Инфоурок Математика Другие методич. материалыМатематика пәнінен сыныптан тыс жұмыс

Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс

Скачать материал

Математикадан кластан тыс жұмыс. Тақырыбы: Омар Хайям – ұлы тұлға

Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Омар Хайямның өмірімен, еңбектерімен таныстыру, математиканың маңыздылығын көрсету арқылы оқушы бойындағы білуге деген талпыныс пен құмарлықты ояту, балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түсу.
Дамытушылық мақсаты: Математикалық қабілетін, шығармашылық қасиеттерін, қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ұлы тұлғалар өмірін оқыта отырып, халқының мәдениетін қадірлеуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, карта, әр түрлі баспа материалдары, «Шығыс жұлдыздары»-ның портреттері, өмірі мен еңбектері жазылған газеттер, музыкалық шығармалар.

І-Бастаушы: /Сахананың сыртында/
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! «Омар Хайям –ұлы тұлға» атты математикалық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

1-КӨРІНІС. Сахна ашылады. Бір шетінен Омар Хайям шағады. Шығыс музыкасы ойнап тұрады.

Омар:
О, тәңірім! Жүрегімді қан етесің,
Бақытқа бір жарытпай зар етесің.
Самалды бетіме ескен жалын қылып,
Суымды аузымдағы зәр етесің.

Дүниеде ақыл-ойға мінсіз бол сен
Айтылса жаһан жайлы мінсіз бол сен
Құлағың, көзің, тілің сау тұрғанда
Соқыр бол, саңырау бол, тілсіз бол сен.

Омар музыкамен ұзын ақ шапанының етегін жиып, бұрыштағы төрге барып, алдына кітабын алып жағын таянып ойланып отырады.

1-бастаушы: Дүниеде өз замандастарының алдында мойындалмай кеткен дарындар мен даналар аз емес. Солардың бірі де бірегейі Омар Хайям еді. Бахтың ұлы музыкант екенін Еуропа 150 жылдан соң білген болса, адамзат әлемі Омар Хайямды ұлы ақын ретінде 730 жылдан кейін ғана тани бастады. Бүгінде оны жатқа білмейтін немесе «ақындардың ақыны» деп ардақтамайтын адам кемде кем.

Сарыарқа күйі ойнайды.

1-Бастауышы: Жалпы тұлға мен тобырдың арасындағы қарама-қайшылық қай заманда да орын алған. Тұлға қашанда өз заманынан озық туғандықтан, оны замандастары көзі тірісінде бір жағынан көре алмай, екінші жағынан оны түсіне алмай төмендетуге, елемеуге тырысқан. Ойткені ол – Дара, ол- жалғыз, ал көптің аты көп, бірақ ол – Тобыр.

Ортаға Абай Құнанбаев шығады:

Надандар былшылдайды, құр алмайды
Үлкен жанның қиялын ұға алмайды.
Теңізден таудай толқын соқса-дағы
Жағадағы жартасты жыға алмайды.

Сократқа у ішкізген, Ионно Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол- көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал- деп жазып кеткен Абай Құнанбаев.

Сахананың екінші бұрышына барып кілемшеге барып ойланып отырады.

1-бастаушы: Омар рубай жазғанымен оның танымал болуына рубайларының ағылшын тіліне аударылуы себеп болған. Ағылшын ақыны Эдвард Фицджеральд алғаш рет Омар Хайямның 101 рубайын ағылшын тіліне аударады. Аударма қолдан-қолға тез тарап кеткен.

3-оқушы.Ағылшынша киінген Эдвард Фицджеральд:

Омар Хайям – бүкіл ақындардың арасындағы философ, өзінің төрттағанына бүкіл философияны сыйдыра білген ақын,- деп жазды ағылшын ақыны, аудармашы.

4-оқушы.Немісше киінген Гете:

Міне осындай ұлы ақынды өз елінде ақын емес, астролог, математик, философ, қала берді физик, дәрігер-емші, музыка зерттеушісі ретінде ғана таныған.

Парсылар өзінің 500 жыл ішіндегі ақындарының ішінен жетеуін ғана шығыс жұлдызы болуға лайық деп тапты. Алайда осы жетеуінің ішіне кірмеген ақындардың өзі менен әлдеқайда жоғары тұрады,- деп жазды неміс ақыны Гете.

5-оқушы:
Төрт тағанмен талай ойды еткен баян,
Сондықтан да атағы әлемге аян,
Мәңгіге төрт тағандап тұрып қалған,
Не деген берік еді Омар Хайям!

/Сахна жабылады./

6-Оқушы: Алгебра білімінің негізгі ірге тасы Орта Азияда қаланғанын білеміз. Ғылымға алгебра деген сөзді 9 ғасырда өмір сүрген өзбектің ұлы математигі Әл-Хорезми идн-Муса енгізген. Осы ойды дамытушылардың бірі ОМАР ХАЙЯМ еді. Омар Һайям- тәжік және парсы халықтарының орта ғасырларда өмір сүрген ұлы ғалымы, көреген ойшылы, дарынды ақыны. Оның ғылыми зерттеулері математика мен астрономияны жаңа сатыға көтерді. Философиялық еңбектері кейінгі ұрпақтардың ой-өрісін кеңейтті, ал өлеңдері поэзияның жаңа түрін қалыптастырды. Ғалым Омар парсыша Һайям деп, арабша әл-Һайями- деп аталып кетті. «Һайям» – орта парсыша «шатыр тоқушы» деген сөз. Оның әкесі мен шешесі шатыр-палатка тоқып, керуенге сатып кәсіп еткен болуы керек. Һайямның шын аты- Ғияседдин Әбілфатих Омар ибн Ибрахим ән-Нишапури. Нишапури – Омардың туған жерінің аты. Бұл қала Иранның солтүстік жағында Хорасан өлкесінде. Омардың ғалым ретінде қалыптасуына Орта Азия ғылымы мен мәдениетінің алыптары- Фараби, Хорезми,Бируни, Ибн Сина, т.б. еңбектері зор әсер етті..

Омар 50 шақты кітап жазған, олардың көпшілігі бізге жетпеген. Тұңғыш еңбегі «Арифметиканың қиын мәселелері» Онда сандардан кез келген бүтін оң дәрежелі тібірлер шығару жодары көрсетілген. Мұндай түбірлерді шығару үшін Ньютон биномының ережесін білу керек. Демек Омар Хайям бином теоремасын Ньютоннан бұрын тапқан. Ньютон 1643-1727 жылдары өмір сүрген. Бұл кітаптың нұсқасы сақталмаған.. Омар негізінен үшінші дәрежелі теңдеуді графиктік әдіспен шешу тәсілін берген. Үшінші дәрежелі – кубтық теңдеулердің кез-келген түрін шығарарлық математик Хайямға дейін болмаған. оның өшпес еңбегі кез келген кубтық теңдеуді шешудің геометриялық жолын табуында. Хайям куб теңдеулерге эллипс, парабола, гипербола сызықтарын қолданады. Сызықтардың өзара қиылысу нүктелері теңдеудің түбірлерін анықтайды. 1048 жылы-17 мамырда парсының Хорасан елінің Нишапур қаласында киіз үй жасаушысы Ибраһим отбасында дүниеге келді.

1055-1062 жылдары-Нишапур медресесінің шәкірті.
1062-1070 жылдары- Самарқан қаласында жоғары білім алуды жалғастырады.
1070-1074 жылдары- Бұхара қаласында патша мұрагерінің сарайында астролог-ғалым қызметін атқарады. “Арифметиканың күрделілігі» және “Алгебра және әл-мукабала мәселелерін дәлелдеу туралы трактат”, «Ақыл таразысы» трактатын жазды.
1074жыл- «Ұлы Селжұқ» Мәлік-шах сұлтанның сарай обсерваториясының негізін қалайды және жетекшілік жасайды.
1077жылы- «Евклид еңбектеріндегі қиын тұжырымдарға түсініктеме» трактатын жазды.
1079 жылы- «Мәлік-шах астрономиялық кестесі деп аталатын жаңа күнтізбелік реформасын жасайды.
1080 жылы- «Болмыс және болуға тиісті істер туралы трактат» атты алғашқы философиялық еңбегін жазды.
1080-1091 жылдары- «Үш сауалға жауап», «Жалпы ғылыми пән туралы ақылдың нұры», «Өмір сүру туралы трактатын» жазды.
1092жылы- Өмірдегі қорғаушысы, қолдаушысы бас уәзір Низам әл-Мүлік пен Мәлік-шах дүние салады.
1092-1098 жылдары- Сарай дәрігері әрі астрологі болады.
1118 жылы- өзінің туған жері Нишапур қаласына келіп медреседе сабақ береді. «Дене құрамындағы алтын мен күмістің мөлшерін анықтау тәсілі туралы» трактат жазды.
1131 жылы- 4 желтоқсанда ұлы философ-ақын 83 жасында дүниеден өтеді. Денесі Нишапурда жерленеді.

2-КӨРІНІС. Сахнада үстел басында ойланып отырған Омар /шығыс әуені ойнап тұрады./:

Тыңдашы, жүрек дертін басайын тез
Көп емес, бар болғаны екі ауыз сөз:
Күл болып күйінсем де күйігіңнен
Гүл болып мейіріңнен ашамын көз.
Жазғырма уақыт зырлап өтсе мейлі,
Кейбіреу оған текке өкпелейді.
Жұмсап қал қазынаңды тірігіңде,
О, дүние кедейсініп «кет» демейді.

Сахнадаға бір топ тобыр келеді.. Омарды келекелеп отыр. Күлкіге айналдырады.
- Мұнда Омар Хайям отыр. Ол деген керемет ғұлама ғалым ғой? Оның данышпандығында шек жоқ дейді.
- Мұныда ғалым дейді-ау. Ол бір жүрген дінбұзар емес пе?

- Омар:
Маскүнем, арам дей бер өзіме аян
Қаскүнем сараң дей бер өзіме аян
Сыртымнан сырын білмей сын тақпа тек
Жақсы де, жаман дей бер өзіме аян.

-Көп білсең, дін жолындағы адам болсаң Меккеге неге бармайсың? Меккеге баратын жағдайың келісіп тұр ма? /Қарқылдап күледі./

Омар:
Сен неге кедейлікке боласың дал
Тартынбай тіршіліктен аласыңды ал
Бір сағат шаттық артық, мың қажыдан
Меккеде сенің қайбір нағашың бар

-Қой мына оңбағанмен салғыласып тұрамыз ба. Одан да шайханаға барып көңіл көтерейік.

Омар:
Сұм тағдыр! Сұмырайға нан бересің
Су мен жер, үй салтанат, сән бересің
Бір үзім нанға зар боп жүргендер көп
Алмаған адал жанда бар ма еді өшің? / Сахнадан түңіліп шығып кетеді./

1-Бастаушы: Әлеуметтік теңсіздікті, күштінің әлсіздерге жасаған зорлық зомбылығын мүсәпірлердің зар-наласын түсінгенімен, ақын ондай халден құтылудың жолын ұсына алмай налиды.

7-оқушы: Омардың бізге келіп жеткен еңбектерінің бірі- «Наурызнама» атты шығарма болып табылады. Бұл шығарманың аты «наурыз» яғни жаңа күн немесе жаңа жыл немесе жыл басы деген мағынаны берсе , «нама»-сөзі қазақша айтқанда білім, ілім, оқу немесе ғылым деген мағынаны береді. Сөйтіп Омардың «Наурызнама» шығармасы жаңа жыл туралы ілім немесе жаңа жыл туралы шығарма.

Омар наурызды әрдайым 22 мартқа келетін етіп жасайды. Ол үшін високос жылдарын енгізеді. Оның күн тізбесі бойынша әрбір 33 жылдың 25 жылы 365 күндік –жай жыл, 8жыл- 366 күндік високос жылы болып отырады. Сонда 1 жылдың ұзақтығы 365,2424 күн болады. Ал нақты жыл астрономиялық есеп бойынша 365,2422 күн деп есептеледі. Бұдан Омар күнтізбесінің дәлдігі жылына 19 секунд болатындығы шығады. Ерте заманда өлшеу техникасының нашар дамыған кезінде күнтізбенің осынша дәлдікке жеткізуі Омардың ұлы наурызшы болғанын көрсетеді.

Өзінің «Наурызнама» еңбегінде ай атауларының алғашқы мағынасын түсіндіреді, әр айдың ерекшекліктерін сипаттайды, зодиакпен байланысын айтады. Сол тізбе бойынша иран патшаларының Наурыз күнін қалай белгілегендіктерін және мейрамды қай мезгілде өткізгендіктерін тарихи дәлел деректермен сипаттайды. Бұл еңбек тек наурыз туралы ғана емес, сонымен қатар адам организмінің заманнан заманға, ұрпақтан-ұрпаққа өткенде қандай өзгеріске ұшырайтынында назарға алып, аса құнды, қажетті емдік мәслихаттарды алға тартады. Қазіргі кезде Орта Азия халықтары Наурыз мейрамын Омар Хайям күнтізбесі бойынша 22-наурызда тойлайды.

3-КӨРІНІС.

Мәлік-шах: Уәзір! Омарды менің жұлдызшыларымды басқаратын жұлдызбасшы етіп тағайында!

Айтқаныңызға құлдық, менің сұлтаным!

Омар: Иә, достар! Құр бекер істерді қойып, математикамен айналысайық. Өмірді сүйген адамға әр күнің, әр сағатың, әр минутың қымбат. Алланың адамға сыйлаған алтын уақытын текке өткізбей пайдалану керек. Мен түні бойы әртүрлі сызықтар, оның ішінде параллель сызықтар туралы ойланып шықтым. Иә,иә! Әңгімені ең қарапайым нәрседен, ұлы мәртебелі Евклидтің бесінші постулатынан басталық. Бесінші постулат кімнің есінде бар?

1-оқушы:-Бізді несіне қинайсың ? Өзің-ақ жатқа айта салсаң болмай ма?

Омар:-Ендеше, тыңдаңдар ! Егер бір түзу екі түзуді қиып өтіп, олармен қосындысы екі тік бұрыштан кем болатын туыстас ішкі бұрыштар жасайтын болса, онда ол екі түзу сзған кезде міндетті түрде өз ара қиылысады .!

1-оқушы:-Ал, сосын қалай ?
2-оқушы:-Содан кейін бе? Ар жағы мейлінше күрделі. Он бес жылдай бұрын, оданда ертерек, Самаркандта жүргенде мен осы есепті шығара бастадым.
1-оқушы- Оны шығарудың не қажеті бар? Постулаттың аты – постулат, оның ; шөбі жасыл, құмы сұр деп дәлелдегенмен бірдей.

Омар:
-Олай ғана емес. Сен, Меймуни, осы постулатты теорема ретінде қарастырып, оны дәлелдеуге тырысқандардың бәрі ақымақ деп ойлайсың ба?
2-оқушы:-Онда Евклид өз постулатын қажетсіз жерге қыстырған деп шамалау керек қой.
1-оқушы:-Иә, бәлкім, солай болар.
2-оқушы:
-О, Омардың мұнысы несі. Евклидтің қатесін шығармақ па? Евклид геометрия тәңірісі. Оны мойындаймыз ғой.
-Достар!-деді. Ғылыммен адам шұғылданады. Ал, қандай ұлы адам болса да, адам болған соң қателеспей тұра алмайды. Сондықтан да мына шым-шытырық деп атауға болатын бесінші постулатты дәлелдеу тұрғысынан қарағанның несі айып?!
-Уәзір! Жұлдызшыларға айт. Дем алуға аңға шығамын, қай күн қолайлы екен, соны болжап берсін. Барып, сұрап қайт.
-Уа, халайық «Әз патшамыз Мәлікшах аңға шығу үшін ең қолайлы күнді болжап беруді сұрады.
Уа, Омар, қандай жауап бересің.
-Сұлтан алаң болмасын. Аңға шыға берсін
-Күн бұлттанып тұр, бұл қалай болады.
-
-Уа, Сұлтанға айт. Алаң болмасын қазір аспан ашылады. Бес күн бойы күн ашық болады.Сұлтан жолдан қайтпасын.
-Құдіретті, сұлтан! Жұлдызшылар сіздің демалуыңызға қолайлы күн деп отыр. Жолға шығайық.
-Бұны қайсысы айтты екен. Жорамалы дұрыс болмаса басын аламын.
- Жұлдызшы Омар айтты, мәртебелі сұлтан

-Ой, жаратқан алла! Бұл жалғанда Омардан асқан жұлдызшы жоқ. Айтқаны тура келеді. Жаңа күнтізбені тек Омар ғана жасай алады. Бәрекелді. Омар жарайсың.

Бастаушы:
-Дертіме болды Хайям сөздері ем.
Білесің аударғаннан өзге нені
Тараздан сұлу сүйіп мың жыл бұрын
Дүниеден өткен Омар жездем еді,- деп жазушы, аудармашы ақын Арғынбай Бекбосын жырлаған еді. Омар рубаяттарының әсерінен жаза бастадым. Білсеңіз, ол кісі менің туған қалам Таразды жырға қосқан.

Қайтесің, Хайям тыңдап надандарды.
Есірген айырмастан адам-малды.
Одан да Тараздың жас сұлуымен

Ойнап-күл, болған емес заман мәңгі, деп жырлаған.Әрине, Омарды оқу, тұщыну ерекше дүние. Біз бұл тақырыпта аудармашы Қуандық Жаңғытбаевқа қарыздармыз.
-Асыл мен алтынға, ділмәр мен шешенге біз, қазақ зәру емеспіз.

Ақын Есенғали Раушанов:
- « Өзіміз алтынның үстінде отырып, күміске қызықпайық », рубаят қазақша шумақ, қара өлең ұйқасы, ал мұндай дүниені жаңадан туғандай жасаудың қажеті жоқ » деп жазады.

Иә, Ұлы Абай Омар Хайямды білмеген болуы керек. Себебі, Омар ол кезде ақын есебінде белгілі болмаған.Екі алыптың үндестігі: біріншіден ғұлама, адам дүние, өмір мен өлім туралы айтқан ойлары тереңдігі жағынан үйлеседі.

Екіншіден; екеуіде асқан білімді адам.

Үшінші ұқсастығы; екеуін де әлсін-әлсін оқи беретіндігіңіз, оқыған сайын шығармалары басқа жаңа қырынан ашылуында, көкейдегі ойды дөп басатынында.

Екеуі де шығыс поэзиясының қатар аққан қос ағысы.

Абай
Жүрегімнің түбіне терең ойла
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақты жерде өстім

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: Білімділік мақсаты: Омар Хайямның өмірімен, еңбектерімен таныстыру, математиканың маңыздылығын көрсету арқылы оқушы бойындағы білуге деген талпыныс пен құмарлықты ояту, балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түсу. Дамытушылық мақсаты: Математикалық қабілетін, шығармашылық қасиеттерін, қызығушылықтарын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ұлы тұлғалар өмірін оқыта отырып, халқының мәдениетін қадірлеуге үйрету. Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, карта, әр түрлі баспа материалдары, «Шығыс жұлдыздары»-ның портреттері, өмірі мен еңбектері жазылған газеттер, музыкалық шығармалар. І-Бастаушы: /Сахананың сыртында/ Құрметті оқушылар мен ұстаздар! «Омар Хайям –ұлы тұлға» атты математикалық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 1-КӨРІНІС. Сахна ашылады. Бір шетінен Омар Хайям шағады. Шығыс музыкасы ойнап тұрады. Омар: О, тәңірім! Жүрегімді қан етесің, Бақытқа бір жарытпай зар етесің. Самалды бетіме ескен жалын қылып, Суымды аузымдағы зәр етесің. Дүниеде ақыл-ойға мінсіз бол сен Айтылса жаһан жайлы мінсіз бол сен Құлағың, көзің, тілің сау тұрғанда Соқыр бол, саңырау бол, тілсіз бол сен. Омар музыкамен ұзын ақ шапанының етегін жиып, бұрыштағы төрге барып, алдына кітабын алып жағын таянып ойланып отырады. 1-бастаушы: Дүниеде өз замандастарының алдында мойындалмай кеткен дарындар мен даналар аз емес. Солардың бірі де бірегейі Омар Хайям еді. Бахтың ұлы музыкант екенін Еуропа 150 жылдан соң білген болса, адамзат әлемі Омар Хайямды ұлы ақын ретінде 730 жылдан кейін ғана тани бастады. Бүгінде оны жатқа білмейтін немесе «ақындардың ақыны» деп ардақтамайтын адам кемде кем. Сарыарқа күйі ойнайды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 166 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2020 133
    • DOCX 68 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иванова Иллона Иосифовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иванова Иллона Иосифовна
    Иванова Иллона Иосифовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 80227
    • Всего материалов: 239

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика. Сложение и вычитание

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1360 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 214 человек

Курс повышения квалификации

Практические аспекты применения современных технологий при обучении школьников математике в рамках ФГОС ООО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 412 человек

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе