Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыҮлгермеуші балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізудің мәселелері

Үлгермеуші балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізудің мәселелері

Скачать материал

ҮЛГЕРМЕУШІ БАЛАЛАРМЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің жоғары санатты информатика пәнінің оқытушысы Калиева С.А.

 

Мақсаты:Үлгермеуші оқушыларды анықтау және оның түзету жолдарын қарастыру.

Білім жүйесіндегі басым міндеттердің бірі - тұлғаның шығармашылық және рухани қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салты құндылықтарының берік негіздерін қалыптастыру, сондай-ақ, жеке даралықты жетілдіруге жағдайлар жасау жолымен сана - сезімді байыту болып табылады.

Қазіргі жағдайда рухани жағынан жан - жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру жолында жалпы орта білім беретін мектептердегі білім алушылардың үлгерімі нашарлығы мәселесін шешу қажет. Білім жүйесіндегі оңды жетістіктер мен реформаларға, оқу-тәрбие ісіне заманауи білім беру технологияларының (активті және интерактивті әдістер) енгізілгеніне, мұғалім мен оқушының арасында «субъект-субъектілі» принципі бойынша қарым-қатынастардың қалыптасқанына қарамастан жоғарыда көтерілген мәселенің білім ұяларында әлі шешіле қоймаған күрделі мәселе екенін естен шығармағанымыз жөн.

   Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес. 

  Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы мектеп табалдырығын аттауда әлі де болса, жаңа білімдерді қабылдауға зейін қою, естеріне сақтау және ойлау процестері баяу өтеді. Сондықтан   бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгеріміндегі танымдық мотивациялық қызығушылықтарын арттыру, олардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі таңда мектептегі басты мәселенің бірі болып табылады.

   Мектептегі үлгермеушіліктің негізі – бір ғана себеп емес, көбінесе бірнеше себептердің жинақталған әсері болып табылады. Солардың ішінен негізгілері ретінде: оқыту әдістерінің жетілдірілмеуі, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытудағы кемшіліктер, әсіресе ойлау қабілетінің қалыптаспауы, оқушы мен оқытушы арасындағы жағымды қатынастың болмауы, басқалармен салыстырғанда жақсы оқушы болудың қорқынышы, және т.б.

  Үлгермеушіліктің мәнін толық түсіну үшін үлгермеуші оқушылардың ерекшеліктерін анықтап, қарастыруымыз қажет.

Ғалымдар үлгермеуші оқушылармен жұмыс жүргізуді зерттеп, өз тұжырымдарын айқындап көрсеткен. Солардың бірі, психолог ғалым А.М.Гельмонт үлгермеушілікті 3 түрге және категорияларға бөліп көрсеткен:

1.      Жалпы және тұрақты үлгермеушілік - ұзақ уақыт бойы барлық немесе көптеген пәннен үлгермеу.

2.      Жекелеген, бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік – бұл бір немесе екі үш қиын пәндерден үлгермеу.

3.      Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік – бірде жеңіл пәннен бірде екінші пәннен үлгермей қалу.

I категория - оқушының алдыңғы дайындығының төменгі деңгейі әр түрлі себептерге байланысты қолайсыз жағдайлар (дене кемістіктері, ауру, тұрмыс жағдайының нашарлығы, ата - ананың қамқорлығының жоқтығы); оқушы тәрбиесінің жетіспеушілігі (жалқаулық, тәртіпсіздік); ақыл – ойының дамуының әлсіздігі.

   II категория - алдыңғы сыныптардағы кемшіліктер, оқылатын пәнге деген оқушының

   қызығушылығының жетіспеушілігі, оқудағы қиындықтарды жеңуде ерік әлсіздігі;

   III категория - дұрыс оқытпау, оқудағы бақылаусыздық, сабаққа дұрыс қатыспау, сабақтағы

   зейінсіздік, үй тапсырмаларын жүйелі орындамау.

Осы мәселелерге байланысты белгілі психолог Ю.К.Бабанский мен В.С.Цетлин өздерінің  еңбектерінде үлгермеуші оқушылардың оқу мүмкіндіктерін зерттеп, үлгермеушіліктің екі себебін анықтады:

1.      Сыртқы себепке білім берудің қоғамдағы әлеуметтік құнын жоғалтуы, ағымдағы білім беру жүйесінің тұрақсыздығын жатқызуға болады.

2.      Ішкі себепке білім беруді ұйымдастырудағы ақаулықтар, балалардың денсаулығында байқалатын кемшіліктер және бала түйсігінің өте баяу дамуын жатқызуға болады.

Оқушының үлгермеу себептері келесі бағыттар бойынша анықтауға болады:

1.      Педагогикалық (білім беру үрдісінде белсенділіктің төмендігі; білім берудің нәтижесінің төмендігі; сабақты жиі босатуы, оқытушы тарапынан көмектің аз берілуі; ата – аналар тарапынан балаға көмектің көрсетілмеуі);

2.      Психологиялық (білімді жүйелі түрде меңгермеуі; тәртіпсіздігі; эмоциялық тұрғыдан байқалатын әлсіздіктері; оқыту үрдісіне ілесе алмаушылық (теория); танымдық қабылетінің төмендігі);

3.      Физиологиялық (жалпы ағзаның әлсіздігі (аурушаң); жүйке  жүйесінің әлсіздігі; көру, есту қабілеттерінің төмендігі; жүйке жүйесінен зақым алуынан).

  Бастауыш сынып оқушыларының жазу жұмыстарындағы әріптерді қалдырып кету, ережелерді жақсы білуде орфографиялық қателер жіберу, зейінсіздік пен ұмытшақтық, математикалық есептерді шығарудағы, тексті айтудағы қиындықтар, дербес тапсырмаларды орындауда оқу іс – әрекетіндегі қиындықтардың бала үлгерімінің төмендеуіне әсер ететіндігін психолог С.Н.Костромина қарастырған.

Оқушының үлгермеуінің тағы бір себебіне отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін жатқызуға болады. Сондай себептерге отбасындағы ұрыс - жанжалдар, дөрекі қарым - қатынастар, ата -ананың ажырасуы, олардың қоғамға жат қылықтары жатады. Ата - аналардың балаларына және олардың оқуына салғырт қарауы, тәрбеиедегі қателіктері, балаларына дұрыс көмек бере алмауы да үлгермеушілік себептері болып табылатыны анықталған.

Мұндай жағдайдың алдын алу үшін мұғалім үлгермеуші оқушымен жұмыстар жүргізіп, қадағалау қажет.

Жаңа тақырыпты үйрену барысында үлгірімі төмен оқушылардың зейінін тақырыптың маңызды, қиындау бөлімдеріне аудару мақсатында, мұғалім оларға жиі сұрақтар қойып, түсінгендерін сұрап отырулары керек, оларды өздеріне көмекші ретінде тартып, жаңа материалды игерудегі қиындықта ынталандыру керек.

Осы тұрғыда өзіміздің ұлы педагог - психологтарымыздың көзқарастарын айтып кету орынды. ХХ ғасыр басындағы қазақ педагогикасы мен психологиясының іргетасы М.Жұмабаев  пен Ж.Аймауытовтың еңбектерімен қаланғаны бәрімізге белгілі. Олар дәл осы үлгермеушілікке байланысты еңбек жазбағанмен, оқуда жетістікке жетудің мәселелерін кеңінен айтып кеткен. Мәселен, М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде, оқу - тәрбие ісінің басты субъектісі – мұғалімге және сол мұғалімге байланысты оқушылардың білімді игеру мәселелеріне тоқталған: «...тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керек. Ұста тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, үкімді теріс жасауға, қате ой шығаруға үйреніп кетеді. ...баланы, заттарды, көріністерді топ - топқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек. ...Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде» деген пікірінің бүгінгі таңда маңызы зор.  Ж.Аймауытов «Психология» атты еңбегінде тұтас сабақтың және оның құрамдас бөліктерінің білімдік міндеттерін, сонымен қатар әрбір сабақтың жалпы сабақ жүйесіндегі орнын нақты айқындауға, пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарына және сабақ мақсатына сәйкес оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, сабақтың мазмұнын айқындауға назар аудару керектігін айтады. «Нәрсені ұқтырмай, кітаптағыны жаттатып оқытқанның зияны болады. Олай сөзді бұлтартпай, жаттатып оқытқаннан да кітапты көрсетпей, көрнекі жолмен қанағаттанғандықтың өзі игі. ... сөзді жаттатсын, бірақ мәнісін ұғып, ақылға салып, нәрсенің өзімен байланыстырып жаттатсын». Сонымен қатар «Көрнекі оқытудың мақсаты – шәкірттерге деректі нәрселерді көрсету жәрдемімен барып, дерексіз ұғымдарға көшу» дейді ғалым [3]. Осылайша оқушылар мен жұмыс істеуде олардын сабаққа, білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ынталандару мақсатында мұғалімдердін қолдау көрсетуі - үлгірмеушілікпен күресу, үлгірімі төмен оқушылар санын азайтуға септіктерін тигізері сөзсіз. Осы мақсатта мектеп психологі пән мұғалімдермен жиі әңгімелесіп, кеңес – сабақтар өткізіп отыру керек.

Профессор, психология ғылымдарының докторы Ш.А.Амонашвилидің педагогикалық тәсілдерін негізге алсақ, ол оқушыларға мәтіннің қатесін тапқызу әдісін, суретке қарап әңгіме жазу, деңгейіне қарай берілген есепті оқушының өзі таңдау тәсілдерін, үй жұмысын алғысы келетіндерге ғана беру, белігілі тақырыптарға (Қайырымды адам қандай болады? Біз нені оқимыз? т.б.)  пікірталастар өткізу тәсілдерін қолдану арқылы білім алуға ынтасы төмен оқушылырдың қызығушылығын арттырып отырған [1]. Осындай жаңашыл педагогтың қызметін үнемі басшылыққа алып, үлгермеуші оқушылармен жұмыстануға болады.

Мұғалім жеңілден ауырға көшу принципі бойынша Ж.Қараевтің насихаттап жүрген деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын негізге алып отырып, оқушымен жұмыстанғаны тиімді деп ойлаймыз. Деңгейлеп оқыту арқылы оқушының ой қабілеті, ынтасы, қызығушылығы, сонымен қатар оқушының бағалануы жүзеге асырылады. Яғни, мұғалім деңгейлі тапсырма беру арқылы оқушы өзінің дамуы деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.

Үлгермеуші оқушы үшін деңгейлеп оқытудың көптеген тиімді жақтары бар. Атап айтсақ,

-          Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

-          Іштей бір – бірінен қалмауға тырысады;

-          Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;

-          Әр оқушы өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады.

Сонымен қатар деңгейлеп оқытудың бірнеше ерекшеліктері бар:

1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап,мүмкіндік береді.

 2. Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 3. Деңгейлеп – саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады:ең төменгі деңгей (минималдық базалық), бағдарламалық,күрделенген деңгей. Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді [2]. 

4. Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болуы үшін:

-          жеке тұлға ерекшеліктеріне;

-          психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне); 

-          пән бойынша білімді игеру деңгейіне оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлуі керек.

Үлгермеуші оқушымен мұғалім күнделікті оқу жұмысын тексеріп отыруы қажет. Тексеру арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, білімді жүйелі алуын қадағалайды [1].

Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек. Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау мақсатында оқушыларға  психологиялық диагностика жүргізуге болады. Баланың қабілетін диагностикалау үшін түрлі тапсырманы алуға болады. Кейбір тапсырмалардың үлгісі ретінде мыналарды алуға болады.

1-тапсырма: Есте сақтауын анықтау. Он сөзді оқып, тыңдаған соң, есте қалған сөздерді жазу.

2- тапсырма: Көріп есте сақтау деңгейін анықтау. Бір минут таныс заттардың суреттерін қарап, содан соң жазып шығу.

3-тапсырма: Ойлау мен тілінің даму деңгейін анықтау. Тиісті әріпті қою. Мысалы: к..тап т.б.

4- тапсырма. Қарама – қарсы мағыналы сөзді табу.

5- тапсырма: Аналогиялар. Аяқталмаған он сөйлемді аяқтау.

6- тапсырма: Ойды аяқтау. Алғашқы екі сөзі бір-бірімен байланысады, ал үшінші сөздің жұбы жоқ. Мысалы: лимон-қышқыл, алма-......

7- тапсырма: Оқушының мотивтерін анықтау.

Үлгерімі төмен оқушылармен жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды негізге ала отырып, әртүрлі жеке жұмыс түрлерін жүргізуге болады, яғни әр пәнге, сонымен қатар баланың жас ерекшеліктеріне қарай тапсырманы түрлендіріп отырумыз қажет. Сонымен қатар, үлгермеуші оқушылармен жұмыс істегенде төмендегі ережелерді сақтау қажет:

-          Оқушыға тосын сұрақ бермеу, тез жауап беруді талап етпеу, оқушыға ойланып, дайындалуына уақыт беру.

-          Жауапты ауызша емес, жазба түрінде талап еткен дұрыс.

-          Ауқымды, көлемі үлкен, әр-түрлі, күрделі материалдарды қысқа мерзімде игеруін талап етуге болмайды. Ол материалды ақпаратқа байланысты бөліп беру.

-          Жауап сұрап, ынталандыру арқылы оқушының өзінің күшіне, біліміне деген сенімін арттыру. Бұл сенімдік оған емтихан, бақылау жазған кезде көмек етеді.

Сонымен, біз үлгермеуші оқушылар қатарын анықтауды және оларға көмек беру мақсатында әдіс – тәсілдерді қолданудың түрлеріне тоқталдық. Мектептегі баланың үлгермеуіне, көбінесе бала емес, үлкендер (мектеп және ата - аналар) екендігін естен шығармау керек. Мұғалім әрбір үлгерімі төмен оқушының бір себебін емес, бірнеше үлгермеушілік себептерін анықтап, солардың әрқайсысын жеңуге тырысуы қажет. Осы себептерді анықтап, үлгермеуші баладан дарынды балаға жеткізген  көркем фильмдерді (мысалға «Звёдочка на земле» үнді фильмі) негізге ала отырып, жұмыстансақ үлгермеуші баланың болмауына себепкер болар едік деп ойлаймыз.

Ұсыныс:

-          Оқушының танымдық қабілетін арттыру үшін сабақта түрлі әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану;

-          Оқушының деңгейіне қарай берілетін тапсырманы үнемі жетілдіріп отыру;

-          Жан – жақты, креативті ойлана алатын ұрпақ қалыптастыру.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.      Ш.Х.Құрманалинва «Пеадгогика», Астана, 2007 ж.

2.      Деңгейлеп оқытудың тиімділігі / «Қазақстан мектебі», 2002 ж.

3.      М.Жұмабаев «Педагогика», Алматы, 1992 ж.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үлгермеуші балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізудің мәселелері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мектептегі үлгермеушіліктің негізі – бір ғана себеп емес, көбінесе бірнеше себептердің жинақталған әсері болып табылады. Солардың ішінен негізгілері ретінде: оқыту әдістерінің жетілдірілмеуі, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытудағы кемшіліктер, әсіресе ойлау қабілетінің қалыптаспауы, оқушы мен оқытушы арасындағы жағымды қатынастың болмауы, басқалармен салыстырғанда жақсы оқушы болудың қорқынышы, және т.б. Үлгермеушіліктің мәнін толық түсіну үшін үлгермеуші оқушылардың ерекшеліктерін анықтап, қарастыруымыз қажет.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 276 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.07.2020 1107
    • DOCX 30.8 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дьяченко Елена Игоревна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дьяченко Елена Игоревна
    Дьяченко Елена Игоревна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72283
    • Всего материалов: 203

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека