Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР МЕН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ

ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР МЕН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ

Скачать материал

ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР МЕН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ

         Оқушының логикасын дамыту – ол оқу үрдісінде үздіксіз ұдайы жүргізілетін жұмыстардың бірі. Қай кезде болмасын, не жайлы мәселе көтерсек те, ең алдымен, оның анықтамасына жүгінгеніміз жөн. Сондықтан, осы арада «логикалық есеп дегеніміз не?» деген орынды сауал туындайды. Математика ғылымында оған төмендегідей анықтама беріліп жүр: «Арнайы формуласы болмайтын, әрқайсысы өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер деп атаймыз».  Мысал ретінде төмендегі естептерді келтіруге болады:

1. Үш бала өзеннің сол жағында тұр, олар оң жағалауға шығу керек. Қайыққа екі бала ғана сияды. Балалар оң жағаға қалай шығады?
2.  Серік, Марат және Дамир бір-біріне фотоларын сыйлады. Оларға неше фото қажет болды?
 

 

 

 

 

 

 


Логиканы дамытуға арналған тапсырмалар міндетті түрде оқушының жас ерекшелігіне сай болуы керек, сонда ғана біз өзіміздің көздеген мақсатымызға қол жеткіземіз. Математика сабағында логикалық есептерді шешкізу оқушы бойындағы төмендегідей дағдылардың дамуына мұрындық болады:

·       Теориялық білімдерін бекітіп, оны іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді;

·       Оқушының өздігінен ізденуіне, өз бетімен жұмыс жасауына ықпал етеді;

·       Интеллектуалдық деңгейін көтереді;

·       Шығармашылық қабілеті дамиды;

Бастауыш сыныпта оқушыларға білім бере отырып, олардың ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, сабақ оқуға деген ынтасын арттыру негізгі мақсат болып табылады.  Бастауыш сынып оқушылары төмендегідей логикалық білім мен дағдыларды игеруі қажет деп есептеледі: 

·        Түрлі ұғым-түсініктерге анықтама бере алу;

·        Керісінше, анықтаманың көмегіне сүйене отырып, ұғымдарды тани алу;

·        логикалық тұрғыдан байланысты сөздердің мәнін ажырата білу;

·        пайымдаулар кезінде жіберілетін қателіктерді таба білу;

·        сипаттау;

·        пікір айта білу т.б. 

Қазақстан Республикасының бастауыш білімге байланысты мемлекеттік стандартына сәйкес, берілетін математикалық білімнің мазмұны әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Атап айтар болсақ, ол деңгейлер міндетті және мүмкін деңгейлер деп аталады. Зерттеулерде бұл деңгейлерге төмендегідей анықтама берілген: «Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталған, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын оқытып-үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ, балалардың дамуына әсерін тигізеді және негізгі материалды терең меңгеріп алуға көмектеседі». 

Баланың логикалық ойлауын жетілдіру арқылы миды жаттықтыра аламыз. Оның логикалық тұрғыда жақсы ойлауының өмірде көп пайдасы тиеді. Сандарды тез жаттау тек математика пәнінде ғана емес, тарих, әдебиет пәндерінде өз көмегін тигізеді. Тарих бетіндегі оқиғаларды шамамен логикалық тұрғыда айтуға дағдыланады. Тарих тізбегіндегі сан алуан шайқастардарды, тарихи тұлғалардың өмір сүрген кезеңдерін т.б. нақты білмеген күннің өзінде оқиғалардың шамамен логикалық  тізбегін жасай алады. Бұның барлығын оқушылардың логикалық, математикалық есептерді шеше білуі арқылы да дағдыландыруға болады. Логикалық ойлаудың ұшқыр болуы – барлық адамға қажет қасиет. Математика пәнінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатымен сабақ ортасында немесе соңында логикалық есептерді орнымен ұсынамыз. Әдетте, логикалық тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қағидаты бойынша біртіндеп қиындай береді. Бұндай тапсырмалар оқушының белсенділігін арттырады. Мысал ретінде өз тәжірибемізде қолданылып жүрген төмендегі логикалық тапсырмаларды ұсынамыз:

 

Логикалық тапсырмалар

1. Зообақтағы пони 3 ересек адамды немесе 6 баланы тарта алады. Пони әкесі мен анасы және ұлы мен қызы бар отбасыны тарта ала ма?

2. Бақа-ана мен бақа-қыз кезектесіп шыбын аулап отыр: анасы бір шыбын, қызы бір шыбын, анасы бір шыбын, қызы бір шыбын т.с.с. Анасы мен қызының қайсысы көп шыбын аулайды?

3. Үстел үстінде үш түсті шарлар жатыр. Егер қызыл мен көк шарларды санасақ – 3 шар болады, егер қызыл мен жасыл шарларды санасақ – 4 шар болады, егер көк және жасыл шарларды санасақ – 5 шар болады. Үстел үстінде әр түсті шардан қанша жатыр?

4. Жарты қаздың салмағы 3 кг, ал тұтас қаздың салмағы қанша?

5. Қағаз бетіндегі шаршылар мен дөңгелектердің саны 4-ке тең. Егер біріншісі екіншісінен 2-уі артық болса, онда қағаз бетінде неше шаршы, неше дөңгелек бар?

6. Футбол ойнағанда бөтен қақпаға Пернебек 7 гол соқты. Ойын 10:6 есебімен аяқталса, онда Пернебек ойнаған команда жеңді ме, жеңілді ме?

 

Сонымен логикалық есептер оқушының ойлау қабілетін дамыта түседі дедік. Кез келген  оқушының математикалық сауаттылығын арттыру үшін төмендегідей мақсат-міндеттер жүзеге асуы қажет:

-         Ақыл-ойды дамыту.

-         Математикалық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру.

-         Қойылған сауалға немесе есепті шығаруға жылдам, сенімді және дұрыс жауап беруге дағдыландыру.

         Математика пәнінің маманы ретінде, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін олардың берілген есептерді шығару ерекшеліктерінен тез байқай аламыз. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, әсіресе, бастауыш сыныпта қадағалануы керек. Баланың жасы неғұрлым кіші болса, соғұрлым ойын элементтерін көбірек енгізуге тура келеді.  Сондай-ақ сабақ барысында оқушыға ұсынылатын бұндай ойындардың тәрбиелік, тағылымдық маңызына көңіл қоюымыз қажет. Әйтеуір логикалық есептерді шешкізсек немесе түрлі ойындарды ойнатсақ болды дейтін емес, олардың әрқайсысының оқушының қабілеті мен ой-өрісін дамытуға ықпалы тиюі қажет.  Мәселен, бастауыш сынып оқушысының логикалық ойын дамытуға түрлі есептер, жұмбақтар, ребустар шешкіземіз. Өздерін қызықтыратын тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар терең ойлануға ұмтылып, сұрақтарға нақты жауап қайтаруға тырысады. Логикалық есептерді, әсіресе, заманауи тақырыптарға сай етіп, күнделікті өмірмен байланыстырып беру де оқушылардың логикалық ойлауын  ұштай түсіп, ұтымды шығады. Төменде ұсынылған есептер осы ойымыздың дәлелі:

 

·     i?id=c6270197c05e914b4c4a735aad403520&n=33&h=190&w=285Робот сынып қалды, енді ол тек алдыға ғана жүреді және бір қадам алға басса, екі қадам артқа жүреді. Алға және артқа жүрген қадамдарының өлшемі бірдей. 10 қадам жасаса ол бастапқы жерінен қай бағытта неше қадамға жылжиды?

·     Шынжырлы алтыбақанда балалар шеңбер жасап және бір-бірінің артындағы 6 орындықта отырып айналады. Болат Тамашаның алдында отыр және арасында бір орын бар немесе Тамаша Болаттың алдында отыр деп те айтуға болады. Бұл жағдайда олардың арасында неше орын бар?

·     Кряктің 5 ағасы және 4 апасы басқа туысқандары жоқ. Осы құс ауласында бір-біріне туыс болып келетін неше үйрек бар?

·     Мейрам күні қонақтар билеуге шықты. Жұпсасып тұрғанда бір қонақ артық болып шықты, үшеуден билеуге тұрса да, біреуі артық болып шықты. Қонаққа келген қонақтар саны 10-нан кем екені белгілі болса, неше қонақ келген?

Бұл логикалық есептер негізінен оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға арналған. Кейбір әдістемелік әдебиеттерде бұндай есептер зеректік есептер, тапқырлық есептер деп арнайы атауларға да ие болып жүр. Математикада қиын шығарылатын есептер мен осындай тапқырлықты қажет ететін есептер алмасып келгені дұрыс. Өзінің жас шамасына қарай берілген тапқырлық есептері оқушыларды жігерлендіре түседі. 

Орыс ғалымы К.А.Покровский «ойын – баланың күнделікті еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»,-деген. Ойын арқылы баланың математикаға бейімділігін бақылап білуге болады және логикалық ойлау жүйесінің қаншалықты жетілгендігін көруге болады. Баланың ойын арқылы өзін қоршаған дүние жайлы танымы тереңдей түседі. Педагогикадағы қолданылатын ойындарды дидактикалық ойындар деп атаймыз. Дидактикалық ойындар баланың  сабаққа ынта қоюына, тақырыпты мейлінше тез қабылдауына, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның шартына, қолданылатын заттарға байланысты дидактикалық ойынды үш түрге бөлеміз:

1) Заттық дидактикалық ойындар. Өзінің атауынан көрініп тұрғандай, түрлі ойыншықтармен,  әр түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2) Үстел үсті ойындары: лото, домино, қарлы кесек т.б.

3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар.

          Сабақ барысында ойын технологиясын қолдануда екі жақты дидактиканы қолданамыз: «ойнаймыз да оқимыз», «оқимыз да ойнаймыз». Яғни ойнау үшін оқудың қажеттілігі және ойнай отырып, одан білім алу, дағдыларын қалыптастыру.

          Математика пәнінде сабақ барысында дидактикалық ойындарды қолдану балаларды жан-жақты дамытуда өз пайдасын тигізіп келеді. Төменде ұсынылған дидактикалық ойындар оқушыларды тапқырлыққа, ептілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейді және дүниетанымдарын кеңейтеді.

 

№ 1  дидактикалық ойын. «Біреу және көп» :

Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.

Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді.


№2 дидактикалық ойын.  «Шаршы құрастыр»:

Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.

1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.

2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).

3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.


№3 дидактикалық ойын. «Зат неге ұқсайды?»:

Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
1-нұсқа.
Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.

2-нұсқа.
Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.


№4 дидактикалық ойын. «Айырмашылығын тап»:

Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.

Мазмұны.
Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды. Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.

 

        Баланы ойната отырып оқытудың маңызды зор екен деп, жүйеліліктен, мазмұннан жосықсыз айырылып қалуға жол бермейміз. Демек сабақта қолданылған ойын элементтерінің кез келгені сабақтың мазмұнына сәйкес келуі керек және ойын арқылы сабақ мақсатына қол жеткізе алуды көздегеніміз жөн. Сонымен орнын тауып жүйелі қолданылған дидактикалық ойындар арқылы оқушы сабаққа қызыға түседі, материалды тез игереді, сыныптағы оқушылар бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі, теорияны іс жүзінде қолдана білуге жаттығады т.б.

Сонымен дидактикалық ойындар оқушылар үшін қызықты іс-әрекет қана емес, педагогикада оларды тәрбиелеу мен дамытудың өте қажетті құралы деп танимыз.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

1. Бастауыш білім бердің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты.
2. Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: орындау технологиясы. – Алматы, 2005, - 72 б.

3.  Кушкинбаева Б. Математика бізбен бірге. Жинақ. Казталов, 2015ж.

4.«Қызықты математика»   Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева, В.В.Буровова «Алматыкітап»  2012ж.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР МЕН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқушының логикасын дамыту – ол оқу үрдісінде үздіксіз ұдайы жүргізілетін жұмыстардың бірі. Қай кезде болмасын, не жайлы мәселе көтерсек те, ең алдымен, оның анықтамасына жүгінгеніміз жөн. Сондықтан, осы арада «логикалық есеп дегеніміз не?» деген орынды сауал туындайды. Математика ғылымында оған төмендегідей анықтама беріліп жүр: «Арнайы формуласы болмайтын, әрқайсысы өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер деп атаймыз».

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 676 910 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.09.2020 2175
    • DOCX 45.2 кбайт
    • 28 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маликова Елена Михайловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маликова Елена Михайловна
    Маликова Елена Михайловна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 78714
    • Всего материалов: 208

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 485 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 97 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 223 человека

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Как привить любовь к чтению и книгам современным детям

Перейти к трансляции