Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Математика және физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту жолдары" баяндама

"Математика және физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту жолдары" баяндама

Скачать материал

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

 ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»

                                                                                                           Н.Ә.Назарбаев

Шығармашылық тақырыбым:      “Математика және физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту жолдары» 

Мақсаты:Cапалы білім беру мен математикалық білім негіздерін меңгерту арқылы оқушылардың ой еңбегі мен ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:   

1.                 Оқушыларға тиянақты білім беруді  дамыта отырып, оларды өз бетімен     жұмыс істеуге үйрету.

2.                  Әрбір оқушының ақыл-ойының есте сақтау қабілетін дамыту,     шығармашылық ізденіске баулу.

3.                 Оқушыларды азаматтық      адамгершілікке,     жауапкершілікке тәрбиелеу.

Өзектілігі: 

·        Орындату әдіс-тәсілімде топтық, жұптық,        жеке  жұмыстарды үнемі пайдаланудың өзіндік       сабаққа,  оқушы біліміне берер пайдасы  мол.

·        Оқушылардың өмірмен ұштасқан, тақырыпқа  қатысты тапсырмаларды  ізденіп, зерттеуі оқушының  өз бетімен білімін дамытып,       шығармашылықпен айналысуына да мүмкіндік       береді.

·        Білімін жетілдіру,дамыту, тексеру мәтінмен      жұмыс жасау, тестік, деңгейлік тапсырмалар       беру арқылы және сарамандық ,зертханалық

 жұмыстарды  орындату арқылы жүзеге асады.

Нәтижесінде:

Ø Сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық     пайда  болады

Ø Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі.

Ø Деңгейлік тапсырма арқылы бір-біріен тез тіл     табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен    ептілікті, сергектікті үйренеді

Ø Оқушылардың физикалық қабілеттері айқындалады

Ø Іс-әрекетке қатысатын әр оқушы сол топтың      беделін, намысын қорғауға тырыса отырып      өзіне  жүктелген жауапкершілікті сезінуді

үйренді.

Ø Оқушы бойында болжау жасау,  шығармашылыққа   ұмтылу қасиеттері

дамиды.

Ғылымның гуманистік аспектісі жаратылыстану пәндерінің мазмұнында ғылыми адамдардың қызметі, яғни олардың тарихы, сонымен бірге құнды ғылым аспектілірін ашу мен оқушылардың оларды ұғуынан көрінеді.   

Мектепте оқытудың шынайы мазмұнына оқушылардың қызметін толықтырып, танымның әдісі мен үрдісі туралы ұғым беретін білімдердің көлемін көбейту керек. Бұл методологиялық және тарихи-ғылыми, әсіресе ғылымның гуманитарлық аспектілерін ашатын білімдер.

Қазіргі ғылыми білімдердің даму бағыттарының бағдарламаларды құрастыруға, мұғалім баяндамасына, оқыту үрдісіне тигізер әсері мол. Мұғалімге оқушылардың  ойлау қабілеттерін қалыптастыру мен оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін осы байланысты білу пайдалы.

Білім мазмұнында ғылымның интеграциялуы және дифференциациялануы – кешенді оқыту пәндерін енгізу, түрлі пәнаралық байланыс қызметтерін күшейту сияқты жанама түрінде көрінуде. Мысалы, физика, химия, және биология пәндеріне заттардың құрылу теориясы (малекулалық-кинетика және электрондық).

Зерттеудің бір объектісін құраған  ғылыми пәндерді біріктіруге негізделген интеграцияланған оқу, оқудың түрлі объектілерін біріктіретін интеграциялық оқу пәндерінен (мысалы, оқушыларға алғашқы әлем суретін беру мақсатын көздейтін табиғаттану) айыра білген дұрыс. Физика мен астрономия немесе математика мен информатиканың біріктірілуі  жаңа интеграциялық курстардың тууына әкелмейді. Бұл жасанды біріктіру көп пәнділікпен күресу мақсатында жасалған.

Білімді генерализациялау мен ғылымдағы теория қызметін нығайту бағыты да маңыздырақ. Бұл үрдістің негізі білімді қайта құру мен қысқарту қызметін атқаратын жалпылама идеяларынан құралуында.

Ғылымдағы теория қызметін күшейту білім мазмұнында да сәйкес көрініс табады. Барлық оқу пәндерінде және мектептің барлық сатысында теория мен теориялық ереже рөлі күшейтіліп, теориялық ережеледің   жоғары сыныптан ортаға, сонымен қатар тіпті бастауыш сыныптарғада  (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконина, В.В.Давыдова зерттеулері) ауысу көрінеді. Бұл бетбұрыс теорияның ақпаратты қысқартып, құрылымдық жағынан ұйымдастыруға мүмкіндік бергендіктен өз негізімен міндетті.

Математикаландыру мен формализациялау ғылымдарының өсуіне байланысты  теория қызметін күшейту.

           Математизациялау ғылымының негізі құбылыс механизмдерін түсіндіру үшін математикалық үлгілерді құрудан тұрады. Оқыту құралдарын математизациялау да күшейтіледі. Мектепте білім беруде математизацияланған физика пәні: физиканы оқуда математикамен ерекше шұғылдану математикалық сыныптарда байқалады.

Ғылымды математикаландыру түсініктеме аппаратымен жұмыс істеуді талап етеді. Құбылыстарды, түсініктерді сипаттаудың анықталуы  математика ережелерінде операциялардың түрлі бір ережесін қолдану мүмкіндігі болатындай  болуы керек.

Түсінік, құбылыс, заң, теорияларының құрылысының негізі  операция ережесінің нысандарын  анықтап, қолдануға мүмкіндік береді.

Ғылымдағы тенденцияның құрылысы, түсінік аппаратының анықталуы мектеп білімінен көрініс береді. Ол түсініктердің анықталуы мен енгізілу тәсіліне назар аударудың ұлғайуы мен жаңа талаптарды қанағаттандыра алмайтындарды анықтау.

Қазіргі білімде тәжірибе рөлі өзгеріп, ойлау мен  тәжірибе арасында жаңа көзқарас қалыптасуда. Бұл бағыт бірнеше өзара байланысқан факторлардан - жаңа нәтижеге жеткенде тәжірибе (бұрын жаратылыстанудағыдай) теориялық құрылымды алдын ала бермейді, теорияны тексеру үрдісінде ол тек саты болып табылады; ғылым түсінігі абстрактілік сипаттамаға ие, ғылыми фактілер жанама түрдегі теорияның негізгі ережесіне енеді, тәжірибе қазіргі ойланылған ғылыми теорияларға енбеген.

Ойлау мен тәжірибе арасындағы өзара өзгеру білім мазмұнында (өте әлсіз болса да) зертхана жұмыстары мен оқу эксперименті қызметінің  өзгеруінен көрінеді. Егер бұрын жаратылыстану мен өзін- өзі оқыту сабақтарында оқушы немесе мұғалімнің бірнеше тәжірибесі мен зертхана жұмысы «құрту» заңына жеткілікті болса, ал қазір оқу эксперименттері құбылысты анықтауға немесе заңдарды рәсімдеуге қызмет атқарады. Оқулықтардан белгілі бір заңның көпжылдық тәжірибені жалпылау ретінде алынғаны туралы сөйлемде кездестіргенімізбен, өкінішке орай,  бұл заң айқын  емес және оны тікелей тәжірибелермен тексеру мүмкін емес. Басқа сөзбен айтқанда, тәжірибе мен теория құрылысы арасындағы күрделі байланыс анық емес түрде анықталады.

Жаңа бағдарламасының басым бөлігі, түрлі тәсілдер  қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астарыла жүзеге  асады деген тұжырымға негізделген.

              Мен өз сабақтарымды  «Оқыту мен оқуда ақпараттық – комуникациялық» модулі қолданудан бастап отырам. Оқушыларға слайд көрсету арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашуда қолданып, оқушылар көру арқылы ақпаратты жан –жақты қабылдап, топта талқылап зерттеу жұмыстарын жасайды. Осы кезде тек тыңдатып қана қоймай, әр нәрсені көрсетудің дұрыс екенін  және де бұл модульдің мұғалім сабағының жоғары деңгейде өтуіне үлкен жағдай жасайтындығын байғауға болады. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттыруымен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен болатын. Осы тұжырымдаманы негізге ала отырып, өз сабақтарымда оқушыларды сыни ойлай алуына ықпал жасауға тырыстым. Ол үшін әр сабағымда ашық сұрақтар дайындап, оқушы зерттеуге баратындай тапсырмаларды әкеліп отырдым. Мысалы, «Шеңбер. Дөңгелек» тақырыбын өткізуде оқушыларға «Шеңбер мен дөңгелек дегеніміз не?» деген сұрақ тастадым. Бұл сұрақтың дұрыс қойылмағандығын байқап «Шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығы неде?» деген түрткі салу сұрағын қойдым да, теңге мен сақинаның интербелсенді тақта арқылы көрсеттім.  Осы кезде оқушылар айырмашылығын айта бастады. Бұдан мен оқушыны сыни ойлатуда сұрақты дұрыс қою керек екенін түсіндім. Дәстүрлі сабақтарда сұрақ қою техникасына назар аудармасам, деігейлік оқуда сұрақты дұрыс қоя білу сабақтың өн бойында жүру керек екенін білдім. Бұл менің жұмысымдағы тағы бір өзгеріс деп айта аламын. Өзім сұрақты дұрыс қоя білсем, оқушылардың да соған төселіп, оқушы мен оқушының арасында бір –біріне сұрақ қоюы орын алатынын сабақ барысында байқап отырдым. Бұрын қойылған сұрағыма өзім ойлағандай жауап беруін күтетін мен қазір егер оқушыларға мүмкіндік бергенімде түрлі жауаптар күтуге болатынын көрдім. Және де оқушының әр жауабына кідіріс жасап, тыңдауға үйрендім. Дәстүрлі сабақтарымда оқушыларды ауызша түрде бағалап, қойған бағама талдау жасамасам, қазір  «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша әр сабағымда бағалау критерийлерін дайындап әкеліп отыруды үйрендім. Сабақтарымда қолданғанда оқушылар өзі-өзі бағалап, нені білетіндігін, нені орындай алатындығын  қойылған критерийлер бойынша  нақты бағалауға тырысты. Оны оқушылардың сабақ соңында топ басшысының топты бағалауынан, оқушының өзін –өзі бағалауынан көрдім. Оқушылар өз-өздерін бағалауда әр сабағымда белсенділік танытып отырды, сонымен қатар өзінің алған нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсініп отырды.Әр топқа тақырып бойынша деңгейлік тапсырма беру арқылы оқушылардың арасынан дарындылықты анықтадым.  Ол оқушы математика пәні бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, ерекше қабілетімен көзге түсті. Яғни есептер шығарудың басқада тәсілдерін пайдалана білді. Ендігі менің мақсатым осы оқушымен әрі қарай жұмыс жасап, қабілеттігін дамыту болды. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен және оқу модулі педагогикалық технология бойынша оқушылардың  білім, білік, дағдысы арқылы дамиды. Сабақтарымда әр оқушының деңгейіне қарай тапсырмалар дайындалып берілді. Онда әр оқушының жеке жұмыс қабілеті ескеріліп, баланың ерекшеліктерін ескере отырып бердім. Топпен  жұмыс жасау барысында барлық топтан, топты жетектеп басқара алатын оқушылар ерекше көзге түсіп отырды.

            Осы курсқа дейінгі мен тақырыптарды өзім жан - жақты түсіндіріп шығатынмын, ал енді оқушыларға тақырып бойынша дұрыс сұрақ қою арқылы, кез келген тақырыпқа түрткі жасау арқылы өзім түсіндірем деген мәліметті оқушылардың өздерінен де алуға болатынына көзім жеткізуге болады. Олар берген сұраққа жауап бере отырып жаңа тақырыпты жан-жақты аша білді.  Оқулықпен жұмыс жасау барысында, оқулықтан берілген есепті шығару барысында топтағы оқушылар бір – біріне көмектесуден аянбады, бұл жерде оқушылардын уақытты үнемдеп отырды. Өз тарапымнан да уақытты үнемдеу үшін барлық тапсырмаларды интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы ұсынып отырдым.  Кейбір сабақтарымның соңында оқушыларға бұл сабағым қаншалықты ұнағанын, ұнамағанын  білу үшін өз көңіл күйлерін смайлик арқылы білдіруді ұсындым. Оқушылардың салған смайликтердің арасынан тұнжырап тұрған смайликті көре алмадым. Осыдан мен оқушыларға сабағымның ұнағанын білдім. Бұл менің оқушылардың сабаққа деген көзқарастарын өзгерте білудегі жетістіктігім деп білдім.

             Деңгейлік курсында оқып үйреніп шыққан жеті модульді сабақ барысында пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін, сабақтарымды өткізу өте тиімді деп санаймын. Сонымен қатар мұғалімдердін тәжірибе алмаса отыруға да көптеген септігін тигізіп отырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқыту арқылы, және сабақ барысында мадақтап отыру арқылы, жұмыс жасай алуға машықтандыру керек деп түйдім.

    Сонымен қатар теориялық білімімі кеңейтіп, дұрыс жоспар құруды үйрендім. Сабаққа арналған жоспарыма  мынадай  өзгерістер енгіздім.                                                                                               -мақсатты оқушыға, міндетті өзіме бағыттауды ;                                        

- Акпараттық – комуникациялық технологияні көп жерде тиімі пайалану;

- өзім көшбасшы бола тұра дұрыс бағыт бағдар беруді ;

-сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар беруді

-оқушыларға топпен жұмыс жасатуды ;

-оқушыларға оқуды және оқытуды бағалауға ;                                           

 - кері байланыс парағы арқылы ұсыныстарын білдіруді;

-oқушыларыма басқаша көз қараспен қарауды ;

Бұл өзгерістер өзім үшін үлкен жетістік деп айта аламын.

Мен оқу пәндері мазмұнындағы «ғылыми пәндер» жетекші компоненттерінің ғылыми көрінісін қарастырдым. Егер ғылымның жанама түрдегі көрінісі бағдарламада сауалнамалар тізімімен көрініс тапқан болса, оқушылардың  дағдысы мен біліктілігіне, білімдеріне жанама түрдегі әсері (ғылымды қызмет ретінде ашу, оның даму бағыттарының әсері ) білім  мақсатын қалыптастыруда, оқулық мазмұнында, оқу үрдісін ұйымдастыруда байқалады. Бағдарламаға енген ғылыми сауалнамалар тізімін кей жағдайда азайту пайдалы болса, ғылымның жанама түрін оқушылардың ғылыми  және шығармашылық ойлауын дамытып және дүниетанымын қалыптастыру үшін аса маңызы бар білімді, керісінше оқыту үрдісін және айтылғандарды, түрлі каналдарды пайдаланып, күшейту керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.     Ағатаев А. Қазіргі білім мазмұнын ойластыру мәселелері. – Ұлағат, 1999, №1

2.     Беспалько В.П. – Слагаемое педагогической технологии. Педагогика, 1989

3.     Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы, 2007 ж. 27-шілде

4.     Есипов Б.П. Самостоятельные работы учащихся на уроке. – М.: Педагогика, 1961

5.     Физика және астрономия ғылыми-әдістемелік  журналы 2006-2007 жыл.

6.     Александрова Г.Н. Управление самообразованием педагогов в условиях внедрения новой технологии учебной и педагогической деятельности. – Директор школы, 2002

7.  Физика қазақстан мектебінде ғылыми-әдістемелік  журналы  2009 жыл

8. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі»

  ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.Үшінші (негізгі) деңгей 2012 ж  

  Интернет желісінен алынған мәліметтер  Дәріс материалдары

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Математика және физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту жолдары" баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» Н.Ә.Назарбаев Шығармашылық тақырыбым: “Математика және физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту жолдары» Мақсаты: “Cапалы білім беру мен математикалық білім негіздерін меңгерту арқылы оқушылардың ой еңбегі мен ойлау дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: 1. Оқушыларға тиянақты білім беруді дамыта отырып, оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету. 2. Әрбір оқушының ақыл-ойының есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіске баулу. 3. Оқушыларды азаматтық адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өзектілігі: • Орындату әдіс-тәсілімде топтық, жұптық, жеке жұмыстарды үнемі пайдаланудың өзіндік сабаққа, оқушы біліміне берер пайдасы мол. • Оқушылардың өмірмен ұштасқан, тақырыпқа қатысты тапсырмаларды ізденіп, зерттеуі оқушының өз бетімен білімін дамытып, шығармашылықпен айналысуына да мүмкіндік береді. • Білімін жетілдіру,дамыту, тексеру мәтінмен жұмыс жасау, тестік, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы және сарамандық ,зертханалық жұмыстарды орындату арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде: Сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі. Деңгейлік тапсырма арқылы бір-біріен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті, сергектікті үйренеді Оқушылардың физикалық қабілеттері айқындалады Іс-әрекетке қатысатын әр оқушы сол топтың беделін, намысын қорғауға тырыса отырып өзіне жүктелген жауапкершілікті сезінуді үйренді. Оқушы бойында болжау жасау, шығармашылыққа ұмтылу қасиеттері дамиды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 098 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.05.2020 407
    • DOCX 28.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касперова Елена Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Касперова Елена Викторовна
    Касперова Елена Викторовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 94485
    • Всего материалов: 200

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе