint –та құрылған диаграммасы бар слайд;

·Office стандартты суреті бар слайд;

·Файлдан алынған графиктік объектісі бар слайд;

·Анимация әсері бар слайд.

2. Құрылым тәртібінде құрылған презентацияны редакциялаңыз.

3. Құрылған презентацияны келесі тәртіптерде көрсетіңіз:

·көрсету тізбектері;

·еркін көрсету;

·уақыт бойынша көрсетуді баптау.

4. Келесі әрекеттерді қамтитын басқару батырмалары бар презентацияны

жетілдіріңіз:

·көрсетудің бағытын таңдау;

·көрсету бағытын таңдай мәзірін қамтитын слайдқа қайта оралыңыз;

·слайд қараудың алғашқы бетіне оралыңыз;

· слайдты қарау тәртібінен слайдтарды редакциялау тәртібіне көшіңіз.

5. Презентацияға таратпа материал дайындаңыз.

6. барлық презентацияларды жинақтарыңыз.

7. Мұғалімнің айтуы бойынша дайын шаблондардан презентациялар

құрыңыз.

С-деңгейі

4.3.3-тапсырма. WORD программасынан кестелерді, суреттерді,

мәтіндерді, тақырыптарды пайдалану арқылы 8 -10 презентация құрыңыз.

Бұл презентация келесі шарттарды қамту қажет:

1. Титулдық бет.

2. Суреттері бар слайдтар.

3. Кесте мен диаграммасы бар слайд.

4. WORD программасында құрылған кестесі бар слайд.

5. Тізімдері және әсерлері бар слайдтар.

6. Ескертулері бар слайдтар.

7. Көрінбейтін слайдтар.

Тест тапсырмалары

4.3 Презентациялар

 

1.PowerPoint бағдарламасы не үшін қажет?

A)Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін арттыру

B)Ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған көрмелерді жасау

C)Сызбалық нысандары бар мәтіндік құжат жасау

D)Қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен Интернет беттерін жасау

E)Фильмдер дайындауға арналған бағдарлама

 

2. PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?

A) БастауБас мәзірІздеу – Microsoft PowerPoint

B) Жұмыс үстеліБас мәзір — Microsoft PowerPoint

C) БастауБағдарламалар — Microsoft Office — Microsoft PowerPoint

D)Тапсырмалар үстелі — Microsoft PowerPoint

E) Жұмыс аймағы — Microsoft PowerPoint

 

3. PowerPoint бағдарламасына суретті кірістіру командасы

A)Пішім – Сурет – Суреттер (жинағы)

B)Кірістіру – Сурет – Суреттер (жинағы)

C)Пішім  — Сурет  – Файлдан

D)Кірістіру – Нысан

E)Түзету – Нысан

 

4.PowerPoint дегеніміз не?

A)Көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы

B)Кодтық кестелерді өңдеуге арналған бағдарлама

C)Кестелік нысандарды пішімдейтін бағдарлама

D)Мәтін теруді ұйымдастыратын бағдарлама

E)Электрондық кестелерді әзірлейтін бағдарлама

 

5.Меню жолы элементтеріне жатпайтын элемент:

A)Файл

B)Түзету

C)Көрініс

D)Пішімдеу құралдар үстелі

E)Кесте

 

6.PowerPoint бағдарламасында жасалған файлдың кеңейтілуі:

A) .ехе

B).рpt

C).pdf

D).txt

E).doc

 

7.PowerPoint терезесінің негізгі элементтеріне жатпайтын элемент

A)Тақырып жолағы

B)Стандартты құралдар үстелі

C)Пішімдеу құралдар үстелі

D)Слайдтардың кішірейтілген үлгілері

E)Жұмыс үстелі

 

8.Файл – Сақтау әмірінің қызметі

A)Құжатты көшіру

B)Құжатты сақтау

C)Құжатты теру

D)Мәтінді пішімдеу

E)Мәтінді жою

 

9.PowerPoint терезедегі Х батырмасының қызметі:

A) жабу (Закрыть)

B) шығу (Выход)

C) сақтау (Сохранить)

D) уақытша жабу (Свернуть)

E) қалыпына келтіру (Восстановить)

 

10.Power Point бағдарламасында _ батырмасының қызметі:

A) жабу (Закрыть)

B) шығу (Выход)

C) сақтау (Сохранить)

D) уақытша жабу (Свернуть)

E) қалыпына келтіру (Восстановить)

 

Практикалық тапсырмалар

V. Телекоммуникациялар

А деңгейі

5.1-тапсырма. Сөз тіркестерін телекоммуникациялық технологиямен

байланыстырып, толтырыңыз:

1. …желі;

2. … мекенжай;

3. электрондық…;

4. желі…;

5. …-сервер;

6. …байланыстар;

7. …хабарламалар;

8. …жәшік.

 

5.2-тапсырма. Қателерін тауып, түзетіңіз

а. Ауқымды желі жақын орналасқан компьютерлерді байланыстырады.

Мысалы, бір кеңседе бір – біріне қосылған екі компьютер, немесе жоғары

жылдамдықты кабельмен қосылған барлық ғимараттарды қамтитын желі.

Бірнеше аралас ғимараттарды қамтитын корпоративті желі ауқымды деп

есептелуі мүмкін.

ә. Жергілікті желі бір – бірінен алыс қашықтықта орналасқан

компьютерлерді біріктіреді.

б. Модем – бұл клиенттерге әр түрлі қызметтер мен мәліметтер ұсынатын

компьютер. Желілік модемдер күрделіктің әр түрлі деңгейінде көптеген

міндеттер орындай алады. Ірі желілерде мамандандырылған арнайы модемдер

кең таралған, осының арқасында қолданушылардың өсіп келе жатқан

қажеттіліктерін сапалы қанағаттандыруға мүмкіндік туғызады.

 

В деңгейі

5.3-тапсырма. Орысша және ағылшынша терминдер арасындағы

сәйкестікті орнатыңыз

Браузер                                         e-mail

Домен                                            browser

Хабарламалар тақтасы                domain

Сеанс                                             gateway

Желі                                               BBS

электронды пошта                       session

Шлюз                                            network

Қазақ тіліндегі сәйкес терминдерді табыңыз (іздеу үшін тілмаштарды

қолданыңыз, мысалы sozdik.kz).

5.4-тапсырма. Браузердің мекенжай жолында сол жағында келтірілген

беттер мекенжайын кезектеп енгізіңіз, оң жағына бет тақырыптарын жазып,

олардың мазмұнын түсіндіріңіз (8-кесте).

8-кесте – Мекен жай

 

Мекен жай

Сипаттау

 

www.meteo.kz

 

www.akorda.kz

 

www.site.kz

 

www.sozdik.kz

 

 

1. Іздеу жүйелері арқылы Қазақстанның тегін пошталық серверлерінің

мекенжайын табыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

a) Ғаламтор желісінде адамдарды іздестірудің қандай қызметтері бар?

б)Неліктен адамдар белгісіз тілдегі өлеңдерді зер салып тыңдайды, ал аудармасыз фильмдер көргенде тез шаршайды?

С деңгейі

5.5-тапсырма. «Компьютерлік желілер» тақырыбы бойынша сөз жұмбақ

құрыңыз, барлық терминдерді ағылшын тіліне аударыңыз. Сөз жұмбақ 10терминнен кем болмауы керек.

 

 

 

 

Тест тапсырмалары

V. Телекоммуникациялар

 

1. Сөйлемді толықтыр: Интернеттің..... шексіз.

А. мәселесі

В. мүмкіндігі

С. жағдайы

Д. сұранысы

 

2. Электронды пошта дегеніміз не?

А. компьютердегі ақпарат

В. дүниежүзілік торап

С. телефон жүйесі

Д. тапсырыс беру

 

3. Интернет деген не?

А. ақпарат тарату

В. дүниежүзілік торап

С. термин сөздер

Д. байланыс түрі

 

4. Мына сөзді аудар: связываться

А. көмек

В. телефон желісі

С. айтуға болады

Д. байланыс жасау

 

5. Интернационалдық терминдерді тап:

А. кеден, әнұран

В. фонетика, грамматика

С. тарих, оқиға

Д. мектеп, сабақ

 

6. Термин сөздердің неше түрі бар?

А. 3 В. 4 С. 5 Д. 2

 

7. Интернет қай елде пайда болды?

А. Жапонияда

В. АҚШ - та

С. Англияда

Д. Австрияда

 

8. Интернет неше жыл бұрын пайда болды?

А. 23

В. 26

С. 24

Д. 25

 

9. Интернетті пайдаланатындар нені іздейді?

А. сабақ

В. ақпарат

С. хаттама

Д. зерттеулер

 

10. Интернетті не үшін шығарған?

А. танысу үшін

В. ақпарат алу үшін

С. әскери зерттеулер үшін

Д. хат жазу үшін

 

11. Модем дегеніміз не?

А. мәліметтер алмасу құрылғысы

В. телефон жүйесі

С. байланыс түрі

Д. хаттама

 

12. Интернет қызмет түрлеріне нелер жатады?

А. байланыс түрін қалыптастыру

В. жаңалықтар жинау

С. тұтынушылармен танысу

Д. ұшақ, пойыз, спорт жарыстарына билеттеріне тапсырыс

 

13. Интернет қызмет түрлері:

А. алдын ала алу, тапсырыс беру, аудару, сатып алу

В. сайтқа кіру, жауап күту

С. сұрақ беру, жауап алу

Д. ақпарат, жаңалық жинау

 

14. Интернет дүкен дегеніміз не?

А. электрондық пошта

В. интернет арқылы қызметтер түрлері

С. тауарды не қызметті жарнамалау сайты

Д. интернетке қосылу торабы

 

15. Дүкеннің әкімшісі нені ұйымдастырады?

А. тауардың жеткізілуін

В. ақпаратты толтыруға

С. достармен танысуды

Д. тапсырыс беруді

 

16. Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге не қажет?

А. модем

В. сайт

С. телефон желісі

Д. компьютерлік үстел

 

17. Интернет мүмкіндігіне сәйкес келмейтін қатарды тап:

А. ұшақ, пойыз билеттеріне тапсырыс

В. мәтіндерді аудару

С. тұрғын үй салуға

Д. тауарларды сатып алуға

 

18. Интернет дүкендерінде есептесудің ең ыңғайлы тәсілі:

А. пластикалық карта

В. банк көмегімен

С. пошта аудармалары арқылы

Д. электрондық ақша

 

19. Ыңғайлы сөзін аудар:

А. особенный

В. удобный

С. необходимость

Д. принимать

 

20. Интернет қызметтерін ұсынатын компания:

А. модем

В. дүкен

С. провайдер

Д. сайттар

 

21. Интернет арқылы кіммен танысуға болады?

А. өзің сияқты адамдармен

В. мұғалімдермен

С. ғалымдармен

Д. әскери зерттеушілермен

 

22. WWW деген не?

А. электрондық пошта

В. бүкіләлемдік торап

С. интернет дүкен

Д. телефон желісі

 

23. Веб - беттер нені қамтиды?

А. мәтін, сызба, дыбыстық, бейне жазбаларды

В. пошта, файлдарды

С. сайттар мен ақпараттарды

Д. тауар сату, алдын ала алу

 

24. Электронды пошта қашан пайда болды?

А. 1966 В. 1965 С. 1964 Д. 1967

25. Торап сөзін аудар:

А. сеть

В. система

С. пошта

Д. тарих

 


Кілті:

1. В

2. А

3. В

4. Д

5. В

6. Д

7. В

8. Д

9. В

10. С

11. А

12. Д

13. А

14. С

15. А

16. А

17. С

18. Д

19. В

20. С

21. А

22. В

23. А

24. В

25. А


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. 2013 жылдың 3 сәуірінде №115 бұйрықпен бекітілген 5-9 сыныптарға арналған «Информатика» пәнінің оқу бағдарламасы.

 

2. Ермеков Н., Пилипенко С. Информатика. Дидактикалық материалдар (практикум): Жалпы білім беретін мектептің 7-сынып мұғалімдеріне арналған, басылымы, өңделген. – Алматы: Атамұра, 2007. – 152 б.

3. Вьюшкова Е.А., Ибраева А.Т., Лан Н.Ю. Информатика. Дидактикалық материалдар: Эксперименталды 12-жылдық білім берудің 10-сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Мектеп, 2012. – 162 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе ..........................................................................................................

Практикалық тапсырмалар ............................................................................................. 5

1 Ақпарат және ақпараттық үдерістер ..................................................................... 5

2 Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы ................................................................... 7

3 Алгоритмдеу және модельдеу .......................................................................... 9

4 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ............................................. 11

4.1 Қарапайым графиктік редактор ...................................................................... 11

4.2 Мәтіндік редактор және мәтіндік процессор ............................................ 13

4.3 Презентациялар ................................................................................................ 18

5 Телекоммуникациялар ...................................................................................... 20

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ..................................................................................... 22

Қосымша .................................................................................................................................. 23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика пәнінен дидактикалық материалдар. 2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 252 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2017 2551
    • DOCX 3.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сабирова Бакыт Рабкеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сабирова Бакыт Рабкеновна
    Сабирова Бакыт Рабкеновна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3885
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 115 человек

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе