Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / История / МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ: Алтын қоры -әлемге әйгілі «Бақыршық алтын кені»

МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ: Алтын қоры -әлемге әйгілі «Бақыршық алтын кені»

Алтын қоры -әлемге әйгілі «Бақыршық алтын кені»




Шығыс Қазақстан өңіріндегі ірі әкімшілік аймақтың бірі – Жарма ауданы 1928 жылы құрылды. Бұл өңірді георафиялық және геологиялық сипаттамасына қарай қазыналы Қалба деп атайды. Қалба жотасында алтынның бай кен орындары бар.

Шығыс Қазақстанның Нарым және Қалба жоталарының кен орындарынан ғана адамдар 1100 тонна түсті металл қазып алған. Ескі қорымдардан табылған заттар, тіпті кен орындарының өзі мұнда ертеден-ақ алтын өндіргенін дәлелдейді. Қола дәуірі кезінде бұл аймақ бүкіл Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы ежелгі металлургия орталығы болды.

Қалбаның қазба байлықтарын зерттеуде академик В.А.Обручев құнды деректер қалдырды. Қазақтың ұсақ шоқысы оның ішінде Қалба жотасының геологиялық құрылымын сипаттай келе академик В.А.Обручев былай деп жазады: «Это бывшая геосинклинальная область, сильно пронизанная интрузиями, обладает богатым оруденением почти всех типов, от магматического до гидротермального средней глубины: золоторудное и россыпное, вольфрам, медь, серебро-цинк, свинец в виде жильных месторождений, контактно-метаморфические железные руды, вкрапленные медные руды различного типа, залежи корунда, а также пласты угля каменноугольного и юрского возростов, самосадочная соль, гипс, алюминиевые руды выветривания» [19;25]

Бірден-бір, ауыз толтырып айтылатын мекеме. Осы кенді өңірдің «Бақыршық» атауына тарихы жағынан қарағанда ұрпаққа қажет болары да мүмкін шығар. Бұл қойнауы алтынға толы аймақтың даңқы Республикамызды қойып, шет елдерге де таңылды. Үлкен кен орны ретінде ертеден белгілі. Құтты берекелі өңір. Сол кезде ауылы аралас, қойы қоралас қанаттас отырған қазақ ауылы, Қарабас руынан Байжұманың жалғыз ұлы, ҰОС ардагері Оразғали ақсақалдың Бақыршықтың шығу тарихын әнгімелегені әлі есімде. (Ол кісі қазір бұл дүниеден озған).

Бақыршық Мамай бабамыздың ұрпағы. Мамайдың өзі қажыға барған адам. Тегі құдас – Матай, руы – Найман. Бақыршық атамыздың қолы шебер болса керек, осыған байланысты ауылда әркімнің сынған ыдыстарын жамап-жасқап, жиған-тергенімен бұл кіс де қажыға барған көрінеді. Сондықтан болар «Бақыршы бала» атымен «Бақыршық» аталып-ты мыс. Күндердің күнінде Бақыршық атамыз қатты науқастанып, ағайын-туғандарын жинап, өсиет - арызын айтқан көрінеді. «Жаман айтпай, жақсы жоқ», - міне о дүниеге аттанайын деп жатырмын. Мені бәленше жерге қойындар, сол арада үлкен ақ тас бар. Оған тиіспеңдер, келешек ұрпаққа қалсын, тегінде үлкен пайдасы тиер, - деп сөзін аяқтаған қария 92 жасында көзін жұмыпты. Содан бері, тұрағымыз Бақыршық атамыздың атымен аталады. Ол кісінің қыстауы осы арада болған деседі, оған атамыздың ұрпағы Әлімбет, Шекембай деген кісілер ие болған. Қазірде шөбересі Фарзанбек Шекембаев осы кентімізде тұрады. Кезінде шахтада істеген. Қазіргі таңда зейнеткер.

1952 жылға дейін «Алтайалтын» тресттерінде қазылған бүкіл руданың

90 % жергілікті байыту фабрикаларында өндірілді, тек оның құрамында көп мөлшерде алтын мен кремнезем болатын бөлігін флюс ретінде экспортқа жіберіп отырды.

Бақыршықтағы барлау жұмыстарының көбеюі мен жаңа типтегі ашылып жатқан рудалардың шығуы Казақ КСР түсті металлургия министрлігі және «Алтайалтын» трестінің жетекшілігімен жан-жақты ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұған Иргиредмет, КазМУ, Қазақ политехникалық институты, Гипроцветмет, ҚазКСР тау – кен институты, Плеханов атындағы Ленинград тау институты, т.б. ат салысты. Соның ішінде Қазақстанның танымал ғалымдары Б.Н.Лебедев, С.М.Анисимов, И.С.Скобеев, И.С.Стахеев, Л.И.Чечулина, Н.А.Коменников, С.Н.Россовский, Б.Н.Ласкорин, И.А.Жучков, Р.А.Исакова, т.б. өз үлесін қосты. [34;58]

Осы Бақыршықтағы табылған рудаларды байыту технологиясын зерттеу нәтижесінде салынып жатқан байыту кешені Бақыршық тау-металлургия комбинатын жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік пайда болды.

1960 – 70 жылдары бүкіл КСРО көлемінде рационализациялау, яғни кеніштердегі техникаларды жетілдіру, уақытты үнемдеу және шығынды аз келтіретін жаңа приборларды ойлап табу жұмыстары жүргізілді. Осының арқасында кеніштерде қолданысқа жаңа техникалар енді. Нәтижесінде 8 – ші бесжылдықта «Алтайалтын» трестінің кеніштері үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Мысалы, 1970 жылғы мәліметтер бойынша Жарма ауданында Бақыршық, Октябрьск, Ақжал ірі рудниктерінде жаңа техникаларды пайдалану арқылы 1966-1971 ж.ж. «Алтайалтын» комбинаты бесжылдық жоспарын 102 пайыз, өнім өткеру жоспарын 107 пайызға орындады. Жоспардан тыс 2 млн. 57 мың сомның өнімін шығарды. Еңбек өнімділігі 9,2 % артып, өнімнің өзіндік құны жоспардан 3,2 % кеміді. Өнеркәсіп орындары бойынша жарты жылдық жоспар жалпы өнім өндіруден 108%, өнім өткеруден – 114% орындалды, қосымша 321 сомның өнімі өткерілді. Кеніште 2000 - нан астам жұмысшы қызмет етсе, олардың ішінде 27 адам «Құрметті шахтер» және «Еңбегі сіңген шахтер» деген абыройлы атаққа ие болды. [26;3]

Бақыршық алтыны туралы алғаш мәлімет геолог Г.С.Катковскийдің 1944 жылғы есебінде келтіріледі. 1953 жылы Қазаншұңқыр барлау партиясы Бақыршық кен орнында геологиялық іздестіру жұмысын одан әрі жүргізді. Ал 1955 жылы «Алтайалтын» тресі Ақжал кен басқармасының барлау-пайдалану учаскесі бұл арадан кен ала бастады. [65;4]

Басқарма алдында кеннің физика-механикалық қасиеттерін тану және алтын алудың тиімді технологиясын пайдалану міндеттері тұрды. Алдын-ала жүргізген жұмыстары негізінен шұңқыр қазу, тік қазу (10 және 20 метрден) және 50×50 метр жүйе бойынша бұрғылау жұмыстары өрістетілді. Осындай мұқият тексерістен кейін Қызылсу аймағында қуатты өте жоғары ірі техникалық кең жыныстарының бар екендігі анықталды. Аталған аймақтың ұзындығы 20-25 шақырымға созылып жатты. Зерттеулер осының алдындағы болжамды, яғни алтынның ұсақ шашыранды күйде екендігі толық дәлелеп берді. [65;23]

1950 жылдардың басында «Алтайалтын» тресінен шикізат базасы болып табылатын Балажал, Алқабек, Жұмба, Қазаншұңқыр Алаайғыр кен орындары біртіндеп жабылуға айнала бастады.

Осыдан бастап Бақыршықтағы өндірістік жағынан игерудің екінші кезеңі басталды.

1955 жылы мамырда құрамында 20 адамнана тұратын бригада үлкен үміт үстінде Бақыршық қажы иелік еткен жерге келіп жұмысқа кірісті. Бұлар тәжірибелі таукен мастерлері, геологтар және кен жұмысшылары еді. Олардың қатарында И.С.Большинский, В.Г.Диденко, Н.П.Бичевин, Н.Я.Михайлов, Қ.Жашатаев, Н.Норницкий, Н.Норницкая, И.Мейрамбаев, К.Сүлейменов, Б.Қызыкенов, т.б. болды.

Бақыршық кені гидротермалдық алтын-пирит-арсенопирит формациясына жатады. Оның кен қабаттарының ені 150-200 метр. Бұлар Қызыл деп аталатын жаншылу зонасы мен Батыс Қалбаның терең жарылысынан түйісер жеріне таяу орналасқан. Мұндағы алтынның шоғырлану мөлшері пирит және көміртекті заттарға байланысты. Кен құрамында алтын мен күмістен басқа мышьяк, галий, сурьма, сынап бар. [65;25]

1965 жылы Бақыршық сынақ кендерін жер асты әдісі бойынша өндіру басталды. Мұның негізгі мақсаты – кенді жер астында барлаудың неғұрлым тиімді жүйесін іздестіру және комбинат үшін жобада белгіленген кен алу тәсілдерін тексеру болатын.

Кен қазу жұмыстары көлемінің артуы 1968 жылы Бақыршықтың екінші дәрежелі кен кәсіпорындары қатарына жатқызуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, ол еліміздің алтын өндіретін аса ірі кәсіпорындардың біріне айналды.

1968 жылы кен орнында «Бақыршықалтын» комбинаты құрылды. «Бақыршықалтын» Шығыс Қазақстан шахта құрылысы басқармасынан бөлініп, өз бетіне шахта-проходка бөлімі болып қайта құрылды. [65;35]

Комбинаттың кен өндірісінің ең озық технологиясы және осы заманға жаңа, жетілдірілген техника қолданылу көзделді. Жер асты кенінде жоғарғы өнімді машиналар: бұрғылау кореткалар, тиеу-жеткізу машиналары, виброконвейерлер, кен таситын дизеловоздар және сыйымдылығы 4 текше метр вагонеткалар жұмыс істейді. Сонымен бірге кен тереңдігі 570 метр шахта стволынан сыйымдылығы 9,5 текше метр астауымен көтеріліп, байыту фабриксының кен тұратын орнына конвейерлері лентамен тасымалданады. Алынған кен қоспалары одан әрі өңдеуден өту үшін конвейнерлерге механикалық жолмен орналастырылып, жіберіліп тұрады.

Бақыршық – бүкілі КСРО көлеміндегі ең ірі, ал республикадағы үлкен алтын орны деп танылды.

1974 жылы ақпанында КПСС Орталық комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің кен байыту комбинатының құрылысын одан әрі жалғастыру, оның қуаттылығын алғашқы белгілеген, 8 есе арттыру жөнінде арнаулы қаулы қабылданды. Салынып жатқан кен байыту комбинатының директоры ретінде Р.Ф.Смағұлов бекітілді. [34;64]

Бұл Бақыршықта алтынның өмірге келуінің үшінші кезеңі еді.

Сондай-ақ, 1983 жылы кен инженері, «Алтайалтын» комбинатында мархшейдер көмекшісі болып істейтін Тұрсынтай Нүркенұлы Нұғыманов «Труд» артелін ұйымдастырды. Ол жер қойнауынан алтынды ашық әдіспен өндіруге кірісті. Еңбек етушілер саны 70-ке жуық адам болды.

C:\Users\Мирас\Desktop\1336106309_05fd5fbecff6e65e5b0a2e01aeacacbd.jpgC:\Users\Мирас\Desktop\images.jpg

МІНЕ, ОЛ - БАҚЫРШЫҚТЫҢ АЛТЫНЫ...» Бақыршықтың пайдалы қазбалары

C:\Users\Мирас\Desktop\1352720293_bac01.jpg

Сонымен, ХХ ғасырдың басында шетел мемлекеттерінің Жарма өлкесіндегі кен қазба байлықтарын зерттеу жұмыстары нәтижесінде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы түбегейлі өзгерді. 1933 жылы КСРО көлемінде алтын өндіретін ірі комбинаттардың бірі - «Алтайалтын» трестінің құрылуымен жер асты байлықтары игеріле басталып, жаңа кеніштер ашылды, ал Жарма ауданын солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 км бойы қиып өтетін Түрксіб теміржол магистралінің салынуы жол бойында Суықбұлақ, Шар, Жалғызтөбе, Жарма, Үштөбе сияқты станциялардың бой көтеруіне әсер етті .

Осының барлығы Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосты.


  • История
Описание:

Шығыс Қазақстан өңіріндегі ірі әкімшілік аймақтың бірі – Жарма ауданы 1928 жылы құрылды. Бұл өңірді георафиялық және геологиялық сипаттамасына қарай қазыналы Қалба деп атайды. Қалба жотасында алтынның бай кен орындары бар.

Шығыс Қазақстанның Нарым және Қалба жоталарының кен орындарынан ғана адамдар 1100 тонна түсті металл қазып алған. Ескі қорымдардан табылған заттар, тіпті кен орындарының өзі мұнда ертеден-ақ алтын өндіргенін дәлелдейді. Қола дәуірі кезінде бұл аймақ бүкіл Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы ежелгі металлургия орталығы болды.

Қалбаның қазба байлықтарын зерттеуде академик В.А.Обручев құнды деректер қалдырды. Қазақтың ұсақ шоқысы оның ішінде Қалба жотасының геологиялық құрылымын сипаттай келе академик В.А.Обручев былай деп жазады: «Это бывшая геосинклинальная область, сильно пронизанная интрузиями, обладает богатым оруденением почти всех типов, от магматического до гидротермального средней глубины: золоторудное и россыпное, вольфрам, медь, серебро-цинк, свинец в виде жильных месторождений, контактно-метаморфические железные руды, вкрапленные медные руды различного типа, залежи корунда, а также пласты угля каменноугольного и юрского возростов, самосадочная соль, гипс, алюминиевые руды выветривания
Автор Темирханова Шынар Мухтархановна
Дата добавления 02.04.2017
Раздел История
Подраздел Другое
Просмотров 519
Номер материала MA-070929
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы