Инфоурок География Рабочие программы«§45.Латын Америкасының халқы» сабақ жоспары

«§45.Латын Америкасының халқы» сабақ жоспары

Скачать материал

Сабақ тақырыбы: «§45.Латын Америкасының халқы»

Сабақтың жалпы мақсаты: Латын Америкасының байырғы халқы туралы түсінік беру.

Мақсаты:

 Білімділігі: Оқушыларға материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы – үндістердің тарихымен, халықтың әркелкі орналасу себептерімен таныстыру;

Дамытушылық: қосымша ақпарат көздерінің көмегімен Латын Америкасы елдерінің ірі қалаларымен, халқының тұрмысымен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру, осы тақырыпқа деген белсенділігін арттырып танымдық шығармашылық қабілетін арттыру.

 Тәрбиелігі: Оқушылардың өз елінің тарихын біліп қана қоймай, өзге елдердің де тарихын білуге, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру

Міндеттері:

 «Блум» таксономиясы бойынша жаңа тақырыпты өз бетінше жұппен, топпен тапсырмаларды орындайды, мәтінді жан - жақты зерттеп, талдайды, жинақтап қорытынды шығарып бағалайды.

Оқыту нәтижесі:

   Латын Америкасы елдерінің халқымен танысады.

Түйінді идея:

   «Адам табиғатынан-ақ тәуелсіз болуға жаралмаған.»

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты бекіту сабағы
Оқыту әдісі: Көрнекілікті - түсіндірмелі, сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас картасы, кескін картасы.

 

                                                             Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылырмен амандасу;

-Жоқ оқушыларды түгендеу;

-Сынып назарын сабаққа аудару;

-Сынып тазалығын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
:
- Ал, балалар біз қандай елді қарастырып жатырмыз?
- Иә, Латын Американы.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Ендеше, үй тапсырмасын мына сұрақтарға жауап беріп,еске түсірейік.
- Жақсы, дайындалғандарың көрініп тұр.
1.Аймақтың жер бедеріне тән ерекшеліктерді ата.

2.Латын Америкасы жеріндегі өзен жүйелерін ата.

3.Латын Америкасы аумағының геологиялық құрылымы минералды ресурстардың таралуына қалай әсер етеді?

4.Латын Америкасы аймағының басты байлығының бірі?

5.Елдің топырақ жамылғысы.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- Жарайсыңдар. Енді дәптерлеріңді ашып жаңа тақырыпты жазып алыңдар.
1) Халқы.
Оңтүстік Америка материгінде казіргі кезде 391 млн - нан астам халық тұрады. Олар калыптасуы мен нәсілдік, ұлттық құрамы жағынан алуан түрлі халықтардың жиынтығынан құралған. Материкке адамдар алғаш рет бұдан 15 - 17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған.
Сондай - ақ адамдар Африка мен Мұхит аралдарынан да келді деген болжам бар.
Оңтүстік Американың байырғы халқы болып есептелетін үндістер материктің қазіргі халқының 10%- ын ғана құрайды. Христофор Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық - тайпалық қоғамдық құрылыста өмір кешіп аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан.
Анд тауларын мекендеген үндістер дамудың жоғары сатысына көтеріліп, Инктер империясын құрған. Олар биік таулы өңірдегі егіншілікті жоғары дәрежеде дамытқан. Сондай - ақ инктердің жазу мен бейнелеу өнері, алтын мен күмістен, асыл тастардан жасалған әсемдік бұйымдары олардың мәдениеті жоғары болғандығын дәлелдейді. Инктер қоғамында адамгершілік қағидалары қатаң сақталған: ұрлық, жалқаулық, өтірік айтуға жол берілмеген, үлкенді сыйлау, құрметтеу, қамқорлық көрсетуге ерек - ше мән берілген. Жұмыс істеуге денсаулығы жарамсыз және қарт адамдарға жәрдемақы төлеу алғаш рет Инктер империясында жүзеге асқан. XVI ғасырдан бастап еуропалық басқыншылардың материкке жаппай келуі мен озбырлық әрекеттерінің нәтижесінде инктер өркениеті талқандалды. Ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалған ежелгі инктердің ұрпақтары қазіргі кезде Амазонияның ну ормандары мен Анд тауларының биік бөліктерінде тұрады.
Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар - метистер казіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елдерінің негізгі халқын құрайды. XVI ғасырдан бастап Африкадан 300 жыл бойы материктегі кеніштер мен плантацияларда жұмыс істету үшін миллиондаған құл - негрлер әкелінді. Олардың еуропалықтармен некелесуі нәтижесінде мулаттар, ал үндістермен некелесуінен самбо қалыптасты. Негрлер мен мулаттар Оңтүстік Американың солтүстігі мен шығысында тұрады. XIX ғасырда Испания мен Португалиядан келгендер материктің оңтүстік - шығысына көбірек қоныс аударған. Олардың ұрпақтары өздерін креолдар деп атайды. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен бірге Латын Америкасы деп атайды.
Оңтүстік Америка - дүние жүзіндегі халық аз қоныстанған материктердің бірі. Материктің табиғат жағдайларына байланысты халықтың тығыздығы әркелкі болады. Табиғаты қолайлы, маңызды теңіз жолдары өтетін жағалаулардағы қалаларда халық жиі қоныстанған. Оңтүстік Америкада тұрғындар саны 1 млн - нан асатын 20-дан аса миллионер - қалалар бар.
                Латын Америкасындағы аса ірі агломерациялары (7-кесте)

Агломерация атауы

Ел

Халық саны,млн адам

Үлкен Мехико

Мексика

18

Сан-Паулу

Бразилия

17

Буэнос-Айрес

Аргентина

12

Рио-де-Жанейро

Бразилия

10

 


ІҮ. Бекіту тапсырмалары:
1.Латын Америкасы халқының қалыптасуына қандай факторлар ықпал етен?

2.Аймақтағы елдерде демографиялық көрсеткіштердің үлкен айырма жасауы неліктен?

3.Латын Америкасындағы урбандалу процесінің басты белгілерін атаңдар.

4.Еңбек ресурстарының құрылымы.

 

Ү. Оқушы еңбегін қорытындылап, бағалау.

Сабақ айтып,белсене араласқан оқушыларды бағалау.

 

ҮІ.Үйге тапсырма беру:
§45  оқу.
10 тест құрастырып келу.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«§45.Латын Америкасының халқы» сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың жалпы мақсаты: Латын Америкасының байырғы халқы туралы түсінік беру. Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы – үндістердің тарихымен, халықтың әркелкі орналасу себептерімен таныстыру;Дамытушылық: қосымша ақпарат көздерінің көмегімен Латын Америкасы елдерінің ірі қалаларымен, халқының тұрмысымен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру, осы тақырыпқа деген белсенділігін арттырып танымдық шығармашылық қабілетін арттыру. Тәрбиелігі: Оқушылардың өз елінің тарихын біліп қана қоймай, өзге елдердің де тарихын білуге, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру Міндеттері: «Блум» таксономиясы бойынша жаңа тақырыпты өз бетінше жұппен, топпен тапсырмаларды орындайды, мәтінді жан - жақты зерттеп, талдайды, жинақтап қорытынды шығарып бағалайды. Оқыту нәтижесі: Латын Америкасы елдерінің халқымен танысады. Түйінді идея: «Адам табиғатынан-ақ тәуелсіз болуға жаралмаған.» Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты бекіту сабағыОқыту әдісі: Көрнекілікті - түсіндірмелі, сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері.Сабақтың типі: Аралас сабақ.Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас картасы, кескін картасы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 249 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.12.2020 350
    • DOCX 19 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кинзибаева Таисия Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кинзибаева Таисия Викторовна
    Кинзибаева Таисия Викторовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86615
    • Всего материалов: 237

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 760 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 206 человек

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 162 человека из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе