Инфоурок Другое Другие методич. материалыМама слайд

Мама слайд

Скачать материал


БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Оқу-əдістемелік құрал


«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП 

МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ БОЙЫНША

НҰСҚАУЛЫҚ

Оқу-әдістемелік құрал

Астана, 2016

ӘОЖ 371. 32

КБЖ 74. 202. 5 Б26

Пікір білдірушілер:

М.Н.Сарыбеков – п.ғ.д, профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

К.М.Кертаева –  п.ғ.д., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен.

- Астана, 2016. -  48 б.

ISBN 978-601-7905-72-9

Бұл нұсқаулықта критериалды бағалау жүйесінің терминдері мен анықтамалары, қағидалары берілген. Білім алушылардың оқу жетістіктерін, қалыптастырушы, жиынтық бағалаудың үдерістерін жоспарлау, ұйымдастыру кезінде мұғалімге көмек болатындай, тәжірибелік ұсыныстар мен тоқсандық, жылдық баға қою механизмдері көрсетілген.

Аталған нұсқаулық бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру басқармалары мен педагогикалық қауымға арналған.

ӘОЖ 371.32

КБЖ 74. 202.5

ISBN 978-601-7905-72-9

© «Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ

«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы, 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ............................................................................................................4

1   ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР ......................................................5

2   КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ

(ПРИНЦИПТЕРІ) .............................................................................................7

3КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ   ........................8

4   КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ  ..................................12

4.1   Қалыптастырушы бағалау үдерісі .......................................................13

4.1.1   Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру ......13

4.1.2   Кері байланыс беру ..........................................................................17

4.1.3   Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы ......................18

4.2   Жиынтық бағалау үдерісі .....................................................................20

4.2.1   Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау ..................20

4.2.1.1   Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды

жоспарлау және ұйымдастыру ...............................................................20

4.2.1.2   Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

нәтижелерінің талдауы ...........................................................................25

4.2.2   Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі ......................................28

4.2.2.1   Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және 

ұйымдастыру ...........................................................................................28

4.2.2.2   Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы ............30

4.2.2.3   Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау 30 

5   БІЛІМ АЛУШЫ ПОРТФОЛИОСЫ    .......................................................32

6   БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ ........................................................................33

6.1   Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл қою ......................................34

6.2   Тоқсандық баға қою ..............................................................................34

6.3   Жылдық баға қою ..................................................................................36

ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................38

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................39

ҚОСЫМШАЛАР ...........................................................................................40


КІРІСПЕ

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:

          Білім алушы оқытудың қай сатысында? 

          Олар білім алуда неге талпынады?

          Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?

екенін түсінеді.

Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.  

Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:

1.       Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

2.       Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау; 

3.       Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;

4.       Қолжетімді, нақты, үздіксіз: 

         білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;

         мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;

         ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;

         басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну. 

1 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Аталған құжатта төмендегідей терминдер қолданылады: 

Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.

Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.

Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.  

Білім алушы портфолиосы – пән бойынша оқу жылына білім алушының оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл.


Білім алушының оқу жетістігінің деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.

Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама.  

Жиынтық бағалау  – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.

Жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар жұмысы.  

Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.

Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.

Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.

Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.

Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.

Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.

Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.

Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.

Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.

Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.

Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.

2 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ

(ПРИНЦИПТЕРІ)

Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге)  сәйкес жүзеге асырылады:

          Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.

          Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.

          Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

          Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.

3 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ 

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады (1-сурет).

1-сурет. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулықәдістемелік құжаттар арқылы реттеледі:

          Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты;

          Оқу бағдарламасы;

          Оқу жоспары;

          Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі;

          Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;

          Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;

          Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;

          Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМББС)  бойынша білім алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.

Бағалаудың стандарты болып табылатын күтілетін нәтижелер пәндер бойынша ҚР МЖМББС-нда таксономиялық тәсіл арқылы ұсынылды.

Таксономиялық тәсілдер негізінде білім беру деңгейін аяқтау бойынша білім алушылардың білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жинақтауы және бағалауы анықталады. 

Оқу бағдарламасы

Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді, мұғалімнің ұстанымына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қысқаша сипаттайды. Бұл құжат әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы ақпараттарды қамтиды. Оқу бағдарламасының мазмұны бөлім, бөлімше, ортақ тақырыптар бойынша берілген.

Оқу жоспары

Оқу жоспарында оқу бағдарламасының мазмұны пәндер бойынша оқытудың ұсыныстары сыныптар арқылы көрсетілген. Мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген іс-шаралар түрлерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын білетініне және барлық оқу мақсаттарына жеткеніне көз жеткізу үшін қолдануына болады. 

Мұғалім мен білім алушылардың сабақта нәтижеге қол жеткізуі үшін оқу мақсаттарына қатысты ортақ түсініктері болуы маңызды. Ортақ түсініктің болуы үшін мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген түрлі стратегияларды қолданады. 

Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі 

Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына енгізілетін және апробацияланатын Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру ұйымдарындағы білім алатын білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі анықталады және төмендегідей бағалау рәсімдерімен реттеледі:

          қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері;

          тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясын өткізу рәсімдері;

          тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері; •   білім алушылардың портфолиосын жүргізу бойынша ұсыныстар.

Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық 

Критериалды бағалауға арналған нұсқаулық жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және тәжірибелік негізін анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау     бойынша өңірлік      және         мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық

Әрбір қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінде, мектептерде критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлғалар тағайындалады. Өңірлік үйлестірушілер қалалық/аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлерінің ішінен, мектепте жалпы білім беретін мектеп директоры орынбасарларының ішінен анықталады. Үйлестірушілердің негізгі рөлі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқаруды, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың рәсімдерін, үдерістерін жүзеге асыру үшін әдістемелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Өңірлік және мектептегі үйлестірушілер үшін критериалды бағалауға арналған нұсқаулық педагогикалық өлшеулер төңірегінде білім беру саясатын дамытуды, өңір, облыс және мектеп деңгейінде оны жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын, жолдарын қамтып көрсететін құжат болып табылады. Нұсқаулықта бағалау үдерісін ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің негізгі бағыттары мен тәжірибелік ұсыныстар үйлестірушілерге көмек ретінде берілген.  

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Жинақта оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттары бойынша қалыптастырушы бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар үлгілері дескрипторлармен бірге ұсынылған. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген, білім алушылардың мүмкіндігін, қажеттіліктерін есепке ала отырып, бейімдеуге болады. 

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 

Әдістемелік нұсқаулықта бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу жолдары көрсетілген. Құжатта төмендегідей ақпараттар берілген:   

          бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар;

          бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балмен, дескрипторлармен бірге берілген тапсырмалар үлгілері;

          тапсырмаларды құрастыру, рәсімдерді өткізу бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы;

          тоқсандық жиынтық бағалаудың балл қою кестесімен бірге тапсырмалар үлгілері. 

4 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау (2-сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.

2-сурет. Критериалды бағалаудың құрылымы

Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы  бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. 

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.   

Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.  

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау (1-қосымша), өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.

4.1 Қалыптастырушы бағалау үдерісі

Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.  

Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін, ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:

          оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;

          білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;

          білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;

          білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;

          білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады.  Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді: 

          қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;

          қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау; •          қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

          кері байланыс беру.

4.1.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретінде қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге тапсырмалар үлгілері берілген.

Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады. Одан басқа мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетінше дайындауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге:

          оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;

          оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;

          тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (2-қосымша) ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

          бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

          әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.

Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады (1-кесте). Әр тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі анық болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дәл, нақты болуы қажет. Бұдан басқа дескрипторлар білім алушыға тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге жағдай жасайды.

1-кесте. «Математика» пәні бойынша тапсырмалар үлгісі, 1-сынып

Бөлім

20-ға дейінгі екітаңбалы сандарды қосу және азайту

Бөлімше

Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

Оқу мақсаты

Санаудың ірі бірлігі - ондықты құрастыру;  100-ге дейін ондықтармен санау, жазу және салыстыру

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Бағалау критерийі

Санаудың жаңа бірлігі – ондықты құрастырады.

100-ге дейін ондықтармен санайды және жазады.

Ондықтарды салыстырады.

1-тапсырма.

Санды жазыңыз.    

2-тапсырма.

Сандарды өсу ретімен жазыңыз.  100, 70, 20,50, 10, 30, 60, 80, 40, 90.

3-тапсырма.

Тиісті санды  және  таңбаны қойыңыз.

 

 

                                                 50          30                     80 <   

Бағалау критерийі

Дескриптор

Білім алушы

Санаудың жаңа бірлігі – ондықты құрастырады

-  он санын құрастырады; 

-  ондық пен бірліктің  қатынасын анықтайды;

100-ге дейін ондықтармен санайды және жазады

-  ондықтармен санайды және жазады;

Толық ондықтарды салыстырады

-  ондықтарды салыстырады;

-  80-нен артық  екітаңбалы  ондық  санды жазады.

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім:

          тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалауды қолдану тәсілдерінің санын, сапасын арттыруы;

          кері байланыс берудің тиімді формаларын қолдануы;

          қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын құруы;

          тәжірибені жетілдіру мен рефлексия үшін (білім алушылар жұмысының сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың, ұжымның кері байланысы; ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) сабаққа талдау жүргізу қажет.

Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.

Қалыптастырушы   бағалаудың   әдістерін   оқу   әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.

Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы   бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай  жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.

Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып отырған дұрыс.

Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.

Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды.

Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды.

Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық  жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет.

Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:

-   Бұл туралы сіз не ойлайсыз? 

-   Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?

Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:

-   Сіз қазір не істеп жатырсыз?

-   Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?

-   Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?

Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:

          жаңа идеяны тұжырымдауды;

          екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;

          идеяларды бағалауды;

          топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;

          сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.

Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін көрсетеді.

4.1.2 Кері байланыс беру

Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге: 

          білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру;

          тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;

          білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру;

          кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.

Кері байланыс беру кезінде мұғалімге де, білім алушыға да 2-кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.

2-кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары

 

Мұғалім

 

Білім алушы

• •

Білім алушы оқытудың қай сатысында?

Олар білім алуда неге талпынады? Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?

• •

Мен оқытудың қай сатысында тұрмын?

Нәтижеге қалай қол жеткіземін?

Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім қажет?

Төменде кері байланыстың мысалдары көрсетілген (3, 4-суреттер).

3-сурет. А білім алушыға кері байланыс беру бойынша мысал

Жазбаша кері байланыс беруде мұғалім А білім алушыны есепті дұрыс орындауға, өз қатесін түзете білуге «бағыттайды».

4-сурет. Білім алушы Б-ға кері байланыс беру бойынша мысал

Бұл білім алушы Б-ға берілген кері байланыс бойынша мысалда мұғалім білім алушының жақсы меңгерген тұсына ақпарат береді және қатені түзету үшін тақырыптарды қайталауды ұсынады.

4.1.3 Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы

Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезіндегі маңызды  кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Мұғалімге барлық оқу үдерісінде бағалау/бақылау нәтижелеріне жүйелі талдау жүргізу ұсынылады. Мысалы, қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне толық талдау жүргізу үшін мұғалім арнайы құрастырылған бақылау парағын қолдануына болады (5-сурет). Бақылау парағының үлгісі 3-қосымшада берілген.

5-сурет. Қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша бақылау парағы

Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.  Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:

          белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;

          бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды;

          білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді.

Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:

          әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік бағыттағы мәселелерді анықтау;

          орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу;

          талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;

          шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;

          мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құрастыру;

          талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);

          ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;

          ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.   

4.2 Жиынтық бағалау үдерісі

Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.  

Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.

Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.

Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.

Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады (4-қосымша).

4.2.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады.

4.2.1.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды

жоспарлау және ұйымдастыру

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:

          жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;

          әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;

          тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.

Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға жататын оқу мақсаттарының саны (3-кесте) пәндерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

3-кесте. «Математика» пәні бойынша бөлімдер мысалы, 1 сынып

1-тоқсан - 9 апта

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Бағдарламаның бөлімшелері

Мақсаттар саны

Сандар мен цифрлар

Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

12

Сандармен амалдарды орындау

Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты

Тізбектер

Математикалық тіл

Геометриялық фигуралар

Жиындар және олармен орындалатын амалдар

4

Геометриялық фигуралар

Геометриялық фигуралардың орналасуы

Шамалар мен өлшемдер

Есептер және математикалық модель

4

Шамалар және олардың өлшем бірліктері

3 бөлім

10 бөлімше

20

Мысалы, математика бойынша 1-сыныптың ұзақ мерзімді жоспарында 1-тоқсанда 3 бөлім берілген: «Сандар мен цифрлар», «Геометриялық фигуралар», «Шама және өлшем бірліктері». Оқу мақсаттарының саны әр бөлімде әр түрлі: бірінші бөлімде – 12, екінші бөлімде – 4, үшінші бөлімде – 4. Сәйкесінше математикадан бөлім бойынша жиынтық бағалау 1-тоқсанда әр бөлімді меңгеруді аяқтаған кезде үш рет өткізіледі.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа, мұғалімге келесі алгоритмдерге сәйкес өз бетінше бағалау құралдарын құрастыру ұсынылады (6-сурет):

1.       оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру;

2.       жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау, ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіру;

3.       ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмалар дайындау;

4.       әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;

5.       білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға рубрикалар құрастыру (бағалау критерийлерінің деңгейлерге сәйкестігін сипаттау). 

 

Бөлім

6-сурет. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын құрастыру алгоритмі

Осылайша мұғалім бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде оқу мақсаттарының негізгілерін көрсететін, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес екенін белгілейтін бағалау критерийлерін анықтайды. Мысалы, 1-сыныптағы математика бойынша «Геометриялық фигуралар» бөлімінде 4 оқу мақсаты берілген: 

1.       Жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың  түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу;

2.       Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық, сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір-бірінен ажырату және атау;

3.       Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру;

4.       Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру.

Жоғарыда аталған оқу мақсаттарының бағалау критерийлері 4-кестеде көрсетілген.

4-кесте. «Геометриялық фигуралар» бөліміндегі оқу мақсаттарына бағалау критерийлері бойынша мысал

Бөлім

Оқу бағдарламасы бойынша  бөлімшелер

Оқу мақсаты

Бағалау  критерийлері

Ойлау  дағдыларының деңгейлері

Білім алушы:

Геометрия лық фигуралар

Жиындар және олармен орындалатын амалдар

Жиындарды  элементтерінің белгілері 

(нысандардың  түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және

жіктеу             

Жиын  элементтерін ортақ белгілерін

анықтай отырып, біріктіреді

 (топтастырады)

Талдау

Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

Геометриялық  фигураларды:

нүкте, түзу, қисық, сынық сызықтар, тұйықталған  және тұйықталмаған  сызықтар, кесінді,   сәуле, бұрышты  бір-бірінен ажырату және атау

Геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, сынық, тұйықталған және тұйықталмаған

сызықтарды,

кесінді, сәуле, бұрыштарды ажыратады және атайды

Білу және түсіну

Жазық фигураларды

(үшбұрыш, дөңгелек, шаршы,

тіктөртбұрыш) және кеңістік   фигураларды (куб,  шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелепипед) тану және қоршаған  ортадағы заттармен сәйкестендіру

Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік  фигураларды

(куб,  шар, цилиндр, конус, пирамида) таниды және атайды

Білу және түсіну

Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады

 

Фигураларды қоршаған ортадағы заттармен  сәйкестендіреді

Қолдану

Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу

Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен  композиция құрастыру

Геометриялық  фигураларды  композицияның

бөлігі ретінде  құрастырады және атайды.

Қолдану

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау - бұл белгілі бір материалды меңгеруді аяқтаған кездегі оқу жетістігін бағалау.  Аталған бағалауды сабақ үстінде 15-20 минут уақытты алатындай мерзімде ұйымдастыру ұсынылады.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың мысалы

5-кестеде берілген.

5-кесте. «Математика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалаудың үлгісі, 1-сынып

Бөлім/Тақырып:

Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

 

Бөлімше:

Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

Санды және әріпті өрнектер

Есептер және математикалық модель

 

Оқу мақсаты:

Теңдік және теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу.

Әріптің берілген мәніндегі  бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу.

Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру.

Қосынды және қалдықты табуға берілген  есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару.

 

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Қолдану

Талдау

 

Бағалау критерийі:

Теңдік, теңсіздікті, теңдеуді ажыратады.

Тура және тура емес теңдіктерді анықтайды.

Берілген мәні бар әріпті өрнектің мәнін табады.

Санды және әріпті өрнектерді салыстырады.

Қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді шығарады.

 

Орындау мерзімі

20 минут

 

Тапсырма

 

Бағалау  критерийлері

Дескрипторлар

Балл

Білім алушы

Теңдік, теңсіздікті, теңдеуді ажыратады

теңдеулерді қызыл түспен бояйды;

1

теңдіктерді сары түспен бояйды;

1

теңсіздіктерді жасыл түспен бояйды;

1

Тура және тура емес теңдіктерді анықтайды

тиісті санды жазып, тура теңдік шығарады;  тиісті санды жазып, тура емес теңдік шығарады;

1

1

Берілген мәні бар әріпті өрнектің мәнін табады

берілген мәні бар айырманың мәнін табады;

1

берілген мәні бар  қосындының  мәнін табады;

1

Санды және әріпті өрнектерді салыстырады

қосындыға берілген әріпті өрнектерді салыстырады;

1

айырмаға берілген әріпті өрнектерді салыстырады;

1

бір амалмен берілген санды өрнектерді салыстырады;

1

Санды және әріпті  өрнектерді салыстырады

есептің қысқаша шартын жазады немесе сызбасын сызады;

1

 есептің сұрағын жазады;

 

есептің шешуін жазады (амал таңбасын таңдайды);

1

өрнектің мәнін табады – есептің шешуі;

1

есептің жауабын жазады.

1

Барлық балл

15

4.2.1.2 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

нәтижелерінің талдауы 

Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім алушыларға кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа мұғалім қажет болған жағдайда қалыптастырушы, жиынтық бағалау рәсімдерінің алдағы уақыттағы әдістерін, тапсырмаларды, сабақ жоспарларын қайта қарауына болады.

Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің жалпы сипаты 6-кестеде көрсетілген.

6-кесте. Білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипаты

Деңгейлер

 

Сипаты

Төмен  деңгей

пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша қарапайым білімін және түсінігін көрсетеді;

 

жай тапсырмаларды орындайды және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі;

 

ақпаратты ұсынудың әр түрлі формаларының (кестелер, графиктер және диаграммалар) негізінде жай қорытынды қалыптастырады;

 

жай тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады.

Орта  деңгей

пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша жеткілікті білімін және түсінігін көрсетеді;

 

әдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады;

 

ақпаратты жалпылайды және ішінара негіздей отырып қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты аргументтерді келтіре алады;

 

әдеттегі тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің стандартты жолдарын ұсынады және қолданады;

 

тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді.

Жоғары деңгей

пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша терең білімін және түсінігін көрсетеді; қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады;

 

әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жалпылайды және толық негіздей отырып қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтерді келтіре алады;

 

қиын тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің баламалы және стандартты емес  жолдарын ұсынады және қолданады;

 

тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді, әр түрлі стратегияларды қолданады, алынған нәтижелердің маңыздылығын және негізділігін бағалайды.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда орындалған жұмыстардың нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі оқуға ынталандыруы қажет. Кері байланыс білім алушылардың оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Аталған ақпарат рубрика түрінде беріледі (5-қосымша).

Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді. Жиынтық бағалаудың әдістемелік ұсынысының бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілерінде құрастырылған рубрикалар көрсетілген.

Білім алушыларды бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен таныстыру кезінде білім алушылардың жұмыстары, олардың рубрикада белгіленген оқу жетістігі деңгейлерін қоса ұсыну қажет. Рубрикалар үлгілері 7-суретте берілген.

7-сурет. Математикадан бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижесінің  рубрикалар үлгісі

Рубрика әр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рәсімдеріне құрастырылады, әр критерий аясындағы оқу жетістігінің деңгейлерін көрсетеді. 7-суретте көрсетілгендей, мұғалім рубрикада орташа деңгейді сипаттап жазу кезінде тапсырмадағы білім алушы қателік жіберген нақты сол элементті атап көрсетуі қажет.

Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілеріне рубрикалар құрастырылып, ұсынылған.

4.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.

Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, синтез және бағалау сияқты жоғарғы сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет.

Оқу жылында әдістемелік бірлестіктер құрастырған жиынтық бағалаудың жоспарында тоқсандық жиынтық бағалаудың рәсімдері көрсетілуі керек (Жиынтық бағалау үдерісі, 4.2-бөлімді қараңыз).

4.2.2.1 Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және

ұйымдастыру

Тоқсандық жиынтық   бағалауды  жоспарлауда  әуелі  оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебі бағалау олардың меңгерілуін тексереді.

Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады: • тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

•    тоқсандық жиынтық бағалауға шолу:

                    жиынтық жұмыстардың ұзақтығы;

                    бағалау құрылымы; – тапсырмалар саны;

                    тапсырмалар бойынша балдарды бөлу:

           тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқау; • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

           тапсырмалардың балл қою кестелері.

Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.

Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, тест, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кезінде тоқсан басында білім алушылар мен олардың ата-аналарын хабардар ететін тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп құрылады.

Тоқсандық жиынтық бағалау бір параллельде бірдей жағдайда өткізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіруге) рұқсат етілмейді. 

Тоқсандық жиынтық бағалау уақытында белгілі себептерге байланысты (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына байланысты) білім алушылар келмеген жағдайда оларға мектепке келген соң екі апта ішінде тапсыруға рұқсат етіледі, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады. 

Тоқсандық жиынтық бағалау материалдарын білім алушылар жұмысты орындағанға дейін қол жетпейтін орында сақтау қажет.  Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тапсырмаларды белгілі бір орында, белгілі қызметкерге ғана (мысалы, директордың орынбасары) мүмкіндік беріп сақтау ұсынылады. 

Тоқсандық жиынтық бағалауды  әдетте мұғалімдер өткізетін болғандықтан, білім алушылар жиынтық бағалауды орындайтын кабинетте тек бір мұғалім ғана болады. Мүмкіндігінше кез келген бос мұғалімнің тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуді ұйымдастыруға, өткізуге мысалы, бақылаушы ретінде көмектесуі ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кезінде мұғалімнің жиынтық бағалаудың өткізілуін үздіксіз қадағалауы маңызды және басқа әрекеттер жасамағаны дұрыс (мысалы, дәптер тексеру, компьютермен жұмыс жасау).

Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер алдын ала дайындайды. Айналасы білім алушыларға таныс, күнделікті сабақ өтіп жүрген кабинеттері болуы ұсынылады. Кабинеттерді дайындау кезінде келесілерді ескеру қажет:

          білім алушылардың шуламай, жұмысты өз бетінше орындауына қолайлы болатындай етіп отырғызуды ойластыру;

          білім алушыларды басқа білім алушылардың жұмыстарын көре алмайтындай, тақта жаққа қарайтындай етіп отырғызу;

          білім алушыларда сұрақ немесе мәселе туындаған жағдайда парталардың арасы мұғалім мен бақылаушының еркін жүріп тұруына мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс;

          негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратын болғандықтан тақта білім алушылардың алдында болғаны дұрыс;

          тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі мүмкін деген плакаттар, ақпараттық сипаттағы қабырға материалдарының алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс.

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізуге дейін мұғалім білім алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін тыйым салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Білім алушылар өздерімен бірге тек тоқсандық жиынтық бағалау бойынша спецификацияда көрсетілген материалдарды, құралдарды және заттарды ғана әкелуіне болады.  Тыйым салынған заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып саналады. 

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы жан-жақты ақпарат тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулықта берілген (6-қосымша).  

4.2.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы

Тоқсандық жиынтық бағалау жиынтық бағалаудың әдістемелік ұсынысында берілген үлгідегі балл қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Аталған кестеге сәйкес мұғалімдер балдарды қояды.

Мұғалім әр жауапқа қойылған балдардың, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізуі тиіс.

Бағалау нәтижелерін мұғалім, білім алушының оқудағы ілгерілеуін бағамдау үшін қолдануына болады. Ол үшін мұғалім нәтижелерді, кері байланысты білім алушыны оқуға ынталандыратындай түсінікті етіп, өзінің нәтижесі бойынша ойлануына мүмкіндік беру қажет.

Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын қаншалықты тиімді меңгергенін, қандай дағдыларды игергенін талдау үшін қолдануына болады. Сонымен бірге мұғалім үшін аталған ақпараттың келешекте қалыптастырушы бағалау кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болуы мүмкін. 

4.2.2.3        Тоқсандық        жиынтық         бағалау     қорытындысын модерациялау 

Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияны өткізу үшін параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің ішінен комиссия құрылады. Олар белгілі бір пән бойынша балл қою кестесіне қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету үшін алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады.

Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.

Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті

Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тәртіппен жүргізіледі.

Мұғалім модерацияға дейін:

          білім алушылардың  жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды. Балдар қарындашпен қойылады;

          жиынтық бағалау жұмысы үлгілерін (максималды, минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды) іріктеп алады;

          жеке мәліметтерді шифрлейді, білім алушылардың жұмыстарының көшірмелерін дайындайды. 

Модерация кезінде:

          жұмыс қорытындысын ұжымда талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;

          қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді;

          отырыс хаттамасына қол қояды.

Модерациядан кейін:

          модерацияны ескере отырып, білім алушылардың жұмыстарын қайта қарайды, жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдарды өзгертуі де мүмкін;

          соңғы нақты балдар қаламмен қойылады;

          соңғы нақты балдарды электрондық журналға қояды.

Модерацияны  ойдағыдай  жүргізу  үшін  қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады.

 

5 БІЛІМ АЛУШЫ ПОРТФОЛИОСЫ  

Білім алушылардың ілгерілеуін қадағалау мақсатында мұғалімдер оқытудың белгілі бір кезеңінде орындалған жұмыстарды сақтауы қажет. Білім алушылардың портфолиосы бағалау нәтижелерінің анықтығы мен дәлдігін арттыруға бағытталған. Портфолио – білім алушылардың мақсатты түрде жинақтаған, олардың оқудағы нәтижесін, ілгерілеуін, белгілі бір оқу жылындағы бір немесе бірнеше пәндер бойынша жетістіктерін көрсететін жұмыстары. Портфолио бір оқу жылына арнап құрылады. Оқу жылы аяқталған соң, оны білім алушыларға, ата-аналарға беру керек. 

Портфолиода білім алушылардың бағалау критерийлері бар бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау кезінде орындаған жұмыстары, балл қою кестелері, білім алушылардың рефлексиялары, мұғалімнің ұсыныстары көрсетілген кері байланыстары болуы қажет.   

Оның ішінде білім алушылардың жұмыс дәптерлері, салған суреттері, тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезіндегі фотолары, зерттеу жұмыстарының қорытындылары, мұғалімнің жұмыстарға берген пікірлері болуы да мүмкін. Білім алушылардың кейбір жұмыстарын электрондық нұсқада сақтауға да болады.

Білім алушы портфолиосына ұсынылған құрылым:

          Титул беті;

          Пән бойынша бөлгіштер;

          Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары, мысалы: бағалау критерийлері, балл қою кестесімен жазба жұмыстары, таныстырылымдар, бақылау жұмыстары, эссе, т.б.;

          Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін көрсететін күнделікті сабақ үдерісінде орындаған жұмыстары; 

          Мұғалімнің кері байланысы, пікірлері, ұсыныстары;

          Білім алушының рефлексиясы.  

Портфолионың формасы білім алушылардың жас ерекшелігіне, пәнге байланысты. Мысалы, АКТ, информатика бойынша портфолио электрондық үлгіде болуы мүмкін (электрондық портфолио), ол электрондық тасымалдаушы құралда сақталады (дискіде).

 

6 БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады. 

Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді.

Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі (7-кесте).

7-кесте. Нәтижелерді тіркеу

Білім алушыларға  қойылады:

Сипаты

Әр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балы

Жинақталған балдар саны мен оқу жетістігі деңгейлері (жоғары, орта, төмен)

Тоқсандық жиынтық бағалаудың балы

Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес жинақталған балдар саны

Тоқсандық баға 

Балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес белгілі пайыздық арақатынастағы барлық тоқсандық жиынтық бағалаулардың балл саны. Білім алушылар тоқсандық бағаны 50% бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы бойынша жинайды

Жылдық баға

Барлық тоқсандардағы максималды мүмкін балдарға қатысты жинақталған балдар санының пайыздық арақатынасы балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес

Тоқсан соңында бағалаудың барлық нәтижелері 1-ден 5-ке дейінгі бірыңғай балды бағаға ауыстыру шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың ашықтығын, салыстырымдылығын, білім беру үдерісіне қатысушылардың бірдей түсінігін қамтамасыз етеді (8-кесте).

8-кесте. Балды бағаға ауыстыру шәкілі

Балдың пайыздық  мазмұны

Баға көрсеткіші

Баға

0

Бағаланбады

«1»

1%-20%

Қанағаттанғысыз

«2»

21%-50%

Қанағаттанарлық

«3»

51%-80%

Жақсы

«4»

81%-100%

Өте жақсы

«5»

6.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл қою

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімінің қорытындысы негізінде білім алушылар оқу жетістігі деңгейіне сәйкес максималды жинақталған балл саны түріндегі қорытынды нәтижеге қол жеткізеді. Өз кезегінде оқу жетістігінің деңгейі болашақ тоқсандық бағаны болжаудың көрсеткіші қызметін атқаруы да мүмкін (9-кесте).

9-кесте. Оқу жетістігі деңгейлеріне сәйкес балдың пайыздық мазмұны

Оқу жетістігі деңгейлері

Балдың пайыздық мазмұны

Болжам баға

Жоғары

81%-100%

«5» деген бағаға сәйкес

Орта

21%-80%

«3 – 4» деген бағаларға сәйкес

Төмен

0-20%

«1 – 2» деген бағаларға сәйкес

Төменде «Математика» пәні бойынша 1-сынып білім алушыларының 3-тоқсандағы бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері мысал түрінде берілген.

«Математика» пәні бойынша 1-сынып білім алушыларының

3-тоқсандағы бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері

Бөлім бойынша жиынтық бағалау (ЖБ)

Білім 

алушылардың балы

Максималды балл

Оқу жетістігі деңгейі

Болжам баға

1

1-бөлім бойынша ЖБ

8

12

Орта (66%)

3-4

2

2-бөлім бойынша

ЖБ

5

10

Орта (50%)

3-4

3

3-бөлім бойынша

ЖБ

10

12

Жоғары (83%)

5

6.2 Тоқсандық баға қою

1-сыныпта 1-жартыжылдықта жиынтық бағалау өткізілмейді. Тоқсандық бағалар тек 3 және 4-тоқсандарда қойылады.

Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы есебінен жинақталады.

2-4-сыныптарда тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы арқылы жинақталады.

Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысының белгілі пайыздық арақатынасы пайдаланылады:  

         тоқсандық бағаның 50% бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысы арқылы қалыптасады;

         тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша қалыптасады.

Жиынтық бағалау (ЖБ)

 Үлес салмағы

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша ЖБ

50%

Тоқсандық ЖБ

50%

Тоқсандық баға

100%

Төменде «Математика» пәні бойынша 1-сынып білім алушыларының 3-тоқсан бағаларының есебі мысал түрінде берілген.

«Математика» пәні бойынша 1-сынып білім алушыларының 3-тоқсанның, бөлімнің жиынтық бағалауы бойынша нәтижелері

Жиынтық бағалау

(ЖБ)

Білім алушылар  балы

Максималды балл

Оқу жетістігі деңгейі

Болжам баға

Арақатынасы,

%

Балдың пайыздық мазмұны

1

1-бөлім бойынша

ЖБ

8

12

Орта  (66%)

3-4

50%

33,8%

2

2-бөлім бойынша

ЖБ

5

10

Орта (50%)

3-4

3

3-бөлім бойынша

ЖБ

10

12

Жоғары (83%)

5

4

Тоқсандық

ЖБ

15

20

-

-

50%

37,5%

 

Барлығы:

71,3

Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады.   

33,8% + 37,5% = 71,3%

Балды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша баға білім алушының тоқсандық бағасымен анықталады.

Баға

Балдардың пайыздық мазмұны

«1»

0

«2»

1%-20%

«3»

21%-50%

«4»

51%-80%

«5»

81%-100%

Аталған шәкілге сәйкес 71,3 %,  баға «4-ке» сәйкес.

 «Математика» пәні бойынша білім алушының 3-тоқсандағы  бағасы – «4».

6.3 Жылдық баға қою

Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның нәтижелерінен құралады (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар).

Төменде 2-сыныптың «Математика» пәні бойынша білім алушының жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген.

2-сыныптағы «Математика» пәні бойынша білім алушылардың

1-4-тоқсандардағы нәтижесі

Жиынтық бағалау

(ЖБ)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Балдың жалпы саны

Арақатынасы,

%

Оқу жылы бойынша

балдардың пайыздық мазмұны

Бөлім бойынша

ЖБ

34-тен 23

30-дан 20

25-тен 21

20-дан 18

109-дан 82

50%

37,6%

Тоқсан дық ЖБ

20-дан 18

20-дан 15

20-дан 19

20-дан 16

80-нен 68

50%

42,5%

Барлығы:

 

 

80,1%

Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық арақатынаспен анықталады.

Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық балдың пайыздық мазмұны жинақталады, балды бағаға ауыстыру шәкілі арқылы ауыстырылады.

37,6% + 42,5% = 80,1%

Баға

Балдардың пайыздық мазмұны

«1»

0

«2»

1%-20%

«3»

21%-50%

«4»

51%-80%

«5»

81%-100%

80,1 % балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес – бұл баға «4».

2-сыныптағы «Математика» пәні бойынша білім алушының жылдық бағасы – «4».

ҚОРЫТЫНДЫ

Оқыту тек білім берудің төңірегінде ғана болмайды, ол оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына да тікелей қатысты болады. Оқытудың қаншалықты табысты, ойдағыдай өтетіні, сондай-ақ, білім алушылардың қандай қиындықтарды басынан өткізетіндігі туралы ақпаратты мектептің тиімді бағалау жүйесі көрсетеді. Сондықтан  жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу кезінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады.

Бағалау барысында қарапайым субъективті сандық бағаларды тіркеуден сапалы, объективті бағалауға өту жоспарланған. Оқу нәтижелерін бағалау барысында жаңа формалар енгізілмек: балдарды қоюды қарастыратын жиынтық бағалау мен кері байланыс беруді қамтитын қалыптастырушы бағалау.

Мұғалімдерге көмек ретінде білім алушылардың оқу жетістіктерін қалыптастырушы және жиынтық бағалау үдерістерін жоспарлау, ұйымдастыру мақсатында практикалық ұсыныстар берілген. Атап айтқанда, бағалауды өткізудегі қолданылатын әр түрлі бағалау түрлері (қалыптастырушы және жиынтық), олардың формалары (топтық, жұптық, жеке), бағалау критерийлерін құрастыру, кері байланыс беру, баға қою және тағы да басқаларын қамтитын мысалдар жиынтығы.

Осылайша, бағалаудың жаңа құралдарын енгізу де жоспарланған: критерийлер, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар, оқу жетістіктерінің деңгейлері, балдар, баға, т.б. – бұл оқуда және бағалауда мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді.

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Блум Б.С. (1956). Классификация учебных целей. Нью Йорк: Лонгман.

Блум Б.С., Кратволь Д. (1956). Таксономия целей обучения. Нью Йорк: Лонгман.

Блэк П., Уильям Д. (2009). Педагогические исследования: формативное оценивание. Британский научный журнал исследований №29.

Вуд Д., Брунер, Дж. С., Росс, Г. (1976). Скаффолдинг, тьюторство и компьютерное сопровождение обучения. Журнал детской психологии и психиатрии, 17(2), 89-100. 

Выготский Л.С. (1978). Развитие высших психических функций. Москва: изд. АПН РСФСР.

Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп, Педагогикалық шеберлік орталығы құрастырған, Қазақстан

Республикасындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының деңгейлік бағдарламасының глоссарийі: оқу-әдістемелік құрал (2012). Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.

Зимняя И.А. (1973). Психология слушания и говорения. Москва: Докторская диссертация.

Логвина И., Рождественская Л. Инструменты формирующего оценивания в деятельности учителя-предметника. Пособие для учителя. – Нарва, 2012.

– 48 с.

Оценивание учебных достижений учащихся. Методическое руководство/ Сост. Р. Х. Шакиров, А.А. Буркитова, О.И. Дудкина. – Б.: «Билим», 2012. – 80 с.

ЭЫДҰ (2014). Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру.

Пинская М.А. Формирующее оценивание: оценивание в классе: Учебное пособие. – М.: Логос, 2010. – 264 с.

Уигнис Г. и Тай Дж. (2011). Что такое «обратный дизайн»?

Уильям Д. (2008). Изменяя практику в классе. Заметки из исследований Ширли Кларка, Дилана Уильяма и Национальной стратегии.

Уильям Д. и Томсон М. (2007). 5 основных стратегий для формативного оценивания.

Фишман И.С., Голуб Г.Б. Формирующая оценка образовательных результатов учащихся: Методическое пособие. - Самара: Издательство «Учебная литература», 2007. - 244 с.

Шамова Т.И. (2007). Современные средства оценивания результатов обучения в школе. - Москва: Педагогическое общество России.

ҚОСЫМШАЛАР

1-қосымша Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау туралы мұғалімнің рефлексияға қатысты сұрақтары

Сабаққа дейін (жоспарлау)

          Менің сабақ жоспарым оқу мақсаттарынан, нақты күтілетін нәтижелерден тұрады.

          Мен білім алушылардың  қабілеті мен қажеттіліктерін анықтай аламын, мұны қалай түсіндіруге болатыны туралы жоспарым бар. Сабақта

          Менің білім алушыларым сабақтың оқу мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін біледі.

          Мен әуелі білім алушыларымның осы сабақтағы тақырып бойынша білім, дағды, түсіну деңгейлерін анықтаймын.

          Тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келеді.

          Әр білім алушы өзі орындайтын тапсырмалардың бағалау критерийлерін, одан не күтілетінін біледі.

          Мен білім алушылардың тапсырманы орындау бойынша нәтижелерін сабақ барысында, келесі сабақты жоспарлау кезінде пайдаланамын.

          Мен білім алушылардың өз білімдеріне жауапкершілікпен қарауына, бірбірінен үйренуіне, нәтижелерін бағалай алуына мүмкіндік беремін.

          Ашық сұрақтар білім алушылардың түсінгенін үнемі тексеріп отыру үшін қолданылады.

          Білім алушыларға сұраққа жауап беру кезінде ойлануға уақыт беріледі.

          Мен білімін, түсінгенін тексеру үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолданамын.

          Мен білім алушылардың ілгерілеуін мониторингілеу үшін бағалау нәтижелерін тіркеп отырамын.

          Білім алушылардың өз жұмысын, өзінің ілгерілеуін бағалауға мүмкіндігі бар.

          Бағалау нәтижелері білім алушылардың оқудағы олқылықтарын анықтау үшін қолданылады.

          Мен өз білім алушыларымның жұмысына сындарлы (конструктивті) кері байланыс  беремін.

Сабақтан соң

          Мен талдаймын:

□ оқу мақсатына жетті ме, жетсе қалай?

□ не орындалды, нені орындау керек еді?

□ не орындалмады?

□ келесі жолы басқаша қалай жасауға болады?

□ нені қайталау қажет?

□ жоспарланған шарадан басқа білім алушылар тағы нені үйренді?

□ білім алушылардың барлығы оқу мен бағалау үдерісіне жұмылдырылды ма?

2-қосымша

 

Б.Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу

Оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері құрастырылады, ол Б.Блумның таксономиясы арқылы оқу мақсаттарына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейі бойынша жіктеледі.

Блум таксономиясын 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум когнитивтік ортада педагогикалық оқу мақсаттарын болжайтын алты ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау арқылы топтастыруды ұсынды.

Белгілі дағдыларды нақты анықтау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың төңірегінде берілді: • білу және түсіну;

          қолдану;

          жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау).

Бағаланатын дағдылар сипаттамасы

Ойлау дағдыларының топтары

Сипаты

Етістіктер

Білу және түсіну

Нақты деректерді, ақпараттар мен сипаттамаларды, есте сақтау немесе елестету, меңгерген

материалды дұрыс жеткізу, болжау

немесе ақпаратты жеткізу арқылы түсіну және түсіндірудегі баға қабілеттілігі.

атайды, назар аударады,

есте сақтайды, талқылайды,

анықтайды, айтады, жазады, қайталайды, көрсетеді, хабарлайды.

Қолдану

Бір мәселені нақты жаңа жағдайда шешу үшін меңгерген материалды қолданудағы баға қабілеттілігі.

Білімді қолданудың таныстыру әдісі тәжірибелік жұмыстар,

эксперименттер, жоба жұмыстары,

мәселені шешу және жаңа және/ немесе түрлі нәтижелер жасау болып  табылады. 

қолданады, санайды, өзгертеді, таңдайды, топтастырады,

аяқтайды, қорытындылайды,

таныстырады, табады,  жасайды, ықпал етеді, зерттейді,  эксперимент жүргізеді,

түсіндіреді, сахналайды,

түрлендіреді, сәйкестендіреді,

жоспарлайды, көрсетеді, шешеді, пайдаланады, құрайды, іске асырады.

Талдау, жинақтау және бағалау

Баға қабілеттілігі:

-                      ақпараттық материалдарды жеке бөліктерге бөлу, дәлелді анықтау

жолымен түрлі пікірлер алу үшін ақпараттарды немесе себебін, тұжырымын меңгеру, жалпы

ережелер үшін дәлелдер табу;

-                      жаңа мәнмәтінде бөліктерді (идея, элементтер) біріктіру, қиыстыру, мысалы хабарлама (сөз сөйлеу,

баяндама оқу), әрекет жоспары,

қажет мәліметті реттейтін кесте;

-                      осы немесе басқа материалдың маңызын бағалау (бекітілген көркем шығарма, зерттеу мәліметтері).  

талдайды, бағалайды,

топтастырады, есептейді,

қабылдайды, салыстырады, байланыстырады, қарсы

қояды, сынайды, талқылайды,

саралайды, ажыратады, бөледі,

зерттейді, эксперимент жүргізеді, түсіндіреді, пікір білдіреді, сәйкестендіреді, тексереді.

топтастырады, жинақтайды,

қосады, үйлестіреді, құрайды, құрады, құрастырады,

жалпылайды, біріктіреді,

саралайды, ұйымдастырады, жоспарлайды, ұсынады,

орнатады, біріктіреді, аргумент келтіреді, негіздейді, келіседі, салыстырады.

дәлелдейді, таңдайды,

салыстырады, қорытынды

жасайды, сендіреді, негіздейді,

түсіндіреді, өлшейді, болжайды,

алдын алады, ұсынады, пікір білдіреді, саралайды, бөліп

көрсетеді, қосады, қолдайды, тексереді, бағалайды, талдайды.

Бағалау критерийлерін құрастыру кезінде мұғалім әр ойлау дағдыларының деңгейін көрсететін етістіктерді қолдануына болады.

Математика пәні бойынша бағалау критерийлерін құрастырудың үлгісі, 1-сынып

Оқу мақсаты

Бағалау критерийлері

Ойлау дағдыларының  топтары

Білім алушы:

Жазықтықтағы фигураларды ажырату (үшбұрыш,  дөңгелек, төртбұрыш, тікбұрыш)/кеңістіктегі  фигуралар (куб, шар,  цилиндр, конус, пирамида) және оларды қоршаған  ортадағы заттармен  сәйкестендіру

Жазықтықтағы фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек,  төртбұрыш, тікбұрыш)/ кеңістіктегі фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) анықтайды және атайды.

Білу және түсіну

Жазықтықтағы және кеңістіктегі фигураларды ажыратады.

Фигураларды қоршаған ортадағы заттармен  сәйкестендіреді.

Қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-қосымша

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың қорытындысы 

туралы ата-аналарға арналған  ақпарат (рубрикалар)

Білім алушының аты-жөні

Пән

Сынып

Тоқсан ____

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау «________________________»

Бағалау критерийлері

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

(бағалау критерийлерінің тұжырымдамасы)

(бағалау критерий лері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің төмен деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері бойынша білім

алушылардың оқу жетістігінің орта деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері бойынша білім

алушылардың оқу

жетістігінің жоғары деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлерінің тұжырымдамасы)

(бағалау критерийлері

бойынша білім

алушылардың оқу жетістігінің төмен деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері бойынша білім

алушылардың оқу жетістігінің орта деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері бойынша білім

алушылардың оқу

жетістігінің жоғары деңгейінің сипаты)

Мұғалімнің қосымша пікірлері:

(мұғалімнің пікірі)

Мұғалімнің аты-жөні _________________________________

Қолы_______________

 

Күні_____________

6-қосымша Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқау

Білім алушылар орындарына жайғасып, тоқсандық жиынтық бағалау жұмысын орындауға дайын болған кезде мұғалім төмендегілерді орындауы қажет:

          Тапсырманы білім алушы отырған партаның үстіне бетін төмен қаратып қояды, бетті аударып қарамауын өтінеді. 

          Білім алушыларға бағалауды өткізу ережелерін сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

          Бағалауды өткізу кезінде білім алушылардың бір-бірімен сөйлесуіне, көмек сұрауына, біреуге көмектесуіне болмайтыны туралы ескертіледі. 

          Білім алушылардың тапсырманы орындауға қажетті құралдарының бар екеніне көз жеткізеді.

          Білім алушылардан тапсырма парағының бетін аударып, өзі туралы мәліметті толтыруын сұрайды: білім алушының тегі, аты және сыныбы (мектебі).

          Алғашқы беттегі нұсқауды дауыстап оқып, жұмысты орындауға берілген уақытты хабарлайды. Бағалау жүргізіліп жатқан кезде білім алушылардың бір-бірімен сөйлеспеу керектігін ескертеді.

          Білім алушылардың нұсқауды түсінгеніне көз жеткізеді, сұрақ туындаған жағдайда жиынтық бағалау жұмысы басталмас бұрын жауап береді.

          Тақтаға басталу және аяқталу уақытын жазады, білім алушылар хабардар болу үшін қосымша дауыстап айтады. 

          Бағалау жүріп жатқан кезде білім алушылардың жұмысты өз бетінше орындап жатқанына көз жеткізеді. Олар бір-бірімен сөйлеспеуі қажет, бір-бірінен көшіруіне болмайды. 

          Білім алушылардың тапсырманы орындау кезінде көмек болатын қосымша құралдарды қолданбағанына көз жеткізеді, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (егер аталған заттар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясында қарастырылмаған болса).

          Білім алушыларға «Математика», «Жаратылыстану» сияқты пәндерден шешу жолдарын көрсетіп, содан соң ғана жауап жазу бағанына тек нақты жауапты жазу қажеттігін түсіндіреді.

          Бағалау өтіп жатқан кезде мұғалім нұсқауға немесе жұмысты орындау уақытына қатысты сұрақтарға жауап береді. Мұғалім білім алушылардың жазуына, сұрақты өзгертіп айтуға көмектесуіне немесе ақпарат беруіне болмайды. 

          Білім алушылардың келген, келмегенін белгілеп алу қажет. Білім алушылардың жас ерекшелігіне қарай анықталған уақыт аралығы, яғни жұмысты орындауға неше уақыт қалғаны туралы ақпарат беру маңызды. Бағалау жұмысын аяқтауға 5 минут қалғанын білім алушыларға әрқашан ескертіп отыру қажет. 

          Егер кейбір білім алушылар жиынтық бағалау жұмысын белгіленген уақыттан бұрын орындайтын болса, өз жауаптарын қайта қарап шығуын өтінеді. Жиынтық бағалау жұмысын орындау уақыты аяқталған соң білім алушылардан жұмысты орындауды тоқтатуын және қалам/ қарындаштарын үстел үстіне қоюын өтінеді. Барлық жұмыс жиналып біткенше білім алушылардың бір-бірімен сөйлеспеуі және тыныш отыруы өте маңызды. 


«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.


010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй.

e-mail: info@cpm.kz.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мама слайд"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 379 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.03.2020 452
    • PDF 3.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Фомина Жанна Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Фомина Жанна Викторовна
    Фомина Жанна Викторовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 95723
    • Всего материалов: 232

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек