Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Лимон жемісінің қасиеттері»

«Лимон жемісінің қасиеттері»

Скачать материал

 

 

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Лимон жемісінің қасиеттері»  

Бағыты:  Таза  табиғи  орта  —  Қазақстан  —  2050  стратегиясын    іске  асырудың  негізі

Секция: Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау

 

 

Ғылыми жоба дайындаған: 103 топ білімгері  Бахыткалиева Жанерке

Ғылыми жетекшісі: биология пәнінің  оқытушысы  Асжанова М.А.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы,2018 жыл 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе...................................................................................................................3                                                                                                                    

1.  Теориялықбөлімі..............................................................................................5                                                                                          

 1.1Лимонның шығу тегі.........................................................................................5                                                                                        

 1.2Ботаникалық сипаттамасы................................................................................5 бет                                                                                

 1.3Лимонның құрамы.............................................................................................7                                                                                             

 1.4Емдік қасиеттері................................................................................................7                                                                                                

 1.5 Лимонның иіс кетіргіш  және тазартқыш қасиеттері....................................8  

2.Практикалық бөлімі........................................................................................11                                                                                         

 2.1Әлеуметтік зерттеу жүргізу............................................................................11                                                                                                                                                                                                               

 2.2Лимонның тазартқыш қасиетін тексеру........................................................11                                                         

 2.3Лимон электр қуатын жақсы өткізетінін анықтау........................................12                                                                           

 2.4Лимон шай түсін өзгертетуін дәлелдеу.........................................................12

 2.5 SWOT талдауы..........................................................................................13 бет                                                                                                  

Қорытынды......................................................................................................14                                                                                                            

Пайдаланған әдебиеттер тізімі                 

Қосымшалар

                                                                

 

                                                   Пікір

Профессор Рузуддиновтың медициналық – стоматологиялық колледжінің

« Дантист » мамандығы бойынша 103 топ білімгері  Бахыткалиева Жанерке  «Лимон жемісінің падалы қасиеттері»-тақырыбы төңірегінде  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Лимон жемісінің адам денсаулығына пайдалы екенін түсіндіру. Зерттеу мен тәжірибе өткізіп, лимонның пайдалы қасиеттерін күнделікті тұрмыста қолдану қажеттілігін дәлелдеген.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

·        Лимон өсімдігі, құрамы, қасиеттері  туралы мәліметті оқып білу және талдап шығу;

·        Лимонның адам денсаулығына әсер етуі жөнінде колледж   медбикесімен сұхбаттасу

·         Колледж білімгері арасында лимонның адам өміріндегі орны туралы әлеуметтік сауалнама өткізуді негізге алған.

·        Лимонның шайдың түсін өзгертіп, кір дақтарды кетіретінін тәжірибе арқылы дәлелдеген.

·        Тәжірибе өткізіп, лимонның электр тогын өткізетінін тексерген.

·        Қорытынды шығарып, зерттеу жұмыстың нәтижесін көрсете білген..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация.

 

 «Тазалық – денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі» деп халқымыз бекер айтпаған, себебі адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауға байланысты деп ойлаймын.  Денсаулық пен тазалықты сақтаудың жаңа жолдарын көрсетілген.Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі осы болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазіргі таңда адам денсаулығын сақтауға көп көңіл бөлінеді. «Тазалық – денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі» деп халқымыз бекер айтпаған, себебі адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауға байланысты деп ойлаймын.  Денсаулық пен тазалықты сақтаудың жаңа жолдарын іздестірудеміз. Химиялық тазартқыштар мен жасанды дәрі-дәрмектің орнына экологиялық таза ауыстырылғыш табу керек деп байқадым. Сондықтан жеміс-жидектердің арасынан лимонды таңдап, ол туралы мәлімет тауып, оның қасиеттерін ашып, күнделікті өмірде қолдану тәсілдерімен таныстыруды жөн көрдім.

 

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Лимон жемісінің адам денсаулығына пайдалы екенін түсіндіру. Зерттеу мен тәжірибе өткізіп, лимонның пайдалы қасиеттерін күнделікті тұрмыста қолдану қажеттілігін дәлелдеу.

 

Зерттеу жұмысының міндеттері:

·        Лимон өсімдігі, құрамы, қасиеттері  туралы мәліметті оқып білу және талдап шығу;

·        Лимонның адам денсаулығына әсер етуі жөнінде колледж   медбикесімен сұхбаттасу

·         Колледж білімгері арасында лимонның адам өміріндегі орны туралы әлеуметтік сауалнама өткізу

·        Лимонның шайдың түсін өзгертіп, кір дақтарды кетіретінін тәжірибе арқылы дәлелдеу

·        Тәжірибе өткізіп, лимонның электр тогын өткізетінін тексеру

·        Қорытынды шығарып, зерттеу жұмыстың нәтижесін көрсету.

 

 

Ғылыми жобаның зерттеу әдістері мен тәсілдері:

Жинақтау, іріктеу, жүйелеу, зерттеу, әлеуметтік сұрау, сауалнама, салыстыру, тәжірибе, SWOT талдауы, сұрақ-жауап, сұхбат, талдау, баяндау.

 

Болжам:

Егер мен лимонның пайдалы қасиеттерін күнделікті тұрмыста қолдану тәсілдерімен  таныстырсам, бұл жемісті өмірде адамдардың кең қолдануларына жол ашар едім.

 

Нәтижесі мен қорытындысы:

Шығарылған кітапша арқылы адамдар лимонның таңғажайып қасиеттерімен танысады;

Лимонның емдік қасиеттерін денсаулықты жақсарту мақсатымен қолданады;

Тазартқыш және ағартқыш қаситтерін үй тұрмысында пайдаланады.

 

Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары:

   Тақырып негізінде жиналған материалдар  биология  сабақтарында қосымша ретінде қолдануға болады. Әр адамның денсаулығы мен үй тазалығын сақтауға арналған көмекші құрал болып табылады.

 

 

І. Теориялық бөлімі

 

1.1 Лимонның шығу тегі.

Цитрологтардың (цитрус дақылдардың мамандары) арасында лимонның шығу тегі туралы біртұтас пікір жоқ. Оның цитроннан ауып кетіп шыққан мутация деген жорамалдар кездеседі. Қалай болса да, табиғатта лимон жабайы түрде кездеспейді.

Лимон жемісі туралы алғашқы мәлімет Қытайдағы VIII ғасырға жатады. Ал  XI ғасырда арабтар оны Испанияға әкелген. Тап сонда осы өсімдік қазіргі түрінде қалыптасқан деп саналады.

Александр Македонскийдің әскерлері Еуропаға  Үндістаннан лимон жемістерін алып келді. Оларды үнді алмалары деп атап кеткен.  Ал атақты теңіз саяхатшысы Джеймс Кук өз теңізшілерін цинга ауруынан қорғау үшін лимон жегізген, XVII ғасырдың британдық теңізшілерін «лаймиз» (лимондықтар) деп атап кеткен.

Осыдан жүз жылдан аса  Нижний Новгородтың маңайындағы Павлово селосындағы орыс шаруалар лимонды өз үйлерінде өсіре бастаған. Осы лимондар павлов бөлме лимондары деп аталды.

Лимон ағашынын мекені – Үндістан, Қытай және Тынық мұхитының тропикалық аралдары. Қазіргі кезде тропикалық аймақтарда ғана емес, сонымен қатар мәдени түрлері субтропикалық Кавказ, Орта Азия, Калифорния, Флорида, Жерорта теңізі аймақтарында да өсіріледі.

 

1.2 Ботаникалық сипаттамасы

Лимон – цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгіжасыл өсімдік. Лимон ағашының биіктігі 5-8 метр. Бұтақтарының инелері болады. Жапырағы жұмыртқа пішінді, ұшы сүйірленген. Жапырағындағы эфир майы әсерінен өсімдік жағымды иіс бөліп тұрады. Гүлі ақ түсті, хош иісті. Лимон ағашының жемісі жұмыртқа пішінді, кейбір сұрыптарында домалақ түрлері кездеседі. Жемісінің ұзындығы 7-12 см, диаметрі 8-10см, салмағы 120 г. шамасында. Лимон жемісінің қабығының қалыңдығы 2-5 мм, сары түсті. Лимонның шырыны ақшыл-сарғыш түсті, дәмі ащы.

Қазақстанда климаттық жағдайымызға байланысты бақшаға өсіре алмағанымызбен, жылыжайда өсіруге болады.

Елімізде осы уақытта екі жерде ғана лимон өсіріледі. Ол Шығыс Қазақстан облысында, Өскемен қаласының маңайындағы Украинка деген ауылда Земляные Николай мен Людмиланың отбасы және Оңтүстік Қазақстан облысының  Дидар Имашев басқаратын «Нығметолла» деген шаруашылығы. Онда  «Бейбітшілік» деген лимон түрін өсіре бастады. Шаруашылықта 5 жылыжай бар, оларда 1500 лимон көшеті салынған. Қазақстанға лимондарды Испания, Аргентина және Турция елдерінен әкеледі.

Дұрыс күтіп баптаса, лимон үй жағдайында да гүлдеп, жеміс береді. Үйде өсірілетін лимонның қабықтары жұқа, дәні майда, хош иісі көбірек болады. Дәнінен өсірген лимон 7-8 жылдан, кейде 15-20 жылдан кейін ғана жеміс береді. Бұл процесті тездету үшін, бір жылдық көшетті жеміс беретін ағаштың бұтағымен телу керек. Мұндай өсімдік 2-3 жылда гүлдей бастайды. Бір лимон жемісі толық жетілу үшін сабақ бойында кем дегенде 10-15 жапырақ болуы керек.

Лимон өсімдігін үйде де өсіруге болады, арнайы сұрыптары бар. Бұл ағаштар көктем-жаз кезеңінде 2-3 рет гүлдейді, ал қыста жарық жетіспесе демалып тұрады. Жақсы сұрыптары жылына1-4 рет гүлдеп, жеміс береді. Бөлме лимондарының жемістері жақсы жетіліп, піседі. Олардың дәмдік сапасы сырттан әкелінген лимондарға қарағанда жоғары болады. Бөлмеде өсіп тұрған лимон ағашының жапырақтарынан фитонцид деген зат бөлінеді де, бөлмені ауру таратушы микробтардан тазартып тұрады, ауаны хош иістендіреді. Сол себепті цитрус өсімдіктерін өсірушілер суық тиіп ауруды білмейді. Лимонның иісі шаршағанды басады, көңіл-күйді сергітеді, көздің көруін жақсартады, жұмысқа қабілеттілікті арттырады екен. Компьютермен көп жұмыс істейтін адамдарға пайдасы өте зор, оның иісі жемісінен ғана емес, жапырақтарынан да жақсы иіс шығып тұрады.

 Қыста 15—18°С жылыда, ылғалды ауада, жарықта жақсы сақталады. Құрғақ ауаны, қатты ыстықты сүймейді. Терзенің алдына қойғанда желдеткіш жабық болуы керек. Көктемде баққа топыраққа ыдысымен отырғызып, ерте күзде үйге қайта кіргізу қажет. Лимонды күннің қысқа мерзімінде отырғызса тез гүлдеп, өнім береді. Бөлмеде газ, түтін, мұнай өнімдерінің иісі болса өспей қалады.

        

1.3 Лимонның құрамы

Лимонның жеуге жарайтын бөлігінің 100 граммының энергетикалық құндылығы - 27-29 калория. Онда құрғақ зат 9,6-10,2% құрайды, 8,4% - көмірсу, олардан  3,5%-ға дейін - қант, 0,6-1,1% - ақ, 0,3-0,8% май, 0,4-0,9% клетчатка. Лимондар органикалық қышқылдарға (лимонмен және алмамен) - 6-8% бай, сол себептен олар лимон қышқылын  жасау үшін пайдаланылады

Жемістің минералдық құрамына кальций (26-27 мг), фосфор (22-26), натрий (1), темір (0,3-0,5), калий (235 мг) кіреді.

Лимон жемісі дәрумендерге өте бай. 100 грамында 40-85мг С дәрумені, 0,4 мг бета-каротин, 0,04мг – В1 дәрумені, 0,2 – В2, 0,2 – В3, 0,1-0,3мг – Р дәрумені бар.

(Лимонның құрамында 5-8% лимон қышқылы, азот пен пектинді заттар, қант, фитонцидтер, калий, мыс, флавоноидтар, А, В1, В2, С, Д, Р дәрумендері мен эфир майы бар).

Лимонның құрамындағы басты бөліктері ол, әрине су мен лимон қышқылы. Бірақ, олардан басқа адам ағзасына қажетті дәрумендер де бар. Ең көп мөлшерін адам ағзасындағы заттардың дұрыс алмасуы мен қоректенуіне қажетті С дәрумені құрайды. Онымен қатар А, В1, В2 мен D дәрумендері және тек цитрус дақылдарына лайық цитрин (Р витамины) бар. Химиялық құрамына қарасақ, бұл, биологиялық белсенділік пен емдік қасиеттері мол, өте күрделі фенолдық құралым. Минералдық тұздар мен лимон қышқылына бай болғандықтан, лимонды жеу адам ағзасына көп пайда келтіреді.

Құрамындағы адам ағзасына пайдалы заттарға бай болғандықтан лимон  қажетті азық-түлік, бағалы дәрілік және косметикалық құрал  деп саналады.

 

1.4 Емдік қасиеттері

Цитрус өсімдіктерінің шырыны табиғи дәрумендерге өте бай, адамның көңіл-күйді көтеріп, сергітеді. Шырынның адам ағзасына әсері мол. Оны қарапайым адамдардан бастап, даңқты спортшылар да жаттығуларда, сайыстарда пайдаланады. Қазіргі уақытта сапалы шырынды пайдалануға әлемдік деңгейде көңіл бөлініп отыр.

Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім. Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.

Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді. Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады.

Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.

Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқыл болғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені жайлы айтпай қоймасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып, түрлі ауруларға тосқауыл болады. Лимон ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға да көмектеседі. Мысалы ұзақ уақыт дәрі, антибиотик қабылдасаңыз, лимонның көмегімен бауырыңызды улы заттардан тазартсаңыз болады.

Лимон шырыны мен қабығы антисептикалық қасиетке ие. Онымен жараларды сүртіп, ерітіндісімен тамақ шайса болады. Лимон қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендетіп, тәбетті ашады. Лимон құрамындағы Р дәрумені қан тамырларын беріктендіріп, қан қысымын көтереді. Әрине лимонның ең танымал қасиеті - жұқпалы тұмау ауруына төтеп бере алуы. Үнді йогтары лимонды денсаулықты қорғауға арналған жақсы құрал деп санайды. Сондықтан әр адамның күніне бір лимон жеуге үйренуді талап етеді.

Лимонның осыншама пайдасына қарамастан, ол да зиян болуы мүмкін. Тым көп мөлшерде қабылданған лимон ем емес, керісінше болуы мүмкін. Лимон қатты аллергия қоздырғышы болуы мүмкін. Лимонды тіс эмальдары нашар жандар сирек жегені дұрыс, лимон шырыны оны біржолата құртуы мүмкін. Тамағы қабынған, ісінгендер де лимон жемегендері жөн, лимон тамағыңызды ашытып, күйдіріп жібере алады. Гастрит, асқорыту жолдарының ауруына шалдыққандарға лимон жеуге мүлдем тыйым салынған.

 

1.5.Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш қасиеттері           

Лимонды үй шаруасында да қолдануға болатынын көбі білмейді. Бірақ оның тазартқыш және иіс кетіргіш қасиеттерін қолдану тәсілдері өте көп.

Мысалы: азық-түлікті кесетін тақтай әртүрлі жағымсыз иісті (сарымсақ, пияз, балық, т.б.) сіңіп алса, оны лимонның жартысымен сүрту керек, ол барлық иістерді бірден кетіреді. Егер жеміс-жидектерді жуатын суға лимон шырынын  қосса, ол бактерия мен микробтарды өлтіріп, жемістерге хош иіс береді, себебі оның антибактериалдық және дезинфекциялық қасиеттері бар.

Құрап қалған салат жапырақтарын суық суға салып, оған лимон жартысын сықсақ және бір сағат тоңазытқышта ұстасақ, ол жаңадан ашылады.

Егер лимонға қалампыр бұтағын кіргізіп, оны шқапқа салсақ, ол кеуіп, өзінен жағымды хош иіс шығарады. Ауаны тазартып, тамаша иіс қалтырады.

Ас бөлмесіндегі сұр алюмин заттар мен ыдыстар ұнамаса, оларды лимонның жартысымен сүртіп жылтырлатуға болады.

Киімдегі дақтардан бір стақан лимон шырыны көмектесе алады, оны кір жуғанда жуатын машинаға кұю керек. Жуған киім хош иісті сіңіп алып,  дақтардан айырылады. Ал үлкен дақты кетіру үшін, ас содасын лимон шырынын 50/50 ара қатынаста алады. Жуу алдында осы ерітіндіні даққа жағу керек.

Ваннаны тазарту үшін де лимон жақсы көмекші болып табылады. Оның шырынына су және  сірке суын (уксус) қоссақ, ол  дақтар мен кірді жақсы кетіреді.

Кейбір бунақденелілердің иістерді жақсы сезетіні белгілі, сондықтан лимон шырынын бөлме бұрыштарына, терезе астына сеуіп қоюға болады. Сол уақыттан бастап, үйге өрмекшілер, құмырсқалар, бүргелер  мен тарақандар  кіруін қояды. Ал еден жуатын суға лимон шырынын тамсақ, ол дезинфекция жасап, жағымды иіс қалтырады.

 

ІІ Практикалық бөлімі

2.1 Әлеуметтік зерттеу жүргізу

 Колледж мейірбикесімен  кездесуімнен және ғаламтордан тапқан мәліметтер арқылы мен лимонның емдік қасиеттерімен таныстым. Енді «олар туралы басқалар біле ме?»- деген сұрақ туындады. Оған жауап беру үшін, мен  1- курс   білімгерлеріне   сауалнама бердім  (қосымша №1)

  101- топта  28  білімгер   25 жауап берді. Осы сауалнаманың жауаптарын есептегенде, осындай қорытынды шықты:

«Лимонды жиі жейсіңдер ме ?» деген сұраққа

күнде -8  білімгер (32%)

2 күнде 1 рет – 6  білімгер (24%)

аптасына 1 рет – 3  білімгер (12%) 

айына 1-2 рет – 8  білімгер  (32%)

деп жауап берді. Осыған қарағанда лимонның пайдасы туралы білетін  білімгер  аз деп санауға болады. Сонымен қатар лимонды жақсы көретіндер аз емес 76 % (19  білімгер ) болып табылды. Лимонның түгелімен пайдалы екенін білетіндер  шамалы - 20% (5  білімгер ).

Егер балаға лимондарды 1 жасынан беретін болсақ, онда елімде 1 жасқа дейін 9 бала бар. Адам санынан оларды азайтып, 40-45кг (40000-45000г) 785 адамға бөлсем, әр адамға айына 50-57 г лимон алынады екен, деп есептедім.

2.2 Лимонның тазартқыш  қасиетін тексеру

Лимонның тазартқыш қасиеттерін тексеру мақсатымен тәжірибе өткіздім.

1 тәжірибе: Лимон шырынымен матадағы дақтарды  кетіру

Қажетті құралдар: йод, лимон, мақта дисктері.

Мақта дискіне йодты тамшыладым, одан кейін пайда болған даққа лимон шырының құйдым. Оны 5 минут уақытқа қалтырдым. Лимон шырынындағы лимон қышқылы  дақты  кетірді.

Тұжырым: қымбат, зиянды дақ кетіргіштердің  орнына лимон шырының қолдануға болады. 

2тәжірибе: аллюминийден жасалған ыдысты тазарту

Қажетті құралдар: алюминийден жасалған ыдыс, лимон, су, шүберек.

Алюминийден жасалған ыдыстың ішін лимонның жартысымен сүртіп, 10 минутқа қалтырып кеттім. Кейін шүберекпен сүртіп, сумен шайдым. Лимон ыдысты тазартты.

Тұжырым: Ыдыс тазартқыштардың орнына лимон шырының қолдануға болады.

2.3 Лимон электр қуатын жақсы өткізетінін анықтау

Ғаламторда лимон туралы мәлімет жинағанда, мен оның ішінде электр қуаты барын оқыдым. Ол мені таң қалтырды, сондықтан оны тексергім келді.

3 тәжірибе: Лимонда электр қуаты барын тексеру

Қажетті құралдар: лимон, 2 сым,  мыс тиыны,  шеге,  вольтметр

Лимонда қанша электр қуаты бар екенін тексеру. Ол үшін мұғалімнің көмегімен лимонға тиын мен шегені жартылай кіргізіп, сымдармен вольтметрге қостым. Вольтметр 1 лимонда 1-ге жуық вольт бар екенін көрсетті.

Тұжырым: лимондағы электр қуатын пайдалануға болады

2.4 Лимонның тістің ақ болуына көмектесетінін дәлелдеу

4 тәжірибе: Лимонның шай түсін өзгертетінін тексеру

Қажетті құралдар: 2 шыны ыдыс, аққұман, шай, қайнаған су, лимон

Шайды аққұманға шығарып, екі ыдысқа құйдым. Біреуіне лимон шырынын қостым. Сол ыдыстағы шайдың түсі ағарды.

Тұжырым: лимон шайдың түсін ағартып, біздің тісімізді сарғаюдан қорғай алады.

2.5 SWOT талдау барысында төмендегі нәтижелер анықталды:

Жағымды жақтары

·        Лимонның барлық бөліктері пайдалы;

·        Лимонның құрамындағы С дәрумені басқа жемістермен салыстырғанда ұзақ уақыт сақталады;

·        Тазартқыш, ақтағыш, иіс кетіргіш қасиеттері бар, электр тогын өткізеді.

Жағымсыз жақтары

·        Тұқымы мен ақ қабығы тамақтың дәмін бұзады (ащы дәм береді);

·        Қазақстан жерінде аз өсіріледі (басқа мемлекеттерден әкелінеді);

 

 

·        Елімізде лимонның бағасы қымбат (иіс кетіргіш, тазартқыш ұнтақ пен кәдімгі батарея сатып алу арзанға түседі).

Мүмкіндіктері

·        Мемлекетімізде лимонды жылы жайларда өсіру саласын дамыту;

 

·        Үйде өсіру.

Қатерлері

·        Жылыжай салып, лимон көшеттерін сатып алу үшін мүдделі ұйым немесе адам керек;

·        Лимон тұқымынан өсірілген ағаш жеміс бермейді, оған жеміс беретін шыбықша ұластыру қажет.

 

Лимонды үйде өсіру әр адамның қолынан келеді деп ойлаймын. Осы жобаны орындау барысында лимонды үйде өсіру тәсілімен таныстым, ендігі жоспарлаған кезеңім – лимон  ағашын өсіріп, жеміс алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Лимон туралы мәлімет жинағанда, оның шығу тегі мен ботаникалық сипаттамасы туралы көп білім алдым. Оның көмегімен қандай ауруларды алдын алып, емдеуге болатынын анықтадым. Лимонды үй шаруасында қолданудың бірнеше тәсілін таптым. Мен осы мәліметті  іріктеп, бір кітапшаға жинадым. Оны әр үйдің тазалығын сақтап, ас бөлмесінің жарқырап шығуына жақсы көмекші құрал деп санаймын (Қосымша №2) 

Тәжірибе арқылы мен лимонның шын мәнінде таңғажайып жеміс екенін дәлелдедім. Ол үй шаруасына жақсы көмектеседі: киімдегі дақтарды кетіреді, ыдыстарды тазартады, тістің ақ болуына жақсы ықпал етеді, тіпті электр қуатын да береді. Ал адам денсаулығына деген пайдасы шексіз. Сондықтан жемістердің арасында лимонға тең жеміс жоқ деп анықтадым. Күнде бір лимон жесеңіз – ешқашан ауырмайсыз, - деп жұмысымды қорытындылауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланған әдебиет тізімі:

 

1.     ҚАМШЫ.KZ, Гүлжан Серік -Лимонның пайдасы, бейсенбі, 19 Желтоқсан 2013, 17:31

2.     «Ақмешіт ақшамы" газеті, Ж.Аймағамбетова - Лимон өсіріңіз де лимонад жасаңыз, 10 Мамыр 2014

3.     Уикипедия Ашық энциклопедиясы - Лимон, 18:20, 2014 ж. желтоқсанның 20, mySharm.ru,

4.     Волшебник Лимон, Юлия Гнедина, myCharm.ru, уход за кожей и лицом

5.     Энциклопедия продуктов. Ирина Ройтенберг, 2008г, Аркаим, стр 87

6.     Веселая энциклопедия пищевых растений-целителей, Андрей Рябоконь, iknigi.net, 15 стр.

7.     Журнал "Наука и жизнь" № 12, 2004 г. статья В. Дадыкина, стр. 2

Цитрусовый сад в

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Лимон жемісінің қасиеттері»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 829 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.09.2020 1548
    • DOCX 99.6 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мовлян Ольга Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мовлян Ольга Викторовна
    Мовлян Ольга Викторовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 110471
    • Всего материалов: 240

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 21 региона