Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Ләйлә мен Мәжнүн махаббатын әрбір адам бастан кеше алама?» ток-шоу СЦЕНАРИЙІ

«Ләйлә мен Мәжнүн махаббатын әрбір адам бастан кеше алама?» ток-шоу СЦЕНАРИЙІ

Скачать материал

«Ләйлә мен Мәжнүн махаббатын әрбір адам бастан кеше алама?» 

ток-шоу

СЦЕНАРИЙІ

 

Өткізілетін күні: 05 ақпан 2016 жыл

Өткізілу орны: акті залы

Қатысушылары: 8-10 сынып оқушылары, мұғалімдер, шақырылған қонақтар.

 

Мақсаты: махаббаттың жалпыадамзаттық құндылық  ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

- Адамның ең жоғары нәзік, қастерлі  сезімі  ретінде  махаббаттың  тұлғалық  мәнін  ұғындыру;

- ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін  ажырата алу дағдыларын  дамыту;

- сүйіспеншілік  сезім  мәдениетіне  тәрбиелеу.

 

Қатысушылар шеңбер құрып орналасады.

Іс-шара басталар алдында махаббат, сезім жайлы әндер қосылып тұрады.

     

М.Шахановтың «Гүлдәурен» әнін оқушылар  шеңберге  тұрып орындайды.

    

Асау өмір арнасында

Шалқып сәби сезімменен

Он жыл мектеп партасында

Бірге отырдым өзіңменен.

 

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойып жаздым атыңды.

 

Елес беріп келешегің

Қимасыңа баладың ба

Қоштасарда неге сенің

Жас толқыды жанарыңда

 

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойып жаздым атыңды.

 

Іңкәр еткен атар таңға

Қош бол енді бала көктем

Бізді алыс сапарларға

Шақырады самолеттер

 

Сездіруге батпадым да

Бала махаббатымды

Терезенің жақтауына

Ойып жаздым атыңды.

 

Жүргізуші 1: Қайырлы күн, құрметті ток-шоуға қатысушылар!

Жүргізуші 2: Шынар, қалай ойлайсың, неге біздің іс-шарамыз махаббатқа, сүйіспеншілік, алғашқы сезімге арналған?

Жүргізуші 1: Меніңше, бүгін 5 ақпан болып тұрса да, келе жатқан көктемнің лебі сезіле бастады. Ал көктем, болса, әрине, махаббатпен байланыстырылады.

Жүргізуші 2: Дұрыс таптың, Шынар. Мен жуырда Шәкәрімнің шығармаларын қайта тағы бір оқып шығайын деп, қолыма алдым. Сонда қолыма түскені – «Ләйлә-Мәжнүн» дастаны болып шықты.

Сонда Ш. мынадай сөздері мені ойға салдырды:

Біле ме біздің қазақ ғашық жайын,

Ұқсаңыз, білгенімше сипаттайын.

Ғашықтық - махаббаттың ең күштісі,

Жүрекке қатты орнығар басқан сайын.

Әркімде ондай ғашық жаралмайды,

Шын асыл көп халыққа таралмайды.

Мәжнүннің Ләйлә менен сыры қиын,

Еш адам байыбына бара алмайды.

Талай жан оның жайын ұға алмаған,

Ойсыздың жүрегіне жұға алмаған.

Жүргізуші 1:

Дастанның қысқаша мазмұны

Дастанның негізгі кейіпкері Ләйлә мен Мәжнүн. Олар ата-анадан жалғыз, кішкене кезінен бірге тәрбиеленген. Екі жастың өсе келе өртке айналған махаббат сезімдеріне қыздың әкесі қарсы болады. Оқиғаның шиеленісуі де осы тұстан басталады. Сүйіктісіне  қолы   жетпеген  Қайыс елден безіп, аңдарға  қосылып  кетеді, сөйтіп  Мәжнүн  аталады. Ләйліні   әкесі   өзге  біреуге бермек болады, бірақ, онысы іске аспай қалады. Ақыр соңында ғашықтар бір қабірде табысады. Дастанның  басқа  да  кейіпкерлерінің   барлығы  дерлік  екі  жастың махаббаттына  тілеулес. Осындай  қоғамда  дүниеден  өткен  Ләйлі  мен  Мәжнүн  хикаясы кіршіксіз  сезімнің,  адалдық  пен  махаббаттың  белгісіндей  көрінеді.

 

Жүргізуші 2: Осы хикаяға ұқсас тағы қандай оқиғаларды білесіңдер?

Ромео-Джульетта

Қозы-Көрпеш – Баян сұлу

 

Жүргізуші 1: Ләйлә-Мәжнүн махаббатына ұқсас басқа ғашықтардың мысалдары бар болса Ләйлә мен Мәжнүн махаббатын әрбір адам бастан кеше алама? 

Жүргізуші 2:

Енді екінші мәселені талқылауды бастайық:

Нәзік сезім дегенді қалай түсінесіз?

 

 

Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесіз?

Сезім әркез екі жақты бола ма?

Жалпы қыз баланың бірінші болып өз сезімін білдіруін құптайсыз ба? Сіздің айналаңызда осындай жағдайлар орын алды ма?

Ғашық болу дегенді қалай түсінесіздер?

 

Жүргізуші 1:

 

Ғашықтық, құмарлық пен ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.

 Абай.

 

Сүйіспеншілік мәдениетіне қалай  үйренуге болады?

Шын мәнінде сүйе білу дағдысының  ұғымы кең. Сүйе білуді ұят қылық деп қарамай, адам өмірінің стимулы ретінде қабылдауға үйренуміз керек.

Себебі  сүю...?

(Себебі сүю біреуге күш беріп, қуаныш сыйлайды, өмірінің мәніне айналады, ал екінші біреудің сенімін жоғалтып, қайғы-мұң әкеледі. Барлық сүйкімді, шарапатты ұлы істерге, ерлікке адамды сүйіспеншілік сезімдері жігерлендіріп, дем беріп  отырады. Адам біреуді сүйгендіктен, яки біреудің өзін сүйетінін білгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады. Жайшылықта қолдан келмейтін істер тындырады. Махаббат болмаса, адам қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмес еді.)

Қалай ойлайсыңдар, адам бір көргеннен ғашық болуы мүмкін бе?

 Үнділердің ертедегі өсиет  кітаптарының бірінде «Адамды  бір-біріне  құштар ететін үш нәрсе   бар олар:  жан сұлулығы,  ақыл-парасаты, сымбат көркі:

Жан сұлулығы  оған  деген  достықты;

Ақыл-парасат  оған деген  құрметті;

Сыр-сымбаты  сүйіспеншілікті  пайда қылады. Осы үш  нәрсе  қосылып, адамды ынтық ететін   махаббатты  пайда  қылады» деп жазылған.

 

Ал адам өмір бойы бір адамға ғашық болып өтуі мүмкін бе?

     Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын жасы  Олай болса М. Шахановтың Естайдың  72-ге келіп, тіршілікпен қоштасар сәтінде аласыұрып, жан досы Нұрлыбекті іздепті. Екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан,  арбаға жамбастай жатып, досына жеткен екен. Сонда Естай ақын әбден жұқарып, тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп:

«Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт. Мына жүзікті жарты ғасыр саусағымнан тастамай келгенімді білесің, енді қалған уақытта да қолымда жарқырап жатсын деген. Ұлы сезімін кішкене жүзікке сыйдырған қайран Қорланым-ай!» – деп ағыл-тегіл жылапты. М.Шаханов осы оқиғаны Евгений Евтушенконың үйінде шетелдік қонақтармен бас қосуда әңгімелеп бергенде, итальян мүміншісі: Мұнда сүйгеніне қосыла алмаған ғашықтардың сағынышы мен зары ғана емес, бүкіл бір ұлттың махаббатқа деген мінезі мен ерлігі жатыр екен- деп баға берген.

Олай болса, М. Шахановтың осы оқиғасын тамашалайық. «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінің жалғасын тыңдайық.

Автор:

Күдіс пейіл кедергіден қайтқанымен меселі,

Ғашық  жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді.

Жыға алмайды оны жұрттың өсегі,

Бұған дәлел – құдіретті «Қорлан» әні кешегі.

Қасіретті сәт соққанда әбден меңдеп кеселі,

Қайран Естай қимас досын шақырып,

Былай депті деседі:

Естай:

«Ей, Нұрлыбек, еренім!

Жетпіс екі жасымда

Тұзағына іліндірді мені өлім.

Тулағанмен, амал нешік, көнемін.

Тіршілікте аз созбап ең қол ұшын,

Өлген соң да қажет боп тұр көмегің.

Дәл өзіңдей қайдан ұқсын қайғымды ел,

Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл.

Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,

Ал қалғаны -  жай күндер.

Көлмен көлдей, тау мен таудай теңдесе,

Белдесуге талап қылдым мен неше.

Елу бір жыл ғашық болдым Қорланға,

Елу бір жыл өмір сүрдім ендеше.

Қорланды ойлап қиял қостым таңдарға,

Қорланды ойлап шықтым қанша заңғарға.

Сірә мендей ғашықтықтан бақ тауып,

Сірә мендей мұңға батқан жан бар ма?

Дүниенің өзге бақыт, шаттығын

Менсінбеген менің мұңым – тәтті мұң.

Тәтті емей не? Он сегізге ой салып,

Жиырма бесті таңдандырса қарттығым?!

Әттең тағдыр қоса алмадым, сорым ба?

Заман – жылан, жатып алды-ау жолымда.

Бірақ менің бақытым да, барым да –

Қорлан берген алтын жүзік жарқырап,

Елу бір жыл сәуле шашты қолымда.

Өр толқынға қарсы жүзген өр кеме

Мен болыппын. Оһо, қандай мәртебе!

Бұл жүзікке елу бір жыл әйелім

Қызғанышпен қарап келді өртене.

Десе дағы ел  дәстүрі ерге сын,

Қарттарға ескерт, қарсыласа көрмесін.

Қорланымның көзі болған жүзікті,

Өтінемін, өзіммен бірге жерлесін!

Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде

Ғашық болып өлу  - қандай мәртебе!

Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік

Жарық беріп жатсын маған көрде де!»

Автор:

Шаршатпаған арман, шіркін, арман ба?

Әне, солай қайсар ақын көз жұмды.

Бұл туралы айтқан кезде Қорланға:

Қорлан:

«Егер олай етпесе,

Естай Естай бола ма?!

Естай Естай бола ма?!

Онсыз дағы жаны сұлу балаңа

Сұлу өмір сыйлапсың –ау, Жер-Ана?»

Автор:

Деп жылапты кемпір байғұс еңкілдеп,

Ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп,

Нағыз ғашық қарттығыңа көнер ме?!

Қорлан өзі кейінірек қылтамақтан өлерде,

Әжімді жүзі қуарып, түнеріп,

Күйеуін сыртқа шығарып жіберіп,

Ақпалап, қозып, делебесі де,

Бойжетіп қалған немересіне

Естайдың әнін салдырып,

Жанарын шоқтай жандырып,

Қорлан:

«Бақыттымын, бақыттымын»

Автор:

Депті де, көз жұмыпты мәңгілік.

 

Автор:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы.

Адам азса, ғашықтықтың жоқтығынан азады.

Ғашық жыры – тіршіліктің көкейтесті өлеңі.

Ешбір геометриямен өлшенбейтін көлемі.

Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері.

Ғашық болу келсе кімнің қолынан,

Әлем соған сенді.

Құлай сүю  - ерлікпен тең себебі!

 

Жүргізуші 1: Құрметті бүгінгі іс-шараға қатысушылар назарыңызды В. Шекспирдің сөздеріне аударайын деп едім.

 

Эксперттердің сөздері:

 

Жүргізуші 1:

Құрметті оқушылар! Бүгінгі пікірталас сабағымыздан ой түйгендейміз. «Жүректің өз заңдары бар, бірақ олар толық жүйелі кодекс құрастыратындай заңдар емес» - деп, Г.Белинский айтпақшы, махаббат жөнінде кесіп-пішіп айту мүмкін емес, нақты ереже де жоқ.  Әрбір адам өз тағдырымен ғана сезінетін осынау қилы жолда сендерге әрқашан сәттілік тілеймін.

 

 

Жүргізуші 2:

Жігіттер, ендігі сөз - менің сөзім,

Мәжнүннен аз-ақ кейін көрген күнім.

Мен ондай қызға ғашық болмасам да,

Ғарыппын дерті қалың, шын осыным.

Іздеген ғашық болып бес нәрсем бар,

Берейін атын атап, ұқсаңыздар:

Махаббат, ғаделет пен таза жүрек,

Бостандық, терең ғылым,- міне, осылар.

 

Қош сау болыңыз! Қатысқандарыңыз Үшін көп-көп рахмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ләйлә мен Мәжнүн махаббатын әрбір адам бастан кеше алама?» ток-шоу СЦЕНАРИЙІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Ләйлә мен Мәжнүн махаббатын әрбір адам бастан кеше алама?»ток-шоуСЦЕНАРИЙІӨткізілетін күні: 05 ақпан 2016 жылӨткізілу орны: акті залыҚатысушылары: 8-10 сынып оқушылары, мұғалімдер, шақырылған қонақтар.Мақсаты:махаббаттың жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу.Міндеттері:- Адамның ең жоғары нәзік, қастерлі сезімі ретінде махаббаттың тұлғалық мәнін ұғындыру;- ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту;- сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу.Қатысушылар шеңбер құрып орналасады.Іс-шара басталар алдында махаббат, сезім жайлы әндер қосылып тұрады.М.Шахановтың «Гүлдәурен» әнін оқушылар шеңберге тұрып орындайды.Асау өмір арнасындаШалқып сәби сезіммененОн жыл мектеп партасындаБірге отырдым өзіңменен.Сездіруге батпадым даБала махаббатымдыТерезенің жақтауынаОйып жаздым атыңды.Елес беріп келешегіңҚимасыңа баладың баҚоштасарда неге сеніңЖас толқыды жанарыңдаСездіруге батпадым даБала махаббатымдыТерезенің жақтауынаОйып жаздым атыңды.Іңкәр еткен атар таңғаҚош бол енді бала көктемБізді алыс сапарларғаШақырады самолеттерСездіруге батпадым даБала махаббатымдыТерезенің жақтауынаОйып жаздым атыңды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 688 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Методическая разработка по проведению викторины "Мое призвание медицина"
  • Учебник: «Сестринское дело в хирургии. Среднее профессиональное образование», Н.В. Барыкина, В.Г. Зарянская. под общ. ред. Б.В. Кабарухина
  • Тема: История хирургии
  • 02.01.2021
  • 2714
  • 9
«Сестринское дело в хирургии. Среднее профессиональное образование», Н.В. Барыкина, В.Г. Зарянская. под общ. ред. Б.В. Кабарухина

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.06.2020 477
    • DOCX 27.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Толпекина Мария Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Толпекина Мария Сергеевна
    Толпекина Мария Сергеевна
    • На сайте: 3 года и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74048
    • Всего материалов: 219

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 20 регионов

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе