Инфоурок Информатика Другие методич. материалыМассивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер

Массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер

Скачать материал

 

Қаратал ауданы,

С.И.Морозов атындағы №51 ОМГ,

информатика пәні мұғалімі

Мухатаева Назира Далибековна

№ 13 сабақ

Күні 24.11.14ж

Сыныбы

9 а

Сабақтың тақырыбы

Массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер

Жалпы мақсаты

Массив туралы түсініктерін бекіту, бір өлшемді жиымдармен есептер шығару, массив элементтерін енгізу, шығару білімдері мен біліктерін қолдану

Күтілетін нәтижелер

Бір өлшемді жиымдардың мәндерін енгізу, шығару ережелерін біледі, есептер шығарады, компьютерде нәтижесін шығара алады, нәтижені әр түрлі жолмен көркемдеуді біледі.

Оқыту  әдіс тәсілдері.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ,

Диалогті оқыту (жетелейтін сұрақтар қою )

Дарынды балалармен жұмыс, СТО, АКТ

Ресурстар:

презентация, эл оқулық, тапсырмалар жазылған  парақшалар, бағалау парағы, TURBO PASCAL программасы

Дерек  көздері

-Мұғалімдерге арналған  нұсқаулық, WWW.e.edu.kz ; оқулық 9 сынып, Б.Қ Сапаргалиева, Н.Е.Сапаргалиева, Арман-ПВ, 2013ж

-«Паскаль» тілінде программалау негіздері» А. Б. Дәулетқұлов. Алматы-2005; 7-сыныптың электронды  оқулығы

-«Информатикадан  есептер жинағы жинағы» Б. Бөрібаев , әдістемелік құрал ; 

 -«Жаттығулар  мен тапсырмалардың  шешулері»  М. Бексарыұлы

Керекті жабдықтар

Оқулық, интерактивті тақта, үлестірме парақтары.                                                  Флипчарт, постер, маркер.

Сабақ барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Миға шабуыл

І. Ұйымдастыру:

 

1. Сергіту (көңілді музыка ойнап тұрады) және топтастыру шарасы . (операторлар  арқылы топқа бөлу)

 

 

https://e.edu.kz/ui/lcms-scorm-player.html?resource=2153197778#

 

1.      Мәліметтерді кесте түрінде құру дегеніміз не?

2.      Қандай кестелер сызықтық деп, қандайы тікбұрышты деп аталады?

3.      Массив дегеніміз не? Паскаль тілінде массивтің құрылымы қандай?

4.      Массив элементтерінің орны қалай анықталады?

Бағалау критерийлерін құру:

1.      Сұрақтарға жауап беру(әр дұрыс жауап 1 балл)

2.      Практикалық жұмыс ( топтар бірін-бірі бағалайды, түсініктілігі, тақырыпты меңгергені, түсіндіру шеберлігі)

3.      Деңгейлік тапсырмаларды орындау (әр деңгей есебіне 1,2,3 бал қоюға болады)

Сабаққа әзірлік.

 Жақсы көңіл-күй қалыптасады.

Меншіктеу, тармақталу, қайталау командалары болып топтарға бөлінеді, топ ішінде спикер, баяндамашы, таймпикер, хатшысы сайланады

 

Оқушылар компьютерлерде сілтеме бойынша электронды кітапханадағы тақырыпты тыңдап, тапсырмаларды орындайды, келесі сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Критерийлер құрылады

Негізгі бөлім

(Топпен жұмыс)

Мысалдар:

1 есепті – 1-ші ТОП

2 есепті- 2-ші ТОП

3  есепті- 3-ші ТОП бөліп алып компьютерде орындап мәнін шығарады. Топтар алдында әр жолдың қызметін түсіндіреді. Басқа топ мүшелері сұрақтар қояды

Топтар бірін-бірі бағалайды

Жаңа тақырыппен жұмыс.

Оқушылар конспектілеп отырады,

 

 

 

 

Берілген тақырып бөлігін топта талқылайды,түсінгендерін баяндайды,бір-біріне түсіндіреді.

 

Компьютерде теріп нәтижесін басқа топтар алдында қорғайды.

Сұрақтарға жауап береді

 

Бекіту

(Жұппен жұмыс)

Оқулықтағы А,В,С деңгейлі есептерді шығару

Өз жұмыстарыңызды бағалаңыздар, осы тақырып бойынша түсінбеген сұрақтары болса жазыңыздар да маған беріңіздер

Оқушылар жұптарын өздері таңдайды. Барлық тапсырманы орындап біткен жұптар қосымша тапсырма ала алады.(мұғалім бақылап отырады)

Қорытындылау

Сыныппен сабақта жасалған жұмыстар еске түсіріліп критерийлер бойынша бағаланады,қорытынды баға қойылады

Үй тапсырмасы беріледі. §12 №17 пр жұмыс есептерінің ұнағанын шығару

Сабақ сараланады.

Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады

Рефлексия

  1. Мен жасай алдым..............
  2. Мен көремін.....................
  3. Мен таң қалдым.............
  4. Менің жасағым келді.............

 

Толтырып мұғалімге береді

 

РЕФЛЕКСИЯ:

Бүгінгі өткен  сабақта жоспарлаған  стратегияларды жүзеге асыру үшін мен сабақ алдында әдемі әуен қойып (көңіл-күйді көтеру), электронды кітапханадан тақырыпқа байланысты материал ұсындым (АКТ). Сонымен қатар деңгейлік тапсырмалар мен қосымша тапсырмалар әзірледім (дарынды баламен жұмыс) және сабақ барысында оқушыларды диалогқа тарту үшін толықтыру сұрақтары (жуан және жіңішке сұрақтар) қойылып отырды.   Практикалық жұмысты топ алдында түсіндіру арқылы сыни тұрғыдан ойлауды, әңгімелеуді  қалай жүзеге асыру керектігін көздедім. Нәтижесінде оқушылардың басым көпшілігі сабаққа жақсы қатысып, өз ойларымен бөлісті, бір-бірлеріне түсіндіріп, көмек көрсетіп тақырыпты меңгерді. Тақырыпты меңгергендіктерін деңгейлік тапсырмаларды орындауда оқушылардың көпшілігі А,В деңгей тапсырмаларын қиналмай орындағандарынан, кейбір оқушылардың қосымша тапсырма сұрауынан байқадым. Дегенмен кейбір оқушылардың сабаққа толық ілесе алмағанын көрдім, әрине әр сыныпта мұндай оқушылар кездеседі, соған қарамай бұл оқушыларға электронды оқулықпен жұмыс ұнады, олар асықпай тапсырмаларды  бірнеше қатар орындап, тест сұрақтарына жауап бере алды. Топпен жұмыс барысында осындай оқушыларға көңіл бөлу қажет екені ескертілді, яғни  барлық топ мүшелері қамтылу керек (бір-біріне түсіндіру). Өзімнің тарапымнан бақылау  және  бағыттау  жұмыстарын  жүргіздім.

Сабақтан түйгенім тапсырмаларды таңдағанда қарапайым тапсырмадан бастап оны күрделендіру арқылы барлық оқушыларды қамтуға болатынын ескеру, практикалық жұмыс кезінде оқушылардың компьютерде мәтін теру (есеп бағдарламасын компьютерге енгізу) жылдамдықтарын ескеру, мұндай оқушылармен қосымша жұмыс жүргізуді жоспарлау. Тағы бір білгенім оқушыларымның  рефлексия жазуы күмән туғызды, яғни оқушылардың басым көпшілігі рефлексия жазуды дұрыс түсінбейді, өз ойларын толық аша алмайды, көбінесе ұнады, ұнамады деп жазады әр кезеңге тоқталып не біліп, не білмегенін анықтай алмады. Осы бағытта тағы жұмыс жүргізуім керек, себебі келесі сабақтың жемісті болуы кері байланыстың нәтижесіне байланысты деп ойлаймын. Сабақты жоспарлауда мен оқушылардың келесі сабақта не білгісі келетінін, нені түсінбегенін ескеруім керек. Практика көрсетіп жүргендей балалардың барлығы дерлік бар тапсырманы түгелдей меңгеріп кете алмайды, сол себепті болашақта  әр түрлі әдіс- тәсілдерді қарастырамын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бүгінгі өткен  сабақта жоспарлаған  стратегияларды жүзеге асыру үшін мен сабақ алдында әдемі әуен қойып (көңіл-күйді көтеру), электронды кітапханадан тақырыпқа байланысты материал ұсындым (АКТ). Сонымен қатар деңгейлік тапсырмалар мен қосымша тапсырмалар әзірледім (дарынды баламен жұмыс) және сабақ барысында оқушыларды диалогқа тарту үшін толықтыру сұрақтары (жуан және жіңішке сұрақтар) қойылып отырды.   Практикалық жұмысты топ алдында түсіндіру арқылы сыни тұрғыдан ойлауды, әңгімелеуді  қалай жүзеге асыру керектігін көздедім. Нәтижесінде оқушылардың басым көпшілігі сабаққа жақсы қатысып, өз ойларымен бөлісті, бір-бірлеріне түсіндіріп, көмек көрсетіп тақырыпты меңгерді. Тақырыпты меңгергендіктерін деңгейлік тапсырмаларды орындауда оқушылардың көпшілігі А,В деңгей тапсырмаларын қиналмай орындағандарынан, кейбір оқушылардың қосымша тапсырма сұрауынан байқадым. Дегенмен кейбір оқушылардың сабаққа толық ілесе алмағанын көрдім, әрине әр сыныпта мұндай оқушылар кездеседі, соған қарамай бұл оқушыларға электронды оқулықпен жұмыс ұнады, олар асықпай тапсырмаларды  бірнеше қатар орындап, тест сұрақтарына жауап бере алды. Топпен жұмыс барысында осындай оқушыларға көңіл бөлу қажет екені ескертілді, яғни  барлық топ мүшелері қамтылу керек (бір-біріне түсіндіру). Өзімнің тарапымнан бақылау  және  бағыттау  жұмыстарын  жүргіздім.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 260 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация по информатике "Перевод десятичных чисел в другие СС" (10 класс)
  • Учебник: «Информатика (углублённый уровень) (в 2 частях)», Семакин И.Г., Шеина Т.Ю., Шестакова Л.В.
  • Тема: 1.3.2. Перевод десятичных чисел в другие системы счисления
  • 01.10.2020
  • 1535
  • 66
«Информатика (углублённый уровень) (в 2 частях)», Семакин И.Г., Шеина Т.Ю., Шестакова Л.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.12.2014 1091
    • DOCX 48.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем МУХАТАЕВА НАЗИРА ДАЛИБЕКОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    МУХАТАЕВА НАЗИРА ДАЛИБЕКОВНА
    МУХАТАЕВА НАЗИРА ДАЛИБЕКОВНА
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 40782
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 191 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 971 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 805 человек

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе