Инфоурок Другое Другие методич. материалыМақала "Сабақта сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді пайдалану"

Мақала "Сабақта сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді пайдалану"

Скачать материал

  Жақсыбаева Бибигуль Сейсекқызы.

Жаңалық орта мектебі, МДШО КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, І \ілгері\ деңгей бойынша сертификатталған,2014ж Талдықорған қ-сы ПШО.

Сабақта сын тұрғысынан ойлау әдістерін  тиімді пайдалану

  ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру  бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Сондықтан да оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, барлық оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылды. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым — оқушыны оқуға  қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның негізгісі — оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың ойлау дағдыларын  жетілдіру, өздігінен   білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

   Демек, әр ұстаз, жас маман: 

 біріншіден; педагогикалық шығармашылық  пен шеберлігін арттыру қажет;

 екіншіден; әдістерді сол қалпында қолданбай, оны жағдайға байланысты тиімді сәйкестігін таба білу керек;

 үшіншіден; үздіксіз шығармашылық ізденісте болу керек;

 төртіншіден; сабақ заман талабына сай құрастырылған жөн.

   Білім берудің жаңа мазмұны оқушы мен мұғалімді  үздіксіз білім алуға қажеттілігін,  жаңа білім игерудегі шығармашылық қарым-қатынасын,   өз еркінше білім мен іскерліктерін қалыптастыруға негізделеді.    Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерін зерттеушілік-ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Алдыңғы сатыда ұстаздың өзі ізденімпаз болғаны аса маңызды.

   Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін  мұғалім өз еркімен таңдайды. Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады. Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз.  Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын-солын тану, зерттеу, пысықтап анализ жасау — әр ұстаздың міндеті.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі өте зор. XXI көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдері мен технологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады.Кез – келген педагог тұлғаны тәрбиелеуде сыныпта өзара ақпарат алмасу, оларды бір – бірімен бірлесе отырып, білімдер мен дағдыларын қалыптастыруға және өз ойларын еркін жеткізіп, ортаға салып, талдап, нәтиже шығара білуге бейімдеу үшін ақпараттық орта құруы қажет.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын ақпараттық инновациялық технологиялар арқылы өткізе отырып, интербелсенді тақтамен жұмыс жасуға машықтыруға болады. Әр түрлі презентацияларды, видео материалдарды көру және қолда бар материалдармен өздері сабақтарды құрастыра алады. Компьютермен жеке дара жұмыс жасау барысында, деңгейлік тапсырмаларды орындау жұмыстары тиімді жүргізіледі. Алдын ала мұғалімнің даусымен жазылған аудио-мәтіндерді, ән- күйлерді тыңдау жұмыстары жүргізіледі. Өз білімдерін тексеру мақсатында электронды тестпен жұмыс жасау, электронды оқулықтармен жұмыс жасуға машықтандыру.
Шығармашылық, іздену жұмыстарында интернет, сайттардан қажет деректерді тауып, пайдалануға үйретуге болады. Жұмыстарын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғауға үйрету – педагогикалық міндеттерді шешудегі жаңалығы.
        Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жазу немесе айту керек » деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету,  жауапкершілігін артыру.

 

 

 

 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы

Мақсаты:

Тиімділігі:

Нәтижесі:

Білім алуға ұмтылатын шәкіртке жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту, сабақта оқушыны ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.

Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асуы, мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу,

ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.

Оқушының қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, терең білім алуға жағдай жасап қана қоймай, коммуникативтік қатынасын қалыптастырады, оқушыны ізденіске жетелейді.

 

 

Технология құрылымы 3 кезеңнен тұрады:

1.     Қызығушылықты ояту;

2.     Мағынаны тану;

3.     Ой-толғаныс.

         І кезеңде алынған мәлімет жазылады, тыңдалынады, талқыланады, жұмыстар жеке – жұптаса – топтаса орындалады. Мысалы, қандай да тақырыпты өтпес бұрын оны баланың жас еркшелігін ескеріп, қызығушылығын арттыратындай  өмірмен байланысы бар қарапайым әдістерді қолдануға болады. «Синонимдер» тақырыбын өткенде тақтаға «жүздесу, амандасу, сәлемдесу, есендесу т.б.» деген сөздерді жазып, мағыналарына талдау жасап, оқушыны өзіндік бір ойға жетелеп, ереже шығаруға немесе «Буын түрлерін» өткен кезде ертегі әлемімен ұштастырып: «Ерте, ерте, ертеде  Буын деген бай бопты, Оның Бітеу, Тұйық, Ашық атты үш ұлы болыпты. Үш ұлының мінездері үш түрлі болыпты...» деп бастап, оқушыларға ұлдарының есімдеріне сәйкес әрқайсысына мінездеме берулерін сұрай отырып, анықтама құрастыруға болады. 7- сыныпта «Шақ түрлерін» өткенде мына жұмбақ арқылы өмірмен байланыстыра отырып тақырыпты ашуға болады. Мәселен, Таңертең төртеу, түсте екеу, кешке үшеу. Осы жұмбақ арқылы адам өмірінің өзі үш шақтан тұратындығын анықтауға болады.  8-сыныпта құрмалас сөйлемді өткен кезде төмендегі мысалдарды келтіріп, оқушының өмірлік ұстанымын анықтауға болады.Адам туған тілін құрметтемесе,  өзін де құрметтемейді (Шартты бағыныңқы сабақтас),Ғалым болу  — міндет емес, білімді болу – парызың (Қарсылықты салалас).

Әдебиет сабағында  мәтіннің тақырыбын ашу үшін оқушылардың ассосациясын кестеге түсіруге болады. Оқушының ойын автор ойымен салыстыру үшін «Венн диаграммасын » пайдалануға болады. Бұл әдіс арқылы оқушы өз дербестігін, ұқсастығын ажырата алады.

          “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
1-кесте

Д ә с т ү р л і    с а б а қ т а р

Мұғалімнің әдістері 

Оқушының іс-әрекеті

Тақырыпты түсіндіреді

 Мазмұнын айтып береді

Кейіпкерлер туралы айтып береді 

Кейіпкерге мінездеме береді

Мәтіннің идеясын анықтайды 

Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады

Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді 

Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады

Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады 

Шығарма жазады

Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады 

Жауап береді

 

2-кесте

 Сындарлы оқытуда 

Мұғалімнің әдістері 

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды 

Ұжыммен жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды 

Мәтінмен өздері танысады

Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады 

Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді.
 

Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды 

Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады.

Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды 

Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды.

Өз ойларын жазуды ұсынады 

Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.

Ойларын қорытуға бағыттайды. 

Өз тұжырымдамасын жасайды

 

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға тере
ң  білім беру.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:

* бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;

* өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

* бір-біріне құрметпен қарауға;

* өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

*  өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

*  мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

* достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындық-ты шешуге көмектесуге;

* белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды

Соның ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған “Венн кестесі”, “Бес жолды өлең”, “Көрнекілік арқылы баяндау”, “Семантикалық карта” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Мәселен: “Венн кестесі” арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін,қызығушылығын дамытады.Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады.Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.



Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан жобасымен танысып, оның стратегияларын өз тәжірбиелеріңізде қолданудан өзіңіздің біліктілігінздің арта түскендігін аңғарасыз. Сонымен қатар сабақтарда «кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы» стратегияларын жиі пайдалануға болады. 
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.
 
Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсіріп, қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқанда сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің аргументтерін жинақтап, сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым- қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттігін жазады.
Эссе - өз ойын білдіру, ішкі жан дүниесін ұғу, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айту мен эссе жаздыруға көп көңіл бөліп, өсімдіктану тіл сабақтарымен интегративті қолдануға мүмкіндік жасайды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде мұғалім мына нәтижеге жетеді:
- жүйелі тапсырма беруге ұмтылады
- оқушыны басқа жақтарынан таниды
- өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды
- өзі білмейтін ақпараттарға тап болады
- оқушының жұмысын бағалайды
Осы міңдеттерді орындауды ұстаз өзінің тақырыбы мен сабақ үрдісінде стратегияларды ұтымды пайдаланып, оқушылар арасында жеке, топтық іс әрекеттерді ұйымдастырады. 
«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» стратегияларын сабақта пайдалана отырып өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады:
- оқушы мен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына;
- оқушыларға өз пікірін айта білуіне;
- оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтуға;
- шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды.
Ең басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

СТО стратегияларында сабақтың негігі бөлімін «Мағынаны ашу» деп белгілейді. Бұл сабақтың негізгі мәні, мазмұнының ашылатын кезі. Тиімді стратегиялар деп «Ұқсастық пен даралық», «ББҮ», «ДЖИГСО», «Екі жақты күнделік», «ВЕНН» диаграммасы, «Кубизм», «Тікелей радиоэфир» т.с.с. стратегияларды білемін. Мұнда оқушы тақырыпты кең ауқымда, жан-жақты меңгереді. 
Жұмыс түрлері: 
а ) жеке жұмыс – ойлау 
б ) жұптық жұмыс – өзара жұптасу 
в)топтық жұмыс – мәтінді талдау 
г) ұжымдық жұмыс – жалпы сыныпта орындалады. 
Мен біраз жыл бұрын «Дебат» технологиясымен де айналыстым. Мұнда да оқушы өз іс-әрекетіне сын көзбен қарап,өзін-өзі бағалауға үйренеді. Оқушының ой танымы артады, ізденеді, ойын жинақтап, дамытады. Шығармашылықпен жұмыс жасай алады. Өз пікірін айта алады, кейіпкерді саралап, салыстырады, жақсы кейіпкерден үлгі алады. Қажетті ақпараттарды тауып, нақты дәлелдермен сөйлеуге дағдыланады 
 Жаңа технологияның оқушыға да, мұғалімге де берері мол

 Нәтижесінде:

  v   оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады;

  v   оқушылардың  сайыстарға белсене қатысуда құштарлықтары дамиды;

  v   оқушылар  олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болады;

  v   әр түрлі оқулардан жүлделі орын алады;

  v   білім сапасы жоғарылайды;

     Қорыта айтқанда, инновациялық білім беру әдістемелері  — тиімді құралдың бірі. Инновациялық білім -  іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған. Ең бастысы, оқушыны келешек өмірге дайындап, білім-біліктерін, іскерлігін өмірде қолдауға жағдай жасайды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала "Сабақта сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді пайдалану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 982 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.12.2020 491
    • DOCX 1.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Малиновкина Ольга Валерьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Малиновкина Ольга Валерьевна
    Малиновкина Ольга Валерьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 85130
    • Всего материалов: 248

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 11 регионов

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек