Инфоурок Другое Другие методич. материалыЛингвистикалық бағыттағы ЖББ № 16 орта мектебінің сертификатталған мұғалімдерінің қыркүйек айы бойынша жүргізген жұмыстарының есебі 2014-2015 оқу жылы

Лингвистикалық бағыттағы ЖББ № 16 орта мектебінің сертификатталған мұғалімдерінің қыркүйек айы бойынша жүргізген жұмыстарының есебі 2014-2015 оқу жылы

Скачать материал

Лингвистикалық бағыттағы ЖББ № 16 орта мектебінің сертификатталған мұғалімдерінің қыркүйек айы бойынша жүргізген жұмыстарының есебі

2014-2015 оқу жылы

                                                                

       Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады.

      Бүгінгі күні педагогтер мен білім беру процесіне қатысушылардың желілік белсенділігі оқу жүйесін ақпараттандыру процесімен байланысты өзекті тақырыптардың бірі. Педагогтердің желілік қоғамдастығы – бұл желідегі кәсіби әрекетті ұйымдастырудың жаңа формасы, бұл желідегі бір пән саласы немесе ортақ мәселемен айналысатын кәсіби қызмет аясында жұмыс жасайтын мамандар тобы.

Желілік қоғамдастық мұғалімге не береді?

        Педагогикалық интернет-қоғамдастықтар жұмысына қатыса отырып, мұғалімдер мынадай мүмкіндікке ие болды: қазіргі адамға қажетті білім, іскерлік және сапаларға үйреніп, меңгереді; қызықтырған тақырыбы бойынша ең өзекті ақпаратты ала алады; сарапшы, тренерлерден кәсіби кеңес пен көмек алады; өңдеулердің әдістемелік қоржынына қол жеткізе алады; өз материалдарын жариялайды; кәсіби конкурстарға қатыса алады.

Оқыту мен оқу үдеріcтерін жетілдіруге бaғыттaлғaн іc-әрекеттер жоcпaрын іcке acыру мaқcaтындa мектепте  «Арай» желілік қоғaмдacтығы құрылды. Қоғамдастық тек интернет желіcі aрқылы ғaнa емеc, ынтымaқтacтық жобaлaр aрқылы, яғни жеке кездеcу, өзара коучинг, cеминaрлaр өткізу aрқылы жұмыc іcтейді.

Желілік қауымдастықтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру арқылы нәтижелі кәсіби деңгейлікті көтеру мен сапалы білім жүйесін дамытуда жаңа әдіс – тәсілдер және оқыту үшін бағалауды  іс- тәжірибелерге енгізу.

 

Қоғамдастық міндеттері:

Желілі қоғамдастықтар  мүшелерімен сенімді қарым-қатынас құру.

Кәсіби-әдістемелік біліктіліктілікті жетілдіру.

Жеке кездеcу, өзара коучинг, cеминaрлaр, ашық сабақтар  өткізу арқылы жаңа әдіс тәсілдерді дамыту

Қатысушылар санын кеңейту.

Мектептегі қамтылмаған мұғалімдерді желілік қоғамдастыққа тарту.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Бірлескен зерттеу топтары қалыптасады.

Кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады.

Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады.

Оқыту мен оқудың сапсын арттыру мақсатында  қолданылатын жаңа тәсілдерді дамытады.

Lessen stady, коучинг- семинар, кәсіби байқаулар, тренингтер өткізіледі.

Ата - аналар мен мектеп арасындағы байланыс нығаяды.

АКТ-ның мүмкіндіктерін бірлесіп игереді.

 

Қоғамдастық құрамы:   әр түрлі санаттағы 20 мұғалім, оның ішінде 6 мұғалім сертификатталған.

Ұйымдастырушы топ : Мектеп әкімшілігі, 1- деңгей мұғалімдері, тәлім алушы. Бұл топтың міндеті қоғамдастық жоспарында көрсетілген шаралардың орындалуын басқарып, бақылайды.

Дамытушы топ:  2- деңгейді меңгерген мұғалімдер және басқада пән мұғалімдері, жас мамандар, оқушылар. Бұл топтың міндеті желілік қоғамдастық жоспарына сәйкес   коучингтер және тәлімгерлік жұмыстарды ұйымдастыру

Үйлестіруші топ: 3- деңгейді меңгерген мұғалімдер және басқада пән мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері, психолог, әлеуметтік педагог, ата- аналар комитеті.  Бұл топтың міндеті мұғалімдердің 7 модульді сабақтарына қолданып, жұмыс жасауына ықпал етеді.

Жұмыс істеу қағидаттары: сенімділік, жауапкершілік, өзара қолдау



 

 

 Үшінші деңгей бойынша сертификатталған математика пәнінің мұғалімі Оспанова Бақыттың алдына қойған  мақсаты тек қана нәтижеге жетіп қоймай, әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау, ынталандыру. Қыркүйектің 12-і күні Бақыт мұғалім «Оқуды тиімді бағалау» атты  шеберлік сынып өткізді. Шеберлік сыныпқа жас мамандар мен жаратылыстану бірлестігінің мұғалімдері қатысты. Мұғалімдер  жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолдарын қарастырды.  Ұстаздар қолданатын кез – келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай – ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін – өзі бағалау,

 

қабілеттік және күш  – жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтармен танысты. Оқушылар алдына қойған мақсатына жету үшін сол мақсатқа жету өлшемдерін түсіну қажет болғандықтан, мұғалімдер  өзін – өзі бағалау әдістерін қарастырды. Оқушылар «Мен осы койылатын талаптарға сай жұмыс жасадым ба?,  Берілген тапсырманы қандай дәрежеде орындадым? » деген сұрақтарды өздеріне қойып, жақсы жетістікке жетуге, алға қарай ілгерілеулеріне  қандай қадамдар жасауға мүмкіндік беру керектігіне тоқталды. Мысалы, математика сабағында кездесетін оқытудың қиындықтарын  анықтау үшін тест тапсырмалары көрсетілді. Білімнің стандартқа сәйкестігін бақылау үшін қолданылатын ұлттық тестілер туралы пікірлер білдірілді. Оқушының дағдылары мен білімін бағалау арқылы мұғалімдер оқушының келешегі мен дамуын болжайды деген Бақыт мұғалімнің ойымен әріптестері келісті.

 Жұмажанова Құралай Маратқызы 2014 жылдың 02 ақпан мен 02 мамыр аралығында Алматы қаласынан ІІ деңгей бойынша сертификат иеленіп, өз ұжымымда қыркүйек айынан іс-тәжірибесін бастап кетті. Биылғы жылға жаңа бастамамен іс-жоспарлар жасап, сабақ уақытына және сыныптан тыс уақыттарға өткізілетін шараларды, мектеп мұғалімдеріне коучинг өткізуді жоспарлады. Сонымен бірге тәлім алушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смаханова Мария Жақанқызының ұсынысымен арнайы тәлімгерлік жоспарын құрды. Мұғаліммен алғашқы отырыстар ұйымдастырды. Оқушылармен жұмыс жасауға арналған көптеген әдіс-тәсілдермен таныстырып, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлардың үлгісін ұсынды. Құралай  Маратқызы 2014-15 оқу жылына  дәстүрлі 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесін өткізуді жоспарлаған. Жалпы мектеп ұжымын мерейлі мерекені өткізу үшін құрылған жоспарпен таныстырып, әр түрлі іс шаралар өткізуге шақырды. 15.09 – 22.09. аралығында

 

       

«Тіл адам жанының тілмашы» атты апталық басталып кетті. Апталықтың ашылуында мектеп оқушыларынан ұйымдастырылған салтанатты жиын  өткізілді. Қазақ  тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М.Ж.Смахановамен кеңесе отырып,  мектеп тынысы тақтасына қабырға газеттері шығарылды. Осы күні бейнелеу пәнінің мұғалімдері Г.С.Алибаева мен А.С.Канафиналарға арнайы тапсырма ұсынып, «Туған елім, тұғырым » атты орта буын оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Жоғары деңгейде сурет салған оқущыларды мақтау қағазымен марапаттады.

Шетел  тілі пәнінің мұғалімдерімен  «Үштілділік – өмір талабы» атты ғылыми конференция өткізілді. Жас талаптар тілге деген көзқарастары мен ой-пікірлерімен бөлісті.

Бастауыш сынып мұғалімі А.А.Омарова «Ғажайып бақ» атты ашық сабағын әдебиеттік оқу пәнінен ұсынып,  жаңа технологиялық тәжірибесімен бөлісті. Сабаққа қатысқан бастауыш сынып мұғалімдері мен желілі қоғамдастық мүшелері сабақтан кейін өз ойларымен бөлісті.  Сабақта белсенділік  көрсеткен, өз ойларын ашық айтып, шығар- машылықтарын арттырған оқушылардың нәтижелері талқыланып, үнсіз оқушылардың  белсенділіктерін арттыруға арналған жаңа әдіс-тәсілдерді қодануға ұсыныстар айтылды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.С.Халабаева мен А.Ж.Калыкова  «Қазақ прозасының классигі» атты жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 125 жыл толуына орай әдеби кеш өткізіп, сыршыл жазушының шығармашылығы мен өмір жолы туралы тың деректер бере «Қазақ прозасының классигі» атты жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 125 жыл толуына орай әдеби кеш өткізіп, сыршыл жазушының шығармашылығы мен өмір жолы туралы тың деректер бере білді. Кеште ақынның «Әнші» әңгімесінен көрініс қойылып, жас буынға тағлымы мол жақтары ұсынылды.

Бастауыш сынып мұғалімдері С.Т.Нығыманова мен А.Н.Жахметбекова  «Туған тілім – құт-берекем, қазығым» атты 3-4-сыныптар арасында мәнерлеп оқу және көркем сөз оқу  сайысын  өткізгені мектеп ұжымының бірлесе жұмыс жасауларының көрінісі деп айтуға болады.

 Келесі күндері орыс тілі пәнінің мұғалімдері Р.О.Қалибекова, М.М.Жұмабекова, С.Р.Мұстафаның бастамасымен  «Язык – это самое великое творение человека» атты 5-6 сыныптар арасында әдеби оқу кеші болды. Сонымен бірге аталған күні «Туған тілім  - тірлігімнің айғағы» білімділер сайысы бастауыш сынып мұғалімі А.Ж.Қапасованың басшылығымен  қызықты да тартымды  өтті.

Халқымыздың қанатты сөздерінің  мәнін, мағынасын түсініп, оны ауызекі тілінде қолдануға  тәрбиелеу мақсатында  мектеп кітапханашысы Ә.М.Шәймерденмен бірлесіп, «Тіл- елдіктің тірегі» атты Сөзмерген  зияткерлік сайысы өткізілді. Ойын барысында қатысқан оқушылардың  «Сөз мергені» анықталып, марапатқа ие болды.

  

Қазақ тілі пән мұғалімдері М.Ж.Смаханова, А.Б.Скаковамен ұжымдасып, қазақтың «Үш бәйтерегі» атанған Сәкен, Ілияс, Бейімбет шығармаларына арналған  «Өлең –менің тербетер, жыр мен әнім» мәнерлеп оқу сайысы ұсындылды. Осы сайыста оқушылар ақындардың өлеңдерін жүрекке жеткізе, мәнеріне келтіре оқып, жан-жақты шығармашылықтарын

көрсетті деп айтуға болады.

     

Іс-шаралар «Тіл мерекесі - ұлт мерекесі» фестиваліне ұласты. Фестивальді музыка пәнінің мұғалімдері Г.Ж.Смайлова  мен З.Т.Қуанышбаевамен біріге отырып барлық оқушылар  әр тілде ән, би, көркемсөз орындап, мереке көңілді өткізілді.  Бір шаңырақ астында татулық пен ынтымағы жарасқан қазақ елінің ерекше бейнесін бейнелейтін  фестиваль безендіруі көрермен көңілінен шықты. Өзге тілді біле жүріп, өз ана тіліміздің қадірін білуге шақырған, тәрбиелік және білімділік маңызы бар  шаралар ұйымдастыру Құралай Маратқызы үшін өте жақсы әсер қалдырды.

Мұғалімдердің басты мақсаты - үздіксіз, сапалы білім беру болса, оган жету үшін бірлесе жұмыс жасау керек екенімізді тағы да айқындап берді. Сол бірлесіп жұмыс жасаудың үлгісін осындай шаралардан да  көретінімізді апталықтың соңғы күнінде Құралай Маратқызы атап кетті. Себебі, «білімінің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте Екінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді күнделікті қолданысқа енгізу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды атап өтті. Аталған шара бойынша қалалық «Балқаш өңірі» газетімен әлеуметтік серіктестікте болып, өткізілген шара туралы мақала ұсынылды. Жұмыс барысы Құралаай Маратқызы үшін сәтті өтті. Ұжыммен біріге, бірлесе жұмыс жасау жауапты жұмыс екенін сезінді.

      Жаңа әдіс-тәсілдерді таныстыру  мақсатында жеті модуль идеясына   қызығушылық танытқан  әріптестеріне неміс және орыс тілдерінің мұғалімі  Калибекова Р.О.  қыркүйектің 18 күні өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульіне тоқталып, «Бағалаудың шынайылығы» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Оқыту нәтижелері шартты түрде бағаланатындықтан, бірнеше бағалау әдістерін ұсынды. Суммативті мен формативті бағалау әрбір сабақтың негізгі сатысы болуы шарт екендігіне тоқталып, бір сабақ үстінде бірнеше оқушыны бағалау мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені айтылды. Бағалау арқылы оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететін бес қарапайым факторлар талқыланды.

       Тілдің құндылығын, қасиетін, жан-жақтылығын, маңыздылығын баланың  санасына қалыптастырып  беру, тілді қадірлеп, құрметтеу парыз екендігін жүрегіне құю, алдындағы шәкіртін білімге, өнегеге, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп отыру ұстазға  жүктелген міндет.   Тіл мәртебесінің биік болуы үшін әдеби кештер, көрмелер, сахналық көріністер сияқты  іс-шаралар

       

ұйымдастырылуы керек. Осы орайда,   қыркүйектің 22 күні Раушан Оралбаеваның ұйымдастыруымен 8 сыныптар аралығында «Язык – это самое великое творение человека» атты іс-шара өткізілді. Әр сыныптан 6 оқушыдан тұратын төрт топ құрылып, қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдеріне тоқталып, сол тілде сөйлетін халықтардың салт-дәстүрлеріне таныстырылымдар көрсетті. Әр топ қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдерінде  өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.

   

      Ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын тапсырмалар әр топқа берілді.  Бұл тапсырмалар балалардың сыни тұрғыдан ойлау, қиялдау қабілеттерін шыңдады.     Оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар өткізілді.  Логикалық ойындар қатысушыларды тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып,  өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге итермеледі.

 

.       

     

Қыркүйек айының 27 күні қалалық гимназияда өткен «Өрлеу» облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері өткізген 1 күндік курсына мектебіміздің 3 деңгей бойынша сертификатталған бастауыш мұғалімі Сағадатова Толқын қатысты. Онда бастауыш сынып кафедрасының аға оқытушысы Шадетова Алтынкүл Кеңесовнамен кездесу болды.  Курс барысында бағалаудың екі жақты әділ болуына себеп болатын критериалды бағалауға қалай жүзеге асыруға болатыны жайлы мұғалімдер өзара пікірлесті. Себебі, дәстүрлі оқытуда бағалаудың  әділ болмауы орын алып жатады. Осыған байланысты қаланың жаңа форматты курстан өткен мұғалімдері критериалды бағалауды іс-тәжірибеде қолдануға бағыт – бағдар алды. Сонымен қатар оқушылардың білім көрсеткішін бағалаудың  әлемдік ПИЗА жүйесі жайлы айтылды.



 

Келесі Толқын мұғалімнің кездесуі өз мектебіміздің  әріптестерімен өтті. Мектебімізге жаңадан келген жас мамандарға өзі өтіп келген курс жайлы ақпарат берді. Жаңа форматты курстың ерекшеліктерімен таныстырды. Өзінің қалай оқып келгені,  қандай бағыт-бағдар алғаны, курстан алған білімін  мектеп практикасында қалай жүзеге асырғаны жайлы баяндады. Бұл курстың дәстүрлі оқытудан айырмашылығын ашуға тырысты.   Әріптестермен бұл курстың әріптестеріне беретіні жайлы, бірақ кейбір қиыншылықтар бар екендігі жайлы оларды жеңу болашақтың еншісінде екені жайында айтып өтті. Толқын мұғалім ашық сабақтар мен ашық сыныптан тыс жұмысын өткізу жоспарымен таныстырды.  

16 қыркүйекте Буданова Гаухар Келісімқызы «Балқашым-бағым» тақырыбында ашық сыныптан тыс жұмыс өткізді.  Іс шараның мақсаты оқушылардың туған жеріміздің тарихы туралы зерттеушілік мағлұматтар арқылы танымдық  белсенділіктерін дамыту.    Оқушылар шағын топтарда

 

             

 

 жұмыс істеді. Ортақ мәселелерді шешіп, сол мәселе бойынша бірлескен түсініктері қалыптасты. Бір-бірінің идеяларымен, пікірлерімен бөлісе отырып, талқылап, баға берді.  Оқушылар бірлесе ойланды. Талқылаудан кейін оқушылар өз ойларын  айта отырып, болжамдар ұсынды. Топтық және жұппен жұмыс кезінде оқушылар көбiрек қарым-қатынас жасау мен  қарым-қатынасқа түсу кезінде жетiстiктегi қажеттiлiктерiнің қанағаттануымен жүзеге асты.   Әр тапсырмаларды талдап, талқылап өз деңгейінде қорғап шықты.  Диалогтық қарым-қатынаста жұмыс істеген оқушылар  тапсырмалардың дәлелдерінің нәтижелерін шығарды. 

  Қорыта келе, топтасып, жұптасып  жұмыс істеу балалардың  қызығушылығын оятумен қатар олардың  өзара қарым-қатынасқа түсуіне , ой бөлісіп, талдап талқылауға, ойын еркін жеткізуіне бір де бір себепші болды.

Желілі қауымдастықтың жетекшісі: Калибекова Раушан Оралбаевна

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Лингвистикалық бағыттағы ЖББ № 16 орта мектебінің сертификатталған мұғалімдерінің қыркүйек айы бойынша жүргізген жұмыстарының есебі 2014-2015 оқу жылы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады.

      Бүгінгі күні педагогтер мен білім беру процесіне қатысушылардың желілік белсенділігі оқу жүйесін ақпараттандыру процесімен байланысты өзекті тақырыптардың бірі. Педагогтердің желілік қоғамдастығы – бұл желідегі кәсіби әрекетті ұйымдастырудың жаңа формасы, бұл желідегі бір пән саласы немесе ортақ мәселемен айналысатын кәсіби қызмет аясында жұмыс жасайтын мамандар тобы.

 

Желілік қоғамдастық мұғалімге не береді? 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 797 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2015 462
    • DOCX 10.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калибекова Раушан Оралбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калибекова Раушан Оралбаевна
    Калибекова Раушан Оралбаевна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 7749
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 39 регионов

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе